ӘОЖ: 582. 998. 1 Dahlia eveline өсімдігінің биологиялық белсенді заттарын фотоколориметрлік әдісімен анықтау Маман Нұржауар



Дата15.10.2018
өлшемі60.35 Kb.
ӘОЖ: 582.998.1
Dahlia eveline өсімдігінің биологиялық белсенді заттарын фотоколориметрлік әдісімен анықтау
Маман Нұржауар

1-курс магистранты


Ғылыми жетекшілері: х.ғ.к., доцент Г. Азимбаева,

х.ғ.к., аға оқытушы Құдайбергенова Г.Н.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.

Nurzhauar-93@mail.ru


Аңдатпа

Бұл мақалада героргин өсімдігінің құрамындағы биологиялық белсенді заттар: антоциандар, полифенолдар, флаваноидтар фотоколориметрлік әдіспен анықталды. Зерттеу нәтижелерінде антоциандар мен полифенолдар мөлшері жапырағы мен сабағында көп екендігін ал флавоноидтар жапырағына қарағанда гүлінде мөлшері көп болатыны байқалды. Судағы экстрактивтілік көрсеткіші георгиннің спирттегі экстрактивтілігіне қарағанда бір есе жоғары.


Кілт сөздер: dahlia еveline, антоциандар, полифенолдар, флавоноидтар, эфир майы

Keywords: dahlia еveline, anthocyanin, polyphenols, flavanoidtar, efer oil.

Біздің еліміз – мәдени және дәстүрсіз өсімдіктерге бай өлкелердің бірі. Мәдени өсімдіктердің хош иісі адамды сергітіп, бойға жаңа күш – қуат береді. Улы деген өсімдіктің өзі пайдалы, одан жанға шипа дәрі – дәрмек жасалады. Бүгінгі күні дәрілік өсімдіктерді зерттеумен алуан түрлі мамандық иелері ботаниктер, химиктер, фармакологтар мен әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер шұғылдануда. Осындай өсімдіктің бірі – Dahlia eveline гүлі. Dahlia eveline гүлінің түрлері көп, бірақ аз зерттелген[1].

Dahlia еveline (георгин) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын баданалы, көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Оңтүстік Америкада  өсетін 15 түрі белгілі[2].

Гүл шоғырында будандастырылған 8 мыңнан астам сорты пайдаланылады. Биіктігі 20 – 200 см-дей, тамыры жуан, түйнекті болады, сабағының іші қуыс. Қауырсынды жапырақтарының шеті тілімденген, олар сабаққа қарама-қарсы орналасады.Dahlia еveline гүлі – жарық пен жылу сүйгіш өсімдіктер, құнарлы топырақты қажет етеді[3].

Табиғатта Dahlia еveline гүлінің 24-ке жуық түрі болса, бүгінде гүлпаз мамандардың сұрыптауы нәтижесінде 15 мыңға жуық түрі қолданысқа енген. Dahlia еveline гүлі себет секілді, мол гүлдейтін өсімдік. Биіктігі 20-200 см аралығында болады. Түріне қарай бір түбі 10-25 данаға дейін гүл жарады[4].

Dahlia еveline гүлі  – тамыртүйнекті, көпжылдық бақша өсімдігі. Отаны – Мексика және Колумбияның таулы аймақтары[5].



Жұмыстың мақсаты: Dahlia еveline гүлінен биологиялық белсенді белсенді заттарын фотоколориметрлік әдісімен анықтау

Зерттеу нысаны: Алматы қаласы, Түрксіб ауданынан 2016жылы жинап алынған георгин өсімдігі.
Dahlia еvelinе өсімдігінің ылғалдылығы және күлділігі гравиметриялық, экстрактивтілік экстракция әдісімен, ал құрамындағы антоциандар, полифенолдар, флаваноидтар, фотокалориметрлік әдіспен «КФК-2» «КФК-3» маркалы фотокалориметрінде анықталды. Зерттеу нәтижесі 1- кестеде көрсетілген.
Кесте-1. Dahlia eveline өсімдігінің биологиялық белсенді заттарының мөлшері


Мекен жайы

Шикізат атауы



Ылғалдылығы, %

Күлділігі, %

Полифенолдар, %

Антоциандар, %

Флаваноид, %

Экстрактивтілігі,%



Суда

Спиртте

Алматы облысы, Түрксіб ауданы (Георгин)

Dahlia еveline өсімдігінің гүлі

5,5

0,85

1,01

0,60

1,60

35,87

23,21


Dahlia еveline өсімдігінің сабағы

5,5

0,95

1,09

2,25

1,30

36,42

26,84


Dahlia еveline өсімдігінің жапырағы

6

0,90

2,09

1,44

2,10

38,28

25,14


Dahlia еveline өсімдігінің тамыры

5

0.87

0,93

0,20

0,30

32,05

25,00

Кесте-1 Алынған өсімдіктің күлділігі мен ылғалдылығы мемлекеттік стандарт талабтарына сәйкес болды. Антоциандар гүліне қарғанда сабағында 3,75 есе көп ал тамырынан қарғанда жапырағында 7,2 есе көп. Полифенолдар мөлшері сабағынан қарғанда гүлінде бір есе көп екендігін және тамырынан қарағанда жапырағында бір есе көп екенін байқаймыз ал Флавоноидтар сабағынан қарағанда гүлінде 1,2 есе ал тамырынан қарағанда жапырағында 7 есе көп болғандығын байқаймыз.Экстрактивтілігіне келетін болсақ, судағы экстрактивтілік көрсеткіші георгиннің спирттегі экстрактивтілігінен жоғары.
Қорытынды

Қорытындылай келе, dahlia еvelinе өсімдігінің ылғалдылығы және күлділігі гравиметриялық әдіспен анықталды және құрамындағы биологиялық белсенді заттардың мөлшері зерттелді. Зерттеу нәтижесінде анықталған биологиялық белсенді заттарды бөліп алудың тиімді жағдайлары қарастырылуда.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Кирпичников М. Э. Семейство сложноцветные (Asteraceae, или Compositae) // Жизнь растений. В 6-ти т. Т. 5. Ч. 2. Цветковые растения / Под ред. А. Л. Тахтаджяна. —М.:Просвещение,1981. —С.462—476.


2. Хржановский В. Г. Курс общей ботаники. Часть 2. Систематика растений: Учебник для сельхозвузов. — 2-е изд., перераб. и доп. — М.: Высш. школа, 1982. —С.439—450
3. Сложноцветные // Большая советская энциклопедия : [в 30 т.] / гл. ред. А. М. Прохоров. —3-е изд. —М. :Советская энциклопедия,1969—1978
4. Миркин, Б. М., Наумова, Л. Г., Мулдашев, А. А. Высшие растения: краткий курс систематики с основами науки о растительности: Учебник. — 2-е, перераб. — М.: Логос, 2002. — 256 с. — 3000 экз. — ISBN 5-94010-041-4
5. Сағындықова Ж.А. Топинамбур өсімдігі және оның емдік қасиеттері. Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясының баспалық кабинеті, 1994.-Б.4-19.

Резюме

В статве приведенны сведения по изучению билогичиски активных веществ георгина (dahlia еvelinе) фотоколориметрическим методом химический состов цветка dahlia еvelinе изучен вложность изольность гровиметрическии методом, экстрактивность методом экстракции. Антоционы, полифенолы, флавоноиды определены фотоколориметрическим методом.



Summary

The article contains information on the study of biologically active substances of dahlia (dahlia evelin) by the photocolorimetric method of the chemical composition of the dahlia flower. The complexity of isolation is determined by gravimetric method, extraction by extraction method. Anthocyanins, polyphenols, flavonoids are determined by the photocolorimetric method.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет