Энергия ресурстарының ерекшеліктері



Дата19.06.2017
өлшемі56.39 Kb.
#13080
ЭНЕРГИЯ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің доценті,

пед.ғыл.кандидаты ТЛЕУБЕРГЕНОВА КЕНЖЕКЕЙ АХМЕТВАЛИЕВНА,

ТІЛЕУБЕРГЕН ЕРЖАН ЖАРЫЛҒАСЫНҰЛЫ


Түйін сөздер: жылу электр, су электр, атом электр станциялары, толқынның толысуы, қайтуы, жел, күн, жердің ішкі жылуы
Энергия ресурстары отын және отын емес болып бөлінеді. Отын ресурстарына - энергия алу үшін жағылатын отын түрлері. Отын емес ресурстарға – су, жел, энергиясы жатады. Сонымен бірге энергия көздері қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді. Су мен жел энергиясы әрдайым қалпына келіп отырады.

Қалған энергия түрлері – көмір, мұнай, табиғи жанғыш газдар, жанғыш тақтатас және атом энергиясының көзі – уран мен торийдің қорлары қалпына келмейді. Ағаш отын өте жай қалпына келеді, ал шымтезектің қалпына келуі өте ұзақ. Сондықтан оларды да іс жүзінде қалпына келмейтін энергия көздеріне жатқызуға болады.Өндірістің негізгі бір саласы – электр энергетикасы. Бұған жылу электр (ЖЭС), су электр (СЭС), атом электр (АЭС) станциялары жатады. Ешқандай өндіріс электр қуатынсыз жұмыс істей алмайтындықтан электр энергетикасын дамытудың мәні өте зор.



Жылу электр станциясы.Жылу электр станцияларының технологиялық процесі отын цехынан, бу шығатын қазан, машина цехындағы турбина мен генератор және жылу бөліп отыратын цехтардан тұрады.

Алдымен отын цехында отын жанады, ол қазандағы құбырлар жүйесі арқылы өтетін суды ысытып, қысымы 250-300 атмосфераға дейін көтерілетін буға айналдырады. Осы қызған ыстық су буы машина цехындағы турбиналарға түсіп, турбинаның басына жалғасқан қалақшалар жүйесіне (генераторға) келіп соғылады да, оны үлкен жылдамдықпен айналдырады. Себебі турбинаның білігі электр тоғын өндіретін генератордың білігімен жалғасқан. Осындай станцияның негізгі агрегаты турбогенератор- ыстық будың құрамындағы жылу энергиясын турбина білігін айналдыруға жұмсалатын механикалық энергияға, ал механикалық энергия генератордың көмегімен- электр энергиясына айналдырылады.

Машина цехында өндірілген осы электр энергиясы келесі электр энергиясын бөлетін цехқа жөнелтіліп, одан тұтынушыға жіберіледі.

Отынның кезкелген түрімен жұмыс істей алатын осы типті электр станцияларда электр энергиясымен бірге жылу беру де қарастырылған. Ондай станцияларды жылу электр орталықтары (ТЭЦ) деп атайды.



Су электр станциясы. СЭС–су ағынының энергиясын қолданады. Ол қандай биіктіктен және қанша мөлшерде су ағуына байланысты. СЭС-ның энергия бөлуі ЖЭС-нан арзан, сарқылмайтын, қоршаған ортаны ластамайтын энергия көзі. СЭС-рын бөгенді (плотиналық) және деривациялық (таулы жердегі) деп бөледі. Бөгендік СЭС-да міндетті түрде бөген салынады, суда қысым болуы үшін. Қалыпты арнасымен ағып жатқан өзендердің алдын тосып, бөген салғаннан кейін оның деңгейі бөгенге дейінгі және кейінгі бөліктер арасында 25 метр-ден де жоғары айырма жасайды. Осы жоғарғы және төменгі екі деңгейдің арасындағы судың құлау күші электр энергиясын алу үшін пайдаланатын негізгі энергия көзі болып табылады.

Су электр станцияларының машина залы бөгеннің үстіне немесе өзен жағалауына салынады, осында генератордың білігімен тікелей жалғасқан бірнеше қатарлы гидротурбиналар орналасқан, осы турбинаның қалақтары судың ең төменгі деңгейінде жатады. Судың жоғарғы деңгейінен үлкен күшпен ағып келген су осы қалақтарға келіп соғылады да, оларды қозғалысқа келтіріп, электр энергиясын өндіреді.Дүние жүзінің. ең үлкен СЭС –сы Саяно-Шушенская – қуат-тылығы 6400 мың квт., жыл сайын 24 млрд. квт. сағ.электр энергиясын береді.



Атом электр станциясы.Электр энергетикасының жас және болашағы зор АЭС-ның маңызы зор. Атом энергетикасын орасан күшті жарылыс жасау немесе оны біртіндеп атом реакторларында /қазандарында/ бөлу арқылы алуға болады. Халық шаруашылық мақсатына осы екі тәсілді де пайдалануға болады. Атом жарылысы арқылы каналдар жасап, таулы аудандарда жол салуды және пайдалы қазбаларды өндіруді едәуір жеңілдетуге болады. Бірақ атом энергиясын атом реакторларында /қазандарында/ бөлудің ерекше маңызы бар.Атом реакторында отын ретінде уран және торий, плутоний элементтері қолданылады. Табиғатта уран үш изотоптың қосындысы ретінде кездеседі. Уран – 238, уран – 235. Оның ішіндегі маңыздысы- уран – 235. Өйткені оның ядросы оңай бөлінеді және орасан мол энергия береді. Уран – 235 изотопының 1 грамы 3 тонна көмірмен пара-пар. 1кг. ядролық отынды жағу арқылы 23 млн. квт.сағ. электр энергиясын өндіруге болады.

Атом қазандарындағы ядролық элементтерден алынатын жылу үздіксіз суды жылыту және қажетті қысымдағы буды алу үшін пайдаланылады.Одан кейін буды пайдалану жылу электр станцияларындағыдай жүреді. АЭС бу трубиналы (ЖЭС) электр станциядан ең алдымен реакторының барлығымен айырым жасайды. Реакторда ядроаралық реакция жүргенде жылу бөлінеді де, ол жылу парогенератор қазанындағы суды ысытып, буға айналдырады. Осы бу енді жоғарғы қысыммен келіп турбинаны айналдырады, ал турбинамен генератор байланысты болатындықтан, генератор да айналып, электр тоғын түзеді.АЭС-ның жылу электр станциясынан өзгешелігі атмосфераны ластамайды, күл де, күлдеуік те қалдырмайды, жоғары калориялы, үнемді, бірақ жалғыз және өте мағызды- қауіптілік жақтары бар. Ең алғаш АЭС-сы Калуга облысындағы Обнинск қаласында салынған (1945ж. ТМД б-ша). ТМД-да 14 АЭС бар: Чернобыль, Ақтау, т.б.қалаларда.



Энергияның басқа түрлері. Электр энергиясын алу үшін толқынның толысуы мен қайтуы, жел, күн, жердің ішкі жылуы да пайдаланылады.

Судың толысуы мен қайтуынан энергия алу үшін электр станциясы қажет. Ол үшін алдымен бөген салынады. Бөгенмен бөлінген су бөлігіндегі судың қайтуы мен толысу деңгейі бұрынғы қалпындағыдан биігірек болады. Бөген орнатылған турбина мен генератор судың толысуы мен қайтуы кезінде ерсілі-қарсылы айналып энергия тудырады.



Жел энергиясы. Жел энергиясы желдің үнемі және бірқалыпты соқпайдығына байланысты үзбей жұмыс істей алмайды. Сондықтан да қатты жел тұрғанда жел энергиясы ұн тарту, егістікті суару сияқты шағын жұмыс орындарына қажетті энергия бере алады. Шағын жел электр станциялары тропиктерден Арктикаға дейінгі дүние жүзінің жүзге жуық елдерінде жұмыс істейді. Алайда, бұл энергия көзінің тұрақсыздық сипаты оны әлі де болса толық мәнінде қолдануға кедергі болып отыр.

Жердің жылу энергиясы. Жердің жылу энергиясын пайдалану үшін 200-500 метрлік скважина қазылып, одан шыққан бу (пар) қолданылады. Әрбір скважиналардан шыққан бу 2 мың квт. қуат беретін турбинаның жұмысын қамтамасыз ете алады. Бұндай геотермальды электр станциялары Кавказ, Қиыр Шығыс, Батыс Сібір, Камчатка жерлерінде бар.

Күн энергиясы. Күн энергиясын өндіретін электр станциялар – гелиоэлектростанциялар деп аталады. Күн энергиясы алыну үшін дөңес айналар күнге қаратып қойылады да, сәулесі парогенератор қазанына түсіп тұрады. Бұнда жиналған газ электр станцияның турбинасына жіберіледі де, электр энергиясы қалыптасады. Бұл да тек күндіз жұмыс істейтіндіктен ауыл шаруашылығы салаларына қолданы-лады.Соңғы кезде дүние жүзінің жекелеген бөліктерінде Күн энергиясына негізделген әртүрлі приборлар мен қондырғылар шығарылуда, тропик және субтропик белдеуіндегі көптеген елдерде «күн үйлері «бар. АҚШ, Франция,Жапония, Украинада күн электр станциялары жұмыс істеуде.

Геотермальдық энергия. Геотермальдық энергия екі бағытта қолданылып келеді. Бірінші бағыт-жер астындағы ыстық суларды үйлерді, жылыжайды, су алаптарын жылытуға пайдалану. Екінші бағыт- « жер асты қазандары» бар табиғи орындарда геотермальдық электр станцияларын (ГеоЖЭС) салу. Олардың ең ірілері АҚШ-тағы Үлкен Гейзерлер аңғарында(Калифорнияда) салынған, одан кейін Филиппинде, Мексикада, Италияда, Жапонияда, Жаңа Зеландияда салынған.

Теңіз суының толысу энергиясын , толқын энергиясы мен температуралық градиентін пайдалану әзірше эксперименттік сатыда тұр. Толысу электр станциялары Францияда, АҚШ пен Канадада, Ресейде, Қытайда ғана бар.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Бушмич А.И., Розов В.К. Экономика и организация промышленного производства. М., 2002

2.Голиков НФ., Ердавлетов С.Р., Булгаков В.В Практикум по технико-экономическим основам промышленного производства. А., 2007.

3.Основы промышленного и сельскохозяйственного производства. Под ред. А.Ф. Куракина М. 1999.



Резюме

В статье рассматривается особенности энергоресурсов
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет