ӘӨЖ: 581. 5(235. 216) ДӘрілік шикізат ретінде echinops albicaulis kar. Et. Kir



Дата07.01.2018
өлшемі120.09 Kb.
ӘӨЖ: 581.5(235.216)
ДӘРІЛІК ШИКІЗАТ РЕТІНДЕ ECHINOPS ALBICAULIS KAR.ET. KIR ӨСІМДІГІНІҢ ФАРМАКОГНОЗИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ

А.Б. Омархан1, Н.З. Ахтаева1, Л. Киекбаева2, Ю.А. Литвиненко2


әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті, Алматы

ako_berikovna@bk.ru
Мақалада Малайсары шатқалынан 2016 жылы гүлдеу кезеңінде (маусым-шілде) жинақталған Echinops albicaulis дәрілік өсімдігі жапырағы мен сабағының фармакогнозиялық белгілері көрсетілген. Анатомиялық ерекшеліктері: түктерінің типтері, жапырағының эпидермалық ерешеліктері, жапырағының анатомиялық құрылысы, сабағының анатомиялық құрылысы, жабындық ұлпа, өткізгіш шоғы, схизогенді клетка, механикалық ұлпа.

Зерттеу жұмысының мақсаты Echinops albicaulis дәрілік өсімдігінің жерүсті мүшелерінің фармакогнозиялық белгілерін анықтау.

Зерттеу жұмысының өзектілігі ресми медицинаға енгізілмеген өсімдіктің бірі Echinops albicaulis. Өсімдіктің дәрілік шикізат ретіндегі перспективтілігін анықтау үшін, фармакогнозиялық белгілерін зерттеу маңызды.

Зерттеу материалдары мен әдістері Echinops albicaulis өсімдігі Жоңғар Алатауының оңтүстік-батыс сілемдеріне жататын Малайсары шатқалынан 2016 жылдың маусым-шілде айларында жинақталды. Малайсары шатқалы Жоңғар Алатауының оңтүстік-батыс сілемдерінде орналасқан. Анатомиялық зерттеу үшін Echinops albicaulis дәрілік өсімдігі жапырағының және құрғақ массасы, жапырағы мен сабағының фиксацияланған шикізаты қолданылды. Анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін сипаттауда жалпыға ортақ терминология қолданылды. Сабақ пен жапырақтың анатомиялық кесінділері ТОС-2 мұздатқыш құрылғысы бар микротом көмегімен жасалды.

Түйін сөздер: Echinops albicaulis, дәрілік өсімдік, анатомия, фармакогнозия, жапырақ, сабақ
Кіріспе
Echinops L. (лақса) туысы Аsteraсeae Dum. (күрделігүлділер) тұқымдасына жатады және таралу аймағы Евразия мен Солтүстік Африканы қамтитын 120-дан астам өсімдіктер түрін біріктіреді [1]. Echinops L. (лақса) туысы өсімдіктерінің экстрактыларының гепатопротекторлы, қабынуға қарсы, фунгицидті, қышқылдануға қарсы белсенділік қасиеттеріне ие екені белгілі [2-4]. Echinops L. (лақса) туысының түрлерінде хинолды алколоидтар, секвитерпеноидтар, флавоноидтар, тритерпендер және тиофендер анықталған [5].

Лақсадан алынатын препараттарды перифериялық жарақат кезіндегі, беттік нервтің салдануында, плекситте, миопатияда, тамырлы дистония кезіндегі астеникалық жағдайда, ұмытшақтықта, сәулелік зақымдану кезінде жүйке-бұлшықет талшықтарының стимуляторы ретінде қолданылады. Эхинопеин көру нервісінің атрофиясы кезінде эффективті [7].

Бұлшықеттердің қажуы, атрофиясы кезінде стимулятор ретінде қолданылады. Төменгі мөлшерде жұлынның рефлекторлық қозғыштығын жоғарлатады. Гипотония кезінде және қан тоқтатуда қолданылады.

Ресми медицинаға енгізілмеген лақса туысы өсімдіктердің бірі Echinops albicaulis- Asteraceae тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін, эндемик өсімдік. Қазақстан Республикасында Қызылорда облысында, Бетпақдалада, Мойынқұмда, Қызылқұмда (солтүстік), Аралда, Балхашта кездеседі [1].

Зерттеу жұмысының мақсаты дәрілік шикізат ретінде Echinops albicaulis өсімдігінің вгетативтік, жерүсті мүшелерінің фармакогнозиялық белгілерін анықтау.

Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің фармакогнозиялық ерекшеліктерін анықтау, өсімдіктің құрамындағы химиялық заттардың табиғатын, жинақталу ерекшеліктерін, оларды бөліп алу жолдарын дамытуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, өсімдіктің жерүсті және фармакогнозиялық белгілерін зерттеу, дәрілік өсімдіктің дәрілік шикізат ретіндегі маңызын арттыруға үлкен әсерін тигізеді.


Зерттеу материалдары және әдістері
Echinops albicaulis өсімдігі Жоңғар Алатауының оңтүстік-батыс сілемдеріне жататын Малайсары шатқалынан 2016 жылдың маусым-шілде айларында жинақталды. Өсімдіктің бұл аймақтағы қоры Ботаника және фитоинтродукция институтының өсімдіктер биоресурстары лабораториясының зерттеулері нәтижелері бойынша анықталды [6-7].

Анатомиялық зерттеу үшін Echinops albicaulis дәрілік өсімдігі жапырағының фиксацияланған және құрғақ шикізаты, сабағының фиксацияланған шикізаты қолданылды. Сабағы мен жапырағының фиксациясы Страсбургер-Флемминг әдістемесі бойынша 70% спиртте жүргізілді (спирт, глицерин, су, 1:1:1). Жапырақ бөліктері хлорогидрат-су (1:1) ерітіндісінде ағарғанға дейін 5-10 мин қайнатылды, зерттеу обьектілері заттық шыныдағы глицерин тамшысына орнатылып, препараттық иненің көмегімен екі бөлікке бөлінді. Обьект жабындық шынымен жабылып, екі жағынанда бірінші микроскоптың кіші үлғайтқышымен (х 180), содан кейін үлкен ұлғайтқышымен (х 720) МС-300 (MICROS, Austria) микроскопының көмегімен дәрілік өсімдік шикізатының микроскопиялық және микрохимиялық техникасы бойынша жасалып, қаралды (Pharmacopeia of республики Kazakhstan 1th ed. 2008).

Жапырақ пен сабақтың көлденең кесіндісі ТОС-2 мұздатқыш құрылғысы бар микротомның көмегімен жасалды. Анатомиялық кесінділердің қалыңдығы 10-15 мкм болды. Анатомиялық құрылымының суреттері МС-300 (MICROS, Austria) микроскопының көмегімен түсірілді.

Анатомиялық құрылысты ерекшеліктерін сипаттауда жалпыға ортақ терминология қолданылды (Барыкина Р., 2004) [8].


Зерттеу нәтижелері

Жоғарғы эпидермис көпбұрышты, тығыз орналасқан паренхималық клеткалардан тұрады. Жапырақтың жоғарғы эпидермисіндегі устьица аппараты аномоцитті типті (грекше anomos-ретсіз). Себебі, устьица аппаратының түйістіргіш клеткаларын қоршап тұрған клеткалар, эпидермистің басқа клеткаларынан пішіні бойынша ерекшеленбейді. Эпидермистің 1 ауданындағы устьица аппаратының орташа саны 10,08±1,23 (сурет 1).


c:\users\актоты\desktop\dn-2 13 х40 верх эп-1.jpg

1-эпидермис клеткалары; 2-устьица аппаратының түйістіргіш клеткасы; 3-устьица саңылауы.

Сурет 1 - Жоғарғы эпидермис x40
Жоғарғы эпидермисте түктер көп. Түктері жай, ұзын, бір клеткалы. Түктердің көп болуы, өсімдікті шектен тыс қызып кетуден сақтайды, қорғаныштық қызмет атқарады. Echinops albicaulis өсімдігі құмды жерлерде өсетіндіктен, түкті болып келеді (сурет 2).

Сурет 2 - Жоғарғы эпидермистің жай түктері х40

Төменгі эпидермисте де түктер өте көп, киізді, ақ түсті. Төменгі эпидермси түктері де ұзын, жай, бір клеткалы. Қорғаныштық қызмет атқарып, өсімдікті шектен тыс қызып кетуден сақтайды (сурет 3).


c:\users\актоты\desktop\диссертация\лист поперечный срез\dn-2 13 x40.bmp c:\users\актоты\desktop\диссертация\верх форм листа нижн эп\dn-2 2 x40 1.bmp
Сурет 3 - Төменгі эпидермис түктері (x40)
Төменгі эпидермис көпбұрышты, тығыз орналасқан паренхималық клеткалардан тұрады. Жоғарғы эпидермиспен салыстырғанда, төменгі эпидермис клеткаларының шекаралары анық және жасыл түсті. Эпидермисиндегі устьица аппараты аномоцитті типті. Эпидермистің 1 ауданындағы устьица аппаратының орташа саны 8,5±0,8 (сурет 4).

1-эпидермис клеткалары; 2-устьица аппаратының түйістіргіш клеткасы; 3-устьица саңылауы.

Сурет 4 - Төменгі эпидермис х40


Өсімдіктердің зат алмасуы процесі барысында шығарылған заттар, көбінесе аморфты қатты денелер ретінде немесе кристалдар түрінде сақталып, клетка қосындылары деп аталады. Жапырақтың төменгі және жоғарғы эпидермисінен жасалған препараттарда, ине тәрізді кристалдар байқалды. Биологиялық активті заттар өсімдікте кристалдар түрінде жинақтала алады (сурет 5).

Сурет 5 - Жапырақ эпидермисі препаратындағы ине тәрізді кристаллдар x40

Жапырағының жоғарғы эпидермис клеткалары төртбұрышты пішінді, қабырғалары қалың. Төменгі эпидермис клеткалары сопақша келген, жоғарғы эпидермиспен салыстырғанда көлемі жағынан кіші. Жоғарғы эпидермистен төмен қарай екі қатар болып бағаналы мезофилл орналасқан. Бағаналы мезофилден кейін, борпылдақ мезофилл орналасады. Ксилема жапырақтың үстіңгі бетіне қарай, ал флоэма астыңғы бетіне қарай бағытталған. Яғни, бұл жабық коллатеральды жоқ. Ол склеренхимамен қапталған (сурет 6).


c:\users\актоты\desktop\dn-2 2x10 3-1.jpg
А: 1-жоғарғы эпидермис, 2-бағаналы мезофилл, 3-төменгі эпидермис, 4-склеренхима, 5-ксилема, 6-флоэма, 7-колленхима, В: 1-жоғарғы эпидермис; 2-төменгі эпидермис; 3-екі қатарлы бағаналы мезофилл; 4-борпылдақ мезофилл

Сурет 6 - Echinops albicaulis жапырағының көлденең кесіндісі (x40)


Өткізгіш шоқтың жоғарғы және төменгі жағында эпидермаға жанасып колленхима орналасқан. Бағаналы мезофиллдің орналасуы өсімдіктегі фотосинтез үшін қажетті күн сәулесінің түсу ерекшелігне байланысты.

Сабақтың ең сыртқы қабатын эпидермис қоршаған. Эпидермис бір қатар орналасқанпаренхималық клеткалардан тұрады. Эпидермис клеткаларынан төменірек, сабақтың қырларында бұрыштық колленхима орналасқан.Сабақтың анатомиялық құрылысы екі бөліктен тұрады: алғашқы қабық және орталық цилиндр. Алғашқы қабықтың негізін қабықтық паренхима алып жатыр, орталық цилиндрді өткізгіш шоқ пен өзек паренхимасы құрайды. Қабықтық паренхиманың негізі, пішіндері әртүрлі болатын паренхималық клеткалардан тұрады. Echinops albicaulis дәрілік өсімдігі сабағының анатомиялық құрылысына, сабақтың соңғы құрылысы тән. Флоэма мен ксилеманың аралығында камбий ұлпалары анық көрінеді. Өткізгіш шоқтың бұл түрін, ашық коллатеральды шоқ деп атаймыз. Өткізгіш шоқтар жекеленіп, тығыз орналасқан. Әр өткізгіш шоқ үстінде склеренхима қалпақша түрінде дамыған. Алғашқы қабық пен орталық цилиндр де схизогенді клеткалар мен қор жинаушы клеткалар айқын көрінеді (сурет 7).


c:\users\актоты\desktop\диссертация\для обработки стебель\dn-2 6x10.bmp
1-эпидермис; 2 – алғашқы қабық; 3 –схизогенді ұлпа клеткасы; 4 – эндодерма клеткалары; 5 – склеренхима; 6 – флоэма; 7 – камбий; 8 – ксилема.

Сурет 7-Echinops albicaulis дәрілік өсімдігі сабағының микроскопиясы (x10)


Өзектік паренхимада, қор жинаушы клеткалар жақсы дамыған. Сабақтың көлденең кесіндісінен осы орталық цилиндрдегі, ұлпа клеткаларынада қор заттары жинақталатындығын көруге болады. Қор заттары өсімдікте кристалдар түрінде бола алады. Өсімдік сабағының механикалық ұлпалары жақсы дамыған, бұл өсімдіктің ортаның қолайсыз жағдайларына төтеп беруі барысында қалыптасады. Механикалық ұлпа склеренхима жақсы дамыған (9).
c:\users\актоты\desktop\диссертация\для обработки стебель\dn-2 7 х40.bmp c:\users\актоты\desktop\диссертация\для обработки стебель\dn-2 5 х40.bmp
Сурет 9 - A-орталық цилиндр: 1 – орталық цилиндрді түзіп тұрған клеткалар; 2 – друзалар; В – алғашқы қабық: 1 - алғашқы қабық клеткалары; 2 – эндодерма клеткалары; 3 – склеренхима; 4 – флоэма; 5 – ксилема (x40).
Сабақтың орталық бөлігін түзіп тұрған ұлпа клеткаларының қор заттарды жинақтайтындығын, жоғарыда келтірілген суреттен көруге болады. Echinops albicaulis өсімдігінің жерүсті мүшелерінде активті заттар: алкалоидтар, кумариндер кездеседі. Алкалоидтар мен кумариндер өсімдік клеткаларында кристалл түрінде жинақтала алады.
Қорытынды
Устьица аппараты, аномоцитті типті, яғни, эпидермистің клеткалары мен устьицаны қоршап жатқан клеткалардың пішіні бойынша, айырмашылығы жоқ. Жоғарғы эпидермистің 1 ауданындағы устьица аппаратының орташа саны 10,08±1,23. Төменгі эпидермистің 1 ауданындағы устьица аппаратының орташа саны 8,5±0,8. Жапырағының көлденең кесіндісінің құрылысы: жоғарғы эпидермистен төмен қарай екі қатар бағаналы мезофилл орналасады, бағаналы мезофиллден төменірек борпылдақ мезофилл орналасады. Өткізгіш шоғы: жоғарғы эпидермиске қарай ксилема, ал төменгі эпидермиске жақын флоэма орналасады. Бұл жабық коллатеральды шоқ. Флоэма мен ксилема сыртынан скелеренхимамен қапталған. Жоғарғы және төменгі эпидермиске жанаса, колленхима орналасады.

Сабағының анатомиялық құрылысы: негізгі екі бөліктен тұрады алғашқы қабық және орталық цилиндр. Алғашқы қабықтың негізін қабықтық паренхима мен өткізгіш шоқтар түзеді. Өткізгіш шоқтары ашық коллатеральды типті, ксилема мен флоэманың аралығында камбий орналасады. Орталық цилиндрдің негізін өзектік паренхима құрайды. Орталық цилиндр бөлімінде, сабақтың құрамында кездесетін қор заттары жинақталады. Қор заттары кристалдар түрінде жинақталады. Сонымен қатар өсімдіктің жерүсті мүшелерінде кездесетін алкалоидтар мен кумариндерде ине тәрізді кристалдар түзе алады.


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Флора Казахстана. Алма–Ата,1966.Т.9.С.179-184.

  2. Antioxidant activities of chemical constituents isolated from Echinops orientalis Trauv. / R. Erenler, S. Yilmaz, H. Aksit et al. // Rec. Nat. Prod. – 2014. – P. 32-34.

  3. Antifungal activity of thiophenes from Echinopsritro / N. Fokialakis, C.L. Cantrell, S.O. Duke et al. // J. Agric. Food Chem. – 2006. – Vol. 54. – P. 1651-1655.

  4. In vivo antiplasmodial and toxicological effect of crude ethanol extract of Echinops kebericho traditionally used in treatment of malaria in Ethiopia/Alemayehu Toma, Serawit Deyno, Abrham Fikru, Amalework Eyado/Malaria journal (2015) 14:96.-Vol.5.

  5. Comparison of Antimicrobial Activity of Echinops viscosus Subsp. Bithynicus and E. microcephalus Leaves and Flowers Extracts from Turkey/Sevil Toroglu, Dilek Keskin, Cem Vural, Metin Kertmen, Menderes Cenet/International Journal of Agriculture an Biology., Vol. 14, No. 4, 2012.

  6. Гемеджиева Н.Г., Курбатова Н.В. Полезные свойства алкалоидосодержащих растений Казахстана // Актуальные проблемы ботанического ресурсоведения. НАН РК– Алматы, 2010. – С. 71-75.

  7. Гемеджиева Н.Г. Перспективы изучения и использования казахстанских алкалоидоносных видов рода EchinopsL. // Биотехнология. Теория и практика. – Степногорск, 2008. - №3. – С. 28-36

  8. Барыкина Р., Веселова Т. Справочник по ботанической микротехнике. 2004. С-322.

УДК: 581.5(235.216)


ФАРМАКОГНОСТИЧЕСКИЕ ПРИЗНАКИ КАК ЛЕКАРСТВЕННОГО СЫРЬЯ РАСТЕНИЯ ECHINOPS ALBICAULIS KAR.ET. KIR

А.Б. Омархан 1, Н.З. Ахтаева 1, Л. Киекбаева 2, Ю.А. Литвиненко2

Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова, Алматы

Казахский национальный университет им. Аль-Фараби, Алматы


В статье показаны фармакогностические признаки, то есть анатомические особенности листа и стебля лекарственного растения Echinops albicaulis, собранного во время цветения (июнь-июль) из ущелье Малайсары. Анатомические особенности: типы трихом, эпидермальные особенности листа, эпидермальные особенности листа, анатомическое строение стебля, покровная ткань, проводящие пучки, схизогенные клетки, механическая ткань.

Цель исследования определение фармакогностических признаков надземных частей лекарственного растения Echinops albicaulis.

Актуальность исследования растения Echinops albicaulis не используется в официальной медицине. Для того чтобы определить перспективность растения как лекарственного сырья, важно изучить фармакогностические признаки.

Материалы и методы исследования. Лекарственное растение Echinops albicaulis было собрано в 2016 году во время цветения (июнь-июль) из ущелье Малайсары. Ущелье Малайсары расположено на юго-северной отроге Джунгарского Алатау. Для анатомических исследований использовалось сухое сырье листьев, фиксированное сырье стебля и листьев. Для описания особенностей анатомического строения использовалось всеобщая терминология. Анатомические срезы стебля и листьев были сделаны с помощью микротома ТОС-2 .

Ключевые слова: Echinops albicaulis, лекарственное растение, анатомия, фармакогнозия, лист, стебель
UDK: 581.5(235.216)
PHARMACOGNOSTIC SIGNS OF PLANT ECHINOPS ALBICAULIS KAR.ET. KIR AS A MEDICINAL RAW MATERIALS

А.B.Omarkhan1, N.Z.Akhtaeva1, L. Kiekbayeva2, U.А. Litvinenko2

Al-Farabi Kazakh National University, Almaty

S.D. Asfendiyarov Kazakh National Medicinal University, Almaty


In this thesis are shown pharmakognostic signs, that is the anatomical features of the leaf and stem medicinal plant Echinops albicaulis, which collected during flowering (June-July) of the gorge Malaysary. Gorge Malaysary is located on the north-south spur Jungar Alatau. Anatomical features: types of trichomes, leaf epidermal features, anatomical structure of leaf, anatomical structure of stem, tissue, vascular bundles, schizogenic cell, mechanical tissue.

The aim of the study is to determine the pharmacological features of the aerial parts of the medicinal plant Echinops albicaulis.

The relevance of the study of the plant Echinops albicaulis is not used in official medicine. In order to determine the prospects of the plant as a medicinal raw material, it is important to study the pharmacological features.

Materials and methods of study. Medical plant Echinops albicaulis collected during flowering (June-July) of the gorge Malaysary in 2016. Gorge Malaysary is located on the north-south spur Jungar Alatau. For the anatomical studies, dry leaf raw materials, fixed stem and leaf raw materials were used. For the description of the anatomical structure was used common terminology. Cross-sections of plant leaves and stem were prepared on microtome with freezing device TOC-2.

Keywords: Echinops albicaulis, medical plant, anatomy, pharmacognosy, leaf, stem
Авторлар туралы мәліметтер:

Аты-жөні және тегі: Омархан Ақтоты Берікқызы


Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология фаукльтетінің 2-курс магистранты.
Жұмыс орны (ұйым немесе мекеме атауы, елді мекені): С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті, Фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы кафедрасы. Алматы.
Электронды мекенжайы (e-mail): ako_berikovna@bk.ru

Аты-жөні және тегі: Ахтаева Нурсулу Зияхановна


Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі: Биология ғылымдарының кандидаты
Лауазымы: аға оқытушы
Жұмыс орны (ұйым немесе мекеме атауы, елді мекені): әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология фаукльтеті. Алматы.
Электронды мекенжайы (e-mail): Akhtaeva@mail.ru

Сведения об авторах:

Имя и фамилия: Омархан Ақтоты Берікқызы


Ученое звание, ученая степень:Казахский национальный университет им. Аль-Фараби, факультет биологии и биотехнологии, магистратура 2-курс
Работа (название организации или учреждения, населенные пункты): Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д.Асфендиярова, Факультет фармации и технологии фармацевтического производства. Алматы.
Адрес электронной почты (e-mail): ako_berikovna@bk.ru
Имя и фамилия: Ахтаева Нурсулу Зияхановна
Ученое звание, ученая степень: кандидат биологических наук
Должность: старший преподаватель
Работа (название организации или учреждения, населенные пункты): Казахский национальный университет им. Аль-Фараби, факультет биологии и биотехнологии. Алматы.

Адрес электронной почты (e-mail): Akhtaeva@mail.ru


Information about authors:
 Name and surname: Omarkhan Aktoty
Academic title, academic degree: Al-Farabi Kazakh National University faculty of biology and biotechnology, master of 2 course.
Jobs (the name of the organization or institution, settlements): Asfendiyarov Kazakh National Medical university, Faculty of pharmacy. Almaty.
E-mail address (e-mail): ako_berikovna@bk.ru
Name and surname: Akhtaeva Nursulu Zyakhanovna
Academic title, academic degree: Candidate of Biological Sciences
Position: Senior Lecturer
Jobs (the name of the organization or institution, settlements): Al-Farabi Kazakh National University in faculty of biology and biotechnology. Almaty.
E-mailaddress (e-mail): Akhtaeva@mail.ru




Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет