Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері / Пәннің оқу-әдістемелік



бет8/17
Дата02.07.2017
өлшемі3.07 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Дәріс № 7.

Тақырыбы: « Танаптық тәжірибеде нұсқалар және қайталымдар бойынша мөлдектерді орналастыру»

1 Тәжірибеде мөлдектерді орналастыруға қойылатын негізгі талаптар

2 Мөлдектерді стандартты және жүйелі әдістермен орналастыру

3 Мөлдектерді орналастырудың рендомизациялық әдісі

1 Тәжірибеде мөлдектерді орналастыруға қойылатын негізгі талаптар

Танаптық тәжірибені салу және жүргізу әдістемесін қатаң сақтау – тәжірибе қателігін азайту, тәжірибенің дәлдігін арттыру және сенімді нәтижелер алу қажеттілігінен туындайды. Дәл осыған бұдан бұрын, яғни жоғарыдағы бөлімде қарастырылған әдістемелік сұрақтар негізделген (нұсқалардың, қайталымдардың саны, мөлдектердің көлемі (ауданы), пішіні және бағыты, қорғаныс алаңдары және т.б.).

Тәжірибенің дәлдігін арттыруға бағытталған келесі кезектегі әдістемелік шаралар – тәжірибелік мөлдектерді нұсқалар және қайталымдар бойынша орналастыру әдісі болып табылады, оның өзі дұрыс нәтижелер алуда үлкен маңызға ие.

Танаптық тәжірибелерде мөлдектерді бір немесе бірнеше қабат (ярус) әдісімен орналастыруға болады, мұның өзі тәжірибедегі нұсқалар мен қайталымдарға, мөлдектердің көлеміне (ауданына), топырақтың құнарлылығына, тәжірибені салуда және жүргізуде қолданылатын техникалар мен құралдарға және көптеген басқа да факторларға тікелей байланысты. Мөлдектерді орналастырғанда келесідей жағдайларды (талаптарды) сақтаған дұрыс:

1. Әр түрлі топырақ құнарлылығын біртекті нұсқалармен мүмкіндігінше көп дәрежеде қамту, ал зерттеліп отырған шараның әр қайталымның мөлдектері топырақтың біркелкі құнарлылығы, ылғалмен қамтамасыз етілуі, жер бедері, аграрлық аясы және т.б. жағдайларында орналасуы тиіс.

2. Мөлдектерді көп қабатты әдіспен орналастырғанда, әр бір қабатта бір немесе бірнеше, бүтіндей бір қайталымды, қандай да бір қайталымның әр түрлі қатарлар бойынша ажырауына (үзілуіне) жол бермей орналастыруға болады.

3. Бір нұсқаның мөлдектері, тәжірибені көп қабатты әдіспен орналастырғанда горизонтальды бағыт сияқты, вертикальды бағытпен де жақын болмауы керек, ал көрші мөлдектер өздерінің ұзын жағымен жанасуы (жалғасуы) тиіс.
2 Мөлдектерді стандартты және жүйелі әдістермен орналастыру

Молостованың А.С. (1966) жіктеуі және қайталымдар бойынша мөлдектерді нұсқаларды орналастыру сызбанұсқасына сәйкес жүйелі түрде орналастыруға болады және мөлдектерді жүйелі түрде орналастыру тәртібін әр бір қайталымда сақтау қажет. Мөлдектерді қарама-қарсы да орналастыруға болады, бұндай жағдайда нұсқаларды орналастыру тәртібі керсінше бағытта өзгереді. Мөлдектерді көп қабатты әдіспен орналастырғанда және қайталымдарда мөлдектердің орналасуы тобымен ауысқанда мөлдектер сатылы тәртіппен орналасады, ал жүйелі орналасу ұстанымы сақталады. Әдістемелік істің тәжірибесінде мөлдектерді орналастырудың жүйелік және сатылы әдістері қолданылады.

Доспехов Б.А. тәжірибелік жер телімі мөлдектері бойынша үш негізгі тобын ажыратты: стандартты, жүйелі және рендомизациялық, Молостова А.С. жіктеуінен топтардың атауы және рендомизациялық әдіспен орналастыру әдісінің қосылуымен ерекшеленеді.

Стандартты әдіс – әр бір қайталымда бірнеше бақылау нұсқаларының (стандарт) орналасуын қарастырады, яғни тәжірибенің әр бір 1-2 нұсқасынан кейін (сурет 2).



Тәжірибе қайталымдары

I

II

III

IV

1
St

2

3

1
St

4

5

1
St

2

3


1
St

4

5

1
St

2

3

1
St

4

5

1
St

2

3

1
St

4

5

1
St

Сурет 2 – Төрт қайталымда бес нұсқаны мөлдектер бойынша орналастырудың стандартты әдісі

Стандартты әдісте әр бір зерттеліп отырған нұсқа өзінің бақылау (стандарт) нұсқасымен салыстырылады, мұның өзі топырақтың құнарлылығы бойынша ала-құлалылығының теріс әсерін жоюға, эксперименттің қателігін минимум дәрежеге дейін төмендетуге және тәжірибеде зерттеліп отырған сорттың немесе агротехникалық шараның тиімділігіне анағұрлым дәл баға беруге мүмкіндік береді, себебі көршілес орналасқан мөлдектегі бақылау нұсқасымен (стандартпен) салыстыруға, сонымен қатар сорттың ерекшелігін (айрықша белгілерін) тіпті көзбен шолу арқылы бағалауға мүмкіншілік бар. Дегенмен, мұл әдістің бірқатар кемшіліктері де жоқ емес, яғни мөлдектердің саны, бақылау нұсқасын екі нұсқадан кейін орналастырғанда 40%-ға, бір нұсқадан кейін орналастырғанда 50 %-ға көбейеді, нәтижесінде тәжірибе үлкейеді, жер аумағы тиімсіз пайдаланылады, еңбек шығыны артады, әсіресе, зерттеліп отырған нұсқалардың саны көбейгенде. Бұл әдіс көбінесе сорт сынауда кеңінен қолданылады, сонымен қатар селекционерлермен таңдаудың бірінші кезеңінде: тұқымдық материалдың жетіспеуіне байланысты қажетті көлемдегі мөлдектер мен қайталымдардың саны болмайды, сондықтан зерттеліп отырған мөлдектерді бақылау нұсқасымен қатар орналастырып, олардың қайсысының болашағы зор екенін анықтауға болады.

Жүйелік – бұл әдіс тәжірибе нұсқаларын әр бір қайталымда, бір немесе шахматтық тәртіппен екі және одан да көп қабаттарда жүйелі тәртіппен орналастыру (сурет 3).


Тәжірибе қайталымы

I

II

III

IV

1

Бақылау


2

3

4

5

1

Бақылау


2

3

4

5

1

Бақылау


2

3

4

5

1

Бақылау


2

3

4

5

Сурет 3 – Төрт қайталымда бес нұсқаны мөлдектер бойынша жүйелі әдіспен орналастыру


Тәжірибе нұсқаларын бір қабатқа жүйелі әдіспен орналасытру барлық әдістердің ішінде ең қарапайым әдіс болып табылады, себебі олар тәжірибе сызбанұсқасына сәйкес жүйелі түрде орналасады.

Шахмат тәртібі әр түрлі қабаттардың қайталымдарында нұсқалардың араласып орналасуын қарастырады. Келесі қабаттарда нұсқаларды орналастыру жұмысын әрі қарай жылжытуға қажетті, мөлдектердің санын анықтау үшін нұсқалардың санын тәжірибелердің санына бөледі: нұсқалардың саны сегіз болғанда және қайталымдар екі қабатта орналасқанда 4 нөмірге (8:2=4), үш қабатты орналасқанда – 3 нөмірге жылжыту қажет. Бұл әдістің ең басты артықшылығы – танаптық тәжірибе салуды (себу), бақылаулар және өнімді есептеу жұмыстарын жүргізуді жеңілдетеді, сонымен қатар қайталымдар мен әр түрлі нұсқалардың мөлдектерінде қате жібермеуге мүмкіндік береді.


3 Мөлдектерді орналастырудың рендомизациялық әдісі

Доспехов Б.А. (1985) пікірі бойынша жүйелі әдістің бірқатар кемшіліктері бар, нақты айтқанда «тәжірибе нұсқалары бойынша болуы мүмкін және көбіне болатын ойда жоқ бұрмаланушылықтар, сонымен қатар тәжірибенің қателігін статистикалық бағалаудың сенімсіздігі», яғни осыған байланысты автор тәжірибе нұсқаларын орналастырудың анағұрлым тиімді әдісі – рендомизация деп көрсеткен.

Танаптық тәжірибелерде нұсқаларды рендомизация әдісімен орналастыруды қолдану, әлі күнге дейін көптеген таластар туғызуда, яғни кездейсоқ таңдаудың және нұсқалардың рендомизациясының талаптары ғылыми дәлелденбеген деп есептеледі, экспериментте кездейсоқтық орынсыз және зиянды, ал рендомизацияны мүлде ұсынуға болмайды, себебі «мөлдектерді рендомизация әдісімен орналастырған кезде біз саналы түрде өзімізге және өзіміздің тәжірибе нәтижелерін жеребеге, кездейсоқ ойынына бағындырамыз».

Танаптық тәжірибенің (және т.б. бірқатар тәжірибелердің) нәтижелеріне дисперсиялық талдау жасау әдістерімен айналысып жүрген бірқатар математиктер (Фишер Р.А., 1958, Перегудов В.Н., 1961, Доспехов Б.А., 1979 және т.б.), рендомизация тәжірибені бағалауда орнынан алу қаупіне біраз кедергі (жояды) болады және экспериментаторға тәжірибелік жұмыстардың сапасын дұрыс сипаттауды көрсетеді. Доспехова Б.А. (1979) пікірінше, «Нақты салыстыруларды және статистикалық бағалауды талап ететін танаптық тәжірибелерді жоспарлау үшін нұсқаларды орналастырудың қазіргі заманғы әдістерін пайдаланған дұрыс, оның негізі – рендомизация болып табылады». Бұл көзқарасты ескермеуге болмайды, ең құрғанда рендомизацияның жалпы негізін білу қажет.



Рендомизация – тәжірибеде нұсқалардың жүйесіз орналасуын қарастырады, ал оның анағұрлым қарапайым әдісін келесі мысалдан көруге болады. Тәжірибенің нұсқаларын нөмірлейді немесе әріптермен белгілейді және оларды біркелкі карточкаларға жазады, кейін бұл карточкаларды жақсылап араластырады және бір-бірден суырып алып қарайды. Қайталымдардың нұсқаларын жеребемен, кездейсоқтықпен анықталған тәртіп бойынша мөлдектерге орналастырады, ал әр бір қайталым үшін өзіндік рендомизациясы жасалады.
Нәтижесінде бұл қалай болатынын 4 – суреттен көруге болады


Тәжірибе қайталымы

I

II

III

IV

3

1

Бақылау


4

2

5

2

4

1

Бақылау


5

3

4

2

5

3

1

Бақылау


5

3

1

Бақылау



4

2

Сурет 4 – Төрт қайталымда бес нұсқаны рендомизация әдісімен мөлдектерде орналасу


Суреттен көріп отырғанымыздай жеребе тастау (кездейсоқ) еркіндігі бойынша барлық қайталымдардағы бақылау нұсқалары және басқа да барлық тәжірибе нұсқалары мөлдектерде жүйесіз, «араласып» орналасты, бұл сөзсіз тәжірибеде дақылдарды себу жұмыстарын жүргізуге, бақылау және есептеу жұмыстарын жүргізуде қиындықтар туғызады, сонымен қатар бұндай әдісте зерттеуші қайталымдардың нұсқалық мөлдектерін бір-бірімен шатастырып алмауы қажет. Рендомизация үшін қазіргі таңда кездейсоқ сандар кестесі жасалған және кеңінен пайдаланылуда, ол әр түрлі эксперименттік жұмыстарда кездейсоқ іріктемені (таңдауды) жоспарлауда техникалық жәрдем (көмекші) болып табылады.

Тиісті әдістемені пайдалана отырып (кесте 1, қосымша), қандай нұсқалар тәжірибенің әр бір қайталымының әр бір мөлдегінде орналасу керек екенін көрсететін сандарды есептеп шығарудың алғашқы пунктін ғылыми белгілеуге және алуға болады.



Доспехов Б.А. (1979) танаптық тәжірибе нұсқаларын рендомизациялық әдіспен орналастырудың бес әдісін ажыратып көрсетті: ұйымдастырылмаған қайталымдар (толық рендомизация); рендомизацияланған қайталымдар; латын квадраты және тік бұрышы;шашыраған мөлдектер; араласқан.

Толық рендомизация (ұйымдастырылмаған қайталымдар әдісі) – жер учаскесінде танаптық тәжірибені орналастырудың қазіргі заманғы әдістерінің ішіндегі ең қарапайымы деп есептеледі, бұл әдісте жер учаскесіндегі тәжірибе нұсқалары мөлдектер бойынша әбден кездейсоқ таратылады (орналасады). Мысалы, төрт қайталымды, 3 нұсқалы танаптық тәжірибеде жер телімі 12 мөлдекке бөлінеді (3х4=12). Кейін кездейсоқ сандар кестесі бойынша, әр бір нұсқаға 4 мөлдектен келетіндей етіп, тәжірибе нұсқаларын мөлдектерге орналастырады (сурет 4).

2

1

3

2

1

3

2

1

3

1

2

3

Сурет 4 – толық рендомизация әдісімен төрт қайталымда үш нұсқаны орналастыру сызбанұсқасы
Бұл әдіс бірқатар жағдайларда, яғни тәжірибеде зерттеліп отырған нұсқалардың саны аз болғанда (2-ден 4-ке дейін) тиімді деп есептеледі және бұл әдісті жер аумағы үлкен емес және топырақ құнарлылығы бойынша біркелкі жер учаскесінде, көпжылдық жемісті дақылдармен жұмыс істегенде қолдануға болады. Тәжірибеде мөлдектердің санын көбейткенде бұл әдістің тиімділігі төмендейді, бұндай жағдайда ұйымдастырылған рендомизацияланған қайталымдар әдісін қолданған дұрыс.

Рендомизацияланған қайталымдар әдісі – әлемдік іс-тәжірибеде анағұрлым кең таралған, бұл әдіс бойынша танаптық тәжірибенің әр бір қайталымында тәжірибелік нұсқалар мөлдектер бойынша кездейсоқ тәртіппен орналасады. Тәжірибені жүргізу жағдайларына байланысты мөлдектердің пішіні ұзарған (созылған), тік бұрышты немесе тік төрт бұрышты болуы мүмкін және олар қайталымдарда тұтастай күйінде бір, екі және одан да көп қабаттарда орналасады. Зерттелетін нұсқалардың саны тәжірибелік жер учаскесінің тегістігіне (жер бедерірінің) және тәжірибелік мөлдектердің көлеміне (ауданына) байланысты болады: тәжірибеде 15-20 нұсқалар қолдануға болмайды деп есептеледі, ал егер де нұсқалардың саны 8-10 нұсқадан асатын болса, онда әр бір қайталымға кем дегенде 2 және одан да көп бақылау (стандарт) мөлдектерін қосу қажет. Мысал үшін 5-суретте 9 нұсқасы бар танаптық тәжірибеде мөлдектердің екі қабатта орналасу сызбанұсқасы келтірілген.

Доспехов Б.А. пікірінше, тәжірибелік мөлдектерді латын квадраты және тік бұрышы әдісімен оранластыру, жер телімі топырағының құнарлылығының жүйелі түрде өзгеруінің, тәжірибе нәтижелеріне екі өзара перпендикулярлы бағыт бойынша әсер етуін жоюға мүмкіндік береді.




II
Қайталымдар


I





8


6


4

st

1


3


7


2


5

st

1


9

st

1


5


2


7


3

st

1


9


4


6


8


9


8


6


4

st

1


5


3

st

1


2


7


4


2

st

1


3


7


9


8


5


6

st

1



III

IV



Қайталымдар

Сурет 5 – Әр біреуінде 2 бақылау нұсқалары бар рендомизацияланған төрт қайталымда тәжірибелік 9 нұсқаны екі қабатқа орналастыру

Тәжірибені салу техникасы: тік төрт бұрышты немесе тік бұрышты пішіндегі жер телімі тәжірибедегі нұсқалар санына сәйкес келетін, қатарлар мен бағаналар санына көлденең (горизонтальді) және тік (вертикальді) бағыттарда қағылады, сонымен қатар әр бір қатар немесе бағана тәжірибеде зерттеліп отырған барлық нұсқаларды қосады. Мөлдектердің пішіні ұзарған (созылған) болса, онда латын квадратының рендомизацияланған қайталымдардың алдында артықшылығы болмайды. Тәжірибені латын квадраты әдісімен салу бірқатар жағдайларды (тәртіпті) сақтауды талап етеді – тәжірибелік нұсқалардың саны қайталымдардың санына тең болуы тиіс, осыған орай мөлдектердің саны тәжірибенің нұсқаларының екі еселенген санына тең болады, мысалы, тәжірибеде бес нұсқа болған жағдайда мөлдектердің саны 5х5=25 тең, алты нұсқа болғанда 6х6=36 және т.б. Алты нұсқалы танаптық тәжірибенің латын квадраты әдісімен орналасу сызбанұсқасының бір нұсқасы 6-суретте келтірілген.




Қатарлар




Бағаналар

I

II



III

IV

V



VI

I II III IV V VI

6

4

1

3

5

2

1

5

4

6

2

3

4

2

6

5

3

1

3

1

5

2

4

6

2

6

3

4

1

5

5

3

2

1

6

4

Сурет 6 – Алты нұсқалы тәжірибені латын квадраты әдісімен орналастыру сызбанұсқасы
Тәжірибені латын квадраты әдісімен орналастырғанда әр бір қатардағы және бағанадағы тәжірибе нұсқалары мен қайталымдарының нөмірлері қайталанбайтыны есте ұстаған дұрыс. Мөлдектерді орналастырудың бұл әдісін зерттеудің барысында, нұсқаларының саны төрттен төмен квадраттарды салу тиімсіз екенін көрсетті, ал іс-тәжірибеде көбінесе 5х5, 6х6, 7х7 квадраттар қолданылады, сонымен қатар нұсқаларының саны 7-8 нұсқадан көп тәжірибелерді бұл әдіспен салу қиынға соғады, сондықтан бұндай жағдайда тәжірибені орналастырудың – латын тік бұрышы әдісін қолдануды ұсынады.

Латын тік бұрышы әдісінде нұсқалардың саны қайталымдардың санына еселенген болуы тиіс, мысалы, үш қайталымдық тәжірибеде 6,9,12,18 және т.б., төрт қайталымда – 8,12,16,24 және т.б., бес қайталымда – 10,15,20,25 және т.б., яғни нұсқалардың саны қайталымдардың санына қалдықсыз бөлінуі тиіс. Мөлдектер бойынша нұсқалар, әр бір қатарда және әр бір бағанада барлық нұсқалардың толық болуын қамтамасыз ететіндей есебімен рендомизацияланады. Мысал ретінде 7-суретте, төрт қайталымда 12 нұсқалық тәжірибені латын тік бұрышы әдісімен орналастырудың сызбанұсқасы келтірілген.


Қатарлар




Бағаналар

I

II

III

IV

I

4

9

11

1

7

2

8

12

10

6

3

5

II

1

5

2

6

10

12

3

4

7

11

9

8

III

12

6

8

3

4

9

1

5

11

2

7

10

IV

3

7

10

5

8

11

9

2

6

4

1

12

Сурет 7 – 12 нұсқалы тәжірибені латын тік бұрышы әдісімен орналастыру сызбанұсқасы

Мөлдектерді ыдыратып (күрделі) орналастыру әдісі стационарлық тәжірибеде алғашқы нұсқаларды сақтай отырып, қосымша тәжірибелер тобын енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда салынатын көпфакторлы тәжірибелерді салу үшін қолданылады, мысалы, қосымша, тыңайтқыштардың мөлшерін, өсімдіктерді үстеме қоректендіруді, гербецидтерді және т.б. зерттеу. Бұндай тәжірибелерді бөлшектенген (күрделі) мөлдектері бар тәжірибелер деп атайды. Ыдыратылған мөлдектердің сызба нұсқасы – бір тәжірибенің мөлдектері басқалары үшін одақтас ретінде қолданылады, яғни белгілі бір тәжірибенің мөлдектеріне, технология элементтерінің басқа түрлері (қосымша) зерттеліп отырған тәжірибенің мөлдектері қосылады (салынады). Ірі мөлдектер бірінші тәжірибенікі (бірінші тәртіппен орналасқан тік және көлденең бағытта екінші тәртіппен орналасқан мөлдектерге шашырап орналасады), ал екінші тәртіптегі мөлдектер одан да ұсақ бөлшектерге бөлінеді. 8-суретте екі факторлы (1-2 нұсқалар) және үш факторлы (3-4 нұсқалар) тәжірибелер салғанда мөлдектердің ыдыратылу сызбанұсқасы келтірілген.

Бірінші (негізгі мөлдектер) және екінші (субмөлдектер) кезектегі мөлдектер бойынша тәжірибелерді рендомизация әдісімен орналастырады, сонымен қатар негізгі мөлдектердің нұсқалары әр бір қайталым бойынша өздігінен рендомизацияланады, екінші немесе кейінгі кезектердегі мөлдектердің нұсқалары әр уақытта қайтадан немесе әр бір негізгі мөлдектер және олардың топтары үшін, мысалы, бүтіндей қайталым үшін рендомизацияланады.


1 2 3 4




















Сурет 8 - Екі факторлы (1-2 нұсқалар) және үш факторлы (3-4 нұсқалар) тәжірибелер салғанда мөлдектердің ыдырату сызбанұсқасы


Араластыру әдісі. Қайталымдарының саны көп, көп нұсқалы тәжірибелерде негізгі факторларды салыстыруда дәлділік пен олардың өзара әсерлері біркелкі болмайды, сондықтан тәжірибе нұсқаларын орналастыру әдісі ретінде араластыру әдісі қолданылады, бұндай әдісте әрбір қайталымдағы нұсқалардың барлық әрекеттерін (комбинация) екі немесе оданда көп топтарға (одақтарға), топтардың арасындағы айырманы (айырмашылық) негізгі әсерлер мен екі фактордың арасындағы өзара әсерлерге қарағанда аз қызығушылық танытатын, жоғары деңгейде өзара қатынаста болатындай етіп бөледі.

Жер учаскесінде тәжірибе нұсқаларын орналастыру әдістерін – стандартты, жүйелі немесе рендомизациялық, қарастыруды қортындылай келе келесідей мәселеге баса назар аударған жөн: егер зерттеліп отырған факторлардың әсері (ықпалы) географиялық бейнелегенде қисық сызық пішінді болса, яғни қисық сызық фактор шамасының өсуіне байланысты жоғарылайды, немесе, мысалы, жылу режимі төмендегенде қисық сызық максимум дәрежеге жетеді, кейін төмендейді немесе теңеседі (тегістеледі), яғни фактордың – тыңайтқыш мөлшерінің жоғарылауы және т.б. өнімнің жоғарылауына әсер етпейді, сондықтан тәжірибе нұсқалары мөлдектер бойынша қандай әдіспен орналасса да, эксперименттің нәтижелерін аяқталған деп есептеу қажет. Мысал ретінде (сурет 9) судан шөбінің (жылу сүйгіш дақыл) өнім қалыптастыруына себу мерзімдерінің әсерін зерттеу нәтижелерінің мәліметтері келтірілген.

Судан шөбін әр түрлі себу мерзімдерінде сепкенде, яғни 10 мамырдан бастап сепкенде өнімі 55 ц/га-дан маусым айының бірінші онкүндігінде себілгенде 175 ц/га-ға дейін жоғарылады, сонымен қатар маусым айының бірінші онкүндігінің соңына қарай сеілгенде өнім деңгейі максимум деңгейге, яғни 200 ц/га-ға дейін жетті. Осыдан келіп келесідей қортынды жасауға болады: судан шөбі үшін ең оңтайлы себу мерзімі - маусым айының бірінші онкүндігі, ал оны кеш мерзімдерде сепкен сайын өнімі төмендей береді, сондықтан судан шөбінің анағұрлым кеш себу мерзімдерін зерттеудің қажеті жоқ, ал анағұрлым ерте себу мерзімдері судан шөбі үшін қолайсыз, себебі ерте көктемдегі температуралық режим өсімдіктің толық егін көгін алуға, өсіп-дамуына кері әсер етті.

Сурет 9 – Себу мерзімдеріне байланысты судан шөбінің қалыптастырған көк балауса өнімінің динамикасы, ц/га.


Сондықтан, ерте көктемгі себу мерзімдері сияқты кеш себу мерзімдері де температураның қолайсыздығына байланысты өсімдіктердің толық егін көгін алуға, өсіп-дамуына кері әсерін тигізеді, нәтижесінде алынатын өнім көлемі төмендейді, ал ең қолайлы (оңтайлы) себу мерзімі – мамыр айының соңы – маусым айының басы.
Бақылау сұрақтары

  1. Тәжірибе мөлдектері бойынша нұсқаларды орналастырудың қандай әдістері бар және олардың жалпы сипаттамасы ?

  2. Тәжірибе нұсқаларын стандарт әдісімен орналастырудың ерекшелігі қандай және бұл әдістің оң және теріс жақтарын сипаттаңыз?

  3. Тәжірибе нұсқаларын жүйелік әдіспен орналастырудың ерекшелігі қандай бұл әдіс бойынша тәжірибе нұсқаларын орналастырудың негізгі әдістері? Бұл әдістің оң және теріс жақтары қандай?

  4. Тәжірибе қайталымдары мен нұсқаларын бір, екі және одан да көп қабаттарда орналастырудың маңызы неде?

  5. Танаптық тәжірибе нұсқалары мен қайталымдарын рендомизация әдісімен орналастырудың мәні неде және бұл әдістің стандарт және жүйелі әдістермен салыстырмалы бағасы?

  6. Тәжірибе нұсқаларын рендомизация әдісімен орналастырудың қандай әдістері бар және рендомизациялау техникасы қандай?

  7. Ұйымдастырылмаған (толық рендомизация) қайталымдардың мәні неде және олар қалай орналасады?

  8. Рендомизацияланған қайталымдардың мәні неде және қайталымдар мен нұсқаларды орналастыру сызбанұсқасы қалай құылады?

  9. Латын квадраты және тік бұрышы әдістерінің мәні неде, оларды қолдану жағдайы қандай және тәжірибеде бұл әдістермен қайталымдарды мен нұсқаларды орналастыру сызбанұсқасы қалай құрылады?

  10. Шашыраған мөлдектер әдісінің мәні неде, бұл әдіс қандай жағдайларда қолданылады және шашыратып орналастыру сызбанұсқасы қалай құрылады?

  11. Мөлдектерді араластырып орналастыру әдісі қандай жағдайларда қолданылады және оның негізгі міндеті?

  12. Белгілі бір факторды зерттеген кезде қандай көрсеткіштер тәжірибенің аяқталғанын көрсетеді?


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет