Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері / Пәннің оқу-әдістемелік


«АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ НЕГІЗДЕРІ» пәнінен қорытынды бақылау сұрақтары



бет17/17
Дата02.07.2017
өлшемі3.07 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

«АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ НЕГІЗДЕРІ» пәнінен қорытынды бақылау сұрақтары:

1.Ғылыми агрономия әдістері

  1. Халық шаруашылығының басты саласы ретінде ауылшаруашылығы өндірісінің сауда тәуелсіздігін және бәсекелестікке түсе алатын өнім өндірудегі басты мақсаттары.

  2. Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешенінің негізгі мақсаттары?

  3. Ауылшаруашылығы өндірісін дамытуда кешенді ғылым ретінде агрономияның ролін негіздеу.

  4. Ауылшаруашылығының негізгі саласы, ғылыми және оқу пәні ретінде өсімдікшаруашылығы және мал азығын өндірудің маңызын негіздеу.

  5. Тәжірибе салу және бақылау жүргізу әдістемесінде және әдістемелерді жасауда агрономия зерттеулерінің, ғылымының даму тарихының маңызы қандай?

  6. Дақылдарды өсірудің жаңа технологияларын жасауда соңғы 50-60 жылда далалы Солтүстік Қазақстан ғылымының негізгі жетістіктері қандай?

  7. Өндіріске ғылыми ұсыныс жасауды дайындауда үлкен үлес қосқан Қазақстан Республикасының ғылыми мекемелері және ғалымдары?

  8. Солтүстік Қазақстанның егістік көлемінде көп үлес алатын дақылдардың сорттарын шығарған және селекциялық жұмыстармен айналысатын Қазақстанның ғылыми мекемелері және ғалымдары?

2. Агрономиядағы зерттеу әдістері

1. Агрономиялық зерттеулердегі «анализ», «синтез» және «гипотеза» туралы түсінік.

2.Тәжірибе (эксперимент), тәжірибедегі бақылаулар түсініктеріне анықтама беру және бұл анықтамалардың мәнін ашу.

3.Агрономиялық зерттеулерде қандай негізгі әдістер қолданылады?

4.Вегетациялық тәжірибелер алдында қандай негізгі тапсырмалар қойылады және зерттеулердің негізгі обьектері? Вегетациялық тәжірибелердегі зерттеулерді өткізу әдістемесі туралы жалпы мәлімет, вегетациялық тәжірибелер түрлері.

5.Зертханалық зерттеулер алдында қандай негізгі тапсырмалар қолданылады, бұл тәжірибелерде қандай сұрақтар зерттеледі және оларды өткізу жағдайлары?

6.Лизиметриялық тәжірибе жасағанда қандай негізгі тапсырмалар қойылады, қою және өткізу әдістемесі?

7.Танаптық тәжірибе агрономиядағы зерттеулердің негізгі әдісі деп неге саналады және оның негізгі тапсырмалары?



3. Танаптық тәжірибеге қойылатын негізгі талаптар және мақсаттары

  1. Танаптық тәжірибелерді жүргізгенде қандай негізгі сұрақтар шешімін табуы тиіс?

  2. Танаптық тәжірибелердің қандай түрлері бар және олардың сипаттамасы ?

  3. Сорт сынау бойынша және агротехникалық тәжірибелерді салғанда қандай негізгі мәселелер шешілуге тиіс?

  4. Географиялық, бір факторлы және көп факторлы тәжірибелердің алдына қандай негізгі мәселелер қойылады?

  5. Жүргізу ұзақтығына қарай танаптық тәжірибелердің қандай түрлері бар?

  6. Көпжылдық және ұзақ мерзімде жүргізілетін танаптық тәжірибелердің мәні неде? Әлемдік ауыл шаруашылық ғылымында аталған тәжірибелер бойынша қандай негізгі мәселелер зерттелетініне мысал келтіру?

  7. Көпжылдық шөптер үшін арнайы мәселелерді шешуге байланысты салынатын және жүргізілетін тәжірибелердің ерекшеліктері қандай?

  8. Өндірістік тәжірибелердің рөлі, бұл тәжірибелерді салу және жүргізу әдістемесі қандай?

  9. Танаптық тәжірибенің алдына қойылатын негізгі талаптар қандай?

  10. Тәжірибенің «нақтылығы» және «қателігі» түсініктеріне негіздеме беру.

  11. Танаптық тәжірибелерде қателіктердің жіберілуінің, тәжірибенің нақтылығының төмендеуінің және дұрыс нәтижелерге қол жеткізудің негізгі себептері қандай?

  12. Танаптық тәжірибе жүргізу кезінде жіберілетін негізгі қателіктердің түрлері және тәжірибенің нақтылық дәрежесін көтеруге мүмкіндік беретін қандай шаралар бар?

  13. «Типтілік» түсінігіне негіздеме беру және бұл көрсеткіштің тәжірибеде дұрыс нәтижелер алуға беретін мүмкіндігі?

  14. «Жеке айырмашылық ұстанымы» түсінігі және танаптық тәжірибе салу кезінде бұл ұстанымды ұстанудың мәні неде?

4 Егіс экспериментін жоспарлау

  1. Танаптық тәжірибе жүргізілетін негізгі жағдайлардың ерекшеліктеріне сипаттама беру (ауа–райы жағдайы, топырақ-климат жағдайлары, қоршаған орта факторларының реттелмейтіндігі және т.б.).

  2. Танаптық тәжірибені жүргізудің негізгі кезеңдері қандай?

  3. Танаптық тәжірибені жасаудағы мәселелердің (тапсырмалар) жағдайы және әдістемесі.

  4. Тәжірибенің мақсаты мен тапсырмасын анықтау әдістемесі қандай?

  5. Тәжірибенің өзектілігі және жаңалығы түсініктерінің астарында не тұр?

  6. Тәжірибе өсімдігін таңдау кезінде қандай негізгі жағдайларға сүйенген жөн (тәжірибе объектісі)?

  7. Агрономиялық тәжірибелерде – тәжірибе нұсқалары, тәжірибе мөлдектері, бақылау нұсқалары, стандарт түсініктері нені білдіреді?

  8. Танаптық тәжірибе сызба нұсқасын жасаудың негізгі әдістемесі қандай?

  9. Аймақтың топырақ-климат жағдайларын бағалауға мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштерді атаңыз?

  10. Зерттеу объектісі (дақыл) қандай көрсеткіштерімен сипатталады және студентпен таңдалып алынған зерттеу объектісі туралы жалпы мәліметтер (маңызы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, сұрыптары, өсіру технологиясы және т.б.).

5. Танаптық тәжірибеге жер учаскесін таңдау, зерттеу және дайындау

  1. Тәжірибе салуға жер учаскесін таңдау және дайындау кезінде қандай іс-шаралар жасалуы тиіс және олардың негізгі міндеттері қандай?

  2. Тәжірибені орналастыру үшін жер телімі қандай негізгі талаптарға сай болуы тиіс және тәжірибеге жер учаскесін таңдаған кезде қандай жағдайлар сақталуы тиіс?

  3. Танаптық тәжірибе үшін жер учаскесінің типтілігі түсінігі?

  4. Жер учаскесінің жер бедеріне қандай талаптар қойылады және не үшін?

  5. Жер учаскесінің топырағына құнарлылығы бойынша қандай талаптар қойылады және бұл көрсеткіштерді анықтау үшін қандай жұмыстар жүргізілуі тиіс?

  6. Тәжірибелік жер учаскесінің тарихын зерттеудің мәні неде және қандай негізгі сұрақтар есепке алынуы тиіс?

  7. Барлаушы егістердің, бөлшектік есептеу жұмысының және бұл жұмыстарды жүргізу әдістемесінің мәні неде?

  8. Агротехникалық және сорт сынау тәжірибелеріндегі теңестіруші егістердің мәні неде және оларды жүргізу әдістемесі қандай?

  9. Қандай жағдайларда барлаушы егістерде бөлшектік есептеу жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі болмайды?

6. Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері

  1. Тәжірибенің дәлдігін арттыратын қандай негізгі әдістер бар?

  2. Алынған мәліметтердің дұрыстығына әсер ететін, танаптық тәжірибені жоспарлау және жүргізу кезеңдерінің элементтері қандай?

  3. Танаптық тәжірибеге тән «әдіс» және «әдістеме» түсініктерінің анықтамасын беріңіз.

  4. Танаптық тәжірибедегі тәжірибелік мөлдек деген не?

  5. Танаптық тәжірибедегі қайталым және қайталану деген не?

  6. Мөлдектердің ауданы деген не және оның тәжірибенің дәлдігіне әсері қандай?

  7. Зерттеліп отырған шараларға байланысты мөлдектердің орташа мөлшерінің мәні қандай?

  8. Тәжірибеде қайталымдар санының тәжірибе қателігіне және бұл көрсеткіштің ұсынылған шамасына әсері қандай?

  9. Әр түрлі танаптық тәжірибелерде мөлдектердің қандай пішіні қолданылуы тиіс және неге, негіздеме беріңіз.

  10. Танаптық тәжірибедегі ұзарған (созылған) мөлдектердің артықшылығын негіздеу.

  11. Мөлдектер бағытының тәжірибе дәлдігіне қандай әсері бар?

  12. Қорғаныс жолақтарын – бүйірлік, соңғы (аяқтық) және бұрылыс жолақтарын бөлудің мәні неде және олардың зерттеліп отырған шараларға байланысты ұсынылған ені?

7.Танаптық тәжірибеде нұсқалар және қайталымдар бойынша мөлдектерді орналастыру

  1. Тәжірибе мөлдектері бойынша нұсқаларды орналастырудың қандай әдістері бар және олардың жалпы сипаттамасы ?

  2. Тәжірибе нұсқаларын стандарт әдісімен орналастырудың ерекшелігі қандай және бұл әдістің оң және теріс жақтарын сипаттаңыз?

  3. Тәжірибе нұсқаларын жүйелік әдіспен орналастырудың ерекшелігі қандай бұл әдіс бойынша тәжірибе нұсқаларын орналастырудың негізгі әдістері? Бұл әдістің оң және теріс жақтары қандай?

  4. Тәжірибе қайталымдары мен нұсқаларын бір, екі және одан да көп қабаттарда орналастырудың маңызы неде?

  5. Танаптық тәжірибе нұсқалары мен қайталымдарын рендомизация әдісімен орналастырудың мәні неде және бұл әдістің стандарт және жүйелі әдістермен салыстырмалы бағасы?

  6. Тәжірибе нұсқаларын рендомизация әдісімен орналастырудың қандай әдістері бар және рендомизациялау техникасы қандай?

  7. Ұйымдастырылмаған (толық рендомизация) қайталымдардың мәні неде және олар қалай орналасады?

  8. Рендомизацияланған қайталымдардың мәні неде және қайталымдар мен нұсқаларды орналастыру сызбанұсқасы қалай құылады?

  9. Латын квадраты және тік бұрышы әдістерінің мәні неде, оларды қолдану жағдайы қандай және тәжірибеде бұл әдістермен қайталымдарды мен нұсқаларды орналастыру сызбанұсқасы қалай құрылады?

  10. Шашыраған мөлдектер әдісінің мәні неде, бұл әдіс қандай жағдайларда қолданылады және шашыратып орналастыру сызбанұсқасы қалай құрылады?

  11. Мөлдектерді араластырып орналастыру әдісі қандай жағдайларда қолданылады және оның негізгі міндеті?

  12. Белгілі бір факторды зерттеген кезде қандай көрсеткіштер тәжірибенің аяқталғанын көрсетеді?

8.Тәжірибені салу, жүргізу және өсімдіктердің өсіп-дамуына бақылаулар жүргізу техникасы

  1. Толыққұнды танаптық тәжірибе жүргізудің негізгі жағдайлары қандай?

  2. Тәжірибелік жер учаскесін мөлдектерге бөлгенде қандай құралдар пайдаланылады?

  3. Танаптық тәжірибені салғанда, тік бұрыштарды белгілеудің қандай әдістері бар?

  4. Тәжірибені бір қабатты және көп қабатты әдістермен орналастырғанда, жер учаскесін қайталымдар мен мөлдектерге бөлудің әдістемесі қандай?

  5. Мөлдектердің жалпы және есеп жүргізу ауданынан, қорғаныс және бұрылыс жолақтарын бөлудің әдістемесі қандай?

  6. Танаптық тәжірибеде тәжірибенің шекараларын бекітудің, қазықтармен және этикеткалармен безендірудің қандай әдістері бар?

  7. Тәжірибелерде қандай негізгі танаптық жұмыстар жүргізіледі және оларға қойылатын негізгі талаптар қандай?

  8. Тәжірибелерде дақылдарды себу және басқа да жұмыстарды орындау технологиясы қандай?

  9. Танаптық тәжірибелерде қандай есептеу және бақылау жұмыстары жүргізіледі және олардың жалпы жіктелуі (классификациясы)?

9. Танаптық тәжірибелерде өнімді жинау мен есепке алу әдістемесі

  1. Тәжірибелерді өнімді есепке алуға дайындау кезінде қандай жұмыстар жүргізіледі?

  2. Мөлдектерді бракқа шығару мен алып тастау және жинау әдістемесі қандай?

  3. Танаптық тәжірибелерде жинау мерзімдерін анықтау, өнімділікті есептеудің негізгі әдістері қандай, жұмыстарды жүргізу әдістемесі және оларды бағалау?

  4. Алып тастауды ескерумен бірге мөлдектен өнімділікті есептеу әдістемесі қандай? Стандартты ылғалдылық және өнім тазалығы деген не және оларды анықтау әдістемесі қандай?

  5. Дәнді және дәндібұршақ дақылдарының өнімін жинау, есепке алудың әдістері мен тәсілдері қандай?

  6. Мал азықтық шөптердің өнімін жинау мен есепке алудың ерекшеліктері қандай?

  7. Дәнді және мал азықтық дақылдарда талдауға үлгілер алу әдістемесі қандай?

  8. Шөптер өнімін стандартты ылғалдылық пен тазалыққа қайта есептеу әдістемесі қандай?

  9. Мал азықтық шөптердің көк балаусасы мен пішенінің ботаникалық құрамын талдауды өткізу әдістемесі қандай?

  10. Астық пен мал азығының сапасын бағалау үшін қандай талдаулар өткізу керек?

  11. Тәжірибе нәтижелерін біріншілік өңдеу деп нені айтамыз және біріншілік пен сандық өңдеуде, агрономиялық талдауда қандай жұмыстар жасалады?

10. Сортсынаудағы, жайылым мен шабындықтарда тәжірибелерді жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері

  1. Сортсынаудағы танаптық тәжірибелерді өткізу әдістемесінің ерекшеліктері?

  2. Сортты өндірісте қолдану үрдісінде қандай сортсынау түрлері жүргізіледі?

  3. Сортсынау бойынша жүргізілген жұмыстарға қойылатын талаптар (себу, куту, жинау)?

  4. Жайылым мен шабындықтардағы тәжірибелерде қандай сұрақтар зерттеледі?

  5. Жайылым мен шабындықтарды тәжірибені қою мен өткізудің әдістемесі қандай?

  6. Жер учаскесін тәжірибеге дайындау және шөпотының жағдайын бағалау?

  7. Жайылым мен шабындықтарда шөп өнімділігін анықтау әдістемесі?

  8. Шөпотының ботаникалық құрамын анықтау әдістемесі қандай?

  9. Малдарды загонда ұстаудағы тәжірибені қою әдістемесі?

  10. Тәжірибелерде жайылымдық шөпті оттату имитациясы қай жағдайларда жасалады?

11.Танаптық тәжірибе бойынша құжаттар және есеп беру

  1. Танаптық тәжірибе өткізу барысында қандай құжаттар жүргізіледі?

  2. Тәжірибе құжататрында қандай негізгі бөлімдер көрсетілу керек?

  3. Қандай құжаттар біріншілік және қосымша құжаттарға жатады?

  4. «Танаптық тәжірибе журналы» деген не және оны рәсімдеу, толтыру тәртібі?

  5. Танаптық тәжірибе журналына қандай негізгі мәліметтер енгізіледі?

  6. Тәжірибелерде қандай есептеулер мен бақылаулар жүргізіледі және қандай форма бойынша толтырылады?

  7. Тәжірибелер нәтижелері қандай мақсатта қолданылуы мүмкін және қорытынды жұмыстарға қандай негізгі бөлімдері қосылу керек?

12 Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеудің негіздері

  1. Танаптық тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеудің негізгі міндеттері қандай?

  2. Танаптық тәжірибенің нәтижелерін өңдегенде математикалық статистикада қандай негізгі терминдерді кездестіруге болады?

  3. Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеудің қандай әдістері бар?

  4. Дисперсиялық талдауды жүргізу кезінде қандай негізгі сұрақтар шешіледі? Дисперсия, тәжірибенің қателіктері деген не?

  5. Дисперсиялық талдауды жүргізу бойынша қандай негізгі жұмыс кезеңдері бар?

13 Бірфакторлы тәжірибелердің өнімділік мәліметтеріне дисперсиялық талдау жүргізу әдістемесі

  1. Өнімділік мәліметтерін өңдеудің және есептеудің маңызы неде ∑, ∑∑ (Q), ∑ор., М?

  2. v1, жиынтық р1 және q ауытқуларын есептеудің маңызы неде?

  3. Ауытқулардың екі еселенген мәндерін есептеудің әдістемесі қандай және алынған нәтижелер негізінде қандай қорытынды жасауға болады?

  4. Алуан түрлі өзгергіштік (дисперсий) түрлерін есептеуді және ℓ, Су, СV, Сp , Сz көрсеткіштерін анықтауды жүргізу әдістемесі қандай және бұл көрсеткіштерді есептеудің негізінде қандай қорытындылар жасауға болады?

  5. Әртүрлі өзгергіштік түрлерінің орташа шамаларын есептеу қалай жүзеге асырылады (тәжірибе қайталымдары, нұсқалары, қалдық өзгергіштік және дисперсияның орташа мәндері үшін еркіндік дәрежесінің саны)?

14 Екі және үш факторлы (көпфакторлы) танаптық тәжірибе мәліметтерін дисперсиялық талдау

  1. Тәжірибе нұсқалары бойынша алынған қосымша өнім немесе өнімнің төмендеуінің дұрыстығы қалай есептеледі (ЕТА05 және тәжірибенің дәлдігі)?

  2. Түзету коэффициентін анықтау әдістемесі (Стьюдент критерийі)?

  3. Тәжірибе нұсқалары бойынша алынған қосымша өнімінің (немесе өнімінің төмендеуі) дұрыстығын белгілеудің әдістемесі қандай?

  4. Дисперсиялық талдаудың қорытынды кестесіне қандай мәліметтер жазылады және оның бұл жұмысты кезең бойынша жүргізгендегі артықшылықтары мен кемшіліктері?

15 Корреляция, регрессия және ковариация

  1. Корреляция деген не, оның түрлері және бағыты?

  2. Сызықты (тік сызықты) корреляциялық тәуелділік деген не және оны кесте (график) түрінде көрсету әдістері?

  3. Қисық сызықты регрессия деген не және оны кесте (график) түрінде көрсетудің әдістері?

  4. Кері тік сызықты регрессия деген не және оны кесте (график) түрінде көрсетудің әдістері?

  5. Көпше түрдегі корреляцияның ерекшеліктері қандай және оның танаптық тәжірибені бағалаудағы мәні?

  6. Дисперсиялық талдаудың қорытынды кестесіне қандай мәліметтер жазылады және оның бұл жұмысты кезең бойынша жүргізгендегі артықшылықтары мен кемшіліктері?

Бекимова Г.Б.


Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері
Оқу-әдістемелік кешен

Редакционно-издательский отдел

Кокшетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова

Подписано в печать 29.10.15 г. Объем 8,3 п.л. Тираж 20 экз.

Заказ №168

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің баспаханасында басылған

Отпечатано в типографии

Кокшетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова

Наш адрес: Казахстан, Акмолинская обл., г. Кокшетау,

ул. Ақан-сері, 24 РИО КГУ им. Ш. Уалиханова

e-mail: www.kgu.kz



*1 кестеде 2001-2005 жылдары а.ш.ғ.к. Стыбаев Ғ.Ж. жүргізген танаптық тәжірибелерінің жадығаттары келтірілген.


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет