Әлемдік тауар нарығындағы қолайсыз



Дата12.04.2018
өлшемі82.49 Kb.
Тұжырымдар

  1. Әлемдік тауар нарығындағы қолайсыз конъюнктура, мұнай секторындағы өндіріс көлемінің қысқаруы Ұлттық қорға түсетін түсімдердің 2015 жылмен салыстырғанда 10,2 трлн. теңгеге, немесе 7 еседен астам қысқаруына әкеп соққан.

  2. 2016 жылғы республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы 2016 жылғы 9 айдың қорытындысынан төмен қалыптасқан, бұл қарашада жасалған республикалық бюджетті нақтылаудың тиімсіз болуын айғақтайды.

  3. Жекелеген үкіметтік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру тиісті деңгейде жүзеге асырылмаған. Жоспарлау кезінде негізделмеген және олардың қаржылық-ресурстық қамтамасыз етілуімен байланыстырылмаған индикаторлар мен көрсеткіштер енгізілген.

Талап етілетін бюджет қаражатының жоспарланған көлемдері бағдарламалық құжаттардың мақсаттарымен және міндеттерімен сәйкес келмейді. Жекелеген индикаторлар мен көрсеткіштер бойынша нысаналы индикаторлар мен іс-шаралардың сандық көрсеткіштерінің аралық мәндері, сондай-ақ тиімділік көрсеткіштері айқындалмаған, бұл оларға объективті бағалау жүргізуге мүмкіндік бермейді. Жоспарлау кезінде жол берілген кемшіліктер нәтижесінде бағдарламаларға көптеген өзгерістер мен түзетулер енгізіледі.

Жоғарыда көрсетілген проблемалар бағдарламалық құжаттарды іске асырудың тиімді тетіктерінің болмауымен қатар, қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізбеуге, мемлекеттің қаржы ресурстарының шашырауына және тиімсіз пайдаланылуына әкеліп соғады, олардың іске асырылуын мониторингтеуді және бақылауды күрделендіреді.

  1. Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі мемлекеттің ипмортты алмастыруға қатысты жүргізіп отырған саясатына теріс ықпал етуде. Аталған факт ауыл шаруашылығының жекелеген бағыттарын субсидиялау жүйесі тиімділігінің жеткіліксіз екендігін айғақтайды.

  2. Диагностикалық ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге бөлінетін бюджет қаражатының едәуір көлеміне қарамастан, ауыл шаруашылығы жануарларының жіті және созылмалы инфекциялық аурулары ошағының жыл сайын өсуі сақталып отыр.

  3. Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету қатысушыларды жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға ынталандырмайды. Субсидиялау, кепілдік беру және кредит беру тетіктері едәуір күрделі және әрқашан қолжетімді емес, бұл қатысушыларды мемлекет тарапынан өңірлік кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету шараларымен қамтуды ұлғайту бойынша өзге де тетіктерді әзірлеу қажеттігін айғақтайды.

  4. Барлық бағдарламалар бойынша жұмыспен қамту жөніндегі индикаторларды қамтитын, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамымен және Өндіргіш күштерді орналастыру сұлбасымен үндесетін Елдің өндіргіш күштерін орналастыру сұлбасы жоқ.

  5. Шағын, орта немесе ірі бизнес субъектілерін есепке алу бойынша бірыңғай тәсілдер әзірленбеген. Кәсіпкерлер субъектілерінің бірыңғай өзекті тізбесі жүргізілмейді, бұл Қазақстанда бірқатар мемлекеттік органдар мен ұйымдарда кәсіпкерлік субъектілерінің бірнеше тізілімінің болуына, сондай-ақ статистика органдарының кәсіпкерлерді бизнестің шағын, орта немесе ірі субъектілеріне өз бетінше жатқызуына және аталған негізде статистикалық деректердің қалыптасуына әкелуде.

  6. Үкіметтік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау операторларының қызметі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнама қолданысының аясына кірмейді, коммерциялық емес қызмет бойынша кірістерге және салық салынуға жататын кірістерге жатқызылған шығыстардың бөлек есебі жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізілмейді.

  7. Қаржылай қолдау операторларының шоттарында тұрақты қалдықтардың қалыптасуына әкеп соқтырған сапасыз жоспарлау және едәуір көлемде банктік сыйақылар алу республикалық және Ұлттық қор қаражатын өзге де басымды бағыттарға түзетуге болатын мақсаттарға аударуға әкеп соқтырған.


Ұсынымдар

  1. Бағдарламалық құжаттарды әзірлеу, нысаналы индикаторлар мен іс-шаралардың сандық көрсеткіштерінің аралық мәндерін айқындау сапасы арттырылсын.

  2. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асырудың соңғы жылында оларға өзгерістер енгізуге тыйым салу белгіленсін. Бағдарламалар аяқталғаннан не болмаса күшін жоюға қойылғаннан кейін олардың іске асырылу тиімділігіне міндетті түрде бағалау жүргізілу енгізілсін.

  3. Қазақстан Республикасында өндіргіш күштерді орналастыру сұлбасын, соның ішінде мемлекеттік және салалық бағдарламалардың индикаторларымен, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамымен, сондай-ақ Өндіргіш күштерді орналастыру сұлбасымен үндестірілген болжамды негізде қалыптастыру мәселесі қаралсын.

  4. Республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету шаралары шеңберінде қызметтер көрсету бойынша баға белгілеу саясаты әзірленсін және бекітілсін.

  5. Барлық бюджет қаражатын алушылардың бюджет қаражаты есебінен кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізу, сондай-ақ үкіметтік бағдарламаларды қаржылай және қаржылай емес қолдау операторларының қаражатын Қазынашылық органдарына орналастыру бойынша талаптар белгіленсін.

  6. Бюджет қаражатын алушылар, қаржылай емес қолдау операторлары және қаржы агенттері тарапынан бюджет қаражатын және мемлекет активтерін тиімсіз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауаптылық, сондай-ақ орташа тізімдік саны 100 адамнан асатын коммерциялық емес ұйымдарда бас бухгалтер лауазымына кәсіби бухгалтерді тағайындау жөніндегі талапты енгізу көзделсін.

  7. Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін қалыптастыру кезінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық өзара іс-қимылы енгізілсін.

  8. «Жіберіп алынған пайда» және «келтірілген залал» ұғымдарын енгізу және оларды айқындау әдістерін енгізу, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау функцияларының бюджет қаражатын алушылардың қызметіне, сондай-ақ түпкілікті орындаушыларға толық көлемде таралу мәселесі қаралсын.

  9. Жануарлар мен өсімдіктерден алынатын импорт өнімдерін тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингпен қамтуды ұлғайту бойынша шаралар қабылдасын.

  10. Энзоотикалық ауруларға зерттеу жүргізу жөніндегі жұмыстар белсендірілсін.

  11. Биоқауіпсіздіктің 3 деңгейі бойынша ветеринариялық препараттарға тіркеу сынақтарын және апробацияны жүргізу үшін жағдайлар жасалсын, сондай-ақ микроорганизмдердің штаммдарын депондау жөніндегі функция бекітілсін.

  12. «Тұқым шаруашылығы туралы», «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» заңдардағы және Азаматтық кодекстегі Қазақстан Республикасының аумағында ұсынылған және жол берілген (патенті бар) селекциялық жетістіктерді (сорттар, гибридтер) пайдалану бөлігіндегі сәйкессіздіктер жойылсын.

  13. Салық заңнамасына сәйкес салық салудан босатылатын кірістер және салық салуға жататын кірістер бойынша жалпыға бірдей тәртіппен бөлек бухгалтерлік есепті жүзеге асыру қағидалары әзірленсін.

  14. Инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде дебиторлық берешектер болған кезде аванс беру шектелсін (дайындаудың технологиялық мерзімі 1 жылдан асатын күрделі жабдықты сатып алуға аванс беруді қоспағанда).


«Агробизнес-2020»,_«Бизнестің_жол_картасы_2020»_бағдарламаларының_іске_асырылу_тиімділігіне'>«Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларының іске асырылу тиімділігіне, Оңтүстік Қазақстан облысына және Астана қаласына бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалу барысы туралы (ҚР Президентінің көмекшісі Ә. Смайыловтың 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №4450-1 тапсырмасына)


  1. «Агробизнес-2020» бағдарламасының іске асырылу тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелері бойынша Үкіметке және мемлекеттік органдарға 3 ұсыным және 21 тапсырма берілді, оның бюджет және өзге де заңнама талаптарын бұзуға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарауға қатысты 2 тапсырмасы орындалды.

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы және Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің 7 лауазымды адамы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Басқа тапсырмалар бойынша орындау мерзімдері келген жоқ.

2. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырылуына жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 22 ұсыным және 61 тапсырма берілді.

Мерзімдері келгендері бойынша 17 тапсырма орындалды, оның ішінде:



  1. 11 тапсырманы іске асыру үшін 11 лауазымды адам тәртіптік жауаптылыққа тартылды (ҰЭМ, Алматы қаласы және ОҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармалары, ОҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Астана қаласының энергетика басқармасы, «ФФПСХ» АҚ-ның филиалдары (ОҚО, БҚО, ШҚО, Жамбыл), «Даму» Қоры» АҚ-ның ОҚО бойынша филиалы).

Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында ҰЭМ жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ету, Бірыңғай бағдарлама құралдарын жетілдіру, шығыстарды жоспарлау тиімділігін арттыру, мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл тетігін тиімді құру, құрылымдық бөлімшелер жауаптылығының аражігін ажырату шаралары бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.

2) Алматы қаласы әкімінің 2016 жылғы 29 қарашадағы №101-ө өкімімен Бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қабылдау және оны одан әрі пайдалану нұсқаулығы бекітілді.

3) Мемлекеттік аудит жүргізу кезінде анықталған қаржылық бұзушылықтарды жою мақсатында «Даму» қоры» АҚ бюджетке 329 720 теңгені қайтарған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 1 954,2 теңге мөлшеріндегі игерілмеген қаражаты жергілікті атқарушы органдарға қайтарылған.

4) «Бизнес ОҚО» Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында «Корпорация «Headwayincorporated» ЖШС, «Балабақша «Самал-3», ЖШС, «TS Development Shymkent» ЖШС-ны субсидиялаудың орындылығы мәселелері қарастырылды.

5) Жамбыл облысының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 24 жобасын одан әрі субсидиялаудың және кепілдендірудің орындылығы мәселесін «Даму» қоры» АҚ Өңірлік үйлестіру кеңесінде қарау үшін әкімдікке енгізді.

6) ОҚО Төлеби ауданындағы «Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің инженерлік-коммуникациялық желілері құрылысы» объектісі бойынша жалпы сомасы 169,2 млн. теңгенің жабдығын 2016 жылғы 16 ақпандағы сақтау шартымен «Эристайл Қазақстан» ЖШС жауапты сақтауға қабылдаған.

7) Айналым-сальдо ведомосіне сәйкес аяқталмаған құрылыс объектілері нұсқамада көрсетілген 1 979,8 млн. теңге мөлшеріндегі соманы қоса алғанда, жалпы сомасы 3 707,7 млн. теңгеге 2411-шотта ескерілген.

3. Оңтүстік Қазақстан облысына бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша 8 тапсырма берілді. Аталған тапсырмалар бойынша орындау мерзімдері келген жоқ.



4. Астана қаласының мемлекеттік мекемелері және ұйымдарының бюджет қаражатын пайдалануына бірлесіп жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша 11 ұсыным және 26 тапсырма берілді, олардың орындау мерзімдері келген жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет