Этнопсихология – психологияның дербес ғылыми саласы ретінде а. З.Әліпбек ОҚмпи, Шымкент қ., Қазақстан Резюме



Дата17.07.2017
өлшемі97.35 Kb.
ӘОЖ 159.922.4:001.1

ЭТНОПСИХОЛОГИЯ – ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ДЕРБЕС ҒЫЛЫМИ САЛАСЫ РЕТІНДЕ
А.З.Әліпбек

ОҚМПИ, Шымкент қ., Қазақстан


Резюме

В данной статье раскрываются основные направления истории развития этнопсихологии как отдельной науки. Здесь даны основные понятия, структура и направления этнопсихологии.



Summary

In this article the basic directions of history of the development of ethnopsychology as separate science reveal. Here the basic concepts, structure and ethnopsychology directions are given.

Қазақстанда жоғары оқу орындарында педагог-психолог мамандарды кәсіби және тұлғалық тұрғыда даярлаудағы өте қажетті, әрі өзекті ғылым салаларының бірі этнопсихология пәні. Этнопсихологиялық мәселелердің өзектілігі – қоғамдағы әлеуметтік үрдістердің саяси және ұлттық бағдарлылықтардың қайта өзгерулерімен байланысты. Мұндай өзгерістердің нәтижесі – тәрбие және білім беру салаларына айтарлықтай өз ықпалын тигізуде. Осыған орай, болашақ педагог мамандарды этнопсихология ғылымның өзекті мәселелері, негізгі ұғымдары және тарихи даму жолдары туралы білімдермен қаруландырудың қажеттілігі – бүгінгі күннің талабынан туындап отыр.

Этнопсихология методологиясы – бұл ғылымның идеялық позициясы нақты этникалық қауымдастық өкілдерінің ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін танудың негізгі заңдылықтары туралы неғұрлым жалпыланған мағыналары. Этнопсихология методологиясы біріншіден, оның пәнінің өзіндік мағынасымен анықталады, адамның ұлттық-психикалық ерекшеліктерін дұрыс зерттеу үшін мазмұнын, қалыптасу заңдылықтарын және функцияларын қоғамдық сананың басқа элементтерімен өзара қатынасын анық аша білу керек. Екіншіден, ұлттық психиканың даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауға, тиімді зерттеуге мүмкіндік беретін әдіс пен әдіснамалар көмектеседі.

Әдетте, этнопсихологияның методологиясының үш деңгейі бар:

Жалпы методологиясы – объективті әлемнің жалпы даму заңдылықтарының нақты және дәл бейнесін береді. Оның компоненттері, этнопсихология зерттейтін құбылыстардың орыны туралы ақпараттардың нақты алынуын қамтамасыз етеді.

Отандық психология ғылымының жалпы методологиясы мынадан туындайды: бізді қоршаған әлем материядан тұрады. Материя бірінші, психика мен сана екінші; Материяның әртүрлі бөлімдері, үнемі қозғалыста, дамуда, өзара әрекетте болады. Материялардың қозғалысы мен өзара әрекеті бардық қоғамдық психологиялық ерекшеліктерді анықтайды (соның ішінде ұлттық-психологиялық феномендерін, әлеуметтік белсенділіктерді). Өзара әрекет – материалды жүйелердің, соның ішінде әлеуметтік топтардың болуы мен құрылымын анықтайтын даму мен қозғалыстың, әмбебап, объективті формасы. Материя бірінші, психика мен сана екінші. Адамзат тарихында өзара әрекет пайда болуы мен дамуының алғашқы формасы болды. Кейін филогенетикалық эволюция барысында адамның басқа индивидтермен өзара әрекеті толыққанды, реттелген, көпфункционалды, бірлескен әрекетке айналады. Адамдардың өзара әрекет нәтижесінде барлық қоғамдық қатынастар (соның ішінде, ұлттық) туындайды. Көптеген қоғамдық қатынастардың мазмұны мен сипаты өзара әрекеттің, осы процестегі нақты адамдардың мақсаты мен қоғамда алатын орындарымен негізделеді.

Арнайы методология немесе этнопсихологияның өз методологиясы – өзі зерттейтін феномендердің дамуы мен қалыптасуына қатысты өзіндік заңдылықтарын қалыптастырады. Этнопсихологияның арнайы методологиясы – ұлттық-психологиялық феномендерді талдауда басшылыққа алатын психологиялық ғылымдардың принциптері арқылы жасалады.

Детерминизм принципі – қандайда бір этникалық қауымдастықтың қалыптасу процесіне әсер ететін әлеуметтік, соның ішінде, жалпы психологиялық факторлар әсер ететін ұлттық-психологиялық ерекшеліктердің себепті негізі. Сондықтан, нақты бір этнопсихологиялық феноменді түсіну үшін, оны тудырған ерекше бір себептері мен жағдайларын түсіну қажет.

Сана мен іс-әрекет бірлігінің методологиялық принципі – мұнда этнопсихология қандайда бір іс-әрекет түрінің заңдылықтарына тәуелді. Этнопсихологиялық феноменнің көрінуін түсіндіреді. Бір жағынан, нақты бір іс-әрекеттің жалпы заңдылықтары психологиядағы субъектілердің ұқсастықтарын тудырады; ал екінші жағынан, ұлттық өзіндік сана, ол әр халықта қандай да бір бейнеде көрініп, іс-әрекеттің элементіне де, формаларына да айырмашылықтар әкеледі.

Тұлғалық тұрғыдан келу принципі – кез келген ұлттық-психологиялық ерекшелікті зерттегенде, бірінші орынды, нақты бір тұлғаны, екіншіден, өзіне тән сезімі, ойы, уайымы бар этникалық қауымдастыққа тән нақты бір өкілді зерттейтінімізді ескерген жөн. Ұлттық-психологиялық ерекшеліктерді талдауға арналған гносологиялық тұрғы бір ұлттың немесе халықтың әлеуметтік-тарихи процестердің дамуын басқалармен салыстыра отырып зерттеу. Адамдар психологиясындағы қандай да бір ерекшелікті өзімізге белгілі саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және психологиялық факторларының әсер етуінің нәтижесі екендігін анықтау.

Этнологиялық факторларды ескеру принципі – адамдардың материалды өмірі мен материалды тұрмысына қатысты.

Жеке методология – этнопсихологияның бұл методологиясы нақты бір ғылымның әртүрлі құбылыстарды зерттеуге арналған әдістердің, тәсілдердің, амалдардың, әдістемелер мен техникаларының бірлестігі. Әдіс қандай да бір құбылысты танудың негізгі жолы, ал әдістеме – осы әдісті өзіндік байланысымен, бірізділігімен анықтайтын әдістемелік-техникалық амалдардың бірлестігі. Әдістемелер, әдіске қарағанда, қандайда бір нақты феноменді зерттеуге бағытталады. Ал, техника қандайда бір әдістемені тиімді, оңтайлы қолдану үшін арналған арнайы амалдардың бірлестігі (статистикалық талдау, ақпараттың сенімділігін бақылау амалы).

Ұлттық мінездің мәселелері мен ерекшеліктерін зерттейтін әлеуметтік психология ғылымының арнайы саласы – этнопсихология. Этнопсихология – әр халық пен тайпаның өзіне тән тыныс тіршілігінен туындайтын (тіл, дін, әдет-ғұрып, салт, дәстүр, миф т.б.) психологиялық ерекшеліктердің жүйесін зерттейді. Сондай-ақ, ұлттық мінез-құлықты халыққа тән жан дүниесінің ерекшеліктерін қарастырады.

«Этнопсихология» термині үш сөзден құралған мағынаны білдіреді: «Etnos» - ұлт, халық, тайпа, «psyche» - жан, «logos» - ілім.

Бұл ғылым саласы – дүниежүзіндегі өмір сүретін әр түрлі этностардың өзіне тән ұлттық мінезін, этностардың өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін зерттейді.

Этнопсихология – әрбір халықтың рухани әрекеті мен мәдениетін (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, діл, дін т.б.), сол халықтың психологиясын, сана-сезімін, көрсететін негізгі өлшемдерді қарастырады.

Этнопсихологиялық ой-пікірлер дамуы – антика дәуіріндегі философтарының еңбектерінен бастау алады. Геродот, Гиппократ, Гацит, Глиния, Страбон және т.б. Көне грек елінде тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына өмір сүретін ортасы басты ықпал етеді. Атап айтсақ, ежелгі грек ойшылы Гиппократ (б.э.д.460-б.э.д.377-356) халықтардың бір-бірінен айырмашылығы, соның ішінде олардың мінез-құлығы, сана-сезімі – өз елінің климаты мен табиғатына байланысты болады деген пікірлерді алға дамытты. Геродот (б.э.д.490-б.э.д.425) – ол атақты грек тарихшысы, этнографы. Ол әртүрлі халықтың мінезі мен өмірін, тыныс-тіршілігін табиғи ортасымен байланыстыра отырып, халықтың өзіне тән ерекшеліктерін айқындап беруге тырысты. Мысалы, оның айтуынша, Египеттегі өзін-өзінің табиғи қасиеттімен ерекшеленетіндей, халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы басқа халықтарға қарағанда мүлдем өзгешелеу дейді.

Этнопсихология – жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейде, кейінірек Батыс Европада (Лацарус, Штейнталь, Вундт) пайда болды. Қазақ елінде бұл мәселемен Ш.Уәлихановта айналысты. Оның еңбектерінде «Халық рухы» дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны «халықтық психология» ұғымының синонимі деуге болады.

Этнопсихология ғылымының зерттейтін сан алуан мәселелері мыналар: этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, салт-дәстүр және т.б.

ХVIII ғасырда Француз ағартушылары «халық рухы» деген түсінікті географиялық фактормен байланыстыра отырып, шешуге тырысты. Француз ағартушысы Ш.Монтоскье (1689-1755) дүниедегі көптеген заттарды адам басқарады деп айтты. Мысалы: Климат, дін, заңдар, басқару принциптері, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер т.б. Сондай ақ, Монтоскьенің айтуынша, климат «халық рухындағы» басты фактор. Мысалы: ыстық климаттың адамдары тұйық, жалқау, ерлік жасауға қабілетсіз деді. Ал, солтүстік халықтары суыққанды барлық істерге бейімделгіш келеді.

ХІХ ғасырдың ортасында этнопсихология жеке ғылым ретінде Германияда қалыптасты. Оның негізін қалағандар М.Лацарус (1824-1903) Г.Штейнталь (1923-1893). Олардың алғаш осы ғылым жайындағы еңбектері «Тіл білімі және халықтар психологиясы» журналында жарық көрді. Лацарус және Штейнтальдің түсінігінше, «халық» - адамдар жиыны, тобыры, ал адамның рухани ерекшеліктері тілі мен шығу тегіне байланысты емес, адамдар белгілі бір халыққа субъективті жататындағы анықталады. Лацарус және Штейнталь этнопсихологияның мынадай негізгі мәселелерін бөліп көрсетті:



- Халықтың рухтық психологияның мәні мен маңыздылығын оқып үйрену;

- Халық өміріндегі, өнері мен ғылымындағы ішкі іс-әрекеттерінің заңдылықтарын ашу;

- Қандай да бір халықтың пайда болу, даму және жойылуының негізгі себептерін анықтау.

Лацарус және Штейнтальдың идеяларын Ресейде 1859 ж. алға қарай дамыта бастады. Ресейде Н.И.Надеждин (1804-1856 жж.), К.Д.Кавелин (1818-1885) болды. Этнопсихологиялық ой-пікірлердің ары қарай дамуы мен қалыптасуына бір қатар Ресейдің ірі ғылымдары мен көрнекті өкілдері қатысты: Н.Я.Чадаева, П. Сорокин, А.С.Холяков, Н.Я.Данилевский, Н.Г.Чернышевский, В.О.Ключевский, В.С.Солов, Н.А.Бердяев, Н.О.Лосс және т.б. Бұл ғалымдар орыстың ұлттық психологиялық ерекшеліктерін сипаттауға, зерттеуге тырысты.

Германияда В.Вундт (1832-1920 жж.) халықтар психологиясы – алғашқы әлеуметтік-психологиялық білімдердің формаларының бірі болып табылады деген көзқарасты алға қарай дамытты. В.Вундт 1886 жылы алғаш рет этнопсихологиялық еңбектері жарық көрді, 1912 жылы «халықтар психологиясы проблемалары» атты еңбектері жарияланды. 1900 жылы «Халықтар психологиясы» атты он томдық кітаптары жарық көрді.

Неміс ғалымдары халықтың шығармашылық рухы өнімдерінің нақты құрылымын сипаттар көрсетті:

- Ұлттық тіл; мифтер (аңыздар); салт-дәстүрлер; 1954 жылы американдық зерттеуші Дж. Хонигман «Мәдениет және тұлға» мектебі туралы толық сипаттама беруі. Бұл мектептің негізгі міндетті – белгілі бір мәдени ортада индивид өмір сүреді, ойлай алады және сезінеді деген пікірді қолдады.

«Жеке тұлға және мәдениет» мектебінде 1950 жылы атақты белгілі зерттеушілер – Р.Бенедикт, К.Дюбуя, А.Инкелес, Р.Ментон, М.Мидтің еңбектері америкалық ғылымда жетекшілек мәнге ие болды. Қазіргі таңда мәдени антропологиялық зерттеулер аймағындағы психологиялық аспектілерді психологиялық антропология деп атайды.

Психологиялық антропологияның негізгі бағыттарын дәстүрлі түрде келесі түрге болып қарауға болады:

- Балалардың әлеуметтенуін зерттеу (балалар этнографиясы);

- Ұлттық мінез-құлықты зерттеу;

- Әр түрлі мәдениеттінің даму дәрежесі мен нормаларын талдау;

Американдық антрополог Ф.Бок психологиялық мәдениеттің негізгі мектептері мен принциптерін ұсынды:

Бірінші мектеп – психоаналитикалық антропология 2 принциптерден тұрады: Фрейдизм; Неофрейдзм (Фромм, Эриксон).

Екінші мектеп – «жеке тұлға және мәдениет» 4 бағытты біріктірді: бірінші бағыт – мәдениет конфигурациясы (Бенедикт); екінші бағыт – базалық және модальдық тұлға (Кординер, Дюбуя, Линтон, Инкелес); үшінші бағыт – ұлттық мінез құлық (Хсю, Горер); төртінші бағыт – салыстырмалы-мәдениет (Жд.И.Б.Уайтинги).

Үшінші мектеп - «әлеуметтік құрылым және жеке тұлға» 3 бағытты анықтайды: а) материалистік бағыт (Маркс, Энгельс, Бухарин); б) позитивистік (Вебер, Мертон); в) Интеракционистік (Г.Мид).

Төртінші мектеп – когнитивтік антропология 3 бағытты анықтайды: а) Примитивтік ойлауды зерттеу (Тейлор, Леви-Брюль, Боас, Леви-Строс); б) Жеке даму ерекшеліктер мәселесін талдау. (Пиаже, Коул); в) Этносемантикалық зерттеулер (Бермен, Кэй).

Этнопсихологиялық зерттеулердің күрделігіне байланысты 3 бағыт анықталады.

Бірінші бағыт – мәдени релятивизм. Мәдени релятивизм – психикалық процестің құрылымы мен мазмұнына мәдениет аралық ерекшеліктердің жоғарғы түрі болып табылады. Мәдени релятивизмнің өкілі ретінде Р.Бенедикт мәдениет конфигурациясының тұжырымдамасы; Сепиор-Уорфтың «Лингвистикалық қатынастылық гипотезасын» айтуға болады.

Француз философы және әлеуметтанушысы Л.Леви-Брюльдің тұжырымдамасы – Европалықтардың логикалық ойлауын алғашқы қоғамдық ойлауымен қарама-қарсы қояды. Ф.Боастың түсінігінше, барлық мәдениет тең, бірдей, бірақ әр түрлі.

Релятивизмнің өкілдерінің көзқарасынша, қандай да бір болмасын психологиялық құбылыстарды мәдени өзгерістердің негізінен түсіндіруге болады дейді. Релятивизм (лат/releаtivus – қатынастылық) – адам танымының қатынастылығы, шарттылығы және субъектілігі туралы ілім. Релятивизм халық білімінің қатынастылығын мойындап, танымның объективтілігін жоққа шығарады, әрбір халықтың білімінде объективті дүние бейнеленбейді деп сипаттайды.

Екінші бағыт – мәдениет пен абсолюттілік арасындағы ұқсастықты білдіреді, қандайда болмасын арнайы құбылыс өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Абсолютизм концепциясы бойынша, тайпаралық және ұлтаралық ерекшеліктерді тест арқылы анықтайды және тек осы тұжырымдама халықтардың өзіндік артықшылықтарын айқындауға тырысты. Мұнда бір халықтың интеллектілігін басқа халықтың интеллектісінен ерекшеленеді деген пікірді «нақты ғылыми дәлелденген тұжырымдама» ретінде алға дамытты». «Абсолютизмге керісінше» пікірді жақтаушылар американдық психолог М.Коул болды. Оның қарастыруынша, мәдениет тең және бірдей деді. Психологияның құбылыстар арасындағы ішкі ұқсастықтарды кейбір әдістер арқылы түсіндіруге болады. Абсолютизм бағыты – нақты қоғам мен мәдениет саласы өкілдерінің бойында кездесетін құндылықтар және олар мұны әмбебап, мәнгі әрі күллі қоғам мен мәдениеттер үшін қолданылуы тиіс деп есептейді.

Үшінші бағыт – универсализм бағыты. Бұл мәдениеттің мәні тең, әрі бірдей мағынада сыртқы мәні әртүрлі, бірақ негізінен мәні бірыңғай болып келеді. Универсализм бағытын зерттеушілер мынадай мәселені шешуге тырысады: мәдениет адамның ішкі психикалық әлеміне қандай дәрежеде және қандай жолмен ықпал етуге болады. Олардың көзқарасынша, психологиялық түсінік универсалды болып табылады және қандай да болмасын мәдениетте адамның мінез-құлқын сипаттау үшін қолданылады.

Сонымен қорыта айтқанда, оқу-тәрбие үрдісінде студент-жастарға этнопсихология ғылымының тарихи даму жолындағы негізгі бағыттар және мектептер туралы және тағы да басқа психологияның теориялық және қолданбалы бағытындағы білімдерді ұдайы беріп отыру – болашақ педагогтардың кәсіби және тұлғалық дамуына өзіндік ықпалын тигізетіні сөзсіз.


Әдебиеттер

1. Қ.Жарықбаев. Этнопсихология – ұлт тәрбиесінің өзегі. А., 2005.



2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі / Педагогика және психология. А., 2002.

3. Т.Стефаненко. Этнопсихология. М., 1999.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет