Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 201 жылғы
« » №
қаулысымен мақұлданған
Жоба
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы қызметтік және азаматтық қаруды өткізу туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын, үкіметтерінің атынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты негізге ала отырып,
ынтымақтастықтың әртүрлі саласында сараланған өзара тиімді қатынастарды дамытуға жәрдемдесуге ниет білдіре отырып,
Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыла отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
«ішкі транзит» – қызметтік және (немесе) азаматтық қаруды бір мүше мемлекеттің аумағына үшінші мүше мемлекеттің аумағы арқылы басқа мүше мемлекеттің бірінің аумағынан әкелу (әкету), сондай-ақ қызметтік және (немесе) азаматтық қаруды бір мүше мемлекет аумағының бөлігінен басқа мүше мемлекеттің аумағы арқылы оның аумағының екінші бөлігіне әкелу (әкету);
«өтініш беруші» – рұқсат беру құжатын алу туралы өтінішпен жүгінген заңды тұлға немесе жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген адам;
«құзыретті орган» – мүше мемлекеттің осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес рұқсат беру құжаттарын беруге уәкілетті органы;
«өткізу» – қызметтік және (немесе) азаматтық қаруды бір мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағынан әкелу (әкету);
«рұқсат беру құжаты» – мүше мемлекеттің құзыретті органы осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес беретін қызметтік және (немесе) азаматтық қаруды өткізу мен ішкі транзиті құқығын растайтын құжат;
«қызметтік және (немесе) азаматтық қару» – қызметтік және (немесе) азаматтық қару, оның негізгі (құрамдас) бөлшектері мен патрондары, сондай-ақ мүше мемлекеттердің бірінде тіркеу есебінде тұрған, үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын, тауарлар тізбесінің 1.6 және 2.22-бөлімдерінде көрсетілген мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мәдени құндылықтары бар қару.
Осы Келісімде пайдаланылатын өзге де ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта және Одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарттарда айқындалған мағыналарда қолданылады.
2-бап
Осы Келісім қызметтік және азаматтық қаруды өткізу мен ішкі транзитіне байланысты қатынастарды, сондай-ақ құзыретті органдар арасында осындай өткізу мен ішкі транзитті мемлекеттік бақылауға байланысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасауды реттейді.
Осы Келісім экспорттық бақылауға қатысты қатынастарға қолданылмайды.
3-бап
Осы Келісімнің әрекеті: қызметтік және азаматтық қаруды өткізу мен ішкі транзитін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген болса, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына байланысты азаматтық қаруды өткізу мен ішкі транзитін жүзеге асыратын, жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғаларға;
азаматтық қарудың, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес наградалық құжаттардың негізінде алынған азаматтық және (немесе) қызметтік қаруды өткізу мен ішкі транзитін жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қолданылады.
4-бап
Мүше мемлекеттер осы Келісімге және мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қызметтік және азаматтық қаруды өткізу мен ішкі транзитіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды және жеке тұлғалар тауардың ілеспе құжаттар жиынтығында рұқсат беру құжатының түпнұсқасы болған кезде қызметтік және (немесе) азаматтық қаруды өткізу мен ішкі транзитін жүзеге асыра алады.
Жеке тұлғалар азаматтық қарудың, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес наградалық құжаттардың негізінде алынған азаматтық және (немесе) қызметтік қаруды өткізу мен ішкі транзитін рұқсат беру құжатының түпнұсқасы болған кезде ғана жүзеге асыра алады.
Қызметтік және (немесе) азаматтық қаруды рұқсат беру құжаттарынсыз өткізу мен ішкі транзитіне жол берілмейді.
Қызметтік немесе азаматтық қаруды уақытша әкелуге (уақытша әкетуге) арналған рұқсат беру құжаты сондай-ақ оны қайта әкетуге (әкелуге) арналған рұқсат беру құжаты болып табылады.
5-бап
Қызметтік және азаматтық қаруды өткізу мен ішкі транзиті мынадай:
а) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес одан әрі өткізу үшін заңды тұлғалардың қызметтік және (немесе) азаматтық қаруды бір мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағынан әкелуі және бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына әкетуі;
б) азаматтық жеке тұлғадан айырмашылығы бар мүше мемлекеттің аумағынан сатып алынған азаматтық қаруды жеке тұлғалардың бір мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағынан әкелуі және бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына әкетуі;
в) азаматтық жеке тұлғадан айрмашылығы бар мүше мемлекеттің аумағында мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес наградалық құжаттардың негізінде алған азаматтық және (немесе) қызметтік қаруды жеке тұлғалардың бір мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағынан әкелуі және бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына әкетуі;
г) егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, спорттық немесе мәдени іс-шараларға қатысу кезінде пайдалану үшін заңды немесе жеке тұлғалардың қызметтік және (немесе) азаматтық қаруды бір мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағынан уақытша әкелуі және бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына уақытша әкетуі;
д) аң аулауға қатысу кезінде пайдалану үшін жеке тұлғалардың азаматтық қаруды бір мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағынан уақытша әкелуі;
е) егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, аң аулауға қатысу кезінде пайдалану үшін заңды тұлғалардың азаматтық қаруды бір мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағынан уақытша әкелуі және бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына уақытша әкетуі;
ж) қызметтік және (немесе) азаматтық қаруды жөндеу немесе оның негізгі (қосалқы) бөлшектерін ауыстырып, кейіннен осы қаруды қайта әкету немесе әкелу мақсатында бір мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағынан уақытша әкелу және бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына уақытша әкету;
з) басқа мүше мемлекетте тұрақты тұруға кететін жеке тұлғалардың мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес наградалық құжаттар негізінде алынған азаматтық қаруды, сондай-ақ азаматтық және (немесе) қызметтік қаруды бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына әкетуі және басқа мүше мемлекеттен мүше мемлекетте тұрақты тұруға келетін жеке тұлғалардың мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес наградалық құжаттар негізінде алынған азаматтық қаруды, сондай-ақ азаматтық және (немесе) қызметтік қаруды әкелуі;
и) көрмелерде экспонаттау үшін заңды немесе жеке тұлғалардың қызметтік және (немесе) азаматтық қаруды бір мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағынан уақытша әкелуі және бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына уақытша әкетуі;
к) егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген болса, заңды және жеке тұлғалардың мәдени құндылығы бар азаматтық қаруды бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына уақытша әкелуі және бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына уақытша әкетуі;
л) сәйкестігін бағалау (растау) мақсатында (сертификаттау, сәйкестігін декларациялау, медициналық-биологиялық зерттеу) сынақтар жүргізу үшін қызметтік және (немесе) азаматтық қаруды бір мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағынан уақытша әкелу және бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына уақытша әкету жағдайларында жүзеге асырылады.
6-бап
Рұқсат беру құжаттарын Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін бірыңғай нысан бойынша мүше мемлекеттердің құзыретті органдары береді.
Рұқсат беру құжаттары өтініш берушіге мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде беріледі.
Қызметтік немесе азаматтық қаруды әкетуге арналған рұқсат беру құжатын (жеке тұлғалардың аң аулауға қатысу кезінде пайдалануға арналған өздеріне тиесілі азаматтық қаруды әкелуін қоспағанда) қызметтік немесе азаматтық қаруды әкелу болжанып отырған мүше мемлекеттің құзыретті органы берген осындай қаруды әкелуге арналған рұқсат беру құжаты болған кезде оны әкету болжанып отырған мүше мемлекеттің құзыретті органы береді.
Қызметтік немесе азаматтық қарудың ішкі транзитіне арналған рұқсат беру құжатын (жеке тұлғалардың аң аулауға қатысу кезінде пайдалануға арналған өздеріне тиесілі азаматтық қаруының ішкі транзитін қоспағанда) қызметтік немесе азаматтық қаруды әкелу болжанып отырған мүше мемлекеттің құзыретті органы берген оны әкелуге арналған рұқсат беру құжаты және қызметтік немесе азаматтық қаруды әкету болжанып отырған мүше мемлекеттің құзыретті органы берген осы қаруды әкетуге арналған рұқсат беру құжаты болған кезде мүше мемлекеттің ішкі транзитке құзыретті органы береді.
Аң аулауға қатысу кезінде пайдалану үшін жеке тұлғалардың өздеріне тиесілі азаматтық қаруды өткізу мен мүше мемлекеттің ішкі транзитке құзыретті органы берген осындай қаруды әкелуге арналған рұқсат беру құжаты негізінде жүзеге асырылады, онда көрсетілген азаматтық қару аң аулауға қатысу үшін пайдаланылатын болады. Аң аулауға қатысу кезінде пайдалану үшін азаматтық қаруды әкелуге арналған рұқсат беру құжаты қабылдаушы мүше мемлекеттің заңды тұлғасына немесе жеке тұлғаға беріледі. Аң аулауға қатысу кезінде пайдалану үшін жеке тұлғалардың азаматтық қаруды әкетуіне арналған рұқсат беру құжаты талап етілмейді.
Осы баптың бесінші абзацында көрсетілген рұқсат беру құжатын басқа мүше мемлекеттердің құзыретті органдары оның қолданылу мерзімі ішінде таниды және ішкі транзит жағдайында ішкі транзитке рұқсат болып табылады.
Жеке тұлға аң аулауға қатысу кезінде пайдалану үшін азаматтық қаруды әкеткенге дейін кемінде 10 күн бұрын осындай әкету болжанып отырған мүше мемлекеттің құзыретті органын әкету туралы жазбаша түрде хабардар етеді, оған мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген, аң аулауға қатысуды растайтын құжатты (қызмет көрсету туралы шартты немесе шақыру қағазын) қоса тіркейді.
Жеке тұлға аң аулауға қатысу кезінде пайдалану үшін әкеткен азаматтық қару көрсетілген азаматтық қару тіркелген мүше мемлекетке әкелуге арналған рұқсат беру құжатының қолданылу мерзімі өткенге дейін әкелінуге тиіс.
Аң аулауға қатысу кезінде пайдалану үшін азаматтық қаруды әкелуге арналған рұқсат беру құжаттарын құзыретті органдардың беру мерзімі күнтізбелік 15 күннен аспауға тиіс.
7-бап
Құзыретті органдар есеп беру кезеңінде берілген рұқсат беру құжаттары туралы ақпаратты тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей келісілген нысан бойынша (оның ішінде электрондық байланыс арналары арқылы) басқа мүше мемлекеттердің құзыретті органдарына жолдайды.
Мүше мемлекеттер осы Келісімге сәйкес алынған ақпаратты тек қана осы Келісімді орындау мақсатында пайдаланады.
8-бап
Мүше мемлекеттер бір-біріне және Еуразиялық экономикалық комиссияға өздерінің құзыретті органдары туралы хабарлайды.
Мүше мемлекеттер құзыретті органдары өзгерген жағдайда бұл туралы 30 күн ішінде дипломатиялық арналар арқылы бірін-бірі және Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етеді.
9-бап
Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 112-бабында айқындалған тәртіппен шешіледі.
10-бап
Осы Келісім Одақ шеңберінде жасасқан халықаралық шарт болып табылады және Одақтың құқығына кіреді.
11-бап
Мүше мемлекеттердің өзара келісімі бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің 12-бабында айқындалған тәртіппен күшіне енетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
12-бап
Осы Келісім мүше мемлекеттердің осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы депозитарий алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
20___ жылғы «____»_________________ _________________қаласында бір данада орыс тілінде жасалды.
Осы Келісімнің түпнұсқа данасы осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның расталған көшірмесін жіберетін Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз
Республикасының Республикасының Республикасының Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Ресей
Федерациясының
Үкіметі үшін
Достарыңызбен бөлісу: |