Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларына 18-қосымша Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт



Дата11.04.2018
өлшемі131.07 Kb.
#67737

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ





Электрондық мемлекеттік сатып

алуды жүргізу қағидаларына

18-қосымша
Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт
< Сәйкестендірме нөмірі > < шарттың карточкасы нөмірі>

<Тапсырыс беруші аймағы > № <Шарт нөмірі> <шарт күні>

Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын, <Тапсырыс берушінің толық атауы>, атынан «Тапсырыс беруші негізі» әрекет ететін «Тапсырыс беруші лауазымы» бір тараптан және екінші тараптан бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталынатын «Өнім берушінің толық атауы» атынан Жарғы негізінде әрекет ететін «Өнім беруші лауазымы», бұдан әрі «Тараптар» деп аталынатындар 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) және № «қорытынды нөмірі», «қорытынды күні», жылы электронды тәсілмен мемлекеттік сатып алу «сатып алу тәсілі» қорытындысын бекіту туралы шешім негізінде «Тауарларды мемлекеттік сатып алу» туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:


1. Шарттың мәні

1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шарттың қосымшаларына сәйкес тауарларды (бұдан әрі - Тауар) жеткізуге, ал Тапсырыс беруші Тауарларды осы Шарт талаптарына сәйкес қабылдауға және төлем жасауға міндеттенеді.

2. Төмендегі санамаланған құжаттар және оларда айтылған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтсақ:

1) осы Шарт;

2) сатып алынатын тауарлар тізімі (1-қосымша);

3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).


2. Шарттың құны және ақы төлеу шарттары

3. Шарттың жалпы сомасы «Шарт сомасы» (сомасы жазбаша түрде) теңгені құрайды және Тауарды жеткізумен байланысты барлық шығындарды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған барлық салықтар мен алымдарды «оның ішінде ҚҚС/ҚҚС-сыз» (бұдан әрі – Шарт сомасы) қамтиды.

4. Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт бюджеттік бағдарлама «бағдарлама», «бағдарлама асты, ерекшелік, шарт сомасы ҚҚС-сыз, (сома ҚҚС-сыз жазбаша түрде), ҚҚС ерекшелігі, шарт сомасындағы ҚҚС сомасы», («шарт сомасындағы ҚҚС сомасы жазбаша түрде»)1бойынша тіркелуі тиіс.

5. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін, 1-қосымшаға сәйкес көлемде аванстық төлем жасайды.

Тапсырыс беруші қалған соманы, Өнім берушінің Тауарды жеткізуі бойынша ақшаны аудару «төлем жасау шарты» және Тауарды тапсыру-қабылдау актісіне Тараптардың қол қоюы жолымен, бұдан бұрынғы төлем жасалынған авансты пропорционалды ұстап қала отырып төлейді2.

6. Тапсырыс беруші соманы, Өнім берушінің Тауарды жеткізуі үшін ақшаны аудару «төлем жасау шарты» және Тауарды тапсыру-қабылдау актісіне Тараптардың қол қоюы жолымен төлейді3.

Жеткізілген Тауарды тапсыру-қабылдау актісі үлгісі Өнім беруші Тапсырыс берушімен алдын-ала келісіледі.

7. Жеткізілетін Тауарлар мөлшері сандық және құндық көріністе Шартқа 1-қосымшада айтылған.

8. Төлем жасауға қажетті құжаттар:

1) «Қазынашылықтың аумақтық органында тіркелген/қол қойылған» Шарт;

2) Тауарды тапсыру-қабылдау актісі;

3) Өнім беруші Тапсырыс берушіге ұсынған төлем жасау шоты.




3. Тараптардың міндеттері

9. Өнім беруші міндеттеледі:

1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттердің толық және тиісінше орындалуын қамтамасыз етуді;

2) егер Заңның 8-бабының 8-тармағына сәйкес Өнім берушімен шарттың орындалуын қамтамасыз ету енгізілмеген жағдайда, Шарт жасау күнінен бастап он жұмыс күннің ішінде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді Шарттың 3-тармағында белгіленген Шарт сомасынан <3 пайыз және пайыздағы аванс мөлшері мөлшерінде енгізу қажет, ол <қамтамасыз ету сомасы> (<қамтамасыз ету сомасы жазбаша>) келесі түрде құрайды:

банк шотына кепілденген ақша жарнасын: <банк атауы>-да қала бойынша <қала>, БСК <БСК> № <Тапсырыс берушінің кепілденген жарнасына арналған _депозитті> немесе:

Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларына 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдігін;4

3) Шарт бойынша өз міндеттерін атқару кезінде Тауарлардың Шарттың бөлінбес бөлігі болып табылатын Шартқа 2-қосымшада (техникалық ерекшелік) көрсетілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуді;

4) Тауарларды түпкілікті арналған пунктіне тасымалдау кезінде олардың бұзылудан немесе бүлінуден сақтай алатын орауышын қамтамасыз етуді. Орауыш қандай да бір шектеусіз қарқынды жүктеу-тасымалдау өңдеуі мен экстремалды температуралардың әсерлерге, тасымалдау кезінде тұздар мен жауын-шашынға, сонымен бірге ашық түрде сақтауға төзе алатын болуы қажет. Оралған жәшіктер мен олардың салмақтарының габариттерін анықтағанда, Тауарлар тасымалының барлық тармақтарында жеткізудің соңғы пунктінің алыстығын және қуатты жүккөтергіш құралдарының бар болуын ескеруді;

5) Шарттың талаптарын орындау үшін Өнім берушімен жұмылдырылған ұжымды санамағанда, Тапсырыс берушімен немесе оның атынан басқа тұлғалармен ұсынылған техникалық құжаттаманың мазмұны Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімісіз ашылмауын. Көрсетілген ақпарат осы ұжымға құпия ретінде және міндеттерді орындау үшін қажетті мөлшерде ғана ұсынуды;

6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімісіз Шартты іске асыру мақсатынан басқа, жоғарыда көрсетілген қандай да бір құжаттар мен ақпаратты пайдаланбауды;

7) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттердің орындалу барысы жайлы ақпарат ұсынуды;

8) Өнім берушімен Шарттың тиісті емес орындалуымен және/немесе басқа заңға қайшы әрекеттермен тудырылған залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуді;



10. Тапсырыс беруші міндеттеледі:

1) Өнім берушінің мамандарына Тауарларды жеткізу үшін рұқсат етуге;

2) Шарт талаптарына сәйкес жеткізілген Тауарларды қабылдауға және төлеуге;



________________________



1Осы тармақ тек мемлекеттік мекемелер-тапсырыс берушілеріне ғана арналған

2Осы тармақ келесі талаптарды орындағанда көрінеді: 1) баға ұсынымдарын сұрау тәсілінен бөлек барлық сатып алу тәсілдерінде; 2) негізінде шарт жасалынатын, аванс көрсетілетін жылдық жоспар тармағы

Осы тармақ, егер негізінде шарт жасалатын жылдық жоспар тармағында аванс көрсетілмеген жағдайда көрінеді


4. Тауарлардың техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру

11. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері жеткізілген Тауарлардың техникалық ерекшелікте (Шарттың 2-қосымшасы) көрсетілген талаптарға сәйкестілік затына бақылау мен тексеруді өткізуге құқылы. Сонда осы тексерістер бойынша барлық шығындарды Өнім беруші өтейді. Тапсырыс беруші жазбаша түрде және уақытылы Өнім берушіге осы мақсаттарға анықталған өз өкілдері жайлы хабарлауы тиіс.

12. Берілген Шарт шегінде жеткізілетін Тауарлар техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы қажет.

13. Егер Шарт орындау кезінде Өнім беруші Тауарларды уақытында жеткізуге кедергі жасайтын жағдайларға кез келген уақытта тап болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге баяулатпай кідіру фактісі, оның ұзақтығы мен себептері туралы жазбаша хабарландыру жіберуі керек. Өнім берушіден хабарландыру алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды бағалауы қажет және өз қалауынша, Шарттың Өнім берушімен орындау мерзімін ұзартуы мүмкін, ондай жағдайда мұндай ұзарту екі жақпен Шарт мәтініне түзету енгізу жолымен бекітілуі қажет.

14. Егер тексеріс кезінде жеткізілген Тауарлардың нәтижелері техникалық ерекшеліктің (Шарттың 2-қосымшасы) талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, Өнім беруші, Тапсырыс беруші жағынан еш қосымша шығынсыз, техникалық ерекшелік талаптарына сәйкессіздіктерді жою бойынша шараларды тексеріс сәтінен ішінде қолданады.

15. Тауарлардың техникалық ерекшелікке сәйкестілігін тексеру Өнім беруші немесе қосалқы мердігер(лер) аумағында, жеткізу орнында және (немесе) Тауарлардың соңғы арналым пунктінде өткізілуі мүмкін. Егер олар Өнім беруші немесе оның қосалқы мердігер(лер) аумағында өткізілетін болса, Тапсырыс беруші инспекторларына, Тапсырыс беруші жағынан еш қосымша шығынсыз, барлық қажетті құралдар ұсынылып, сызбалар мен өндірістік ақпараттарға рұқсат берілумен бірге көмек көрсетіледі.

16. Жоғарыда көрсетілген ешбір тармақ Өнім берушіні Шарт бойынша басқа міндеттерден босатпайды.____________________

3.1-тармақтың берілген тармақшасы баға ұсыныстарын сұрату тәсілінен басқа, барлық сатып алу тәсілдері үшін суреттеледі.
5. Тауарларды жеткізуді және құжаттама

17. Өнім берушімен Тауарлардың жеткізілімі Шарттың бөлінбес бөлігі болып табылатын, Шарттың 1-қосымшасында көрсетілген мерзім ішінде жүзеге асырылады.

18. Жеткізілген Тауарлардың есебі үшін Өнім беруші келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

1) Тауарлардың қабылдау-тапсыру актісі екі данада;

2) жеткізілген Тауарлардың жалпы сомасы, бірлігінің бағасы мен мөлшері көрсетілген шот-фактура;

3) жүкқұжат;



19. Тауарға деген меншік құқығы Өнім берушіден Тапсырыс берушіге <Тараптармен Тауардың қабылдау-тапсыру актісіне қол қою сәтінен бастап> ауысады.

20. Тауардың кездейсоқ жойылу немесе бұзылу қаупі Өнім берушіден Тапсырыс берушіге <Тараптармен Тауардың қабылдау-тапсыру актісіне қол қою сәтінен бастап> ауысады.
6. Кепілдік

21. Өнім беруші Тапсырыс беруші талаптарына сәйкес жеткізілген Тауарлардың сапасына кепілдік береді.

22. Өнім беруші Шарт шегінде жеткізілетін Тауарлар жаңа, пайдаланбаған, Шартпен басқасы ескерілмесе, материалдардың барлық соңғы түрлендірулерін көрсететін ең жаңа немесе сериялы үлгі болып табылатынына кепілдік береді.

23. Тапсырыс беруші берілген кепілдікке байланысты барлық шағымдары туралы Өнім берушіге жазбаша түрде жедел хабарлауы міндетті, одан кейін Өнім беруші, осыған байланысты барлық шығындармен бірге, ақаулықтарды жою бойынша шараларды Тапсырыс беруші хабарламасында көрсеткен мерзім ішінде қолдануы қажет.

24. Егер Өнім беруші, хабарламаны алып, ақаулықтарды жою бойынша шараларды уақытылы қолданбаған жағдайда, Тапсырыс беруші Шарт бойынша Өнім берушіге қатысты өзінің басқа құқықтарына нұқсан келтірмей, қажетті ықпалшаралар мен ақаулықтарды жою бойынша шараларды Өнім беруші есебінен қолдануға құқылы.
7. Тараптардың жауапкершілігі

25. Өнім беруші тарапынан Тауарлар жеткізілімінің Шартпен орнатылған мерзімдерінің бұзылуы жағдайында Тапсырыс беруші Шарт бойынша өз міндеттерінің орындалуын тоқтатуға құқылы.

26. Форс-мажорлық жағдайларды есептемегенде, Өнім берушінің тарапынан Шарт бойынша Тауарды жеткізу немесе кемшіліктерін жою бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына залал келтірмей Шарттың шеңберінде мерзімі кешіктірілген әр күн үшін өнім беруші міндеттемені орындамаған жағдайда шарттың сомасынан 0,1 (нөл бүтін бір) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіреді немесе мерзімі кешіктірілген әр күн үшін тиісті түрде орындалмаған міндеттеменің сомасына 0,1 (нөл бүтін бір) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіреді.

27. Айып төлемді төлеу Өнім берушіні Шарт бойынша міндеттерін орындаудан босатпайды.

28. Секвестр кейбiр жайларды ескермегенде және/немесе тиiстi бюджеттердi қолма қол бақылау шотында ақшаларды жеткiлiксiз егер тапсырысшы шарт көрсетiлген мерзiмдерде қаражаттың оғанына причитающиесяның мердiгер/орындаушы төлемесе, бiрде тапсырысшы мерзiм өткiзу қосындының причитающейсясы өлшемде ұсталған төлемдер бойымен (өсiмақыны ) тұрақсыздық айыбын мердiгер/орындаушы (нөл бүтiн бiр) 0, 1% әр күнде төлейдi.

29. Егер кез келген өзгеріс Шарт бойынша Тауарларды жеткізу үшін Өнім берушіге қажетті мерзімдер мен құндардың азаюына әкелетін болса, Шарт бағасы немесе жеткізу кестесі, немесе екеуі де сәйкесінше түзетіледі, ал Шартқа сәйкес түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің түзету өткізу үшін барлық сұранымдары оның Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкімді алған күнінен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.

30. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімісіз берілген Шарт бойынша өз міндеттерін біреуге толығымен де емес, бөлшектеп те емес тапсыруға тиісті емес.

31. Өнім беруші берілген Шарт шегінде жасасқан барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынуы қажет. Қосалқы мердігерлердің бар болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

32. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша өнім берушінің өз міндеттемелерін орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
8. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу шарттары

33. Шарт <оны Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылығының аумақтық бөлімшесінде тіркеуден кейін/қол қойылған күнінен бастап> өз күшіне енеді және <жыл> жылының 31 желтоқсанына/берілген Шарт бойынша Тараптардың өз міндеттерін толық орындауына> дейін қолданылады.

34. Келесi оқиғалар олардыңның көбеюiнiң бөлiкте жұмыс iстеулердi ұзақтықтың мерзiмдерi өзгерiске әкелiп соғады:

1) аванс төлемдi бөгеледi;

35. Өнім беруші банкрот немесе төлемге қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші Өнім берушіге сәйкес жазбаша хабарлама жіберіп, кез келген уақытта біржақты тәртіпте Шарт талаптарын орындаудан бас тарта алады. Бұл жағдайда Шарт талаптарын орындаудан бас тарту жедел іске асырылады, және егер бұл нұқсан келтірмесе немесе әрекет етуге не Тапсырыс берушіге тағылған немесе кейін тағылатын ықпалшараларды қолдануға қандай да бір құқықтарды қозғамаған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржы міндеттерін атқармайды.

36. Тапсырыс беруші Өнім берушіге сәйкес жазбаша хабарлама жіберіп, Шарт орындаудың жөнсіздігіне себепті кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шарт талаптарын орындаудан бас тарту себебі, сонымен қатар Шарттың бұзылу күшіне ену күні көрсетілуі тиіс.

37. Шарт жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзылуға байланысты бұзылу күніне шынайы шығындар үшін ғана төлемді талап ете алады.

38. Шарт талаптарын бұзу үшін қандай да бір ықпалшарттарына нұқсан келтірмей, Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жіберіп, берілген Шартты толық немесе бөлшектеп бұза алады:

1) егер Өнім беруші Тауарларды Шартпен белгіленген мерзімде немесе Тапсырыс берушімен ұсынылған, берілген Шарттың ұзару кезеңі ішінде жеткізе алмаса;

2) егер Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттерін атқара алмаса.

39. Мемлекеттік сатып алу туралы Шарт Заңның 6-бабымен қарастырылған шектеулердің бұзылуы анықталған жағдайда, сонымен бірге мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысымен Өнім берушіге Заңмен қарастырылмаған көмек көрсетуі жағдайында кез келген кезеңінде бұзылуы мүмкін.

40. Шарт тараптардың келісімімен бұзылуы мүмкін.


9. Форс-мажор

41. Тараптар Шарт талаптарының орындалмауына жауапкершілік көтермейді, егер ол форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесі болып табылса.

42. Өнім беруші Шарт орындалуының өз қамтамасыз етуінен айырылмайды және айып төлем өтеу үшін немесе Шарт талаптарын орындамау себебінен оны бұзу үшін жауапты болмайды, егер Шарт орындау бойынша кідіріс форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесі болып табылса.

43. Шарт мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптар бақылауымен биленбейтін және күтпеген мінезге ие оқиғаны білдіреді. Ондай оқиғалар келесілерді қамти алады, бірақ тек олар ғана емес: соғыс қимылдары, табиғи немесе стихиялық апаттар және басқалар.

44. Форс-мажорлық жағдайлардың пайда болуы кезінде Өнім беруші Тапсырыс берушіге ондай жағдайлар мен себептері туралы жазбаша хабарламаны жедел жіберуі тиіс. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдайларға байланысты емес, Шартты орындаудың баламалы әдістерін іздейді.
10. Даулы мәселелерді шешу

45. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді тікелей келіссөз жүргізу барысында шешу үшін барлық күштерін салулары тиіс.

46. Егер осындай келіссөз басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша мәселені шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселенің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуін талап ете алады.
11. Хабарлама

47. Шартқа сәйкес бір жақ екінші жаққа жіберген кез келген хабарлама келесіде түпнұсқасын ұсынумен, хат, телеграмма, телекс немесе факс арқылы жіберіледі.

48. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күнінен (хабарламада көрсетілсе) бастап, осы екі мерзімнің қайсысы кеш келетініне байланысты өз күшіне енеді.
12. Өзге шарттар

49. Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кедендік заңнамасына сәйкес төленуге жатады.

50. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар тек олар жазбаша нұсқада және Тараптардың осыған өкілетті өкілдері қол қойған және олардың мөрлерімен бекітілген жағдайда ғана шынайы деп танылады.

51. Мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан Шартқа өзгерістерді сапаның өзгеруісіз және өнім беруші таңдауының негізгі басқа жағдайларында енгізуге рұқсат етіледі:

1) жеткізілетін Тауарлар көлемінде қажеттіліктің ұлғаюы немесе азаюымен байланысқан Шарт сомасының ұлғаюы немесе азаюы бөлігінде, Шартта белгіленген Тауарлар бірлігі үшін бағаның өзгермеу шарты орындалса;

2) егер Өнім беруші онымен жасасқан Шартты орындау барысында Тауарлар бірлігі үшін бағаның өзгермеу шартында, одан гөрі сапалы және (немесе) техникалық мінездемелер не Тауарларды жеткізу мерзімдері және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайында;

3) Тараптардың өзара келісушілігі бойынша Тауарлар үшін бағаның төмендеуі және сәйкесінше Шарт сомасының төмендеу бөлігінде;

4) Тауар жеткiзiлiмi туралы шарт атқару мерзiмi өзгерiстiң бiр бөлiгiнде жеткiзушi жағдайда қойылатын тауарды тауар өндiрушiнi болып көрiнедi. Ауарлар мемлекеттiк сатып алулар туралы мұндай шарттың тұтқынын өзгерiс он жұмыс күндерi жеткiзушi аспайтын уақыт мәлiмдемесi бойымен ағымдағы қаржылық жыл шегiнде рұқсат етiледi.

52. Тараптардың біреуімен Шарт бойынша міндеттерін тапсыру тек басқа Жақтың жазбаша рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

53. Шарт бірдей заңды күшіне ие қазақ және орыс тілінде екі нұсқада құрастырылған, әр Жақ үшін бір нұсқадан.

54. Шартпен реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сүйенеді.


Тапсырыс беруші:
< Тапсырыс берушінің толық атауы>
< Тапсырыс берушінің нақты толық мекенжайы>

Тапсырыс берушінің БСН <БСН>


Тапсырыс берушінің БСН<БСН >
Тапсырыс берушінің ЖСК<ЖСК>
<Банктің атауы>
Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны >
<Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ (бар болғанда)>

Өнім беруші:
<Өнім берушінің толық атауы>
<Өнім берушінің нақты толық мекенжайы>

Өнім берушінің БСН/ЖСН/ТЕН


Өнім берушінің БСН>
Өнім берушінің ЖСК>
<Банктің атауы>
Тел.: <Өнім берушінің телефоны>
<Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ (бар болғанда) >



ҚазҰТЗУ 604-18 Ү. Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт




Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет