Әож 37. 016: 811. 111 АҒылшын және қазақ тіліндегі теңеулердің ҰҚсастығЫ



Дата06.07.2017
өлшемі52.06 Kb.
#26493
ӘОЖ 37.016:811.111

АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЕҢЕУЛЕРДІҢ ҰҚСАСТЫҒЫ

Исахова Л.Т, Мауленқұлова Д. Е.

ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан


Резюме

В статье рассматривается национально-культурный аспект сравнений английском и казахском языках

Resume

The article considered national and cultural aspect of comparisons in English and Kazakh languages.

Ағылшын және қазақ тіліндегі теңеулердің ұқсастығы сөздердің еркін тіркесіне сырттай ұқсас, бірақ іштей, яғни тілдік табиғаты жағынан оған қарама-қарсы қойылатын оймақ ауыз, жүрек жұтқан, ат-тонын ала қашу тәрізді тіркестер бар. Бұлар құрамы жағынан тұрақты болып келеді де, бүтіндей оралым бұрыннан тіркескен, дағдылы қалпын сақтайды, сыңарлары «ешкімнің еркіне көнбей», «өзінен-өзі тіркесіп қойған» тәрізді болып ұсынылады. Мұндай тіркестер сөздердің еркін тіркесіне қарсы қойылып, сөздердің еріксіз тіркесі деп аталады [1,166].

Фразеологизмдер өмір, қоғам, адамның әр алуан қасиеттерін танымдық тұрғыда тұжырымдауға негіздейді. Олардың көркем әдебиеттегі қолданысы әр ақын-жазушының халықтық тіл байлығын пайдаланудағы өзіндік қолтаңбасына байланысты болса, екіншіден, сол дәуір, кезең, қоғам тынысын, адамдардың әлеуметтік жағдайын көрсетумен жиі қолданысқа түседі. Теңеулердердің бейнелік қуаты, стилистикалық әсері, прагматикалық ықпалы күшті тілдік тәсіл болғандықтан кез келген мәтінде стилистикалық категориялардың жиынтығын құрайды.

Біздің елімізде қазақ тілі мен ағылшын тілін салғастыра зерттеуге арналған еңбектер құрылымы әр түрлі тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеудің үлгісі болды. Осындай тың, қиын, өзекті мәселелердің бірі-қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің кешенді түрде лингвомәдени және лингвокогнитивтік тұрғыдан салғастыра зерттелуі.

Фразеологиялық теңеулер фразеологизмдердің басқа түрлерінен өзінің логикалық құрылымы, компаративті мағынасы мен стильдік қызметі арқылы ерекшеленеді.Теңеулер табиғатын зерттеуде метафораның өзара байланысы, ұқсастығы мен айырмашылықтарына тоқталу қажет. Осы мәселеге арналған ғылыми еңбектерде теңеулер мен метафоралар тілде қатар қолданылады, себебі олар өзара тығыз байланысты деген пікір бар. Теңеу мен метафораның ортақтығы – олардың заттар мен құбылыстар негізінде фразеологиялық ассоциация жасауынан көрінеді. Алайда, оларды мазмұн жағынан ажыратып қарастырған жөн. Теңеуде салыстырушы теңеу заты және оған қажетті негіз бар. Ал метафораға ондай негіз қажет емес. Фразеологиялық теңеулер екі затты салыстырудың нәтижесі болса, метафоралар – олардың ұқсастығының нәтижесі She is a fox – ол түлкі; She is as sly as a fox – ол түлкідей қу, айлакер.[12]

Теңеулер кез келген тілдің фразеологиялық қорының елеулі бөлігін құрайды. Теңеу – көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған, дүниетанымның ұлттық өзгешеліктері бас қосқан логика-философиялық және лингвистикалық категориялардың санатына жатады.

Теңеу лингвистикалық категория ретінде қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттарының бәрінің де зерттеу нысаны бола алады. Бұл бағыттардың ішінде құрылымы әр түрлі тілдердегі фразеологиялық теңеулерді лингвомәдениеттану және когнитивтік лингвистиканың негізгі ұстанымдарына сүйене отырып салыстырмалы-салғастырмалы зерттеу жүргізудің мәні ерекше. Себебі халықтың дүниетанымы, өмірге және қоршаған ортаға деген көзқарасы, салт-дәстүрі, көңіл-күйі әр халықтың жалпы фразеологиясынан, оның ішінде әсіресе, фразеологиялық теңеулерден көрініс табады. Фразеологиялық теңеулер жекелеген өмір құбылысына нақты баға беретін, ғасырлар бойы атадан балаға мұра ретінде беріліп отыратын, әр халықтың өмірінен қызықты деректерді өз бойына жинақтаған халық мұрасы. Сондықтан, туыстас, не туыстығы жоқ тілдердегі фразеологиялық теңеулерді лингвомәдени және лингвокогнитивтік тұрғыдан зерттеу әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшелігін, менталитетін, қайталанбас қасиетін танып білуге, олардың мағына қалыптасуындағы және тілдік қолданыстағы қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда туыстығы жоқ қазақ және ағылшын тілдерінің фразеологиялық теңеулерінің мағына қалыптасуының негізін ашу ерекше мәнге ие. Теңеулердің ішкі мазмұнын анықтауда уәжтану теориясына жүгінген жөн. Уәждеме теориясына сүйене отырып, бастапқы еркін тіркестер негізінде жасалған фразеологизмдердің түп төркініне зер салып, уәжін айқындау, сол арқылы тіркестің қалыптасу түп көзін тауып, өзіндік ерекшеліктерін ажырату арқылы олардың мәні мен мазмұнын ашуға болады. Фразеологизмдердің фразеологиялық мағынасы олардың ішкі мағыналық құрылымында жатқан бейне арқылы уәжделеді. Мысалы, қазақ тіліндегі құмырсқадай құжынаған, құмға сіңген судай, сүліктей жабысты, ағылшын тіліндегі dumb as a fish (балықтай тілсіз), as brave as a lion (арыстандай айбатты), dance like an elephant (пілше билеу) сияқты тіркестердің фразеологиялық мағыналарының ішкі формасы айқын, яғни олардың мағыналары ішкі формалары арқылы уәжделіп қалыптасқан.[16]

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің жалпы мағынасы мен фразеологиялық мағынаны жасаудағы теңеу бейнесінде қолданылатын ұйытқы сөздерді зерделей келе төмендегідей тұжырым жасауға болады:

Мағыналық жіктелу тұрғысынан қазақ тілінде теңеулердің 12 негізгі мағыналық тобы, ал ағылшын тілінде 10 мағыналық тобы анықталды. Теңеу бейнесі қызметін атқаратын ұйытқы сөздер екі тілде де 12 тақырыптық топтың атауларынан жасалады. Дегенмен, бір тақырыптық топқа жататын Теңеулер саны екі тілде бірдей емес. Мысалы, ағылшын тілінде өсімдік атаулары, діни атаулар, құс және жәндік атаулары көбірек кездессе, қазақ тілінде үй жануарлары, күнделікті тұтыну заттар атаулары саны жағынан теңеулер жасауда басымырақ қолданылады. Екі тілде де теңеулер негізінде адамның өмірі мен қызметін, сипаты мен әртүрлі қасиеттерін, мінез-құлқын т.б. қасиеттерін бейнелі сипаттау үшін қолданылатыны байқалады. Құрылымы әр түрлі ағылшын және қазақ тілдерінің сөздік қорындағы сан алуан атаулардың ішінде өте жиі қолданылатын, мағынаға бай, қолданыс ауқымы кең тілдік бірліктердің бірі - фразеологиялық теңеулер. Фразеологиялық теңеулердің басым көпшілігі ұлттық негізді арқау ете отырып пайда болған. Олар – ұлт өмірінің айнасы, сондықтан да бойында сақталған ұлттық мәдени негіздерге сүйенеді, себебі өркениеттің өрісі қаншалықты екені де тілден бөлек дүние емес. Ендеше ұлт мәдениеті ұлт тілінен бөлінбейді. Тіл мен мәдениет - өркениет дамуының ең алғашқы кезеңдерінен бастап үйлесімділік пен сәйкестікте өмір сүріп келе жатқан құбылыс.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. – М., 1984. -370 с.

2. Вайсгербер Л. Родной язык и формирование духа. – М., 1993. – 236 с.

3. Сулейменова Э.Д. Казахский и русский языки: Основы контрастивной лингвистики. – Алматы, 1996. – 207 с.

4. Қайдар Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі. – 1998. – 304 б.

5. Исабеков С.Е. Картина Мира во фразеологических единицах неродственных языков // Актуальные проблемы межкультурной коммуникации и перевода. – Алматы, 2001. – С.13-17.

6. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті: Автореф.дисс. ... филол.ғ.д. – Алматы, 2004. – 50б.

7. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. – Алматы: Мектеп, 1978. – 192 б.

8. Ғабитов Т. Лингвомәдениеттануға кіріспе. – Алматы, 1996. – 128 б.

9. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері // Тілтаным, 2001. - №4, - 39-44 бб.



10. Бабушкин А.П. Типы концептов в лексико-фразеологической системе языка. – Воронеж, 1996. – 104 с.

11. Исина Г.И. Стереотипы и национальная языковая картина мира: Дисс. ... док.филол.н. – Алматы, 2008. – 324 с.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет