Ғылыми-зерттеу жəне инновациялық Қызметі



Pdf көрінісі
Дата13.10.2018
өлшемі17.09 Kb.

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖƏНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ 

 

Факультетте ғылыми зерттеу жұмыстар келесі бағыттар бойынша өткізіледі. 



Жылу энергетикасы кафедрасында ғылыми зерттеудің бағыттары: «Кішкене 

СЭС  құрылым  түрін  базалық  түрде  жаңартылатын  энергетиканың  технологиясын 

енгізуде ұсынылған тұжырымдамаларды дəлелдеу», «Тиімді кішкене СЭС өңдеу», 

«ЖЭС-те  жəне  қазандықта  Қазақстандық  энергетикалық  көмірді  жағудың 

тиімділігін  арттыру», «Жылулық  тиімділігін  жоғарлатумен  жылу  энергетикалық 

өнеркəсіпте  техногенді  қалдықтар  негізінде  жасанды  материалдар  түрлері  жəне 

өңдеу», «ЖЭС күл қалдықтарын кешенді қайта өңдеу үшін балқу агрегатын жəне 

энергия үнемдеу технологиясын құру».  

Кафедрада екі шаруа келісімі тақырыбы бойынша жұмыс жүргізіледі: «Жылу 

энергетика»  кафедрасының  меңгерушісі  т.ғ.д.  К.Т.  Баубеков  басшылығымен 

«Газда  жұмыс  істейтін  ПТВМ-100,  ДКВР-10/13,  КВГМ-30  маркалы  қазандықтар 

үшін  энергия  үнемдегіш  шараларды  өңдеу»,  жəне  т.ғ.д.  Б.И.  Диханбаев  «Күріш 

қабыршақтарынан  кремний  көміртегін  алу  бойынша  қондырғылардың  жылу 

техникалық есептері». 

 «Электрмен  жабдықтау»  кафедрасында 2015 ж.  бастап  ҚР  ҒБМ  жолы 

бойынша 2 грант қаржыландыру тақырыптары орындалады: 

- «Ресурсты  жəне  энергияны  үнемдегіш,  терең  реттелетін  асинхронды 

электржетекпен  көп  тарағыш  тарау  аппараттарында  жүнді  қайта  өңдеу  сапасын 

жоғарылату»,  жетекші т.ғ.д., профессор И.Т. Туғанбаев. 

- «6 кВ кернеулі электрлік станцияларында меншікті мұқтаждық жұмыстарына 

инновациялық  технологиялардың  тиімділігін  жоғарылатуды  өңдеу»,  жетекші  т.ғ.д., 

профессор Б.Б. Утегулов  

 «Радиотехника,  электроника  жəне  телекоммуникация»  кафедрасында 2012-

2015  жж. «Ғылыми  жəне  (немесе)  ғылыми-техникалық  қызметі» 055 бюджеттік 

бағдарлама бойынша2 ғылыми жоба орындалды: 

- «Керамикалық  фильтрлер  үшін  құрылымдық  материалдарды  өңдеу», 

жетекші ф-м.ғ.д., профессор А.С. Ногай  

- «Біртекті  емес  орта  арқылы  өте  жоғары  жиілікті  ақпаратты  тарату  жəне 

жинау жүйесін өңдеу», жетекші аға оқытушы А.Б. Мирманов  

2015 жылдан бастап екі тіркелген инициативті тақырыптар бойынша жұмыс 

басталды:  

-  Разработка  перспективных  конструкционных  материалов  для  электроника 

үшін  перспективті  құрылымдық  материалдарды  өңдеу (2015-2020 жж.),  ф-м.ғ.д., 

профессор А.С. Ногай; 

-  Сымсыз  технологияны Smart ауыл  шаруашылығында  қолданудағы 

келекшектері (2015-2020 жж.)., аға оқытушы А.Б. Мирманов.  

Кафедрада студенттер үшін ғылыми үйірмелері жұмыс істейді: 

-  студенттік  құрылымдық  бюро  «Микропроцессорлық  жүйелер    жəне 

ПЛИС», 

- «Инженерлік  жəне  білімдік  технологиялардың  ғылыми-білім  орталығы», 



студенттердің NationalInstruments технологиясымен оқуға мүмкіндіктері болады.  

- Cisco академиясы. 



2012-2015  жж.  электр  жабдықтарын  пайдалану  кафедрасында  қосымша 

сипаттағы 1 гранттық  тақырып  бойынша,  Темпус  жəне  Эразмус  халықаралық 

бағдарлама  бойынша  жəне 2 инициативті  тақырып  бойынша 2 жобамен  жұмыс 

жүргізілді. 

Кафедрада студенттік ғылыми үйірмесі бар «Энергия үнемдеу жəне ЖЭК» 

Факультетте Tempus Project 544601-TEMPUS-1-2013-1-DE-TEMPUS-SMGR – 

«Орталық-Азиаттық  ЖОО-да e-Learning-оқыту  сапа  менеджмент  жүйесін  өңдеу 

жəне енгізу» халықаралық жобасы жүргізілуде. 

 

Қазіргі  уақытта  факультетте  ғылыми  жобалардан  жалпы  қаржыландыру 



сомасы жылына 20 млн. теңгені құрайды. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет