Әлемдегі ерекше кітап дүкендері және кітапқА



Pdf көрінісі
Дата14.10.2018
өлшемі141.3 Kb.
#87383

ӘЛЕМДЕГІ ЕРЕКШЕ КІТАП 

ДҮКЕНДЕРІ ЖӘНЕ  КІТАПҚА 

АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШТЕР

Иманбекова Клара Жұмағалиқызы

Ғылыми-библиография бөлімшесінің басшысы


Кітап - қымбат дүние, баға жетпес байлық. Кітап - ақылшы, кітап -

тәлімгер, кітап - сарқылмас қазына, кітап - таңғажайыптарға толы алтын

сандық. Кітап – адамгершіліктің

қайнар


көзі, адамзаттың

рухани


құндылығы, өмір айнасы, тарих шежіресі, өнер-білім бұлағы, оқу-тәрбие

құралы. Қазақ халқы кітапты киелі, қасиетті зат деп бағалаған. Әлемнің

өркениетті елдері кітапқа деген

көзқарасын ұрпақтарға аманат ретінде

қалдырып отырған.


Әлемнің қай жерінде болмасын, қай кезеңде болмасын, кітап оқу, кітап

жинау сәннен қалмақ емес. Сонымен бірге, кітап сүйер қауым өзге елге

барғанда немесе жаңа жерлерді аралағанда ерекше кітап дүкендерін, кітап

ескерткішін, кітап бейнелі нәрсе көрсе, таңғалып, тамсанып, қызығушылық

танытып, жанына суретке түсуге асық болады. Адамзаттың шеберлігінің

арқасында не бір әдемі дүкендер, және кітапқа арналған таңқаларлық

ескерткіштер жасалған.Осыған орай,

әлемдегі ең ерекше кітап дүкендері

мен кітапқа арналған ең ерекше ескерткіштерді тамашалайық.


1."Livraria Lello“ Португалия. Порту қаласы. Әлемдегі ең әдемі, ең ескі кітап 

дүкендерінің біріне жатады. Дүкен 1881 жылы шағын кітап дүкені болып 

ашылған, ал 1919 жылдан бастап бұл кітап дүкені Португалияның ұлттық кітап

дүкеніне айналды. Мына суреттегі дүкен ғимаратының сыртқы келбетінің өзі

ерекше сәнмен жасалғаны көрініп тұр.


Дүкеннің жоспарын жасаған Франциско Ксавьер Эстевес есімді архитектор 

осы құрылысты ерекше әсем қылып ойластырған. Оның интерьері қымбат

ағаштан оюлап, шебер жасалған, 1906 жылы құрылыс толығымен аяқталып, 

пайдалануға беріледі.  Мына суретте кітап дүкенінің ерекше  әсем, 2 қабатқа 

көтерілетін   қызыл  баспалдақтары. 


Қызыл баспалдақтар мен арнайы бөренелерден тұрғызылған қабырғалар және

витражды әйнектер, өрнектеліп салынған ағаш оюлары - осының бәрі сіздің

назарыңызды аудартпай қоймайды. Таңғалмаған күннің өзінде тағылымды

ордадағы талайдың қолы жетпей жүрген кітаптардың өзі неге тұрады.



Дүкеннің 2 –ші 

қабатына


көтерілетін ағаш

баспалдақтары

әсемдігімен көз

тартып, 


келушілерді өзінің

ерекшелігімен

қызықтырады. Елге

келуші туристер

осы дүкенді көруге

арнайы ат басын

бұрып, бұл

дүкеннің әсемдігін

тамсана тамашалап

кетеді.


Мына суреттегі

оюлап жасалған

орталық қызыл

баспалдақтармен

дүкеннің екінші

қабатына көтеріліп, 

сол жердегі шағын

кофеханадан дүкенге

келушілер кофе ішіп, 

дем алып, дүкеннің

әсемдігін

тамашалап, іздеген

кітаптарын асықпай

қарап, уақытын

жақсы өткізеді.


Дүкеннің төбесі витражды шыныдан жасалып, онда « Lello» монограммасы

және «Decus in Labore»,  яғни «Бар мағына еңбекте» деген девиз жазылған. 

Туристер бұл әсем монограмманы оқып, суретке түсіріп, таңданыстарын

жасырмайды.



Мына суреттерде дүкендегі кітаптардың орналасуы, жалпы көз

тартарлық ішкі бай интерьері бейнеленген. Витражды әйнектер, қымбат

ағаштан жасалған стеллаждар бәрі көз тартарлық әсемдікпен жасалған.


Бұл ескі кітап дүкені дүниежүзіндегі ең әдемі әрі ерекше кітап дүкендерінің

қатарына жатады. Осы дүкенде атақты «Гарри Поттер» киносының көптеген

көріністері,  әсіресе Хогвартс кітапханасы көрінісі осында түсірілген екен, өйткені

дүкеннің ескі интерьері ғажайып ертегі ғимараттарын елестетеді



Дүкеннің алдында адамдар әрқашан кезекте тұрады. Дүкенге кірмес бұрын дүкеннің

қасындағы дүңгіршектен 3 евро төлеп арнайы билет сатып алады. Егер дүкеннен кітап

сатып алған жағдайда, әлгі 3 евро кітаптың бағасынан алынып тасталады. Міне мұнда

осындай тәртіп қалыптасқан екен.  Әрине, осындай әсем кітап дүкені Португалияның

ұлттық жәдігерлерінің

қатарына жатқызылған .



2. Маастрих кітап дүкені

. Нидерландының Маастрихт қаласындағы 1294 

жылы салынған доминикан шіркеуін  кітап дүкеніне айналдырған.  Шіркеу 

интерьері готика стилінде архитектуралық шешіммен жақсы үйлесім беріп тұр. 

Шіркеудің төбесіндегі ХІІІ ғасырда салынған суреттер әлі күнге дейін сақталған.


Дүкенге  келген туристер ХІІІ ғасырдағы зәулім шіркеу ғимаратын тамашалай жүріп, 

кітап дүкенінен керек кітаптарын да ала алады. Мынау шіркеу ғимаратының ішінде 

ораласқан  сөрелердегі кітаптар үйлесіммен жинақталып, үш қабатты сөрелерде 

орналасқан. Залдың бос жерлерінің бәрінде  кітаптар   ұзын столдарда, сөрелерде 

орналасқан.


Суретте көріп отырғандарыңыздай шіркеу ғимаратындағы кітап дүкенінде ас ішіп, 

тамақтанып алуға да болады. Бұл жердегі шағын кафеде жүрек жалғауға жарайтын ас 

мәзірі жеткілікті.  Дүкен интерьері ескі ғасыр ғимараты болғандықтан келушілер 

өздерін сол ХІІІ ғасырда жүргендей сезінетіні сөзсіз.



3. Shakespeare and Company, Париж, Франция. Бастапқыда Shakespeare and Company атты

кітап дүкені 1919 жылы ашылған болатын.Бұл дүкенге кезінде Эзра Паунд, Эрнест Хемингуэй, 

Джеймс Джойс, Анре Жид, Анаис Нин, Бернард Шоу, Гертруда Стайн , Поль Валерии сияқты

белгілі жазушылар келіп тұрған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде дүкен жабылып қалады, 

алайда 1951 жылы кәсіпкер Джордж Уитмен  жаңа кітап дүкенін ашады да 1964 жылы бұл

дүкенге бұрынғы кітап дүкенінің атын береді, содан бері дүкен Shakespeare and Company  деп 

аталады.Мынау дүкеннің  кіре беріс алды.


Дүкендегі кітаптардың көптігі сондай, екінші қабатқа көтерілетін баспалдақтарды да кітап 

сөресі қылып жасап қойған. Бірақ кітаптар  қалай болса солай үйіліп жатқан жоқ, өзінің 

белгілі бір жүйесі бойынша орналасқан. Әр тақырыптағы кітаптарды дүкен сатушылары 

мүдірмей-ақ тауып бере алады.



Дүкеннің бір ерекшелігі, үшінші қабатында тұрақты кітап құмарларға, яғни

жас ақындар мен жазушыларға арнап демалатын орын - төсек жабдықталған. 

Дүкен ресми түрде белгілі уақытқа, әрине кітап оқимын деген адамдарға осында

қонып қалуға рұқсат етеді екен. Керек кітабын оқи жатып, кейбір адамдар

уақыттың өткенін байқамай осында қонып қалады екен.


Кітап дүкенінің алдынан ешқашан адам кетпейді. Кітап құмар қауым да, елге 

келген туристер де бұл ескі кітап дүкеніне бас сұқпай кетпейді.  Дүкеннен алған 

кітаптарын көшеде, дүкеннің алдында отырып оқи береді. Бұл әлемдегі атақты, ескі 

кітап дүкендерінің бірі болып саналады. 2019 жылы бұл дүкен өзінің 100 жылдық

мерейтойын атап өтпекші.


4. Le Bal des Ardents

, Лион қаласы, Франция. Бұл кітап  дүкені Лион 

қаласының орталығында ораласқан, Францияның  ерекше кітап дүкендерінің бірі 

болып саналады. Бұл дүкен аса үлкен емес, бірақ кіре беріс есігін кітаптардан

қалап арка пішіндес етіп жасағандықтан ерекше есте қаларлық дүкен. Мына

суреттегі арка пішіндес кітаптардан қаланған есік дүкенге келушілердің

қызығушылығын тудырады. Осы ерекшелігімен есте қалады.


Мына суретте осы дүкеннің ішкі көрінісі.  бұл дүкенде үлкен кітап дүкендерінде

кездеспейтін өнер, поэзия, көркем әдебиет туралы кітаптар және ескі

кинофильмдер табылады . 


5. El Ateneo Grand Splendid

, Буэнос- Айрес қаласы, Аргентина. Бұл кітап 

дүкенінің ерекшелігі  дүкен  бұрынғы  театр ғимаратының  ішінде  орналасқан. 

Мынау дүкеннің сыртқы келбеті.

.


Бұрын  театрдың амфитеатрында 1050 адам сиятын болса, қазір 120 мың кітап 

орналасқан. Амфитеатрдағы жоғарғы  қабатқа эскалатормен немесе 

баспалдақтармен көтеріліп, керекті кітаптарды сол жерден таңдап алуға болады. 

Дүкеннің ішінде тура театрдағы сияқты шамдар жарқырап жарық беріп тұрады.



Театр сахнасын шағын кафеге айналдырған. Онда дүкенге келген адамдар 

тамақтанып, дем алып отырады. Ал кешке сол сахнада пианист концерт қойып 

тұрады.  Бір сөзбен айтқанда бұл әрі кітап дүкені әрі концерттік салон ретінде 

ойластырылған. Бұл дүкен сонысымен де ерекшеленіп отыр. Залдың ортасында 

жоғары көтерілетін эскалатор да  ұтымды ойластырылған.  


Мына суретте кітап дүкенінің сахнамен бірге тамаша үйлесім беріп тұрғаны 

көрсетілген. Осындай әсем ерекшелігімен бұл дүкен Аргентинаның ұлттық 

мақтанышына айналған. Буэнос-Айреске  келген туристер бұл дүкенді көрмей 

кетпейді.



6. John W. Doull кітап дүкені, Дартмут, Канада. Бұл дүкенде кітаптардан

дөңгелек терезелер жасап интерьерге өзгеше өзгеріс жасаған. Дүкен сонысымен

қызықты,  әрі ерекше.


7. Kid’s Republic

,  Пекин, Қытай. Бұл Қытайдың архитектуралық бюросының

жобасы бойынша арнайы балаларға арнап салынған кітап дүкені. Бұл дүкеннің

ерекшелігі балаларға арналған арнайы дөңгелек зоналары бар. Онда балалар

ойнап, не болмаса кітап оқып уақыттарын қызықты өткізеді.


Мына суретте дүкеннің ішіндегі  арнайы ойын зоналары көрсетілген. Әр түрлі 

жастағы балалар дүкеннің ішінде әрі ойнап, мұнда ойыншықтар да бар, әрі қызықты 

кітап таңдап алуға мүмкіндік жасалған. Бұл дүкен осы жағынан қызықты әрі 

ерекше.


8. Lutyens & Rubinstein, Лондон, Англия. 

Лондондағы бірнеше кітап дүкендері сияқты бұл дүкен ішінде тегін болса да,     

Wi-Fi- қосылуына және келушілердің смартфон қолдануына тиым салынған. Себебі

кітап сатушылар адамдар кітапты таңдап жүргенде телефон қоңырауы, телефонмен

сөйлесу басқа адамдарға бөгет жасайды және адамдар Интернет көмегінсіз кітапты

өзінің жеке таңдауымен таңдап алуы керек деген пікірді ұстанады. Бұл кітап

дүкенінің ерекшелігі осы. Ал интерьеріне келетін болсақ, дүкен заманауи үлгімен

жасалған.



9. «Поющий ветер» -«Ән шырқайтын жел» кітап дүкені, АҚШ.Аризона штаты.

Дүкен иесі Уинифред Банди 40 жылдан бері жұмыс істеп келеді. «Ән шырқайтын жел» 

дүкенінің басқалардан ерекшелігі, ол айдаладағы ферма жанында орналасқан екен (ең

жақын қалаға дейін шамамен 6,5 километр). Бірақ кітап сүйер қауым осы жерден де керекті

кітаптарын алып тұрады екен. Бұл да бір ерекше кітап дүкені.


10. The Last Bookstore, Лос-Анджелес, АҚШ. Дүкен иелері өнерлі суретшілер 

мен шеберлерді дүкенді безендіруге  шақырып, дүкен ішін ерекше әдемі  

безендірген. Интерьер ескі стильдегі заттарды  заманауи интерьерге үйлестіріп 

жасайтын стимпанк стилінде жасалған. Мысалы залдағы алып мамонттың 

басының бейнесі келушілерді өте  қызықтырады.


11. Ler Devagar, Лиссабон, Португалия. Бұл да бір қызықты кітап дүкені.Бұл

дүкеннің ішінде ұшатын мотоцикл бейнесі ілінген, ал кітап сөрелері кітаптардың

көптігінен төбеге тиіп тұрады. Бұл дүкен де ерекше кітап дүкендеріне жатады. 

Суретте төбеге дейін жиналған кітап сөрелерін көріге болады.



12. Livraria da Vila, Сан-Паулу, Бразилия

Бұл дүкеннің ішінде кітаптар еденнен  

төбеге дейін жасалған сөрелерде орналасқан,  ерекше дизайнмен жасалған. Тіпті 

кіретін есіктің өзі кітап сөресі  түрінде жасалған. Кітап сөрелерінің ұзындығы 1280 

метр.  Дүкеннің атауы  “деревня/ауыл” деп аударылады. Бірақ бұл дүкен 

Бразилиядағы  үлкен мәдениет ошақтарының бірі болып саналады.Дүкенде кітап 

алумен бірге кофе ішіп, деп алып, Интернетті пайдалануға болады. Мынау дүкен 

интерьерінен бір көрініс.


13. Cook & Book, Брюссель, Бельгия. Бұл – Брюссельдеге дүкен-ресторан.  Дүкен

2006 жылы ашылған. Дүкенге 3 млн. доллар жұмсалған. Алайда бұл шығынның

орнын дүкен иелері ресторандар арқылы жауып отыр.Бұл дүкеннің ішінде кітаптар

сөрелерден басқа төбеге жабыстырылып қызық орналасқан,  кітап іздеген адам

төбеден де іздеген кітабын таба алады

.


Сонымен бірге бұл дүкеннің ерекшелігі - интерьерде кәдімгі автомобиль 

орналасқан, ол дүкенге келушілердің, әсіресе балалардың қызығушылығын

тудырады., туристер де бұл дүкенді арнайы іздеп келеді.


Бұл үлкен дүкеннің 9 залы бар. Бірнеше залдарында кәдімгі ресторандар 

ораласқан. Дүкенге келушілер рестораннан дәм татып, керекті кітаптарын 

асықпай аралап ала алады.


Мына залдағы ресторанда отырғандар кітаптарды төбеден асықпай көріп, таңдап 

отыруға мүмкіншілік бар.



Дүкеннің ауласында жазда балалар ойнайтын алаңдар жасалған, және жаз кезінде 

ашық ауада кинофильмдер көрсетіледі. Бір сөзбен айтқанда бұл дүкен 

Бельгияның тұтынушыларға барлық жағдай жасалған бетке ұстар дүкендерінің 

бірі.


14. The Bookworm, «Кітапқұмар» дүкені, Пекин, Қытай. Бұл дүкен де 

Бельгиядағы кітап дүкені сияқты көп функциялы рестораны, виски-бары, 

кітапханасы бар үлкен кітап дүкені. Бұл дүкенде әр түрлі концерттер өтіп тұрады, ал 

жыл сайын наурыз айында әдебиет фестивалі өткізіледі.Интерьерінің ерекшелігі

ауада қалқып тұрғандай әсер беретін аспалы шамдармен безендірілген.

«Кітапқұмардың» ерекшелігі, кітапхана ішінде кітап оқуға да, ішіңіз пысса билеп, 

ән айтсаңыз да болады. Кейде кітапханада жоспарланбаған ән кештері де кенеттен

ұйымдастырылып кетеді екен.



15. Libreria Acqua Alta, Венеция, Италия. Бұл дүкеннің атының  аудармасы 

“үлкен су”, дүкеннің бір залында  іші кітапқа толы кәдімгі гондола қайық, 

Венецияның символы ретінде  дүкенге қойылған. 


Бұл дүкеннің қызық ерекшелігі дүкеннің бір залында каналдағы суға шығатын 

есік орналасқан. Адамдар сол есіктен қайыққа отырып шығып жүре береді. Бұл 

ерекшелік туристерді өте қызықтырады, сол себепті дүкен әрқашан келушілерге  

толы, қанша айтқанмен бұл қаланың өзі де ерекше емес пе, Венецияның аты 

Венеция.  Және бір ерекшелігі бұл дүкенде көптеген тілдердегі әсіресе славян 

тілдеріндегі кітаптар көп сатылады.



16. The Bertrand Bookstore , Лиссабон, Португалия. Бұл дүниежүзіндегі ең 

көне кітап дүкені болып  есептеледі. Ол 1732 жылы ашылған. 1755 жылғы 

жойқын жер сілкінісінде алғашқы ғимараты қирап қалғанына қарамастан бұл 

кітап дүкені Португалиядағы ең ірі кітап дүкені қатарына жатады.



Бертранд кітап дүкені екі дүниежүзілік соғысты, Салазардың фашистік тәртібі

мен цензураны басынан өткізген дүкен, оған куә мына суреттегі ескі стеллаждар

Бұл стеллаждар сонау 1755 жылы қайта жаңартылғаннан бері дүкенде тұрған

стеллаждар. Сондықтан Лиссабонға бара қалған туристер бұл кітап дүкеніне

соқпай кетпейді.


17. El Péndulo кітап-кафесі , Мехико, Мексика. Бұл бір жағынан кітап дүкені

екінші жағынан кафе. Дүкенге келушілер кафеде кофелерін іше отырып, кітап

парақтап отыруға арналған. Дүкеннің іші өсімдіктермен әдемі безендірілген. 

Дүкеннің ішкі ауласында және аумақты балкондарда ағаштар мен гүлдер көптеп

өсірілген.

6. Shakespeare and CO, Париж, Франция


КІТАПҚА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШТЕР

Назарларыңызға ұсынылған  кітап дүкендері өз  

ерекшеліктерімен қызығушылық тудырады. Сіздер 

тамашалаған кітап дүкендері арқылы сол елдің кітапқа деген 

көзқарасын айқын көруге болады. Енді сіздерге әлемдегі 

кітапқа арналған ескерткіштерді тамашалауды ұсынамын

.


АҚШ, Нью-Йорк 

қаласындағы

кітапқа арналған

темірден жасалған

ескерткіш. 

Байқасаңыздар үш

кітапты ортасынан

белдікпен буып қойған

сияқты көрініс береді, 

бұл ескерткіш 

сонысымен де ерекше

қызықтырады

Кітаптар сәл болмаса 



жерге құлап 

кететіндей көрінеді 

екен.


АҚШ. Огайо 

штатындағы 

Кошоктон  қаласының

Көпшілік 

кітапханасының 

алдында кітаптардың 

үстінде кітап оқып 

отырған жас 

оқырманды бейнелейтін 

ескерткіш. Бұл 

ескерткіш кітапхананың 

100 жылдығына 

арналып, кітапхананың  

әр жылын  бір кітапқа 

балап жасалған керемет 

ескерткіш. Бұл 

ескерткіш 2004 жылы 

жасалған.



Испания. Барселона 

қаласындағы “Кітапқа 

ескерткіш” деп 

аталатын бұл 

ескерткіш 1994 жылы 

орнатылған. Кітап 

“Чаша знания” деген 

мағынаны меңзеп,

“Білім кубогының” 

ішінде орналасқан.



Германия. Берлин. Бебель

атындағы


алаң.

Бұл


ескерткіш немістердің ұлы

кітаптарына арналған және

алғашқы

кітап


баспа

станогын


ойлап

тапқан


өнертапқыш

Иоганн


Гутенберге арналған биіктігі

20 метр, салмағы 35 тонна

кітап

ескерткіші.



Бұл

ескерткіш

17

кітапты


бейнелейді,

оның


ішінде

Гете, Гейне, Мартин Лютер,

Гегель,

Кант,


ағайынды

Гримдер,


Карл

Маркс,


Лессинг,

Анна


Зегерс,

Генрих Бель, Генрих және

Томас Манн, Брехт және

басқа


Германияның атын

шығарған


ұлы

авторларының

кітаптарын

бейнелейді. Бұл ескерткіш

2006 жылы қойылған.


Польша. Леска қаласы. 

2008 жылы қоладан  

құйылған  бұл ескерткіш 

Польшадағы бірінші 

кітапқа арналған 

ескерткіш болып 

табылады. Кітапты 

қастерлеп жоғары көтеріп 

тұрған қолдар арқылы 

кітаптың да адам 

өміріндегі ерекше орны 

және салмағы бар екенін, 

кітапты бағалап, әрқашан 

да жоғары санау 

керектігін көрсететін 

ескерткіш.



Азия елдерінде де кітапқа арналған ескерткіштер көптеп кездеседі. Азия 

мемлекеттері де кітапқа деген құрметтерін әр түрлі кітап ескерткіштері арқылы 

білдірген. Мына суреттеге ашық жатқан кітапты бейнелейтін кітап ескерткіші 

Қытайдың Сиань қаласында  қойылған.



Мына суретте Қытайдың Синьхуа қаласындағы кітап дүкенінің алдына

қойылған саты құсап қисық жиналған кітаптарды бейнелейтін кітап ескеркіші



Мына суретте 

Түркияның Кемер 

қаласындағы 

Натурленд қонақ 

үйінің  ауласына 

қойылған  ашық 

кітап бейнесіндегі 

ескерткіш.Кітаптың 

ашық бетіне жасыл 

шөп өсірілген. 

Кітаптың қасында 

қалам мен сия сауыт 

бейнесі қоса 

қойылған. Туристер 

осы ескерткіштің 

қасында міндетті 

түрде суретке түсу 

қалыптасқан.



Араб елдеріндегі 

Оман мемлекетінде  

кітапқа деген 

ерекше ілтипат 

мына ескерткіш 

арқылы көрініс 

тапқан. Мұсылман 

елінде 7 саны киелі 

саналатындықтан 

бірінің үстіне бірі 

қойылған кітаптар 

саны да 7.



Біріккен Араб 

Әмірлігінің 

Шарджа 

қаласының 



орталық алаңында 

күллі мұсылман-

дардың қасиетті 

кітабы Құранға 

арналған ерекше 

ескерткіш 

бар.Кітаптың  

ашық беттеріндегі 

арабша жазулары 

алтын сияқты, күн 

сәулесі түскенде 

ерекше 


жалтылдап 

көрінеді.



Шет елдердегі сияқты Ресейде де кітапқа құрметпен қарап, Ресейдің бірқатар 

қалаларында кітапқа ескерткіштер  көптеп кездеседі. Мысалы Новокузнецк, Барнаул, 

Ульяновск, Астрахань, Светлогорск т.б.  қалаларда өте әдемі кітап ескерткіштері бар. 

Солардың ең  ерекшелерін тамашалап көрейік.

Ресей. Мәскеу

облысы. Остафьево

усадьбасы.

Мына суреттегі 

ескерткіш 1911 жылы 

жасалған. Бұл кітап 

ескерткіші атақты 

орыс жазушысы 

Н.М.Карамзиннің  7 

томдық “История 

Государства  

Российского” деп 

аталатын еңбегіне  

арналған екен. 

Ескерткішті граф  

С.Д.Шереметьев 

жасатқан екен.


Ресей. Югра. Когалым 

қаласы. Бұл қоладан 

құйылған кітап 

ескерткішін атақты 

мүсінші Зураб Церетели 

Когалым қаласының 

мұнайшыларына және 

Лукойл  компаниясының 

10 жылдығына арнап 

жасаған. Ескерткіштің 

жанына барған адам  ескі 

орыс кітаптарының 

аттарын оқи алады. 

Мысалы , “Повесть 

временных лет”, “Слово 

о полку Игореве”, 

“Русская правда” т.б.  

Ескі славян кітаптарына 

арналып жасалған бұл 

ескерткіш қаланың 

көркін келтіріп тұр.


Ресей. Таганрог 

қаласы. Бұл

ескерткіш

қаланың А.П. 

Чехов атындағы

орталық көпшілік

кітапханасының

алдына қоладан

жасалып, 2010 

жылы қойылған. 

Бірінің үстіне бірі

қойылған


кітаптарға

кішкентай қыз

қолын созып

қызығушылықпен

қарап тұрған

бейнені көруге

болады. 


Ресей. Санкт-Петербург.

Бұл ашық жатқан кітап 

түріндегі ескерткіш 

Ресейдің Санкт-Петерург 

қаласында, Нева өзенінің 

жағалауында Санкт-

Петербург мемлекеттік 

университетінің жанында 

орналасқан. Бұл 

граниттен жасалған 

ескерткіш  2002 жылы 

қаланың 300 жылды-ғына 

арналып қойылған. Ашық 

кітап бетінде Орыс 

ақыны А.С.Пушкиннің 

“Медный всадник” 

поэмасының: 

“Люблю тебя, Петра 

творенье,

Люблю твой строгий, 

стройный вид…», деп

жалғасып кететін

жолдары қашалып 

жазылған. 



Қазақстан. Алматы 

қаласы. 1996 жылы 

қойылған Тәуелсіздік 

монументі. Стелланың

төменгі бөлігінің

алдыңғы


жағында Конституция 

кітабына арналған

Президенттің қолының  

таңбасы салынған 

“Армандар кітабы” 

атты кітап ескерткіші

қойылған. Кітаптың

үстінде Конституцияға

салатын алақан

орналасқан. Дәстүр

бойынша қала

тұрғындары мен 

қонақтары Президент 

алақанының ізін өз

қолымен ұстап, асыл

армандарын ойлап

тілек тілейді.


Кітапқа арналған ескерткіштердің ішінде ой салатын, 

ойландыратын ескерткіштер бар, ал кейде еріксіз езу 

тартқызатын  көңілді ескерткіштер де кездеседі.

Мына кітаптар 

үстінде отырған 

көзінде үлкен 

көзілдірігі  бар 

вундеркинд бала 

бейнесі Кореяда 

жасалған. Неғұрлым 

кітапты көп оқысаң, 

соғұрлым білімді, 

ақылды боласың, 

көп білесің деген 

мағынада жасалған. 

Сол себепті 

“вундеркинд”,  яғни 

аудармасы “ғажайып 

бала” кітап үстінде 

бейнеленген

.


АҚШ. Небраска 

штаты. 


Линкольн 

қаласы.


Кітапты тең 

көтеріп тұрған 

велосипедтің 

үстіндегі кітаптар 

ескерткіші.  Бұл 

АҚШ Президенті 

А.Линкольннің 

велосипеді деп 

аталады. 


Ресей. Санкт-Петербург 

мемлекеттік

университеті ауласы.

Жиналған кітаптардың 

үстінде  тақтың үстінде 

отырғандай, қолында 

Сент-Экзюперидің  

“Кішкентай ханзада”-

”Маленький принц” 

шығармасын ашып қалың 

ойға беріліп кеткен 

шындық іздеуші, пәлсапа  

айтушы, Шут 

(Сайқымазақ) бейнесі 

арқылы жасалған кітап 

ескерткіші. Анықтап 

қараған адам кітаптардың 

арасында  Кішкентай 

ханзаданың бейнесін көре 

алады.


Кітап  формасындағы фонтандар, яғни субұрқақтар жасау да адамдарға ұнайды 

екен. Ендешеәлемдегі  сондай бірнеше  қызықты кітап-субұрқақтарды  

тамашалайық

Италия. Бұл субұрқағы 



Рим қаласында орналасқан 

“Кітап  субұрқағы “ деп 

аталады. Мұнда су ішуге 

болады. Кітап субұрқағы

Сант-Иво алла Сапиенца

католиктер храмының

қасында орналасқан,  1927 

жылы  архитектор Пьетро 

Ломбарди  ақ мрамордан 

орнатқан.  Кітаптардан төмен  

Сант Эустакио ауданының 

символы -бұғының басы 

орналасқан – және  

композицияның жоғарғы 

жағында Рим империясы 

заманындағы «SPQR» девизі, 

яғни «Римнің Сенаты мен  

азаматтары мәңгілік қаланың

негізгі атрибуттары»  деген

символ қашалып жазылған. 



Австрия. Инсбрук 

қаласы. 


Мына шағын 

субұрқақ 

Австрияның 

Инсбрук қаласында 

орналасқан. Суға 

батқан кітаптардың 

бейнесі 

салынғандықтан

қалжың ретінде бұл 

ескерткішті 

“Кітапханашының 

қорқынышы” деп 

атайды, себебі суға 

малынған 

кітаптарды көрген 

кітапханашы қандай 

сезімде болатыны 

белгілі.


АҚШ. Огайо штаты   

Цинцинатти қаласы.

Субұрқақ қалалық

көпшілік кітапханасы-

ның қасында

орналасқан.1982 жылы

Амелия Валерио

Вайнберг деген ауқатты

әйел өзінің бар 

байлығын осы 

кітапхана қорына

аударған екен. 

Субұрқақты 1990 жылы

Майкл Фраска деген

архитектор Амелия

Вайнбергтің құрметіне

жасаған. Бұл субұрқақта

күйдірілген қыштан

кітаптың теріден

жасалған мұқабасынан

айнымайтын барлығы

20 кітап бейнеленген



АҚШ. Теннеси штаты. 

Чаттануга қаласы. 

Бұл кітап 

формасындағы 

субұрқақ  

кітапхананың алдында 

орналасқан, “Томдар” 

деп аталады. 

Субұрқақтың авторы 

Джим Коллинз. 

Салмағы 1 тонна 

болатын бұл өнер 

туындысы 2001 жылы 

кітапхананың 200 

жылдығына орай  

таттанбайтын  

темірден жасалған 

заманауи ескерткіш. 

Байқап қарасаңыздар 

бұл ескерткіште 

кітаптармен қатар 

электрондық дискі де

қатар қойылған.


Австрия, Тульн. 

Бұл кітап

формасындағы

субұрқақтың аты

«Песня о 

Нибелунгах».  

Австрия халқының

«Песня о 

Нибелунгах» атты

атақты эпосының

құрметіне әсем

жасалған субұрқақ

және эпос 

кейіпкерлерінің

скульптуралары

өзінше бір әсем

композиция болып

көрінеді.



Венгрия. 

Будапешт. 

“Ашылған 

кітап” деп 

аталатын бұл 

субұрқақ 

мрамордан 

жасалған, әр 

секунд сайын 

кітаптың 

ортасынан 

көтерілген су 

кітаптың әр 

бетін парақтап 

тұрған сияқты 

көрінеді.



Түркия. Стамбул. 

Гюльхане 

ауданы.

Ашылған кітап 



формасында 

қызыл мрамордан  

жасалған бұл 

субұрқақ 

Будапешттегі 

сияқты кітаптың 

ортасынан 

көтерілген су 

кітаптың әр бетін 

парақтап тұрған 

сияқты. Бір 

айырмашылығы 

кітаптың 

беттерінде түрік 

тілінде мәтін

жазылған.



Ресей. Астрахань 

қаласы. 


Бұл кітап-

субұрқақ  

Астрахань 

облысы Білім 

және ғылым 

министрлігінің 

ғимаратының 

алдында 


орналасқан. 

Кітаптың бетінде 

ескі славян 

алфавитінің 

әріптері 

көрсетілген.Кітап

тың ортасынан 

сылдырап су ағып 

тұрады.


Ресей. Перьм облысы. 

Губаха қаласы.

Қаланың орталық алаңында 

ашық кітап-субұрқақ 

ескерткіші жасалған. Бұл 

Губаха қаласының 75 

жылдығына орай,  қалалық 

әкімшіліктің көмегімен 2016 

жылы қойылған. Қаланың 

негізгі тарихи оқиғалары 

жазылған ашық кітап 

формасында  жасалған кітап 

бетінде Губаха қалалық 

округінің басшысы 

А.Борисовтың қол қойылған 

жазуы бейнеленген. 

Темірден соғылып жасалған 

кітаптың ортасында 

көтеріліп ағып тұратын 

субұрқақ қаладағы әзірше 

жалғыз субұрқақ, сол себепті 

қала тұрғындары мен 

қонақтарының  

қызығушылығын тудырады.


Украина. Черкассы 

қаласы.


Черкассы қаласында 

бірнеше субұрқақтар 

бар Соның ішінде 

кітап субұрқағы да 

бар екен. Мына 

суретте мрамордан 

жасалған ашық кітап 

формасындағы 

субұрқақ.

Кітаптың ашық 

беттерінде украин 

тілінде мәтін 

жазылған.Бұл да қала 

көркіне өзінше 

ерекшелік беріп 

тұрған 


ескерткіштердің бірі.

Сіздер адамзаттың ерекше бағалайтын дүниесі  - кітапқа 

арналған әлемдегі ең ерекше, ең тартымды, ең  қызығарлық 

кітап дүкендері мен  адамзаттың шебер қолымен жасалған 

әсем де таңқаларлық кітапқа арналған ескерткіштерді   

тамашаладыңыздар. Зейін қойып көріп, тыңдағандарыңызға  

көп рахмет!

Материалдар ИНТЕРНЕТ  жүйесінен теріп алынды. 

Орыс тілінен аударған К.Иманбекова



.

Каталог: files
files -> 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
files -> Қыс ең зақымданатын жыл мезгілі. Бірақ жаралану, сынық, тоңазу, үсіп қалу біздің қысқы тұрмыстың міндетті салдары емес
files -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
files -> Тема: Детский травматизм. Травма мягких тканей лица и органов рта у детей. Особенности первичной хирургической обработки ран лица. Показания к госпитализации ребенка
files -> Тематичний план практичних занять


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет