Әож 546. 76 Ең қатты металл – хром З. Иса 1-курс студенті Ғылыми жетекшісі: Х.ғ. к., доцент Г. Е. Азимбаева



Дата22.06.2018
өлшемі68.56 Kb.
#77388
ӘОЖ 546.76

Ең қатты металл – хром

З.Иса

1-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Г.Е.Азимбаева

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ-сы,

azimbaeva_g@mail.ru.
Аннотация:Бұл мақалада ең қатты металл-хромның ашылу тарихы,физика-химиялық қәсиеті,табиғатта таралуы,маңызды қосылыстары қарастырылған.Сонымен қатар тұрақты изатоптары мен олардың ішіндегі маңызды изатопы көрсетілген. Хром рудалары Қазақстанда: Қостанайда (Аққарға, Жетіқара, Құндыбай), Ақтөбеде(Кемпірсай) және Семей (Шар) облыстарының жерінде орналасқан.Осылардың ішіндегі ең ірі завод Ақтөбеде орналасқан. Ақтөбе хром қосындылары зауыты – хром қосындыларын өндіруге мамандандырылған кәсіпорын. Зауыттың бірінші кезегі 1957 ж. іске қосылды. Толық жобалық қуаты 1960 ж игерілді. . Зауыттың өнімдері 31 шетелге (АҚШ, Жапония, Англия, Бельгия, Франция, Германия т.б.) шығарылады. Кәсіпорынның жылдық қаржы айналымы 3003,9 млн. теңге. Хром кені барабанды айналмалы пештерде доломит және кальциленген содамен бірге тотықтыра күйдіру жолымен өңделеді. Хром қосындылары халық шаруашылығының сан алуан саласында: тоқыма, былғары және тері өңдеу өнеркәсібінде тері илеуге, авиация, машина және приборлар жасау, газ, мұнай және мұнай өңдеу өнеркәсібінде катализатор және ингибитор ретінде, лак-бояу, парфюмерия, дәрі жасау және химия өнеркәсібінде тотықтырғыш әрі бояу ретінде, жол құрылысы және басқа да өндірістерде қолданылады.

Кілттік сөздер: хром,изотоп,хром өндірісі,минерал,Ақтөбе,тұздар,хромит

Key words: chromium, isotope, production of chromium, mineral, Aktobe, salts, chromite.

Хром(Chromіum), Cr — элементтердің периодтық жүйесінің 3 периодта,VI қосымша топшасында орналасқан.Салыстырмалы атомдық массасы 51,996,ретік нөмері 24. Хром —ақсұр түсті,өте қатты, ауыр, жылтыр қиын балқитын металл, балқу t 19100C, қайнау t 24800C тығыздығы 7,14 г/см3 [1]. Хром ток пен жылуды жақсы өткізеді.Кәдімгі температурада ауада,суда өзгермейді,өйткені оның бетінде пайда болатын, өте жұқа, тығыз, мықты хром(III)оксидінің қабаты бұл орталарда ары қарай бұзылудан сақтайды [2].

Хромның тұрақты төрт изотобы Cr-50(4,31%), Cr -52(83,76%), Cr -53(9,55%), Cr-54 (2,38%) бар. Олардың ішіндегі маңыздысы жасанды жолмен алынған радиоактивті изотопы Cr-51 (T1/2=27,8 күн ).

Хром кең тараған элемент. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері. 2*10–3 %. Қалыпты температурада фтормен, 600С-тан жоғары температурада галогендермен, күкіртпен, азотпен, көміртекпен, кремниймен, т.б. көптеген металдармен әрекеттеседі. Оттекпен өте жоғары температурада әрекеттесіп Cr2O3 тотығын түзеді, оның гидрототығы [Cr (OH)3]— амфотерлі. Cульфидтері суда гидролизденеді. Сутекпен әрекеттесуге бейім емес, бірақ оны өзіне сіңіріп алады. Тотығу дәрежелері +1, +3, +6, кейде +1, +4, +6. Тотығу дәрежесі +3 болатын хром көптеген тұздар, ашудастар түзеді [1].



Хромды 1797 жылы француз химигі Н.Вокелен ашқан және бертін келе ғалым М.Клапрон крокоид PbCrO4 минералын зерттеу кезінде тағы да ашқан.Бұл элементің аталуы гректің «хрома»-бояу,түс,реңк деген сөзінен туындаған және де бұл оның әртүрлі қанық бояулы қосылыстарымен байланысқан. Таза түріндегі хромды 1799 жылы Ф.Тассер және 1854 жылы неміс химигі Р.Бунзен хром хлоридін электролиздеу кезінде бөліп алған [3].

Хром  - металл күйінде хром мен хром қосылыстарын бөліп алуға жарамды табиғи минералдық түзілімдер. Жер қыртысындағы хромның орташа мөлшері 70 г/т және 0.03%шамасын көрсетеді. Хром темір кені (хромит) FeO · Cr2O3 - хром негізгі қосылысы, екінші маңызды минералды крокоид PbCrO4 болып табылады. Хром минералдарынан саналатын хромщпинелидтерге магнохромит, хромпикотит, алюмохромит, феррихромпикотит жатады

 Ол құрамда оттек бар қышқылдармен әрекеттесіп нитрат Cr(NO3)39H2O, сульфат Cr2(SO4)318Н2О тұздарын түзеді.

Хромды алудың бірінші әдісі:1.ауадағы оттектің қатысуында содамен FeО*Cr2O3 бірге балқыту жолымен хромитен хром оксидін алады.Түзілген натрий хроматын Na2CrO4 суда еріту арқылы оны қоспадан тазартады.Сосын оны күкірт қышқылының көмегімен дихроматқа Na2Cr2O7 аустырады.Ол көмір мен немесе күкіртпен тотықсыздандырған кезде хром (III) оксидін түзеді.Хром оксидінен алюмотермиялық әдіспен хромды бөлуге болады.

2.Электрлік пеште тотықсыздандырылған кезде реакция жүреді.Осы кезде феррохром-темір мен хромның балқымасы түзіледі, ондағы хром мөлшері 85% дейін болады.Оны хром кентастарын тікелей тотықсыздандыру арқылы алады.

Ақтөбе хром қосындылары зауыты – хром қосындыларын өндіруге мамандандырылған кәсіпорын. Ақтөбе қаласында орналасқан. 1995 жылдан “Ақтөбе хром қосындылары зауыты” акционерлік қоғамы (АҚ). Зауыттың бірінші кезегі 1957 ж. іске қосылды. Толық жобалық қуаты 1960 ж игерілді. 1963 ж. екінші кезегі (монохромат және бихромат өндірісі) іске қосылып, кәсіпорынның қуаты үш есе артты. 1965 ж. хром ангидридін өндіретін бөлімше мен күкіртті натрий цехы пайдалануға берілді. 1966 ж. мемлекеттік комиссия реактивті тұздар цехын қабылдап алды. Оның өндірістік алаңында 1974 ж. алюмо-хромфосфат қоспасы өндірісі ұйымдастырылды. Бұдан соң да өндірістің өзекті буындарында технологияны жетілдіру, еңбек жағдайын жақсарту, өндірісті автоматтандыру мен механикаландыру, өндіріс қалдықтарын пайдалану саласында жарақтандыру жұмыстары атқарылды. Зауытта натрий монохроматы және натрий бихроматы, хром ангидриді, хром тотығы, хром малмасы және күкіртті натрий өндірістері жұмыс істейді. Хром кені барабанды айналмалы пештерде доломит және кальциленген содамен бірге тотықтыра күйдіру жолымен өңделеді.1997 ж 83418 т хром тұздары өндірілді. Зауыттың өнімдері 31 шетелге (АҚШ, Жапония, Англия, Бельгия, Франция, Германия т.б.) шығарылады. Кәсіпорынның жылдық қаржы айналымы 3003,9 млн. теңге. Жеке меншік түрінде басқарылады. Акциясының 31%-і мемлекет қолында [4].



Хром қолданылуына қарай таза күйінде немесе темірмен қорытпасы — феррохром түрінде (құрамында 60 — 85% Cr) өндіріледі. Хром кен орны Қостанай мен Шығыс Қазақстандада ашылған. Қазақстан қорықтар мен хромит кенінің жыл сайынғы өндіріс көлемі бойынша әлемде екінші орында тұрақтаған. Хром 40 елдеріне экспортталады. ТМД-дағы 97% Қазақстанда өндірілген хромит [5].

Барланған және пайдаланудағы ірі өндірістік кендері Кемпірсай хромит кендері тобымен байланысты. Хром рудалары Қазақстанда Қостанайда (Аққарға, Жетіқара, Құндыбай), Ақтөбеде(Кемпірсай) және Семей (Шар) облыстарының жерінде орналасқан.Дүние жүзінің қырық еліне экспортқа шығарылатын осы кендердің рудалары сапасына хром тотығы мөлшері жөнінен жер шарында сыңарлас келетін бір де бірі жоқ. Бұл кен рудалары Ақтөбе хром қосындылары зауыты, Ермак ферроқорытпа зауытында қорытылады [4].

Хром қосындылары халық шаруашылығының сан алуан саласында: тоқыма, былғары және тері өңдеу өнеркәсібінде тері илеуге, авиация, машина және приборлар жасау, газ, мұнай және мұнай өңдеу өнеркәсібінде катализатор және ингибитор ретінде, лак-бояу, парфюмерия, дәрі жасау және химия өнеркәсібінде тотықтырғыш әрі бояу ретінде, жол құрылысы және басқа да өндірістерде қолданылады. Хром-калий ашудасы былғары илеуде, кино пленкасын жасауда қолданады. Хром металдан жасалған бұйымдардың бетін хромдау үшін пайдаланылады. Құрамында хром бар болат таттанбайды, қажалмайды және үйкеліс пен қызуға төзімді келеді [1].

Хром-қара металлургияда қолданылатын бірден-бір маңызды лигерлеуші элемент.Оны серіппе,серіппегіш,аспаптық және шарикті мойынтіректік болаттарға қосады.Татанбайтын болаттың ең кең таралған маркасында 18% хром бар.Хромның никельмен құймасы-нихромдар қыздырғыш элементтерді дайындау үшін қолданылады.Хром антижемірілгіш және декоративті қаптамалар жасау үшін қолданылады.Хром тұздарының түсі әртүрлі.Оларды пайдаланып әртүрлі бояулар алады.Хроматтар мен дихроматтар тотықтырғыштар ретінде қолданылады.Феррохром хромды болатты дайындауда қолданылады [2].

2013 жылы феррохром өндірісі 3,4 % немесе 314 000 тоннаға кеміген [6].2015 жылы хромның экспорт өнімі 63,2 миллион доллорды құрады.Қазіргі күнде хромның бағасы 1 тоннасы 320 000 теңге.Ғалымдардың айтуынша Қазақстандағы хромның қоры 100 жылға жетеді [7].


Резюме: Бұл мақалада Хром металының табиғатта таралуы,Қазақстандағы хром өнеркәсібі туралы және маңызды қосылыстары туралы мағлұматтар келтірілген.
Резюме: В этой статье приведена информация о металле хром, его распространение в природе, важнейшие соединении, а также промышленности в Казахстане.

Abstract: This article provides information on metal chromium, its distribution in nature, the most important combination, as well as industry in Kazakhstan.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.“Қазақ Энциклопедиясы”, II-том.Алмата 2012ж

2.”Химия негіздер”,Н.Аханбаев,Алматы. «Мектеп» баспасы 1987жыл. 393 бет.

3. «Жалпы химия» Пірәлиев С.Ж.,Бутин Б.М., Байназаров Г.М., Жайлау С.Ж., Ержанов Қ.Б./ II том. Алматы,2003 ж.642 бет

4. Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987 ж

5.http://moxnpn.ru/kazakhstan/46-rudnye-poleznye-iskopaemye-kazaxstana.html

6.www.kz.all.biz>hrom-ruda-bgg



7.https://m.365 info.kz
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет