Әлемнің жеті кереметі



Дата27.04.2018
өлшемі36.29 Kb.
#73030

Сынып : 8 «б»

Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы : Әлемнің жеті кереметі

мақсаты: әлемнің жеті кереметінің аңызы мен қасиетін ашу, жеті саны ұғымына байланысты қастерлі түсініктер мен қағидаларды дәріптеу, халық дәстүрін сүюге, Отанын сүюге тәрбиелеу

түрі: танымдық ,сайыс сабақ

көрнекілігі: интерактивті тақта, « 7 » санына байланысты қанатты сөздер

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды 7 топқа бөлінеді

1.кезең . Әлемнің жеті кереметін тарихы мен аңызы

1.Хеопс пирамидасы. 2.Семирамиданың аспалы –бағы.

3.Артемида ғибадатханасы 4.Галикарнас мавзолейі.

5.Александрия шамшырағы. 6.Родос алыбы.

7. Зевс мүсіні



Жүргізушілер: « Жеті атасын білмейтін ер жетесіз,

Жеті ғасыр тарихын білмейтін ел-тексіз» демекші, «жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады, жеті қасиеттісан болып есептеледі. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша бір аптада жеті күн бар демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады. Ежелгі Вавилон жұртында жеті күн өткен соң бір меренке күні болып отырады. Аспан әлеміндегі жеті шырақ: Күн, Ай, Меркурий, Сатурн,Марс, Юпитер, Шолпан.Жеті құдай атымен байланысты болып олардың құрметіне Вавилонда жеті сатылы күмбез орнатылды.

Сайыс « Жеті жұлдыз»

1.Топтарды таныстыру.

2.Сұрақ-жауап.

3.Сөз жұмбақ



1 сұрақ Жеті қазына.

1. Ер жігіт.

2. Сұлу әйел.

3. Ақыл-білім.

4. Жүйрік ат.

5. Қыран бүркіт.

6. Берен мылтық.

7. Жүйрік тазы.



Жеті жұт.

  1. Құрғақшылық.

  2. Жұт.

  3. Өрт.

  4. Оба.

  5. Соғыс.

  6. Топан су.

  7. Зілзала

Жұрттың жеті белгісі.

  1. Ту.

  2. Елтаңба.

  3. Әнұран.

  4. Ел ұран.

  5. Елтеңге.

  6. Төлқұжат.

  7. Ұлт жазуы.

4 сұрақ .Жеті атаны атаңыздар? ( әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат)

5 сұрақ. Аптаның жеті күнін атаңыз

6 сұрақ.Адамның бойындағы жеті жақсы қасиетті атаңыз

7 сұрақ .Жеті ғаламды атаңыз? ( Оңтүстік,Солтүстік,Шығыс,Батыс,Аспан,Жер,Жер асты)



ІҮ. Сөзжұмбақ кезеңі.

1.Жеті ғашықтың бірі Ләйлі мен ...?(Мәжнун)

2.... асқар тау, ана жағасындағы бұлақ. (Әке)

3.Жеті қазынаның бірі ...(ит)

4.Қазақтардың аң аулауға арналған құсы ...(бүркіт)

5. Қару түрі ....садақ()

6.Таста.... жоқ.(тамыр)

7.ҚР-ның Ел басы ....(Назарбаев)

8.Құстардың бір түрі ...(Қыран)

9. Жыл мүшесінің бірі ...(Қоян)



10. .... адам бақытының өлшемі. (Арман)










Ж






















Е










Т













І



















Қ










А



















З

























Ы






















Н










А















Жүргізуші: Халқымыз қасиетті 7 деген санынан осылайша талай-талай мағыналы, мазмұны терең мән тауып, өмірі мен тұрмысына тірек, жанына жалау еткен. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, қазақ шежіресін үйретуде бұл қасиетті ұғымның үлесі үлкен болған. Мысалы:»Құлақтан кіріп бойды алатын жақсы ән мен тәтті күйдің» барлығыы да бар болғаны 7 әуездің жүйелі комбинациясы. Олар: до,ре, ми, фа,со, ля,си. Толып жатқан пән ғалымдары мен тұрмыс- тіршілікте 7 санының орны ерекше. Сонымен, ақылға салып қараған адамға жетеудің сырынан көп мағлұмат беріп, тылсымы терең құпияларын ашуға жәрдемдесері сөзсіз -дей отырып, бүгінгі сайыс кешімізді аяқтаймыз. Жеңістер мен жеңілістерден тұратын, өмір күресі аяқталмасын.Ізденген жетер мұратқа, қатысудың өзі де жеңіс,-деген, жеңісті күнде кездескенше, достар!


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет