Ent globus группасына тіркелеміз 1 глобус-2016-2017-биология



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата27.10.2018
өлшемі18.03 Kb.
#95762
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ENT Globus  ГРУППАСЫНА ТІРКЕЛЕМІЗ         1       ГЛОБУС-2016-2017-БИОЛОГИЯ 
 
1-НҰСҚА 
1. Қабық (қаспақ) тәрізді қынаның өсетін жері 
A) ағза ішінде 
B) тас бетінде 
C) өзен-көлдерде 
D) қарағайлы орманда 
Е) теңізде, мұхитта 
2. Плаунтәріздестердің кең тараған өкілі: 
A) Шолпаншаш сүмбілі 
B) Шоқпарбас 
C) Шымтезек  
D) Мыңжылқы  
Е) Далалық 
3. Тікентерілілерге ғана тән жүйе. 
A) Бүрлеме. 
B) Регенерация. 
C) Сірқабық. 
D) Сутүтікшелі жүйе. 
Е) Жүйке торы. 
4. Құс қауырсынның мүйізді өзегі 
A) Пәрі 
B) Қаламша 
C) Мұрт  
D) Мұртша  
Е) Сояу 
5. Қысқа сүйек 
A) Тоқпан жілік 
B) Бассүйек 
C) Асықты жілік  
D) Қабырға 
Е) Алақан 
6. Жүректің сыртқы қабаты 
A) Эндокард 
B) Эпикард 
C) Миокард  
D) Эпидермис  
Е) Перикард 
7. Сыртқы секреция бездеріне жатады 
A) гипофиз 
B) эпифиз 
C) сілекей  
D) айырша  
Е) калқанша 
8. Аналогтық мүшелер 
A) құрылысы мен шығу тегі әртүрлі, бірақ ұқсас қызмет атқаратын мүшелер 
B) Организмде бірнеше қызмет атқаратын мүшелер 
C) құрылысы мен шығу тегі бірдей, ал атқаратын қызметі әртүрлі мүшелер  
D) эпителий ұлпасынан тұратын мүшелер 

ENT Globus  ГРУППАСЫНА ТІРКЕЛЕМІЗ         2       ГЛОБУС-2016-2017-БИОЛОГИЯ 
 
Е) жеке даму кезінде бөлшектену нәтижесінде пайда болған мүшелер 
9. Жабықтұқымды өсімдіктердің пайда болуына себепші ароморфоз: 
A) Фотосинтездің жүруі 
B) Спораның өнуі 
C) Ұлпалардың жіктелуі 
D) Тұқым мен тозаң түтігінің түзілуі  
Е) Өсімді мүшелердің дамуы 
10. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым 
A) энтомология 
B) генетика 
C) цитология 
D) экология 
Е) микология 
11. Органикалық заттарымен қоректенетіндер 
A) фототрофтылар 
B) миксотрофтылар 
C) гетерофтылар 
D) автотрофтылар  
Е) хемотрофтылар 
12. Біржасушалы саңыраукұлақ: 
A) ашытқы саңырауқұлағы 
B) ак саңыраукұлақ 
C) көңкұлақ 
D) жерқұпақ 
Е) қозықұйрық 
13. Саңырауқұлақтың кұрамындағы жануарларда болатын көмірсу 
A) Гликоген 
B) Крахмал 
C) Фруктоза  
D) Глюкоза  
Е) Мальтоза 
14. Қына құрамындағы балдырдың қызметі: 
A) Бейjрганикалық заттар беру 
B) Фотосинтезге қатысу 
C) Бүршіктену  
D) Көбею 
Е) Төсемікке бекіту 
15. Дененің сыртын жауып тұратын ұлпа 
A) дәнекер 
B) бұлшықет 
C) эпителий 
D) ұлпа сұйықтығы  
Е) жүйке 
16. Торсылдағы болатын балық түрі: 
A) Көк акула. 
B) Скат. 
C) Химера. 
D) Сазан. 
Е) Жолақ акула. 

ENT Globus  ГРУППАСЫНА ТІРКЕЛЕМІЗ         3       ГЛОБУС-2016-2017-БИОЛОГИЯ 
 
17. Мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуін әлсіретеді 
A) Нәруыз 
B) Витамин 
C) Көмірсу  
D) Никотин  
Е) Май 
18. Оң жақ өкпенің жүлгелерінің саны: 
A) 2 
B) 4 
C) 1  
D) 3  
Е) 5 
19. Моңголоидтікке тән белгі 
A) шаштары қатты әрі ұзын салалы, сақал-мұрты баяу өседі 
B) терісі қара түсті, шашы толқын пішінді,сақал мұрты-қалың 
C) ұзын бойлы, терісі ақшыл түсті  
D) қыр мұрынды, жұқа ерінді 
Е) сопақша бетті, көздері үлкен, еріндері қалың 
20. Хромосомада болатын гендердің орналасу сызбанұсқасы: 
A) генетикалық тор 
B) генетикалық код 
C) генетикалық инженерия 
D) генетикалық әрекет 
Е) генетикалық карта 
21. Бір үйлі өсімдік 
A) орман жаңғағы 
B) тал 
C) терек  
D) қалақай  
Е) қарасора 
22. Құстың қанаты көтерілгенде 
A) Ауа қапшықтары тарылады 
B) Танау тесіктері жабылады 
C) Көкірек қуысы кішірейеді  
D) Көкірек қуысы кеңейеді  
Е) Газ алмасу жүрмейді 
23. Бұлшықеттердің қажуының себебі: 
A) Бұлшықеттердің оттегімен қанығуы 
B) Бұлшықеттердің ұзақ дамылсыз жиырылуы 
C) Бұлшықеттер жаттығуынан  
D) Бұлшықеттер босаңсуы 
Е) Бұлшықеттердің демалу кезеңдері 
24. Овогенездің көбею аймағындағы түзілетін овоциттердің хромосома саны: 
A) Гаплоидты. 
B) Триплоидғы. 
C) Тетроплоидты. 
D)  Гексоплоидты. 
Е) Диплоидты. 
25. Адамның хромосома жиынтығы: 

ENT Globus  ГРУППАСЫНА ТІРКЕЛЕМІЗ         4       ГЛОБУС-2016-2017-БИОЛОГИЯ 
 
A) 21 жұп аутосома, 2 жұп жыныс 
B) 23 жұп аутосомалар 
C) 23 жұп жыныс хромосомалары  
D) 22 жұп аутосома, 1 жұп жыныс  
Е) 20 жұп аутосома, 3 жұп жыныс 
 
 
 
 
 
2-НҰСҚА 
1. Қазақстанда қырықжапырақ тәріздестердің ағаш тектес түрлері кездеседі: 
A) Ботаникалық бақтарда 
B) Сулы аймақтарда 
C) Шөлмен шөлейттерде 
D) Құмдық жерлерде  
Е) Оңтүстік аймақтарда 
2. Улы саңырауқұлақ 
A) Арышқұлақ 
B) Пеницилл 
C) Діңқұлақ 
D) Боз арамқұлақ 
Е) Аспергилл 
3. Буылтық құрттардағы соңғы қуыс 
A) трихинелла 
B) целом 
C) сірқабық  
D) гиподерма 
Е) мезодерма 
4. Споралылар типіне жататын біржасушалы жәндік 
A) сувойка 
B) лейшмания 
C) құртамыш  
D) опалина  
Е) мөрже 
5. Бұлшықет ұлпасы құрылысына қарай: 
A) Бұлшықет ұлпасы, эпителий ұлпасы 
B) Жүйкелі жолақты, көлденең жолақты 
C) Көлденең жолақты, қан тамырлы 
D) Бірыңғай салалы, көлденең жолақты, жүрек  
Е) Қан тамырлы, бірыңғай салалы 
6. Адамның үлкен қанайналым шеңбері аяқталады: 
A) Оң жақ қарынша 
B) Оң жақ журекше 
C) Сол жақ қарынша  
D) Сол жақ жүрекше  
Е) Екеуіде 
7. Қуану мен ренжуді білдіретін бұлшыкет 

ENT Globus  ГРУППАСЫНА ТІРКЕЛЕМІЗ         5       ГЛОБУС-2016-2017-БИОЛОГИЯ 
 
A) ымдау бұлшыкеттері 
B) шайнау бұлшықеттері 
C) тулға бұлшықеттері  
D) мойын бұлшықеттері 
Е) кабырғааралық бұлшықеттер 
8. Экологиялық фактор 
A) Этологиялық 
B) Онтогенетикалық 
C) Географиялық  
D) Морфологиялық  
Е) Антропогендік 
9. Ауа ағысының үйіріліп, күшті соғуы. 
A) су тасқыны 
B) көшкіндер 
C) жанартаулар  
D) кұйындар  
Е) цунамилер 
10. Бүкіл әлемнің тіршілік тынысы: 
A) Литосфера 
B) Мезосфера 
C) Стратосфера 
D) Гидросфера  ' 
Е) Атмосфера 
11. Антропогенез ғылымы зерттейді 
A) Организмдердің және олар түзетін кауымдастықтын өзара және қоршаған 
ортамен қарым-қатынасын 
B) бір кеністікте тіршілік етіп, бір-бірімен еркін шағылысып ұрпақ беретін, 
дербес генетикалық жүйе құрайтын, бір түрге жататын даралардың 
жиынтығы 
C) тіршіліктін пайда болуын тікелей тірі организмдердің тіршілік әрекеті 
арқылы түсіндіруін 
D) адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін  
Е) нәсілдердің шығу тегін, туыстық жақындықтарын, тарихи қалыптасуын 
және олардың орта жағдайларына бейімделуін 
12. Қияр, қызанақ түсімін арттыру үшін қолданатын өсімдік 
A) кырлышөп 
B) қызғалдақ 
C) запран 
D) сүмбілшаш  
Е) лапыз 
13. Ауру туғызатын бактериялар 
A) Түйнекті 
B) Сүт қышқыл 
C) Цианобактериялар  
D) Паразитті 
Е) Шіріту 
14. Зең саңырауқұлақтарға жатады 
A) Ашытқы 
B) Мукор 

ENT Globus  ГРУППАСЫНА ТІРКЕЛЕМІЗ         6       ГЛОБУС-2016-2017-БИОЛОГИЯ 
 
C) Қайыңқұлақ  
D) Терекқұлақ  
Е) Көңқұлақ 
15. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген алғашқы омыртқалы жануар 
A) Қосмекенділер 
B) Жорғалаушылар 
C) Құстар 
D) Балықтар 
Е) Сүтқоректілер 
16. Ақ сұламаның тіршілігі: 
A) Паразитті тіршілік етеді 
B) Еркін жүзіп тіршілік етеді 
C) Селбесіп тіршілік етеді  
D) Пассивті тіршілік етеді  
Е) Бекініп тіршілік етеді 
17. Торлы қабықшада орналасады 
A) рецепторлар 
B) пигментке бай 
C) қасаң кабық  
D) көз бұршағы  
Е) қарашық 
18. Сүйекке серпімділік, иілгіштік қасиет беретін нәруыз 
A) остеон 
B) пепсин 
C) оссеин  
D) аксон  
Е) миозин 
19. Әрбір экожүйедегі барлық тірі организмдердің тіршілік әрекеті кезінде 
түзілген биомасса мөлшері: 
A) Геологиялық айналым 
B) Бастапқы жалпы өнім 
C) Биологиялық өнімділік  
D) Биологиялық айналым  
Е) Екінші реттік өнімділік 
20. Суды тазартуға үлес косатын талшықты жәндік 
A) лямблия 
B) трипанасома 
C) лейшмания  
D) түншырақ  
Е) бодо 
21. Өсімдіктің тамыры шығу тегіне қарай бөлінеді: 
А) Шашақ кіндік, қосалқы 
B) Кіндік, негізгі, шашақ 
C) Шашак, жанама, кіндік  
D) Тамыр жүйесіне 
Е) Негізгі, жанама, қосалқы 
22. Қосмекенділер пайда болды 
A) Жұмыр құрттардан 
B) Ежелгі шаянтәрізділерден 

ENT Globus  ГРУППАСЫНА ТІРКЕЛЕМІЗ         7       ГЛОБУС-2016-2017-БИОЛОГИЯ 
 
C) Ежелгі саусаққанатты балықтардан  
D) Буылттық кұрттардан 
Е) Трилобиттерден 
23. Өкпедегі тыныс алу қозғалыстарының жүретін себебі: 
A) Қабырғааралық бұлшық еттің босаңсуы 
B) Ұлпаларының газ алмасуы 
C) Қабырғааралық бұлшык ет пен көкеттің жиырылуы  
D) Диафрагманың қозғалысы 
Е) Жалғыз көкеттің жиырылуы 
24. Солтустік Америка тұтасымен, Ньюфауленд, Гренландия аралдары жататын 
биогеографиялық аймак: 
A) Эфиопиялық 
B) Палеоарктикалық 
C) Аустралиялық  
D) Неоаркгикалық  
Е) Неотропиктік 
25. Тұңғиық гүліне қарап тәуліктің мезгілін және ауа райының жауын-шашын 
болатынын білуге болады 
A) жауын жауар алдында гүлдері ашылады 
B) таңертен ерте ашылады, кешке 7-8-де жабылады, гүлдері жабылып, суға 
батады 
C) жауын жауар алдында гүлдері ашылып, жабылады  
D) таңертен ерте жабылады 
Е) кешке гүлдері жабылады 
 
 
 
 
3-НҰСҚА 
1. 1590-1610 жылы микроскопты ойлап тапқан ғалым 
A) әкелі-балалы Янсендер 
B) К.А.Тимирязев 
C) А.Левенгук  
D) Роберт Гук  
Е) С.Н. Навашин 
2. Емізік тамырға жатады 
A) батат, шырыш 
B) қызылша, сәбіз 
C) мангр ағашы, монстера  
D) үнді фикусы, банян 
Е) сұңғыла, арамсояу 
3. Омыртқалы жануарлардың ұшуға бейімделген тобы 
A) Құстар 
B) Сүтқоректілер 
C) Балықтар 
D) Қосмекенділер  
Е) Жорғалаушылар 
4. Ағза біртұтастығын қамтамасыз етеді: 
A) Мүше мен мүшелер жүйелерінің үйлесімді жұмысы 

ENT Globus  ГРУППАСЫНА ТІРКЕЛЕМІЗ         8       ГЛОБУС-2016-2017-БИОЛОГИЯ 
 
B) Мүше мен мүшелер жүйесі арасындағы айырмашылық 
C) Ағза құрылымының күрделілігі  
D) Мүшелер арасындағы ұқсастық  
Е) Мүшелер жүйесінің күрделілігі 
5. Адамның қалыпты дене температурасы: 
A) +30°С,+32°С 
B) +38°С
0
,+40
0
С 
C) +35°С,+38°С  
D)+36,5°С, +36,9°С  
Е) +25°С,+28°С 
6. Гликоген жататын Органикалық зат 
A) нуклеин қышқылы 
B) көмірсу 
C) глицерин  
D) нәруыз  
Е) май 
7. Жасушадағы бейағзалық заттарға жатады 
A) май 
B) көмірсу 
C) нуклеин қышқылы  
D) су, минералды тұздар  
Е) нәруыз 
8. Панспермия теориясын ашқан ғалым: 
A) Аристотель 
B) Ф.Реди 
C) А.Везалий  
D) Г.Рихтер  
Е) У.Гарвей 
9. Биологиялық эволюцияның бағыты 
A) Транслокация 
B) Дивергенция 
C) Параллелизм  
D) Конвергенция  
Е) Ароморфоз 
10. Алам денесінде кездесетін рудимент 
A) Соқырішек 
B) Бүйрек 
C) Құйрық  
D) Қалың түк 
Е) Көпемшектілік 
11. Адамға қажетті өнімдерді биологиялық обьектілердің көмегімен өндіру 
A) Генетика 
B) Селеция 
C) Гендік инженерия 
D) Алыстан будандастыру  
Е) Биотехнология 
12. Кәдімгі аршаның бүрінен дайындайды 
A) пластмасса 
B) әшекей 

ENT Globus  ГРУППАСЫНА ТІРКЕЛЕМІЗ         9       ГЛОБУС-2016-2017-БИОЛОГИЯ 
 
C) жібек жіп  
D) мармелад  
Е) қағаз 
13. Қыналардың төсемікке орнығуы: 
A) Ризоидтары арқылы 
B) Тамырсабақтары арқылы 
C) Саңырауқұлақ жіпшелері арқылы  
D) Өсінділері арқылы 
Е) Тамырлары арқылы 
14. Пеницилдің жіпшумақтарының шоғырының түсі: 
A) Сарғыш - жасыл 
B) Жасыл - қызғылт 
C) Көкшіл - жасыл  
D) Көкшіл - сарғыш  
Е) Қызғылт - сары 
15. Шаянтектестерде зиянды заттарды сыртқа шығаратын мүше: 
 
A) жасыл түсті бір жұп бездер 
B) жұлдызша түтікшелер 
C) жиырылғыш вакуольдер  
D) мальпигий түтікшелері  
Е) бүйрек 
16. Алдыңғы аяқтары ескекке айналған: 
A) Жайылым құстарында 
B) Орман Құстарында 
C) Күндізгі жыртқыштарда  
D) Түнгі жыртқыштарда  
Е) Жүзетін Құстарда 
17. Кеуде қуысын құрайтын сүйектер 
A) Жамбас, кеуде, омыртқа 
B) Қабырға, омыртқа, төс 
C) Жауырын, бұғана, иық  
D) Жіліншік, жілік, толарсақ  
Е) Тобық, табан, толарсақ 
18. Витаминдердің шектен тыс көп мөлшерде пайдалануы 
A) Микседема 
B) Кретинизм 
C) Гипервитаминоз  
D) Авитаминоз 
Е) Акромегалия 
19. Трилобиттер пайда болды 
A) пермь 
B) силур 
C) кембрий  
D) таскөмір  
Е) ордовик 
20. Негроидтік нәсілдердің қара қоңыр терісі: 
A) күн сәулесін көп қабылдайды 
B) күн сәулесінде көп жүргеннен 
C) ультракүлгін сәулелерден қорғайды  

ENT Globus  ГРУППАСЫНА ТІРКЕЛЕМІЗ         10       ГЛОБУС-2016-2017-БИОЛОГИЯ 
 
D) жауын шашыннан қорғайды 
Е) ультракүлгін сәулелерді өткізеді 
21. Тұқымынан 25-30% тағамдық май алынатын өсімдік: 
A) Қияр. 
B) Қарбыз. 
C) Асқабақ. 
D) Қауақ. 
Е) Қауын. 
22. Акуланың дене қуысында орналасқан таспа тәрізді созылыңқы мүшесі  
А) қарын 
В) жұтқыншақ 
С) үш қалақты бауыр  
D) жұп бүйрек  
Е) клоака 
23. Ана мен ұрық арасындағы өзара байланыс жүзеге асады 
A) Қолқа арқылы 
B) Аналық бездер арқылы 
C) Өкпе вена тамыры арқылы  
D) Аталық бездер арқылы 
Е) Ұрықжолдас арқылы 
24. Рецессивті белгі 
A) бірінші ұрпақта көрінбей қалған белгі 
B) бірінші ұрпақта анық байқалады 
C) көк жасыл балдырларда кездеседі  
D) үшінші ұрпақта байқалады 
Е) бірінші ұрпақта бірден жарыққа шығатын белгі 
25. Мұхиттарда су түбінде бір затқа бекініп немесе жорғалап жүріп тіршілік 
ететін организмдер. 
A) зоопланктон 
B) бентостар 
C) аэробионттар  
D) планктондар  
Е) фитопланктон 
 
 
 
 
4-НҰСҚА 
1. Біржасушалы саңырауқұлақ: 
A) Терекқұлақ 
B) Арышқұлақ 
C) Түлкіжем  
D) Көңқұлақ  
Е) Ашытқы 
2. Тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады 
A) аналығы 
B) жемісі 
C) күлтесі  
D) гүл сағағы  

ENT Globus  ГРУППАСЫНА ТІРКЕЛЕМІЗ         11       ГЛОБУС-2016-2017-БИОЛОГИЯ 
 
Е) гүл табаны 
3. Қазақстандағы ең үлкен кесіртке түрі 
A) зайсандық  батбат 
B) сарлан 
C) шұбар кесіртке  
D) шұбар батбат  
Е) сүр келес 
4. Бауырдан бөлінетін сөл 
A) өт 
B) тер 
C) сілекей  
D) сүт 
Е) май 
5. Ұлпа- 
A) Жасуша мембранасы 
B) Жасуша орталығы 
C) Жасуша аралық заттар жиынтығы  
D) Қызметі бірдей мүшелер жиынтығы 
Е) Құрылысы, қызметі бірдей жасушалар мен жасуша аралық заттар жиынтығы 
6. Рефлекстік және өткізгіштік қызметін атқарады: 
A) Анализатор 
B) Бауыр 
C) Бүйрек 
D) Ми 
Е) Жұлын 
7. Шартты  рефлекс 
A) Тұқым қуалайды 
B) Туа пайда болады 
C) Жүре пайда болады 
D) Ұрпақтан ұрпаққа беріледі  
Е) Ата-анасынан беріледі  
8. Тіршілік өлі табиғаттан пайда болу теориясы 
A) Абиогенез 
B) Эмбриогенез 
C) Онтогенез  
D) Филогенез  
Е) Биогенез 
9. Табиғи биоценозда пайдаланады 
A) Тыңайытқыштар 
B) Тек қана күн энергиясын 
C) Химиялық заттар 
D) Механикалық энергия  
Е) Суармалы су 
10. Органикалық заттарымен қоректенетіндер 
A) автотрофтылар 
B) миксотрофтылар 
C) хемотрофтылар  
D) гетерофтылар  
Е) фототрофтылар 

ENT Globus  ГРУППАСЫНА ТІРКЕЛЕМІЗ         12       ГЛОБУС-2016-2017-БИОЛОГИЯ 
 
11. Абиотикалық фактор 
A) Қына 
B) Ылғал 
C) Шырша  
D) Еңбек 
Е) Өнеркәсіп 
12. Өсімдіктердегі көмірсудың негізгі қоры. 
A) сахароза 
B) крахмал 
C) фруктоза  
D) целлюлоза  
Е) глюкоза 
13. Мың жылға дейін тіршілігін сақтайды: 
A) Ашық тұқымдылардың барлық түрі. 
B) Жатаған шырша. 
C) Қыша. 
D) Зеравшан аршасы. 
Е) Қарағай. 
14. Мақта тұқымының 24-26 %-ы тұрады: 
A) Нәруыздан. 
B) Майдан. 
C) Иілік заттардан. 
D) Көмірсудан. 
Е) Белсенді заттардан. 
15. Гермафродит құрт 
А) ішексорғы  
B) нереида 
C) үшкірқұрт  
D) қылқұрт 
Е) сиыр цепені 
16. Құстың қорегі ұсақталып ботқаға айналады: 
A) Ауызда. 
B) Етті қарында. 
C) Жемсауда. 
D) Безді қарында. 
Е) Ішекте. 
17. Мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуін әлсіретеді 
A) Никотин 
B) Май 
С) Витамин  
D) Нәруыз  
Е) Көмірсу 
18. Анализатор бөлігі 
А) Бөліп шығарушы  . 
B) Тірек 
C) Негізгі 
D) Түзуші 
Е) Рецепторлық 
19. 1906 жылы генетика терминін енгізген ғалым: 

ENT Globus  ГРУППАСЫНА ТІРКЕЛЕМІЗ         13       ГЛОБУС-2016-2017-БИОЛОГИЯ 
 
A) Т.Морган 
B) Г.Надсон 
C) Г.Мендель  
D) Н.Вавилов  
Е) У.Бэтсон 
20. Адамға қажетті өнімдерді биологиялық объектілердің көмегімен өндіру. 
A) микробиология 
B) биохимия 
C) экология 
D) биотехнология  
Е) генетика 
21. Емізік тамыры арқылы дайын қоректік заттарды сіңіретін өсімдік 
A) монстера,сауыр 
B) орхидея,батат 
C) үнді фикусы, тарна  
D) сұңғыла, арамсояу  
Е) мангр ағашы, айұрық 
22. Жойылған дене бөлігінің қалпына келуі. 
A) Бүрмелену. 
B) Дегенерация. 
C) Регенерация. 
D) Даму. 
Е) Түрлену. 
23. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді 
A) Мембрана 
B) Лизосома 
C) Хромосома  
D) Цитоплазма  
Е) Митохондрия 
24. Ксерофиттер 
A) Атқонақ 
B) Сексеуіл 
C) Элодея  
D) Інжугүл  
Е) Беде 
25. Мектепте қонырау кезінде терезе ашылып, желдету жұмысы жүргізіледі, 
себебі... 
A) бактерия саны көбейеді 
B) бактериялар саны сол күйінде сақталды 
C) бактериялар саны толық жойылады  
D) бактерия саны азаяды 
Е) бактериялар саны өзгеріссіз қалады 
 
 
 
 
 
 
5-НҰСҚА 

ENT Globus  ГРУППАСЫНА ТІРКЕЛЕМІЗ         14       ГЛОБУС-2016-2017-БИОЛОГИЯ 
 
1. Көп жасушалы жасыл баддырлар: 
A) порфира, плюмария 
B) нереоцистис, хондрус 
C) ламинария, саргассум 
D) каулерпа, ульва 
Е) турбинария, коралина 
2. Минералды тыңайтқыш 
A) Шымтезек 
B) Құс саңғырығы 
C) Калий 
D) Қи 
Е) Қарашірік 
3. Жанасу арқылы жынысты-жолмен көбейетін біржасушалы жәндік 
A) валантидий   
B) кірпікшелі кебісше 
C) сәулелі өрмекаяқ 
D) шұрықденелі бунақай  
Е) талшықты амеба 
4. Қарапайымдарда жиырылғыш вакуольдердің қызметі: 
A) ҚОрганыштық 
B) Асты қорыту 
C) Органикалық зат түзу  
D) Зиянды заттарды бөлу  
Е) Қор жинау 
5. Қол басы сүйегі 
A) Ортан жілік 
B) Білезік 
C) Жауырын  
D) Бұғана  
Е) Төссүйек 
6. Миокард - 
A) Жалпақ эпителий ұлпасы 
B) Көлденең жолақты Бұлшықет ұлпасы 
C) Көлденең жолақты жүрек бұлшықеті  
D) Жүйке ұлпасы 
Е) Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы 
7. Көздің қосымша мүшесі 
A) Қарашық 
B) Көз бұршағы 
C) Кірпік 
D) Соқыр дақ  
Е) Нұрлы қабықша 
8. Мендельдің екінші заңы: 
А) Біркелкілік 
B) Белгілердің тәуелсіз ажырауы 
C) Тіркесіп тұқым қуалау 
D) Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі ұқсас қатарлар  
Е) Белгілердің ажырауы 
9. Ластағыш заттардың негізгі көздері 

ENT Globus  ГРУППАСЫНА ТІРКЕЛЕМІЗ         15       ГЛОБУС-2016-2017-БИОЛОГИЯ 
 
A) Продуцент 
B) Балдырлар 
C) Саңырау құлақ  
D) Күн сәулесі 
Е) Өнеркәсіп 
10. Консументтер 
A) Автотрофтар 
B) Өндірушілер 
C) Түзушілер 
D) Ыдыратушылар  
Е) Гетеротрофтар 
11. Аэробионттар 
A) Шортан 
B) Жарғанат 
C) Гидра 
D) Соқыртышқан  
Е) Шұбалшаң 
12. Кәдімгі аршаның бүрінен дайындайды 
A) жібек жіп 
B) қағаз 
C) әшекей  
D) мармелад  
Е) пластмасса 
13. Жанаспалы жасушада болатын хлорофилл дәндерінде... түзіледі 
A) Калий 
B) Минералды тұздар 
C) Витаминдер  
D) Су 
Е) Органикалық зат 
14. Раушангүл тұқымдасына жатады 
A) Картоп 
B) Соя 
C) Шпинат  
D) Таңқурай  
Е) Көкнәр 
15. Қандауыршаның зәршығару түтікшелері орналасады: 
А) тері қатпарында 
B) жұтқыншақ маңында 
C) ауыз айналасында 
D) бауыр өскіні маңында  
Е) денесінің екі жағында 
16. Қандауыршаның жүйке түтігінің орналасуы 
A) Құрсақ жағында 
B) Желінің астында 
C) Желінің үстіңгі жағында  
D) Ішек астында 
Е) Басында 
17. Туа пайда болған ретті тізбек арқылы бір-бірімен байланысқан шартсыз 
рефлекстер жиынтығы: 

ENT Globus  ГРУППАСЫНА ТІРКЕЛЕМІЗ         16       ГЛОБУС-2016-2017-БИОЛОГИЯ 
 
A) Қозу 
B) Тежелу 
C) Индукция  
D) Инстинкт 
Е) Биологиялық ырғақ 
18. Мойын омыртқаларының алдыңғы жағында орналасқан, түтік пішінді қуыс, 
бұлшықетті мүше: 
A) Өңеш 
B) Жұтқыншақ 
C) Тіл  
D) Тоқ ішек 
Е) Аш ішек 
19. Тұқым қуалау өзгергіштігіндегі сәйкес қатарлар заңын ашқан ғалым: 
A) Т.Морган 
B) Н.И.Вавилов 
C) И.В.Мичурин  
D) Г.Д.Карпеченко  
Е) Г.Мендель 
20. Бактериялардың көпшілігі 0° С-де өмір сүруін тоқтатады бірақ, тіршілігін 
жоймайды себебі: 
A) қор заттарының мол болуы 
B) тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша түзеді 
C) шырышты қабықшаларының жұқаруы  
D) бейағзалық заттардан ағзалық зат түзеді  
Е) жасушасында хлорофилі жоқ 
21. Мақтаның бактериялық ауруы: 
A) Қызамық 
B) Клостериум 
C) Ботулинус  
D) Гоммоз  
Е) Құздама 
22. Күйіс қайыратын сүтқоректілер қарынының ең үлкен бөдігі:  
A) Тазқарын 
B) Қатпаршақ 
C) Ұлтабар  
D) Жұмыршақ  
Е) Жалбырша 
23. Мектепке дейінгі естияр кезең 
A) Қоршаған дүниеге қызығушылығы пайда болады 
B) Қимыл-әрекеті баяулайды 
C) Мойыны бекиді, отырады, еңбектейді, жүруге талпынады  
D) Ақыл-ой, санасы, ойлау қабілеті жетіледі 
Е) Жаңадан көптеген қозғалыс дағдылары қалыптасады 
24. Дыбыс толқынын күшейтетін резонатор, дыбыс шығаратын мүше ретінде 
қызмет жасайтын. 
A) торсылдақ 
B) ауыз 
C) желбезек  
D) құрсақ  

ENT Globus  ГРУППАСЫНА ТІРКЕЛЕМІЗ         17       ГЛОБУС-2016-2017-БИОЛОГИЯ 
 
Е) көкірек 
25. Жануарлар жасушасындағы тілдің сілемейлі қабықшасында кездесетін 
химиялық элемент. 
A) қалайы 
B) магний 
C) кальций  
D) фосфор  
Е) никель 
 
 
 
 
 
 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет