Еуропа құрлығындағы ергежейлі мемлекеттер



Дата10.04.2018
өлшемі55.15 Kb.
#66342
Еуропа құрлығындағы ергежейлі мемлекеттер

Еуропа кәрі құрлығында жер көлемі жөнінен кішкентай мемлекеттер – өте көп. Алайда солардың  ішіндегі территориясы шағын болғанымен, экономикасы мен индустриясы арқылы   әлемнің жетекші елдерінен қалыспай келе жатқан елдер  баршылық.  Енді солардың біразына  тоқталсақ.



Ватикан

Ватикан – Италияның Рим қаласында  орналасқан христиан дініндегі католик ағымының басқару орталығы және әлемдегі ең кішкентай мемлекет.  Жер көлемі 0,440 шаршы шақырым. Әлемде 279 –орын. Халық саны 842 адам (2014 ж санақ).  Ресми тілі- италиянша,  латынша.  Ақшасы – евро.  Ватикан – абсолютті теократиялық монархия.  Мемлекет басшысы - Рим папасы.  Папа католик ағымының рухани көшбасшысы әрі президент рөлін атқарады. Сонымен қатар жер көлемі шағын болғанымен Ватикан әлемдегі  аса бай мемлекеттердің бірі. (алтын қоры – 13 миллиард доллар)  Ватикан – табыс көзінің  көп бөлігі дүниежүзіндегі  католиктерге жұмсалады.  Ал бұл елге ақша почта маркаларын сатудан, Ватикандық еуро монеталардан, кәдесыйлардан т.б түседі. Ең көп табыс туризм саласынан жиналады. Ватикан аумағында Папа резиденциясы, Әулие Петр соборы, Апостоль сарайы, Сикстин капелласы секілді жылына милиондаған туристер тартатын, әлемдегі ең әдемі ғимараттар орналасқан.



Монако

Ватиканнан  кейінгі ең кішкентай тәуелсіз ел – Монако княздігі. Астанасы – Монако. Діні – католик.  Жер көлемі 2,02 шаршы шақырым.   Онда да теңіздің құрғауы салдарынан үлкейген  Дүниежүзіндегі халық тығыздығы жағынан алдыңғы қатарда. Шекарасы Францияның ішінде орналасқан. Ресми тілі – французша.  Халық саны – 37 420 (2015ж санақ)  Негізгі кіріс туризм саласынан түседі. Мұнда өте көне әрі аты аңызға айналған Монте-Карло казиносы бар. Казино барлық құмар ойыншыларға ойын барысында кез келген алаяқтықтың түрінің орын алмайтындығына жүз пайыз  кепілдік береді.   Монако - атақты  « Формула-1»  гонкасының басталатын жері



Сан- Марино

Еуропаның  майда өлкесінің бірі – Сан-Марино Республикасы. Оңтүстік Еуропада орналасқан.  Италия шекарасымен  қапталдас. Европадағы ең ескі елдердің бірі.   Халық саны – 32 075  (2011ж), ресми  тілі италянша. Діні – католик. Жер көлемі жөнінен – 190 – орында.  Астанасы – Сан-Марино. Ресми тілі – италянша.  Ақшасы – евро. Жерінің табиғаты таулы.  Жер көлемі 61,2 шаршы шақырым. Әлемде  – 190 – орында. Еуропалық кеңеске мүше елдердің арасындағы ең халқы аз ел. Сан-Марино әлемдегі ең ежелгі мемлекеттің бірі, ол 301 жылдың 3 қыркүйегінде құрылған. Сонымен қатар, ел әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі, мұнда кіріс шығыннан бірнеше есеге көп.



Лихтенштейн

Швейцария  мен Австрияның арасында орналасқан.   Жер көлемі 160 шаршы  шақырым,  халық саны  36 838 адам  (2012ж) .  Ресми тілі - неміс тілі. Діні –католик.  Конституциялық монархиялы ел. Мемлекет басшысы -  князь Ханс- Адам II. Астанасы – Вадуц.   Жер көлемі жөніннен әлемде 189- шы орында. Лихтенштейн тіс протездерін ең ірі экспорттаушысы мемлекет  болып табылады. Бұл ел теңізге шыға алмайды. Швейцария, Австрия секілді аса бай елдермен шекаралас жатқандықтан  мұнда  тұратын  халықтан гөрі мұнда компаниялар көбірек тіркелген.Жалпы ішкі өнім қорытындысы  3,545 млрд доллар. Ал жан басына шаққанда 98 432 доллар.



Мальта

Мальта  — Жерорта теңізіндегі Мальта топаралында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 316 км². Халқы — 452 515  адам (2011). Негізінен мальталықтар (90%) тұрады. Астанасы —  Валлетта қаласы. Ресми тілдері —мальта, ағылшын тілдері. Британ Достастығының құрамындағы ел. Конституциясы бойынша елді президент басқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Ұлттық мерекесі — 21 қыркүйек — Тәуелсіздік күні (1964). Ақша бірлігі — бұрын мальта лирасы болған. Алайда  2008жылы 1 қаңтарда ақша бірлігі болып еуро енгізілді.  Мальта экономикасының басты саласы транзиттік-транспорт операцияларын жүргізу және шетелдік туризм. Кеме жасау және жөндеу, тропикалық жемістер мен жүзім шаруашылығы жақсы дамыған. Елде тоқыма киім, аяқ киім тігу, машина жасау және химия саласы дамыған, электрондық аспаптар шығаратын кәсіпорындар бар. Ауыл шаруашылығы маңызды рөл атқармайды, азық-түлік тауарларының көбі шеттен әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, Ұлыбритания, т.б



Андорра

Андорра княздігі Оңтүстік Батыс Еуропада Пирен  тауларында, Франция мен Испанияның арасында орналасқан кішкентай ел. Жер көлемі – 468 шаршы шақырым, әлемде 178-орын. Ресми тілі – каталанша. Діні – католик. Халық саны – 69 966 адам (2013ж). Олардың ішінде байырғы халқының (андорралықтар) саны — 19 мың шамасында, қалғандары — португалдықтар, испандықтар, француздар. Ұлттық мейрамы — 8 қыркүйек, Богородица Меритксельская күні (Андорраның желеп-жебеушісі). Экономикасының маңызды саласы — темекі өсіру және өңдеу. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бар. Таулы өңірлерінде мал шаруашылығымен айналысады. Тегін және міндетті бастауыш білім беру енгізілген. Елдегі сауаттылық деңгейі 100%-ға жуық.



Люксембург

Люксембург ұлы герцогтігі — Батыс Еуропадағы  мемлекет. Жер аумағы 2586,4 км², әлемде 167-орында.  Халқы 549 680 адам(2010ж), Оның 63%-ын Люксембургтің байырғы тұрғындары, 15%-ын португалдар, 5%-ын италиялықтар, т.б. құрайды. Астанасы — Люксембург қаласы.  Әкімшілік жағынан 3 округке бөлінеді. Ресми  тілдері — француз, неміс, люксембург  тілдері. Халқының көпшілігі христиан — католиктер. Люксембург — конституциялы-монархиялы мемлекет. Мемлекет басшысы — Люксембург ұлы герцогы. Жоғарғы заң шығарушы органы — парламент (депутаттар палатасы). Ақша бірлігі — евро. Люксембург — өнеркәсібі дамыған ел. Электроника өндірісі, химия өнеркәсібі, цемент, тоқыма кәсіпорындары бар. Экспортқа химия, металлургия өнімдерін, тағамдар мен киім-кешек шығарады, сырттан астық, металл, мұнай, көмір, т.б. әкеледі. Туризм дамыған. Мал, егін, жүзім ш., шарап жасау жақсы дамыған. Люксембург БҰҰ-на (1945), Еуропалық  Одаққа (1957), т.б. халықаралық ұйымдарға мүше. Жалпы ішкі өнімі -64,306 млрд доллар (2010ж) жан басына шаққанда 128 806 доллар.

Кипр

Кипр - Батыс Азияда, Жерорта теңізінің  шығыс бөлігінде өзі аттас аралда құрылған мемлекет.  Жалпы жер көлемі – 9251 км² ,әлемде 162- орында. Ақшасы – евро.  Басқару жүйесі – республика. Халқы – 1 142 575 адам (2012ж). Оның 180 мыңнан астамы Солтүстік Кипр Түрік Республикасында тұрады. Жалпы арал тұрғындарының 78%-ы – гректер, 18%-ы – түріктер, қалғандары басқа халықтар.  Ресми тілдері: грек және түрік тілдері. Халқы ислам дінін және христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Астанасы – Никосия қаласы.  Кипрдің өнеркәсіптік  орталықтарының басым бөлігі түрік аумағында орналасқан. Ел экономикасының  басты табыс көзі – туризм саласы. Жалпы ішкі өнім қорытындысы 15,76 млрд доллар. Жан басына шаққанда – 20 428 доллар.



Косово

Косово Республикасы —  Оңтүстік –шығыс Еуропада, Балқан түбегңнде орналасқан ел. Аумағы — 10 887 шаршы шақырым, әлемде 166- орын. Ресми тілдері – албан және серб тілдері. Астанасы – Пириштина. Басқару жүйесі- парламенттік республика. Халқы 1 733 872 адам. (2011ж)   Югославия ыдырауының соңғы оқиғасында Сербиядан бөлініп шыққан ел. Осыған байланысты Косова тәуелсіздігін мойындау  мемлекеттер арасында біркелкі емес. АҚШ,  Жапония, Бельгия, Франция,Ұлыбритания  Италия  Хорватия Аустралия Түркия   тәрізді елдер Косово тәуелсіздігін мойындады. Сонымен қатар  Австрия, Польша, Финляндия, Дания, Швеция, Чехия, Украйна, Эстония   Косовоның тәуелсіздігін танитынын білдірді. Ал Еуроодақ ішінде Испания, Румыния, Словакия, Кипр, Грекия, Болгария Косовоның тәуелсіздігіне қарсылық білдірді. Косовоға әу бастан қарсы Қытай мен Ресейдің қатарына Вьетнам, Ливия және Индонезия  қосылды. .

Черногория



Черногория Республикасы — Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы, Балкан  түбегінің  Адрия теңізі жағалауындағы мемлекет. Оңт.-батысында Хорватиямен, солт.-батысында Босния және Герцоговинамен,  шығысында Сербиямен,  оңт.-шығысында Албаниямен  шектеседі. Аумағы. 13,8 мың км².Әлемде – 155-орын.  Астанасы — Подгорица  қаласы. Халқы 621  518 адам (2014), оның 43,1%-ын — черногорлықтар, 32%-ын — сербтер, 7,8%-ын — босниялықтар, 5%-ын —албандар, хорваттар, цыгандар т.б. құрайды.  Дінге сенушілердің 74,2%-ы православиелік христиандар, 17,7%-ы — мұсылмандар, 3,6%-ы — католиктер. Ресми тілі — черногор тілі.  Конституциясы бойынша мемлекет басшысы — президент. Жоғ. заң шығарушы органы — парламент (скупщина)  Черногория экономикасының негізін қара метелургия, қайта өңдеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп  және тамақ өнеркәсібі де құрайды. Сарапшылардың пікірінше Черногория экономикасы соңғы 10 жылдықты қарқынды өсуде. Оған әсер етуші күштердің бірі елде туризм саласы қарқынды дамып келе жатыр.2014 ж туризм саласынан түскен табыс жалпы ішкі өнімнің 20%- ын құраған.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет