Есірткі қолданушылар 40,6 пайызға азайды



Дата03.07.2017
өлшемі22.31 Kb.
http://aikyn.kz/

ЕСІРТКІ ҚОЛДАНУШЫЛАР 40,6 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ

25.07.2016

Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТОВА

135


Бүгінде есірткі қолданудың алдын алу, заңсыз есірткі тасымалдауға бөгет болу – еліміздеге күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі.

Осы орайда нашақорлықтың алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық шаралар өтіп отырады. Соның нәтижесінде, бүгінде еліміздегі есірткі қолданушылардың жалпы саны 40, 6 пайызға, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандар арасында бұл көрсеткіш 93 пайызға азайған.



ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің мәліметі бойынша, биылғы алты айдың ішінде құқық қорғау және арнайы орган-дар есірткі бойынша 5261-ден аса құқықбұзушылық, сонымен қатар 2152 қылмысты анықтаған. Оның ішінде, 1372 есірткі өткізу фактісі, 126 есірткілер контрабандасы, 27 ұйымдастыру және қор ұстау, 509 ірі көлемде заңсыз есірткі сақтау фактісі және 3109 қылмыскер адам тіркелген. 
Ал Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сүйенсек, былтыр елімізде есірткінің салдарынан 9549 қылмыс жасалған екен. Бір жыл ішінде құқық қорғау органдары 34 тонна марихуана, 4 келі апиын, 311 келі наша мен 464 келі көкнәр есірткісінің көзін құртқан. 
Ішкі істер органдары жұмысының арқасында есірткі қолданушылары 4 миллионнан артық есірткінің бір реттік дозасынан шектелген, ал есірткімен айналысатын дилерлердің қалтасына кететін 1,6 миллиард теңгені көлеңкелі айналымға жеткізілмей тосқауылданған.
Қазіргі таңда еліміздің есірткіге қарсы саясатқа сәйкес, заңсыз есірткіні тасымалдауға бөгет болумен қатар, ведомствоаралық әрекет пен нашақорлықтың алдын алу және оны үйлестіру жұмыстарына, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударылып отыр.
Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша еліміздегі өкілетті орган – Ішкі істер министрлігі. Министрлік 9 мемлекеттік орган, облыстық әкімдіктер мен үкіметтік емес бірлестіктердің ведомствоаралық үйлестірілуін қатамасыз етеді. 
Халықаралық міндеттемелерге сәйкес, мемлекеттік бақылау жүйесін күшейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алдағы 2017 жылы есірткі туралы заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша есірткіге қарсы заңды жетілдіру сұрақтары қарастырылатын болады. Заңды қарастыруға негіз болған ұсынымдар Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті көктемде Алматыда ұйымдастырған «Жаңа психоактивті заттарды бақылау» халықаралық семинарында айтылған еді. Еліміздегі бірнеше мемлекеттік органдарының және Америка, Беларусия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан мен Ортаазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығының өкілдері қатысқан семинарда жаңа психоактивті заттардың заңсыз таратылуы, олардың заңсыз жарнамалауды тосқауыл-дау, ғаламтор арқылы кең таралып кетуі мәселелері қаралған болатын. 
– Есірткі заттары еліміздің аумағына теңіз, әуе, темір жол және автомобиль көліктері арқылы жетеді. Соған орай бүгінде біз денсаулық және білім беру органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен есірткінің алдын алу үшін профилактикалық шаралар, акциялар, кездесулер, спорттық шаралар өткізіп тұрамыз. Жеткіншектер мен жастарды қамтитын мұндай шараларға барлығы 197 мыңнан астам адам қатысқан. Мектеп-лицейлерде, жоғары оқу орындарында акциялар ұйымдастырылды. Әсіресе, есірткімен және есірткі бизнесімен күресу бойынша профилактикалық шараларға ден қойылды, – дейді ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің басшысы Сұлтан Құсетов. 


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет