Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері / Пәннің оқу-әдістемелік



бет3/17
Дата02.07.2017
өлшемі3.07 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Ақуыз мал азығы – протеин мөлшері жоғары өсімдіктен жасалған мал азығы. Малдардың протеинмен қамтамасыз ететін негізгі көзі -өсімдіктерден жасалған мал азығы: жасыл балауса, пішен, астық, астық қалдықтары, күнжара, шрот және т.б). Бұршақ тұқымдас дақылдардан дайындаған мал азығы протеинмен өте бай.

Алғы дақыл- ауыспалы егісте сол жылы егілетін дақылдың алдында өткен жылы егілген дақыл.

Аллелопатия ( грек тілінде allelon – бірге және pathos – азап шегу) – қоршаған ортаға физиологиялық белсенді заттар шығу арқылы өсімдіктердің ценоздарда бір біріне әсер етуі, бір жағдайда қысым көрсетіп, басқада жағдай жасап. Мысалы, жусандар өсетін жерлерде басқа өсімдіктер түрлері кездеспейді.

Амарант – гүлтәжі, біржылдық арамшөп өсімдік. Гүлтәжінің үш түрі бар- шашақты, құйрықты және жапырынқы. Өсімдіктер көк балауса, сүрлем дайындауға өсіріледі(доңыздармен жақсы желінеді). Қазіргі уақытта гүлтәжінің кейбір түрлері сәндік өсімдік ретінде пайдаланады.

Антропогенді өсімдіктер ( грек тілінен anthropos – адам және genis – түған) – адаммен жасалған немесе онын әрекетімен өзгерген өсімдіктер қауым жиынтығы.

Аңғар шалғындығы – өзен аңғарына өскен алқап.

Аңыздық дақыл – негізгі дақылды жинап алысымен соның орнына дереу аңызға егілетін дақыл. Ол қосымша өнім алу және топырақ құнарын арттыру мақсатымен атқарылады.

Аңыз, сары аңыз-дәнді дақылдардыорып алғаннан кейін қысқа сабақ түбірі қалған жер.

Аңыздық егіс- топырақты өндемей, аңыздың үстіне тұқым себу. Мұндай егіс топырағы эрозияға ұшырайтын құрғақшылық ауданда жүргізіледі.

Аңызақ(суховей)- өсімдік тіршілігіне өте қолайсыз құрғақ ыстық жел. Далалық шөлейт аймақта жиі кездесетін, ауаны да, топырақты да тез құрғататын, екпе өсімдікке үлкен зиян келтіретін жел.

Аралық дақыл – ауыспалы егістегі негізгі дақылдардан уақытша бос қалған жерге егілетін дақыл.

Ареал ( латын тілінен аrea – аймақ) – табиғи жағдайда өсімдіктердің бір немесе басқа түрлері, тұқымдастары кездесетін жер бетінің бір бөлігі.

Аридті климат ( латын тілінен аridus –құрғақ) – жоғары ауа температурада атмосферлік ылғал жетіспейтін климат. Бұл Қазақстанның шөл және шөлейт жерлері, онда егіншілік тек қана суармалы жерлерде.

Астықты кептіру- құрамында артық ылғал бар астықты кептіріп, белгілі қалыпқа келтіру.

Ауа құбылыстарын бақылау (фенология) - өсімдік және жануар тіршілігінде ауа райы жағдайына байланысты құбылыстарды бақылау.

Аудара жырту – тың және тыңайған жерді жырту әдісі. Бұл кезде жер қыртысы 1800 шамасына аударылады.

Ауыл шаруашылығы жері- ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру үшін пайдалнылатын табиғаты қолайлы жер бөлігі: егістік, шабындық, жайылымдық, орман.

А/ш дақылдардың жалпы өнімі– әр түрлі а/ш дақылдардың барлық егіс көлемінде өндірілген және нақты жиналған өнім мөлшері.

Ауылшаруашылық мелиорация- жер қорын тиімді пайдалану үшін топырақ жағдайының қолайсыздығын, ылғал тапшылығын, агроауа райы жайсыздығын жоюға бағытталған, шаруашылық және техникалық шаралар жүйесін ұйымдастыру.

Ауылшаруашылық метеорологиясы - атмосферада болатын құбылыстарды ауыл шаруашылығына қатысты зерттейтін сала.

Ауыр топырақ- құрамы саз болатын құнары нашар топырақ.

Аязға төзімдік - өсімдіктердің 00 температурадан төменгі суыққа төзімділігі.

Әсер, ықпал- белгілі бір процеске әсер етуші, себепші, қозғаушы күш.

Балық майы- балықтың бауырынан алынатын май. Каспий теңізінде кездеседі.

Балық ұнтағы- балық өндеу кезінде қалған қалдықтарды ұнтақтап дайындалған мал азығы.

Балауса, шырынды мал азығы- құрамында үйлесімді ылғал көп (70% жоғары) мал азығы: тамыржемістілер, түйнекжемістілер, бақша дақылдар, сүрлем.

Бейтарап топырақ- қышқылдығы мен сілтілігі қалыптағы топырақ.

Белсенді температура – а/ш дақылдардың белсенді өсіп-даму кезеңін сипаттайтын ауа температурасы.

Белсенді желдету –нақты құрамына, температурасы мен ылғалдануна байланысты сақталуға жағдай жасау үшін өсімдіктер массасынан ауаны үрлеу. Пішенді кептіргенде және даярлағанда қолданады.

Бетеге- көпжылдық шөптесін өсімдік туысы. Бағалы мал азықтық өсімдікке жатады. Мал жайылғаннан кейін тез өсіп-жетіледі. Көптеген түрлері қолдан егіледі. Қазақтан топырағында бетегенің 20 түрі өседі.

Бидай-бидайық буданы- бидайды жабайы бидайықпен будандастыру нәтижесінде алынған мәдени өсімдік.

Бидайық- көпжылдық шөптесін өсімдік. Бағалы мал азықтық шөп. Мал сүйсіне жейді, әсіресе, масақтанғанға дейін бағалы. Арамшөп түрінде өсетіндері де бар. Қазақстанда бидайықтың 44 түрі бар.

Биомасса – аудан немесе көлем бірлігіне салмағы бойынша өрнектелген тірі организмдер мөлшері. Өсімдіктер биомассасы- фитомасса, малдардың – зоомасса деп атайды.

Биосфера (грек тілінен bios - өмір және sphaira – шар) – жер планетасының тірі организмдер мекендеген аймағы, оған жер бетімен атмосфераның біраз бөлігі, гидросфера және литосфераның жоғарғы бөлігі жатады. Биосферада жасыл өсімдіктер ерекше рол атқарады, олар фотосинтез процесінде күн энергиясын ұстап атмосфераның газ құрамын үзбей қолдайды.

Биоценоз (грек тілінен bios - өмір, koinos – бірге) – тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі болып келетін учаскеде мекендейтін жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдер бірлестігі.

Богара ( перс тілінен бехар – көктем) – суармалы егіншілік аудандардағы жерлер, онда а/ш дақылдар суармасыз, көктемдегі жауын шашын мөлшерін пайдаланып өсіріледі.

Ботва (тамырлы өсімдіктердің сабағы, жапырағы) – мал азықты, көкөніс және техникалық тамыртүйнек жемістілердің жер бетіндегі массасы, олар малдарға жасыл немесе сүрлем түрінде азықтандыруға пайдаланады.

Бозқырау (суық ұру) – жағымды орта тәулік ауа температурасында топырақтың және өсімдіктің беткі қабатына өсіп даму кезеңінде температураның 00С төмен түсуі.

Бөрі бұршақ - біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Екпе жемшөп дақылына жатады. Бағалы мал азығы.

Бөлектеп ору- екі кезеңде жинау. Астықты алдымен орып дестелеу, кейін орында бастыру

Букетировка – шоқтатып өсіру үшін мәдени дакылдарды егу әдісі

Бүркеме дақыл – ауыспалы егіс жүйесінде бір танапта қосымша егілетін өсімдік көгін бүркеп қорғаушы дақыл. Мысалы жоңышқа мен арпаны бірге еккен кезде бидай жоңышқаға бүркеме болады.

Бір жарнақты өсімдіктер- жабық тұқымды өсімдіктердің бір тобы. Ұрығында бір ғана тұқым жарнағы болады.

Бір үйлі, ұялас өсімдіктер- аталық гүлі, аналық гүлі немесе аталық жыныс мүшесі мен аналық жыныс мүшесі бірдей өсіп-жетілетін өсімдік тобы.

Бір жылдық өсімдіктер- тіршілігі бір жылға ғана созылатын өсімдіктер.

Бір шабындық шөп- бір рет шабылатын шөп егісі.

Бүріккіш- өсімдіктерді сұйық заттармен өндеуге арналған машина немесе құрылғы. Бүріккіштің түрі көп болады.

Вегетациялық кезең – 1. Өсімдіктердің метеорологиялық жағдай бойынша өсіп-даму мүмкіндігі бар - жыл кезеңі 2. Өсімдік түрі (немесе сорты) толық өсіп даму циклін (егін көгінен өнімінің толық пісуіне дейін) өту үшін қажетті- уақыт.

Галофиттер ( грек тілінен hals, halos – тұз және phyton – өсімдік) – тұзды жерлерді мекендейтін өсімдіктер.

Гаолян – шай жүгерінің бір түрі, азық-түлік (жарма,ұн) және мал азығы (пішен, сүрлем, жасыл балауса) дайындау үшін Қытай, Корея, Жапонияда өсіріледі.

Геоботаника – тек қана, мал азықтық өсімдік қауымын емес сонымен қатар өндірістік өсімдіқ қауымын (орман, батпақ жерлерді, суда өсетін өсімдіктерді және т.б.) зерттейтін ғылым.

Гербицид ( лат. herbo – шөп және caedo – өлтіру) – пестицид

топтарының арамшөптерді құртатын химиялық препараттар.



Гигрофиттер ( грек тілінен hygros –ылғалды және phyton - өсімдік) –

ылғалдылығы мол жерлерді мекендейтін өсімдіктер, мысалы; папирус, қамыс, өлең шөптің кейбір түрлері, мәдени өсімдіктерден -күріш.



Ғалым агроном- егіншілік пен өсімдік шаруашшылығы саласындағы жоғары білімді маман. Ауылшаруашылығы өндірісін негізгі ұйымдастырушылардың бірі.

Дала топырағы- дала жағдайында қалыптасқан топырақ.

Дара дақыл егісі, дарадақыл- ауыспалы егіс жүйесін сақтамай, ұзақ жылдар бойы бір жердге бір дақылды өсіру.

Дәл себу- көлемі белгілі аумаққа тұқымды дәл белгілі мөлшерде себу.

Дәннің дестеде пісіп-жетілуі- жиналғаннан кейінгі дән құрамында болатын биохимиялық өзгерістер. Осындай өзгерістен кейін ғана дән өне алады.

Дерть - дерменде ұсақталған астық, малдарды азықтандыруға пайдаланады. Ұсақталған астық малдармен жақсы желінеді және қорытылады.

Доместикация, жануарларды қолға үйрету- жабайы хайуандарды үй жануарларына айналдыру.

Дымқылдатып суару – топырақтың ( 1,5-2 м) қабатында ылғал қорын жасау үшін күзде жүргізіледі, оны а.-ш. дақылдар келесі көктемде және жаздың басында пайдаланады.

Егу, себу- өсімдік тұқымын танапқа себу, егу. Тұқымды егу түрі көп.

Егу алдындағы топырақ өндеу- мәдени өсімдікті егу немесе отырғызар алдында белгілі ретпен атқарылатын жұмыстар жүйесі: топырақты жырту, тырмалау, қопсыту және т.б.

Егу алдында суару- топырақтағы ылғал қорын молайту, тұқым қаулап өнуі, алғашқы кезеңінде өсімдік жақсы жетілуі үшін атқарылады.

Егіс құралы- егіншілікте атқарылатын жұмыстар үшін қолданатын құралдар.

Егістік, егістік жер- жүйелі түрде әр түрлі дақылдарды егіп өсіруге, пайдалануға жарамды жер алқабы.

Егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі- топырақты түрлі эрозиядан, су шайып, жел ұшырып бүлдіруден қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Түрлі климаттық-топырақ аймағында әр түрлі болады.

Егіншілік жүйесі- топырақ құнарын арттыру және оны қалпына келтіру үшін атқарылатын агрономиялық, мелиорациялық, ұйымдастыру шараларының жиынтығы.

Егіс құрылымы- егілген әр түрлі дақылдардың ара жігі.

Егістіктің фотосинтездік мүмкіндігі (ФП) – екпе өсімдік егісінің бүкіл өсуі кезінде фотосинтез үшін күн қуатын пайдалану мүмкіндігі.

Егістіктің және табиғи мал азықтық жерлердің қурауы – ұзақ топырақ және атмосферлі құрғақшылық әсерінен өсімдіктердің алдын-ала қурау, алдымен өсімдіктер солып қалады.

Егіншіліктің отамалы дақылдық жүйесі- егіншіліктің үдемелі жүйесі. Мұнда танаптардың негізгі бөлігіне отамалы дақылдар егіледі.

Егіншілік шөп танапты жүйесі- ауыспалы егіс құрамында астық тұқымдас және бұршақ тұқымдас шөптер егілетін жүйе.

Егісті күтіп –баптау- екпе өсімдік жақсы өсіп-жетілу және мол өнім алу үшін атқарылатын агротехникалық жұмыстар жүйесі.

Ет-сүйек ұны- ақуызды минералды мал азығы. Ет комбинатында, мал соятын және консерві жасайтын орындарда азық-түліктің және консерві жасайтын орындарда азық-түлікке жарамсыз қалдықтардан дайындалады.

Жабындау, топырақ бетін жабу- өсімдік тамырын айналдыра немесе қаратараралық бойынша сабанмен, қимен, қарашірікпен, жапырақтармен, т.б. жабу, бүркіп қою.

Жайылымдық –шалғындық ауыспалы егіс- мал жайылатын, балауса шөп дайындалатын, сол сияқты пішен шабылатын, сүрлем салынатын, пішендеме дайындалатын, өсімдік өсірілетін ауыспалы егіс.

Жайылым, жайылымдық- мал жайып-бағылатын жер алқабы.

Жайылым айналымы- белгілі жоспар бойынша жыл бойы жайылымға мал жаю және шөбін шауып алу мезгілдері, осы жұмыстардың алмасып отыруы.

Жаздық дақылдар- көктем де егілетін және сол жылы жазда немесе күзде түсім беретін бір жылдық өсімдік тобы.

Жаңбырлату- арнайы құралдармен топырақ пен өсімдіктер бетіне

жаңбір сияқты су шашатын ауылшаруашылық дақылдарды суару тәсіл.



Жаңбырлату машиналар және қондырғылар – а/ш дақылдарды

жаңбырлату тісілмен суару үшін пайдаланады. Көп тіректі кең алымды «Фрегат», екі консольді (ДДН-100МА), алыс шашатын (ДДН-100) және т.б суару қондығылар болады.



Жасыл балауса - малдармен жайылымда өсіп түрған кезіңде немесе шабылған күйінде желінетін өсімдіктер, ол жазғы кезеңінде малдар үшін ең арзан және құнарлы мал азығы болып табылады.

Жасыл конвейер – малдарды үздіксіз жайылым кезеңінде жасыл балауса мал азығымен қамтамасыз ететін жоспарланған өндіріс жүйе. Жайылымдар және көпжылдық шөптер егістіктеріне, сонымен қатар әр түрлі мерзімде мебілген біржылдық шөптер егістігіне негізделген.

Жасыл сүрі жер, көк сүрі жер- бұршақ тұқымдас өсімдіктерді танапрта өсіріп, оны жинамай, көк күйінде топыраққа араластырып жыртып жіберу. Ол топырақты азот қосылыстарымен байыту үшін жасалады.

Жауын-шашын- жер бетіне тамшы түрінде немесе қар күйінде түсетін әуе ылғалы.

Жем-шөп сапасы – а/ш малдарды коректік және физиологиялық белсенді заттар мұқтаждығын және желінуін қамтамасыз ететін, азықтық өлшем, протеин, май, көмір су, минералды заттар, витаминдер құрамы және дәмі, түсі, иісі және құрылысымен сипатталанатын қасиеттері.

Жем-шөпті талдау – мал азығында коректік және биологиялық белсенді заттарды анықтау және олардың сапасын бағалау.

Жемшөп мөлшері- малдың түрлі қоректік заттарды қажет етуі ескеріле жасалған бір тәуліктік жемшөп мөлшері.

Жемдік жентек- көк балауса шөптен дайындалған ақуызды-витаминді мал азығы. Ол малға қосымша азық ретінде беріледі.

Жем-шөптің қорытылуы, мал азығының сіңімділігі- мал азығының ас қорыту сөлі әсерінен қорытылу және организмге сіңу қасиеті.

Жемшөптің қоректілігі- жануарлардың азыққа деген қажетін жемшөптің қанағаттандыру қасиеті.

Жемшөптің құндылығы- малға қажетті қоректік заттардың жемшөпте болуы.

Жемшөп (франц. fonrrage) – малдарға дайындалған мал азығы, концентратты (астық дақылдар) және ірі (пішен, сабан және т.б.).

Жералмұрт- көпжылдық түйнек жемісті өсімдік. Жер астындағы бөлігінде түрлі-түсті түйнектер түзіледі. Мал азықтық дақыл.

Жерді қашылау- су тасығанда су басып, жерді бүлдіріп кетпес үшін жасатын қорған.

Жергілікті тыңайтқыш- тікелей шаруашылықта дайындалып, сонда пайдаланылатын тыңайтқыштар: қи, құс саңғырығы, қөк тыңайтқыш, қорда, күл.

Жерді аудара жырту- сохамен топырақты өндеу тәсіл, топырақ қабатын ұсақтауды, қопсытуды және 1350 аударуды қамтамасыз етеді.

Жер құрғату- топырақтың беткі қабатындағы қалыптан тыс ылғалды азайту.

Жерді қалпына келтіру- кен қазу жұмыстарына, геологиялық зерттеулерге, құрылыстарға байланысты істен шығып бүлінген жерлердің өнімділігін қалпына келтіріп , халық шаруашылығының маңызын көтеру үшін атқарылатын жұмыстар жүйесі. Ол орта жағдайына да қолайлы әсер етеді.

Жиынды су пайдалану – 1 га егістікте өсіп-жетілу кезеңіндегі өсімдік транспирациясы мен топырақ бетінің булануын ескере отырып дақылдың өнім қалыптастыруына шығындалған мм, немесе м3- пен алынған судың мөлшерін сипаттайды.

Жолақы өндеу- егістік жерді жолақ қалдыра отырып өндеу.

Жоңышқа- көпжылдық шөптесін өсімдік туысы. Бұршақ тұқымдас, аса бағалы мал азықтық өсімдік. Республикада жоңышқаның бірнеше түрі өседі.

Жоспарлы мөлшерлеуші карта- ол жеке өнімдер өндірудегі технологиялық жұмыстар жиынтығын, өндірістік қорды және оны пайдалануды, белгілі өндіріс жоспарын орындаудағыөндірістік экономикалық көрсеткіштерді белгілейді.

Жусан- көпжылдық шөптесін өсімдік туысы, шағын бұта түрінде де өседі. Негізінен мал азықтық және емдік өсімдікке жатады эфир-майлы түрлері де көп. Қазақстан топырағында жуснның 81 түрі өседі.

Жұқа топырақ- құнары аз топырақ.

Жұғымды мал азығы- малдың тез де жақсы семіруіне әсер ететін жемшөп.

Жүзгун, кандым –қара құмық тұқымдас бұтақшалар тобына жататын өсімдік, Қазақстанның және Орта Азияның шөлейт және шөл аймақтарында өседі. Мал азықтық өсімдік оркендері мен жемістері түйе, қой және ешкілер жақсы жейді.

Жырту, жер жырту- қайырмасы бар соқамен жер өңдеудің негізгі бір бөлігі.

Канареечник (Phalaris) – қонырбас тұқымдасына жататын біржылдық немесе көпжылдық шөптесін өсімдік, көбінесе мал азықтық маңызы бар.

Каток – топырақтын беткі қабатын тегістеу және тығыздау үшін арналған құрал.

Кең катарлап себу- қатар аралығын 45 см және одан да үлкен етіп себу әдісі.

Кермекті сүр топырақ-қоныржай белдедегі орманды далалық, далалық және шөлейт аймақтарда кездеседі.

Киіз үй- көшпелі халықтардың негізі тұрағы.

Кондициялы тұқым – барлық қөрсеткішьер бойынша тұқымдарға стандартпен сапа мөлшеріне талап ететін тұқым.

Концентратты мал азығы, концентраттар – коректік заттарға(азықтық өлшем, сіңімді протейн және т.б.) бай мал азығы, оларға құрама жем, мал азықтық астық және т.б. жатады.

Көпенелеу - пішенді немесе сабанды шошаққа, кейде сопақша үймеге жинап салу, оларды одан кейін майларға, арнайы пішен қоймаларына жинап салады.

Көлтабандап суару, көлдетіп суару – қар суымен, тасқын сумен, т.б. сулармен көктемде бір рет мол етіп көлтабандап суару.

Көлтабан (Лиман) – теңіз және өзен жағалауындағы су басатын алқап.

Көн, қи- органикалық тыңайтқыш. Малдың қиы, зәрі және төсеніш ретінде пайдаланылған заттардың (сабан, шымтезек) шіруі нәтижесінде пайда болады. Құрамында азот, фосфор, калий және микроэлементтер бар.

Көң шашқыш- дайын болған көңді егістік жерге шашатын машина.

Көң қойма- мал қорасынан шығарылған қиды, басқа да қалдықтарды жинап сақтайтын, шірітіп зарасыздандыратын орын.

Көрпекөк, алшынқөк- жайылымдықта мал жайылғаннан кейін және шабындықта шөп шауып алғаннан кейін өсіп шыққан шөп.

Күнбағыс күнжарасы- күнбағыс дәнінен май өндіру кезінде қалатын қалдық. Олмалға азық болады. Сол сияқты күнбағыс қауызы да осылай аталады.

Күйсеу процесі, күйіс – жем-шөпті күйсеу физиологиялық процесс. Әр ірі қара малдарда тәулігіне ұзақтығы 40-60 мин 6-10 күйсеу кезеңі болады, ал жас малдарда одаң да жиі-жиі болады, бірақ ұзақтығы аздау.

Қамыс (Seirpus) – Өлең шөп тұқымдасына жататын көпжылдық кейде біржылдық шөптесін өсімдік.

Қарашірік(Гумус,перегной) –топырақтын жоғары молекулды қара түсті органикалық заттар.

Қарашірік- топырақтың органикалық құнарлы бөлігі. Көңнің әбден шіріп ыдыраған кезі.

Қар тоқтату-топырақта ылғалды көбейту үшін іске асырылатын шара.

Қарабас шалғын, атқонақ- Көпжылдық бағалы мал азықтық өсімдік.Шабындық пен жайылымдарда көп кездеседі , қолдан да өсіріледі.

Қатараралық дақыл- бақтардағы ағаштардың бос қатараралығына егілетін дақылдар: отамалы дақылдар, біржылдық және көпжылдық бұршақ тұқымдас өсімдіктер.

Қатараралықты өндеу- екпе өсімдіктер аралығын қопсытып,өндеу.

Қатараралық- егілген өсімдік қатараралықтарының ашық аралығы.

Қатарлап себу- мұндай әдіс кезінде қатар аралығын 10-15 см етіп егеді.

Қатар аралық торапының ені – сепкіш пен агрегаттардың шектес жолдар арасындағы қатар аралығы.

Қат –қабаттап жырту- жер жыртудың бір әдісі. Мұндай жырту кезінде топырақ қабаттары алмасып, орын ауыстырады. Топырақтын құнарлы қабатын тереңдетіп жақсартуға үшін атқарылады.

Қуаншылық (құрғақшылық) – топырақ немесе ауа құрғақшылығымен қоздырылған ұлпа құрғатуын және қыздыруын өсімдіктермен қотеру қасиеті. Қуаншылық өсіміктерге шай жүгері, судан шөбі және табиғи жерлерде өсетін ксерофит тобана жататын өсімдіктер жатады. Қуаншылыққа орташа төзімді өсімдіктер: жүгері, тары, итқонақ, арпа, бидай және т.б., аз-маз төзімділер: сұлы, күріш және т.б.

Қызылша сығындысы– қант қызылшаның сығындалған қалдықтары, қызылша өндірісінің қалдықтары, малдарды азықтандыруға жаңа, кептірілген және сүрлем түрінде пайдаланады.

Құрама жем (Комбикорм) – а/ш малдарды азықтандыру үшін ғылыми

дәлелдеген рецептер бойынша ұсақталған жем-шөптерден жасалған дайын қоспалар.



Құрамалы сүрлем - өсімдіктердің жасыл балауса қоспаларынан, астық қалдықтарынан, тамыртүйнекжемістілерінен және т.б консірвелеу арқылы дайындалған шырынды құндылығы жоғары мал азығы.

Қысқа тіршілікті өсімдіктер- бір жылдық және екі жылдық өсімдіктердің жалпы атауы.

Қонырбас, қанақот- көпжылдық шөптесңн өсімдік туысы. Мал азықтық шөпке жатады. Қазақстан топырағында қонырбастың 38 түрі өседі.

Күздік дақыл- күзде егілетін және келесі жылы немесе күзде түсім беретін біржылдық дақылдар тобы.

Қоршаған орта-айналадағы табиғи заттардың және адам қолымен жасалған заттардың жиынтығы.

Көлдете суару- суару әдісінің түрі. Бұл, әсіресе , көктемде атқарылады.

Құрал, қару, сайман, жабдық- жұмысты орындау үшін қолданатын заттар.

Қияқөлең, қияқ- көпжылдық шөптесін өсімдік туысы. Шабындықта, жайылмдықта өсетін бағалы мал азықтық өсімдік. Малдың барлық түрі жақсы жейді. Қазақстанда қияқ өлеңнің 94 түрі өседі.

Құрғату тәртібі- құрғатылған жерге екпе өсімік өсіріп, тұрақты мал өнімін алу үшін атқарылатын шаралар жүйесі.

Құрғату жүйесі- ылғалды мол жер, оны құрғатуға арналған гидротехникалық және эксплуатациялық құрылыстар, жармалар мен кәріздер желісі – бәрінің жиынтық түсінігі.

Көк сирету, өскінді сирету- өсімдіктің жақсы өсіп, мол түсім беруін қамтамасыз ету үшін жаңа шыққан көк өскінін сирету.

Құрғақ аңғар, құрғақ алқап ( суходол)- айналасындағы басқа жермен салыстырғанда ылғалы аз, құрғақ жер.

Мал азықтық брикеттер – тақта түрде престелген ірі ( пішен,сабан және т.б.) немесе минералдар, витаминдар және т.б қосымшалары бар жем азығынан, сонымен қатар осы жем-шөптің қоспаларынан дайындаған мал азығы.

Мал азықтық ауыспалы егіс түрлері –дақылдар мен сүр танап арақатынасымен ерекшеленетін ауыспалы егіс. Шөпті, шөпті-отамалы, отамалы, астықты-отамалы, астықты-сүр танапты-отамалы және т.б ауыспалы егістер ажыратады.

Мал азығын аммонизациялау – жем-шөпті оның құрамындағы азот мөлшерін арттыру үшін аммиякпен немесе оның туындыларымен өңдеу процесі.

Малдар өнімінен дайындайтын мал азығы – А/ш малдарды азықтандыруға пайдаланатын мал шаруашылығы өнімдерінен және оның қалдықтарынан дайындалған өнімдер- майын кетірген сүт (обрат), іркіт (сарсу), ет комбинатының қалдықтары- қан, ет, ет -сүйек ұны, балық комбинатының қалдықтары – балық ұны және т.б.

Мал азығы – а/ш малдарды азықтандыруға арналған өсімдік пен мал шаруашылығы өнімдерінен микробиологиялық және химиялық жолмен жасалған өнім. Келесі топтарға бөлінеды: шырынды (жасыл балауса, сүрлем, тамыртүйнекжемістілер), ірі мал азығы ( пішен, сабан, топан, пішендеме), концентратты ( астық және оөін қалдықтары, құрама жем), өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және балық шаруашылығы өндірісінің қалдықтары.

Мал азықтық ауыспалы егіс – егіс аумағының құрамында 50% астам мал азықтық дақылдар орналасқан ауыспалы егіс. Арнайы және құрамалы ауыспалы егістерін ажыратады.

Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет