ӘОЖ. 796. 835. ОҚу процесінде тест түріндегі бақылаудың Өзекті мәселелері



Дата02.07.2017
өлшемі41.48 Kb.
ӘОЖ. 796.835.

ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТЕСТ ТҮРІНДЕГІ БАҚЫЛАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Байдосова А.А., Сералиева Ұ.О.,

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент қ.
Қазіргі кезде оқу орындарында білім беру жүйесінде терең өзгерістер енгізіліп жатқаны көпшілікке мәлім. Оның бір саласы кредиттік оқыту жүйесіне көшу. Кредиттік оқыту жүйесінің мақсаты оқушылардың өзінше дайындалуына негізделген. Дегенмен кредиттік жүйенің прогрессивтік жағы болса да, кейбір қиыншылықтар да тудырып, бұл саланың оқу-әдістемелік жолдарын одан әрі дамытуды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасының президенті Н.А.Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауында, Білім және Ғылым Министрлігінің болашақ мамандарды дайындауда білім беру сапасын жоғарылатуды негізгі приоритеттік проблема етіп анықтаған.

Оқу процесі саласында соңғы кезде кең тарап келе жатқан оқу әдістеме оқушылардың білім алу сапасын тест (test-байқау, тексеру) арқылы бағалау. Тест дегеніміз берілген тапсырманы орындағаннан кейін, стандартталған есеп беру арқылы оқушылардың материалды қандай деңгейде игергенін анықтап бал беру.

Тестке мынадай талаптар қойылуы керек: анықтылығы, қарапайымдылығы, беріктілігі, сенімділігі.

Ауқымдылығы – тест сұрақтары оқытылған оқу материалдарының мазмұнына сәйкес келуі.

Анықтылығы – түсініктілігі, былайша айтқанда, студент тесті қандай ережемен орындау керектігін білуі.

Қарапайымдылығы – тестің бақылау сұрақтары мүмкіншілігінше анық түсінікті және бір деңгейдегі білім алу сапасына қарай болуы.

Сенімділігі – тест тапсырмаларын орындау нәтежесі бойынша білім алу деңгейін нақты анықтау мүмкіншілігінің болуы.

Тестің түрлері


ашық жабық

таңдау әдісі эссе- тест 2-альтер көп альтернативті

нативтік таңдау

ШЖ (шын, жалған)


Ашық тесте тексеруші жауапты өзі ойлап табу керек, өйткені сұрақтың жауабында шешу этолоны берілмейді.

Жабық тесте тапсырманың жауаптары әр түрлі вариантпен дұрыс жауаппен бірге беріледі.

Егер де сұраққа жауап екі вариантта берілсе, оған дұрыс жауап беру мүмкіншілігі 50% тең болады. ШЖ (шын, жалған) бар- жоқ немесе дұрыс – дұрыс емес т.б. Кемшілігі оқыту сапасын көтеруі төмен. Жабық тестің жауаптарының варианттары көп болған сайын, дұрыс жауап беру мүмкіншілігі төмендей бастайды. Мәселен тест сұрағына жауап 5 вариант түрінде беріліп, бір вариантты дұрыс болса (шешу этолоны), онда тексерілушінің шешу мүмкіншілігі 20% тең болады. Альтернативті санын көбейткен сайын шешу мүмкіншілігі азайып тестің сенімділігі жоғарылай береді.

Соңғы кезде жабық тестің варианттарын 8-ге дейін көбейтіп, 3 дұрыс жауап беруді енгізіп айырады. Бұл кезде шешу мүмкіншілігі 37,5% дейін

100х3

көтерілгенмен х = ---------- = 37,5% материалды меңгеру (игеру) деңгейі

8

жоғарылайды деп ойлаймыз. Оқу материалдарын меңгеру сапасын тест арқылы бағалауда да (І, ІІ, ІІІ, ІV) төрт деңгейде болады. Деңгейдің барлығы жабық және ашық тестер де болуы. Деңгейдің барлығы жабық және ашық тестерде болуы мүмкін. Бірінші (І) екінші (ІІ) деңгейдегі тестілер мазмұны, құрылу жолы бойынша онша күрделі болып келмейді. ІІІ, ІV деңгейдегі тестерді көбінесе ситуациялық тапсырмалар беру арқылы жасалынады. Ситуациялық типтік ІІІ және типтік емес түрі ІV болуы мүмкін. Біз дене шынықтыру және спорт мамандығы студенттердің оқыту барысында практикалық сабақтарда, оқытушының басшылығымен өтетін студенттердің өзінше жұмыста (ОБСӨЖ), студенттердің өзінше жұмысында (СӨЖ) пән тапсырмаларының құрамына тест сұрақтарын енгізіп отыру. Өйткені дәстүрлі сұраққа жауап беру тәсілі сабақтың сапасын (сапа коэффициентін) онша жоғары көтере алмайды және де сұрақ – жауап бір студентке беріліп отырғаннан кредиттік сабақ жүйесіндегі 50 минутта барлық студенттерді қамти алмайды. Сондықтан дәстүрлі тәсілдермен бірге (сұрақ-жауап, референт, глоссарий т.б.) тест түрлерін кең қолданып отырдық. Әсіресе ситуациялық тестерге, мәселен олардың үлгілері:



  1. ІІІ деңгейдегі типтік ситуациялық ашық тест. Спорт ойындарына арналған алаңның өлшемдері 3м, 6м, 9м, 18м жасалынған түрі қай спорт түріне жатады;

  2. IV деңгейдегі типтік емес ашық тест. Түрлері көп спортты ашып атап оларға қысқаша сипаттама беріңіз. Шешу этолоны: жеңіл атлетика, түрлеріне сипаттама;

  3. IV деңгейдегі типтік емес ашық тест. Жоғарғы дәрежелі спортшының жаттығудан кейінгі көңіл-күйі, ұйқысы бұзылып, тез шаршайды. Спорттық жұмыс қабілеті, көрсеткіштері сақталғанмен жаңа қимыл-қозғалыс әдістерін меңгеру, күрделі тактикалық есептерді шешу қиындайды, техникалық көрсеткіштері нашарлаған. Қалыптасу мерзімі ұзағырақ уақытқа созылған.

Бұл белгілер спортшыларда қандай жағдайда (кезде) болады?

Шешу этолоны: асыра шаршау. Орындалып отырған ғылыми жұмысты қорытындылай келе, студенттердің біліктілігін, олардың материалды игеру мақсатында тестік бағалау тәсілдері тиімділігін оқу процесінің сапасын көтереді деп санаймыз.

Альтернативтік варианттармен беретін жабық тестілер көп санды оқытушыларды сынағанда тиімді. Сонымен қатар академиялық аз топтарда практика, семинар, ОСӨЖ, СӨЖ дәрістерінде ІІ, ІІІ, ІV деңгейдегі тест тапсырмаларын кең қолданғанын дұрыс дейміз. Тестің ашық, жабық түрлерін әр түрлі деңгейде пайдалану білім алушылардың ой-өрісін кеңітіп, оқытудың сапасын көтереді.

Тест, әсіресе, ситуациялық түрлерін дайындау күрделі жұмыс. Ол үшін оқу материалын жақсы игеріп тесті құрау талаптарын ескеріп отыру керек.


Резюме

Дается информация о методах тестирования обучающихся. В результат проведенной работь рекомендуется широко использовать тестовый контроль разных уровней.

Summary

Provides information on how to test students. In the result of the work recommended to use widely different levels of test control
Әдебиеттер

  1. Мұстафина Т.К. Спорттық медицина. –Алматы, 1997

  2. Мұстафина Т.К., Амангелдиева Р.Р. Методичесая разроботка по применению ситуационных задач при изучении курса спортивных медицина. –А., Каз ИФК, №990

  3. Тілеуов Э.Ж. Дене тәрбиесі, спорт ілімі мен әдістемесі. – Шымкент, 2011

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет