Ерінің/зайыбының келісімі талап етілмейді



Дата10.04.2018
өлшемі47.23 Kb.
Жеке кәсіпкерлік
Жеке кәсіпкерлік деген не, ЖК субъектісі кімдер және жеке кәсіпкерліктің қызмет ету талаптары қандай, әрі қарай оқыңыз.  

Жеке кәсіпкерлік



Өзге жеке тұлғаларға жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға тыйым салынады.

Жеке кәсіпкерлік жеке немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.



Жеке кәсіпкерлік

Жеке кәсіпкерлік жеке тұлғамен дербес меншік құқығында, сондай-ақ мүлікті басқару және (немесе)  пайдалануға рұқсат беретін өзге құқық күшінде мүлік базасында жүзеге асырылады.

Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін некеде тұратын жеке тұлғаға ерінің/зайыбының келісімі талап етілмейді.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланатын жеке кәсіпкер келесі құжаттарды ресімдеуі тиіс:



Жеке кәсіпкерлік фермерлік шаруашылық нысанын пайдаланумен жүзеге асырылуы мүмкін.

Бірлескен кәсіпкерлік

Бірлескен кәсіпкерлік мүлік базасында жеке тұлғалар тобымен (жеке кәсіпкерлер) жүзеге асырылады.



  • жалпы меншік құқығында оған тиісті

  • сондай-ақ мүлікті бірлескен басқару және (немесе) иелік етуге мүмкіндік беретін өзге құқық негізінде.

Бірлескен кәсіпкерлік нысандары      

  • ерлі-зайыптылардың бірлескен жалпы меншігі негізінде жүзеге асырылатын , ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;

  • жекешелендірілген тұрғын үйге жалпы бірлескен меншік немесе крестьян шаруашылыңы базасында жүзеге асырылатын отбасы кәсіпкерлігі;

  • жалпы үлестік меншік базасында жеке кәсіпкерлік жүзеге асырылатын қарапайым серіктестік;

  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге нысандар.

Ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігін жүзеге асыруда ресми айналымда ерлі-зайыптылар атынан екіншісінің келісімі келесілермен расталғаны шыға алады:

  • жеке кәсіпкерді тіркеуде

  • жеке кәсіпкердің қызметі мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асырылған жағдайларда жазбаша немесе нотариалды куәландырылған.     

Ерлі-зайыптылардың бірінің екіншісінің ресми айналымында шығуға келісімі болмағанда ресми айналымда шығатын ерлі-зайыптының бірі жеке кәсіпкерлікті дара кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырады деп болжанады.

Өз атынан жеке кәсіпкерлік

Жеке кәсіпкер – бұл жеке тұлға (азамат, оралман), ол:



Мәмілелерді жасауда жеке кәсіпкер оның ЖК ретінде әрекет ететінін көрсетуі тиіс.

Осындай нұсқаудың болмауы жеке кәсіпкердің өз міндеттемелері бойынша жауапкершілігі және тәуекелінен босатпайды.

Жеке кәсіпкер:


  • ресми құжаттаманың ресми бланкілерін

  • мөрді

  • мөртабанды пайдалануға құқылы.

олардың мәтіндері барлық анықталуымен аталмыш тұлғаның жеке кәсіпкер болып табылатынына дәлел болуы тиіс.

Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу

ЖК мемлекеттік тіркеу орналасу орны бойынша мемлекеттік кірістер органында жүргізіледі, егер ЖК: 



  • тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлер еңбегін пайдаланса;

  • жеке кәсіпкерліктен Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке тұлғалар үшін белгіленген жиынтық жылдық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен аспайтын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жиынтық табысқа ие  болса.

ЖК қызметі мемлекеттік тіркеусіз келесі жағдайларда шешіледі:

  • жеке тұлға қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайды,

  • келесі табыстарды алғанда:

    • төлем көзінен салынатындар;

    • мүліктік табыс;

    • өзге табыстар.

ЖК мемлекеттік тіркеу тәртібі

ЖК ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға мемлекеттік кірістер органына тікелей немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынады:     

  1. салық және басқа міндетті төлемдерді бюджетке түсулерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша салық өтініші;

  2. жеке кәсіпкердің орналасу орнын растайтын құжат жеке куәлік    

ЖК орналасу орнын растайтын құжат мыналар болып табылады

  • мекенжай анықтамасы

  • жылжаймайтын мүлікті пайдалану немесе жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда салық өтінішін беруде ЖК орналасу орнын растайтын құжатты ұсыну талап етілмейді.

Егер өтініш иесі кәмелет жасына толмаса, жоғарыда айтылған құжаттарға қоса беріледі



  • заңды өкілдерінің келісімі,

  • осындай келісім болмаған жағдайда – некені тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (ерлі-зайыптылар)

  • немесе кәмелетке толмағанды әрекетке қабілетті деп тану туралы сот шешімі немесе қамқорлық пен қорғаншылық органының шешімі.

Өзге құжаттарды талап ету ұсынылады.

Кәмелет жасына толмаған жеке кәсіпкерлер салық өтінішін қағаз тасымалдағышта келу тәртібінде ұсынады.



Бірлескен жеке кәсіпкерлікті тіркеуде өтінішті үшінші адамдар және мемлекеттік органдармен қатынаста мүдделерін ұсынуға уәкілетті адам береді.

ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

  1. ЖК ойдағыдай тіркегеннен кейін немесе ЖК бірлесе тіркегеннен кейін кәсіпкерге мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының электронды цифрлық қолтаңбасы қойылған электронды нысанда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріледі.

  2. Бірлескен жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке мемлекеттік кірістер органымен расталған оның мүшелерінің тізімі қоса беріледі.

ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бірлескен ЖК) мерзімсіз болып табылады.
Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет