Әож 582. 287. 238 1Абиев С. А., 2Асилханова Р. З., 2Абеуова Ш. М. Агарикоидты саңырауқұлақтардың табиғи популяцияларынан бөлініп алынған культураларды морфобиологиялық зерттеу және ұзақ сақтау мәселелері



Дата16.07.2017
өлшемі248.31 Kb.
#38647
ӘОЖ 582.287.238

1Абиев С.А., 2Асилханова Р.З., 2Абеуова Ш.М.
Агарикоидты саңырауқұлақтардың табиғи популяцияларынан бөлініп алынған культураларды морфобиологиялық зерттеу және ұзақ сақтау мәселелері
(1Л.Н. Гумилев атын. Еуразия Ұлттық университеті, Астана қаласы)

(2С.Сейфуллин атын. Қазақ Агротехникалық университеті, Астана қаласы)


Мақалада кейбір агарикалық саңырауқұлақтардың таза культурасын бөліп алу және штаммдар коллекциясын құру, қатты агарлы қоректік орталарда культуралық-морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері беріліп отыр. Мицелийлік колонияларының өсу көрсеткіштері мен штаммдарды ұзақ мерзімге сақтаудың салыстырмалы аспектілері көрсетілді.

Кілттік сөздер: Агарикоидты саңырауқұлақтар, ұлпалық культура, өсу коэффициенті, штаммдар.
Саңырауқұлаққа адам ерте заманнан бері көңіл аударған. Алғашқыда жеуге жарамды түрлерін тағамға, улы түрлерін ритуалдық т.б. мақсаттарға пайдаланып келді, соңғы кездері кейбір түрлерінен биологиялық белсенді заттар алуға, емдік препараттар дайындауға пайдаланады. Бүгінгі таңда саңырауқұлақ күнделікті дастарханымызда кездесетін жеңсік тағамдардың қатарынан саналады. Егер бұрындары «тыныш аңшылықпен» айналушылардың табиғи жағдайда жинаған саңырауқұлақтары пайдаланылып келсе, бүгінде еліміздің сауда орындарында шет елдерден әкелінген қолдан өсірілген саңырауқұлақ өнімдері басым.

Қәзіргі кездері дүние жүзі бойынша пайдаланылатын саңырауқұлақ өнімінің 80%-нан астамы қолдан өсірілу арқылы алынған және бұл көрсеткіш одан әрі өсе түспек. Көптеген елдерде саңырауқұлақ индустриясы оны өндіруші мекемелер үшін үлкен табыс көзіне айналған, елінің азық-түлік қауіпсіздігіне айтарлықтай үлесін қосуда.

Қазақстанға келетін болсақ бірен-саран ғана әуесқой саңырауқұлақ өсірушілер болмаса ірі өндірістік деңгейде арнайы ұйымдастырылған өндіріс жоқ. Ондай өндіріске негіз болатын саңырауқұлақтың бағалы, жергілікті түрлерінен алынған штамдар коллекциясы жасалмаған. Біздегі саңырауқұлақ өсірушілердің пайдаланып жүргендері шет елдік штаммдар мен дайын дәндік, немесе компосталық мицелийлер. Сонымен, отанымызда саңырауқұлақ өндірісін дамыту үшін алдымен жеуге жарамды саңырауқұлақтардың Республика территориясында өсетін түрлік құрамын, таралуын, олардың ішіндегі бағалы тағамдық және дәрілік түрлерін анықтап, перспективті түрлерінің отандық штаммдар коллекциясын жасау бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің қатарына жатады. Ал Қазақстанда саңырауқұлақ өндірісін жолға қою еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және фармацевтік өндірісті дәрі-дәрмектік шикізат көзімен толықтырудың нақты шараларының бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта 67 елде микроорганизмдердің 525 коллекциялық культурасы бар. Олардағы штаммдардың жалпы саны   1756403, оның ішінде 456053 штамм саңырауқұлақ үлесіне тиесілі. Осы 525 коллекциялық культуралардың on-line режимінде WFCC-ке тіркелген 128 коллекциялық фондттың каталогын ашық қолдануға болады [1].

Қазіргі кездері микроорганизмдердің халықаралық коллекциялық қорларындағы кез келген штаммдары жайында қажет ақпаратты алу үшін жасалған арнайыланған базалық мәліметтер қоры бар. Бұл ашық мәліметтер базалары on-line режимінде жұмыс жасайды. Мәселен, саңырауқұлақтар жайында жылдам ақпарат алуға лайықталған негізгі халықаралық беделді ақпараттық ресурстар мыналар: Index Fungorum (www.indexfungorum.org), MycoBank (www.mycobank.org), GenBank (www.ncbi.nlm.nih.gov/genbank/), StrainInfo (www.straininfo) және басқалар [1].

Табиғаттан бөлініп алынып зерттелген мицелилік саңырауқұлақтардың штаммдарын өзгеріссіз сақтау фундаментальдық зерттеулер тұрғысында да, сондай ақ қолданбалы-ғылыми міндеттерді шешуде де маңызды.

Саңырауқұлақтардың тіршілік қабілетін ұзақ мерзімге сақтауды әртүрлі әдіс-тәсілдермен жүзеге асыруға болады [2-5]. Культураны дәстүрлі сақтау әдісі мысалыға мыналар: мерзімдік қайта себу, минеральды майда сақтау (Kobayashi, 1984; Smith, Onions, 1983, 1994), суда сақтау (Burdsall, Dorworth, 1994; Smith, Onions, 1994), топырақта сақтау (Smith, Onions, 1994), зертханалық жағдайда сақтау (1 кесте). Бірақ мұндай дәстүрлі әдістер культураның генетикалық тұрақтылығын және басқа да қасиеттерін толық сақтауға кепіл бола алмайды [6, 7].

1 кесте – Саңырауқұлақ культураларын сақтауда әртүрлі әдістердің тиімділігін бағалау



Сақтау әдістері

Салыстырмалы шығын

Сақтау мерзімі

Генетикалық тұрақтылығы

материалдар

еңбек шығыны

Қайта себу әдісі (агарлы ортада)

Бөлме температура сында сақтау (18-20ºС)

төмен

жоғары

1-6 ай

өзгеріске түседі

Тоңазытқышта (4ºС) сақтау

орташа

жоғары

6-12 ай

өзгеріске түседі

Минералдық майда сақтау

төмен

төмен/орташа

1-32 ай

орташа

Суда сақтау

төмен

төмен/орташа

2-5 жыл

төмен

Тоңазыған күйде сақтау (-20ºС)

орташа

төмен/орташа

4-5 жыл

шамалы

Кептіріп сақтау

Топырақта (4ºС)

төмен

орташа

5-20 жыл

төмен

Криоконсервация әдісі

Инертті негізде ( 70ºС, -150ºС)

төмен

орташа

5-18 жыл

жақсы

Лиофилизация

жоғары

орташа

4-40 жыл

жақсы

Сұйық азотта (-196ºС)

жоғары

төмен

Белгісіз мерзімге дейін

жақсы

Ескерту: Кестедегі мәліметтер әдебиеттер негізінде келтірілді [1, 8].
Криоконсервация, лиофилизация (Tan, 1997; Kolkowski, Smith, 1995) және тоңазыту (Hwang, 1966; Smith, 1998), сонымен қатар инертті негіздерде сақтау (Elliott, 1975; Smith, Onions, 1994) әдістері культураның тек тіршілікке қабілеттілігін ғана емес үлгінің генетикалық тұрақтылығын да қамтамасыз етеді. Бұл әдістер коллекциялық культураларды сақтауда ғылыми мекемелерде, көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындарда жиі қолданылады.

Түрдің идентификациялық дәлдігін анықтау (верификация) коллекциялық фондқа жаңа штаммдарды енгізерде жүргізіледі. Әрбір мерзімдік қайта себуде бақылау жүргізіледі, қажет жағдайда қайтадан штаммды реидентификациялайды.

Түрдің дәлдігін анықтауда мынадай өлшемдердің стандарттық сипатталар жинағын пайдаланылады:


  1. Өсу сипаттамалары –өсу жылдамдығы (Ө) және өсу коэффициенті (ӨК).

  2. Макро- және микроморфологиялық белгілері.

  3. Ферменттік белсенділігі. Әдетте ферменттерді анықтауда, мысалы тотықтырғыш (лакказа, пероксидаза, тирозиназа сияқты), немесе протеолиттік (казеиназ, желатиназ, сүтұйығыштық, фибринолитикалық) ферменттерді анықтауда экспресс әдісі пайдаланылады [9, 10].

  4. Культурада генеративтік сатысының түзілуі. Бұл түрдің дәлдігін анықтауға қажет негізгі әдіс болып саналады. Культурада примордие, немесе толық дамыған жемісті дене алу культураның түрлік тиесілігін айқындауға жақсы мүмкіндік береді. Культураның генеративтік сатысын Петри табақшасында, стандартты агарлы ортада, немесе арнайы даярланған, құрамында ағаш тектес заттары бар, қоректік субстраттарда алуға болады [9-11].

  5. Соңғы жылдары түрдің идентификациялық дәлдігін анықтау мақсатында молекулярлық-генетикалық әдістер жиі пайдаланылуда. рРНҚ кодтайтын тізбек (рРНҚ гендер) – 18S; 5,8S, 28S – рРНҚ тасымалданатын, арасында спейсерлі аймақтары бар жинақталған кластерлі тізбектер. Бұндай рибосомдық блоктар саңырауқұлақтар геномында 10 нан бірнеше мыңға дейін қайталанады. рРНҚ гендері ұзын, қайталанып отыратын, «басы аяғына» қарай бағыттала орналасқан тізбек түрінде кездеседі. Рибосомдық блоктың үш рРНҚ гендері фланкирлеуші сыртқы бөліктен (ETS – external transcribing spacer) және ішкі тасымалданатын спейсерлі (ITS – internal transcribing spacer) аймақтан тұрады (1 сурет). Бұрындары тасымалданатын спейсерлерді тасымалданбайтын спейсерлер деп (NTS), кейіннен осы аймақтарда транскрипция жүретіні анықталып, транскрипцияланғаннан пайда болған өнім рДНҚ гендері экспрессиясының регуляциясына қатысатыны айқындалған [12].



1 сурет – рРНҚ кодтайтын тізбек
Қалпақшалы саңырауқұлақтарды жүйелеу дәстүрлі әдіспен морфологиялық және қоректік сипаттамасына негіздеп қана жүзеге асатын. Түрлерді анықтауда басты белгілер ретінде қарастырылатын жемісті дененің түсі мен өлшемдері экологиялық жағдайларға байланысты өзгерістерге тез ұшырап отыратындықтан оларды идентификациялауда жіберілетін қателіктер жиі кездесіп отырады. Қазіргі таңда культураның тазалығын және түрлік дәлдігін анықтау мақсатында молекулалық биологияның және биоинформатиканың жетістіктерін қолдану көп пайдасын тигізеді. Мәселен, саңырауқұлақтарды идентификациялауда филогенетикалық маркер ретінде пайдаланып жүрген әдіс зерттелетін объекттің рибосомалық РНҚ гендері кластерінің ITS тізбегін (транскрибцияланатын гендер арасындағы тізбегі) саралауға негізделген. Бұл әдіс заманауи тиімді әдістердің бірі болып табылады [12, 13, 14].

рРНҚ құрылымын кодтайтын гендерінің консервативті реттік тізбектері болатын ішкі транскрибцияланатын спейсерлік (ITS1/2) аймақтары басқаларына қарағанда жылдам эволюцияға ұшырайды, осыған байланысты реттік тізбектің өте жоғары деңгейде өзгермелі болатынын көрсетеді [15-17]. Базидиалы саңырауқұлақтардың ITS1-5,8S-ITS2 ішкі транскрипцияланатын спейсерлі аймағының санының орташа ұзындығы 600-800 жұп нуклеотидттен (ж.н.) тұрады. Ол кейде, мысалы Leccinum туысының түрлерінде 1100 ж.н. ден 1700 ж.н-ке дейінгі аралықта болатыны белгілі [18].



Зерттеу материалдары мен әдістері

Ұлпалық және споралық культуралар алу

Қалпақшалы саңырауқұлақтардан ұлпалық культуралар алу үшін маршруттық зерттеулер барысында саңырауқұлақтың жас және жаңадан пайда болған, құрттамаған, ауруға шалдықпаған, механикалық зақымдалмаған жемісті денесінен таза үлгілері таңдалып алынды. Таңдап алынған үлгілер өсімдік қалдықтарынан, топырақтан тазартылып, стерилденген сумен тез арада жуылып (саңырауқұлақ ұлпасына су сіңіп қалмайтындай етіп) сутартқыш қағазбен құрғатылды. Құрғатылған саңырауқұлақтың жемісті денесінен ұлпа кесінділерін бөліп алу алдында оны 96%-дық этил спиртімен сүртіп зарасыздандырылды. Саңырауқұлақ қалпақшасының жоғарғы бетінен (эксципулдан), аяқшасының қалпақшаға қосылған жерінен, аяқшаның жоғарғы тұсынан көлемдері 0,5-0,8 куб см болатындай етіп, скальпелмен, куб, немесе трапеция тәрізді етіп ұлпа бөлшектері кесіп алынып, оны стерилденген инемен судың 3 проценттік асқын тотығына батырып алып барып алдын ала дайындалып қойылған пробиркадағы («косяк»), немесе Петри табақшасындағы жасанды қоректік ортаға отырғызылды. Лабораториялық жағдайда осы жұмыстың бәрі ламинарлық бокста жүргізілді. Далалық жағдайда спиртовканың жалыны пайдаланылды. Саңырауқұлақ ұлпасы отырғызылған қоректік ортада басқа микроорганизмдердің өсу мүмкіндігін тежеу мақсатында қоректік ортаға антибиотик ампициллин (100-200 мл/ бірлік) және фундазол (50 мл/мкг) қосылды. Петри табақшаларындағы саңырауқұлақ ұлпасы термостатта 26,5°С температурада инкубацияланды. Культураларды кездейсоқ түскен басқа микроорганизмдерден тазарту жұмыстары қайтара себу тәсілін қолдану арқылы жүзеге асырылды.

Саңырауқұлақтардың қоректік ортадағы жасанды культурасын алу мақсатында ұлпалық культура мен қатар споралық культурасын алуды да пайдаландық. Ол үшін саңырауқұлақтың құрттамаған, ауруға шалдықпаған, механикалық зақымдалмаған таза жемісті денелері таңдалып алынып, оны 96%-дық этил спиртімен сүртіп зарарсыздандырылды. Сонан соң оны стерильді камерада ашық Петри табақшасының үстіне (табақшаға тигізбей) гименофорын төмен қаратып, споралары Петри табақшасына түсетіндей етіп бекітіп, екі күн ұстадық. Зертханада Михмед-1 микроскопы мен Горяев камерасын пайдаланып Петри табақшасындағы споралар санын анықтадық. Спора түскен Петри табақшасынан үш эппендорф пробиркаларының көмегімен концентрациясы әр түрлі споралардың судаға суспензиясы даярланды. Сонан соң агарлы қоректік орта құйылып қатырылған Петри табақшаларына суспензия тамшылары тамызылып және басқа микрофлораның өсуін тежейтін ампициллин (100-200 мл/ бірлік), немесе фундазол (50 мл/мкг) қоса беріліп, инкубациялау камерасына жайғастырылды. Ұлпалық культураларға қарағанда споралық культура өте баяу өсетіндіктен және споралық культура басқа микрофлорамен жиі ластанатындықтан біз көбіне бірінші тәсілді (ұлпалық культура) пайдаландық [19, 20, 21.].

Бөлініп алынған культураның өсуі мен дамуы қоректік ортаның құрамына көп тәуелді. Біз әртүрлі жасанды агарлы қоректік орталарды Чапек-Докс, Мурасиге-Скуг, картопты-глюкозды агар, сабуро және сусло-агарды пайдаландық. Бөлініп алынған ұлпалық культуралар барлық қажет зерттеулерден (морфометриялық, культуралық, генотиптік) өткізіліп болған соң, микробиологиялық тазалығы мұқият тексеріліп барып криопробиркаларда ұзақ мерзімдік сақтауға қойылды. Мұндай жағдайда культура бес жылға дейін тіршілігін және генетикалық тұрақтылығын сақтауға қабілетті [19, 20, 22].



Зерттеу нәтижелері және оларды талдау

Жеуге жарамды және дәрілік сапро- және ксилотрофтық агарика саңырауқұлақтарының 17 түрінен бөлініп алынған 57 штаммдық культуралардың өсу ерекшеліктері әртүрлі қатты агарлы қоректік орталарда (сусло-агар, картопты-глюкозды агар, Чапека-Докс агар және Сабуро) зерттелді. Осы аталған қоректік орталардың ішінде мицелийдің өсуіне ең қолайлы орта – сусло-агар болды. Негізінен біз осы қоректік ортаны пайдаландық.



2   сурет. Қатты агарлы ортада өскен саңырауқұлақ колониялары


Біз зерттеген саңырауқұлақтардың 17 түрінің де жеуге жарамдылық қасиеті бар, 11 түрінің дәрілік қасиеттері белгілі [21, 23].

Культуралардың мицелийлік колонияларының өсіп-даму көрсеткіштері әртүрлі қоректік орталарда зерттеліп, олардың өсу коэффициенттері мына формула бойынша анықталды: ӨК = dhg100/t. Мұндағы: d - колонияның диаметрі (мм); h - колонияның биіктігі –(мм); g - және колонияның тығыздығы (үшбалдық шкала бойынша: 1 – селдір, 2 – орташа, 3 – тығыз). Нәтижелері 2-кестеде көрсетілген.



2 - кесте. Штаммдардың өсу коэффициенттері (t =15 тәулік)

Штаммдар

Қоректік орталар

Сусло-агар

КГА

Чапека-Докс

Сабуро

1

2

3

4

5

Sg 1 (Suillus granulates)

157

21

23

26

Sg 23 (S. granulates)

244

19

23

25

Sg 8 (S. granulates)

248

18

21

24

Lc1 (Lyophyllum connatum)

288

56

20

60

Lc 15 (L. connatum)

296

53

21

29

Lc 18 (L. connatum)

194

26

19

27

Phs 3 (Pholiota squarrosa)

510

56

21

59

Phs 10 (P. squarrosa)

474

26

20

19

Phs15 (P. squarrosa)

616

25

17

18

Pha 2 (Pholiota adiposa)

900

20

18

26

Pha 4 (P. adiposa)

696

19

16

25

Km 25 (Kuehneromyces mutabilis)

900

21

15

23

Km 34 (K. mutabilis)

900

21

18

21

Pp 4 (Pleurotus pulmonarius)

632

20

19

49

Pp 6 (P. рulmonarius)

656

23

14

24

Pp 8 (P. pulmonarius)

458

21

13

23

Pp 12 (P. pulmonarius)

480

20

15

22

Cg 3 (Clitocybe gibba)

820

18

19

53

Cg 5 (C. gibba)

632

16

17

57

Cg 7 (C. gibba)

860

13

15

26

Cg 19 (C. gibba)

676

15

13

27

Lecs 2 (Leccinum scabrum)

62

13

11

25

Lecs 16 (L. scabrum)

26

14

13

26

Lecs 18 (L. scabrum)

28

11

17

19

Lecs 24 (L. scabrum)

31

15

14

23

Agt 6 (Agaricus tabularis)

202

13

16

24

Agt 7 (A. tabularis)

178

16

18

20

Agt 12 (A. tabularis)

186

15

17

90

Lacc 4 (Lactarius camphoratus)

26

9

13

15

Lacc 15 (L. camphoratus)

25

11

13

15

Lacc 16 (L. camphoratus)

24

10

11

16

Lacc 22 (L. camphoratus)

23

11

11

13

Pi 1 (Paxilus involutus)

900

17

20

56

Pi 6 (P. involutus)

696

13

21

53

Pi 9 (P. involutus)

890

16

23

26

Ld 5 (Lactarius deliciosus)

23

8

9

17

Ld 9 (L. deliciosus)

22

7

7

18

Lp 2 (Lactarius pubescens)

20

6

9

13

Lp 14 (L. pubescens)

21

8

9

14

Lp 23 (L. pubescens)

22

5

7

13

Sp 8 (Suillis piperatus)

24

13

15

6

Sp 12 (S. piperatus)

23

11

13

8

Sp 17 (S. piperatus)

23

11

13

16

Sp 20 (S. piperatus)

21

8

12

15

Lr 7 (Lactarius resimus)

56

13

9

16

Lr 13 (L. resimus)

27

15

9

14

Lr 16 (L. resimus)

29

14

5

15

Psc 4 (Psathyrella candolleana)

900

21

6

114

Psc 7 (P. candolleana)

688

20

15

55

Psc 9 (P. candolleana)

632

21

14

52

Psc 12 (P. candolleana)

880

19

15

27

Agd 3 (Agrocybe dura)

680

18

13

45

Agd 6 (A. dura)

527

15

14

39

Agd 8 (A. dura)

720

10

6

106

Agd 9 (A. dura)

664

9

4

50

Agd 13 (A. dura)

540

11

8

22

Agd 14 (A. dura)

720

13

9

21

А.С. Бухало классификациясына сәйкес [20], базидиалы саңырауқұлақтарды мицелилік колониясының өсу қарқынына қарай үш топқа бөледі: I – тез өсетін (ӨК > 100), II – орташа жылдамдықпен өсетін (ӨК = 50-100) және III – жай өсетін (ӨК < 50).

2-ші кестеде келтірілгендей зерттелген штаммдарды өсу коэффициенттеріне байланысты үш топқа бөлуге болады. Тез өсетін 1-ші топқа 11 түрдің штаммдары жатады: Sg 8 (ӨК=248), Lc15 (296), Phs 15 (616), Pha 2 (900), Km 25, 34 (900), Pp 6 (656), Cg 7 (860), Agt 6 (202), Pi 1 (900), Psc 4 (900), Agd 8 және 14 (720). Тез өсетін топқа жататын штаммдардың барлығы ксилотрофты және сапротрофты саңырауқұлақтар қатарынан.

Өсу жылдамдығы орташа 2-ші топқа 2 түрдің   Leccinum scabrum және Lactarius vellereus тиісінше 2 штаммы   Lecs 2 (62) және Lv 7 (56) кірді. Осы екі түрдің басқа штаммдары ӨК жағынан жай өсетін штаммдар тобына кіреді.

Жай өсетін 3-ші топқа 6 түрдің штаммдары жатты: Lecs 18 (31), Lacc 4 (26 ға), Ld (23), Lp 2 (22), Be 8 (24), Lv 16 (29).

КГА және Чапека-Докс қоректік орталарында өсірілген жағдайда барлық штаммдар өсу коэффициенті жағынан жай өсетін штаммдар (3-ші топ) қатарына кірді. Сондықтан аталған қоректік орталарды жоғары сатыдағы базидиомицеттердің культуралық штаммдарын өсіруге аса қолайлы орта деп есептемейміз. Ал Сабуро жасанды қоректік ортасында өсірген жағдайда зерттелген штаммдар орташа және жай өсетін топтарға жатты. Демек, сабуро қоректік ортасы зерттелген штаммдарды өсіру жағынан сусло агардан кейінгі қолайлы орта болып табылады.


Әдебиеттер
1 Озерская С.М. Грибы в коллекциях культур: фундаментальные и прикладные аспекты: автореф. дисс. докт. биол. наук. – М., 2012. - 50 c.

2 Бухало А.С., Дудка И.А. Высшие съедобные базидиомицеты в чистой культуре. - Киев: Наукова думка, 1988. - 144 с.

3 Абиев С.А., Нам Г.А., Асилханова Р.З., Алиева Г.Б. Особенности роста мицелиальных колоний съедобных грибов // Современные тенденции в изучении флоры Казахстана и ее охрана: матер. XIII междунар. науч. конф. - Алматы, 2014. - С. 156-159.

4 Антоненко Л.А., Дзыгун Л.П., Клечак И.Р., Линовицкая В.М. Особенности роста дереворазрушающих базидиомицетов на агаризованных средах // Высшие базидиальные грибы: индивидуумы, популяции, сообщества: матер. юбил. конф., посвящ. 100-летию со дня рождения М.В. Горленко. – М.: ООО «Восток –Запад», 2008. - C. 38-52.

5 Дьяков М.Ю., Штаер О.В., Гарибова Л.В. Сравнение морфолого-культуральных характеристик некоторых ксилотрофов и подстилочных сапротрофов при культивировании на различных агаризованных средах // Высшие базидиальные грибы: индивидуумы, популяции, сообщества: матер. юбил. конф., посвящ. 100-летию со дня рождения М.В. Горленко. – М.: ООО «Восток –Запад», 2008. – С. 53-55.

6 Борисов Б.А., Лиховидов В.Е., Володина Л.И., Жирков В.М. и др. Грибы рода Cordiceps как объекты медицинской биотехнологии, их ресурсы в России и проблемы сохранения ex situ // В кн.: Успехи медицинской микологии / Национальная академия микологии. – 2006. – Т. VII. - С. 272-275.

7 Евдокимова О.А., Польских С.В., Аксеновская В.Е. Экспериментальная среда для выращивания мицелия вешенки // В кн.: Успехи медицинской микологии / Национальная академия микологии. – 2006. – Т. VII. - С. 279-280.

8 Озерская С.М., Кочкина Г.А., Иванушкина Н.Е. Биологические ресурсные центры – новый этап развития коллекций культур // В кн.: Современная микология в России. - М.: Национальная академия микологии, 2008. – Т. 2. – С. 111.

9 Chang S.T., Miles P.G. Recent trends in world production of cultivated edible mushrooms // J. Mushroom. – 1991. – Vol. 504. – P. 15-18.

10 Kues U., Liu Y. Fruiting body production in Basidiomycetes // Applied Microbiology and Biotechnology. - 2000. – Vol. 54. – P. 141-152.

11 Yamanaka K. Cultivation of new mushroom species in East Asia // Acta Edulis Fungi. – 2005. - Vol. 12. – P. 343-349.

12 Введение в генетику грибов / Ю.Т. Дьяков, А.В. Шнырева, А.Ю. Сергеев. – М.: Академия, 2005. - 304 с.

13 Asilchanova R., Abiev S., Shnyreva A.V. Molecular identification of some edible mushrooms (order: Agaricales) from Central and North-Eastern Kazakhstan // Biology and Medicine Journal. - 2015. – Vol. 2. – P. 2-7.

14 Castle A.D., Speranzini N., Rghel G., Alm D. Rinker, Bissett J. Morphological and molecular identification of Trichoderma isolated on North American farms // Appl. Environ. Microbiol. – 1998. – Vol. 140. – P. 769-777

15 Абиев С.А., Асилханова Р.З., Алиева Г.Б. Создание коллекции штаммов и морфолого-молекулярная идентификация некоторых грибов порядка Apyllophorales Центрального и Северо-Восточного Казахстана // Интеграция мировых научных процессов как основа общественного прогресса: матер. междунар. науч.-практ. конф. – Казань, 2015 – С. 12-17.

16 Baldwin B.G. Phylogenetic utility of the internal transcribed spacers of nuclear ribosomal DNA in plants: an example from the Compositae // Molecular Phylogenetic and Evolution. – 1992. - Vol. 1. - P. 3-16.

17Абиев С.А., Асилханова Р.З., Алиева Г.Б., Тағабаева А.О. Орталық және солтүстік шығыс қазақстанның айрықша қорғалатын табиғи аймақтарының афиллофора саңырауқұлақтары: түрлік және таксондық құрамы, бағалы түрлерінен штамдар коллекциясын жасау және молекулалық гендік верификациялау // Известия Национальной академии наук Республики Казахстан. Серия Биологическая и медицинская. - Алматы, 2015. - №3(309). - C. 148-153.

18 Иванов Д.М. Анализ областей ITS1-5,8S-ITS2 и IGS1 рДНК видов рода Leccinum // Матер. V Междунар. конф. «Изучение грибов в биогеоценозах». – Пермь, 2009. – С. 93-96.

19 Билай В.И. Методы экспериментальной микологии: справочник. – Киев: Наукова Думка, 1982. - 552 с.

20 Бухало А.С. Высшие съедобные базидиомицеты в чистой культуре. – Киев: Наукова Думка, 1988. – 144 с.

21 Огарков Б.Н., Огаркова Г.Р., Самусенок Л.В. Биотехнология на основе грибов: монография. - Иркутск: Изд-во Иркут. ун-та, 2005. – 233 с.

22 Дудка И.А., Вассер С.П., Элланская И.А., Коваль З.Э. и др. Методы экспериментальной микологии: справочник. – Киев: Наукова Думка, 1982. - 551 с.

23 Основы биотехнологии высших грибов / Н.А. Заикина, А.Е. Коваленко, В.А. Галынкин, Ю.Т. Дьяков, А.Д. Тишенков. – СПб.: Проспект Науки, 2007. – 336 с.
REFERENCES
1 Ozerskaja S.M. Griby v kollekcijah kul'tur: fundamental'nye i prikladnye aspekty: avtoref. diss. dokt. biol. nauk. – M., 2012. - 50 c.

2 Buhalo A.S., Dudka I.A. Vysshie s"edobnye bazidiomicety v chistoj kul'ture. - Kiev: Naukova dumka, 1988. - 144 s.

3 Abiev S.A., Nam G.A., Asilhanova R.Z., Alieva G.B. Osobennosti rosta micelial'nyh kolonij s"edobnyh gribov // Sovremennye tendencii v izuchenii flory Kazahstana i ee ohrana: mater. XIII mezhdunar. nauch. konf. - Almaty, 2014. - S. 156-159.

4 Antonenko L.A., Dzygun L.P., Klechak I.R., Linovickaja V.M. Osobennosti rosta derevorazrushajushhih bazidiomicetov na agarizovannyh sredah // Vysshie bazidial'nye griby: individuumy, populjacii, soobshhestva: mater. jubil. konf., posvjashh. 100-letiju so dnja rozhdenija M.V. Gorlenko. – M.: OOO «Vostok –Zapad», 2008. - C. 38-52.

5 D'jakov M.Ju., Shtaer O.V., Garibova L.V. Sravnenie morfologo-kul'tural'nyh harakteristik nekotoryh ksilotrofov i podstilochnyh saprotrofov pri kul'tivirovanii na razlichnyh agarizovannyh sredah // Vysshie bazidial'nye griby: individuumy, populjacii, soobshhestva: mater. jubil. konf., posvjashh. 100-letiju so dnja rozhdenija M.V. Gorlenko. – M.: OOO «Vostok –Zapad», 2008. – S. 53-55.

6 Borisov B.A., Lihovidov V.E., Volodina L.I., Zhirkov V.M. i dr. Griby roda Cordiceps kak ob"ekty medicinskoj biotehnologii, ih resursy v Rossii i problemy sohranenija ex situ // V kn.: Uspehi medicinskoj mikologii / Nacional'naja akademija mikologii. – 2006. – T. VII. - S. 272-275.

7 Evdokimova O.A., Pol'skih S.V., Aksenovskaja V.E. Jeksperimental'naja sreda dlja vyrashhivanija micelija veshenki // V kn.: Uspehi medicinskoj mikologii / Nacional'naja akademija mikologii. – 2006. – T. VII. - S. 279-280.

8 Ozerskaja S.M., Kochkina G.A., Ivanushkina N.E. Biologicheskie resursnye centry – novyj jetap razvitija kollekcij kul'tur // V kn.: Sovremennaja mikologija v Rossii. - M.: Nacional'naja akademija mikologii, 2008. – T. 2. – S. 111.

9 Chang S.T., Miles P.G. Recent trends in world production of cultivated edible mushrooms // J. Mushroom. – 1991. – Vol. 504. – P. 15-18.

10 Kues U., Liu Y. Fruiting body production in Basidiomycetes // Applied Microbiology and Biotechnology. - 2000. – Vol. 54. – P. 141-152.

11 Yamanaka K. Cultivation of new mushroom species in East Asia // Acta Edulis Fungi. – 2005. - Vol. 12. – P. 343-349.

12 Vvedenie v genetiku gribov / Ju.T. D'jakov, A.V. Shnyreva, A.Ju. Sergeev. – M.: Akademija, 2005. - 304 s.

13 Asilchanova R., Abiev S., Shnyreva A.V. Molecular identification of some edible mushrooms (order: Agaricales) from Central and North-Eastern Kazakhstan // Biology and Medicine Journal. - 2015. – Vol. 2. – P. 2-7.

14 Castle A.D., Speranzini N., Rghel G., Alm D. Rinker, Bissett J. Morphological and molecular identification of Trichoderma isolated on North American farms // Appl. Environ. Microbiol. – 1998. – Vol. 140. – P. 769-777

15 Abiev S.A., Asilhanova R.Z., Alieva G.B. Sozdanie kollekcii shtammov i morfologo-molekuljarnaja identifikacija nekotoryh gribov porjadka Apyllophorales Central'nogo i Severo-Vostochnogo Kazahstana // Integracija mirovyh nauchnyh processov kak osnova obshhestvennogo progressa: mater. mezhdunar. nauch.-prakt. konf. – Kazan', 2015 – S. 12-17.

16 Baldwin B.G. Phylogenetic utility of the internal transcribed spacers of nuclear ribosomal DNA in plants: an example from the Compositae // Molecular Phylogenetic and Evolution. – 1992. - Vol. 1. - P. 3-16.

17 Abiev S.A., Asilhanova R.Z., Alieva G.B., Taғabaeva A.O. Ortalyқ zhәne soltүstіk shyғys қazaқstannyң ajryқsha қorғalatyn tabiғi ajmaқtarynyң afillofora saңyrauқұlaқtary: tүrlіk zhәne taksondyқ құramy, baғaly tүrlerіnen shtamdar kollekcijasyn zhasau zhәne molekulalyқ gendіk verifikacijalau // Izvestija Nacional'noj akademii nauk Respubliki Kazahstan. Serija Biologicheskaja i medicinskaja. - Almaty, 2015. - #3(309). - C. 148-153.

18 Ivanov D.M. Analiz oblastej ITS1-5,8S-ITS2 i IGS1 rDNK vidov roda Leccinum // Mater. V Mezhdunar. konf. «Izuchenie gribov v biogeocenozah». – Perm', 2009. – S. 93-96.

19 Bilaj V.I. Metody jeksperimental'noj mikologii: spravochnik. – Kiev: Naukova Dumka, 1982. - 552 s.

20 Buhalo A.S. Vysshie s"edobnye bazidiomicety v chistoj kul'ture. – Kiev: Naukova Dumka, 1988. – 144 s.

21 Ogarkov B.N., Ogarkova G.R., Samusenok L.V. Biotehnologija na osnove gribov: monografija. - Irkutsk: Izd-vo Irkut. un-ta, 2005. – 233 s.

22 Dudka I.A., Vasser S.P., Jellanskaja I.A., Koval' Z.Je. i dr. Metody jeksperimental'noj mikologii: spravochnik. – Kiev: Naukova Dumka, 1982. - 551 s.

23 Osnovy biotehnologii vysshih gribov / N.A. Zaikina, A.E. Kovalenko, V.A. Galynkin, Ju.T. D'jakov, A.D. Tishenkov. – SPb.: Prospekt Nauki, 2007. – 336 s.
Абиев С.А., Асилханова Р.З., Абеуова Ш.М.

Морфобиологическое исследование и методы длительного хранения агарикоидных грибов, выделенных из природных популяций

В статье представлены материалы по выделению и созданию коллекции штаммов некоторых агарикоидных грибов и изучению их культурально-морфологических особенностей в различных агаризованных питательных средах. Показаны ростовые характеристики мицелиальных колоний и сравнительные аспекты хранения штаммов на длительный срок.



Ключевые слова: Агарикоидные грибы, тканевые культура, ростовые коэффициенты, штаммы.

Abiev S.A., Asilchanova R.Z., Abeuova Sh.M.

Microbiological testing and methods of long-term storage agaricoid fungi isolated from natural populations

The article presents the results on the allocation and the creation of some agaricoid fungi strains collection and the study of their culture-morphological features in different agar nutrient media. Growth characteristics of filamentous colonies and comparative aspects of strains storage for a long term are described.



Keywords: Agaricoid fungi, tissue culture, growth factors, strains.
Автор жайында мағлұмат




АТӘ

Ғылыми атағы, лауазымы

Мекен-жайы

Жұмыс орны

Байланыс телефоны

e-mail

1

Абиев С.А.

б.ғ.д., профессор

Астана қаласы, Қажымұқан 13

Л.Н. Гумилев атын. Еуразия Ұлттық университеті

87051150990

abiev_sa@enu.kz

2

Асилханова Р.З.

(PhD) доктор, аға оқытушы

Астана қаласы, Манас 20/1

С.Сейфуллин атын. Қазақ Агротехникалық университеті


87712671497

nauarova@mail.ru

3

Абеуова Ш.М.

к.п.н., доцент

Астана қаласы 9

С.Сейфуллин атын. Қазақ Агротехникалық университеті


87019274120

shinar-555@mail.ru

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет