Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері / Пәннің оқу-әдістемелік


Дәріс № 3. Тақырыбы: «Танаптық тәжірибеге қойылатын негізгі талаптар және мақсаттары»



бет6/17
Дата02.07.2017
өлшемі3.07 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Дәріс № 3.

Тақырыбы: «Танаптық тәжірибеге қойылатын негізгі талаптар және мақсаттары»

1.Танаптық тәжірибелердің жіктелуі

2.Танаптық тәжірибелерге қойылатын талаптар
1.Танаптық тәжірибелердің жіктелуі

Алдында анықталғандай танаптық тәжірибе негізгі әдіс болып есептеледі, оның негізгі мақсаты болып ауылшаруашылығы өндірісі және агрономиядан пайда болған келесі мақсаттарды шешу – өсіру технологиясы элементтерін оқу негізінде өнімділік деңгейін арттыру және алынған өнімнің сапасын арттыру және белгілі бір топырақ климат аймақтарына арналған агротехникалық шараларды қолдануға ұсыныс жасау, сонымен қатар өндіріске пайдалану үшін жіберілетін дақылдың сорттарын сынау.

Танаптық тәжірибе өсімдік тіршілігі факторларының өнімділікке және алынатын өнімнің сапасына сандық әсер етуі туралы толық анықтама беру қажет, оның мақсаты келесідей:

а) реттелемейтін сыртқы орта факторларының әсерін есепке алу;

б) зерттелетін агротехникалық шараның, сонымен қатар реттелетін факторлардың әсерін оқу;

в) зерттелетін фактордың әсерінен болатын өсімдіктің өсу және даму құбылысына бақылау жүргізу;

г) өнімділікті есепке алу және оның сапасына баға беру.

Т.Г.Найдин (1968) су, қоректік, температуралық режимдерді, топырақ құрылғысын, өсімдіктердің ауыруы және зиянкестерін және т.б. анықтау үшін егістікте жүргізілген тәжірибелерде егер өнімділік анцықталмаса оны танаптық тәжірибе деп айтуға болмайды деп жазған.

Сондықтан, танаптық тәжірибе мақсатына табиғи жағдайда (егістік) міндетті түрде сандық бағалау әдістемесін қолдану қажет, басқа және сол дақылдың, сорттың өнімділігіне шараның немесе шаралар қосындысының әсері.

Бағалау белгілі бір егістік көлеміне қосымша өнімнің болуымен есептеледі (салмағы немесе сапасының артуы). Агротехникалық шараның сандық бағалауын, зерттелетін агротехникалық шараның тиімділігі деп атайды, одан басқа, танаптық тәжірибелер қорытындысынан тәжірибені экономикалық тиімділігі бағалауды талап етеді.



Танаптық тәжірибелер кейбір көрсеткіштеріне байланысты: зерттеуде шешілетін зерттеу мақсатына, қарастырылатын сұрақтар санына, орнына және ұзақтығына байланысты бірнеше топқа бөлінеді: стационарлы (тұрақты), көпжылдық және уақытша, олар арнайы бөлінген жерде немесе өндірістік жағдайда жүргізіледі, мақсатына агротехникалық шараларды зерттеу, сорт сынау, немесе сол және басқа агротехникалық шаралар аясында зерттеулердің арақатынасы және сорттарға баға беру, бұл кездердеде міндетті түрде экономикалық тиімділігіне баға беру қажет.

Сонымен басқа танаптық тәжірибелер екі топқа бөлінеді: негізгі (бағдарламаланған)және барлаушы (рекогносировкалы, уақытша).



Негізгі тәжірибелер– стационарлы, тұрақты жер учаскесінде және бірнеше жыл жүргізіледі, барлаушы уақытша жер учаскесінде салынады, бірақта арнайы бөлінген жер учаскесінде жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы дақылдарына сорт сынау жұмыстары сорт сынау жер учаскесінде жүргізіледі, олар әр түрлі топырақ климат аймақтарында орналасады, сорт сынап сол және басқа аймаққа, ауданға стандартпен салыстырғанда келешегін анықтайды, бұл кезде зерттеулер жеке тәжірибелерде де, сонымен қатар әр түрлі агротехникалық аяларда жүргізіледі (алғы дақыл, топырақты өңдеу әдісі, тыңайтқыш және т.б.).



Танаптық тәжірибелер қойылған міндетіне, факторлардың санына, дақылдарға және т.б байланысты келесі түрлерге бөлінеді: бір факторлы және көп факторлы, бірлік және жаппай (географиялық), қысқа мерзімді, көпжылдық және ұзақ жылдық, арнайы тәжірибе танаптарында және өндірістік жағдайда салынады.

Бір факторлы тәжірибеде (қарапайым) қандайда бір фактордың әсері зерттеледі. Міндеті: фактордың өнімділікке әсері зерттеледі. Мысалға: Себу мерзімі, себу мөлшері, топырақ өңдеу әдісі, сорттар және т.б.

Көп факторлы (күрделі) тәжірибеде екі немесе одан да көп факторлардың әсері зерттеледі. Міндеті: әр түрлі фактор-лардың өзара әрекетін зерттеу (оң және теріс әсері), қосымаша өнім алу немесе оның төмендеуі. Мысалға, дақылдар тұқымының себу мерзімі және мөлшерінің өнімділікке әсері, екі немесе оданда көп алғы дақылдарындағы әр түрлі топырақ өңдеу әдісінің әр түрлі алғы дақылда себу мерзімінің, әр түрлі себу мерзімінде бірнеше сорттардың, тыңайтқыштар түрінің бірнеше дақылдар немесе сорттар өнімділігіне әсері.

Бірлік тәжірибе әр түрлі пунктарда салынады және бір біріне тәуелді емес сызба нұсқамен, белгілі бір жағдайларда агротехникалық шараны зерттеу, бірақта басқа тәжірибелемен салыстыруға болмайды . Бұндай тәжірибелерді зерттеу мекемелерінде және ауылшаруашылығы оқу орындарында жүргізеді.

Жаппай (географиялық) тәжірибелерде мемлекеттік, облыстық, аудандық көлемде әр түрлі топырқ климат аймақтарда мазмұны және уақыты бір әдістемемен келісе отырып салынады. Жаппай тәжірибеге мысал ретінде ауылшаруашылық дақылдарын сорт сынауының мемлекеттік жүйесін, немесе тыңайтқыштармен өткен жүзжылдықтың 50-80-ші жылдарындағы КСРО АШМ және Ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының тапсырысымен Совет Одағы территориясында жүргізілген георграфиялық тәжірибелер. Географиялық тәжірибелердің мақсаты – агрошараларды жалпы мемлекеттік жоспарларды негіздеу (тыңайтқыштарды, жаңа сорттардың тұқымын, ауылшаруашылығы машиналарын өндіру және бөлу).

Минералдық тыңайтқыштармен географиялық тәжірибелер жүйесі жұмыстарын орындауға 200 аса ірі ҒЗИ қатыстырылды (салалы және аймақты институттар, облыстық тәжірибе станциялары және 50 жуық ауылшаруашылығы жоғары оқу орындары (П.Г.Найдин, 1968 ж.). Жүйенің негізгі мақсаты бірдей әдістемелік жетекшілікте танаптық тәжірибе және зертханалық зерттеулер жүргізу және бұрынғы КСРО территориясына тыңайтқыштарды орналастыруды, маңызды ауылшаруашылығы дақылдарына тыңайтқыш мөлшерін аудандастыру, олардың оңтайлы себу мөлшері және мерзімін анықтауды, сонымен қатар тыңайтқыштардың түрлерін және формаларын сынауды ғылыми негіздеу. Осы тәжірибелердің қорытындылары тыңайтқыш өндірісін орналстыруда, мемлекеттің әр түрлі топырақ климат аймақтарына тыңайтқыш қолдану тиімділігін ескере отырып өсірілетін дақылдың сортына тыңайтқыштарды жеткізуді жоспарлауда кеңінен қолданды.



Кезеңнің ұзақтығына байланысты танаптық тәжірибелер қысқа мерзімді, көп және ұзақ жылдық болып бөлінеді. .

Қысқа мерзімді тәжірибелер 3 жылдан 10 жыл аралығында жүргізіледі. Бір дақылмен бірдей жағдайда 3-4 жылы немесе стационарлы жер учаскесінде 4-10 жыл қайталап жүргізіледі.

Стационарлық емес тәжірибелер жыл сайын өзгермейтін сызбамен бір дақылмен жана жер учаскесіне салады және 3-4 жыл қайталанады, метеорологиялық жағдайдың зерттелетін қандайда бір зерттелетін агрошараға тиімділіг анықтау үшін осы уақыт жеткілікті деп есептеледі.

Көп жылдық тәжірибелерге бір факторлы немесе көп факторлы тәжірибелер жатқызылады , олар 10-50 жыл жүргізіледі.

Ұзақ мерзімді тәжірибелер, бір немесе көп факторлы тәжірибе, 50 жылдан аса жүргізіледі

Көп және ұзақ жылдық тәжірибелердің мақсаты: жүйелі түрде қолданылатын агротехникалық шаралардың немесе олардың кешендерінің өзара әрекеті және кейінгі әсерінің өнімділікке, өнім сапасына, топырақ құнарлығына, ауыспалы егісіне, дақылға әсерін зерттеу. Бұл тәжірибелер агрофитоценозда және топырақта баяу жүретін биохимиялық және физико-химиялық үрдістерді оқу, қоректік заттар балансын есептеу, қоректік элементтердің жоғалуын есепке алу, қоршаған ортаның залалдануының мүмкін көлемін, әр түрлі дақылдары бар егістік ауыспалы егістердің жүйесінде (астықты-сүрі танапты, отамалы, шөпті ауыспалы егістер және т.б.) топырақ құнарлығының артуы немесе төмендеуін оқу кезінде қажет.

Барлық дамыған мемлекеттерде көп және ұзақ жылдық танаптық тәжірибелер агрономиядағы фундаменталды мәселелерді шешуде қолданылады- егіншілік, өсімдік шаруашылығы, топырақтану, мал азығын өндіру, агрохимия және ғылымның басқада салалары. Мысал ретінде 100 жыл бұрын (1912 жылы) Петровский (қазір Темирязовский) академиясында салынған көп факторлы тәжірибе, тыңайтқыштар аясындағы толық сызба нұсқада (О, N, Р, К, NР, NК, РК, NPK, көң, көң+ NРК), ауыспалы егістің, ауысымсыз дақылдың, «мәңгі сүрі танабының», жиі әктеудің топырақ құнарлығына әсерін анықтау бойынша. Бір зерттеу зерттелетін факторлар санына, көлеміне және жүргізілетін зерттеудің тереңдігіне, агрономиялық маңызына және көрсеткіштеріне байланысты бұл зерттеу Ресейде ғана емес бүкіл әлемде теңдесі жоқ тәжірибе болып саналады.

Алыс шет елдерде жүргізіліп жатқан ұзақ мерзімді стационарлы тәжірибе ретінде Англияда Ротамстед тәжірибе станциясында тыңайтқыштарды, бидайды, арпаны ауысымсыз сепкенде және көпжылдық шөптерге енгізуді 1843 жылдан 1855 жылдары зерттегенде, Францияда (Гриньон) 1875 жылдан күздік бидай-қанттық қызылша ауыспалы егісінде тыңайтқыш қолдану, АҚШ (Иллинойский университет) 1876 жылдан жүгеріні ауысымсыз сепкенде және 2-3 танапты ауыспалы егісте өсіруде, германияда (Галь) 1878 жылдан қара бидайды ауысымсыз себу, Данияда, Германияда, Голландияда 100 жылдан аса көң және NРК тыңайтқыштарының тиімділігін зерттеу бойынша, Жапонияда 70 жылдан аса NРК, сұйық көңді және жасыл тыңайтқыштарды қолданғанда күріштің өнімділігіне әсерін зерттеу бойынша тәжірибелерді айтуға болады.

Тәжірибенің жеке дәрежесіне көп жылдық дақылдармен жүргізілетін зерттеулерді жатқызу керек, олардың өздерінің ерекшелігі бар, себебі тәжірибеде, мысалғы көп жылдық шөптермен уақытымен қайталанып 3-4 жылдан аса жүргізу қажет, соның нәтижесінде тәжірибедегі жер учаскесінің және зерттеудің көлемі 3-4 есеге артады. Көп жылдық шөптерге еркек шөп, қылтықсыз арпабас, жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқаны және т.б. дақылдарды жатқызады, бірінші жылы олар өсіп өнеді бірақ Солтүстік Қазақстан жағдайында өнім бермейді, олар биологиялық және өнімділігі бойынша тіршілік ұзақтығы әр түрлі, сондықтанда бірнеше жыл бойы онда өтетін үрдістерді бақылап отыру қажет (көбінесе 8-10 жыл қажет). Сонымен қатар көп жылдық астық және бұршақ тұқымдас шөптердің тіршілік ұзақтығына байланысты топыраққа қалдыратын тамырларды көлемін анықтау және олардың топырақ құнарлығын арттырудағы әсерін анықтау.



Өндірістік тәжірибе танаптық тәжірибелердің ішінде негізгі орынды алады, оның негізгі мақсаты ғылыми негізделген кешенді зерттеулер жүргізу, ол нақты шаруашылықтарда және нақты бір мақсатқа жауап беретін және өндірістің әрі қарай дамуына қажетті материалдық жағдайларды қарастырады, оның негізгі мақсаты барлық танаптық тәжірибелерден жоғары.

Б.А.Доспеховтің (1985) пікірі бойынша өндірістік тәжірибенің басты мақсатына агрономиялық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жүйесіндегі агротехникалық және экномикалық тиімділігін оқу, ол сол жүйедегі жеке шаралар немесе элементтерді зерттеу емес, сондықтанда эксперимент жүргізу үлкен өндірістік өлшемдерде жүргізіледі – бригада, шаруашылық, шаруашылық топтары.

Б.А.Доспехов өндірістік жағдайда технологияның жеке элементтерін, жаңа сорттарды немесе ауылшаруашылығы машиналарын әртүрлі сынауда жүргізілетін танаптық тәжірибелерді өндірістік тәжірибелер деп айтуға болмайды дейді.
2 Танаптық тәжірибелерге қойылатын талаптар

Танаптық тәжірибе басқада зерттеу әдістемесі сияқты зерттеу нәтижелерінен нақты және шын мәліметтер алуды қамтамасыз ету қажет, ол тәжірибеде салу және жүргізу әдістемесі талаптарын орындағанда, біртектілікті сақтағанда, дәлдік және бірлік айырмашылығында сақтағанда ғана іске асырылады.



Тәжірибенің дәлдігі (немесе танаптық тәжірибенің қателігі) – статистикалық көрсеткіш, тәжірибелік көрсеткіштердің сандық өзгергіштері, ол тәжірибе жадығаттарының әртектілігімен ерекшелінеді (тәжірибелік өсімдік, топырақ жағдайлары, техникалық қателіктер (эксперимент жасаушының қателігі).

Танаптық тәжірибенің дәлдігін арттыру тәжірибе жер учаскесін дұрыс таңдауға және дайындауға, мөлдектердің формасын және аумағын дұрыс таңдау, сонымен қатар тәжірибе варианттарының қайталымын, тәжірибе мөлдектерін және қайталымдарды дұрыс орналастыруға, өнімділік деңгейін анықтайтын нақты әдістемені таңдауға байланысты. Тәжірибенің дәлдігі басқа сөзбен айтқанда – алынған мәліметтердің зерттелетін нақты фактордың әрекетіне сәйкестігі.



Танаптық тәжірибенің қателігі жұмысты жүргізу техникасының және жүргізілетін жұмыстар жүйесінің қателігі, танаптық тәжірибе жер учаскесінің топыраққа құнарлығының әртектілігі, машиналардың және қондырғылардың ақауы, жұмыс жасайтын адамдардың нашар біліктілігі және т.б.. Осы қателіктердің барлығы тәжірибеде алынған мәліметтерге әсерін тигізеді.

Қателкітер қарапайым екіге бөлінеді біржақты (тұрақты) және екі жақты (кездейсоқ).



Тұрақты (біржақты) қателік машинаның, құралдың, қондырғылардың құрылысынан және нашар реттелуінен, олар алынған мәліметтердің жоғары немесе төмен қарай өзгеруіне әсер етеді , сондықтан тәжірибеде жақсы реттелген , сенімді, бұзылмаған машиналармен қондырғыларды пайдалану қажет. Көптеген жүйелі бір жақты қателіктерді азайтуға немесе жоюға мүмкіндік бар.

1. Өнімділік деңгейін үлгілік бау, үлгілік белгіленген аумақ, метр өлшегіш әдісімен есептеу тіклей есептеу әдісімен салыстырғанда үлкен қателіктерге алып келеді, әсіресе бұл әдістемені пайдалана алмайтын зерттеушілер жүргізссе.

2. Қондырғылардың қате жұмыс жасауы, машиналар, дұрыс орнатылмаған таразылар, себу мөлшері дұрыс қойылмаған сепкіштер және т.б., өсімдіктің өсу динамикасын, жапырақ бетінің ауданын анықтаған кезде объектіні субъективті түрде таңдау.

3. Біржақты қателіктерге дұрыс қарамау «қателігін»-де жатқызуға болады, ол зерттеушіде алдын ала жоспарланған оң және теріс мәлімтетерді алуға үміттенгенде (ол әсіресе жас зерттеушілерде кездеседі) бөледі. Ондай қателіктер алынған мәліметтердің орнынан жалған мәліметтер беруге алып келеді, оның өзін қылмыс деп санауға болады. Ондай зерттеушілерде арылуға және ғылыми жұмыстармен араласуға жібермеуге тура келеді.



Екіжақты (кездейсоқ) ол барлық зерттеулерде болады, әсіресе егістік тәжірибелерде, құнарлығы бойынша жер учаскесінің әртүрлілігі, ылғалдылығы, адам организмінің жетімсіздігі (түске реакциясы), аппаратураның жеткіліксіз деңгейдегі сезімталдығы және тағы басқалары. Екі жақты қателіктерді белгілі бір дәрежеде азайтуға болады, вариациялық статистика әдісін қолдану арқылы. Кездесетін барлық қателіктердің ішінде жер учаскесінің топырақ құнарлығының әр түрлі болуы, сондықтан бұл қателікке аса зор мән аудару керек, тәжірибенің жер учаскесін таңдаған және дайындаған кезде.

Тәжірибенің дәлдігіне әсер ететін басқа факторларды келесі дәрістерде қарастырамыз, ал қазір тәжірибенің бір тектігі және бір айырмашылық үрдісі деген түсініктерді қарастырамыз, ол зерттеудің сапасына әсер етеді.



Тәжірибенің типтілігі деп аймақтың, ауданның, аумақтың топырақ климат және өндірістік-агротехникалық жағдайында жүргізіледі, зерттелетін агротехникалық шаралар және сорттар сол аймақта қолданады. Климаттық, метеорологиялық жағдайлар Республиканың әр аймағында әр түрлі болады, сондықтан осы көрсеткіштер бойынша бір текті болады, егер зерттеу аймаққа тән жағдайда және аймаққа тән топырақ жағдайында жүргізілсе. Тәжірибеде типтік агротехника қолданылуы қажет, ол сол аймақтың ғылыми зерттеу мекемелерімен ұсынылған, осы топырақ климат жағдайына сай, өсіру технологиясы – алғы, прогрессивті болуы қажет.

Республиканың аймақтарында өздерінің жұмыс мезгілдерін өтеп біткен және моральды ескірген машиналар және қондырғылар қолдануда, сонымен қатар жаңадан әкелінген импортты машиналар және кешендерде қолданылады, сондықтанда дақылдарды өсірген кездеде қарапайым технологиядан бастап заманауи технологияларға дейін қолданылады, сондықтан тәжірибедегі технология типтік болады, егер агротехника ауылшаруашылығы өндірісінің алдыңғы қатарын ескере отырып ауылшаруашылығы ғылымымен ұсынылса.

Танаптық тәжірибелерді жүргізу кезінде топырақ өңдеу, алғы дақыл, себуге жіберілген сорттар, себу мерзімі себу мөлшері, тыңайтқыш қолдану, егістікті күтіп баптау және басқада технология элементтерінің агротехникасы аймаққа тән болуы тиіс, ол соңынан тәжірибенің өндірістік –шаруашылық типтілігіне әкеледі.

Тәжірибенің типтілігін қолданылатын топырақ өңдейтін, себетін, күтіп баптайтын, жинайтын машиналар және құралдар анықтайтынында естен шығармау керек. Себебі өндірістік жағдайда мөлдектердің аумағы 100-200 м2 артық болуы керек, ал аумағы оданда төмен тәжірибелерде себу, күтіп-баптау, жинау жұмыстарын қолымен «кіші механизацияны» ( кетпен, күрек т.б.) пайдалана отырып жүргізуге тура келеді, сондықтан бұл тәжірибелердің типтілігіне күмән келтіруге болады. Тәжірибенің типтілігін кейбір ұйымдастыру және техникалық жағдайларды, еңбек шығыны және тәжірибеде зерттелетін шараның экономикалық тиімділігін ескеруде сақтау мүмкін болмайды.



Жалғыз айырмашылықтың қағидасы немесе тепе-теңдік қағидасы, ол тәжірибені бірдей агротехникалық аяда жүргізуді қарастырады. Бұл қағиданың мәні танаптық тәжірибені жүргізу кезеңінде зерттелетін факторлар ғана әртүрлі болуы мүмкін ал зерттелмейтін жалпы шаруашылық агротехникалық аялар барлық танаптық тәжірибеде бірдей болуы керек. Мысалға технологияның кейбір элементтерін зерттеген кезде: себу мерзімі, себу мөлшері, сорттары, тыңайтқыш, топырақты өңдеу әдісі, егістікті күтіп баптау – осы элементтердің әр қайсысы зерттелетін фактор, ал зерттелмейтін өндірістік-агротехникалық ая барлық тәжірибе жер учаскесінде бірдей болуы қажет.

Алайда зерттелмейтін факторларды барлық варианттарда деңгейлестіру әр кезде дәлелденбейді, сол себептен зерттелетін және зерттелмейтін жағдайлармен, шараларды дұрыс бөлу қажет. Мысалға, себу мерзімін зерттеген кезде қатар аралықтарын қолымен өңдеген кезде алынған мәліметтер қате болады, қатар аралықтарындағы арамшөптер себілген дақылдың себу мерзімімен бірге зерттелетін факторға кіру қажет, алайда зерттеуші танапты арамшөптерден таза ұстау үшін қолымен қатар аралықтарын өңдеуге кіріседі, ол «тәжірибенің тазалығын» бұзады.

Басқа сөзбен айтқанда тәжірибені салғанда және жүргізгенде типтілік және дәлділік, қолдануға ұсынылған шаралар қаншалықты өндірісте қолдануға болатынына байланысты, әсіресе танаптарды қолымен өңдеу немесе әртүрлі мерзімде пісетін сортарды бір мезгілде жинау және т.б., жалғыз айырмашылық қағидасын ұстана отырып оларды сандыраққа дейін апаруға болмайды, қате алынған мәліметтерді өндіріске ұсыну арқылы

Сорттарды сынау кезіндегі жинау жұмыстары зерттелетін кешенге кіреді, ол қосымша зерттеуге кірмейді, себебі жинау мерзімі әрбір сорттың вегетациялық кезеңіне байланысты.
Бақылау сұрақтары


  1. Танаптық тәжірибелерді жүргізгенде қандай негізгі сұрақтар шешімін табуы тиіс?

  2. Танаптық тәжірибелердің қандай түрлері бар және олардың сипаттамасы ?

  3. Сорт сынау бойынша және агротехникалық тәжірибелерді салғанда қандай негізгі мәселелер шешілуге тиіс?

  4. Географиялық, бір факторлы және көп факторлы тәжірибелердің алдына қандай негізгі мәселелер қойылады?

  5. Жүргізу ұзақтығына қарай танаптық тәжірибелердің қандай түрлері бар?

  6. Көпжылдық және ұзақ мерзімде жүргізілетін танаптық тәжірибелердің мәні неде? Әлемдік ауыл шаруашылық ғылымында аталған тәжірибелер бойынша қандай негізгі мәселелер зерттелетініне мысал келтіру?

  7. Көпжылдық шөптер үшін арнайы мәселелерді шешуге байланысты салынатын және жүргізілетін тәжірибелердің ерекшеліктері қандай?

  8. Өндірістік тәжірибелердің рөлі, бұл тәжірибелерді салу және жүргізу әдістемесі қандай?

  9. Танаптық тәжірибенің алдына қойылатын негізгі талаптар қандай?

  10. Тәжірибенің «нақтылығы» және «қателігі» түсініктеріне негіздеме беру.

  11. Танаптық тәжірибелерде қателіктердің жіберілуінің, тәжірибенің нақтылығының төмендеуінің және дұрыс нәтижелерге қол жеткізудің негізгі себептері қандай?

  12. Танаптық тәжірибе жүргізу кезінде жіберілетін негізгі қателіктердің түрлері және тәжірибенің нақтылық дәрежесін көтеруге мүмкіндік беретін қандай шаралар бар?

  13. «Типтілік» түсінігіне негіздеме беру және бұл көрсеткіштің тәжірибеде дұрыс нәтижелер алуға беретін мүмкіндігі?

  14. «Жеке айырмашылық ұстанымы» түсінігі және танаптық тәжірибе салу кезінде бұл ұстанымды ұстанудың мәні неде?


Дәріс № 4.

Тақырыбы: «Егіс экспериментін жоспарлау»

1. Экспериментті жоспарлау

2.Танаптық тәжірибе бағдарламасын және сызба нұсқасын жасаудың негізгі ұстанымдары
1. Экспериментті жоспарлау

Ауылшаруашылық танаптық тәжірибелер қоршаған ортаның әртекті және бақыланбайтын факторларының әсері бар жағдайларда жүргізіледі, олар өсімдіктің өсуіне және дамуына әсер етеді, жыл бойы және жылдар ішінде метеорологиялық жағдайдың жиі өзгеруі, тәжірибе жүргізілетін учаскенің топырақ құнарлығының әртектілігі, ол нақты және жақсы нәтижелер алуға өзінің кедергісін тигізеді. Танаптық тәжірибелер жылдың жылы кезеңінде ғана жүргізіледі (4-5 ай ішінде), осы маусымдықтың негізінде ақпаратты танаптық тәжірибе әдістемесімен тездету мүмкін емес, зертханалық, инженерлік, химико-технологиялық, вегетациялық және басақада зерттеу типтерінен айырмашылығы осында. Жоғарыда айтылғандардың бәрі танаптық тәжірибенің барлық этаптарында талаптарды қатаң сақтау қажет, сақтамаған кезде тәжірибе есептен шығарылуы тиіс, ол дегеніміз бір жылдың зерттеуші үшін жоғалғаны.

Тәжірибелік жұмысты жүргізгенде негізгі этаптарды бөліп алған дұрыс:


  1. Тәжірибені жоспарлау;

  2. Тәжірибенің сызба нұсқасын, бақылау және есепке алуды жасау;

  3. Танаптық тәжірибе салу әдістемесін жасау;

  4. Танаптық тәжірибені жүргізу;

  5. Алынған мәліметтерді өңдеу және талдау;

Жұмысты жоспарлаған кезде, мәселеге байланысты, зерттеудің мақсаты және міндетіне байланысты тәжірибенің сызба нұсқасын және бағдарламасын жасау.

Мәселе (міндет) – өндірістің және ғылымның сұранысынан шығатын және шешілуге тиіс теориялық және практикалық сұрақ. Мысалға, «ҚР сауда тәуелсіздігімен қамтамасыз ету мәселесі» ол бірнеше тақырыптарды зерттеу негізінде шешілуі тиіс, оның ішінде, мал қорада тұратын және жайылым кезінде малдарды құнды мал азығымен қамтамасыз ету, дақылдар, сорттарды таңдау, оларды өсірудің тиімді технологияларын жасау және т.б. Осыған байланысты тәжірибенің тақырыбы туындайды, ол осы мәселені шешу үшін зерттеу жүргізер алдындағы мақсаты немесе міндетін анықтайды.

Тәжірибені жоспарлау міндетті дұрыс қоюдан басталуы қажет, онда алдына қойылған мақсаттар шешілуі тиіс, себебі көп қателіктер және нәтижеге жетпеу тәжірибені салу және жүргізу әдістемесінен ауытқудан болады, сонымен қатар тәжірибенің мақсатын дұрыс қоя білмеуден де болады, сол себептен тәжірибе сызба нұсқасын және қосымша бақылауды дұрыс негіздей білу қажет. Көптеген мысалдар көрсеткендей зерттеушіге бұл жіберген қателіктер тек қана 3-4 жыл өткеннен кейін ғана біліне бастайды, бұл кезде қателікті дұрыстау мүмкін болмайды.

Көп жағдайда зерттеуші тәжірибе мақсатын жалпы және түсініксіз жазады, ол бір тәжірибе көлемінде орындалуы да мүмкін емес болатын жағдайлар болады. Мысалға «Жоғары өнім алу технологияларын жасау» немесе «Ауыспалы егісте жаздық бидайға тыңайтқыш енгізу жүйесі» және т.б., ол тәжірибенің мақсаты емес, ол ғылыми жұмыстың бір жеке үлкен бөлімі, ол үшін жеке көптеген танаптық зерттеулер жүргізілу қажет.

Осындай мәтіндегі жалпы мақсаты және міндеті ҒЗИ, университеттердің, бөлімдердің, зертханалардың, ауылшаруашылық, агрономиялық бағыттағы кафедралардың жұмыс бағдарламаларында болуы мүмкін, ал нақты мақсаты және міндетін жеке зерттеушілер құрастыруы мүмкін.

Тәжірибенің мақсаты және міндеті бір жеке тәжірибеде шеше алатын мүмкіндік болатындай жасалуы қажет. Дақылды өсіру технологиясының әр қайсысысында кемінде 12-15 элементтен тұрады (сорт, алғы дақыл, топырақты негізгі өңдеу әдісі, себу жадығаттарын дайындау, себу мерзімі, себу мөлшері, себу әдісі, тыңайтқыш енгізу мөлшері, мерзімі әдісі, егістікті күтіп баптау, егістікті ауырулардан және зиянкестерден қорғау, егінді жинау әдісі және мерзімі және тағыда басқа сұрақтар), сондықтан бір танаптық тәжірибеге технологияның бір немесе екі-үш элементтерін енгізу қажет. Мысалға, «Еркекшөп пішені өнімділігіне және өсіп дамуына себу мерзімінің әсері», «Еркекшөп тұқымы өнімділігіне себу мөлшері және әдісінің әсері», «Асбұршақ сорттарына өнімділігі бойынша салыстырмалы баға беру» және т.б. жоғарыда айтылған технология элементтері.

Танаптық тәжірибенің маңыздылығы және нәтижелілігі дақылды және сортты дұрыс таңдауға байланысты, олар келешегі бар және жоғары өнімді болуы керек және олардың аймақтық жағдайда практикалық мәні болу керек. Тәжірибе өсімдігін зерттеу объектісін дұрыс таңдаудан көп жағдайда тәжірибе қорытындысына әсерін тигізеді, себебі әрбір дақылдың зерттеу шарасына әр деңгейде әсер етеді – біреуі жоғары біреуі төмен болады, сол себепті, бір дақылдан алынған қорытындылары, заңдылығын екінші дақылға ауыстыруға болмайды, әсіресе өсімдіктің жылуға талабы әр түрлі болған жағдайда (суыққа төзімділігі және жылу сүйгіштігі, сондықтан себу мерзімі әртүрлі, ылғалға талабыда әртүрлі, қоректік заттарға талабыда басқа және т.б.). Сол себепті, зерттеу объектісін таңдаған кезде (зерттеу өсімдігі) келесі қағидаларды ұстану қажет: дақылдың шаруашылық маңызы және болашағы, зерттелетін шараны, зерттеу объектісі егістігінде кеңінен қолдану мүмкіншілігі, сонымен қатар өсімдіктің тәжірибедегі агртехникалық шараларға сезімталдығы.

Осы сұрақтардың барлығы әдебиет көздерінен терең оқылып зерттелуі тиіс: монография, ғылыми-өндірістік журналдарда басылған мақалалар, статистикалық жадығаттар және т.б. Тәжірибенің нақты мақсаты анықталғаннан кейін, дақыл, сорт таңдалғаннан соң, қандай варианттар зерттелетіні және олардың тәжірибеде қанша болу қажеттігі анықталады.

Тәжірибе варианты өсімдікті өсіру шараларының белгілі бір жиынтығы (технология элементі, сорт), бір тәжірибе мөлдегінде немесе тәжірибенің бірнеше қайталым мөлдектерінде жүргізіледі. Тәжірибе мөлдегі- тәжірибенің қарапайым бөлігі, тәжірибе вариантына сәйкес өсімдіктерді өсіру шараларын оқу жүргізіледі .Тәжірибеде зерттелетін агротехникалық шараның тиімділігін немесе сортты бағалау алдында қолданып жүрген басқа шарамен немесе сортпен салыстырылады, олар бақылау немесе стандарт болып табылады.



Сорт сынауда барлық сыналатын сорттар стандартпен (St) салыстырылады (бақылау ретінде аймақта өсірілуге жіберілген ең жақсы сорт алынады). Агротехникалық тәжірибелерде бақылау ретінде сол ауданға ұсынылған агротехникалық шараларды немесе әдебиет көздерінен алған жұмыс шараларын бақылау ретінде алады.

Бағдарламаны және тәжірибе сызбасын дайындамас бұрын зерттелетін мәселе туралы бұрын зерттелген жұмыстар туралы жазылған әдебиет көздерін оқу қажет. Алайда сол немесе басқа зерттеуді жүргізу кезінде жаңа шараларды қолданып оны тереңдететін болса онда ол ғылым мен практикаға зор үлесін тигізеді.


2.Танаптық тәжірибе бағдарламасын және сызба нұсқасын жасаудың негізгі ұстанымдары

Тәжірибе сызбасы – ол тәжірибеге кіретін және бір-бірімен салыстыруға болатын барлық варианттар жиынтығы, бұл дегеніміз бір шаралар зерттелу үшін, ал енді бір шаралар олармен салыстыру үшін- бақылау немесе стандарт варианты.



Жалғыз айырмашылықтың қағидасы - дұрыс жасалынған тәжірибе сызбанұсқасы әрбір вариантты басқалармен салыстыруға мүмкіндік жасауы тиіс. Әдістемелік дұрыс қойылған тәжірибенің басты көрінісі тәжірибе сызбасындағы бақылау вариантын таңдау, сонымен қатар тәжірибе салатын жердің ( алғы дақыл, топырақ өңдеу, тыңайтқыш) фоны (аясы). Танаптық тәжірибені ешбір қателіксіз жүргізу барлық әдістемелік талаптарға сай жасалынған тәжірибе сызбасын жасауға байланысты, сондықтан жауапты міндеті болып саналады, ал зерттеу қорытындылары қойылған міндетті шешуге бағытталуы тиіс.

Алдынғы дәрістерде тәжірибенің біртектілігіне көңіл аударылған болатын, алайда алынған ұсыныстардың бірнеше жыл қолданылатынын ескере отырып, сол тәжірибе салынған жылғы біртектілікті ғана емес, сонымен қатар жақын жылдары болатын жағдайлардыда ескеру қажет, болашаққа жұмыс жасау қажет (а.ш.техникалары, тыңайтқыш, агротехникалық ая). Қысқа мерзімді тәжірибелерде өндірістің күнделікті мәселелері шешіледі, ол жағдайда қазіргі заманғы өндіріске сай келетін агротехникалық аялар және т.б сұрақтарға бағдар жасауға болады.



Кешенді (көп факторлы) тәжірибелердің сызбасы тәжірибеде зерттелетін әрбір фактордың әсерін зерттеуге мүмкіндік беретіндей салынды қажет . А.В. Соколованың (1984) айтуы бойынша «Нақты тәжірибе сызбасы әртүрлі талаптар және мүмкіндіктердің талдауы. Мүмкіндіктердің барлығы талаптарды қанағаттандырмауы мүмкін, соның нәтижесінде тәжірибе варианттарын қысқартуға тура келеді, тәжірибенің неге құнсыздануының қорытындыларын түсіну үшін, тәжірибелік істе аз істеп жақсы көрсеткіш алу, көп істеп нашар көрсеткішке жеткеннен жақсы. Көп қызықты варианттары бар тәжірибе, егерде бақылау варианты болмаса, ол тәжірибе болып саналмайды. Сондықтан вариант санын қысқартқан кезде, егерде бақылау вариантын қысқартатын болсақ, онда бір мезгілде зерттеу нәтижелерінде қысқартау болып саналады».

Тәжірибе бағдарламасын жасаудағы жоғарыда айтылған жадығаттарды келесі сызба түрінде көрсетуге болады:



  1. Зерттеу мәселесі.

  2. Тақырыбы.

  3. Зерттелетін сұрақтың өзектілігі.

  4. Зерттеудің мақсаты және міндеті.

  5. Зерттелетін варианттардың ғылыми жаңалығы және практикалық бағалылығы.

  6. Тәжірибе сызбасы (варианттың мазмұны және тізімі).

  7. Топырақ климат жағдайының жалпы сипаттамасы және тәжірибе жүргізетін жер туралы мағлұмат.

  8. Зерттелетін объектінің жалпы сипаттамасы (дақыл, сорт, шаруашылық маңызы (өсіру мақсаты), морфологиялық және биологиялық ерекшелігі. Өсіру технологиясы).


Бақылау сұрақтары

  1. Танаптық тәжірибе жүргізілетін негізгі жағдайлардың ерекшеліктеріне сипаттама беру (ауа–райы жағдайы, топырақ-климат жағдайлары, қоршаған орта факторларының реттелмейтіндігі және т.б.).

  2. Танаптық тәжірибені жүргізудің негізгі кезеңдері қандай?

  3. Танаптық тәжірибені жасаудағы мәселелердің (тапсырмалар) жағдайы және әдістемесі.

  4. Тәжірибенің мақсаты мен тапсырмасын анықтау әдістемесі қандай?

  5. Тәжірибенің өзектілігі және жаңалығы түсініктерінің астарында не тұр?

  6. Тәжірибе өсімдігін таңдау кезінде қандай негізгі жағдайларға сүйенген жөн (тәжірибе объектісі)?


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет