Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері / Пәннің оқу-әдістемелік



бет7/17
Дата02.07.2017
өлшемі3.07 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Дәріс № 5.

Тақырыбы: « Танаптық тәжірибеге жер учаскесін таңдау, зерттеу және дайындау»

1.Танаптық тәжірибеге жер учаскесін таңдау

2.Тәжірибе салынатын жер учаскесінің тарихы
1. Танаптық тәжірибеге жер учаскесін таңдау, зерттеу және дайындау

Эксперименталды агрономиядағы көпжылдық тәжірибе бұл жұмыстардың барлық сатыларда, бір және негізгі міндетте, танаптық тәжірибе салынатын жер учаскесін таңдаудан дақылдардың өнімін есептеуге дейін, тәуелділігінің қажеттілігін дәлелдейді – қажетті типтіліктің сақталуы үшін орындалып отырған барлық жұмыстардың жоғарғы дәлдігін қамтамасыз ету.

Танаптық тәжірибенің дәлдігін арттыратын шараларға келесілер жатады: тәжірибе салуға жер учаскесін дұрыс таңдау және дайындау, тәжірибе мөлдектерінің, қайталымдарының, нұсқаларының көлемін және пішінін анықтау, тәжірибе қайталымдарын және мөлдектерін орналастыру әдісі, сонымен қатар өнімді есептеу әдістері.

Танаптық тәжірибеге таңдалатын жер телімі топырағының құнарлылығы жекелеген аудандардың, облыстарды, аймақтардың топырақ құнарлылығымен және жер бедерімен типтес болғаны дұрыс, мұның өзі сол жерде жүргізілген тәжірибе нәтижелерін тек тәжірибе жүргізілген жердің топырақ құнарлылығымен ұқсас топырақты жерлерге ғана ұсынып қоймай, сонымен қатар басқа да аудандар үшін, яғни топырақ-климат жағдайлары бойынша сәйкес келетін аудандар үшін де ұсынуға мүмкіндік береді.

Жер учаскесінің типтілігін бағалау тек табиғи жағдайлармен шектеліп қана қоймауы қажет (жергілікті жер бедері, топырақ-климат жағдайлары және т.б.), сонымен қатар бұған дейін адам қызметінің әсерінен пайда болған, топырақтың мәденилену дәрежесі де есепке алынғаны дұрыс, яғни топырақтың жыртылу қабатының тереңдігі, топырақтың орта реакциясы, топырақ құрамындағы қоректік заттардың мөлшері. Егер де тәжірибе алдын-ала зерттелмеген, топырақтың мәденилену жағдайы есепке алынбаған жерде салынатын болса, онда зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің сапасы төмендейді, себебі тәжірибе нәтижелерінен алынған мәліметтерді қай жерде және қалай қолдануын белгілеуге болмайды. Осыған байланысты тәжірибе салмас бұрын, тәжірибе салуға таңдалған жердің топырағының сипаттамасын және сол жердің кем дегенде соңғы үш жылдағы шаруашылықтық тарихын нақты білу қажет.

Тәжірибе салуға жер учаскесін таңдаған кезде тәжірибелік жер учаскесінің бір түрлілігінің немесе ала-құлалылығының негізгі факторы ретінде жер бедерінің атқаратын рөлі ерекше, оның беті тегіс және аздап көлбеу беткейлі болуы шарт. Баурайлы жер учаскесінің әр түрлі бөліктерінде орналасқан мөлдектер ылғалмен, жарықпен, минералды қоректік заттармен біркелкі қамтамасыз етілмейді, себебі бұндай жер учаскесінде топырақ және оған енгізілген минералды қоректік элементтер сумен топырақтың беткі қабатынан төменгі қабатына шайылып кетеді.

Дегенмен, тәжірибе салуға қатаң түрде горизонтальды беткі қабаты тегіс жер бедерін далалы аймақ жағдайында да таңдап алу қиын, сондықтан тәжірибе салуға шамалы баурайлы жерлер, яғни еңкістігін 100 м ұзына бойына 2,5 метр болатын жерлер рұқсат етіледі, сонымен қатар бұл жерлер бір жақты және біркелкі облуы керек, құлама тік жерлер шұғыл өзгермеуі және тұйық төмен түсетін жерлер болмауы шарт. Баурайлы жер учаскесіндегі мөлдектер баурайдың бойымен орналасуы керек, мұның өзі әр бір мөлдектердегі өсімдіктердің өсіп-дамуына біркелкі жағдай туғызады. Дегенмен, зерттеу объектісі – жер бедері болып табылса, онда жер бедерін таңдау кезіндегі қарастырылатын жағдайлардың (баурайлы жерлер) қатысы болмайды.

Топырақ құнарлылығының біркелкілігі тәжірибе салардың алдында топырақты зерттеу және құнарлылығы бойынша өзгергіштік шамасын белгілеу, яғни топырақ құнарлылығын суретке түсіру жұмыстарын жүргізу жолымен анықталады. Егер, тәжірибе салуға таңдалып алынған жер учаскесінің әр түрлі топырағының басым түрін анықтау міндеті алға қойылса, онда топырақты суретке түсіру жұмыстары 1:10000 масштаб көлеміндегі жерге жүргізіледі, ал жоғары талап қойылған кезде, барлық жер телімі аумағында топырақтың әр түрлілігінің шекарасын белгілеу қажеттілігі туындаса, яғни әр түрлі топырақ жамылғысының әр біреуіне жеке-жеке тәжірибе салу үшін топырақты суретке түсіру жұмыстары 1:5000 және тіпті 1:1000 масштаб көлемінде жүргізіледі. Топырақтың толық сипаттамасын беру үшін топырақ тілімдерін жасайды, оның сипаттамасын береді және нәтижесінде жалпыға бірдей жіктеу әдісімен топырақтың типін анықтайды.

Осы күнгі әдістемелерге сәйкес, топырақтың агрофизикалық, агрохимиялық және физико-химиялық құрамын анықтау үшін талдау жұмыстары жүргізіледі, яғни топырақтың механикалық және агрегаттық құрамын, суға төзімді агрегат үлесін, гигроскопиялылығын, шекті ылғал сиымдылығын, топырақтың көлемдік салмағын, тығыздығы мен түйіршіктілігін, топырақтың жыртылатын және жыртылатын қабаттың астыңғы бөлігіндегі қарашіріндінің пайыздық мөлшерін, қарашірінді қабатының тереңдігін, карбонаттардың орналасу тереңдігін, топырақтың орта реакциясын, жалпы азот, фосфор және калий мөлшерін, 100 г топырақтағы жылжымалы фосфор мен ауыспалы калийдің мөлшерін, мг.


2.Тәжірибе салынатын жер учаскесінің тарихы

Тәжірибе салынатын жер учаскесінің тарихын зерттегенде – бұл жерге соңғы 3-4 жылда қандай алғы дақылдар себілгені, топырақты өңдеу тәсілі, енгізілген тыңайтқыштар және т.б. анықталады, сонымен қатар жер учаскесінің біртектілігіне әсер ететін және 5-10 жыл бойы соңғы әсерін тигізу мүмкіншілігі зор – арықтарды, орларды, шұңқырларды жабу (тегістеу), көшірілген құрылыстар және оның қалдықтары, ескі жолдар, малдардың тұрағы сияқты мәліметтерді анықтау қажет.

Тәжірибе салуға таңдалып алынған жер учаскесінің арамшөптермен күшті және біркелкі емес дәрежеде ластанса, әсіресе баурайлы – қалуен, бидайық, жусандар және .т.б ластанған жерлер танаптық тәжірибе нәтижелеріне айтарлықтай кері әсер етуі мүмкін, сондықтан жер учаскесін зерттеген кезде, сол жердің арамшөптермен ластану ерекшеліктерін және дәрежесін, арамшөптердің ботаникалық құрамын, топырақтың жыртылатын қабатындағы арамшөптердің тұқымдарының және вегетациялық мүшелерінің потенциалдық мүмкіндігін белгілеу қажет. Жер учаскесінің арамшөптермен ластану дәрежесі көзбен бағалау арқылы немесе жоспарға тік жерлердегі арамшөптердің таралуын енгізе отырып, сонымен қатар бір өлшем жердегі арамшөптердің массасын анықтау жолымен сандық есепке алу арқылы анықталады.

Жер учаскесіне су бассейндерінің, ағаш отырғызылымдарының, құрылыс орындарының, жыралардың, жолдардың және т.б. жақын орналасуы топырақ және ауа құрғақшылығына, сол жердің жарықпен қамтамасыз етілуіне, желге, қар жамылғысының жиналуына және т.б. әсер етеді, сондықтан танаптық тәжірибе салуға жер учаскесін таңдаған кезде, сол жер учаскесінің нысандардан келесідей қашықтықта орналасқаны дұрыс, м:

Орман – 40-50

Жекелеген ағаштар -25-30

Су бассейіні, жыралар, батпақты жерлер – 100-200

Құрылыс орындары – 40-50

Жолдар – 5-10

Қоршаулар – 10

Жер учаскесінің топырағына толық зерттеу жұмыстарын жүргізудің өзі топырақ құнарлылығының әр түрлілігі туралы нақты мәліметтер бере алмайды және аталған көрсеткішке өсімдіктердің әсерін көрсете алмайды, соныдықтан топырақ құнарлылығының ала-құлалығының ең жақсы индикаторы өсімдіктің өзі болуы мүмкін. Әр түрлі дақылдардың топырақ құнарлылығы деңгейіне біркелкі әсер етпеуіне қарамастан (жоғары талап қояды – топырақ құнарлылығына талабы шамалы), өсімдіктерді индикатор ретінде пайдалана отырып, топырақты құанрлылығы бойынша біркелкі болуын қамтамасыз ету әзірге қиын, сондықтан барлаушы және теңестіргіш (уровнительные) егістер кеңінен қолданылады.



Барлаушы егістер топырақ құнарлылығы жағдайының толық бағасын және ала-құлалығын білуге мүмкіндік береді. Зерттеліп отырған жер учаскесіне белгілі бір танаптық, біржылдық дақылдың бір сорты (бидай, арпа, сұлы және т.б. астыққа немесе жасыл балауса өніміне, пішенге), біркелкі себу мөлшерімен және себу тәсілімен себіледі. Себілген дақылды тіршілік ету кезеңінде жер учаскесінің топырағының құнарлылығы бойынша және басқа да көрсеткіштері бойынша біркелкі болуы шамалап және көзбен бағалануы тиіс, дегенмен бағалаудың анағұрлым сенімді критериі ретінде – жер учаскесін зерттеу жүйесінің қорытынды бөлімі болып табылатын, бөлшектік есептеу әдісін санаған жөн.

Тексеріп көру үшін себілетін, яғни барлаушы (рекогносцировкалы егіс) егістердегі бөлшектік есептеу – ол жер учаскесін зерттеу жүйесінің қорытынды бөлімі болып табылады. Оның маңызы – белгілі бір дақыл себілген жер учаскесін ұсақ алаңдарға, яғни қарапайым мөлдектерге бөледі, мөлдектердің ауданы топырақтың құнарлылығы бойынша біркелкілігіне байланысты 10 м2-ден 100 м2-ге дейін және одан да жоғары болуы мүмкін, бұл мөлдектерден өнім жиналады және өнім есепке алынады, ал кейін алынған мәліметтерді статистикалық өңдеуден өткізеді, мұның өзі жер учаскесінің топырақ құнарлылығы бойынша біркелкілігін белгілеп қана қоймай, сонымен қатар келешекте салынатын танаптық тәжірибелердегі мөлдектердің ауданын және олардың орналасу тәртібін болжауға мүмкіндік береді.

Теңестіруші егістер – барлаушы егістер (рекогносцировочные посевы) технологиясымен бірдей технологиямен жүргізілетін, танаптық тәжірибелерге жер учаскесін дайындау шараларына жатады. Оның міндеті жер телімі топырағының құнарлылығы бойынша әркелкілігін азайтып, ондағы әр түрлі факторлардың тез әсер етуін жою. Теңестіруші егістердің рөлі – оларды 2-3 жыл бойы және ауыспалы егіске енгізілген дақылдардың кезектесіп келу тәртібін сақтай отырып қолданғанда ғана жоғарылайды және осыдан кейін ғана танаптық тәжірибелерді салу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, жер телімі бір мезгілде өндірістік (агротехникалық) типтілігі жағынан көзқарас бойынша дайындалады. Теңестіруші егістерде, тәртіп бойынша өнімді есептеу жұмыстары жүргізілмейді, дегенмен теңестіруші және барлаушы егістер уақытқа және технологияға сай жасалады, сондықтан қандайда бір барлаушы егістердің өзін теңестіруші егістер деп санауға болады, ал қандай да болмасын теңестіруші егістер, бөлшектік есептеу жұмыстарын жүргізген кезде жер учаскесінің құнарлылығы бойынша ала-құлалылығын зерттеу үшін қолданылуы мүмкін, яғни барлаушы егістер ретінде.

Теңестіруші егістер агротехникалық тәжірибелерде қолданылады, сонымен қатар сортсынау тәжірибелерінде де кеңінен қолданылады: сорт сынау жер учаскесінде, сорт сынаумен және бұл жерде алдыңғы жылы себілген әр түрлі дақыл түрлерімен және олардың сорттарымен байланысты топырақтың құнарлылығы бойынша әр түрлілігін анықтау үшін және келесі сорт сынау жұмыстарына теңестіруші егістерді жүргізу қажеттілігі туындайды. Теңестіруші және сорт сынау егістерінің ауысым технологиясы келесідей, яғни ауыспалы егістің әр бір танабының жартысына ғана тәжірибе салынады, ал қалған бөлігіне сорт сынау ауыспалы егісіне енгізілген және ауыспалы егістегі дақылдардың кезектесіп келу тәртібіне сәйкес дақылды себеді, яғни танаптың бұл бөлігін тәртіп бойынша тапшы (дефицит) сорттарды көбейту үшін қолданады. Келесі жылы ауыспалы егіс танабының өткен жылы теңестіруші егістер себілген бір жартысына сорт сынау бойынша тәжірибелер салады, ал екінші жартысына теңестіруші егістерді жүргізеді, яғни теңестіруші егістер және тәжірибелер ауыспалы егістің жекелеген танаптарында бір жылдан кейін кезектескен тәртіппен ауысады.



Б.А. Доспеховтың (1985) пікірі бойынша тәжірибе жүргізушіге тәжірибе жұмыстарын барлаушы егістердің бөлшектік есептеу жұмыстары бойынша жүргізу міндетті емес, яғни оларды көзбен бағалаудың өзі жеткілікті. Барлаушы егістің бөлшектік есептеу жұмысының болмауы, танаптық тәжірибені жүргізудің дұрыс әдістемесін қолдануға кедергі бола алмайды, ал берілген танаптың тәжірибе салуға жарамдылығын анықтау үшін «топырақ құрамын зерттеу және тегістеу (нивелировка) жұмыстарын жүргізу жеткілікті, сонымен қатар танаптың тарихын зерттеу және барлаушы немесе теңестіруші егістерде топырақ құнарлылығының құбылмалылығына көзбен баға беру, қазіргі уақытта танаптық тәжірибе жүргізу әдістемесі жақсы жетілдірілгендігіне байланысты, әсіресе біржылдық дақылдар қолданылатын тәжірибелерде, барлаушы егістердің бөлшектік есептеу жұмыстарын жүргізгенше, тәжірибенің қайталымдарын көбейткен абзал, ал барлаушы егістердің бөлшектік есептеу жұмыстарын жүргізудің маңызы ерекше, арнайы жағдайларда байқалады, мәселен, көпжылдық станционарлық тәжірибелер салғанда».
Бақылау сұрақтары

  1. Тәжірибе салуға жер учаскесін таңдау және дайындау кезінде қандай іс-шаралар жасалуы тиіс және олардың негізгі міндеттері қандай?

  2. Тәжірибені орналастыру үшін жер телімі қандай негізгі талаптарға сай болуы тиіс және тәжірибеге жер учаскесін таңдаған кезде қандай жағдайлар сақталуы тиіс?

  3. Танаптық тәжірибе үшін жер учаскесінің типтілігі түсінігі?

  4. Жер учаскесінің жер бедеріне қандай талаптар қойылады және не үшін?

  5. Жер учаскесінің топырағына құнарлылығы бойынша қандай талаптар қойылады және бұл көрсеткіштерді анықтау үшін қандай жұмыстар жүргізілуі тиіс?

  6. Тәжірибелік жер учаскесінің тарихын зерттеудің мәні неде және қандай негізгі сұрақтар есепке алынуы тиіс?

  7. Барлаушы егістердің, бөлшектік есептеу жұмысының және бұл жұмыстарды жүргізу әдістемесінің мәні неде?

  8. Агротехникалық және сорт сынау тәжірибелеріндегі теңестіруші егістердің мәні неде және оларды жүргізу әдістемесі қандай?

  9. Қандай жағдайларда барлаушы егістерде бөлшектік есептеу жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі болмайды?



Дәріс № 6.

Тақырыбы: « Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері»

1 Тәжірибенің дәлдігін арттыру шаралары

2 Тәжірибеге мөлдектер аудандарының, пішіндерінің, бағыттарының және қайталымдардың әсері

1 Тәжірибенің дәлдігін арттыру шаралары

Бірінші кезең – сенімді мәліметтерді алуға, жүргізілген зерттеулердің дәлдігін арттыруға және қателіктерді жоюға немесе азайтуға мүмкіндік беретін жер учаскесін дайындау, мұның өзі зерттеу жұмыстарының бағдарламасын дұрыс құрастырумен, типтілікті сақтай отырып, танаптық тәжірибенің сызбанұсқасын жасаумен, бір ғана (жалғыз, дара) өзгешелік қағидасымен, жер учаскесін таңдаумен, зерттеумен және сол жердің топырағының құнарлылығы бойынша ала-құлалылығын есепке ала отырып, жер учаскесін таңдаумен және т.б. тығыз байланысты.

Екінші кезең – тәжірибенің дәлдігін арттыруда және сенімді мәліметтер алуда шешуші рөл атқаратын фактор ретінде танаптық тәжірибені салу және жүргізу әдісі мен әдістемесін сақтау, дегенмен осы аталған барлық әдістеме талаптары бірінші кезеңде де мінедетті түрде орындалуы тиіс.

Әдіс және әдістеме – көпжоспарлы түсінік, ал терминдер грек тілінен алынған, яғни оларды кеңінен алып қарастырғанда төмендегідей мағыналарды береді:



Әдіс (methodos – грек тілінен аударғанда зерттеу жолы, теория, оқып-білу деген мағыналарды білдіреді) – қандай да бір мақсатқа қол жеткізу, нақты міндеттерді шешу әдісі, шындықты (ақиқатты) теориялық немесе іс-тәжірибелік игеру (танып-білу) операцияларының немесе шараларының жиынтығы.

Әдістеме (грек тілінде methodice) – алға қойылған міндеттерді орындауда еңбек шығынын және уақытты азайтуға, қателіктер жіберуден сақтануға мүмкіндік беретін, қандай да бір жұмысты, ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістерінің жиынтығы.

Қазіргі кезде танаптық тәжірибе әдістемесі түсінігінің астарында келесідей элелменттердің жиынтығы түсіндіріледі: нұсқалар саны, мөлдектердің ауданы, оның пішіні және бағыты, қайталымдар, қайталанулар және оларды тәжірибелік жер учаскесіне орналастыру, зерттеу объектісі ретінде өсімдіктің өсіп-даму кезеңдеріне барлық тіршілік кезеңінде тиісті бақылаулар жүргізу, өнімді есептеу әдісі, тәжірибені уақытқа сай ұйымдастыру, сонымен қатар зерттеу жұмысын жүргізген кезде аталған элелменттерді қатаң түрде сақтау.

Тәжірибенің жер телімі топырағының құнарлылығының ала-құлалылығының әсерінен туындайтын қателіктерді азайту және тәжірибенің дәлдігін арттыру сияқты негізгі міндеттерді, зерттеу жұмыстарының әдісі мен әдістемесін (мөлдектердің негізгі көрсеткіштері, яғни мөлшері (ауданы), пішіні, бағыты және орналасуы, қайталымдардың саны, сонымен қатар т.б. сұрақтар) қатаң түрде сақтау арқылы шешуге болады.

Тәжірибелік мөлдек – белгілі бір пішіні мен мөлшері бар, тәжірибелік жер телімі ауданының бір бөлшегі, ол өзіне тәжірибе нұсқасын, яғни зерттеліп отырған факторды (агротехникалық шара, сорт және т.б.) орналастыруға арналған. Мөлдекте келесідей аудандарды ажыратады: жалпы (егістік), есептеу алаңы, яғни бұдан өнім есептеледі және есептеу жүргізілмейтін алаң, яғни бұған басқа да (бөтен) факторлардың әсерінен қорғайтын (жанындағы мөлдектердің өсімдіктерінен, жолдардар және т.б.), қорғаныс алаңдары жатады, ал тәжірибенің дәлдігін анықтағанда есептеу алаңдарының мәліметтеріне сүйенеді.

Тәжірибенің қайталымы – тәжірибелік аймақтағы (территория) әр бір тәжірибе нұсқаларының бір текті мөлдектер саны. Аймақтық (территориальная) қайталым жер учаскесінің топырақ құнарлылығы бойынша ала-құлалылығын тәжірибенің әр бір нұсқаларымен толық қамтуға және нәтижесінде барлық тәжірибе бойынша анағұрлым сенімді, орташа нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Тәжірибенің қайталануы – тәжірибенің белгілі бір сызбанұсқа және уақытқа сай әдістеме бойынша қайталануы, ол қандай да бір агротехникалық шаралардың және сорттың зерттелген жылдарының санын көрсетеді, мұның өзі әр жылда қалыптасатын метеорологиялық жағдайларға байланысты, тәжірибеде зерттеліп отырған факторлардың әсерін, өзара әсерін және соңғы әсерін белгілеуге мүмкіндік береді. Анағұрлым сенімді нәтижелерге қол жеткізу үшін тәжірибе кем дегенде 3 жыл қайталануы тиіс деп есептеледі.
2 Тәжірибеге мөлдектер аудандарының, пішіндерінің, бағыттарының және қайталымдардың әсері

Тәжірибенің дәлдігін қайталымдардың санын және мөлдектердің ауданын ұлғайту арқылы арттыруға болады.



Мөлдектердің көлемі. Әр бір мөлдектің ауданын көбейту топырақ құнарлылығы элементтерінің көп мөлшерін қамтуға мүмкіндік береді, ал керісінше орташа мөлшерден ауытқыған кезде топырақ құнарлылығы әр бір мөлдек көлемінде өзара сіңеді. Дегенмен, тәжірибе мөлдектерінің мөлшері мен нұсқалардың қайталымдары санына жүргізілген толық зерттеулер, мөлдектердің ауданын ұлғайту бұл жоғарылауға пропорционалды жүрмейтіндігін, яғни керісінше өшетіндігін (төмендейтіндігін) көрсетті (сурет 1).

1 суретте көрсетілген динамика – қайталымсыз мөлдектердің ауданын 25 м2-ден 250 м2-ге дейін ұлғайтқанда (10 есе) тәжірибенің қателігі 10 %-дан 5,6 %-ға дейін төмендейтінін, сонымен қатар 100-121 м2-ге дейін ұлғайтқанда тәжірибенің қателігі 3,3%-дан 2,9 %-ға төмендейтінін, ал 225-250 м2-де 4,3-4,4 %-ға дейін төмендейтінін көрсетті.

Әдістемелік зерттеулер мәліметтерінің негізінде келесідей қортынды жасауға болады, яғни тәжірибенің анағұрлым жоғары дәлдігіне танаптық тәжірибедегі мөлдектердің есептеу алаңының ауданын 100-150 м2 қылғанда ғана қол жеткізуге болады, сонымен қатар мөлдектердің ауданын ұлғайту, тіпті одан да көп қателіктерге әкеліп соғуы мүмкін, себебі ол тәжірибе салынатын жер учаскесінің ауданын ұлғайтуға әкеледі, сонымен қатар тәжірибенің жүргізілуіне жұмсалатын шығындардың көлемін және жасалатын жұмыс көлемін арттырады.

Мөлдектердің ауданы тәжірибеде зерттеліп отырған дақылмен, оны себу тәсілімен, бір шаршы метр жерге келетін өсімдіктердің санымен тығыз байланысты, мәселен, қатардағы тәсілмен себілетін дақылдардың, астық тұқымдас дақылдардың, мал азықтық дақылдардың 1 м2 жерге келетін өсімдіктерінің саны орта есеппен 200-250 өсімдік болуы керек, ал отамалы дақылдардың – жүгері, тамыржемістердің саны небары 8-12 өсімдік, яғни мөлдектердің ауданы кішірек болғанда, әр бір мөлдекке келетін өсімдіктердің саны да шектеулі болады, себебі жекелеген өсімдіктердің өзіндік қасиеттеріне сай өзгергіштігі жеткілікті дәрежеде тегістелмейді (біркелкі болмайды), яғни мөлдектердің есептеу алаңдарының ауданында 40-60 өсімдік болғанның өзінде.



25 50 75 100 125 150 200 250

Мөлдектердің ауданы, м2

Сурет 1 – Мөлдектердің ауданы өзгермеген кездегі (25 м2) қайталымдар санының жоғарылауының және тәжірибенің бірлігіне қайталымсыз мөлдектер ауданының жоғарылауының әсері.


Іс-тәжірибе көрсеткендей, мөлдектердің есептеу алаңдарының ауданы орта есеппен 100 м2 болуы керек, яғни 50-200 м2 арасында ауытқуы тиіс, мұның өзі өндірістік жағдайда қолданылатын техникаларды қолдана отырып, маңызды танаптық жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар қатардағы тәсілмен себілетін дақылдар үшін ауданы 50-100 м2, кең қатарлап себілетін отамалы дақылдар үшін 100-200 м2 болуы керек, тексеріп көру үшін (барлаушы, теңестіруші) алдын-ала салынатын тәжірибелерде қолмен өңдеуге 20-25 м2-лік мөлдектер рұқсат етіледі.

Селекциялық жұмыста, бірінші кезеңде селекционерде жаңадан шығарылған сорттың тұқымдық материалы шектеулі ғана болатын болса, онда мөлдектердің ауданы 0,5 м2-ден 2 м2 арасында ауытқуы мүмкін, кішігірім сорт сынауларда – 5-10 м2, ал конкурстық сорт сынаулар 50-100 м2-лік, кейде 200 м2-лік мөлдектерде жүргізіледі.



Топырақ өңдеу тәсілдері, топырақты жел және су эрозияларынан қорғау және т.б. іс-шараларды зерттеу бойынша салынатын, әр бір мөлдекте жеке-жеке техника мен құрал-жабдықтарды пайдалануды талап ететін тәжірибелердегі мөлдектердің ауданы, зерттеліп отырған іс-шараларға байланысты 300 м2 –ден 1000 м2-ге дейін болады.

Тәжірибе қайталымы – тәжірибе дәлдігін арттыруға әсер ететін, зерттеліп отырған сызбанұсқаның әрбір нұсқалары үшін қайталанатын бірнеше мөлдектерді енгізумен байланысты, анағұрлым ықпалды амалдардың, оны тәжірибелік жер учаскесінің әр түрлі жерлерінде (бөліктерінде) орналасқан, бір ірі мөлдектің бөлігі ретінде қарастыруға болады, ол әр бір нұсқамен тәжірибелік танап топырағының құнарлылығы бойынша ала-құлалылығын толық қамтуға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибелік нұсқалардың әр біріне қажетті жердің жиынтық ауданын біркелкі ұлғайтқанда, тәжірибенің дәлдігін бір мөлдектің ауданын ұлғайтқанға қарағанда едәуір көлемде арттыруға мүмкіндік береді, яғни 1 суреттегі мәліметтер бойынша: қайталымдардың санын 1-ден 10-ға дейін көбейткенде және мөлдектердің ауданын өзгертпегенде 25 м2 тәжірибенің қателігі 10%-дан 6,8-3,2%-ға дейін төмедеді, дегенмен тәжірибе қателігінің едәуір көлемде, яғни 10%-дан 5-4,5%-ға дейін төмендеуі 4-5 қайталым санында байқалды, ал 6 қайталым санында тәжірибенің дәлдігі 4,1%-ға дейін, 8 қайталым санында 3,5%-ға дейін, 10 қайталым санында 3,2%-ға дейін төмендеді, дегенмен 6 қайталым санынан бастап тәжірибенің дәлдігі шамалы ғана жоғарылады, сондықтан қайталым санын шектен тыс көбейтудің қажеттігі жоқ, яғни пайдасыз. Осыған байланысты дақылдардың өсіру технологиясының элементтерін зерттеу және сорт сынау бойынша бірфакторлы және қарапайым көпфакторлы танаптық тәжірибелерде, толықтай негізделген түрде, мөлдектердің ауданы 50-100 м2 болғанда 4-5 қайталым, 2 м2 -ден 10 м2-лік кішірек мөлдектерде немесе тәжірибелік жер телімі үлкен көлемде тегіс болмаған жағдайда 6-8 қайталым қолданылады. 8 және одан да көп қайталымдар саны ерекше жағдайларда, яғни зерттеліп отырған іс-шаралардың тиімділігі төмен болғанда қолданылады (мәселен, микротыңайтқыштардың, өсімдіктердің өсіп-дамуын реттеушілердің және т.б. тиімділігін зерттеген кезде). Ғылыми мекемелердің іс-тәжірибесінде 4-5 қайталым санынан 8-12 қайталым санына дейін және бұдан артық қайталым саны сирек қолданылатынын, сонымен қатар өндірістік жағдайда қайталымдардың ең төменгі саны қолданылатынын ескерген жөн, ал қайталымдар санының орнын және тәжірибенің анағұрлым жоғары дәлдігіне қол жеткізу үшін мөлдектердің есептеу алаңдарының ауданын арттырумен толықтырады.

Мөлдектердің ауданы – мөлдектердің пішінін дұрыс таңдау тәжірибенің дәлдігіне әсер етуі мүмкін, ал оның пішіні мөлдектің қысқа жағы мен ұзын жағының қатынасы арқылы анықталады (ұзындығы мен ені). Танаптық тәжірибелерде мөлдектердің пішіні тік төрт бұрышты, тік бұрышты және ұзарған пішінде болуы мүмкін.

Тік төрт бұрышты мөлдек – ұзындығының еніне қатынасы бірге тең мөлдек, мысалы, 10х10 м, 5х5 м және т.б. Тік бұрышты – ұзындығының еніне қатынасы бірден жоғары, бірақ 10-нан төмен, мысалы, 5х20 м, 5х40 м, 4х30 м және т.б. Ұзарған пішінді – ұзындығының еніне қатынасы 10-нан жоғары болуы тиіс, мысалы, 3,6х45 м, 4,2х50 м және т.б. Мөлдектердің ұзындығының еніне қатынасы 1:10 – 1:15 аралығында болғанда тәжірибенің дәлдігі жоғарылайтындығы және тиімділік (іс-шаралардың тиімділігі) жақсы байқалатыны анқыталған.

Тәжірибелік іс-жүргізу тәжірибесі көрсеткендей, яғни мөлдектердің ең жақсы пішіні ұзарған (созылған) пішін болып табылады, себебі бұндай мөлдектер, танап топырағының құнарлылығы бойынша ала-құлалылығын толықтай қамтуына байланысты, тәжірибенің қателігін азайтуға мүмкіндік береді, яғни мөлдек ұзын болған сайын бұл міндет (тәжірибе қателігін азайту) жақсы орындалады. Сонымен қатар, мөлдектер топырақ құрамы өзегертін бағытқа қарай ұзарған (созылған) болуы тиіс, мысалы, тәжірибені баурайлы жер учаскесіне салған кезде, мөлдектер баурайдың барлық бөліктерін қамти отырып, оның бойымен ұзартыла (созылған) салынуы керек. Мөлдектердің ұзарған (созылған) пішіні механизацияланған егістерде және тәжірибедегі өсімдіктерді күтіп-баптаған кезде қажет, сонымен қатар мөлдектердің ені сепкіштердің, агрегаттардың (құралдардың) алым енімен анықталады, мысалы, астықты қатардағы әдіспен себетін және астықты-шөпті сепкіштердің (СЗП-3,6, СЗТ-3,6 және т.б.) алым ені 3,6 м, аңыздық сепкіштердің алым ені 2,1 м, көкеністік сепкіштер СО-4,2 – 4,2 м, жүгері сепкіші СУПН-8 – 5,6 м және т.б., сепкіштердің бұндай алым ендерін негізге ала отырып мөлдектердің ені және жоспарланған ауданнан келіп ұзындығы анықталады. Барлық жағдайларда мөлдектердің пішіні тік бұрышты болуы тиіс. Ұзарған (созылған) пішіндер көлемі бойынша ірі (50 м2 кем емес) мөлдектерде ғана пайдаланылады, себебі мөлдектердің ауданы кішігірім болса, онда ұзарған (созылған) пішінді мөлдектер өте тар болады, мұның өзі техниканы қолдануға, қорғаныс алаңдарын бөлуге қиындық туғызады.



Өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күреске қолданылатын химиялық препараттарды зерттеген кезде, препараттар басқа да мөлдектерге түсіп кетуі мүмкін, сондықтан мөлдектердің бүйірінен жалпақ (кең) қорғаныс жолақтарын (бүйірлік қорғаныс алаңдары) бөледі, сонымен қатар бұндай тәжірибелерде пішіні төрт бұрышты мөлдектерді қолданған дұрыс, себебі ұзарған (созылған) мөлдектердің ортасынан немесе тік бұрышты мөлдектерге қарағанда, зиянкестерге көрші нұсқаларға өту қиындайды (жол ұзынырақ, алысырақ).

Мөлдектердің бағыты – тәжірибеден алынған нәтижелердің дұрыстығына (анықтылығына) әсер ету мүмкіншілігі бар. Мөлдектердің пішіні туралы мәселені қарастырған кезде, мөлдектерді баурайға ұзын жағымен кесе-көлденең емес, яғни баурайдың бойымен орналастыруға көңіл бөлінген, сонымен қатар мөлдектерді жер учаскесінің топырағының құнарлылығы күшті өзгеретін бағытына қарай орналастырған жөн, бұндай жағдайда тәжірибеде зерттеліп отырған нұсқаларды бір-бірімен салыстыруға анағұрлым тең (бірдей) жағдай қалыптасады. Тәжірибелерді танапты басқа да сыртқы орта факторларынан қорғауға арналған орман жолақтары бар жерлерде салған кезде, мөлдектерді орман жолақтарына ұзын жағымен перпендикулярлы орналастырған дұрыс. Топырақ құнарлылығы біркелкі (тегіс) танаптарда мөлдектердің бағыты, тәжірибені жүргізудің техникалық жағдайларымен анықталады, себебі бұл фактор тәжірибенің дәлдігіне айтарлықтай теріс әсер етпейді.

Қорғаныс жолақтары – көрші нұсқалардың әсерін жою үшін бөлінеді, мұны, әсіресе, тәжірибелерде тыңайтқыштарды, топырақ өңдеу тәсілдерін, алғы дақылдарды, суару жүйесін және т.б., зерттеген кезде сақтаған маңызды. Қорғаныс жолақтары бүйірлік және мөлдектердің соңындағы (аяқтық) болып бөлінеді.

Бүйірлік қорғаныс жолақтары – мөлдектердің ұзын жағының бойынан бөлінеді, оның ені тәжірибеде зерттеліп отырған 0,5 м-ден 1,5 м-ге дейін, ал суару жүйесі, гербецидтер зерттелетін тәжірибелерде 2-3 м және одан да кең (жалпақ) болуы мүмкін.

Соңғы қорғаныс жолақтары – мөлдектердің есептеу алаңдарын кездейсоқ зақымданудан қорғауға мүмкіндік береді, олардың ені 2 м-ден кем болмауы тиіс.

Бұрылыс жолақтары (қорғаныс жолақтары) мөлдектердің екі жағынан бөлінуі тиіс, олардың ені кем дегенде 10-15 м болуы тиіс, бұндай жолақтар дақылдарды себу кезінде техниканың бұрылуына және т.б. механикалық жұмыстарды жасауға мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары

  1. Тәжірибенің дәлдігін арттыратын қандай негізгі әдістер бар?

  2. Алынған мәліметтердің дұрыстығына әсер ететін, танаптық тәжірибені жоспарлау және жүргізу кезеңдерінің элементтері қандай?

  3. Танаптық тәжірибеге тән «әдіс» және «әдістеме» түсініктерінің анықтамасын беріңіз.

  4. Танаптық тәжірибедегі тәжірибелік мөлдек деген не?

  5. Танаптық тәжірибедегі қайталым және қайталану деген не?

  6. Мөлдектердің ауданы деген не және оның тәжірибенің дәлдігіне әсері қандай?

  7. Зерттеліп отырған шараларға байланысты мөлдектердің орташа мөлшерінің мәні қандай?

  8. Қорғаныс жолақтарын – бүйірлік, соңғы (аяқтық) және бұрылыс жолақтарын бөлудің мәні неде және олардың зерттеліп отырған шараларға байланысты ұсынылған ені?



Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет