Елімізде дәрілік өсімдіктердің түрлері көп, олар үлкен көлемді алып жатыр, өндіріс қажетіне дайындалып келеді



бет1/3
Дата22.01.2018
өлшемі0.49 Mb.
  1   2   3

Түсінік хат
Мектеп бағдарламасында дәрілік өсімдіктерге арнайы сағат бөлінбегендіктен осы курстты енгізуді,дәрілік өсімдіктер жайлы көптеген мәліметтерді оқушылардың санасына сіңіруді жөн санадым.

Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктердің маңызы зор.Қазіргі таңда медицина саласында халықтық емдерді көптен пайдалануда.Болашақта дәрігер болатын 11 сынып оқушыларына дәрілік өсімдіктер туралы қолданбалы курсын еңгізудің маңызы зор деп білемін.


Қазақстан – Еуразия орталығында орналасқан байтақ ел. Қазақстанның табиғат зоналары да географилық ендік бойынша орналасқан, өзара үйлесімді. Мұндай үйлесімділік еліміздің өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жан – жақты әрі әр түрлі болуын қамтамасыз етеді. Әр ланшафтың бейнесі бірінші кезекте бар тіршіліктің тірегі жасыл өсімдіктерден құралады.
Соңғы деректер бойынша Қазақстанда жоғарғы сатыдағы 5754 өсімдік түрі кездеседі, олар: қырықбуындар, папоротниктер, жалаңаштұқымдылар және гүлдесін өсімдіктер. Ботаниктердің үздіксіз зерттеулері әрбір аймақ үшін, сондай – ақ ғылым үшін жаңалық болып табылатын түрлермен толықтырылып отырады.

Қазақстанда өсетін көп өсімдіктер түрлерінің арасында дәрілік өсімдіктердің маңызы ерекше. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады:



Елімізде дәрілік өсімдіктердің түрлері көп, олар үлкен көлемді алып жатыр, өндіріс қажетіне дайындалып келеді.
Курс барысында оқушылар дәрілік өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктерін, өсіп - өнетін жерлері мен шикізат ретінде оларды күтіп баптау мен жинау, сақтау ережелері қамтылады.
Дәрілік өсімдіктерден үй жағдайында халық медицинасында ежелден бері қолданып келе жатқан дәрі – дәрмектер жасау әдістерін, ауру адамның жасына және оның ауруының түріне байланысты дәрілердің қолданылуы.

Курс мақсаты:
Оқушылардың ғылыми – танымдық, тұлғалық, іскерлік қабілеттерін дамытып, жауапкершілігін арттыру.Өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға баулу:
Курс міндеттері:
- оқушыларды дәрілік өсімдіктердің шипалық қасиеттері мен таныстыру;
- жүрек ауруларын емдеуге қолданылатын дәрілік өсімдіктерді пайдалану ережелері;
- дәрілік өсімдіктердің түрлерін тереңдете оқытумен қатар оларды жинау ісі, шикізат дайындаудың әдіс – тәсілдері;
- дәрілік өсімдіктерді үй жағдайында бау – бақшаларда, жүйекте өсіруге баулу.
Күтілетін нәтиже:
- жеке адаммен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, мәдениетін білім беру барысында қалыптастырады;
- дәрілік өсімдіктердің қазіргі кездегі күйі мен болашағы туралы түсінік;
- оқушылардың дәрілік өсімдіктерге бақылау жасап, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге қадамдар жасау.
Нәтижені бағалау құралдары:
Курс барысында әрбір тақырыпты өткеннен соң оқушыларға реферат, баяндама, қосымша тапсырмалар беріліп, жұмыстары сыныпта қорғалып, талқыланады. Бұл оқушылардың өзіндік ізденуіне, шығармашылық қабілетінің артуына, сөйлеу мәнерінің жетілуіне және ұжыммен жұмыс атқара білуіне өз септігін тигізеді.
Курс мазмұны:
Кіріспе (1 сағат)
Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер, олардың соңғы жылдары қазіргі медицина талабына сай, дәрілік өсімдік емдеу практикасына енгізілмес бұрын ғылыми медицинада зерттеудің ұзақ жолынан өтетіні. Дәрілік өсімдіктерді зерттеген ғалымдардың еңбектері мен олардың еліміздегі фармацевтикалық өнеркәсіптерде алатын орны.
Жүрек ауруларын емдеуге пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер тақырыбында пайдалану ісі (8 сағат)
Ғалымдардың болжауынша жүрек жұмысының созылмалы жетіспеушілігі таяудағы елу жылдың ішінде әлемдік кардиологиядағы негізгі тауқыметтің біріне айналмақ. Жүрек жұмысының созылмалы жетіспеушілігінен өлім жетім қарқыны да аса жоғары. Зерттеушілер жүрек жұмысындағы жетіспеушілік кезінде қимыл-қозғалыстың шипалық көмек жасайтынын, дәрілік өсімдіктердің оң ықпал етіп емдік қызмет атқаратынын анықтады. Мың жыл дерлік өмір сүрген Ибн Сина ауыру адамдарды долана дәрісімен емдеген. Долананың жемістерімен гүлдері жүрек ауруы үшін мың да бір ем – тамаша дәрі болып табылады. Долана дәрілері көк (вена) тамырларында, ми тамырларында қан айналымын күшейтіп, жүректің әсеріне деген сезімталдығын арттырады. Гүлден жасалған су тұнбамен жемістен жасалған сұйық экстрактты жүрек және гипертония ауруларына қолданады.
Сарымсақ. Оның микробтарды жою мен қатар жүректің бұлшық еттерінің күшінкөбейтетін қасиеттері бар. Мәдени дақыл ретінде қолдан егіледі.
Орман бүлдіргені. Қан азайғанда, қан қысымы көтерілгенде, атеросклероз ауруына қарсы, жүрек ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Қолдану тәсілі: 20 грамм өсімдік жемісін қайнап тұрған бір стакан сұға салып 20 минут тұндырадыда шай ретінде ішеді. Тағы басқа да көптеген дәрілік өсімдіктер қарастырылады.
Көрнекті ғалымдардың қазіргі кездегі бүкіл дүние жүзінде жүрек ауруларын емдеуге пайдаланып жүрген дәрілік өсімдіктерді ғылыми медицинаға енгізілуі.
Әрбір өсімдік түріне медициналық көзқарас тұрғыда талдау жасалынады.
Дәрілік өсімдіктерді дайындау тәсілдері және оларды жүйекте өсіру (6 сағат)
Дәрілік өсімдіктерді жинау, өсімдіктің ботоникалық сипаттамаларын, олардың Қазақстанда таралған жерлерін, дәрілік өсімдіктерді дайындаудың әдіс – тәсілдері және дәрілік өсімдіктердің сұранысын шешу мақсатында үй жағдайында, бау – бақшаларда, жүйектерде өсіру, жинау, кеппе нұсқаларын дайындау тәсілдері.

Тынысалу жүйесіне пайдаланатын дәрілік өсімдіктер(5 сағат)-бұл тарауда көптеген дәрілік өсімдіктердің пайдасы жайында мәлімет алады. Жалбызтікен тамырынан көптеген дәрілер жасалады. Тамыр тұнбасы, шырыны, сығындысы тыныс жолдары ауруларын емдейтін дәрі ретінде қолданылады.

Өгейшөптің жапырағының құрамындаглюкозид, эфир майы, инсулин, илік заттар, аскорбин қышқылы болады. Халық медицинасында өгейшөпті Гиппократ пен Авеценна заманынан бері қолданып келеді. Оны қолқа демікпесін, созылмалы бронхитті, ларингитті, жоғары тыныс жолдарының қабынуын емдеуге пайдаланады. Тұнбасын жөтелді басу үшін ішеді. Гүлінен ара бал жинайды.

Асқазан ауруларын емдейтін дәрілік өсімдіктер(6 сағат)-бұл тарауда асқазан ауруына ем болатын,дәрілік өсімдіктер туралы білім деңгейлерін кеңейтеді. Итмұрынның ерекшелігі — бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы —парфмерия өндірісінде пайдаланылады.Қалақайдың барлық түрінің құрамында ақуыз, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар жәнеминералды тұздар , әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады. Қалақай препаратын диабетпен ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады.
Дәрілік шөптерді халық медицинасында қолдану тәсілдері (4 сағат)

Тәжірибе жасау және ғылыми сараптамаларғасүйене отырып жасалған препараттадың, тұнбалардың дәрілік қасиеттеріне баға беру.
Жалпы халық медицинасы пайдаланып келген шипалы өсімдіктермен емдеу мәселесі.Оқушылардың өз беттерінше жасаған жұмыстарына сай шығармашылық есептері (реферат, баяндама, тест жұмыстары т. б)
Шипалы әр-түрлі ауруға ем өсімдіктер(3сағат)Шытыр-
дәрі мақсатында зәрлі сарғалдақтың шөбін пайдаланады. Оны бас ауруды, ревматизмді, подаграны,жараны, күйікті, шиұанды емдеу үшін, сондай-ақ тонус көтеретін дәрі ретінде де пайдаланады. Өсімдік құрамындағы ротоанемонин - улы зат. Оның аз мөлшерінің өзі орталық нерв жүйесін қуаттандырғыш әсер етеді. Қандағы эритроциттер мен гемоглобиндерді көбейтуге көмектеседі. Микробтарға қарсы және фунгустикалық әсері бар. Зәрлі сарғалдақты усарғалдақпен қосып (тері туберкулезін емдеу үшін) дәрімай ретінде пайдаланады.

Сіздердің назарларыңызға курстың жылдық жоспарын және бірнеше сабақтардың қысқа мерзімді жоспарын ұсынып отырмын.



Жылдық жоспар

Р/н

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе

1

01.09.2015




Жүрек ауруларын емдеуге пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер

8




2

Долана өсімдігі

1

08.09.2015

3

Шүйіншөп (Валериана)маңызы

1

15.09.2015

4

Сарымсақ пайдасы

1

22.09.2015

5

Орман бүлдіргені

1

29.09.2015

6

Жалбыз-тамырсабақты өсімдік

1

06.10.2015

7

Женьшень -тіршілік тамыры

1

13.10.2015

8

Қой бүлдірген

1

20.10.2015




Дәрілік өсімдіктерді дайындау тәсілдері және оларды жүйекте өсіру

4




9

Дәрілік өсімдіктерді жинау кезеңдері

1

03.11.2015

10

Дәрілік өсімдіктерді дайындау тәсілі

1

10.11.2015

11

Кеппе нұсқаларын дайындау

1

17.11.2015

12

Қазақстанда таралған аймақтары

1

24.11.2015




Тынысалу жүйесіне пайдаланатын дәрілік өсімдіктер

5




13

Жалбызтікен

1

08.12.2015

14

Өгейшөп-көпжылдық өсімдік

1

15.12.2015

15

Жуа.Сынақ

1

22.12.2015

16

Итжүзім

1

29.12.2015

17

Таңқурай-бұталы өсімдік

1

12.01.2016




Дәрілік улы өсімдіктер

4




18

Аюқұлақ өсімдігі

1

19.01.2016

19

Бәрпі -сарғалдақ тұқымдасы

1

26.01.2016

20

Дермене-асыл шөп

1

02.02.2016

21

Адыраспан

1

09.02.2016




Асқазан ауруларын емдейтін дәрілік өсімдіктер

6




22

Итмұрын

1

16.02.2016

23

Жерқонақтың тамыры

1

23.02.2016

24

Қаражидек

1

01.03.2016

25

Сынақ

1

15.03.2016

26

Қалақай

1

05.04.2016

27

Рауғаш

1

12.04.2016




Дәрілік шөптерді халық медицинасында қолдану тәсілдері

4




28

Тәжірибе жасау және ғылыми сараптамаларға сүйене отырып жасалған препарат дайындау.

1

19.04.2016

29

Шипалы өсімдікпен емдеу

1

26.04.2016

30

Тұнбаның дәрілік қасиеті

1

30.04.2016

31

Менің шығармашылық жұмысым

1

03.05.2016




Шипалы әр-түрлі ауруға ем өсімдіктер

3




32

Шытыр

1

10.05.2016

33

Қырыққұлақ.Қаражоңышқа

1

17.05.2016

34

Жылдық қорытынды

1

24.05.2016


Қысқа мерзімді жоспар №1

Сыныбы: 11 Пәні: Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер




Сабақ тақырыбы:

Кіріспе

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың дәрілік өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту.Курс мазмұнын біледі.

Күтілетін нәтиже:

Дәрілік өсімдіктерді өмірде пайдалана біледі,өз ауласында дәрілік өсімдіктерді өсіріп баптай алады.


Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер

«Екі жұлдыз бір үміт» стратегиясы, «Миға шабуыл» әдісі, «Т» кестесі, «Кім жылдам» ойыны

Сабақ түрі:


Жаңа сабақ






Сабақтың кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Керекті жабдықтар

Кіріспе

2 минут

5 минут


Топқа бөлінуге нұсқау жасаймын.

«Екі жұлдыз бір үміт» стратегиясы бойынша ынтымақтастық атмосфера қалыптастырамын.




Мақал –мәтелмен топқа бөлінеді. (Мектеп, кеме, білім, теңіз)
Түрлі-түсті стикерге тілек жазып, оқып, жүрек салынған плакатқа ілу арқылы сыныпта

ынтымақтастық атмосферасы қалыптастырады.




Таратпа қағаздар

Түрлі-түсті стикерлер, плакат.



Жаңа сабақтың таныстырылымы

8 минут

«Миға шабуыл» әдісі бойынша түрткі сұрақтар қоямын.

1.Дәрілік өсімдіктердің қандай түрі бар?

2Өсімдіктердің тіршілігі үшін қажетті жағдайлар?


Миға шабуыл жасай отырып, сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Бағалау парақшасы


Жаңа сабақты қолдану

18 минут

«Т» кестесі бойынша топтық жұмыс жасатамын. Берілген жаңа сабақ бойынша мәтінді оқытып, сыни ойланту мақсатында тапсырма беремін.

Мәтінді оқиды, плакатты алып ішкі және сыртқы деп екігі бөледі. Ішкі жағына м әтінге қатысты жақтарын жазса, сыртқы жақтарына мәтінге қатысы жоқ жақтарын жазады. Дәлелдейді. Қорғайды.

Оқулық, бағалау парақшасы, плакат, маркер.


Жаңа сабақты қорытындылау

5 минут

«Кім жылдам» ойыны арқылы сұрақ-жауап өткізіп, жаңа сабақты қорытындылаймын.

Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылайды.

Бағалау парақшасы

Бағалау

.4 минут

«Ай» әдісі арқылы формативті бағалаймын.

Топтық бағалау жүргіземін.



Сабақтың әр кезеңнен кейін айларды көтеру арқылы оқу мотивациясы артады.

Толық ай – сабақты толық түсіндім;

Жарты ай - мен жартылай түсіндім;

- Жаңа ай – менің түсінбегенім басымдау болды.

Топ басшысы бағалау критрийлеріне сүйеніп, топ мүшелерін бағалайды.



Айлар, бағалау парақшасы.

Рефлексия

3 минут

«Екі жұлдыз бір үміт» стратегиясы бойынша рефлексия жасау.

Сабақтың басында іплакатқа ілген, екі жұлдыз, бір үмітке жеткен, жетпегендерін жазыпғ айтып шығады.

Плакат, стикерлер

Үйге тапсырма беру

1 минут

Үйге тапсырма беру. Жаңа тақырып туралы қосымша мәліметтер жинау.

Күнделікке жазып алады.

Күнделік

Қысқа мерзімді жоспар №2

Сыныбы: 11 Пәні: Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер




Сабақ тақырыбы:

Долана өсімдігі

Сабақ мақсаты:

Долана өсімдігінің түрлерін,кездесетін жерлерін адам өміріне маңыздылығын біледі.

Күтілетін нәтиже:

Доланың жүрек-қантамырлар ауруына емдік қасиетін біледі.


Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер

«Екі жұлдыз, бір тілек » , «Ыстық орындық» әдісі, «Фишбоун» әдісі, «ЖИГСО» әдісі

Сабақ түрі:


Жаңа сабақ






Сабақтың кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Керекті жабдықтар

Кіріспе

2 минут

3 минут
8 минут





Топқа бөлінуге нұсқау жасаймын.

«Шаттық шеңбер » стратегиясы бойынша ынтымақтастық атмосфера қалыптастырамын.

«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

hotseat


Түстер арқылы топқа бөлінеді. (Қызыл, көк, сары, ақ)
Екі шеңбер құру арқылы оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін айтып сыныпта

ынтымақтастық атмосферасы қалыптастырады.

Топтан бір оқушы орындыққа отырады, басқа топ мүшелері үй тапсырмасы бойынша сұрақ қояды.


Таратпа қағаздар

Түрлі-түсті стикерлер, плакат.



Жаңа сабақтың таныстырылымы

2 минут

«Шашыраңқы әріптер» әдісі бойынша жаңа тақырыпты ашу.


Әріптерді жинау арқылы тақырыпты табады.А-Л-А-О-Д-Н

Бағалау парақшасы


Жаңа сабақты қолдану

18 минут

«ЖИГСО» кестесі бойынша топтық жұмыс жасатамын. Берілген жаңа сабақ бойынша мәтінді оқып,талқылайды.

Оқушылар өздеріне берілген рөлдерді,бөліп алады.


Оқулық, бағалау парақшасы, плакат, маркер.


Жаңа сабақты қорытындылау

5 минут

«Фишбоун» әдісі бойынша долана өсімдігінің құрылысы мен маңызын түсіндіру


Балық қаңқаларының жоғары жағына долана, олардың құрылысы жөнінде сұрақтарды жазып, төмен жағына жауаптарды жазып, сынып алдында өз жұмыстарын дәлелдейді.


Бағалау парақшасы

Бағалау

3 минут

«Смайлик» арқылы формативті бағалаймын.

Топтық бағалау жүргіземін.



Сабақтың әр кезеңнен кейін айларды көтеру арқылы оқу мотивациясы артады.



Айлар, бағалау парақшасы.

Рефлексия

3 минут

«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс орнату



http://www.pmbni.org.uk/img/photos/2stars.jpg

1.Екі жұлдыз-екі ұнаған нәрсе

2.Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.


Плакат, стикерлер

Үйге тапсырма беру

1 минут

Үйге тапсырма беру. Жаңа тақырып туралы қосымша мәліметтер жинау.

Күнделікке жазып алады.

Күнделік


Каталог: ld
ld -> Сабақтың тақырыбы : Баяндауыш
ld -> Таңғажайып алаң ойыны. М.Әділова
ld -> Мақтаның жемісі мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын дейді. Қауашақ ашылады. Қауашақ ішіндегі ұзын талшықтары (түктері) бар өте көп тұқымдар шашылады
ld -> Одонтогенні кісти діляться на кореневі (радикулярні) і коронкові (фолікулярні)
ld -> Одонтогенні пухлини щелеп
ld -> Производство лекарственных препаратов по контрактам: Простанорм г. Томск
ld -> Гбоу впо рниму им. Н. И. Пирогова
ld -> 1. Гомеостаз – дегеніміз не


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет