Ғарыш әлемі Білім саласы: Әлеуметтік орта, Таным, Коммуникация, Шығармашылық. Білім бөлімі



Дата10.04.2018
өлшемі72.11 Kb.
Медетбекова Гүлбахыт Абдижалилқызы,

ОҚО, Кентау қаласы,

«Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасы

«Күншуақ» тобының тәрбиешісі



Ғарыш әлемі

Білім саласы: Әлеуметтік орта, Таным, Коммуникация, Шығармашылық.

Білім бөлімі:Қоршаған орта, Математика, Сөйлеуді дамыту, Жапсыру, Сурет, Құрастыру.

Мақсаты: Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру. Балалардың сөздік қорын байыту. Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту. Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд бойынша суреттер, ғарышкерлер суреттері, үлестірмелі заттар.


Әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі.

Балалардың іс- әрекеттері.

Ұйымдастырушы.

Балалар күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Шаттық шеңбері:

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын,

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан- жағым.

Бәрі бірге жылы лебіздерін білдіріп,қонақтармен сәлемдеседі.



Іздену- ұйымдастырушы.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінде табиғатта қандай көріністер орын алады?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Ай аттарын атаңдаршы.
Слайд бойынша әңгіме жүргізу.

- Балалар аспанда нелер болады?

- Планеталар болды. Біздің тұрып жатқан жерімізде мына глобус сияқты дөңгелек тәріздес болады.

- Ал балалар мына сурет ненің суреті?

- Дұрыс айтасыңдар, ал зымыран бізге не үшін қажет?

- Зымыран әлемдегі ғаламшарлар-ды зерттеу үшін қажет.

- Зымыранмен ғаламшарға кімдер ұшады?

- Зымыран ұшатын орынды Космодром дейді. Балалар біздің Қазақстан Республикасы Байқоңыр қаласында зымыран ұшатын космодром айлағы орналасқан. Міне осы жерден ғарыш-керлер зымыранмен ғарышқа ұшады екен.


Ең алғаш ғарышқа балалар адамнан бұрын иттер ұшырылған. Қане бейнеге қараймыз.

- Ең алғашқы ғарышкер кім?

- Қазақстан Республикасынан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлер кім?

- Дұрыс, олар ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары.

- Ал, балалар ғарышкерлер туралы тақпақтарымызды айтып берейік-ші.


1- бала:

- Қазақстаннвң тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров.

Алтын бесік тербеткен

"Байқоңырдан" аттандың,

Ең алғашқы қазақтың,

Ғарышкері атандың.

Мақтанады өзіңмен,

Бүгінгінің баласы.

Мүмкін олар ертең- ақ,

Ізбасарың болады.

2- бала:

- Ғарышқа үш рет сәтті сапар жасаған. Атақты ғарышкер Талғат Мұсабаев.


Ғарыштың кеңістігін бағындырған

Үш жүзден тәулік онда артық болған.

Бір емес үш қайтара сапар шеккен,

Ер жүрек, батыр едің аға неткен?!


3- бала:

Ел мерейін өсірген ерлігімен,

Сапар шегіп ғарышқа Жер серігі-мен.

Туған жерге оралған ел батырын,

Ұмытпаймыз, қосамыз әнге атын.
- Балалар сендер де ғарышқа ұшқыларың келеді ме?

Слайдтан өзге ғаламшарлық сөйлейді.

Өзге ғаламшарлық:

Сә- ле- мет- сің- дер ме ба- ла- лар!

Мен өз- ге ға- лам- шар- дың тұр- ғы- ны- мын. Мен сен- дер- ді көр- ге- ні- ме қу- ан- ыш- ты- мын . Сен- дер- дің ға- рыш ә- ле - мі ту- ра- лы әң- гі- ме- лер- ің- ді ес- ті- дім. Мен сен- дер- ді өз ға- лам- ша- ры- ма ша- қы- рып, тап- сыр- ма- лар бе- ріп, тек- се- ріп көр- гім ке- ліп тұр. Пла- не- та- лар- ды ара-лап, зерт- теп көр- ің- дер. Қа- лай қо- нақ- қа ке-ле- сің- дер ме?

- Қане, балалар біздер бүгін ғарыш әлеміне саяхат жасайық.



Өзге ғаламшарлық:

Жақ- сы, он- да мен сен- дер- ге хат қал- ды- рып о- ты- ра- мын. Бар- ған пла- не- та- ла- рың- да- ғы хат- та- ғы тап- сыр- ма- лар- ды ор-ын- дап көр- ің- дер.


- Ендеше балалар, қызықты тапсырмалар орындаймыз, яғни ғарышкер боламыз.

Психологиялық сәт жасау арқылы ғарышқа ұшу.


1-ші планета Венера.
- Балалар, бізге қалдырылған хат. Хаттың тапсырмасын оқиын.
Тапсырма:

1-ден - 5-ке дейінгі сандарды тура және кері, қазақ тілінде және орыс тілінде санау.


2-ші планета Юпитер.
Екінші хат, хат тапсырмасын оқимын.
Тапсырма: № 1.

- Балалар, біз ұшып келгенде мына сандар қозғалып, шатасып кеткен екен, соны рет-ретімен қойып шығуымыз керек.

2:

Бейнеде берілген суреттің санын сан таңбасымен сәйкестендіру.


3-ші планета Сатурн.

Балалар , қандай тамаша айнала-ның бәрі жұлдызға толы.


Жарқырап тұр. сендерге ұнай ма?
- Ендеше, көңілімізді бір көтеріп, сергітіп, жаттығу жасап алайық.
- Қалай балалар дайынбыз ба?
Сергіту сәті:

'' Twinkle, twinkle, little star.''


4- ші планета Марс.
- Балалар , Марс планетасына да жеттік.

- Бұл жерде ешқандай хат көріп тұрған жоқпын.


Бейнеден Өзге ғаламшарлық сөйлейді.
Өзге ғаламшарлық:
Ба- ла- лар мен сен- дер- дің пла- не- та- лар -ың ту- ра- лы бі- лім-де- рің- ді тек- се- ріп көр- ей --ін.
Сен- дер қай пла- не- та- дан кел- дің- дер?
Өз әл- ем- дер- ің жай- лы не бі- ле- сің- дер?

Жа- рай- сың- дар ба- ла- лар!


Шығармашылық жұмыс .

Әуен қойылып тұрады.


- Балалар, қане біз өзге ғаламшарлыққа өз қолымыздан Күн планетасын, Қазақстан жер картасын және зымыран бейнесін 3 топқа бөлініп жасап көрсетейік.

Балалар жұмысын көрмеге қоямын.



- Қыс мезгілі.
- Жауаптары.

- Қыс мезгілінде 3 ай бар.

- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Жұлдыз, ай, күн.

- Зымыранның суреті.

- Ғарышқа ұшу үшін қажет.

- Зымыранмен ғарышкерлер ұшады.

Белка мен Стрелка суреттерін көріп танысады.

- Юрий Гагарин.

- Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев.

- Аяулым.

- Ясмина.

- Нұржан.


- Ия ғарышқа ұшамыз.

- Ия планетаға барамыз.

Көздерін жұмып ғарышқа ұшады.

Екі тілде бәрі бірге және 4-5 бала тақтада жеке санап шығады.

Тақтадағы жұмыс.


Жұлдыздардың санына сан таңбасын сәйкестендіреді.


- Ия, ұнайды.

-Дайынбыз.

Ағылшын тілінде "Жұлдыз" әнін айтады.

- Жер планетасынан келдік.


- Біз Қазақстан Мемлекетінде тұрамыз.
- Біз қазақ деген ұлтпыз.
- Бізде көптеген ұлттар өмір сүреді.
-Біздің жеріміз кең - байтақ.

Балалар 3 топқа бөлініп, ұжымдық жұмыстарын жасайды.


Жасаған жұмыс-тарының орындау барысын айтады.

Жетекші-

Жөндеуші.



Өзге ғаламшарлық:

Ба- ла- лар сен- дер бі- лім- ді

ек- ен- сің- дер. Мен- ің сен- дер- мен қош- та- са- тын уа- қы- тым жет- ті. Қош сау бол- ың- дар!

- Балалар, біз бүгін ғарышкер болып, тапсырмалар орындап, керемет саяхат жасадық.

- Сендер жасаған зымыранға отырып, өз жерімізге қайтайық.

- Ал, балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау- саламат болайық.





Күтілетін нәтиже:

Білуі қажет: Ғарыш -аспан әлемі, Ғарышкерлер туралы мағлұмат білу.



Істей алады: Тапсырмаларды орындай алады. Сұрақтарға толық жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет