Ет тағамдары.
Жаңа сөздер. Сусындар - напитки Құрт - курт Алуан түрлі – разнообразные жасайды, дайындайды - готовят Басты – главное Жылқының еті - конина Қатпайды – не застывает Қуырады - жарят Бауыр- печень Бүйрек - почки
Сөз тіркестерді аударыңдар. Алуан түрлі тағамдар - Тағамдар жасайды Ет тағамдары Қуырдақ құырады Жылқының еті өте сіңімді Ұлттық сусындар Сорпасы қатпайды
Ет тағамдары. Еттен түрлі тағамдар жасайды. Қазақтың басты ұлттық тағамы – ет. Етін жеп, сорпасын ішеді. Жылқының етінен қазы, жал - жая, қазақша ет, қуырдақ, шұжық дайындайды. Суық жерде тұрса да, жылқының сорпасы қатпайды, майы тоңазымайды. Жылқының еті өте сіңімді болады. Қуырдақ пісіру үшін бауыр, бүйрек, жүрек, майлы ет, пияз, қара бұрыш, тұз қазанға май қосып қуырады.
Сұрақтарға жауап бер. Қазақтың басты тағамы не? Жылқының етінен қандай тағамдар жасайды? Суық жерде тұр са да жылқының етінен сорпасы қандай болады? Жылқының еті қандай? Қуырдақ пісіру үшін тағамға не қосады?
Тест сұрақтарына жауап бер. 1.“ет” деген сөз қай сөз табына жатады? А) сан есім В) зат есім Д) есімдік Е) етістік
2. Дауысты жіңішке дыбысты сөзді тап. А) тағам Б) ұлттық С) бұрыш Д) сіңімді Е) жылқы
3. Жылқының етінен ... жасайды. А) бауырсақ Б) құймақ С) май Д) жұмыртқа Е) қазы
4. “Бүйрек” сөзі қандай буыннан тұрады? А) ашық, бітеу Б) тұйық, тұйық С) бітеу, бітеу Д) ашық, тұйық Е) бітеу, ашық
5. “Жасайды” қай шақта тұр? А) ауыспалы келер шақ Б) өткен шақ Д) жедел өткен шақ Е) осы шақ
6. Жылқының еті өте ... А) тәтті Б) ащы С) сіңімді Д) тұщы Е) қатты
7. Қуырдақ ... А) суға пісіреді Б) майға қуырады С) ауада кептіреді Е) нанмен қуырады
8. Суық жерде тұрса да, не қатпайды? А) қой етінен сорпа Б) сиыр етінен сорпа Д) жылқы етінен сорпа Е) тауық етінен сорпа
9. “Қуырдаққа” деген сөз қай септікте тұр? А) Жатыс Б) Шығыс С) Көмектес Д) Ілік Е) Барыс
10. Қазақтың басты ұлттық тағамы не? А) балық Б) бал С) ет Д) құс Е) нан
Кілт. 1 - б 2 - д 3 - е 4 - с 5 – а 6 – с 7 – б 8 – д 9 – е 10 - с
Достарыңызбен бөлісу: |