Әуе көлігінде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу және өрттердің салдарын жою қағидалары



Дата21.04.2018
өлшемі96.72 Kb.


Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің 2014 жылғы « » _________ № ___ бұйрығына

2-қосымша
Әуе көлігінде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу және өрттердің салдарын жою қағидалары


  1. Жалпы ережелер

1. Осы Әуе көлігінде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу және өрттердің салдарын жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі, «Қазақстан Республикасында әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 маусымдағы және «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы


11 сәуірдегі заңдарына сәйкес әзірленген.

2. Қағидалар азаматтық авиация ұйымдарының мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі үшін әуе көлігіндегі өрт қауіпсіздігі және өрттердің салдарын жою бойынша профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.




  1. Әуе көлігіндегі өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар

3. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық авиация ұйымының басшысына жүктеледі. Ұйым басшысы жекелеген объектілердің (өндірістік цехтар, аймақтар, қойма бөлмелері, қонай үйлер) өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдарды белгілейді.

4. Инженерлік-техникалық қызметкерлерді және қызметшілерді азаматтық авиация ұйымдарында әуе кемелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізуге жұмылдыру үшін өрт-техникалық комиссия (бұдан әрі- ӨТК) құрылады.

5. ӨТҚ құрамына: ұйымның бірінші басшысының орынбасары немесе бас инженері, объектінің өртке қарсы қызметінің бастығы (орынбасары) немесе еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер, күрделі құрылыс, жер үсті құрылыстары, жанар-жағар май материалдары, радиотехникалық жабдықтарды және байланысты пайдалану, авиациялық-техникалық база қызметтерінің басшылары және азаматтық авиация ұйымы басшысының қарастыруы бойынша басқа да адамдар кіреді. Өрт-техникалық комиссиядан басқа ірі құрылымдық бөлімшелерде (жанар-жағар май материалдары, радиотехникалық жабдықтарды және байланысты пайдалану және басқа да қызметтерде) құрылымдық бөлімшенің басшысы цехтық (объектілік) өрт-техникалық комиссия құруы мүмкін.

6. ӨТК мүшелері өзінің қызметінде «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, өрт қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және осы Қағидаларды басшылыққа алады.

7. Авиациялық техника мен объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі нысаны жану мен өрттердің орын алу қаупін тудыратын себептерін уақтылы анықтау және жою мақсатында жүргізілетін профилактикалық жұмыстар болып табылады.

Профилактикалық жұмыс өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тұрғысына жоспарлы зерттеулердің, тұрақты бақылау тексерулердің, күнделікті бақылаудың, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдарын орындауды бақылаудың жиынтығын білдіреді.

8. Профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезінде ӨТК:

1) өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тұрғысына ведомстволық тексерулер жүргізу арқылы әуе кемелерін, құрылыстар мен ғимараттарды пайдалану кезінде тиісті өртке қарсы режимнің сақталуына;

2) азаматтық авиация объектілері қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі іс-шараларына және өрт кезіндегі іс-әрекеттерге оқытуға;

3) мемлекеттік өртке қарсы қызметпен бірге әуе көлігіндегі өрт сөндіру жедел жоспарын әзірлеуге, оларды пысықтау бойынша ведомстволық жоспарлы машықтанулар мен оқу-жаттығуларды ұйымдастыруға, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері бастамашылық еткен оқу-жаттығуларға қатысуға;

4) өрт қауіптілігін төмендетуге бағытталған жаңа техникалық шешімдерді енгізуге бағытталған шаралар қабылдайды.

9. Авиациялық техниканы және объектілерді өртке қарсы қамтамасыз ету авиациялық техникада және объектілерде жану мен өрттердің туындауына жол бермеуге, ал өрт туындаған жағдайда оларды уақтылы анықтауға және нәтижелі сөндіруге, адамдарды және материалдық құндылықтарды қауіпсіз эвакуациялауға бағытталған іс-шаралар кешенін құрайды.

10. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі профилактикалық жұмыстарды мыналар жүзеге асырады:

1) жоспарлы зерттеулер арқылы (жылына екі реттен кем емес) өрт–техникалық комиссия;

2) құрылымдық бөлімшелерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдар (қызметтер, бөлімдер, қоймалар, цехтар, қонақ үйлер басшылары) – үнемі;

3) өрт профилактикасы бойынша азаматтық авиация ұйымындағы тиісті лауазымды адамдар (инженерлер, инструкторлар) – барлық объектілер бойынша үнемі.

11. Объектіде және әуе кемесінде профилактикалық тексеру жүргізу кезінде мыналар анықталады:

1) өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтардың болуы және оларды сақтау дәрежесі;

2) объектінің өрт қауіпсіздігінің нақты жай-күйінің белгіленген өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;

3) бұрын белгіленген өртке қарсы іс-шаралардың орындалу дәрежесі;

4) ұйым (объекті) қызметкерлерінің өрт туындаған жағдайда өрт қауіпсіздігі шараларын білуі және іс-қимыл жасай білуі;

12. ӨТК профилактикалық іс-шаралардың жылдық, тоқсандық және айлық жоспарларын әзірлейді, оларды азаматтық авиация ұйымының басшысы бекітеді. Жоспарларда ұйымдастырушылық-профилактикалық іс-шаралар және зерттелуі жоспарланған барлық объектілер көрсетіледі.

13. ӨТК жоспардың орындалуын белгі жасай отырып бақылайды. Жекелеген іс-шаралар орындалмаған жағдайда тоқсан сайын олардың орындалмау себептері туралы анықтама жасалады, онда жоспарда көзделген жұмыс көрсетіледі.

14. Жоспарлы, бақылау тексерулері мен күн сайынғы бақылаудың нәтижелері бойынша мынадай шаралар қабылданады:

1) өрт-техникалық комиссиялар өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жай-күйі айқындалатын, анықталған бұзушылықтар белгіленетін, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзатын кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізілетін актіні жасайды;

2) құрылымдық бөлімшелер басшылары анықталған өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын бұзушылықтарды жою және осы бұзушылықтарға жол берген кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдайды;

3) өртке қарсы қызмет бөлімшесінің бастығы азаматтық авиация ұйымының басшысына объектілердегі өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы баяндайды және оны жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді;

4) тексеру нәтижелері туралы акті азаматтық авиация ұйымының басшысы бекіткеннен кейін орындауға жатады. Актіде өртке қарсы
іс-шаралардың нақты мерзімдері мен орындаушылары көрсетіледі. Актіден үзінділер орындаушыларға қолхат арқылы беріледі.

15. Мереке күндері жұмыс істемейтін объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мерекелер қарсаңында жабылуы алдында оларды тексеру мен қабылдау жүргізіледі. Объектілерді олардың мереке күндеріне жабылуы алдында өртке қарсы қатысты тексеру мен қабылдау үшін азаматтық авиация ұйымы басшысының бұйрығымен комиссия тағайындалады. Комиссияны тағайындау туралы бұйрықта тексеруге жататын объектілердің тізбесі, тексеру мен қабылдау нәтижелері туралы баяндау уақыты көрсетіледі.

16. Қолданыстағы өндіріске жаңа технологиялық процестерді енгізу кезінде технологиялық операциялардың өрт қауіптілігін төмендетуге және олардың өрттен қорғалуын жетілдіруге бағытталған техникалық шешімдер әзірленеді және енгізіледі. Бұл ретте негізгі бағыттар мыналар болып табылады:

1) өрт қаупі бар органикалық еріткіштерді (бензин, спирт, керосин, уайт-спирит) өрт қаупі жоқ техникалық жуу заттарына ауыстыру;

2) өндірісте пайдаланылатын заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі қасиеттерін зерделеу және оларды қауіпсіз қолдану жөнінде ұсынымдар беру;

3) өрт және жарылыс қаупі бар үй-жайларды өрт сөндіру автоматикасы қондырғыларымен жабдықтау.

17. Азаматтық авиация ұйымдарында әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде өрт қауіпсіздігін бұзушылықтарды уақтылы анықтау және жолын кесу мақсатында, сондай-ақ өрт туындаған жағдайда оны жедел сөндіру үшін әуе кемелерінің перрондары мен тұрақтары бойынша жауынгерлік есептоптары бар өрт сөндіру автомобильдерімен күзету ұйымдастырылады.

Күзету кезеңділігі мен бағыттары жергілікті жағдайларға және ұшулар қарқындылығына байланысты белгіленеді.

18. Азаматтық авиация ұйымдарының қызметкерлері азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Ұйымдардың қызметкерлерін және халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидасының және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптардың негізінде өртке қарсы арнайы даярлықтан өтеді.

19. Азаматтық авиация ұйымдарының басшылары осы Қағидалардың, өрт қауіпсіздігі саласындағы салалық нұсқаулықтардың және басқа да нормативтік құқықтық актілердің негізінде жалпы ұйым және әрбір жеке объекті үшін өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтарды әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.

Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық мына іс-шараларды қамтуы тиіс:

1) аумақты, ғимараттарды және үй-жайларды, оның ішінде эвакуациялау жолдарын ұстауға қойылатын талаптар;

2) технологиялық процестерді жүргізу, жабдықтарды пайдалану, өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралар;

3) жарылыс өрт қаупі бар және өрт қаупі бар заттар мен материалдарды сақтау және тасымалдау нормалары;

4) темекі тарту, ашық отты қолдану және отпен байланысты жұмыстарды жүргізу орындары;

5) жанғыш заттар мен материалдарды жинауға, сақтауға және басқа орынға әкетуге, арнайы киімдерді ұстауға және сақтауға қойылатын талаптар;

6) ауытқуы өрт немесе жарылыс тудыруы мүмкін бақылау-өлшеу аспаптарының (манометр, термометр) шекті көрсеткіштері;

7) қызмет көрсетуші персоналдың іс-әрекеттері, оның ішінде:

мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру жүйелілігі;

технологиялық жабдықты авариялық тоқтату жүйелілігі;

желдеткішті және электр жабдығын ажырату жүйелілігі;

өрт сөндіру құралдарын және өрт сөндіру автоматикасы қондырғыларын қолдану қағидалары;

адамдарды, жанғыш заттарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау жүйелілігі;

азаматтық авиация ұйымының (бөлімшелерінің) барлық үй-жайларын тексеру және өрт жарылыс қауіпсіз жай-күйге келтіру.

20. Технологиялық процесті және жұмыс жағдайларын өзгерту кезінде, сондай-ақ объектіде болған өртті, аварияларды және жарылыстарды талдау негізінде Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар кемінде үш жылда бір рет қайта қаралады.


  1. Әуе көлігіндегі өрттер салдарын жоюды ұйымдастыру

21. Әуе кемелеріндегі өрттің салдарын жою жөніндегі іс-шаралар азаматтық авиация ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілетін өрт құтқару есептоптары мен өзара қарым-қатынас жасайтын қызметтер іс-қимылдарының авариялық жоспарына сәйкес ұйымдастырылады.

22. Әуе көлігі объектілеріндегі өрттерді жою үшін әуежайдың авариялық-құтқару командаларының құрамына кіретін штаттық өрт-құтқару есептоптары құрылады, олар өрт-құтқару техникасымен, өрт сөндіретін құрамдармен, арнайы авариялық-құтқару жабдықтарымен және жарақтарымен қамтамасыз етіледі.

23. Әуе көлігі объектілеріндегі өрттерді жоюға арнайы қызметтердің және құралымдардың күштері мен құралдарын жұмылдыру тәртібі тиісті өзара іс-қимыл нұсқаулығында айқындалады.

24. Азаматтық авиация әуе айлақтарының аумағында орналастырылған авариялық-құтқару командаларының әуе кемелеріндегі өрттерді жою кезіндегі іс-әрекеттері әуе көлігі объектілеріндегі өрт сөндіру тактикасына сәйкес жүзеге асырылады және мыналарға бағытталуы тиіс:

1) авариялық жағдай сипатын бағалау және азаматтық авиация ұйымының қосымша күштері мен құралдарын және басқа да өзара іс-қимыл жасайтын қызметтерді жұмылдыру.

2) әуе кемесінің жолаушыларын және экипаждарын үрлемелі және жылжымалы трапты, құтқару арқандарын, қол және өрт сатыларын пайдалану арқылы іздестіруді, эвакуациялауды және құтқаруды ұйымдастыру;

3) өртті оқшаулау және жою;

4) жанып жатқан әуе кемесіне жақын орналасқан объектілерді өрттен қорғау;

5) өрт аймағынан жылжымалы техникалық жабдықтарды және басқа да әуе кемелерін эвакуациялау (тіркеп сүйреу);

6) сумен жабдықтау көздеріне кірме жолдарды қамтамасыз ету;

7) адамдар мен жүктердің қозғалысына шектеу енгізу;

8) ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;

9) барлық жұмылдырылған бөлімшелермен үздіксіз байланысты ұйымдастыру.

25. Әуе кемелеріндегі өрттерді сөндіру кезінде өртті барлауға маңызды рөл беріледі. Өртті барлау оқиға орнына өрт автокөлігі қозғалған кезде басталуы тиіс. Бұл ретте мынадай негізгі факторлар айқындалады: өрттің орны және сипаты, адамдардың болуы және оларға төнген қауіп дәрежесі, өрт өлшемі, оттың таралу бағыты, фюзеляж үшін өрттінің қауіпті орны, сондай-ақ өрттің дамуына метеожағдайлардың әсері.

26. Барлық күштер мен құралдар шешуші бағытқа негізделуі тиіс. Бастапқы кезеңде шешуші бағыт ретінде қысқа мерзімде фюзеляж астына және көлденең қанат жанына төгілген авиажанармайының өртін оқшаулау, сондай-ақ әуе кемесінен адамдарды эвакуациялау үшін эвакуациялау жолдарын жасау болып табылады.



27. Өртті сөндіргеннен кейін әуе көлігі ұйымы өрттің салдарын жоюға, әуе кемесінің қозғалысын қалпына келтіруге, ұшу-қону жолағын тазалауға және жөндеуге бағатталған іс-шараларды жүзеге асырады.

28. Өртті жою кезінде жұмылдырылған өрт және қосымша техника, пайдаланылған өрт-техникалық жабдықтар және жарақтар, жұмыс соңында тазаланады, олардың техникалық жай-күйі тексеріледі және тұрақты орналасу орнына қойылады.
Каталог: portal -> page -> portal -> mvd -> mvd page -> mvd norm baza current -> mvd nb doc
mvd nb doc -> Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарты Жалпы ережелер
mvd nb doc -> Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы қызметтік және азаматтық қаруды өткізу туралы келісім
mvd nb doc -> Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары
mvd nb doc -> Ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасы
mvd nb doc -> Салыстырмалы кесте
mvd nb doc -> Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлері


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет