Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы



Дата07.07.2017
өлшемі60.32 Kb.
#27898


Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 14 қазандағы № 240-V ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Шарттың қолданысқа енгізілу тәртібін 113-баптан қараңыз.

      Қолданушылар назарына!


      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

      МАЗМҰНЫ

      2014 жылғы 29 мамырда Астанада жасалған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының


      Президенті                                  Н. Назарбаев

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ТУРАЛЫ


ШАРТ

2014 жылғы 29 мамырда күшіне енді


«ЕҢБЕК КӨШІ-ҚОНЫ» XXVI БӨЛІМІНЕН ҮЗІНДІ

96-бап
Мүше мемлекеттердің еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастығы

      1. Мүше мемлекеттер Одақ шеңберіндегі еңбек көші-қонын реттеу саласындағы саясатты келісу бойынша, сондай-ақ мүше мемлекеттерде еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін мүше мемлекеттер еңбекшілерін ұйымдастырылған түрде іріктеуге және тартуға жәрдем көрсету бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады.


      2. Мүше мемлекеттердің еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастығы мүше мемлекеттердің құзыретіне тиісті мәселелер жататын мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасасуы жолымен жүзеге асырылады.
      3. Мүше мемлекеттердің Одақ шеңберіндегі еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастығы мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
      1) еңбек көші-қоны саласындағы жалпы тәсілдер мен қағидаттарды келісу;
      2) нормативтік құқықтық актілермен алмасу;
      3) ақпарат алмасу;
      4) анық емес ақпараттың таралып кетуін болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру;
      5) тәжірибе алмасу, тағылымдамаларды, семинарлар мен оқу курстарын өткізу;
      6) консультациялық органдар шеңберіндегі ынтымақтастық.
      4. Мүше мемлекеттердің келісімі бойынша көші-қон саласындағы ынтымақтастықтың өзге де нысандары белгіленуі мүмкін.
      5. Осы бөлімде пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «келу мемлекеті» - аумағына басқа мүше мемлекеттің азаматы баратын мүше мемлекет;
      «тұрақты тұратын мемлекет» - мүше мемлекеттің еңбекшісі азаматы болып табылатын мүше мемлекет;
      «жұмысқа орналасу мемлекеті» - аумағында еңбек қызметі жүзеге асырылатын мүше мемлекет;
      «білім туралы құжаттар» - білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар, сондай-ақ білім туралы мемлекеттік құжаттар деңгейінде танылатын білім туралы құжаттар;
      «жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс беруші» - жұмысқа орналасу мемлекетінің заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда мүше мемлекеттің еңбекшісіне онымен жасалған азаматтық-құқықтық шарт негізінде жұмыс беретін заңды немесе жеке тұлға;
      «көші-қон картасы (карточкасы)» - басқа мүше мемлекеттің аумағына келетін мүше мемлекеттің азаматы туралы мәліметтерді қамтитын және оның келетін мемлекеттің аумағында уақытша болуын есепке алу және бақылау үшін пайдаланылатын құжат;
      «жұмыс беруші» - жұмысқа орналасу мемлекетінің заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда, көшіп-қонушы еңбекшіге онымен жасалған еңбек шартының негізінде жұмыс беретін заңды немесе жеке тұлға;
      «әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру)» - еңбекке уақытша жарамсыздығы жағдайы мен ана болуына байланысты міндетті сақтандыру, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардан міндетті сақтандыру және міндетті медициналық сақтандыру;
      «еңбек қызметі» - жұмысқа орналасу мемлекетінің аумағында осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, еңбек шартының негізіндегі қызмет немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі қызмет;
      «мүше мемлекеттің еңбекшісі» - мүше мемлекеттің азаматы болып табылатын, өзі азаматы болып табылмайтын және тұрақты тұрмайтын басқа мүше мемлекеттің аумағында заңды түрде жүрген және заңды негізде еңбек қызметін жүзеге асыратын адам;
      «отбасы мүшесі» - мүше мемлекеттің еңбекшісімен некеде тұратын адам, сондай-ақ оның асырауындағы балалары мен жұмысқа орналасу мемлекетінің заңнамасына сәйкес отбасының мүшелері деп танылатын басқа да адамдар.

97-бап


Мүше мемлекеттер еңбекшілерінің еңбек қызметі

      1. Мүше мемлекеттің жұмыс берушілері және (немесе) жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс берушілері мүше мемлекеттердің еңбекшілерін ұлттық еңбек нарығын қорғау жөніндегі шектеулерді ескермей, еңбек қызметін жүзеге асыруға тартуға құқылы. Бұл ретте мүше мемлекеттер еңбекшілерінің жұмысқа орналасу мемлекетінде еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алуы талап етілмейді.


      2. Ұлттық қауіпсіздікті (оның ішінде стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы) және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында осы Шартта және мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген шектеулерді қоспағанда, мүше мемлекеттер ұлттық еңбек нарығын қорғау мақсатында, мүше мемлекеттердің еңбекшілері жүзеге асыратын еңбек қызметіне, олар айналысатын жұмыс түріне және болу аумағына қатысты шектеулерді белгілемейді және өздерінің заңнамасында белгіленген шектеулерді қолданбайды.
      3. Мүше мемлекеттер еңбекшілерінің еңбек қызметін жүзеге асыруы мақсатында жұмысқа орналасу мемлекетінде мүше мемлекеттердің білім беру ұйымдары (білім беру мекемелері, білім беру саласындағы ұйымдар) берген білім туралы құжаттар жұмысқа орналасу мемлекетінің заңнамасында белгіленген білім туралы құжаттарды тану рәсімі өткізілмей танылады.
      Басқа мүше мемлекетте педагогикалық, заңдық, медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуға үміткер бір мүше мемлекеттің еңбекшілері жұмысқа орналасу мемлекетінің заңнамасында белгіленген білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтеді және тиісінше, жұмысқа орналасу мемлекетінің заңнамасына сәйкес педагогикалық, заңдық, медициналық немесе фармацевтикалық қызметке жіберілуі мүмкін.
      Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары берген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы құжаттар жұмысқа орналасу мемлекетінің заңнамасына сәйкес танылады.
      Жұмыс берушілер (жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс берушілер) білім туралы құжаттардың жұмысқа орналасу мемлекетінің тіліне нотариаттық аудармасын сұратуға, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, мүше мемлекеттер еңбекшілерінің білім туралы құжаттарын верификациялау мақсатында білім туралы құжатты берген білім беру ұйымдарына (білім беру мекемелеріне, білім беру саласындағы ұйымдарға) сұрау салу, оның ішінде ақпараттық дерекқорға өтініш жасау арқылы жіберуге және тиісті жауаптар алуға құқылы.
      4. Мүше мемлекет еңбекшісінің еңбек қызметі осы Шарттың ережелері ескеріле отырып, жұмысқа орналасу мемлекетінің заңнамасымен реттеледі.
      5. Мүше мемлекет еңбекшісінің және оның отбасы мүшелерінің жұмысқа орналасу мемлекетінің аумағында уақытша болу (тұру) мерзімі мүше мемлекет еңбекшісінің жұмыс берушімен және (немесе) жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс берушімен жасасқан еңбек немесе азаматтық-құқықтық шартының қолданылу мерзімімен белгіленеді.
      6. Еңбек қызметін жүзеге асыру немесе жұмысқа орналасу мақсатында басқа мүше мемлекеттің аумағына келген мүше мемлекеттің азаматтары және олардың отбасы мүшелері келу күнінен бастап 30 тәулік ішінде тіркелу (есепке қою) міндетінен босатылады.
      Мүше мемлекеттің азаматтары басқа мүше мемлекеттің аумағында келген күнінен бастап 30 тәуліктен астам уақыт болған жағдайда, егер тіркелу міндеті келу мемлекетінің заңнамасында белгіленсе, бұл азаматтар келу мемлекетінің заңнамасына сәйкес тіркелуге (есепке тұруға) міндетті.
      7. Мүше мемлекеттің азаматтары басқа мүше мемлекеттің аумағына келген кезде, егер мүше мемлекеттердің жекелеген халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, келу мемлекетінің заңнамасында көзделген жағдайларда, көші-қон карталарын (карточкаларын) пайдаланады.
      8. Мүше мемлекеттің азаматтары мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы шекаралық бақылау органдарының белгілерін қоюға жол беретін жарамды құжаттардың біреуі бойынша басқа мүше мемлекеттің аумағына келген кезде, олардың болу мерзімі келген күнінен бастап 30 тәуліктен аспайтын жағдайда, егер келу мемлекетінің заңнамасында осындай міндет белгіленсе, көші-қон картасын (карточкасын) пайдаланудан босатылады.
      9. Жұмысқа орналасу мемлекетінің аумағына келген күнінен бастап 90 тәулік өткен соң еңбек шарты немесе азаматтық-құқықтық шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, мүше мемлекеттің еңбекшісі жұмысқа орналасу мемлекеттің аумағынан шықпай, 15 күн ішінде жаңа еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық шарт жасасуға құқылы.




Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет