Ертенгілік: «Қарттарым аман жүрсін!»



Дата22.06.2018
өлшемі49.65 Kb.
Арыс қаласы

«Айгөлек»балабақшасы


ЕРТЕНГІЛІК:


«Қарттарым аман жүрсін!»


Б.Азимбаева
Қарттарым аман жүрсін!

МКҚК «Айгөлек» балабақшасы

«Күншуақ»  тобы

Ертеңгілік

Тақырыбы: «Қарттарым аман жүрсін!»

Мақсаты:Балаларды ізгілікке,үлкенді сыйлауға,құрмет көрсетуге ,адамгершілікке тәрбиелеу,ой-өрісін дамыту,өнерге баулу.

Жүргізуші:Құрметті ата-аналар,әріптестер сіздерді 1-қазан қарттар меркесімен құттықтаймыз.Үлкенді сыйлауға,құрмет көрсетуге,1 қазан қарттар күні деп есептеуше қаулы шығарылды.

Қарттар дегеніміз-біздің ата-әжелеріміз,Біздің ата-әжелеріміз халқымыздың өткені мен бүгіні.Олар бізге өздерінің ақылдарын айтып,жақс іске үйретті,тәлім-тәрбие берді.Сондықтанда біз үлкендерді сыйлауымыз,оларға құрмет көрсетуіміз керек.”Қарттары бар ел-бақытты ел”дей отырып “Қарттарым аман жүрсің.”атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.



Жүргізуші:Құзы терең тең құлашты шалқардай

                    Ғасырларда сырлар шертіп айтардай

                    Отырады үй төрінде қомданып

                    Аман болшы,аман болшы қарттарым-дей отырып,балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.



Нұржан:Әдептілік белгісі

                Иіліп сәлем бергені

                Алла берген ұл-қызың

                Маңдайдағы жұлдызын

                Қариясы бар адам

                Дариясы бар адам



Раяна: Шай ішетін қоюлап

             Жақсы көрем әжемді

              Сырмақ сырған оюлап

              Жақсы көрем апамды



Әнуар:Ата үлкен кәріміз

             Қуат берген дәріміз

             Әуелете аялап

             Ардақтаймыз бәріміз



Нұртөре:Ұл-қызына ерген

                  Немерең біз әже

                 Немерелеріңнен өрген

                 Шөберең біз әже



Жүргізуші:Күн  нөсерін төгейік

                   Жырдан моншақ өрейік

                   Уа жамағат ал енді

                   Әнге кезек берейік



Ән: “Асыл атам,ақ әжем”

Жүргізуші:Балалар әже деген қандай болады?

Балалар:Жақсы,мейірімді,әдемі

Жүргізуші:Ал сендер,әжелеріңді жақсы көресіңдер ме?Сыйлайсыңдар ма?Олай болса әжелерімізге арналған тақпақтарға кезек берейік.

Аянат:Ата-әжем мақтанышым меніңде

              Қонақ болып отыр менің төрімде

              Өзіңе арнап тәтті үніммен

              Ән салатын кезім келді меніңде



Аянат Қ:Менің әжем гүл әжем

                  Алтын әжем нұр әжем

                  Анам үшін мен үшін

                  Нағыз әжем тіл әжем



Ардақ:    Тентек болсам ашынып

                Жақсы іс қылсам асырып

                Маған сақтап жүреді

                Тәттіні де жасырып



Жүргізуші:Қысылып еш саспандар

                    Кәнеки би бастандар

                    Күн алыста,ал әжем

                    Ылғи менің қасымда



Би:’Әжелер биі ”

Жүргізуші:Кезекті тағыда балалардың тақпақтарына берейік.

Бағдат:Ақыл құйған санама

               Күннен де артық расында

               Күн алыста,ал әжем

               Ылғи менің қасымда



Еркебулан:Ақ жаулықты әжемді

                    Ай нұрына теңедім

                    Әр ісіннен үлгі алып

                    Еркін өсіп келемін



Муслим:Әжем өрнек тереді

                Сырмақ отыр оюлап

                Басы аура береді

                Шай ішпесе қоюлап



Жүргізуші:Жүректен кіріп бойды алар

                   Әсем ән мен тәтті күй

                   Көңілге түрлі ой салар

                   Әнді сүйсен менше сүй дей отырып келесі кезекті әнге береміз.



Ән:”Ата –ананы тыңдаймыз”

Жүргізуші:Келесі кезекті ата-әже туралы  мақал-мәтелдерге берейік.

Абдулазиз:Ата көрген оқ жонар

                    Ана көрген тон пішер



Жалғас:Атасыз үй-батасыз

               Анасыз үй -панасыз



Ерасыл:Үйінде атасы бардың,берер батасы бар

Жүргізуші:Ата –әже ауылымның асылдары

                   Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

                   Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би

                    Сіздер үшін мереке ойындары-дей отырып кезекті ойынға берейік.



Ойын:”Кім шапшаң?”

Шарты:Ортаға  3 ұл мен  3  қызды шақырамыз.Алдарыңда араласып жатқан әже мен атаның киімдерін бөлек-бөлек алып,2 ұл бала 1  баланы ата қылып,2 қыз бала  1 қызды әже қылып жылдам киіндіру керек.Қай топ бірінші болып киіндірсе сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші:Өте жақсы балалар сендер ойынды жақсы ойнадыңдар.Енді кезекті балалардың тақпақтарына берейік.

Айбат:Шай қайнатып берейін

              Шекер салып жан әжем

              Өзім құйып берейін

              Балдай тәтті бал әжем


Риза:Аман болсын басыңыз

          Шөбере сүйіп әлі де

          Жүзге жетсін жасыныз

Диляра:Әжетай нұрға толсын жүзіңіз

               Қуаныңыз,шаттаныныз күліңіз

               Тіршіліктің қызығына бөленіп

               Аман-есен ортамызда жүріңіз



Жүргізуші:Осымен біздің қарттар күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Ата әжелеріміз аман болсың.Мерекеден мерекеге жете берейік.Келесі кезекті әнге берейік.

Ән:”Біз бақытты баламыз.”

Тәрбиеші: Азимбаева Б

                                                                                                  


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет