Әож 635. 621;631. 81;631. 526;574. 5 1А. Жаңабекқызы, 2А. О. Нусупова, Махамедова Б



Дата06.07.2017
өлшемі99.28 Kb.
ӘОЖ 635.621;631.81;631.526;574.5
1А. Жаңабекқызы, 2А.О. Нусупова, Махамедова Б.
1Қазақ ұлттық аграрлық университеті

2Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ АСҚАБАҚ ДЫҚЫЛЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ
Аннотация Зерттеу барысында асқабақтың отандық сорттарының өнімділігіне әртүрлі тыңайтқыш нормаларының тиімділігі анықталып, өнімділік есебі алынды.

Кілт сөздер: Топырақ, минералды тыңайтқыштар, өнімділік, асқабақ.
Кіріспе

Асқабақ - асқабақтар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Асқабақтың отаны Солтүстік және Оңтүстік Америка. Ол жерлерде Асқабақ б.з.б. 3 мың жыл бұрын егіле бастаған. Асқабақтың 20 түрі белгілі. Ал жабайы түрлері тек америкада ғана өседі [1].  

Асқабақ тұқымдастар бақшада өсірілетін мәдени өсімдіктер болып саналады. Бұлар жемісі ең ірі өсімдіктер. Жемісінің салмағы 100 килограмға жететін түрлері де бар.

Асқабақ – ірі жемісті тағамдық, дәрілік, мал азықтық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік. Оның ұзындығы 5 метрге дейін жететін жатаған сабағы болады. Бес қырлы сабағына тікенектер өскен. Жай жапырақтарына қарама-қарсы орналасқан мұртшасы бар. Мұртша түрін өзгерткен өрнек, жатаған сабағы нәзік болғандықтан, жан-жағындағы басқа өсімдікке оралуға тірек үшін қажет. Жапырағы – ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімденген жай жапырақ.

Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездеспейді. Ол жыл санауға дейін 3 000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында өсіріледі. Кәдімгі асқабақтың сан алуан іріктемелері – «қауақ, бәліш қауақ» бар. Асқабақ тұқымдастар азықтық, дәрілік және техникалық мақсатта өсіріледі.

Асқабақтың негізгі түрлерін ажырату. Асқабақ Cucurbita L. туыстығына жатады. Асқабақ туыстығының 27 түрі анықталған, оның ішінде алтауы мәдени. Біздің елімізде өсірілетін асқабақ сорттары:

– қатты қабықты немесе кәдімгі асқабақ – Cucurbita реро;

– ірі жемісті асқабақ – Cucurbita maxima;

– мускатты асқабақ – Cucurbita moschata сияқты үш түрге жатады [2]. Минеральды тыңайтқыштардың мөлшері дақылдың сапасына әсер етеді. Азотты тыңайтқыштардың N 120 көптігі құрамындағы құрғақ зат мөлшерін, қанттың мөлшерін төмендетіп, сонымен қатар 1,5 ретке нитраттардың жиналуы жоғарлайды. Ал калий тыңайтқышын К120 мөлшерінде берсе, керісінше қанттың мөлшері жақсарып, нитраттың жиналуы төмендейді [3].

Кез-келген элементтің бірі топырақта мүлде болмаса өсімдік дұрыс дамып, өспейді. Барлық минералды элементтер фотосинтез процесінің нәтижесінде түзілетін органикалық заттардың күрделі айналуларына ұшырайды. Өсімдіктер өз ағзалары – сабақтарын, жапырақтарын, гүлдерін, жемiстерін, түйнектерін түзу үшін әр түрлi қатынастарда минералды қоректік элементтердi қолданады. Әдетте топырақта өсімдікке қажетті барлық қоректік элементтер болады. Бірақ өсімдіктердің дұрыс дамуы үшін жекелеген элементтердің жеткіліксіздігі жиі кездесіп отырады. Құмды топырақта өсімдіктер магний тапшылығына, ал шымтезекті топырақта – молибден, қарашірікте – марганец тапшылығына ұшырап отырады. Элементтер тапшылығы көбінесе тыңайтқыштармен толықтырылып отырады. Топырақ қышқылдылығын кальций және магнийдің көмір қышқылды тұздарымен жояды. Минералды тыңайтқыштарды қолдану - қарқынды қолданылатын егіншіліктің ең негізгі әдістерінің бірі. Жыртылған жерлерде тыңайтқыштар қолдана отырып кез-келген дақылдар егістігін қосымша шығынсыз арттыруға болады [4].

Материалдар мен әдістемелер

Зеттеу жұмысы Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының селекциялық егістігінде жүргізілді. Ол үшін отандық асқабақ Афродита және Карина сорттары алынды. Және оларға әртүрлі мөлшерде минералды тыңайтқыштар беріліп, өнімділік есебі жүргізілді.

Афродита - Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу институтыннан шығарылған сорт. Сорт авторлары; Кабирова Л.В. Нусупова А. О, Сорт негізінен асханалық мускатты түрге жатады. Орташа мерзімде пісіп жетіледі, бірыңғай көктеп шыққаннан өнім жинағанға дейін 120 күн аралығын құрайды. Қабығы жұқа, нәзік, жұмсақ және етінің түсі қызғылт-сары. Орташа өнімділігі 25,5-38,3 т/га.

Карина - Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу институтыннан шығарылған сорт. Сорт авторлары: Кабирова Л.В. Нусупова А. О., Сорт негізінен асханалық, ірі жемісті болып саналады. орташа мерзімде 110-112 күнде пісіп жетіледі. Қабығы тығыз және жұқа, еті ашық қызғылт-сарғы. Орташа өнімділігі 35-40т/га.

Өнімді жинау және есепке алу «Ауыл шаруашылық дақылдарының сорттарын мемлекеттік сынау» әдістемесі бойынша жүргізілді [5].

Асқабақты отырғызу және күтіп-баптау жұмыстары «Технология возделывания тыквы на юго-востоке Казахстана»әдістемесі бойынша жүргізілді [6].

Минералды тыңайтқыштарды енгізу «Методика агрохимических исследований» әдістемесі бойынша жүргізілді [7].

Зерттеу жұмысының нәтижелері

Зерттеу жұмысы барысынды Афродита және Карина сорттары төрт қайталаныммен және әр қайталанымда 40 данадан асқабақ тұқымы отырғызылды. Және жұмыс барысында әр қайталанымға N0P0K0, N50P30K40, N100P60K80, N150P90K120 мөлшерде минералды тыңайтқыштар қосылды. Вегетация кезеңінің пісіп жетілу кезінде бір рет өнім жиналып, өнімділік есебі алынды. (Кесте -1).

Кесте 1 – Минералды тыңайтқыштардың асқабақ өнімділігіне әсері

Тәжірибе нұсқалары

Асқабақ өнімнің есебі

(кг)


Орташа өнімділік есебі (кг)

I

II

III

IV

Афродита

1. N0P0K0

77,4

76,2

79,6

77,5

77,6

2. N50P30K40

85,1

83,3

85,7

84,2

84,5

3. N100P60K80

87,3

88,1

86,5

88,7

87,6

4. N150P90K120

89,2

88,7

89,4

89,7

89,2

Карина

1. N0P0K0

75,4

76,6

76,1

75,8

56,95

2. N50P30K40

79,2

78,7

78,3

79,6

78,9

3. N100P60K80

80,7

81,2

84,3

82,5

82,1

4. N150P90K120

84,8

85,1

83,3

84,6

84,4

Минералды тыңайтқыштар асқабақ дақылына өсу кезеңінің 4-5 жапырағы пайда болған кезеңінде бір рет салынды. Кестеде көріп отырғандай алынған екі сорттың барлық қайталанымында минералды тыңайтқыштың мөлшері көбейген сайын өнімділігіде жоғарлай түсті. Ораша есеппен Афродита сортында  N0P0K0 - 77,6 кг, N50P30K40 - 84,5 кг, N100P60K80 - 87,6 кг, N150P90K120 -89,2 кг болса, Карина сорты бойынша N0P0K0 -56,95кг, N50P30K40 - 78,9 кг, N100P60K80 - 82,1кг, N150P90K120 - 84,4кг өнім берді.



Қорытынды

Минералды тыңайтқыштарды асқабақтың отандық Афродита және Карина сорттарына әртүрлі мөлшерде қолдану кезінде минералды тыңайтқыштардың мөлшерін көбейткен сайын өнімділік салмағыда арта түсті.


Пайдаланылған әдебиеттер

1.Тахтаджан А.Л. Жизнь растений –М., 1981. -576с.

2.Azevedo-Meleiro C. H. Qualitative and Quantitative Differences in Carotenoid Camposition among, Cucurbita maxima, Cucurbita реро. -2007. -P 4027- 4033

3. Родников Н.А., Овощеводство М: Колос, 1978. -236 с.

4.Paris H.S. Historical Records, Origins, and development of the edible Cultivar Groups of Cucurbita pepo Economic Botany.-1989. -P 423-4437

5. Федюшкин Б.Ф. Минеральные удобрения с микроэлементами: Технология и применение. - Л.: Химия, 1989.- 272 с

6. Ысқақбаев С. О, ауыл шаруашылық дақылдарының сорттарын мемлекеттік сынау. Бірінші басылым. -Алматы., 2002. –Б. 89-96

7. Нусупова .А.О.Технология возделывания тыквы на юго-востоке Казахстана. –Кайнар,2012.-23с

8. Юдин Ф. А. Методика агрохимических исследований. – М., 1980. – 272с.

1А. Жанабеккызы,2А.О. Нусупова, Махамедова Б.

1Казахский национальный аграрный университет

2Казахский научно-исследовательский институт картофелеводства и овощеводства.
ВЛИЯНИЕ МИНЕРАЛЬНЫХ УДОБРЕНИЙ НА ПРОДУКТИВНОСТЬ ТЫКВЫ

Резюме

Входе исследований была определена эффективность применение различных норм минеральных удобрений на продуктивность отечественных сортов тыквы и проведен учет урожая



Ключевые слова: Почва, тыква, минеральные удобрения, продуктивность.

1Janabekkyzy, 2A.Nusupova, Makhamedova B.
1Kazakh National Agrarian University

2Kazakh Research Institute of potato and vegetable
INFLUENCE OF MINERAL FERTILIZERS ON THE PRODUCTIVITY OF PUMPKIN
Summary

Entrance of researches efficiency was certain application of different norms of mineral fertilizers on the productivity of home sorts of pumpkin and the account of harvest is cond.



Key words: Soil, mineral fertilizer, productivity, pumpkin.

Авторлар туралы мәлімет:
ФИО - Жаңабекқызы Айсауле.

Жұмыс орны – Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Дәрежесі – а.ш.ғ магистранты.

Мекен-жайы – Алматы қаласы. 1-Ықшам ауданы, 67 үй, 36 пәтер. 050062

Телефон номері. – 87714503293.
ФИО - Нусупова. Айгуль. Орысбековна.

Жұмыс орны – Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу институты.

Лауазымы – қияр тобының меңгерушісі.

Дәрежесі – а.ш.ғ кандидаты.

Мекен-жайы – Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қайнар ауылы, Амангелді 9. 040917

Телефон номері. – 87028640530.
ФИО - Махамедова Баглан Якупбаевна

Жұмыс орны – Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Лауазымы - профессор.

Дәрежесі – п.ғ.кандидаты

Мекен-жайы – Алматы қаласы, Мамыр- 3, 22 үй, 32 пәтер

Телефон номері. – 87773491039
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет