Ескендирова Ажар Иманжановна



Дата01.03.2019
өлшемі67.71 Kb.
Ескендирова Ажар Иманжановна, c:\users\user\appdata\local\temp\rar.796\ескендирова_сурет.jpg

Алматы облысы Сарқан ауданы,

Екіаша орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі




Рационал сандарға амалдар қолдану

Сілтеме

Математика 6 сынып, Т.Алдамұратова, слайдтар, сабақ жоспары



Жалпы мақсаты
1. Білімділік: Оқушыларға рационал сандарға амалдарды қолдануды түпкілікті түсіндіріп, бекіту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

2. Дамытушылық: Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3.Тәрбиелілік: Оқушыларды адамгершілікке жеңімпаздыққа тәрбиелеу.

Міндеттер


  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.

  • Өткен тақырыптарды оқушылардың бар білімдерін пайдалана отырып жеткізу.

  • Амалдарды орындау дағдыларын қалыптастыру.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

  • Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы аталған тақырыпты пысықтау.

  • Берілген тапсырмаларды жұпта орындауға үйрету.

  • Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыландыру

  • Есеп шығаруда ережелерді қолдана білу дағдысы.

  • математикалық тілде сөйлеу қабілеттері.

Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері

топпен жұмыс, диалогтық оқыту, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы.



Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар.


Күтілетін нәтиже

Оқушылар рационал сандарға байланысты амалдарды толық орындай алады. Ережелерін біледі, түсінеді. Жұппен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.



Ұйымдастыру

кезеңі

Сыныпты үш топқа бөлу . Теріс сандар, оң сандар, қарама қарсы сандар.

Бағалау. Плюс – Минус әдісі. Сабақ бойы оқушылар жетістіктеріне қарай жетондар алып отырады.

«+» -жетонын көп жинаған оқушы «5» деген баға

«+,-» -жетонын көп жинаған оқушыға «4» деген баға

«-« -жетонын көп жинаған оқушы «3» деген бағалар қойылады



Сабақтың барысы

2. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

36 мин.

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын ойсергек «Көршінің суреті». Музыка әуенімен көршісінің суретін салу.
Оқушылар мұғаліммен бірге парақты төбелеріне қойып жұбының суретін салады.Соңынан өз қолдарын қойып бір- біріне сыйлайды

Үй тапсырмасын тексеру

Жауаптары тақтаға ілінеді , оқушылар жауаптарын салыстырып ,барлығы дұрыс болса «+» , жартылай дұрыс болса «+,-», қате болса «-« таңбасын қояды.



Ал, енді балалар бір математикалық ертегі тыңдайық:

Орманда Плюс пен Минус өздері жалғыз өмір сүрген екен, олардың іштері пысып ойнайтын ешкім болмапты. Бір күні Плюс бір түс көріпті , түсінде алыс таулардың ар жағында сиқырлы қала бар екен, өте қызықты қалада әр түрлі сандар , таңбалар бар екен. Таңертең Плюс өзінің көрген түсін Минусқа айтып, сонан соң екеуі сол қаланы қайтсек те табамыз деп жолға шығыпты. Жол өте ауыр, ұзақ болған екен. Бірақ, күндердің күнінде олар қаланы тауыпты. Олар қақпадан кіргенде түсіндегідей қаланың өте әдемі екенін көріпті. Олар әдемі қаланың тұрғындарымен танысып,бірге ойнап, сандардың арасына тұрып олардан жаңа сандар пайда болыпты. Оларға осы қала қатты ұнағғаннан олар осы «Математика» атты қалада қалған екен.

Ал, олай болса біз бүгінгі сабағымызда осы Плюс пен Минустың « Математика» қаласында қалай өмір сүргенін тамашалайық.

Теориялық сұрақтар:

  1. Рационал сандар деген не? Теріс санның модулі? Рационал сандарды қосу?

  2. Оң санның модулі? Рационал сандарды көбейту? Рационал сандарды бөлу?

«Ауызша есептеу»

Слайдпен берілген есептер. Жауап ретінде түсін ғана айтады.

Кестені толтыру

Тақтада үш топ үш түрлі түсті қаламмен кесте толтырады.




a

b

а+б

│a │

│b│

│a │*│b│

-1

3













-2

-4













6

-1













-5

-5













-9

0
















Сергіту сәті

Жеке- жеке және әр түрлі рационал сандар жазылған парақтарды оқушылардың кеудесіне іліп, координаталық түзудің бойына өсу ретімен тұрғызу.

Интернет желісінен қосымша мәлімет

Оқушылар рационал сандар туралы қосымша мәлімет оқиды.

Крест және нөл ойыны



Сұрақтары: 1. Есепте: -3+(-5)+(-7)+2= 



2. Шеңбердің ұзындығының формуласы? / Жауабын оқулықтан іздеуге болады./

3. Аға мұғалімнен видеосұрақ 4. Жасырын санды тап: -2* + 0,8 = 6,8

5. Қара жәшіктегі затты табу.

6. Сұрақ нөл санына 1,8 саны жақын ба? Әлде 1, 85 саны ма?

7. Автокөлік екі елді мекеннің арасындағы қашықтықты

40 км/сағ жылдамдықпен 3 сағ жүрді. Егер автокөлік жылдамдығын 20 км/сағ жылдамдыққа арттырса , осы қашықтықты неше сағат жүреді?

8. Шие тосабындағы шиенің массасының қант массасына қатынасы 2:3 қатынасындай. Массасы 3,5 кг шие тосабында неше килограмм шие бар?

9. Жұмбақ : Бүтін сан, бөлшек сан

Барлығы да бар онда

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң, теріс сан бәрі сонда.
Оқулықпен жұмыс

№639 /1,2,/ Тақтада

Тест жұмысы Электрондық оқулық
1. Қосуды орында: -+(-)

А) - Ә) -1 Б) - В) 1



2. Азайтуды орында: --(-)

А) Ә) -1 Б) В) -



3 .Өрнекті ықшамда: - а + 16 + а - 8

А). - 8; Б). 2 а +8 В). 8;



4. Есепте: 25 ∙ (-4) ∙ 7 ∙ 3

А). 2100; Б). -2100 В). 21000;



5. Есепте: 6,5 + 7,3 - 6,5 - 4,3

А). 3; Б). -3 В). 16;



6. Теңдеуді шеш:

А) 3 Ә) -3 Б) 10 В) -10
Тест жұмысының кілті


№1

№2

№3 №4 №5 №6

Ә

В

В Б А А






Сабақты қорытындылау

Ал, балалар қалай ойлайсыңдар Плюс пен Минуске «Математика» қаласында тұрған ұнады ма?

СТО

Сабағымызды қорытындылай келе сендерге мынадай сөйлем оқығым келеді. Осы сөйлемді математикалық тілге аудар.

1. Пайда мен нольдің қосындысы пайда.

2. Екі қарыздың қосындысы қарыз.

3. Пайда мен пайда ол әрқашан пайда.

Бағалау

«+» -жетонын көп жинаған оқушы «5» деген баға

«+,-» -жетонын көп жинаған оқушыға «4» деген баға

«-« -жетонын көп жинаған оқушы «3» деген бағалар қойылады.

Топ басшылар қойып шығады.

Үйге №640

Берілген тапсырманы күнделікке жазып алу



Кері байланыс

- -сенімсіздік

+ +қуаныш

+ -қанағаттану

Оқушылар өз ойларын стикер арқылы білдіреді.




Не сәтті өтті?




Не сәтсіз болды?




Нені дамыта алар едім?






Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет