Г. Алпамысова – а.ғ. к Г. Жолдасова – магистр., С. Айтбаев



Дата26.06.2017
өлшемі73.43 Kb.
ОӘЖ 581.8

МӘДЕНИ ӨСІМДІК МАЙБҰРШАҚ СОРТТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ



Г.Алпамысова – а.ғ.к.,.Г.Жолдасова – магистр., С.Айтбаев

Шымкент қ.,Қазақстан.,Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты



Резюме

В статье приведены биологические особенности и химический состав сорта жирных бобов. Показаны работы по применению жирных бобов в виде животного корма в народной и сельском хозяйстве.
Қазақстан Республикасы негізінде аграрлық мемлекет, сондықтан оның халық шаруашылығындағы ең басты және маңызды саласы аграрлық сала. Ол өзінің даму жолында талай өзгерістерге ұшырап келеді. Адам тамағы және жануарлар азығының өмірлік маңызды қоспаларының негізгілерінің бірі болып ақуыз саналады. Оның тамақ құрамында жетіспеуі немесе сапасыз болуы ағзаның қалыпты өмір сүруін бұзып және айтарлықтай кері әсерін тигізеді. Сондықтан өткір жетіспейтін тағамдық және азықтық ақуыз орнын толтыру, салауатты ғылыми негізделген халық тағамы және жануарларды азықтандырудың ұйымдастырудың стратегиялық мақсаты. Бұл дегеніміз жаңа жоғарғы ақуызды өсімдіктер түрінің шикізатын табу қажеттілігін арттырады.

Елбасының халыққа жолдауында осы аграрлық салаға үлкен қолдау көрсетілген. Бүгінгі экономикалық ауыр жағдайдан шығудың бірден бір жолы ауыл шаруашылығын дамытып, елімізді отандық шикізаттармен қамтамассыз ету ғылыми жұмыстың өзектілігі болып табылады [1].

Майбұршақ – ертеден өсіріліп келе жатқан дақылжәне ол дүниежүзілік маңызы бар басты мәдени өсімдіктер қатарына жатады. Майбұршақты жиі түрде таңғажайып өсімдік деп атайды, себебі тұқымның құрамында жоғары мөлшерде ақуыз – 33-ден 45%- ға дейін, 20-25 -ға дейін май және 25-21 көмірсулары бар.

Майбұршақтың ақуызы (белогы) амин қышқылдармен (өте аз мөлшердегі метионин мен цистиннен басқаларымен) жақсы теңдестірілген. Ол жоғары сіңімділігімен, суда жақсы ерігіштігімен ерекшелшенеді. Майбұршақтың құрамында фитин мен сапонин, дәрумендер мен минералды тұздар кіреді. Күлінде көп мөлшерде калий,фосфор мен известь, майда еритін А,Д,Е және С дәрумендері болады, ал В2 дәрумені бидай дәніндегіден 6 есе көп.Мұндай құрам майбұршақты тағамдық, техникалық және мал азықтық өсімдік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.Оның тұқымдарынан 250-ге дейін ас түрін және әртүрлі өнімдер дайындалады.Майбұршақты диетикалық тағам ретінде диабетпен ауыратын адамдарға ұсынылады.Майбұршақ пен оның өнімдері шығысазиялық (әсіресе жапон және қытайлық) және вегетарияндық кухняларда кеңінен қолданылады. [2].

Майбұршақ майы дүниежүзілік өсімдік майлары өндірісінде алғашқылардың бірі болып табылады. Ол тағамға ,тігін өнеркәсібінде, сабын қайнатуға, клеенка шығаруда, линолеум, пластмасс өндірістерінде пайдаланылады. Рафинадталған майбұршақ майы тікелей асқа пайдаланылады, маргарин мен майонез алуға, сонымен бірге фармацептикалық препараттар құрамында қолданылады.Оны смола мен пластмасса, сыр мен лак, желім, тығыздағыш құрамдар, дезинфекциялық құралдар, инсектицидтер, матаға сіңіргіш, сабын және басқа өнімдер шығаруға қолданады.

Майбұршақ – бағалы мал азықтық дақыл. Мал азықтық мақсатқа күнжарасы,шроты, майбұршақ ұнын, жасыл массасын пайдаланады. Күнжарасы мен шроты маңызы бойынша майынан да бағалы. Оның құрамында 60% дейін белок (құрғақ затқа есептегенде) болады және он жоғары белокты концентрат болып табылады,өйткені ол жануарлар рационын сіңімді протеинмен теңдестіреді. 1тонна майбұршақ белок пен амин қышқылдары құрамы бойынша 10 тонна құрама жемді теңдестіреді. Майбұршақтың 100кг. жасыл массасында 21 а.ө. және 3,5 қорытылатын протеин болады. Онымен жануарларды жас күйінде, көмірсулы мал азықтарымен араластырып сүрлем немесе шөп ұны түрінде азықтандыруға болады. Сабағы қойларға мал азығы ретінде пайдаланады.

Майбұршақ бұршақ дақылы ретінде топырақты азотпен байытады. Оның егінін жинағанна кейін 1 га танапта 70-80 кг сіңімді азот жиналады. Отамалы дақыл ретінде – ( жақсы күтім болғанда) майбұршақ танапты арамшөптершен таза қалдырады және көптеген екпе дақылдарға бағалы алғы дақыл болып табылады. Оны сидерат ретінде де пайдалануға болады. Бұршақтар тұқымдасы (Legumіnosae) – қос жарнақтылар класына жататын бұта, шала бұта, шырмауық, кейде ағаш, көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шарында кең тараған. 700 туысы, 17 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 42 туысы мен 650-дей түрі бар. Б. т-на жататын өсімдіктердің гүліндегі 10 аталықтың 9-ы бірігіп, біреуі жеке орналасады. Аналығы – біреу. Жемістері – бұршақ, бір ұялы. Күрделі жапырақтары сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақсыз түрлері де кездеседі. Кейбір түрлерінде жапырақ орнына тікендер, ал жапырақтарының ұшында мұртшалары болады. Б. т-ның түйінді тамырында ауадан азот жинайтын бактериялар орналасады. Олар ауадағы бос азотты сіңіріп, топырақты азотпен тыңайтып, құнарландырады. Тұқымдары белокқа бай Б. т-ның а. ш-нда да маңызы зор. Бұлар бағалы мал азығы (беде, жоңышқа, бұршақ, таспа, т.б.) болып табылады. Ал бұршақ, кестежапырақ сияқты түрлері жасыл тыңайтқыш ретінде өсіріледі. Б. т-ның тех. дақыл ретінде де маңызы зор (мыс., арахис, соя, т.б. майы). Ағаштарының сүрегі құрылыста және жиһаздар жасауға пайдаланылады. Кейбір түрлерінің қабығынан бальзам, шайыр, сапонин, түрлі түсті бояуыш заттар алынады. Олардың ішінде мыс., мия, әйбәтмия, түйежоңышқа, жыланбұршақ сияқты түрлері – дәрілік өсімдіктер. Б. т-ның кейбір түрлері улы, олардың құрамында алкалоидтар, сапониндер, гликозидтер бар (ақмия, бойдана, таспа, кекіре, т.б.) [3].

Бұршақ тұқымдас дақылдар туралы айтатын болсақ,оның бірнеше оңды қасиеттерін атап өтуге болады. Біріншіден, осы өсімдік тұқымдастары өзінің тұқымдарында, және жасыл жиынтығында өсімдік ақуызын аса мөлшерде сақтау қабілеті бар (малдарды толық азықтандыруда маңызы зор). Екіншіден, бұл өсімдіктердің азотжинақтаушылар сияқты агротехникалық маңызы зор (бұлбұршақ тұқымдас өсімдіктер тамырында орналасатын және ауадан тәуелсіз азотты сіңіріп, оны өсімдіктерге қолайлы қалыпқа аударуына қабілетті түйнек бактерияларының қызметімен түсіндіріледі). Үшіншіден, бұршақ тұқымдастар көптеген астық дақылдарына мүмкіндігі аз, яғни олар астық және де басқа дақылдарға жол салушы, ауыр еритін фосфорлы қоспасына қатысты тамырлы жүйесінің сінімділігі қабілеті бар. Төртіншіден, бұршақ тұқымдастар (асбұршақ, нут) рынокта жоғары бағаны ұстап тұр. Бесіншіден, бұршақ тұқымдастардың дәнді, жарма және техникалық дақылдармен бірлесіп ауыспалы егістікте өңдегенде шаруашылықты ұтымды жүргізуге мүмкіндік береді [4].

Жоғарыда аталғандай, бұршақ тұқымдас дақылдар – жан-жануарлар үшін жақсы азық. Президент Жолдауында аграрлық секторде мал шаруашылығын дамыту бойынша теңдесіз жоба жүзеге асырылады деп айтылған, сондықтанда келешекте Солтүстік Қазақстанда өсірілетін дақылдар арасында бұршақ тұқымдастарға нарықтық сұраныс жетекшілік орын алады. Жыл сайын ауылшаруашылық өнімдермен, егістік алқаптардың көлеміне сәйкес, түсіммен топырактан азот алшактанады. Егер дәнді дақылдардың 25ц/га түсіміне қажетті азотты есептесек; 14млн га-1,4млн т. азот қажет болады. Ол дегеніміз топыракты толтыруға қосымша көздерін табуға әкеледі. Біздің планетамызда азоттың бірінші бастауы-ауа, әр гектардың үстіндегі ауа құрамында 80мың т. әйтседе осы мол қорларды адам ағзасында мал ағзасында пайдаланылмайды. Олар азотты өсімдік ағзасымен синтезделген белок түрінде тағаммен және азықпен алады. (Кретович және т.б.1972ж). 1га азот қоры-5-15мың кг, соның ішінде 1% өсімдіктер қоректенуіне жарамды, жылжымалы формалар [5]. Осы мол қорлар, ерекше топты микро ағзалардың тіршілік барысында дәлірек айтсақ биологиялық жолмен, жыл сайын толтырылып отырған (Кретович 1972ж).

Биологиялық азоттың жер өңдеудегі маңызы зор. Ауылшаруашылық өнімдерімен жер шарында топырақтан 100-110 млн. т. азот алынады. Ал минералды тыңайтқыштар тек 12 млн.т. орнын толықтырады. (Колар.гренланд 1961). Азоттың биологиялық байланыссыз белоктың синтезін және жер бетіндегі барлық тіршілікті елестету мүмкін емес (Имшенецкий.1963). Маңыздылығы жағынан азоттандыру процессін фотосинтез және тыныстанумен бір қатарға қоюға болады (Иванов Ж. т.б 1964). Жер өңдеуде биологиялық азотқа Д.Н.Прянишников үлкен маңыз берген (1963): «Химиялық өндірісті толық жетілдіре отырып әрбір техникалық азотқа көбірек биологиялық азот қосу керек, яғни азот мәселесін тек химиялық өндіріспен шешу - мүмкін емес» - деп жазған.

Азот жинау жолына, яғни биологиялық тәсілге көбірек көңіл бөлу қажет. Топырақта еркін өмір сүруші азот бактериялар және клостридиум бактериялардың атмосфералық азотты топырақта байлау (фиксациялау) нәтижесінде топырақ биологиялық азотпен толықтырылады. Бұршақты өсімдіктердің тамыртүйнек бактериялары арқылы да толтырылады. Ауылшаруашылық өндірістікте соңғысының практикалық маңызы зор. Бұршақты өсімдіктермен бірігіп тіршілік ету нәтижесінде олар ауадан көп мөлшерде азотты алады. «Беде, жоңышқа, Люпин әр 200 мың гектар алқабы, дұрыс өңделген жағдайда, бір жылда 30 мың т. азотты құрайды, ол қуатты азот өндіру комбинатпен тең, ал суармалы жағдайда жоңышқа төрт орымда одан екі есе құрайды» [2].

Қазақстан бойынша бұршақты дақылдардың азотпен байыту туралы мәліметтер аз, алайда өнімді көбейту және ауыспалы егістікті қолдануға байланысты топырақты, ауа–райы жағдайын анықтай отырып, ауылшаруашылығы ғалымдары мен мамандарына азот жинаудың накты сандық көрсеткіштерін және бұршақ дақылдарының түрлері бойынша азотпен байытуын білу қажет. Мысалы З.М.Яковлеваның(1960,1962) сынақтарында Алматы облысының ақшыл-сарғылт топырағында және Қызылорда облысының шалғындық-сазды топырағында, сояның ауадан алған мөлшері 174-310 кг/га, сиыржоңышқа -257, шабдардың-304, пажитниктің-250, донник-257, жоңышқа-300 кг [19] Қызылорда облысында, тамыртүйнекті бактерияларының беделді штаммдарымен жұқтырған топырақта 40кг/га дейін азот жинаған. Қазақстандық жер шаруашылығы ҒЗИ-ы топырақты азотпен байытуын үш тәсілмен анықтаған: 1) азоттың тепе-теңдігінің мәліметі, 2) бұршақты және ақ егіс дақылдарының құрамындағы азот айырмашылығын есептеу. 3) пайдаланған және пайдаланбаған өсімдіктердің азот айырмасы. Соңғысын тек сояға қолданған, өйткені нитрагинмен пайдаланса тамырдағы тамыртүйнек қалыптаспайды. Барлық үш тәсіл де егістік жағдайда - 3,3%болады. Топырақ және тұқымнан азотты пайдалану коэффициентін пайдаланған, өсімдіктерден алынған. Майбұршақтың орташадан кеш пісетін сорттары ерте және орташа мерзімде пісетін сорттар деңгейінде өнім қалыптастырды (29,9-38,8ц/га). Ең жоғары өнімділігімен Ласточка және Гибридная 670 сорттары ерекшеленді (38,8-36,3ц/га).

Ең көп таза пайда да Ласточка және Гибридная 670 сорттары өсірілген танаптардан 115,7-104,0мың теңге мөлшерінде алынды. 1 центнер дән өнімінің өзіндік құны да нұсқалар бойынша 2018-2531,8 теңге аралығында болды. Ең қымбат дән Вита сорты егілген танапта өндірілді, ал Ласточка мен Гибридная 670 сорттары егілген танаптардан өндірілген дәннің өзіндік құндары арзан болып, ал өндірістің рентабельділік деңгейі 134,3-147,8% жетті. Шаруашылықта майбұршақ өсіру тиімді және өндірісте жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін, дақылдың әртүрлі мерзімде пісетін сорттарын пайдалану экономикалық тиімділігін артырады


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Кочегура А.В. Селекционный прогресс в повышении продуктивности сои // «Повышение продуктивности сои» Сборник научных трудов ВНИИМК.- Краснодар, 2000.- С.20-23.

2 Сичкарь В.И. Улучшение адаптационных свойств сои путем селекции. –В кн.: Селекция, семеноводство и технология возделывания сои. – Тбилиси, 1983.- С.113-119.

3 Scott R.A.,Champoux M., Schapaugh W.T. Influence of environmental productivity levels and yield stability on selection strategies in soybean // Euphytica.-1994.-78.-№1-2.-C. 115-122.

4 Rose J.L., Bulter D.G., Ryley M.J. Yield improvement in soybean using recurrent selection // Austral J. Agr. Res. –1992.-Vol.43.-№1. –С. 135-144.



5 Довыдова Г.В Определение относительной жаростойкости и засухоустойчивости образцов зернобобовых культур способом проращивания семян в растворах сахарозы и после прогревания.: Методические указания.- Л, 1989.- 11с.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет