Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері / Пәннің оқу-әдістемелік



бет5/17
Дата02.07.2017
өлшемі3.07 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Яровизациялау, гүлдеудің стимуляциясы – вегетативті түрде нақтылы кезеңінде төмен температураларымен (2-100С) әсер етуіне өсімдіктің реакциясы. Күздік, кейбір екі жылдық және көпжылдық өсімдіктерге қасиетті.


ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

Дәріс № 1.

Тақырыбы: «Кіріспе. Негізгі түсініктер. Егіс тәжірибесі, оның ерекшеліктері.

Ғылыми агрономия әдістері»
1.Тәжірибе ісінің әдістемесі туралы түсінік

2.Аграрлық ғылымның басты бағыттары, ғылыми зерттеулердің жағдайы және дамыту болашағы. ауылшаруашылығы тәжірибесі ісінің даму тарихы
1.Тәжірибе ісінің әдістемесі туралы түсінік

«Тәжірибе ісінің әдістемесі» оқу пәні ауылшаруашылығы өндірісінде, өсімдік шаруашылығы саласында жоғары білікті мамандар даярлаудағы ең басты жүйе болып саналады, себебі еліміздің сауда тәуелсіздігін қамтамасыз ету, бәсекелестікке түсе алатын өнім өндіру, мал шаруашылығы және өсімдік өнімдерінің тағамдары өндірісінің үлестік салмағын ішкі нарықта жоғарылату және экспортқа шығару үшін ауылшаруашылығы дақылдарын өсірудің қазіргі технологияларын жетілдіруді қажет етеді, сонымен қатар жаңа тиімді әдістерін қолдану, жоғары өнімді жаңа сорттарын шығару, оған тек тәжірибе салу және жүргізу (эксперименталды зерттеу), сонымен бірге тәжірибе кезінде зерттеліп алынған ең жақсы нұсқаларын өндірістік тәжірибеге енгізу арқылы қол жеткізуге болады.



Ауылшаруашылығы өндірісі – ауылшаруашылығы дақылдарын және ауыл шаруашылығы малдарын өсіру арқылы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін (астық, мал азығы, сүт, ет, қайта өңдейтін өндірістерге шикізат дайындау және т.б.) алумен айналысатын басты материалдық өндіріс саласы болып табылады. Ауыл шаруашылығы басқа салаларға қарағанда аумағы үлкен аймақтарда орналасқан, онда өндірістің негізгі көзі – жер, өсімдік, жарық, жылу, су, тірі ағзалар-өсімдіктер және жануарлар, олар реттелмейтін сыртқы орта факторларына байланысты (су, жылу, аязсыз кезең және т.б.) оларды бағдарлай, кәсіби пайдалана білу қажет. Сондықтан ауыл шаруашылығы өте күрделі сала болып саналады да, агроном, зоотехник мамандарынан жоғары деңгейдегі теориялық білімді және тәжірибелікті талап етеді.

Ауыл шаруашылығының негізгі салалары – өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, олардың құрамына ұсақ салалы топтар кіреді: мал азығын өндіру, шалғын шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, тұқым шаруашылығы және т.б.

Кейінгі жылдары кеңінен қолданылып жүрген терминдердің бірі – Агроөндірістік кешен (АӨК), салалар байланысының жиынтығы деген түсінік, ауылшаруашылығы шикізатынан тамақ өнімін өндіруді және басқа заттарды қамтамасыз етуді, сонымен қатар оларды тұтынушыларға өткізуді қарастырады, олар үш сфераға бөлінген:

1) өнеркәсіп саласы, ауылшаруашылығына өндіріс құрылғыларын жеткізу (трактор және ауылшаруашылығы машиналары құрылысы, минералдық тыңайтқыштар, пестицидтер өндіру); 2) ауыл шаруашылығы, барлық меншік түрлерін қоса алғанда: ауылшаруашылығы кәсіпорындары, шаруа (фермерлік) қожалықтары, үй шаруашылығы (жекеменшік үй маңы шаруашылығы) және орман шаруашылығы; 3) ауылшаруашылығы өнімдерін тұтынушыларға дейін жеткізетін сала (дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату).



«Агрономия» сөзі agros егістік және nomos заң деген грек сөзінен шыққан, өсімдіктерді өсіру, топырақтың құнарлылығын және өнімін арттыру, ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану сияқты басқа да сұрақтарды зерттейтін заңдар кешені. Қазіргі кездегі агрономия құрамына бірнеше жеке ғылымдар енген: өсімдік шаруашылығы, мал азығын өндіру, көкөніс шаруашылығы, егіншілік, агрохимия, агрофизика, ауылшаруашылығы фитопатологиясы және энтомологиясы, селекция, тұқым шаруашылығы және т.б., олардың жаратылыстану (биологиялық) және теориялық ғылыми негізі – ботаника, өсімдіктер физиологиясы, генетика, ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін бағдарламалау, биохимия, топырақтану және т.б.

Агроном – грек сөзінен тікелей аударса – егістік заңын сақтайтын және білетін адамды айтады – өсімдік шаруашылығының, мал азығын өндіру, егіншілік және т.б. бағыттардағы жоғары білімді маман, негізінен келесі үрдістерді іске асыру қажет: ауылшаруашылығы өнімін өндіруді ұйымдастыру, аймақтың топырақ-климат жағдайын ескере отырып және дақылды өсірудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жоғары сапалы максималды өнім деңгейін алу (астық, мал азықтық, техникалық және т.б. дақылдар), ауыспалы егіс жасау және егістік құрылымын анықтау, топырақ өңдеу, сыртқы және ішкі нарықта сұранысқа ие ең жоғары өнімді дақылдарды және сорттарды енгізу, дақылдардың оңтайлы себу мерзімі мен мөлшерін қолдану, әрбір танап жағдайына байланысты себу мөлшерін қолдану, тыңайтқыш және өсімдікті қорғау құрылғылары, ғылыми техниканың алдыңғы тәжірибелі жетістіктерін қолдану, егістік және өндірістік тәжірибелер қою арқылы эксперименталды зерттеулер жүргізу, ұсынылған жаңа технологияларды және дақылдарды өсіру әдістерін зерттеу, ауылшаруашылығы жұмыстарының сапасын бақылау және басқа да көптеген мәселелермен айналысады.

Өсімдік шаруашылығы және егістікте мал азығын өндіру ғылыми және оқу пәні ретінде мәдени дақылдарды зерттейді, сонымен қатар еңбек және жоғары сапалы өнімнің бір бөлігіне кететін шығынын азайту арқылы жоғары және тұрақты өнімділікті қамтамасыз ететін, егістік дақылдарды өсірудің прогрессивті әдістерін қолдану жағдайларын қарастырады.

Себебі өсімдік шаруашылығында және егістікте, мал азығын өндіруде зерттеудің негізгі объектісі – өсімдік болып саналады, сондықтан агроном маманының дақылдардың биологиясы және морфологиясы, олардың сыртқы орта факторларына талабы туралы терең білімі болуы керек, аймақтың топырақ климат жағдайын тиімді пайдалану арқылы дақылдарды өсіру технологиясын жасау және қолдану, топырақ құнарлылығын сақтау және көтеру мәселесіне көңіл бөлуі тиіс.

Егістік дақыл өсімдігі аязсыз кезеңде вегетациялық кезеңінен өтіп өнім бере алады, соның салдарынан ең басты ерекшелігі – маусымдылығы. Егістікте өсімдіктің тіршілігі жиі өзгеріп отыратын ортада өтеді, сол себептен басқа салаларға қарағанда адам өзінің саласында өндіріс жағдайының жиі өзгеріп отыратын жағдайына кезігеді.

Өсімдіктің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өсімдіктің өсуі және дамуы үшін ең қолайлы жағдайлар жасалынады. Дақылды өсіру технологиясының барлық элементтерін сақтап қана қоймай, топырақ өңдеу, себу, күтіп-баптау және өнімді жинау жұмыстарын сапалы түрде өткізу қажет, егер де осы жұмыстардың біреуін кешіктіретін болсақ (технология элементтері) өсімдік шаруашылығы өнімінің саны мен сапасы төмендейді, жіберген қателіктер мен кемшіліктер дақылды өсіру барысында күрделі және қиын болады, ал кейбір кезде мүлдем мүмкін емес, сондықтан басқаларға қарағанда қатаң есептеулер және барлық жағдайлардың орындалуы керек, ол өсімдіктердің өнімділігіне әсер етеді.

Өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі, оның басты объектісі – табиғаттың бейорганикалық заттарынан органикалық заттар түзе алатын жасыл өсімдік болып саналады. Жасыл өсімдікті өсіре отырып, адам күн сәулесінің кинетикалық энергиясын өсімдіктің органикалық затындағы потенциалды энергиясына айналдырады, сондықтан өсімдік шаруашылығында жасыл өсімдік топырақпен бірге өндірісте негізгі құрал болып саналады.

Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығы саласы ретінде халықты тамақпен, мал шаруашылығын – жем-шөппен, өндірістің көптеген салаларын – тамақ, жалқы азық, тігін, фармацевтикалық, парфюмерлі және т.б. шикізаттармен қамтамасыз етуге міндетті, мал шаруашылығы ірі, шырынды және концентратты азықтармен толық қамтамасыз етілуі қажет, сонымен қатар мал шаруашылығы өсімдік шаруашылығына органикалық тыңайтқыш – көң, сұйық көң береді, онсыз, әсіресе, құнарлылығы төмен топырақтарда тұрақты және жоғары өнім алу мүмкін емес.

Өсімдік шаруашылығы өндіріс саласы ретінде егістік шаруашылығы, мал азығын өндіру, шалғын шаруашылығы, жеміс-көкөніс шаруашылығы, жүзім шаруашылығы, гүл шаруашылығы, орман шаруашылығын біріктіреді.

2.Аграрлық ғылымның басты бағыттары, ғылыми зерттеулердің жағдайы және дамыту болашағы. ауылшаруашылығы тәжірибесі ісінің даму тарихы

Жоғарыда келтірілген жадығаттарда ауылшаруашылығының және агроөндірістік кешеннің және саланың негізгі мақсаттары анықталды және – агрономия мен өсімдік шаруашылығы келтіріледі. Жалпы осы мақсаттарды қысқаша келесі үлгіде айтуға болады:

1. Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін арттыру (сәйкесінше, малдарға толыққанды азықпен қамтамасыз ету), еліміздің сауда тәуелсіздігін қамтамасыз ету, ол ет, сүт және басқада өнімдер және тамақтардың импортының төмендеуіне әкеледі.

2. Өсімдік шаруашылығы өнімін арттыру мәселесі, оның ішінде мал шаруашылығына арналған азықтар негізгі екі бағытта шешілуі мүмкін:

а) егістік алаңын көбейту және егістікке жаңа жерлерді игеру;

б) қазіргі заманғы технологияларды, жаңа машиналарды және құралдарды қолдана отырып және жоғары өнімді жаңа сорттарды және жаңа дақылдарды интродукциялау арқылы.

3. Ауылшаруашылығы саласында өндірілетін өнім бәсекелестікке түсе алатын, жоғары сапалы және өзіндік құнының төменділігімен ерекшеленуі керек, ал өзіндік құнының төмендеуі астық және мал азықтық дақылдардың жоғары өнімділігі, малдардың салмағының және сүтінің жоғарылығынан, өсімдік шаруашылығының және мал шаруашылығы салаларының еңбек өнімділігінің жоғарылығынан болады.

Егер де сүтпен еттің өзіндік құнының құрылымында 50 % мал азығының құны кіретінін ескеретін болсақ, ең арзан мал азығын өндіру не үшін қажет екені түсінікті болады. Сондықтан бәсекелестікке түсе алатын мал өнімдерін өндіруге (ет, сүт және басқалары) мал азығының өзіндік құнын төмендету арқылы қол жеткізуге болады, ал ол мүмкіндігінше жоғары өнім алғанда ғана болады.

Дақылдардың өнімділігін олардың биологиялық ерекшеліктерін және ғылыми негізделген есепке алу және әр топыраққа климат аймақтарында сыртқы орта факторларын пайдалана отырып көтеруге болады.

Сол себептен агрономия ғылымы қазіргі заманғы ғылымның жетістіктерін ескере отырып және жаңа машиналармен қондырғыларды, тыңайтқыштарды, өсімдіктердің ауырулары және зиянкестерімен күресу құралдарын ескере отырып технологияларды жетілдіретін жаңа ұсыныстар жасау, оған егістік тәжірибелердің әдістемесін қатаң түрде сақтап отырып жүргізген зерттеулердің қорытындысы арқылы жасауға болады.

Бұл жұмысты жүргізу ғылыми зерттеу және оқу институттарына, ауылшаруашылығы тәжірибе станцияларына жүктелген, олар кейінгі 50-60 жылда үлкен ғылыми зерттеулерді жүргізді, көп мөлшерде егістік дақылдардың отандық сорттарын шығарды, оның ішінде далалық аймаққа тән Солтүстік Қазақстанның ғылыми мекемелері, олардың топырақ климат аймағына байланысты ерекшелігі көп болғандықтан.

Бұрынғы Бүкілодақтық астық шаруашылығын ғылыми зерттеу институты (Шортанды ауылы) (Қазіргі А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығын ҒЗИ) өткен жүзжылдықтың 50-80 жылдары көптеген ғалымдар ұжымымен сан жүздеген эксперименттер жүргізді, соның негізінде Солтүстік Қазақстан облыстарының өндірісіне ұсыныстар жасалынып енгізілді, олар осы аймақта бидайдың және басқада дақылдардың жалпы өнімінің артуына үлкен үлесін тигізді.

Осы институтты 1955 жылдан 1985 жылдар аралығында басқарған, мықты ғылыми-өндірістік база жасаған, ғылыми ұжым құрастырған академик А.И.Бараевтың қорытындысы бойынша, Қазақстанның далалық аймағында өндіріске ғалымдардың келесі негізгі жетістіктері енгізілді: (Бараев А.И., 2008).

1. Жаңа топырақ қорғаудың егіншілік жүйесі, ол ең жаңа қазіргі заманғы эрозияға қарсы техникаларды пайдалануға негізделген, оның негізі топырақты аудара жыртатын соқалардан бас тарту, танап бетінде аңыздар және басқада өсімдік қалдықтарын қалдыратын эрозияға қарсы техникалармен айырбастау, олар танапта қар тоқтатуды қамтамасыз етеді.

2. Қар тоқтатын құралдармен қар тоқтату, олар қыста 35-40 см болатын қар қалыңдығын қамтамасыз етеді (осы жағдайда қар еріген жағдайда топырақтың беткі қабаты 100 см дейін ылғалданады).

3. Ғылыми негізделген бес танапты және 20 % сүрі танабы бар дәнді сүрі танапты ауыспалы егістерді игеру және енгізу.

4. Осы ауыспалы егістерде ең жоғары сапалы өнімділігі бар астық дақылдардың сорттарын таңдау және себу, негізінен жергілікті селекциядан.

5. Мал шаруашылығы фермалары және кешендері маңынан ең тиімді мал азықтық ауыспалы егістерді игеру және енгізу, арпа және жүгері себу немесе топыраққа атразин немесе симазин енгізген жағдайда тек қана жүгері себу.

6. Кебір топырақтарда мал азығын өндіру үшін және жайылым ретінде пайдаланумен қатар оларды түбегейлі жақсарту.

7. Жаздық бидайларды гектарына 2,5-3,0 млн. өнгіш тұқым себу мөлшерінде оңтайлы себу мерзімін ғылыми негіздеу (15-25 мамыр), ал жемдік дақылдарды арпаны және сұлыны одан кейін ( мамыр айының соңы-маусымның басы) себу.

8. Қазақстанның карбонатты топырақтарындағы тыңайған жерлерінде астық дақылдар егістігіне 1,0-1,5 ц/га суперфосфат енгізу, олар өнімділікті 3-3,5 ц/га көтерген.


Бақылау сұрақтары

  1. Халық шаруашылығының басты саласы ретінде ауылшаруашылығы өндірісінің сауда тәуелсіздігін және бәсекелестікке түсе алатын өнім өндірудегі басты мақсаттары.

  2. Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешенінің негізгі мақсаттары?

  3. Ауылшаруашылығы өндірісін дамытуда кешенді ғылым ретінде агрономияның ролін негіздеу.

  4. Ауылшаруашылығының негізгі саласы, ғылыми және оқу пәні ретінде өсімдікшаруашылығы және мал азығын өндірудің маңызын негіздеу.

  5. Тәжірибе салу және бақылау жүргізу әдістемесінде және әдістемелерді жасауда агрономия зерттеулерінің, ғылымының даму тарихының маңызы қандай?

  6. Дақылдарды өсірудің жаңа технологияларын жасауда соңғы 50-60 жылда далалы Солтүстік Қазақстан ғылымының негізгі жетістіктері қандай?


Дәріс № 2.

Тақырыбы: «Агрономиядағы зерттеу әдістері»

1.Агрономия зерттеулеріндегі талдау, синтез және гипотеза

2.Агрономиялық тәжірибе туралы жалпы түсінік және негізгі зерттеу әдістері
1 Агрономия зерттеулеріндегі талдау, синтез және гипотеза

Практикалық агрономияның негізгі мақсаттарының бірі өсімдіктің сыртқы орта факторларына (су, жылу, жарық, азық және т.б.) талабын оңтайлы қамтамасыз ету, олар әр дақылда әртүрлі және әрқырлы болады, ал оларды өсіру реттелмейтін далалық жағдайда жүргізуге тура келеді, сондықтан агрономия ғылымының мақсаты зерттелетін құбылыстың (өсімдіктің өмірі факторлары) әр түрлі жақтарын біріктіру, құбылыстың негізін ашу үшін әрекеттілікті және қарым-қатынасты зерттеу.



Агрономия ғылымының негізгі зерттеу объектілерінің көпқырлылығы – өсімдіктің сыртқы ортамен қарым-қатынасы, біріншіден алынатын өнімнің сапасы және санына, адамға азық үшін пайдалану түріне, малға азық, өндіріске шикізат ретінде пайдалануына, экономикалық құндылығына, маңызы және өндірілетін өнімге сұранысына байланысты.

Агрономия ғылымы негізінде анализ (талдау) (грек тілінен. analisus – орналасуы, бөлінуі, бөлу) және синтез (грек тілінен. sintesis – қосу, құрастыру) деген түсініктер жатыр, себебі құбылыстың, фактордың, үрдістің түсінігін қалыптастыру үшін олардың жеке жақтарын ғана қарастырып қоймай сонымен қатар олардың біртектілігін ескеру керек, ол дегеніміз жеке және жеке бөліктерімен қарым-қатынасы.

Талдау жеке факторлардың (топырақ өңдеу әдісі, себу мерзімі және әдісі, себу мөлшері, тыңайтқыш және т.б.) өсімдіктер тіршілігіне және олардың өнімділігіне әсерін зерттеуге мүмкіндік береді. Өсімдіктердің тіршілігіне және өнімділігіне факторлардың жеке әсерін зерттеу, өнімділіктің жоғарлауына әсерін тигізуде өзінің тиімділігін көрсеткен факторды таңдай отырып әрі қарай синтетикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Зерттеудің синтетикалық әдісі мысалы ретінде зерттеу нәтижелерін өндірістік жағдайда тексеру болып табылады.

Зерттеушіге осы және басқа сұрақтар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізбес бұрын, осы мәселе бойынша шығарылған ғылыми мақалаларды оқу қажет, оларды тереңірек зерттеп үрдістер туралы гипотеза жасау қажет, олар белгілі бір сыртқы орта факторларының әсерінен өсімдіктерде өтеді, оларға дақылдардың өнімділігіне әсер етуін бағалау (әрі қарай өзінің тәжірибе қорытындыларымен салыстыру), осы агротехникалық шараны өндірістік жағдайда зерттеу мақсатында тәжірибенің бағдарламасын және сызбасын салу.
2 Агрономиялық тәжірибе туралы жалпы түсінік және негізгі зерттеу әдістері

Тәжірибе (эксперимент) – әсер етуді жан жақты есепке алуға жағдай туғызатын жерде құбылыстың пайда болуын, оның шығуын, себептілігін анықтау.

Агрономия тәжірибелеріндегі негізгі зерттеу объектісі – өсімдік және өсуіне, дамуына және дақылдың өнімділігіне әсер ететін факторлар. Тәжірибедегі бақылаулар – сандық және сапалық дамудың пайда болуын есепке алу, констатациялық жағдайына байланысты өсімдіктің өсуі және дамуы, оның ішінде фенологиялық бақылауды, өлшеуді, өсімдікті вегетациялық және басқа кезеңдерде өлшеуді айтуға болады.

Агрономиялық зерттеуде негізгі әдістері болып келесі негізгі тәжірибелер: вегетациялық, зертханалық, лизиметриялық, өндірістік, танаптық, сонымен қатар өмірлік тәжірибеде үлкен роль атқарады.



Вегетациялық –бақыланатын жағдайда жүргізілетін тәжірибе – вегетациялық үйшік, жылыжай, булы жай, қолдан жасалған климатты камера (фитотрон) және дақылдың өсуін, өнуін және өнімділігін анықтау мақсатында орнатылған тағы басқа заттар.

Академик Д.Н.Приянишниковтің (1954) айтуы бойынша «вегетациялық зерттеу әдісінің мақсатына «үрдістің негізін ашу және жеке факторлардың маңызын түсіндіру, ең бастысы өсімдіктің, топырақ және тыңайтқыштың ролін ескеру». Сонымен вегетациялық зерттеудің негізгі объектісі болып өсімдік, топырақ және тыңайтқыш болып саналады. Вегетациялық әдіс жаңа сорттарды шығаруда селекциялық жұмыстарда, биотехнологияда биологиялық үрдістерде және ауылшаруашылығы саласының әртүрлі жүйелерінде пайдалану мүмкіншілігін анықтауда, өнеркәсіп және медицина – ғылыми бағыттарында биология және техниканы біріктіру мүмкіншіліктерін зерттеуде кеңінен қолданылады.

Вегетациялық тәжірибелер ортасына байланысты үш негізгі түрге бөлінеді: сулы дақылдар – орта ретінде сулар пайдаланады, құмды-орта ретінде құмдар пайдаланады, топырақты дақылдар- орта ретінде топырақ пайдаланады.

Сулы дақылдарды пайдаланғанда тәжірибелік өсімдіктер ыдыстарда өсіріледі, оның іші суға және қажетті мөлшерде керек заттар ерітіліп толтырылады.

Құмдақ дақылдарды пайдаланған кезде, судың орнына таза кварцты құмдар алынады, олардың мөлшері 0,5-0,7 мм көп емес және органикалық қосындылардың лайынан тазартылған болады. Кептірілгенне кейін құмды 0,5 мм диаметрі бар сүзгіштен өткізеді, ал өсімдіктердің қоректенуін зерттейтін терең физиологиялық тәжірибелер үшін, топырақ қосымша тұз қышқылымен өңделеді, содан кейін қыздырылады. Құмды дақылдар сулы дақылдардан артықшылығы бар, себебі тәжірибе жүргізу жеңіл, өсімдіктің дамуы жақсы, бірақта сулы өсімдіктер құмды өсімдіктерге қарағанда өсімдіктің тамыр жүйесінің өсуі және дамуына бақылау жасауына мүмкіндік береді.

Вегетациялық тәжірибелер 3,5-5 л көлемі бар шыны немесе метал ыдыстарында жүргізіледі, олар тәжірибе өсімдіктері бекітілген тесігі бар тығындармен немесе ағаштар жабылған. Вегетациялық ыдыстар әдетте сулы дақылдарда пайдаланылады, ал кейде құмды және топырақты дақылдарға да пайдаланылады, ақырғыларына тесігі бар қақпақтардың қажеті болмайды.

Зертханалық- зерттеулер, зертханалық жағдайда жүргізіледі –зерттелетін объектіге факторлардың әсер етуін оқу үшін температура, жарық, ылғалды реттеп отыруға мүмкіндік беретін бөлмелерде, термостаттарда, бокстарда, климаттық камераларда жасалынады. Зертханалық әдіс жеке зерттеу әдісі ретінде келесі сұрақтарды шешу үшін қолданылады: физиологияда фотосинтездің физиологиялық процесін, көмірсулар ассимилияциясының, өсімдіктер тыныс алуының, судың сіңірілуін және булануын, өсімдіктердің қоректік элементтерге қажеттілігі, биохимиялық процесстерді және көптеген басқа заттардың құрамын анықтағанда-ақуыз, майлар, витаминдер, минералды заттар және т.б., селекцияда – өсімдіктердің сыртқы орта факторларына талабын зерттеу- қысқа, құрғақшылыққа, ауыруға және зиянкестерге төзімділігі, өсімдіктердің технологиялық сапасы.

Агрономия ғылымының әрбір бөлімінің өзінің зертханалық зерттеу әдісі бар, химиялық, физико-химиялық, микробиологиялық және т.б.

Зертханалық зерттеу әдістері тұқымның өсуі үшін оңтайлы жағдайларын, ол тұқымдардың өсіру жағдайына байланысты себу сапасына баға беру үшін тұқымшаруашылығында кеңінен қолданылады.

Лизиметриялық – өсімдіктің тіршілігін және топырақ процесстерінің динамикасын зерттеу үшін арнайы лизиметрлерде жүргізіледі, бұл кезде далалық жағдайда ылғалдың және қоректік заттардың қозғалысын және балансын есептеуге мүмкіндік бар.

Лизиметрлік зерттеу әдістерінде өсімдіктің өсуі және дамуы, топырақтың қасиетін анықтау арнайы лизиметрлерде жүргізіледі, ондағы топырақтар жан-жағындағы және астындағы топырақтан қоршалған. Лизиметрлердегі зерттеу қалыңдығы зерттеу мақсатына байланысты ауқымды боуы мүмкін 1-2 м,етрге дейін.

Лизиметрдің құрылысы тәжірибенің басты мақсатына байланысты және міндетті түрде топырақтан аққан суды жинау құрылғысы болуы қажет, ол ондағы заттардың қаншалықты сіңгенін анықтайды. Лизиметрлік тәжірибе әр түрлі ауылшаруашылығы дақылдарындағы су балансын оқуға, қоректік заттардың атмосфералық жауын-шашынмен және суармалы ылғалмен жылжуы, дақылдардың транспирациялық коэфициентін анқытау. Зерттеудің бұл әдістемесі егіншілікте, өсімдік шаруашылығында, мал азығын өндіруде, шалғын шаруашылығында, топырақтануда, мелиорацияда, физиологияда, агрометеорлогияда, селекцияда, агрохимияда және т.б. қолданылады.

Танаптық тәжірибе агрономия зерттеуінде негізгі болып саналады, басты мақсаты ауылшаруашылығы өндірісінің ауылшаруашылығы өндірісінің сапасын және өнімділігін арттыру бойынша қойылған талаптары негізінде жүргізіледі, әртүрлі топырақ климат аймақтарына агротехникалық шаралар және ұсыныстар жасалынады, сорттарды сынау олардың ең жақсыларын «Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген, селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік реестріне» енгізу.

Танаптық тәжірибе ғылыми зерттеудің ең басты әдісі, зерттеулердің негізінде әртүрлі топырақ климат аймақтарында егістік дақылдарды өсіру технологияларының элементі жинақталады, шаруашылыққа әрбір дақыл үшін нақты агротехникасы жасалынады.

Қай тәжірибені жүргізу үшінде экспериментті қою әдістемесін қатаң түрде сақтаған дұрыс.

Осы мәеслені дамытуда үлкен үлес қосқан ғалымдардың жазған арнайы әдебиеттерде танаптық тәжірибе туралы әртүрлі түсініктер бар. А.А.Кудрявцевтің (1959), айтуы бойынша «Танаптық тәжірибе түсінігін кеңінен қарайтын болсақ табиғи жағдайда өсімдіктер тіршілігіне әртүрлі жағдайлардың әсер етуін зерттеу».

Академик П.Н.Константиновтің айтуы бойынша (1952): «Танаптық тәжірибе-ауылшаруашылығы өнімділігінің күшін дамытуға және ауылшаруашылығы өндірісіне ғылыми көмек беруге бағытталған эксперимент, нақты табиғи және өндірістік жағдайды есепке алатын эксперимент, қарастырылатын сұрақтың тарихын және даму болашағын есепке алу».

«Ауылшаруашылығы энциклопедиясы»-да (1955 жыл, үшінші басылым) келесідей түсінік берілген: «Өндірістік жағдайға жақын егістік жерлерде дақылдарға жүргізілетін агрономиялық зерттеулер экспериментін танаптық тәжірибе дейді».

Тәжірибе ісі әдістемесінің және тәжірибе материалдарын статистикалық өңдеуінің ірі теоретигі профессор Доспехов Б.А. (1979) келесі анықтама берді: «Эксперимент, тәжірибе- зерттеуші құбылыстың пайда болуына әкеледі немесе құбылыстың пайда болу жағдайын түсіндіре алатындай әсері, ара қатынасы және құбылысы. Тәжірибе – зертетудің басты әдістемесі, ол бақылауды, корреляцияны, жағдайлардың өзгеруін және алынған мәліметтерді қатаң түрде есепке алады. Нақты ғылыми тәжірибенің басты ерекшелігі-оның іске асуы».

Профессор Н.Г.Найдиннің (1968) айтуы бойынша тәжірибе егісітігін арнайы әдебиеттерінде ауылшаруашылығы ғылымының алдында тұрған жалпы мақсаттар немесе осы ғылымның жанындағы бөлімдердегі мақсаттар келтіріледі, алайда бұл мақсаттарды басқа әдістерді қолданбай іске асыруға болмайды, сондықтан танаптық тәжірибелердің мүмкіншілігін асыра айтуға болмайды және оны ауылшаруашылығының алдында тұрған жалпы мақсатпен араластыруға болмайды. Н.Г.Найдин келесі анықтаманы ұсынады: «Танаптық тәжірибе – ауылшаруашылығы өсімдіктеріне жағдайлардың немесе өсіру шараларының (жеке алғанда немесе қосындысы) сандық әсерін анықтау үшін арнайы жерлер бөлінген табиғи жағдайда жүргізілетін зерттеу».

Жоғарыда келтірілген анықтамаларда «танаптық тәжірибе» түсінігінде жалпыға бірдей және негізгі түсінік берілген- «танаптық тәжірибе өндіріске жақын егістік табиғи жағдайда жүргізілетін эксперименталды агрономиялық зерттеу», сондықтан анықтамалардың барлығын негізге алуға болады. Бірақ та Н.Г.Найдиннің танаптық тәжірибе анықтамасында басқа агрономиялық зерттеу әдістемелеріне қарағанда өзгешелігі бар, сондықтан әрі қарай танаптық тәжірибе әдістемесіндегі ірі маманның анықтаған анықтамалығын пайдаланамыз.

Танаптық тәжірибелерде, басқа эксперименталды зерттеулердегідей басты маңызы бақылауды дұрыс жүргізуде.



Бақылау- ол зерттеушіні қызықтыратын дамулардың сандық және сапалық көрсеткіштерін тіркеу, сол және басқа жағдайлардың қасиетін және әсерін анықтау.

Өсімдіктердің өнімділігін арттырудың практикалық және теориялық негіздерін жасаудың ғылыми зерттеу шаралары – вегетациялық кезеңде өсімдіктердің өсуі және дамуын бақылау және эксперимент жүргізу.

Оқу құралының келесі бөлімдерінде басты көңіл танаптық тәжірибеге бөлінеді: жіктелуі, жоспарлау әдістемесі, учаскелер таңдау, тәжірибе салу, бақылау және есепке алуды жүргізу және т.б.

Өндірістік – өндірісітік жағдайда танаптық алқаптарда жүргізілетін тәжірибе. Олар келесі тәжірибелерге бөлінеді- үлгілік, салыстырмалы, тиімді шараларды есепке алу және демонстративті

Өмірлік – тәжірибе. Тәжірибенің бұл түрі практикалық алған білімнің жиынтығы, тәжірибеде сыналған, көп жылдар бойы жинақталып ұрпақтан ұрпаққа таратылып келген, шаруашылық тұрғыда баладан әкеге қалып отырған
Бақылау сұрақтары

1. Агрономиялық зерттеулердегі «анализ», «синтез» және «гипотеза» туралы түсінік.

2.Тәжірибе (эксперимент), тәжірибедегі бақылаулар түсініктеріне анықтама беру және бұл анықтамалардың мәнін ашу.

3.Агрономиялық зерттеулерде қандай негізгі әдістер қолданылады?

4.Вегетациялық тәжірибелер алдында қандай негізгі тапсырмалар қойылады және зерттеулердің негізгі обьектері? Вегетациялық тәжірибелердегі зерттеулерді өткізу әдістемесі туралы жалпы мәлімет, вегетациялық тәжірибелер түрлері.

5.Зертханалық зерттеулер алдында қандай негізгі тапсырмалар қолданылады, бұл тәжірибелерде қандай сұрақтар зерттеледі және оларды өткізу жағдайлары?

6.Лизиметриялық тәжірибе жасағанда қандай негізгі тапсырмалар қойылады, қою және өткізу әдістемесі?

7.Танаптық тәжірибе агрономиядағы зерттеулердің негізгі әдісі деп неге саналады және оның негізгі тапсырмалары?


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет