Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері / Пәннің оқу-әдістемелік


Тәжірибелерді латын квадратымен орналастыру



бет14/17
Дата02.07.2017
өлшемі3.07 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

3. Тәжірибелерді латын квадратымен орналастыру.

- мөлдектерді көлденең және тікелей қатарларда орын алуын айтады. Оларды латын әрпімен АВСДЕ белгілегендіктен әдістің атын латын әдісі дейді.



4

9

11

1

7

2

8

12

10

6

3

5


1

5

2

6

10

12

3

4

7

11

9

8


12

6

8

3

4

9

1

5

11

2

7

10


3

7

10

5

8

11

9

2

6

4

1

12

I
II


III

IV

I II III IV


Мөлдекті бөлшектеп орналастыру – көп факторлы егістік тәжірибеде үлкен көлемді мөлдекті бөлшектеу әдісі кеңінен қолданылады.

Мөлдекті бөлшектеу схемасы деп егістік тәжірибенің мөлдегін басқа егіс тәжірибенің жинақты мөлдегі ретінде қолданылуы. Егістік тәжірибенің үлкен көлемді мөлдегінің бірінші жолы тікелей немесе көлденең бағытта, сол бөлінген мөлдектің бөліндісін екінші ретте шағын көлемді мөлдекке, ал үшіншісінде сол соңғы шағын көлемді одан да кішкентай көлем мөлдікке бөлшектейді. Көбінесе бұл әдіс көпфакторлы егіс тәжірибесінде қолданылады.









а1







а2







а3







а4













в1

в2

в3

в1

в2

в3

в1

в2

в3

в1

в2

в3

в1

в2

в3


Бақылау сұрақтары:

  1. Варианттарды орналастыру әдістері қалай жіктеледі?

  2. Стандартты әдіс ерекшеліктері, мысал келтіріңіз?

  3. Жүйелі әдістің стандартты әдістен қандай айырмашылығы бар?

  4. Латын квадраты әдісі қай жағдайда қолданылады?

  5. Мөлдектеп орналастыру әдісінің мәні неде?

  6. Дактиль әдісін сипаттаңыз, мысал келтіріңіз?

  7. Ямб-әдісін қай жағдайда қолданады?


ОБСӨЖ № 4-5

Егіс экспериментін жоспарлау.

Өзіндік тапсырмалар:

1.Экспериментті жоспарлау

2.Жүргізілетін зерттеулер мен есептеулерді жоспарлау.

3.Егіс тәжірибесін жүргізу техникасы

4.Көрсеткіштерді алғашқы өңдеу

. Ғылыми зерттеу жұмысы егіншілікте тәжірибе арқылы орындаудаа негізінен үш кезеңге бөлінеді:



  • жоспарлау

  • егістік тәжірибе жүргізу

  • нәтижелерді талдау

Егістік тәжірибені жоспарлау – зерттейтін объектісін және оның міндетін анықтау, тәжірибе схемасын құру учаскісін және оның тұрақты орнын таңдау. Зерттеу кезеңіне дейін жасалатын жұмыстар:

  • Зерттелетін заттың тақырыбын таңдап алу

  • Зерттелетін заттың қазіргі жағдайын тексеру.

  • Ғылыми жорамал жасау

  • Егістік тәжірибе схемасы мен әдістемесін дайындау.

Ғылыми жұмыс бағдарламасында тәжірибе схемасы, онда қолданылатын әдістеменің негізгі элементтері және тәжірибе жүргізуіндегі байқаулар мен есептеу жұмыстары көрсетіледі.

Тәжірибе схемасын дайындағандағы ең маңыздысы.



  • қойылған талабын орындау негізінің өзгешелігін сақтау және факторлық негізін сақтау;

  • бақылау вариантын дұрыс таңдау және тәжірибедегі зерттелмей ілесетін жағдайларды да анықтау;

  • факторлардың негізгі дәрежесін зерттелетін және өлшемінің түрленуі дұрыстығын анықтау.

Мысалы. «СҚ жеңіл сазды топырағына жаздық бидайдың себу мерзімі мен себу мөлшері»

Тәжірибе схемасы.



1. Себу мерзімі

2. Тұқым себу мөлшері

А0 - 30.04

А0 - 1,5 млн. ө.т. /га

А1 - 05.05

А1 - 2,0 млн. ө.т. /га

А2 - 10.05

А2 - 2,5 млн. ө.т. /га

А3 - 20.05

А3 - 3,0 млн. ө.т./га (St)

А4 - 20.05

А4 – 305 млн. ө.т. /га

А5 - 25.05

А5 - 4,0 млн. ө.т./га

А6 - 30.05

А6 - 4,5 млн. ө.т. /га

Егістік тәжірибе бағдарламасы мен схемасын жасағаннан кейін, оның әдісінің негізгі элементтерін мөлдектің көлемі мен пішінін, нәтижесінің дәлділігін арттыру үшін керекті қайталаулары, учаскіге мөлдектер мен қайталауларды орналастыру әдістерін анықтайды. Ол үшін егістік журнал күнделігіне тәжірибенің схемалық жоспарын құрастырады, мөлдектердің ені мен ұзындығын, қорғау алқаптарын т.б. құрылыстардың қашықтығы, учаскідегі варианттар мен қайталаулар орналастыру белгілері көмектеседі.

Егістік тәжірибеші схемалық жоспарына мөлдіктердің шекараларын белгілегеннен кейін схемалардан учаскіге тәжірибенің нұсқасын түсіреді. Тәжірибе танабын анықтауға ұзындығы 10 немесе 20м темір лентаны қолданады. Учаскінің тік бұрышын анықтап, тауып алуға айналы эккерден де сегіз қырлы аспабын қолданады.


Танапты мөлдектерге бөлу


А



В С
Тәжірибе танабының тік бұрышын рулетка немесе жіп-кендір арқылы табуға да болады. Көбінесе ол үшін белгілі Пифагор теориясын пайдаланады, онда тік үш бұрыштың гипотенузасы шаршы катетер квадратының қосындысына теңестіреді.

Зерттеуші егістік тәжірибедегі жұмыстарды тәуліктен асырмай орындауды жоспарлауды қажет етеді. Егер 1 тәулікте тәжірибедегі жұмыстарды орындауға мүмкіндік болмаса, мысалы, 4 рет қайталаудан 1-ші мен 3-шісің алдымен 2-ші мен 4-ші қайталауларын кейінгі тәулікте орындайды. Егістік тәжірибедегі агротехникалық тәсілді барлық варианттарда бір мезгілде орындамаса, олардың арасында айырмашылық тұрады. Егіс тәжірибе учаскісін жүргізілетін агротехникалық жұмыстарға қойылған талаптардан ең бастысы мерзімінде орындалуы, жылдамдылығы оның сапалылығын төмендетуі болып саналады.



Тыңайтқыштарды енгізу. Егістік тәжірибесінде тыңайтқыш енгізу ең бір жауапты мәселенің бірі болып саналады. Егістік тәжірибеде қолданылатын тыңайтқышты енгізу тәсілдеріне негізгі қойылатын талап мөлдек танабына оларды біркелкі бөлу болып саналады.

Минералды тыңайтқыштарды енгізерде есептейтіні оның қоректік мөлшері мөлдекке килограммен шаққанда мына формула арқылы анықталады:



X a x c

100.b

Мұнда. X - мөлдекке керекті тыңайтқыштың мөлшері /кг/: а – қоректік заттың әсерлі зат түріндегі мөлшері, кг/га:

в - тыңайтқыштағы қоректік заттың құрамы %;

с – мөлдік көлемі (м2)

Бақылау сұрақтары:

1.Экспериментті жоспарлау неден басталады?

2. Тәжірибе схемасына мысал келтір?

3.Жүргізілетін зерттеулер мен есептеулерді жоспарлаудың дұрыс тәртібін жасаңыз?

4.Егіс тәжірибесін жүргізу техникасын атаңыз?

5.Көрсеткіштерді алғашқы өңдеу жұмыстарына не кіреді?
ОБСӨЖ № 6-7

Тәжірибе учаскісінде орындалатын жұмыстар

Өзіндік тапсырмалар:

1. Тәжірибе учаскісінде топырақты өңдеу

2. Егістік өсімдіктердің өсіп-өну кезеңдерін бақылау және оларды есепке алу.

3. Өсімдіктердің фотосинтездік процесінің негізгі көрсеткіші.


1. Егістік тәжірибе жүргізген мөлдектердегі топырақты өңдеуге қойылатын талаптар – топырақ сапалылығы және біртектестілігі.

Мөлдектерде дақылдарды себу перпендикулярлы бағытпен жүргізеді. Себу мөлшері жаппай тәсілі арқылы анықталады.


К = 100 × М × А

П

К - себу мөлшерінің салмағы кг/га:



М - себу – мөлшері (млн ө.т./га):

А – 1000 тұқым массасы г;

П – тұқымның себуге жарамдылығы %

Егістік тәжірибедегі мөлдектерді себердегі ұмытпайтын қағидалар:



  • барлық мөлдектердегі варианттарды тек бір ғана силкамен себу;

  • мөлдекке силка себер алдында 2-3 м қалғанда себетін шүмектерді жұмысқа қосады, ал мөлдек жиегінен шыққасын, яғни 2-3м шекарасына силканың себетін шүмегін көтереді;

  • мөлдек ішінде тұқым себу кезінде силканы тоқтатпайды.

Тәжірибе учаскісінде орындалатын жұмыстар барлық мөлдектерде біркелкі бір мерзімде ұқыпты орындалады Әрбір байқаудағы тәжірибешінің белгіленетіні:

  • өсімдіктің жалпы жағдайы;

  • даму кезеңі,

  • ауа райы;

  • топырақ дымқылдығы

Егістік тәжірибе вегетативті және лаборатория тәжірибесінде байқау мен есеп мәліметі сенімді бөлу үшін зерттеуші есепке алады:

  • тәжірибе бағдарламасына енгізетіні бақылау есепке алу және талдау жұмыстары;

  • бақылау мен есептеу жұмыстарын орындайтын кезеңдері;

  • сегнамаларды іріктеп, көлемін анықтау.

Егістік тәжірибе арқылы зерттелетін агрохимиялық тәсілге фактордың әсерін есептеген сандары арқылы бағалайды, мысалы, тыңайтқыш немесе топырақты өңдеу варианты дақылдың пісу мерзіміне, шөптің шығымдылығына, топырақ қабатындағы ылғалға және егіннің арамшөппен ластануына тигізетін әсерін және т.б. бағалайды.

2. Егістік тәжірибедегі дақылдардың өсіп-даму кезеңдерінде әр түрлі (фенеологиялық, метеарологиялық) бақылау, есепке алу жұмыстары, өсімдіктің биіктігі, түптелу жігері және өсімдіктер мен топырақтар үлгілеріне талдау жүргізіледі.

Ауа райының маңыздылығы тек қана агрометеорологияның, оның ішінде метеорология элементтері мен егіншілік объектілерінің жағдайларын бақылау мен есепке алу арқылы анықталады.

Ауа райын метеорология станциясында тұрақты бағалайды, олар облыстардың барлығында да және тәжірибе станцияларында да орналастырылған.

Мәдени өсімдіктердің өніміне үлкен әсер ететін жауын-шашын, себебі ол топырақ қабатындағы ылғалдың негізгі көзі болып саналады. Жауын-шашынның жиынтығын су қабатының биіктігін мм өлшемі арқылы белгілейді. Танаптың топырақ беткейіне жауын-шашынның шықтың, тұманның, бұршақтың т.б. жиналған ылғалын өлшеп, мм көрсетеді.

Егістік тәжірибені жүргізуде метеорологиялық жағдайға байланысты егін себу мерзімі анықталады. Егін себердің алында топырақ қабатының температурасына бақылау жұмысы жүргізіледі. Топырақ температурасын анықтауға топырақ термометрн қуыс бұрғы АМ-6 пайдаланады. Оны топыраққа енгізіп, 5 млн. есебін алады.

Дақылдардың бақылау жұмысын жүргізгенде белгілейтіндері:

1) Өсімдіктің қандай мүшелері және олардың саны немесе 10,25,50,75 % артық зақымдалған:

2) неден зақымдалған;

3) зақымдалған ауданы.

Күздік дақылдардың қыстап шығуға даярлау процестерін сипаттау үшін күзде оның өсу вегетациясы тоқтаған кезеңінде тексеріледі. Дақыл тұқымының топырақтағы орналасатын тереңдігін, түптену тереңдігін, тымыр жүйелерінің жағдайын, өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңдерін, олардың биіктігін, себілген тұқымның жиілігі, арамшөптің таралу дәрежесі, өсімдіктерге зияңкестер мен аурулардың әсерлерін, метеорологиялық жағдайдың ыңғайсыздығынан жойылған өсімдіктерді, дақыл тұқымдарының көктеуін, егістің жалпы жағдайын анықтайды.

Фенологиялық бақылау. Даму процесі тұтасымен алғанда бірінен соң бірі келіп отыратын бір-бірінен жақсы ажыратылатын және көзге байқалатын бірқатар кезеңдерден немесе сатылардан тұрады.

Астық тұқымдас өсімдіктер дамуында мынадай кезеңдер кездеседі.



  • тұқымның өнуі;

  • жапырақ шығарылуы;

  • негізгі және жанама өркендердің түзілуі-тұптенуі;

  • сабақ шығару;

  • масақтану;

  • гүлдену,

  • ұрықтану,

  • тұқымның пісуі - сүттеніп пісу + балауыздың пісуі + толық пісу

Өсіп –жетілу кезеңдері мәліметтері өсу тіршілігінің ұзақтығын бөлек кезеңдерге бөлуге мүкіндік туғызады. Мысалы, астық дақылдары мына кезеңдерге бөлінеді:

  • себу – көктеп шығуы;

  • көктеп шығуы – сабақтану;

  • масақтану – пісуі;

Өсімдіктердің жиілілігі.

Вегетативтік даму кезеңдеріндегі өсімдіктердің жиілілігін есептеу үшін кемінде 2 рет бақыланады, 1-ші егін көктегенде, 2-ші егін жинар алдында жүргізіледі. Ол үшін әр мөлдекте төрт жерден егіннің екі аралас қатарын қазық арқылы белгілейді. (1м2).



А = В × 100

С

А – тұқымның дадалық шығымы, %;

В – нақтылы өсімдіктің жиілігі

С – себу мөлшеріғ млн. ө.т. /га


Астық тұқымдастардың жиілігін есептеумен қатар оның жалпы өнімділігін анықтайды, күздік дақылдардың қыстап шығуға кетердің алдындағы қалың түптілігін анықтайды. Әр варианттан 100 өсімдіктен тамырымен қазып алынады да нақтылы жалпы сабақтары мен өсімдік сабақтарын есептейді. Егін жинардың алдындағы өсімдіктерді есептеу арқылы сақталған өсімдіктердің санын % арқылы анықтайды:

Б = С × 100

В

Б – егінді жинап алғанға дейінгі сақталған өнімді %;

В – егіннің толық көктеген кезеңдегі өнімдердің саны, 1 м2
3. Жапырақтың көлемін анықтау. Дақылдың өсуі мен даму кезеңінде қолайлы жағдайдың арқасында жапырақтың үйлесімді көлемінің өсуінен өнімі артады. Өсімдік жапырақтарының көлемін анықтауда кеңінен қолданылатын әдістерінің бірі – ол жапырақтан ою ойын алу әдісі, оның негізгі ойып алынған жапырақ бөлігін және жалпы жапырақтауы арқылы анықтау. (1м2). Орташа үлгісінде жапырақтардан жиегі өткір қаңылтыр түтін арқылы 50/100 дана үлгілерін ойып алады. Жапырақтың көлеміне қарай құбырдың диаметрі 5-25 мм дейін болады. Ойып алынған жапырақтарды техникалық тарауы арқылы анықтайды. Оның көлемін ойып алынғанмен анықтап, содан кейін үлгідегі барлық жапырақтың көлемін пропорция арқылы бір өсімдікке /бер га есептейді.

Л = Ф ×К

Л - жапырақ көлемі, см2;

Ф – геометриялық фигураның көлемі (ұз×ені), см2;

К – түзету поэффиценті, 0,65 -0,68

Астық дақылдар 40 өсімдік, жалпақ жапырақ дақылдар, 10 өсімдік зерттеледі.

Ж = ұз. × ені ×К

Фт.е.= Ө

Фn

Фт.е. – фотосинтездің нақтылы өнімділігі, ұ/га;

Ө - өнімі, кг;

Фn фотосинтетикалық потенциалы, мың м2 /га, тәулік жапырақтың көлемін арнайы құрал – фотопланиметр арқылы анықтауға болады.


Бақылау сұрақтары:

1. Фенологиялық бақылау қай уақыттан бастап жүргізіле басталады?

2.Жапырақ көлемін анықтау жолдарын көрсетіңіз?

3.Өсімдіктердің дұрыс жиілігін қалыптастыру үшін қандай жұмыс атқарылады?

4.Дақылдарды мөлдектерге орналастыру қандай бағытта жүргізіледі?
ОБСӨЖ № 8

Дақылдардың биологиялық түсімі мен оның құрамын анықтау

Өзіндік тапсырмалар:

1. Дақылдар түсімінің сапасы мен мөлшерін анықтауда қолданылатын әдістер.

2. Дәндердің технологиялық қасиеттерін бағалау.
Дақылдар өнімінің сапасы мен көлемі тек қана агротехникалық дәрежесіне ғана емес, егінді жинау техникасы мен мерзіміне де байланысты болады. Егістік тәжірибесіндегі нәтиже егінді учаскінің орналасқан жеріне, топырақ қабатының өзгешелігіне, дақылына, сортына және тексерудегі агротехникалық амал-тәсіліне байланысты.

Тәжірибе жұмысында өнімді есептеуде бірнеше әдістерді қолданады. Ең тиімдісі әрі қолайлысы – мөлдекті жаппай есептеу, онда өнімнің барлық массасын есепке бөлінген алқаптан жинайды. Мөлдектің көлемі үлкен болғанда комбаин қолданады, егінді орғанда сабағын бірдей биіктікте, бірдей жылдамдықта орындалады.Бастырылған астықты қаптайды, қаптың ішіне этикетка салып, таразыда өлшейді, көрсеткішін егістік күнделікке жазады. Әрбір мөлдектің жинап алынған астықтан 2-3 кг үлгі алады, оның дән массасын, астық ылғалдылығын, ластануын және сапасын анықтайды.

Тәжірибе мен бақылау варианттары бөлек жиналады. Егістік тәжірибелер жұмысында дақылдар өнімдеріне есепке алуда негізінен екі әдісті қолданады:


  • жаппай

  • бау үлгілерін есепке алу

Бауды қапшықтың ішіне салады, картон қағаздан этикетка жасайды, этикеткаға тәжірибе тақырыбын, мөлдектің нөмірі, бау үлгінің салмағын, егінді жинаған күнін жазады.

Мөлдіктің астық өнімін формула арқылы есептелуі,



Х = А × Б

В

Х – астық өнімі, кг;

А – жалпы өнім массасы, кг,

Б – үлгі баудың дымқыл массасығ кг;

В – үлгі баудыңкептірілген дәндерінің массасы, кг.

Дәнді дақылдардың шығымдылығын есепке аларда міндетті түрде дәннің ылғалдылығын 14 % стандартқа қайта есеппен келтіріп, дәндердің ылғалдылығын анықтайды.

Мөлдіктегі дақылдарды жинағаннан кейін алюминиден жасалған бюксте дәндерді салады да, 4-6 сағ. 100-1050 кептіргішке кептіреді.

Х = А × В

Н ×100

Х – дәннің ылғалдылығы, %;

В – буға айналған судың массасы, г;

Н – алынған үлгінің ылғалдылығы,г.

Дәндердің ластануын анықтау үшін орташа үлгілерді әр мөлдектен 1 кг дәннің қоқымын, арамшөптерді іріктеп алады да ластанған % анықтайды.
8.2. Агротехникалық тәжірибедегі дәнді және дәнді бұршақты дақылдарының дәнінде ақуыздың мөлшерін анықтау қажет. Дақылдар сапасын бағалау олардың түрлеріне байланысты және ол дақылдарды қандай салаға бөлінуіне байланысты жүреді. нан, макарон, тәтті тағамдар, жарма.

Бидай дәндерінде нан пісіретін, ұн тартатын өндірістердің қоятын басты талабы ақуыз 13-14, және шикі ұлпасы 25 % - 28%.

Орташа үлгілерді лабораторияда талдайды.

Орташа үлгі

100г. ылғалдылықты түсі, исі, дәмі



анықтауға

Елеуіш d - 6 мм тесік ірі



қоспаны іріктеп алады

зияңкестермен зақымдалған

темір қаңылтыр қосындыларын
Мөлшерін орналастыру және бөлу


Бидайдағы ластығы мен дәннің натурасын

жұғымды ақуызды анықтауға анықтауға арналған мөлшері

арналған үлгі

біртектілік құрамы, дәннің мөлдірлігі,

дәнділгіі тасбақа қандаласымен зақымдалғаны,

қауызды дақыл біркелкілігі



Бақылау сұрақтары:

1. Тұқым сапасын анықтаудың негізгі әдістерін атаңыз?

2. Үлгі мөлдектен қалай және қанша мөлшерде алынады?

3. Үлгі жинау ерекшеліткерін атаңыз?

4.Үлгіні зертханада талдаудың негізгі жұмыстарына не кіреді?
ОБСӨЖ № 9 - 10

Егістік тәжірибелерді жүргізуде әдіс-тәсілдерді жетілдіру жолдары.

Өзіндік тапсырмалар:

1. Әдіс тәсілдерді жетілдіру.

2. Егіс тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеу

3. Дисперсиялық талдау

1. Тәжірибе жұмысындағы әдістерді дамыту, оның дәлділігін арттыру –егістік тәжірибесінің тиімділігін арттыруға жағдай жасайды.

Егістік тәжірибе нәтижесінің дәлділігіне силкалардың әсері болады. Мемлекеттік сорт сынау әдістерінің қойған талабы бойынша егістік тәжірибесін жүргізгенде нақтылы себу мөлшері жоспарлы мөлшерінен айырмашылығы 4-5%, ал силканың әр шүмектерінің бір-бірінен айырмашылығы 50 % болуы керек. Дақылдардың тұқымы топырақ қабатында бір қатарда бірдей тереңдікте болуын талап етеді.

Мөлдіктегі есепке алынған алқабы мен қайталауларының қарым-қатынасы тәжірибенің дәлділігін арттырады. Қайталаулар санын тәжірибе жүргізгенде өсіргенде оның дәлділігі арта түседі, ал мөлдіктің көлемін өсірсе, онда оған керісінше, қателіктен тәжірибенің дәлділігі төмендейді.

Егер қайталаулар «і» есе рет өсірілсе, тұрақты тәжірибелердің дәлдігі 3і рет өседі. Қабылданған заңдылыққа сүйене отырып тәжірибенің бөлшек есепті өнімін сәйкес тәжірибелерді шамалап зерттеу жұмысын жоспарлауда тәжірибе дәлділігін формула арқылы есептейді.

S x % = √ S

n × 100 : (K. X)

S x % - тәжірибенің жоспарланған қателігі

S2 - дисперсия қалдығы;

Х – тәжірибедегі орташа өнімділік;

К – коэфициент 3 n.i

n тең;

n, ni – қайталаулардың өсуі.


Барлық тәсілдердің варианттарды орналастырудағы тәжірибенің дәлділігін бағалаудағы айырмашылығы 0,5% аспайды, егістік тәжірибе жұмысында мұндай мөлшер жөнді байқалмайды.

2. Математикалық статистика іріктелген жиынтыққа немесе сұрыптауға жүргізілген бақылаудың негізінде барлық жиынтық туралы қорытындылар шығаруға мүмкіндік береді. Статистикалық тәсілдердің бірі ықтимал категориясына негізделген.

Статистикалық тәсілдерді жасаған ғалымдар И. Пирсон, В.И. Романовский, Р.А. Фишер, А.Н. Холмогоров. Оқып-үйренуге тиісті объектілердің барлық тобын жиынтық (басты жиынтық деп, ал объектілердің тексеруге, зерттеуге алынған бөлігін іріктелген жиынтық) іріктеу деп аталады.

Іріктеу тәсілінің басты мақсаты – шағын іріктеудің статистикалық көрсеткіштері бойынша объектердің статистикада басты жиынтық деп аталатын бүкіл жиынтығын мүмкіндігінше нақты сипаттау.

“X” ерекшелену белгілерінің мүмкін болатын мәндерін варианттар деп аталады. Оларды Х1 Х2, .... Хn арқылы таңбалайды. Қатарды ретімен тәртіптеу, яғни варианттың өсуі мен кему ретімен орналастыру ранжирлеу деп аталады. Берілген жиынтықтың мүшелеріндегі белгінің әр мәнінің қанша рет қайталанатынын сипаттайтын сандарды белгі жиіліктері деп атайды және оларды f арқылы таңбалайды. Барлық жиынтықтың қосындысы ∑f іріктеудің көлеміне, яғни қатар мүшелердің санына – R тең. Бастапқы бақылауларды өңдеудің нәтижесінде вариациялық қатар анықталады.

Ерекшеленген белгінің өсуі немесе кему ретімен алынған мүмкін болатын мәндері мен оларға сәйкес жиіліктерін көрсететін қатарды вариациялық қатар деп атайды.

Құбылмалықтың екі түрі кездеседі:

1. Сандық. Варианттар арасындағы айырмашылық санмен өрнектелетін құбылмалық. Мысалы, дәннің салмағы, биіктігі, шығымы, саны. Олар үздікті дискретті және үздіксіз болып ішінде бөлінеді.

2. Сапалық /атрибутивтік варианттар арасындағы сапалық, яғни кейбір варианттарда болатын, ал кейбіреулерде болмайтын көрсеткіштерімен өрнектелетін ерекшелену. Егер атрибутивті құбылмалықта белгінің бірін-бірі жоятын екі мәні ғана болса, ондай құбылмалықты альтернативтік (қосмағыналы) деп аталады.

3. Дисперсиялық талдау тәжірибесі жоспарлау және оның деректерін стстистикалық өңдеу үшін кеңінен пайдаланылады. Дисперциялық талдауды Р.А. Фишер ашты. Дисперсиялық талдау кезінде бірегей стстистикалық жиынтықты құратын арнаулы жұмыс кестесі күйінде қалыптасқан бірнеше іріктеулердің дербестерін бір мезгілде өңдейді. Статистикалық жиынтықтың құрылымы және оның одан арғы талдау схемамен және тәжірибенің әдістемесімен анықталады.

Дисперсиялық талдаудың мәні ауытқулар квадраттарының ортақ қосындысын және еркіндік дәрежелерінің ортақ санын экспериментің құрылымына сәйкес келетин жиынтықтарға мүшелеу және критерші бойынша зерттелетін факторлардың әрекеті мен өзара әрекетінің мәнділігің бағалау болып табылады.

Үгістіктегі тәжірибенің L вариантты және h рет қайталайтың деректері бойынша ауытқулар квадраттарының қосындысын әдетте мындай жүйемен табады. Бастапқы кестеде қосындыны Р қайталау V вариант бойынша және барлық бақылаулардың жалпы қосындысы бойынша анықтайды.



    1. бақылаулардың барлық санын N= ℓ *h

    2. корректорлау факторын (түзетуді) C (∑х)2 :N

    3. квадраттардың жалпы қосындысын Cy=∑x2-C

    4. қайталаулар үшін квадраттар қосындысын Cy=∑x2:1-C

    5. варианттар ұшін квадраттар қосындысын CV=∑v2:n-C

    6. қате үшін квадраттар қосындысын Cz=Cv- Cp –Cv

квадраттардың сонғы ені қосындысын Cv мен Cz-ті оларға сәкес келетін еркіндік дәрежелеріне бөледі, яғни салыстыратын қалыпқа – вариация еркіндігің бір дәрежесіне келтіреді. Нәтижесінде екі орташа квадрат/дисперция алынады.

S2v = СV



ℓ -1 варианттар

S2= C2 қателер



(n-1)(L-1)

Бақылау сұрақтары:

  1. Қате деген сөзді қалай түсіңісіз?

  2. Тәжірибе қателігін қалай анықтайды?

  3. Дисперссиялық анализ дегенді қалай түсіңесіз?

  4. Ранжирлеу дегеніміз не?


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет