Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқылдардың химиялық қасиеттері. Мақсаты: Білімділігі



Дата08.04.2019
өлшемі27.8 Kb.
#102605
Сабақтың тақырыбы:  Электролиттік диссоциациялану теориясы

тұрғысынан қышқылдардың химиялық қасиеттері.

Мақсаты:  Білімділігі: электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқылдардың қасиеттері туралы оқушыларға білім беру және тереңдету; оқушылардың иондық реакция теңдеуін құру дағдысын жетілдіру.

Дамытушылық: Электролиттік диссоциация теориясы арқылы заттардың қасиеттері туралы түсініктерін дамыту. Әртүрлі класс заттарының генетикалық туыстығы туралы түсінікті иондық деңгейде әрі қарай дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, ой еңбегіне баулу, шығармашылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап, логикалық – шығармашылық жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: Периодтық кесте, ерігіштік кестесі, электронды оқулық, виртуалды зертхана,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа келмеген оқушыларды анықтау, сабаққа даярлығын тексеру, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөлу.

І топ-Электролит

ІІ топ Бейэлектролит

ІІІ топ Катион

ІҮ топ Анион

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

І топ: 4,5 - жаттығу 43 -44 беттер
а) H
2SO4 мен BaCl2
H2SO4+BaCl2 =BaSO4+ 2HCl

2H+ +SO42- +Ba2++ Cl- = BaSO4+2H++ Cl-

Ba2++ SO42-= BaSO4

ә) НCl мен AgNO3
HCl+3AgNO3= AgCl+HNO3

H+ +Cl- + 3Ag++3NO3- = AgCl+ H++3NO3-

Ag++Cl-=AgCl

ІІ топ:

б) K2CO3 пен CaCl2

K2CO3+CaCl2=2KCl+CaCO3

2K++ CO32-+ Ca2++2Cl-=2K++2Cl-+ CaCO3

Ca2+ +CO32-= CaCO3



в) FeSO4 пен NaOH

FeSO4 + 2 NaOH= Fe(OH)2+ Na2SO4

Fe2++ SO42-+ 2Na++ 2OH- = Fe(OH)2+ 2Na+ +SO42-

Fe2++ 2OH- = Fe(OH)2



ІІІ топ:

г) K2SO4 пен Ba(NO3)2

K2SO4 +Ba(NO3)2=2KNO3+ BaSO4

2K+ + SO42- + Ba2+ + 2NO3- = 2K+ + 2NO3- + BaSO4

Ba2++ SO42- = BaSO4



a) мыс сульфаты мен натрий гидроксиді;

СuSO4+2 NaOH= Cu(OH)2+ Na2SO4

Cu2++ SO42-+ 2Na++ 2OH- = Cu(OH)2+ 2Na+ +SO42-

Cu2++2OH- = Cu(OH)2



ІҮ топ

б) натрий карбонаты мен кальций хлориді;

Na2CO3+ CaCl2= 2NaCl+CaCO3

2Na ++ CO32-+ Ca2++2Cl-=2Na++2Cl-+ CaCO3

Ca2+ + CO32- = CaCO3



ә) мырыш гидроксиді мен азот қышқылы

Zn(OH)2+2HNO3=Zn(NO3)2+ 2H2O

Zn(OH)2+2H+ + 2NO3- = Zn2++2NO3- + 2H2O

Zn(OH)2+2H+= Zn2++2H2O



Реакция теңдеулерін молекулалық, толық, қысқартылған иондық реакция түрінде жазыңыз.

ІІІ.Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру

Миға шабуыл. Постер құру

1.Электролиттер

2. қышқылдар

3.негіздер

4.тұздар



IVОқушыларды сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру

V. Жаңа сабақ өту:Күнделікті өмірде қолданып жүрген азық түліктердің көбінің қышқыл дәмі болады. Оларға қышқыл дәм беретін заттар қышқылдар деп аталады. Мысалы: лимонға қышқыл дәмді – лимон қышқылы, ал алмаға – алма қышқылы, ашыған сүтке — сүт қышқылы береді. Қышқылдар дегеніміз – металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутектің бір немесе бірнеше атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар. Қышқылдардың жалпы формуласы НnА,

А – қышқыл қалдығы.Қышқылдар ( электролиттік диссоциация көзқарасы тұрғысынан) электролиттер, судағы ерітіндіде сутек катионына ( Н) және қышқыл қалдығы анионына диссоциацияланады.

Қышқыл ерітінділерінде лакмус пен метилоранж қызыл түске боялады. Себебі кез келген қышқыл диссоциацияланғанда гидраттанған сутек катиондарын түзеді. Олар лакмус пен метилоранждың түсін қызартып, қышқылдарға қышқыл дәм береді. Мысалы:

НСІ+ H2O →Н3O+СІ

НСІ →Н - СІ

Қышқылдардың ортақ химиялық қасиеттері

1. Сутекке дейін орналасқан белсендірек металдармен әрекеттеседі

Zn+H2SO4=ZnSO4+H2

Zn+H2++ SO42- =Zn2++ SO42- +H2

Zn+2H+- =Zn2++ H2



2. Метал оксидтерімен әрекеттеседі

2HCl +CuO=CuCl2+H2O

2H+ +2Cl-+CuO= Cu2++2Cl-+ H2O

2H+ + CuO= Cu2++ H2O



3. Еритін негіздермен әрекеттеседі

NaOH + HCl = NaCl + H2O

Na++OH-+H++Cl-= Na++ Cl-+ H2O

OH-+H+= H2O



4. Ерімейтін негіздермен әрекеттеседі

Cu(OH)2+ H2SO4= CuSO4+ 2H2O

Cu(OH)2+2H+ +SO4= Cu2++ SO42-+ H2O

Cu(OH)2+2H= Cu2++ H2O



5. Тұздармен әрекеттеседі.

Na2CO3+ H2SO4=Na2SO4+CO2+ H2O

2Na++ CO32-+2H+ +SO42- =2Na++ SO42-+ CO2+ H2O

CO32-+2H+= CO2+ H2O


BaCl2+ H2SO4=BaSO4+ 2HCl

Ba2++ 2Cl-+2H+ +SO42- = BaSO4+2H++ Cl-

Ba2++ SO42-= BaSO4

ҮI. Алған білімді бекіту. Топтарға тапсырмалыр беріледі

1.Томендегі реакция теңдеулерін теңесіріп, толық иондық, қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.

І –топ


2К+Н2 SO4→ К2 SO4 + Н2

2К+2Н+ + SO42-=2K++ SO42+2H

2К+2Н+ -=2K++2H

ІІ –топ


2НСІ+ К2 CO3→ 2КСІ+Н2 О +СО2

++ СІ- + 2К+ + CO32- → 2К++ СІ-2 О +СО2

+ + CO32- → Н2 О +СО2
ІІІ – топ

КОН+НNO3→ КNO3 + Н2O

К++ ОН-++ NO3→ К++ NO3- + Н2 O

ОН- + Н+→ Н2 O


IV-топ

K2O+2HCl=2KCl+H2 O

K2O+2H++2Cl- = 2K+ + 2Cl- +H2 O

K2O+2H+ = 2K+ + H2 O



2.Төменде келтірілгендер реакция нәтижесінде қандай қосылыстар түзеді?Осы реакция теңдеулері арқылы қышқылдардың қасиеттері туралы қорытынды жасаңыз.

Zn + HCI→ … + H2↑ а) NaCI

CuO + H2SO4→ … + H2O ә) ZnCI2

NaOH + HCI→ … + 2H2O б) CuSO4

ZnCI2 + H2SO4→ … + 2HCI в) ZnSO4
Zn + 2HCI→ ZnCI2 + H2

CuO + H2SO4→ CuSO4 + H2O

NaOH + HCI→ NaCI + 2H2O

ZnCI2 + H2SO4→ ZnSO4 + 2HCI



ҮІІ. Үйге тапсырма. §10. 9-10-жаттығулар.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет