Ф. М. Сейдалиева, медицина ғылымдарының магистрі, Э. К. Бекмурзаева, м.ғ. д., профессор. Ж.Ә.Қауызбай



Дата27.05.2017
өлшемі42.8 Kb.
Ф.М. Сейдалиева, медицина ғылымдарының магистрі, Э.К. Бекмурзаева, м.ғ.д., профессор. Ж.Ә.Қауызбай, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Ж.М.Абдукаримова, медицина ғылымдарының магистрі, Г.С.Садыкова, м.ғ.к., доцент м.а.

Терапия бакалавриат кафедрасы, ОҚМФА,Әл-Фараби алаңы, №1, Шымкент қ., feruza.s.m@mail.ru
ЖҮРЕК ИШЕМИЯЛЫҚ АУРУЫМЕН ҚАТАРЛАСА КЕЛГЕН БРОНХ-ӨКПЕ АУРУЛАРЫ АҒЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Кілт сөздер: ЖИА, ӨСОА.

Жүрек-қантамыр жүйесі патологиялары мен өкпенің созылмалы обструктивті ауруы мен жер беті тұрғын халықтары арасында ең жиі таралған және әлеуметтік-медициналық маңызы үлкен аурулардың қатарына жатады. Бұл нозологиялық бірліктердің жиі кездесуі, бірінші кезекте осы ауруларды туындататын бірыңғай қауіп-қатерлердің (темекі тарту, қоршаған ортаның жайсыз экологиялық жағдайы, ішімдік, еңбек ету ортасының химиялық поллютанттармен жоғары деңгейде ластануы) шамадан тыс көп болуымен түсіндіріледі. 50 жастан асқан ӨСОА-мен ауыратындардың 50%-ы ЖИА-мен, артериалды гипертензиямен немесе жүрек қызметінің жеткіліксіздігімен ауырады. Жалпы популяциялық топқа қарағанда, өткір миокард инфарктісі бар науқастар арасында ӨСОА-ның таралу деңгейі орта есеппен алғанда 50%-ға жоғары болып шықты [1].

Жүрек-қантамыр ауруларының болуы, соның ішінде ЖИА, ӨСОА-сы бар науқастардың қайта госпитализациялануының негізгі себебі болып табылады. ӨСОА-ның болуы, жүректің ишемиялық ауруын туындататын жастық-жыныстық, темекі тартуы, холестериннің жоғары деңгейде шоғылануы, систолалық АҚ сияқты себептермен қатар, тәуелсіз қауіп-қатер ретінде қарастырылады [2]. ӨСОА-сы бар ауруларда ЖИА-ның дамуында өзіндік заңдылығы бар. Ал осы заңдылықтар әсіресе ЖИА-ның басқа қауіп-қатерлерінің болуында күшейе түседі. Қауіп тобында симптомсыз немесе аз симптомды ЖИА-ның болуы ауру ағымын одан ары ауырлата түседі.

ЖИА кезінде пайда болатын жүректің өткір және созылмалы жеткіліксіздігі бронх-өкпе аппараты қызметінің терең бұзылысына алып келеді. Сол жақ қарынша қызметінің жеткіліксіздігіне байланысты өкпедегі кіші қан айналымындағы қан көлемі мен өкпедегі экстраваскулярлық сұйықтықтың көлемі артады. Осыдан өкпе гипертензиясы дамып, бронхтардың шырышты қабаты ісінеді, бронхиалды бездердің секрециясы жоғарылап, брохтың ауаны өткізгіштігі мен ауаның өкпедегі жайыла таралу қасиеті бұзылады. Осыған байланысты ауруға тән жөтел, ентігу, өкпенің сырылдары сияқты симптомдар пайда болады. Ал сыртқы тыныс алу қызметінің көрсеткіштері патологиялық өзгерістерге ұшырайды. ЖИА бар науқастарда сыртқы тыныс алу қызметінің бұзылуы бронхтағы бұлшық ет тонусының ұлғаюына алып келеді [3].

Бронх-өкпе аурулары мен ЖИА-ның қатарласа келуінен және олардың үдеуінен өкпе және жүрек микроциркуляциясы одан ары бұзылып, қанның реологиялық қасиеттері өзгереді, вентиляциялық, гемодинамикалық, ал соңғы кезеңінде тіндік гипоксия дамиды. Жүректің оң жақ бөлімдеріне түсетін жүктеме күшейіп, өкпенің екіншілік артериалды гипертензиясы қалыптасады. Миокардтың оттегіге сұранысы артып, жүректің қан айдау фазасын нашарлатып, екі қарыншалардың ишемиясын тереңдетеді [4].

Зерттеу мақсаты: жүрек ишемиялық ауруымен қатарласа келген бронх-өкпе аурулары ағымының ерекшелігін бағалау.

Материалдар мен әдістер: біз 3 топ науқастарды салыстырдық. Зерттеу тобына ӨСОА науқас-танған 104 әйел мен 122 ер кісілер жатқызылды. Осы әйелдер мен ер кісілерден үш топ құрастырылды. Бірінші топты осы патологиялармен сырқаттанған әйелдер, екінші топты дәл осындай науқастары бар ер кісілер құраса, ал үшінші топқа салыстырмалы түрде дені сау 27 әйел жатқызылды.

Зерттеу нәтижелері: Зерттеуге алынған науқастардың ЖИА қатар келуі жағдайы әйелдер арасында 56 (53,8%), ер кісілер арасында 73 (59,8%) анықталды. ӨСОА мен ЖИА қатар келген әйелдердің орташа жасы 68,6 жас болса, осы патологиялары бар ер кісілердің орташа жасы 73,2 жасты құрады. ӨСОА-ы бар аурулардың арасында кездесетін жүрек ишемиясы патологиясы стенокардия ауруы. Бұл нозологияның жалпы ӨСОА-мен қатар жүретін жүрек ишемиясының құрамында алатын үлес 79,27±6,78% болып шықты. Инфарктан кейінгі кардиосклероздың үлес салмағы 15,82% құраса, жүрек соғу ырғағының бұзылысы 4,9% дейін жетті. ӨСОА-ы бар ер кісілер арасындағы жүрек ишемиясының құрамында стенокардияның үлес салмағы 76,41%, инфарктан кейінгі кардиосклероздың үлес салмағы 18,64%, ал жүрек соғу ырғағының бұзылысы бойынша 4,96% болып шықты.

Барлық тексерілген науқастар арасында электрокардиографиялық зерттеу жүргіздік. Олардың барлығында жүректің оң жақ бөлігінде өзгерістердің бар екендігі анықталды. Оң жақтағы қарыншаның миокардында гипертрафияның бар екендігі әйелдердің 28,92%, ер кісілердің 22,84%-ында тіркелді. Гисс бумасының оң аяқшасында толық тежелу оқиғасы ер кісілердің 48,4%-ында және әйелдердің 33,5% байқалды.

Оң жақтағы қарынша миокардының гипертрофиясына өкпе артериясы қан қысымының болмашы жоғарылауынан және созылмалы гипоксияның қалыптасуынан туындаған. Сонымен қатар өкпе эмфиземасының әсерінен туындайтын жүректің ротациялық қозғалысынан да жүрек миокардысының гипертрофиясы қалыптасады деп есептеуге негіз бар.

ӨСОА-ның бірінші кезеңінде жүректің оң жақ қарыншасы науқас әйелдердің 24,93%, ал ер кісілер арасында 12,29% кездесті. Аурудың III-кезеңінде осындай жағдайдың таралу деңгейі әйелдер арасында 59,74%, ал ер кісілер арасында 41,83% дейін артты. Сонымен, жүректің оң жақ қарыншасы миокардының гипертрофиясы аурудың даму кезеңіне қарай үлкен өзгеріске ұшырайды және әйелдер мен ер кісілердің көрсеткіштеріндегі айырмашылық нақты бола түседі.



Қорытынды. Сонымен, ӨСОА-мен науқастанған әйелдердің арасында ер кісілерге қарағанда стенокардия ауруы жиі кездессе, ер кісілер арасында инфарктан кейінгі склероз бен аритмия артық болып шықты. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының даму кезеңіне қарай жүректің оң жақ қарыншасы миокардының гипертрофиясына алып келеді.

Әдебиеттер

Глобальная инициатива по ХОБЛ, пересмотр 2011. С. 25-27.

Козлова Л.И. Хронические обструктивные заболевания легких и ишемическая болезнь сердца: некоторые аспекты функциональной диагностики. – Пульмонология. 2001. №2. С.9-13.

Хроническая обструктивная болезнь легких. Федеральная программа/ Под ред. акад. РАМН, профессора А. Г. Чучалина.-2-е изд., перераб. и доп.-М., 2004.- 61 с.



Cosio MG, Saetta M, Agusti A. Immunologic aspects of chronic obstructive pulmonary disease. N Engl J Med 2009; 360:2445-54.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет