ӘОЖ: 908 (075. 8) Қазақстанда ерекше қОРҒалатын табиғи аумақтар және оларды ұйымдастырудың маңызы



Дата17.07.2017
өлшемі88.11 Kb.
#40507
ӘОЖ: 908 (075.8)

ҚАЗАҚСТАНДА ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ



Юсупова С.С. - «География» мамандығының студенті

Исмайлова К.Б.- ғылым магистрі, аға оқытушы

«Сырдария» университеті


Резюме

В статье рассмотрены особо охраняемые природные территорий и их значение в организации. Обеспечение экологической безопасности особо охраняемых природных территорий и природных территорий, их значение в организации.

Summary

The article describes the specially protected natural areas and their importance in the organization. Ensuring environmental safety of protected areas and natural areas, their importance in the organization.
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997  және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді.

Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және қорғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты.

Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала қоймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет[1].

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, қорықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на тең.

Мемлекеттiк табиғи қорық - табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың соңғы кезде ұйымдастырылып жүрген түріне - биосфералық қорықтар жатады. Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылады. Онда табиғат қорғау шаралары халықаралық деңгейде жүргізіледі. Мұндай қорықтар табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерге бақылау жасалынып талданады. Биосфералық қорықтардың аумағы бірнеше белдемдерге (ішкі, шекаралық және шаруашылық) бөлініп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір дүние жүзінде 350-ге жуық биосфералық қорық ұйымдастырылған Қазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарына биосфералық қорық мәртебесі берілген.

Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары таулы алқаптың табиғат байлығын қорғайды. Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығында сарыбауыр аяқсыз кесіртке, үнді жайрасы, Алматы қорығында орақтұмсық, ілбіс, т.б. қорғалады. Ал Алакөл қорығында қара мойнақ шағала, т.б. қорғауға алынған[2].

Біздің елімізде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі — мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей қатаң түрде қорғалады. Сонымен бірге қорықтар белгілі бір экожүйелерді қорғау мақсатында арнайы ландшафтылық аумақтарда ұйымдастырылады. Мысалы, шөлді, далалы, су-батпақты және т.б. экожүйелердің қорықтары деп бөлінеді.

Далалы аймақта ұйымдастырылған  Наурызым, Үстірт және Барсакелмес қорықтары шөлді аймақтың табиғи бірлестіктерін қорғау мақсатында ұйым-дастырылған. Бұл қорықта 1953 жылы Түрікменстаннан әкелініп құлан жерсіндірілді. Алтынемел ұлттық табиғи саябағында да жерсіндірілген. Ал Қорғалжын қорығы сулы-батпақты алқаптың табиғат байлығын қорғайды. Келешекте Торғай, Сарықопа және Тарбағатай қорықтарын ұйымдастыру көзделуде.

Мемлекеттiк табиғи қорықтардың негiзгi қызметiне:

1) мемлекеттiк табиғи қорық пен оның күзет аймағының биологиялық саналуандығын қорғау және қалпына келтiру режимiн қамтамасыз ету;

2) Табиғат жылнамасын жүргiзудi қоса алғанда, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерiн, объектiлерiн зерделеу және олардың мониторингi жөнiнде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу;

3) экологиялық-ағартушылық қызметтi жүргiзу;

4) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер етуi мүмкiн шаруашылық және өзге объектiлердi орналастыру жобалары мен схемалар мемлекеттiк экологиялық сараптамасына қатысу;



5) мемлекеттiк табиғи қорық пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми және шектеулi туристiк мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады[3].

Ұлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау жұмыстарымен бірге табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ ұйымдас- тырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі.

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң негiзгi қызметiне:

1) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерiн, бiрегей және эталондық табиғи учаскелерiн, объектiлерiн, табиғи және тарихи-мәдени мұраны сақтау;

2) мемлекеттiк ұлттық табиғи парк пен оның күзет аймағының күзет режимiн қамтамасыз ету;

3) экологиялық ағартушылық;

4) биологиялық саналуандықты сақтаудың ғылыми әдiстерiн әзiрлеу;

5) Табиғат жылнамасы бойынша экологиялық жүйелер мен жекелеген табиғи объектiлердiң мониторингiн жүргiзу;

6) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бүлiнген табиғи кешендерiн, объектiлерiн, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қалпына келтiру;



7) мемлекеттiк ұлттық табиғи парк пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми, рекреациялық, туристiк және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.

Елімізде соңғы жылдары Шарын (2004 ж.), Сайрам-Өгем (2006 ж.) және  Көлсай көлдері (2007 ж.) ұлттық табиғи саябақтары ұйымдастырылды. Алдағы уақытта елімізде тағы да 5 ұлттық табиғи саябақ (Жоңғар Алатауы, Ақсу-Лепсі, Бұйратау, Зайсан, Ақжайлау) ұйымдастыру қарастырылуда[4].

Табиғи қорықшалар — белгілі бір ерекше табиғи аумақтардағы барлық табиғат байлықтарын кешенді корғауға немесе өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерін корғау мақсатында ұйымдастырылады. Сондықтан қорықшалар кешенді, зоологиялық, ботаникалық, геологиялық және т. б. деп бөлінеді. Кейде қорықшалар уақытша (он не жиырма жыл мерзіміне) немесе тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қорықшаларда табиғат корғау жұмыстары онша қатаң түрде жүргізілмейді және шаруашылық жұмыстардың жекеленген түрлеріне ғана тыйым салынады.

Мемлекеттiк табиғат ескерткiшi - экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алғанда жекелеген бiрегей, орны толмайтын, құнды табиғи кешендердi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiне жатқызылған шығу тегi табиғи және жасанды объектiлердi қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Табиғат ескерткіштері — көбіне тарихи-табиғи және ғылыми мәні зор жеке табиғат нысандарын ғана (өсімдіктердің, жануарлардың жеке түрлері,  үңгір-лер, сарқырамалар және т.б.) қорғауды көздейді. Олардың ғылыми-танымдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде республикалық мәні бар "Қаз қонақ" (Ертіс өзенінің жағалауында), "Шарын шаған тоғайы", "Шынтүрген шыршалары" (Алматы облысында) "Баум тоғайы" (Алматы қаласында) жәнө т.б. табиғат ескерткіштері бар.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі - табиғи резер-ваттар. Елімізде Ертіс өзенінің алқабындағы реликті қарағайлы ормандарды қорғау мақсатында 2003 жылы "Ертіс орманы" және "Семей орманы" деген табиғи резерваттар ұйымдастырылды. Табиғи резерваттарда қорықтық белдем де, шаруашылық жүргізілетін алқаптар да бірге қорғалады. Табиғи резерваттарда, негізінен, биологиялық сан алуан түрлілікті сақтауға және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінеді[5].

Қорыта келгенде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызын көптеген мысалдармен, түсіндірулер-мен ашып көрсетуге болады.  Біздің бұл тақырыпты алудағы мақсаты-мыз ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түсінігін, түрлерін, қағидаттарын, біздің мемлекетіміз үшін маңызын ашу арқылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың одан әрі дамуына үлес қосу. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан тарихында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қалыптасуы жүріп  мемлекетіміз үшін маңызды  тарихи оқиғалар болды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы ретінде 2006 жылы 7 шілдеде қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңының қабылдануы, Кеңес кезеңіндегі жерге байланысты, экологияға байланысты қабылданған Қазақ СССР-нің Жер кодексін, Экологиялық кодекстерді айтуға болады. Бұл заңдардың қабылдануы арқылы мемлекетте ерекше қорғалатын табиғи аумақтар заңи тұрғыдан негізін бекітіп түсініктері қабылдана бастады. Бұл кезеңде қабылданған заңдар көбінесе кеңестік тәртіппен қабылданған ережелер еді. Кейін Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін біздің еліміз өз заңын бекітіп оған өзгерістер мен толықтырулар енгізді.  Бұл өте маңызды процесс еді өйткені, әр мемлекет заңын өз ыңғайына, тәртібіне қарай мемлекет үшін маңызды формада шығаруы тиіс. 

Қазақстан Республикасы териториясы кең, шекарасы байтақ, табиғи байлықтары мен аумақтар, қорықтарға бай мемлекет болып табылады. Осындай байлық иемденіп, болашақ ұрпаққа қалдыру үшін біз ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға үлкен көңіл бөлуіміз керек. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде онға жуық ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар екен. Бірақта бұл Қазақстан сияқты кең байтақ мемлекет үшін өте аз. Әлі де зерттеулер жүргізіп  ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санын көбейту керек. Әлемде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға өте үлкен көңіл бөлінеді және олар бұл сияқты аймақтарды қорғау олардың болашақ ұрпақ алдындағы маңызы деп есептейді. Біздің мемлекетімізде де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға үлкен көңіл бөлінген бірақ бұның өзі аздық етеді. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен оларды ұйымдастырудың маңызы табиғи аумақтардың экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Әдебиеттер

1. Иващенко А.А. Қазақстанның қорықтар мен ұлттық бақтары.- Алматы, 2006ж.

2. Жатқанбаев Ж. Экология және биосфера негіздері.- Алматы, 20093

3.Иштаева Ф., Костарева Л. Экология.- Оқулық. Астана, 2011



4. Биғалиев А.Б.Жалпы экология (қазақ, орыс, ағылшын,) .- Оқу құралы. Алматы,2013

5. Бейсенова Р.Р. Экология және тұрақты даму.- Оқу құралы. Астана, 2010ж
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет