«Физика және музыка» атты физикалық кеш. 1-ші жүргізуші: Армысыздар,бүгінгі кешке жиналған физика мен музыканы сүюші қауым! 2-ші жүргізуші



Дата13.10.2018
өлшемі35.34 Kb.
#86086


«Физика және музыка» атты физикалық кеш.

1-ші жүргізуші:Армысыздар,бүгінгі кешке жиналған физика мен музыканы сүюші қауым!

2-ші жүргізуші:Бүгінгі кеште 9,10,11 кластар арасынан белсенді деген алты оқушы ортаға шақырылады. «Қос ішектің бірін бұрап,бірін сәл-сәл кем бұра, Нағыз қазақ,қазақ емес нағыз қазақ домбыра»-дегендей Құрманғазының күйі «Сарыарқа» орындалады.

1-ші жүргізуші:Музыкалық дыбыстар біздің қасымызда үнемі жүретіні белгілі.Музыкалық күш кез-келген адамның жүрегін тебірентіп,жан дүниесін толғандыратыны рас.

2-ші жүргізуші:Әрине бізді қоршаған ортада дыбыстар өте көп,бірақ бізді қызықтыратын тек музыкалық дыбыстар.Дыбыстар бір-бірінен қалай ерекшеленеді?Дыбысты қалай алуға болады?

1-ші оқушы:Сөз бергеніңізге рахмет! Біз неше түрлі дыбыстарды қабылдай аламыз.Ал араның ағаш кескендегі дыбысы,балғаның қатты ұрғандағы дыбысы әрине,құлаққа жаға бермейді.Осыдан келіп дыбыстар екі топқа бөлінеді:Музыкалық дыбыстар мен шу.Мына мысал арқылы түсіндірсем:аттың кісінегені немесе ормандағы құстардың дыбысы бізге шу болып естілгенімен,керісінше орманшыға ол белгілі бір әуен.

1-ші жүргізуші: Рахмет сізге!Музыкалық аспаптардан шығатын дыбыстар бір-бірінен қалай ерекшеленеді?Осы туралы айта кетсеңіздер?

2-ші оқушы:І-Соққылайтын аспаптар-бубен,барабан,ксилофон Т.Б.Олар қолмен,таяқпен соғу арқылы дыбыс шығарады. ІІ-Үрмелі аспаптар-сыбызғы,кларнет,саксафон,сырнай, саз сырнай т.б.Аспап ішінде ауаның таралуы арқылы пайда болады. ІІІ-Клавиштік аспаптар-пианино,клавесин, т.б.Бұл жерде саусақпен ойналады. ІҮ-Ішекті аспаптар-скрипка,гитара,домбыра,қобыз,шаң қобыз т.б.Бұнда ішектің өзін қозғалту арқылы дыбыс шығарылады. 2-ші жүргізуші: Сіздердің тыңдайтындарыңыз Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйі.

1-ші жүргізуші: Енді сіздер дыбыс мінездемесінің маңыздысы-дыбыс биіктігі туралы тыңдап көріңіздер! 3-ші оқушы: Физикада дыбыс биіктігі дыбыс жиілігімен сипатталады.Ең төменгі музыкалық дыбыстың адамға естілу жиілігі секундына 16 тербеліс.Ол орган аспабынан шығады.Бұл қолданылмайды,себебі дыбысты түсіну қиын. Ал,секундына 27 тербеліс-тон,құлаққа анық естіледі,пианино немесе ямахадан естуге болады.Келесі қызықты тон-секундына 44 тербеліс,ер адам дыбысы-бас деп аталады.Бұл дауысқа Парижде ән салған Әміре Қашаубаев ағамыздың дауысы жатады.Секундына 80 тербеліс төменгі бастың нотасы.Музыканың жоғары тонның эталоны 440 тербеліс жасайды.Ал, секундына 1000-1200 тербелісті қобыз,скрипка,жетіген, рояль шығара алады.Секундына 2018 тербеліспен ән шырқайтын қазақтың белгілі әншісі Бибігүл Төлегенова апамыздың дауысы жатады.

2-ші жүргізуші: «Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй»,деп Абай атамыз айтқандай әнге кезек берейік. «Желсіз түнде жарық ай» әнін таспадан тыңдаймыз! 4-ші оқушы: Қайда,қозғалыс болса,сонда жарық бар,қайда жарық болса,сонда сәуле бар,қайда сәуле болса,сонда дыбыс бар.Қозғалыс өте тамаша шеберлікпен,үйлесімділікпен,қатаң тәртіпті заңға бағынған.Олардан шыққан дыбыстар да бірімен-бірі әуендесіп,көрнекі үндестікпен адамға естіледі.Адам да әуезге еліктеп,ән,күй шығарады.Музыка деген сол.Демек,музыканың табиғи-ғылыми тегі бар ғылым.Ән-күйдің әсерінен адам ерекше сезімге бөленіп,болмысын өзгерте алады.Атақты Әл-Фараби мен Абай ән-күйдің тамаша құдіретін сезінген,ерекше мирас қалдырған.Әл-Фарабиге музыкалық мирас қалдырған гректің атақты ғалымы Пифагор.Жеті нота жеті қат көкке арналған.


Ай

1:1




Санжар

15:8




Айқыз

9:8


Шолпан

5:4


Шонай

5:3


Күн

4:3


Арай

3:2

7 2

6 3


5 4

Мына суретте Әл-Фарабидің мақамы берілген.Онда ноталардың белгісі,сандық мәні көрсетілген. 1-ші жүргізуші: Әл-Фарабидің «Музыкалық ұлы кітабы» атты трактаты төрт бөлімнен тұрады: 1) Музыка теориясына кіріспе; 2) Музыка туралы бастама; 3)Аспаптар; 4) Композиция. 2-ші жүргізуші: «Домбыраның қос ішегінде күй пернелер ойнаған,



Осы менің ақыл ойым бір арнаға сыймаған»-дегендей Құрманғазының «Адай» күйін тыңдаңыздар. 6-шы оқушы: Дыбыстың үшінші сипаттамасы-тембрі.Дыбыс тоны бірдей болғанмен, тембрі әр түрлі болады.Қазіргі заманға сай бәріңіздің үйлеріңізде жарықтық музыкасы бар магнитофон мен центрлер бар.Жарықтылық-музыканың жоғары немесе төмен екендігіне байланысты болады.1960 ж.Лондонда алғаш жарықтықмузыка қолданылған.


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет