Ғарыштық инфрақұрылымның объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындар нормативтері



Дата22.02.2019
өлшемі177.46 Kb.
#99274


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрлігінің

2016 жылғы « »

№ бұйрығымен

бекітілді



Ғарыштық инфрақұрылымның объектілерін

құруға, пайдалануға және дамытуға арналған

шығындар нормативтері

1. Жалпы ережелер
1. Осы Ғарыштық инфрақұрылымның объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындар нормативтері (бұдан әрі – Шығындар нормативтері) «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының, 1-тармағының 16-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Шығындар нормативтері ғарыштық инфрақұрылымның объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған бюджеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын, техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - ТЭН) және/немесе қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу сатысында бюджетті жоспарлау үшін қолданылады. Шығындар нормативтері инвестициялық шығындарды айқындау, сатылар, құрамдас бөліктер мен қаржыландыру көздері бойынша қаржыландыру қажеттігін бөлу, пайдалану шығындарын, өзіндік құнын есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларында көрсетілген өзге қаржы көрсеткіштерін есептеу үшін пайдаланылады.

3. Осы Шығындар нормативтерін кез келген меншік нысанындағы ұйымдар ғарыш саласындағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырған кезде қолданады.

2. Негізгі ұғымдар мен қысқартулар
4. Шығындар нормативтерінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) атқарушы ұйым – ғарыштық инфрақұрылымның объектілерін құру, пайдалану және дамыту жөніндегі бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект;

2) ғарыш аппараттарын ұшыру (бұдан әрі – ҒА ұшыру) – бұл ғарыш аппаратын зымыран-тасығыштың көмегімен берілген орбитаға шығару;

3) ғарыш жүйесі – ғарыштық кеңістікте міндеттерді шешуге арналған функционалды-өзара байланысқан және жерүсті техникалық құралдар жиынтығы;

4) ғарыштық инфрақұрылым объектілері – жерүсті ғарыштық инфрақұрылым объектілері мен ғарыштық объектілер;

5) еңбек сыйымдылығы – ғарыштық инфрақұрылым объектін өндіруге арналған еңбектің, жұмыс уақытының шығындары;

6) өндірістік шығындар – өнімді өндірумен, қызметтер көрсетумен жұмысты орындаумен тікелей байланысты шығындар;

7) өтемпұл – негізгі құралдар мен бейматериалдық активтердің құнын олардың физикалық және сапалық тозуына қарай, өндірілетін өнімнің (жұмыстар, қызметтер) құнына бөліп ауыстыру;

8) үстеме шығыстар – өндірілетін өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) жасаумен тікелей байланысты емес, олар туындаған кезеңге жататын шығыстар (әкімшілік, өткізетін, маркетингтік).

3. Шығындар нормативтерінің құрылымы
Параграф 1. Ғарыштық инфрақұрылымның объектілерін құру және дамыту жөніндегі Шығындар нормативтерінің құрылымы
5. Ғарыштық инфрақұрылым объектілерін құру және дамыту кезінде мынадай Шығындар нормативтерінің міндетті түрлері болып табылады:

жобаның өндірістік шығындары:

1) өндіріс ішіндегі шығындар:

жобаның өндірістік қызметкерлер құрамының құны:

жобаның өндірістік қызметкерлер құрамының жалақысы;

жобаның өндірістік қызметкерлер құрамының жалақысына салынатын салықтар;

жобаның өндірістік қызметкерлер құрамының жалақысынан аударымдар;

ішкі өндірісті қамтамасыз етуге арналған шығындар:

қосалқы қызметкерлер құрамының жалақысы;

қосалқы қызметкерлер құрамының жалақысына салынатын салықтар;

қосалқы қызметкерлер құрамының жалақысынан аударымдар;

іссапар шығыстары;

пошта, байланыс және интернет қызметтеріне арналған шығындар;

электр энергияға арналған шығындар;

банк қызметтеріне арналған шығындар;

коммуналдық шығыстар;

материалдар;

кадрлар даярлауға арналған шығындар;

өндірістік жабдықтың өтемпұлы;

негізгі құралдар мен бейматериалдық активтер сатып алуға арналған шығындар;

негізгі құралдар мен бейматериалдық активтерге қызмет көрсету және жөндеуге арналған шығындар;

өндірістік алаңдар жалгерлігіне арналған шығындар;

2) ғылыми зерттеулерге арналған шығындар;

3) қосалқы мердігерлердің қызметтеріне арналған шығындар;

4) ҒА ұшыруға арналған шығындар;

5) ҒА сақтандыруға арналған шығындар:

ҒА тасымалдауын сақтандыруға арналған шығындар;

ұшыруға дайындау кезеңінде ҒА сақтандыруға арналған шығындар;

ҒА ұшыруын сақтандыруға арналған шығындар;

орбитадағы сынақтар кезеңінде ҒА сақтандыруға арналған шығындар;

6) пайдалану жөніндегі қызметкерлер құрамын оқытуға арналған шығындар;

үстеме шығыстар:

1) әкімшілік шығыстар:

басқарушы қызметкерлер құрамының жалақысы;

басқарушы қызметкерлер құрамының жалақысына салынатын салықтар;

басқарушы қызметкерлер құрамының жалақысынан аударымдар;

іссапар шығындары;

кеңсе жалгерлігі;

кеңсе тауарлары;

пошта, байланыс және интернет қызметтеріне арналған шығындар;

банк қызметтеріне арналған шығындар;

2) ғарыштық инфрақұрылым объектісін құру жобасын басқаруға арналған шығындар;

3) маркетинг пен жарнамаға арналған шығындар.

Параграф 2. Ғарыштық инфрақұрылымның объектілерін пайдалануға арналған Шығындар нормативтерінің құрылымы
6. Қазақстан Республикасының ғарыштық жүйелерінің міндетіне және оны жасау мақсатына байланысты мынадай түрлері болуы мүмкін:

1) байланыс және хабар тарату ғарыштық жүйелері;

2) жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйелері;

3) ғылыми және ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыштық жүйелер.

7. Ғарыштық жүйенің құрамына тәуелсіз оны пайдалану, мұндай ғарыштық жүйе қызметінің берілген мерзіміне сәйкес өндірістік-техникалық үдерісті жүзеге асыру үшін қажетті ресурстар мен шығындарды (еңбек, материалдық, техникалық, шет ұйымдар қызметі) пайдалануды талап етеді.

8. Шығыстар түрі ғарыштық жүйені және оның инфрақұрылымын (жабдық, ғимарат және құрылыс) пайдалану жөніндегі толыққанды өндірістік циклді қамтамасыз ету қажеттігіне қарай айқындалады.

9. Мынадай шығындар ғарыштық жүйені штаттық пайдалану үшін міндетті шығыстар түрі болып табылады:

негізгі өндіріс шығындары:

1) негізгі құралдар мен бейматериалдық активтер өтемпұлы;

2) өндірістік қызметкерлер құрамының еңбегіне ақы төлеуге арналған шығындар;

3) салықтар және басқа міндетті төлемдер;

4) негізгі құралдар мен бейматериалдық активтерге қызмет көрсету және жөндеуге арналған шығындар;

5) энергияға арналған шығындар;

6) байланысқа арналған шығындар;

7) коммуналдық қызметтерге арналған шығындар;

8) нысандарды күзетуге арналған шығындар;

9) әзірлеушіден/өнім берушінің техникалық қолдауға арналған шығындар;

10) қор (жанар-жағар материалдары, тауарлы-материалды құндылықтар);

11) өзге өндірістік шығындар (іссапар, көлік, оқу);

үстеме шығыстар:

1) әкімшілік шығыстар:

әкімшілік қызметкерлер құрамының еңбегіне ақы төлеуге арналған шығындар;

негізгі құралдар мен бейматериалдық активтер өтемпұлы;

салықтар және басқа міндетті төлемдер;

негізгі құралдар мен бейматериалдық активтерге қызмет көрсету және жөндеуге арналған шығындар;

энергияға арналған шығындар;

коммуналдық қызметтерге арналған шығындар;

нысандарды күзетуге арналған шығындар;

қор (жанар-жағар материалдары, тауарлы-материалды құндылықтар);

байланысқа арналған шығындар;

банк қызметтеріне арналған шығындар;

аудиторлық қызметтерге арналған шығындар;

өкілдік шығыстар;

іссапар шығыстары;

өзге әкімшілік шығыстар (біліктілікті жоғарылату, типографиялық, ақпараттық, консультациялық);

2) өзге операциялық шығыстар:

өнімді жүзеге асыру және пайдалану-техникалық қолдаумен айналысатын құрылымдық бөлімшелерді қамтуға арналған шығындар;

басқа шығыстар (ғарыш жүйесін сақтандыру, маркетинг бойынша шығыстар, мерекелік және мәдени іс – шараларға арналған шығыстар).



4. Ғарыштық жүйелердің объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған Шығындар нормативтерін анықтау тәртібі
Параграф 1. Ғарыштық инфрақұрылымның объектілерін құруға және дамытуға арналған Шығындар нормативтері
10. ғарыштық инфрақұрылым объектілерін құруға және дамытуға арналған шығындар (1) формула бойынша анықталады:
, (1)
мұнда:

– ғарыштық инфрақұрылым объектілерін жасау құны, теңге;

– жобаның өндірістік шығындары, теңге;

– үстеме шығыстар, теңге;

– Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес қосылған құнға салынатын салық, пайыз.
Жобаның өндірістік шығындары (2) формула бойынша анықталады:
, (2)
мұнда:

– жобаның өндірістік шығындары, теңге;

–i жылы жобаның өндірістік шығындары, теңге;

n– жобаны іске асырудың жалпы мерзімі, жыл.


i жылғы жобаның өндірістік шығындары (3) формула бойынша анықталады:
, (3)
мұнда:

– i жылы жобаның өндірістік шығындары, теңге;

– i жылы жоба ішіндегі өндірістік шығындар, теңге;

– i жылы ғылыми зерттеулерге арналған шығындар, теңге;

– кедендік төлемдер мен тиісті салықтарды қоса алғанда, i жылы мердігерлер жұмысының құны, теңге;

– i жылы ҒА ұшыру құны, теңге;

– i жылы ҒА сақтандыру құны, теңге;

–i жылы пайдалану жөніндегі қызметкерлер құрамын оқытуға арналған шығындар, теңге;

Пр– атқарушы ұйымның баға белгілеу саясатына сәйкес пайда нормасы, пайыз.


i жылы өндіріс ішіндегі шығындар (4) формула бойынша анықталады:
, (4)
мұнда:

– i жылы өндіріс ішіндегі шығындар, теңге;

– i жылы атқарушы-ұйымның өндірістік қызметкері 1 адам-айдың орташы құны, теңге/адам-ай;

– i жылы жобаның еңбек сыйымдылығы, адам-ай;

– баға ұсыныстарына сәйкес i жылы жобаны іске асыруға арналған материалдар құны (аспаптар, жиынтықтауыштар және т.б.), теңге;

–i жылы кадрлар даярлауға арналған шығындар, теңге;

– атқарушы ұйымның Есеп саясатына сәйкес i жылы активтер өтемпұлы бойынша шығындар, теңге;

– i жылы негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығындар, теңге;

– i жылы бейматериалды активтерді сатып алуға арналған шығындар, теңге;

– i жылы негізгі құралдар мен бейматериалды активтерге қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығындар, теңге;

– баға ұсыныстары негізінде i жылы Жобаны іске асыруға қажетті өндірістік алаңдар жалгерлігіне және/немесе негізгі құралдарға арналған шығындар, теңге.
i жылы атқарушы-ұйымның өндірістік қызметкері 1 адам-айдың орташа құны (5) формула бойынша анықталады:
, (5)
мұнда:

– i жылы атқарушы-ұйымның өндірістік қызметкері 1 адам-айдың орташы құны, теңге/адам·ай;

– i жылы өндірістік қызметкерлер құрамының орташа айлық атаулы жалақысы, теңге/адам·ай;

– i жылы өндірістік қызметкерлер құрамының жалақысына салынатын салық, теңге;

– i жылы атқарушы-ұйымның 1 адамына есеппен ішкі өндірісті қамтамасыз етуге арналған орташа айлық шығындар, теңге;

– i жылы өндірістік қызметкерлер құрамының саны, адам.
Өндірістік қызметкерлер құрамының жалақысы (6) формула бойынша анықталады:
, (6)
мұнда:

– i жылы өндірістік қызметкерлер құрамының орташа айлық атаулы жалақысы, теңге/адам-ай;

– i-1 жылы өндірістік қызметкерлер құрамының орташа айлық атаулы жалақысы, теңге/адам-ай;

– Жобаны іске асыра бастаған жылдың алдындағы 3 жыл ішіндегі инфляцияның орташа мөлшері, пайыз.
Қызметкердің Жобаны іске асыра бастаған жылдың алдындағы жылғы атаулы орташа айлық жалақысы «Қазақстан Республикасы экономикалық қызметінің жекелеген түрлеріндегі мамандықтар (лауазымдар) бойынша қызметкерлердің жалақысы» деректерінің негізінде, статистика саласындағы уәкілетті органның ресми сайтында жарияланған соңғы аяқталған жылы жобаны іске асырудың нақты орны үшін қызметтің тиісті түрі бойынша анықталады .
i жылы ішкі өндірісті қамтамасыз етуге арналған орташа айлық шығындар (7) формула бойынша анықталады:
, (7)
мұнда:

– i жылы ішкі өндірісті қамтамасыз етуге арналған орташа айлық шығындар, теңге;

– i жылы қосалқы қызметкерлер құрамының орташа айлық атаулы жалақысы, теңге;

– i жылы қосалқы қызметкерлер құрамының жалақысына салынатын салық, теңге;

– i жылы қосалқы қызметкерлер құрамының жалақысынан аударымдар, теңге;

– i жылы қосалқы қызметкерлер құрамының саны;

– i жылы іссапар шығыстары, теңге;

– i жылы пошта, байланыс, ғаламтор қызметтеріне шығындар, теңге;

– i жылы электр энергияға арналған шығындар, теңге;

– i жылы банк қызметтеріне арналған шығындар, теңге;

– i жылы коммуналдық шығындар, теңге.
Қосалқы қызметкерлер құрамының орташа айлық атаулы жалақысы (8) формула бойынша анықталады:
, (8)
мұнда:

– i жылы қосалқы қызметкерлер құрамының орташа айлық атаулы жалақысы, теңге /адам-ай;

– i-1 жылы қосалқы қызметкерлер құрамының орташа айлық атаулы жалақысы, теңге /адам-ай;

– Жобаны іске асыра бастаған жылдың алдындағы 3 жыл ішіндегі инфляцияның орташа мөлшері, пайыз.
Қосалқы қызметкерлер құрамының Жобаны іске асыра бастаған жылдың алдындағы жылғы атаулы орташа айлық жалақысы «Қазақстан Республикасы экономикалық қызметінің жекелеген түрлеріндегі мамандықтар (лауазымдар) бойынша қызметкерлердің жалақысы» деректерінің негізінде, статистика саласындағы уәкілетті органның ресми сайтында жарияланған соңғы аяқталған жылы жобаны іске асырудың нақты орны үшін қызметтің тиісті түрі бойынша анықталады .
i жылы жобаның еңбек сыйымдылығы (9) формула бойынша анықталады:
, (9)
мұнда:

– i жылы жобаның еңбек сыйымдылығы, адам-ай;

– i жылы жобаның өндірістік қызметкрлер құрамының саны;

– i жылы жобаны іске асыратын айлардың саны.
Үстеме шығыстар (10) формула бойынша анықталады:
, (10)
мұнда:

– үстеме шығыстар, теңге;

– i жылы үстеме шығыстар, теңге;

n– жобаны іске асыратын жалпы мерзім, жыл.


i жылы үстеме шығыстар (11) формула бойынша анықталады:
, (11)
мұнда:

– i жылы үстеме шығыстар, теңге;

– i жылы әкімшілік шығыстар, теңге;

– i жылы ғарыштық инфрақұрылым объектісін құру жобасын басқаруға арналған шығындар, теңге;

– i жылы маркетинг пен жарнамаға арналған шығындар, теңге;

– i жылы атқарушы ұйымның өндірістік қызметкерлер құрамының саны, адам.

–i жылы жобаның еңбек сыйымдылығы, адам-ай.
i жылы әкімшілік шығыстар (12) формула бойынша анықталады:
, (12)
мұнда:

– i жылы әкімшілік шығыстар, теңге;

– i жылы басқарушы қызметкерлер құрамының орташа айлық атаулы жалақысы, теңге;

– i жылы басқарушы қызметкерлер құрамының жалақысына салынатын салықтар, теңге;

– i жылы басқарушы қызметкерлер құрамының жалақысынан аударымдар, теңге;

– i жылы басқарушы қызметкерлер құрамының саны, адам;

– i жылы іссапар шығындары, теңге;

– i жылы кеңсе жалгерлігі, теңге;

– i жылы кеңсе тауарлары, теңге;

– i жылы пошта, байланыс, ғаламтор қызметтеріне шығындар, теңге;

– i жылы банк қызметтеріне арналған шығындар, теңге;
Басқарушы қызметкерлер құрамының орташа айлық атаулы жалақысы (13) формула бойынша анықталады:
, (13)
мұнда:

– i жылы басқарушы қызметкерлер құрамының орташа айлық атаулы жалақысы, теңге /адам-ай;

– i-1 жылы басқарушы қызметкерлер құрамының орташа айлық атаулы жалақысы, теңге /адам-ай;

– Жобаны іске асыра бастаған жылдың алдындағы 3 жыл ішіндегі инфляцияның орташа мөлшері, пайыз.
Қосалқы қызметкерлер құрамының Жобаны іске асыра бастаған жылдың алдындағы жылғы атаулы орташа айлық жалақысы «Қазақстан Республикасы экономикалық қызметінің жекелеген түрлеріндегі мамандықтар (лауазымдар) бойынша қызметкерлердің жалақысы» деректерінің негізінде, статистика саласындағы уәкілетті органның ресми сайтында жарияланған соңғы аяқталған жылы жобаны іске асырудың нақты орны үшін қызметтің тиісті түрі бойынша анықталады.

4.2. Ғарыштық инфрақұрылым объектілерін пайдалануға арналған Шығындар нормативтері
Жылына ғарыш жүйесінің 1 объектісін пайдалануға арналған шығындар (14) формула бойынша анықталады:
, (14)

мұнда:


- пайдалану шығындары, теңге;

– ғарыш жүйесін пайдаланумен тікелей байланысты негізгі өндіріс шығындары, теңге;

– әкімшілік шығындар, теңге;

- ғарыш жүйесін пайдаланумен байланысты өзге шығындар, теңге.
Жылына негізгі өндіріс шығындары (15) формула бойынша анықталады:
, (15)

мұнда:


– жылына негізгі өндіріс шығындары, теңге;

– өндірістік мақсаттағы негізгі құралдар мен бейматериалды активтердің өтемпұлы, теңге;

– өндіріситк қызметкерлер құрамының еңбекақы қоры, теңге;

– салықтар, алымдар және бюджетке басқа аударымдар, теңге;

– ғарыш жүйесін пайдаланумен тікелей байланысты өзге шығындар (ғарыш жүйесінің немесе оның жиынтықтауыштарының әзірлеушісін техникалық сүйемелдеу, негізгі құралдар мен бейматериалды активтерге қызмет көрсету және жөндеу, электр энергия, коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, күзет, запастар, оқыту, іссапар және басқа), теңге.
Әкімшілік шығыстар (16) формула бойынша анықталады:
, (16)
мұнда:

– әкімшілік шығыстар, теңге;

– әкімшілік басқарумен байланысты негізгі құралдар мен бейматериалды активтердің өтемпұлы, теңге;

– әкімшілік басқару қызметкерлер құрамының еңбекақы қоры, теңге;

– салықтар, алымдар және бюджетке басқа аударымдар, теңге;

– өзге шығындар (негізгі құралдар мен бейматериалды активтерге қызмет көрсету және жөндеу, электр энергия, коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, күзет, запастар, оқыту, іссапар және басқа), теңге.
Ғарыш жүйесін пайдаланумен байланысты өзге операциялық шығындар (17) формула бойынша анықталады:

, (17)
мұнда:

– жүйені пайдаланумен байланысты өзге операциялық шығындар, теңге;

– қызметтерді іске асыру жөніндегі шығындар, теңге;

– күтпеген шығындар, теңге.


Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет