«Электроэнергиясын үнемдеу» тақырыбында сынып сағаты



Дата12.07.2017
өлшемі172 Kb.
«Электроэнергиясын үнемдеу» тақырыбында сынып сағаты
Мұғалім:

Бүгінде Қазақстан ғана емес, бүкіл дүниежүзі табиғи менералды ресурстарды мейлінше үнемдеп пайдалануға қатты көңіл бөліп отыр.

Еліміздің қазіргі қарқынды экономикалық дамуы, күнделікті тұрмыста энергия тұтынудың жаппай өсуі, сонымен қатар, тұтынушылар тарапынан ысырапшылдықтың орын алуы – соңғы кезде энергияны үнемдеу мәселесін мемлекеттік деңгейге қоюға алып келді. Электр және жылу энергиясын, ауыз суды тұтынудың өсімінен туындаған мәселені тек мемлекет шешуі керек деп қарауға болмайды. Оның үстіне энергия өндіретін кәсіпорындарды жаңадан салу қомақты материалдық шығындармен қатар уақыт шығынын да қажет ететінін ескеруіміз қажет.

Міне сондықтан да, әрбір азамат, барлық мемлекеттік және коммерциялық құрылымдар энергияны үнемдеудегі жауапкершілікті түсініп, оған өз үлестерін қосуы тиіс, бұл еліміздің экономикасын тиімді дамытуға және азаматтардың тұрмысын жақсартуға әсерін тигізеді. Өйткені, электр, жылу және су құбырлары желісін тұтынушылардың өздері пайдаланады.

Мамандардың айтуынша біздің елімізде энергия ресурстарын пайдалану тиімділігі бүгінгі күні 30 пайыздан аспайды, яғни, тұтынылатын энергияның үштен екісін ысыраппен пайдаланып отырмыз деген сөз.

Қазіргі уақытта дүние жүзінің барлық өнеркәсібі дамыған елдерінде энергияны үнемдеу мәселелері жоғары қарқынмен шешілу үстінде. Соңғы ширек ғасырдың ішінде энергия үнемдейтін мақсатты саясатты іске асыру есебінен осы Евпорпалық дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің энергияны пайдалану көрсеткішін 30 пайызға дейін азайтуға қол жеткізілді.

Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында электр қуатын үнемдеуге ерекше назар аударатын кездің келгенін айтып өтті. Энергияның тапшылығы экономикалық өсімді тежейтін факторлардың бірі болуы ықтимал. Қазақстан Республикасы Үкіметі мемлекеттік бағдарламалар қабылдап, энергия үнемдеуші технологияларды енгізу, электр энергиясының сараланған тарифтерін енгізу, энергия таратушылардың тұтыну және есепке алу жүйесін дамыту бағытында заңнамалық актілер қабылданды. Әрине, мемлекет еліміздің энергиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Отандық өнеркәсіптің қалыпты жұмыс жасауын, еліміздің индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаралар алатыны, жаңа электр қуатын өндіретін станциялар салуға басымдылық беретіні сөзсіз. Дегенмен бұның барлығы, қомақты қаражатты, жылу, атом электр станцияларын салу экологиялық жағдайға әсер ететіні белгілі. Қолда барды үнемдеп пайдалану, ысырапшылдыққа жол бермеу бүгінгі күннің талабы.

Әлемдегі барлық электростанцияларының 2,9 млрд. кВт. сағатан асады екене, ал өндірілетін электро энергиясының қуаты 13 трлн. кВт.•сағатты құрайды, өндірілетін барлық электро энергиясының 3/5 дамыған елдерге тиесілі: 25% — АҚШ, шамамен 2% — Қазақстан, 18 % - Ресей, 7% — Жапония мен Қытай, 4% — Германия және Канада. Әлемде өндірілетін электроэнергиясының 70% қазіргі уақытта Жылу электр станциялары өндіреді, 20% — ГЭС, біршама аз — АЭС және 1% аз — басқа да электростанция түрлерімен, бірақ кейбір елдерде ГЭС (Бразилия — 93%), АЭС (Франция — 77%).

Производство и потребление энергии прямо связано с уровнем технического развития региона и сопровождается разрушительным действием на окружающую среду: океаны загрязняются нефтью, идут кислотные дожди, содержание углекислого газа в атмосфере повышается, озоновый слой атмосферы разрушается. Возможен и еще один аспект: все более широкое строительство АЭС в малых странах в принципе может привести к распространению по всему миру атомного оружия.

Россия пережила энергетический кризис 1973—1974 гг. Сумеем ли мы избежать еще одного?



Выход пока один — экономить энергию!!!

Оқушылардың баянадамасы.

1 оқушы.

Энергия қорларын үнемдеу 21-ғасырдың аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бүгінгі күнде әлемнің өнеркәсібі дамыған барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу мәселелері қарқынды шешілуде. Көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жаңа ЖЭС салуға инвестициялар тарту экологиялық проблемалардың тереңдеуін білдіреді. Қайта жаңаратын жергілікті энергия көздері, әсіресе электр энергиясынан тапшылық көретін аудандар үшін, орталықтандырылған экономикалық баламалы энергия үнемдеу болып табылады. Осыған байланысты, Министрлікте «Қайта жаңаратын энергия көздерін қолдау туралы» Заңының жобасы әзірленді. Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы табиғат ресурстарының орынды пайдаланылуы және қоршаған ортаның ластануы, ескірген және «лас» технологиялардың бақылаусыз енуі, қайта жаңаратын қорлардың тиімсіз пайдаланылуы проблемаларын шешу үшін Қазақстан Республикасының тиімді заңнамалық базасын қалыптастыру мақсаты қойылған Жолдауын іске асыруға бағытталады. Қайта жаңаратын энергия көздерін пайдалану үлесін көбейту, өндірістің энергия сыйымдылығын және оның экологияға әсерін, соның ішінде көшетхана газдарының тасталуын төмендету «Қайта жаңаратын энергия көздерін қолдау туралы» Заңын қабылдаудың мақсаты болып табылады. Қайта жаңаратын энергия көздерін – күн, су, жел, жер энергиясын пайдалану негізінде энергия үнемдеу технологияларын енгізу – энергия үнемдеу жөніндегі іс-шаралардың бірі болып табылады. Компрессор жетегінде пайдаланылатын электр энергиясына қарағанда, жылу энергиясын 3-7 есе артық өндіретін және сондықтан жоғары потенциалды барынша тиімді жылу көздері болып саналатын қондырғылар - жылу-сорғы қондырғылары (бұдан әрі – ЖСҚ) ХХ-ХХІ-ғасырлар аралығында әлемнің жетекші елдерінде кеңінен қолданыс тапқан барынша арзан энергияның дәстүрлі емес көздерінің бірі болып табылады. Жылу сорғылары – шағын үнемді және экологиялық таза жылу жүйелері, олар төмен потенциалды көздерден (су түбінің және артезиан сулары, көлдер, теңіздер, су түбінің жылуы, жер қойнауының жылуы, өнеркәсіптік және тазартылған тұрмыстық ағын сулар, технологиялар циклдардың сулары) жылуды шоғырландыру және оны температурасы барынша жоғары жылутаратушыға тасымалдау есебінен коттедждерді ыстық сумен жабдықтау және жылыту үшін жылу алуға мүмкіндік береді. Әр түрлі жылу қуатының жылу сорғыларын пайдалану жылумен жабдықтау проблемасын принципиалды шешудің жаңа жолдары болып табылады және маусымы мен жұмыс жағдайларына байланысты олардың жұмысында максималды тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. ТМД елдерінде ЖСҚ енгізу бастапқы стадияда тұр, мысалы, Ресейде 200-ден аса ЖСҚ бар, ал басқа елдерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында – олар мүлде аз. Қазақстан Республикасында жылу сорғыларын пайдалану тиімділігі: - климат жағдайы қатаң; - жылына 200-ден 250 күнге дейін жететін жылу беру уақытының ұзақтығына байланысты көптеген басқа дамыған елдерге қарағанда барынша жоғары болады. Өнеркәсіпте жылу сорғыларын пайдалану басымдықтары: • Жылу энергиясының шектелмеген көздерінің болуы, бұл қайта жаңармайтын энергия қорларының (қатты және сұйық отын) үнемделуін білдіреді. • Зиянды қалдықтардың, соның ішінде көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азот оксиді және күлдің атмосфераға тасталуын қысқарту жолымен қоршаған ортаны қорғау. • Тұтынуына қарай жылу сорғылары қуатының кең диапазоны. Төмен потенциалды жылу көздерін пайдаланып, жаңа энергия үнемдеу технологияларын, соның ішінде жылумен жабдықтаудың жылу-сорғы жүйелерін енгізу, мамандардың бағалаулары бойынша: - органикалық отын шығысын 20-25%-ға төмендету, бұл, өз кезегінде, отынның әр түрін жағудың қоршаған ортаға тигізетін әсерін елеулі төмендетуге мүмкіндік береді; - көшетхана әсерін азайтуға, - ел аймақтарында экологиялық ахуалды елеулі жақсартуға мүмкіндік береді. Осы қондырғылардың басымдықтары өте жоғары. Жұмсалған электр энергиясының бір киловаттынан 3-7 киловатт жылу энергиясын аламыз. Мысалы, алаңы 300 шаршы метр ғимаратты жылыту үшін жылу сорғысына өте аз электр энергиясы қажет етіледі, яғни 3,5 киловатт қуат. Жылу-сорғы қондырғыларын қолдану кезінде бірнеше шақырым жылу желілерін төсеу және оларды ұстау мен пайдалануға шығын жұмсау қажеттігі жоқ, бұл ақша қаражаты мен еңбекті үнемдейді. Швециядағы ғимараттардың 50 пайызы жылу сорғыларымен жылытылады. Америкада жыл сайын миллионнан аса жылу сорғылары шығарылады және осындай қондырғыларды пайдалану кезіндегі жағдайлар заңнамада жазылған, мысалы, жылыту үшін органикалық отынды жағуға рұқсат берілмейді. Барлық қайта жаңаратын энергетиканы біріктіру және автономдық экологиялық шағын-станциялар салу дұрыс болар еді. Жел бар болған жағдайда жел энергиясы тұтынылады, жел болмағанда осы уақытта қуат алған аккумуляторлар пайдаланылады. Сонымен қатар артезиан скважинасынан немесе су түбіндегі жылуалмастырғыштан алынған жылу пайдаланылады.

2 оқушы.

Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаруашылықтың барлық салаларында қазіргі уақытта энергетикалық, экологиялық және экономикалық проблемалар кешенін шешетін басым міндеттр болып табылады. Осы міндетті шешпей елдің дамуын ұстау мүмкін емес.

Мемлекет басшысы энергия үнемдеу саласында жалпы ішкі өнімді үнемдеуді 2015 жылға қарай 10%-ға, 2020 жылға қарай 25%-ға төмендету бойынша міндетті алға қойды.

Энергия үнемдеу саясатын жүргізу үшін негіз қолданыстағы нормативтік база болып табылады. ҚР Президенті 2012 жылғы 13 қаңтарда «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» және Кейбір заңнамалық актілерге энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңдарына қол қойды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы №1404 қаулымен «ҚР энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары» бекітілді. Бұл өз кезегінде Заңдар, НҚА және нормативтер арқылы ынталандыру шаралар кешені.

Өнеркәсіп барлық электр энергияның 70% жоғары тұтынатындығын атап өту қажет. Кешенді жоспар шеңберінде олардың 50/50 (50% қаржыландыру – бұл кәсіпорынның меншікті қаражаты, қалған 50% - бұл мемлекеттік бюджет) энергия аудиті жүргізілді. Энергия аудиті қорытындылары бойынша электр энергетиканы қоса алғанда, өнеркәсіптің энергияны қажетсінуін төмендету үшін жүйелік шаралар өңделді.

Энергия ресурстардың көп өндірілмеген шығындарды біз тұрғын үй және бюджеттік секторда көреміз, осыған байланысты өткен жылдан бастап осы сектордағы бюджеттік қаражатқа «Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамытуорталығы» АҚ энергия аудитін жүргізді.

3 оқушы.

Жалпы электр энергиясының 70 %-ы ғимарат, 15 %-ы тамақ, 10 %-техникалық бұйымдар, 5%-ы жарықтандыруға кетеді екен. 2011 жылы 7 қалада автоматтандырылған есептеу санау жүйесі енгізілді.

Ең жоғары көрсеткіш электр энергиясын өндіру. 2011 жылы 86,2 млрд. кВт. сағатына, яғни, 1990 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 4 %-ға өсті. 2011 жыл электр энергиясын тұтыну 2011 жыл 88,1 млрд. кВт.сағат, бұл 2010 жылдан 6% көп. Энергетиканыҗ Қазақстандағы компаниялары: «Маңғыстау атом-энергетикалық комбинаты», «Самрұқ-Энерго», «KEGOC», «Алатау Халық компаниясы», «Алматы Энергосбыт», «Алматы Энерго станциясы», «Ақтөбе ТЭЦ-і», «Астана Энергосбыт», «Атырау жарық», «Уран Энерго». Қазақстанда 70% электр энергиясы көмірден, 14,6 % су қорларынан, 10,6 % газ және 4,9 % мұнайдан өңделеді екен:

1. Жылу энергетикасы Қазақстанға 37 жылу электр станциясы көмірмен жұмыс істейтін Екібастқз, Майтөбе, Торғай, Екібастқздағы ГРЭС-1 қуаты 2250 МВт.

2. Атом энергетикасы қазір жұмысын тоқтатты, 1973-1999 ж.ж. үнемі электр энергиясын өндіріп отырды.

3. Су электр энергиясы – негізгі көзін Іле, Сырдария, Ертістен алады. Ірі ГЭС-тер: Бұқтырма, Шульба, Өскемен, Қапшағай, 10% электр энергиясымен қамтамасыз етеді. 2011 жылы желтоқсанда Мойнақ ГЭС-і , болашақта Бұлақ ГЭС-і, Кербұлақ ГЭС-і іске қосылады.

4. Жел энергетикасы Қазақстанда дамымаған, бірақ Жоңғар қақпасы мен Шілік аумағында желдің орташа жылдамдығы 5-тен 9 м/с. 2011 жылы 8-желтоқсанда Жамбыл облысында тұңғыш жел және электр станциясы Қордайда іске қосылуда, қуаты 1500 кВт .

5. Күн энергетикасы бізде көп емес.



4 оқушы.

Энергия ресурстарыныҗ құны күн санап артып келе жатқан заманда оны

үнемді жұмсауға төселу керектігі айтпаса да түсінікті. Статистика мәліметтеріне

сүйенсек, еліміздегі барлық энергия ресурстарыныҗ 30 %-ы тұрғын-үй

коммуналды шаруашылығына жұмсалады екен. Жылу энергиясыныҗ 40 %, электр

энерггиясыныҗ 10 %, су қорларыныҗ 16 % шығындарды құрайды. Ал, осы энергия

ресурстарыныҗ 30 %-ы біздіҗ үйлерімізден жоғалады. 1960-1980 жылдар

аралығында салынған үйлердіҗ төбелік жабындары салынғалы жөндеу

жұмыстарын көрмеген, жертөлелердіҗ іші суға толған, кейбір пәтерлердіҗ

төбелерінен су ағып, үй іші көгеріп кеткен фактілер жиі кездеседі. Дәліздерде

есік-терезелер сынған, кейбір үйлерде сыртқы есік деген атымен жоқ. Жылумен

жабдықтау жүйелерініҗ қазіргі жай-күйі тқтынушылар алатын энергияны реттеуге

мүмкіндік бермейді. Қазандықтар мен жылу пункттеріндегі жабдықтардыҗ тозығы

жеткен, ққбырлар ескірген. Осындай көріністерден кейін біздіҗ энергия

шығынымыз Европа елдеріне қарағанда неліктен көп деп бас қатырмауға да

болады.


Жылу энергиясыныҗ 40 %, электр энерггиясыныҗ 10 %, су ресурстарыныҗ

16 % шығындарды құрайды. Ал, осы энергия ресурстарыныҗ 30 % біздіҗ

үйлерімізден жоғалады. 1960-1980 жылдар аралығында салынған үйлердіҗ төбелік

жабындары салынғалы жөндеу жұмыстарын көрмеген, жертөлелердіҗ іші суға

толған, кейбір пәтерлердіҗ төбелерінен су ағып, үй іші көгеріп кеткен фактілер

жиі кездеседі. Дәліздерде есік-терезелер сынған, кейбір үйлерде сыртқы есік деген

атымен жоқ. Жылумен жабдықтау жүйелерініҗ қазіргі жай-күйі тқтынушылар

алатын энергияны реттеуге мүмкіндік бермейді. Қазандықтар мен жылу

пункттеріндегі жабдықтардыҗ тозығы жеткен, ққбырлар ескірген. Осындай

көріністерден кейін біздіҗ энергия шығынымыз Еуропа елдеріне қарағанда

неліктен көп деп бас қатырмауға да болады.

Қазіргі таҗда энергия үнемдеу шаралары құрылыстағы нормативтік

ққжаттар талаптарына сай құрылысты жобалау жєне салу кезінде қарастырылады.

Термомодернизация жобасыныҗ құрамына мынадай жұмыстар кіреді: жылу

есептеу құралын орнату, жылу тқтынуды автоматты реттегіш құрылғыларды

орнату, үй қабырғаларындағыныҗ жылу сақтау қабілетін арттыру, инженерлік

жүйелер мен ескі терезелерді ауыстыру.

Айтып өткеніміздей, бқл шаралар көптеген қаражат талап ететіндіктен,

үкімет тарапынан қаржылай көмек болмаса, тұрғын үй иелерініҗ шамасы келе

қоймайды.

Энергия ресурстарын үнемдеп, туған табиғатымыздыҗ сақталуына үлес қосу

үшін аса күрделі техника мен қзақ уақыттыҗ қажеті жоқ. Тек әркім өзініҗ әдеттері

мен дағдыларына есеп бере қараса, энергияны үнемдеудіҗ бірнеше әдіс-тәсілін

көруге болады. Мамандардыҗ айтуынша, энергияны тиімді пайдалана білсек,

тқтынып жүрген энергияныҗ 40 %-ын үнемдеуге болады. Кез келген энергия

үнемдеу шарасыныҗ қайтарымы бар екені белгілі, дегенмен бқл шараларды жеке-дара жасағаннан гөрі кешенді түрде орындаса, энергия үнемдеуге жұмсалған 1

теҗгеніҗ 5 теҗге болып қайтып келетіні сөзсіз (3).

Егер өз-өзімізді электр қуатымен толықтай қамтамасыз ете алатын жағдайға

жетсек, бқл еліміздегі инфрақұрылым секілді басқа да әлеуметтік-экономикалық

мәнге ие көптеген мәселені шешіп берер еді. Осы жағынан алғанда, бқл міндетті

орындау бүгінгі күнніҗ өзекті мәселесі деп білемін. Қалай дегенменде, аталған

мәселеге жаҗа көзқараспен қарау керек. Мысалы, Жапония энергия өндіруге

қажетті шикі заттыҗ 99 %-ын, Франция 96%-ын сырттан сатып алады. Дамыған

елдер ішінде АҚШ-тыҗ тқтынатын энергетикалық ресурсыныҗ 70 % импорт

болса, ал қалған 30 %-ды өзі қамтамасыз етеді. Ал Қазақстан 70 % энергиясын

өзінде өндіріп жатыр. Біз энергияныҗ басым бөлігін іште өндіреміз, тек 30%-ын

көрші Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінен сатып аламыз. Сонда салыстырмалы

түрде біздіҗ өндіретін энергиямыз көп, бірақ басқалардан жағдайымыз нашар

десек болады.

Біз қайтадан өҗдеуші саланы әлі жандыра алмай жатырмыз. Осы ел

экономикасына мықтап тқсау болып отыр. Яғни, энергия көздері – мқнай, көмір

секілді отын түрлерін экспортқа шикізаттай емес, энергия ретінде шығаруымыз

керек. Мысалы, Италияныҗ энергия өндірісі мқнай энергетикасына негізделген.

Еліміздіҗ батысында мқнайхимия, газхимия кешендері құрылысын салуды,

сондай-ақ, өҗірлерді газдандыру саясатын жалғастыру туралы Жолдаудағы

Мемлекет басшысыныҗ Үкімет алдына қойған өзге де тапсырмасы энергия

тапшылығын жою бойынша қозғаған мәселесімен тығыз байланысты деп түсіну

керек.


Қазіргі уақытта жел энергетикасын пайдалануды Қазақстан аумағында

жүзеге асыру жобалары қарастырылуда. Қазақстандағы шағын өзендер энергия

ресурстарыныҗ үлкен қорына ие. Тек Алматы облысы бойынша ол 2 млрд. кВт.

сағ астамды құрайды. Жаҗа энергия көздерін дамыту үшін елімізде заҗдық негіз

жасалды. Стратегиялық бағдарлама бойынша күтілетін нәтижелерге көз салсақ,

Қазақстанда балама энергия көздерін пайдалану үлесін 2012 жылға қарай

0,05 %-ға, 2018 жылға қарай 1 %-ға, 2024 жылға қарай 5 %-ға дейін арттыру

көзделіп отыр. Электр энергиясын өндіруде жаҗартылатын энергия көздерін

пайдалану үлесін (ірі су электр стансаларын есепке алмастан) 2024 жылға қарай

жылына қуаты 3000 МВт және 10 млрд. кВт. сағатқа дейін арттыру жоспарланған.



5 оқушы.

Кез келген энергиялық ресурстарды үнемдеу оныҗ жалпы пайдалануын төмендетеді. Сондықтан, электр қуатын, суды немесе жылуды үнемдегенде, ақшаҗды сақтаумен қатар, бүкіл планетаға ресурстарды үнемдеуге қатысамын. Тқтынушылардыҗ үнемсіз пайдалануынан электр қуатыныҗ 20 %-ы ысырап болады екен. Мұндай жағдай бос бөлмеде жарық жанып тқрғанда, теледидарды ешкім көрмесе де, қосып қойғанда орын алады. Бұзылған шүмектен ағып тұратын

суық су тамшылары қосыла келе, үлкен тасқынға айналып, ішуге жарамды судың 20 %-ы босқа канализацияға ағады!

Шүмектен үнемі ақырын ыстық су ағып тқрса, бқл бір пәтерді 2 ай бойы жылытуға кететін жылудыҗ жоғалуын соқтырады.

Жылуды сақтаймыз!

Меніҗ үйім орталық жылу жүйесіне қосылған ба?

Жақсы! Онда қыстың күні үй ішінде тон киіп отырмайтын шығармын. Әлде ондай жағдай болып тұра ма?

Қап-ай! Қиын екен! Демек, үйден жылу қашып кеткен ғой. Саңылау тауып, сытылып кеткен. Енді, жылудың қашу амалдарын қарап көрейін:

Терезе мен есік ойықтары арқылы – 50 %;

Терезе әйнектері арқылы – 15 %;

Сыртқы қабырғалар арқылы – 15 %;

Жертөле мен шатырдыҗ жабындысы арқылы – 20 %.



6 оқушы.

Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?

Мына кеңестерді пайдалана отырып, Сіз тұрмыстық жағдайларда электр энергиясын біраз үнемдей аласыз:

Электр энергиясын үнемдеудің ең қарапайым және тиімді тәсілі – өзіңізден кейін әрқашан жарықты сөндіруді ұмытпаңыз.

Үйіңізден ұзақ уақытқа шығар алдында (немесе ұйықтар алдында) жарықты ғана сөндіріп қоймай, standby (күту режимі) режиміндегі теледидар, музыкалық орталық, DVD құралы сияқты электр приборларын сөндіруді ұмытпаңыз. Бұл шара сондай-ақ Сіздің үйіңіздің өрт қауіпсіздігін арттырады.

Қарапайым лампалардың орнына энергия үнемдеуші лампаларды қолданыңыз. Энергия үнемдеуші лампалар қарапайым лампаларға қарағанда электр қуатын 5-6 есеге аз тұтынып, бірдей жарық береді. Сонымен қатар, энергия үнемдеуші лампалардың пайдалану мерзімі қарапайым лампалармен салыстырғанда сегіз есеге артық. Энергия үнемдеуші лампалар электр қуатын 80 % жуық үнемдейді.

Теледидарды жарық тең түсетін жерге қойыңыз, бұл теледидар көрсететін бейнелерді реттеу режимін біршама төмен деңгейге орнатуға мүмкіндік береді. Бұл компьютердің мониторына да қатысты. Бұл шара электр қуатын 5 % дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда шығарылып жатқан компьютерлердің барлығында энергия үнемдеуші режимдер қарастырылған. Бұл режимді дұрыстап баптасаңыз электр энергиясын 50 % дейін үнемдеуге болады.

Ұялы телефонның, фотоаппараттың, плеердің, ноутбуктың және т.с.с. арналған зарядтаушы құрылғыны розеткаға қосылған күйінде бос қалдырмаңыз. Мұнда зарядтаушы құрылғы электр энергиясын тұтынады, бірақ электр энергиясы зарядтауға емес, аппараттың қызып тұруына жұмсалады.

Шаңосрғыш тиімді түрде жұмыс істеуі үшін оның шаң жинағышын уақытында тазартып немесе ауыстырып отыру қажет. Шаң жинағыш пен сүзгілер де шаңға толып қалса ол шаңсорғыштың жұмысын қиындатады, ауаны тарту функциясын төмендетіп, шаңсорғыштың энергия тұтыну қуатын арттырады.

Ас әзірлеуге арналған ыдыстарды таңдағанда ол электр плитасының комфоркаларының өлшемдеріне сәйкес келмейді де, 5-10% энергия жоғалтады. Электр плиталарды қолданғанда электр энергиясын үнемдеу үшін комфорканың диаметріне тең немесе үлкен, түбі қисық емес ыдыстарды қолданыңыз.

Ас әзірлегенде кастрюльдің қақпағын жабыңыз. Су тез буланып шыққанда тағам әзірлеу уақытын 20-30% арттырады да, сәйкесінше ас әзірлеу үшін электр энергиясы соншалықты көбірек шығындалады.

Кір жуғыш машиналардың ұтымды пайдаланудың ең басты шарты – киім жуудың максимум жүктемесінен аспау. Кір жуғыш машинаны толық емес жүктемемен қоспауға тырысыңыз: мұндай жағдайда электр энергиясын шамадан тыс жұмсау 10–15 % құрайды. Жуу бағдарламасын дұрыс пайдаланбағанда электр энергиясының шамадан тыс жұмсалуы – 30 % дейін.

Тоңазытқышты салқын жерге қойыңыз, оны ешқашан пештің жанына қоймаңыз. Егер тоңазытқыш тұрған бөлменің температурасы 30º C жететін болса, онда электр қуатын тұтынуы екі есеге артады.

Мұздатқышқа мұз толып қалған жағдайда оны уақытында жібітіп отырыңыз. Мұз қалың болса мұздатылған азық-түліктің жібуін қиындатып, электр энергиясын көбірек тұтынады.



Мұғалім:

Еліміздің энергетика саласындағы кешенді мәселелерді шешу тек пайдаланыстағы активтерді қалпына келтіріп, көмірсутегі шикізаттарына тәуелді жаңа энергетикалық қуаттарды ашып қана қоймай, еліміздің энергетикалық балансын баламалы қуат көздерімен толықтыруға да тікелей байланысты. Қазақ­станның географиялық қоныстану аймағы жел, күн және су энергиясын молынан пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, қасиетіңнен айналайын қазақ даласында геотермальдық энергия көздері де жетерлік.

Дүние жүзінде энергетикалық қуат көздерінің балама түрлерін пайдалануға деген бетбұрыс әлдеқашан басталған. Ғалымдардың болжамы бойынша, ХХІ ғасырдың ортасына таман жаһандық энергетикалық баланстағы баламалы қуат көздерінің үлесі 30 пайызға дейін жетпек. Ал Еуроодақ балама энергетика үлесін 2020 жылдары 20 пайызға, 2040 жылдары 40 пайызға жеткізуді көздеп отыр.

Бұл ең алдымен, планетамыздағы барған сайын күрделеніп бара жатқан экологиялық апат қаупін азайтуға бағытталған игілікті іс. Күннен-күнге өсіп келе жатқан энергетикалық сұранысты қанағаттандыру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаны ластап, қоршаған ортаның тепе-теңдігін бұзды. Жаһандық жылыну үрдісінде көмірсутегі шикізатынан шығатын зиянды қалдықтардың да әсері мол. Ғалымдардың болжамынша, осы жүзжылдықтың соңына таман ауаның температурасы 6,4 градус жылынып, әлемдік мұхиттардың деңгейі 58 сантиметр көтеріледі екен. Қазірдің өзінде құрлықтарды басып жатқан топан су соның салдары. Сондықтан, әлем сарапшылары энергетикалық қуат шикізаттарына балама табу мәселесін күн тәртібіне батыл қойып отыр. Қазір көмірсутегі шикізатына балама ретінде қарастырып отырған биоотын, жел және күн қызуынан алынатын энергия әлемде өндірілетін электр қуатының 2 пайызын ғана құрайды. Осы реттен келгенде Қазақстанның балама энергия көздері бойынша әлеуеті аса зор.

Жыл қорытындысының деректері бойынша 2011 жылы елімізде балама көздер арқылы алынған электр энергиясы қуатының мөлшері 423 миллион кВт/сағ.-қа тең болып отыр. Бұл теңізге тамған тамшыдай ғана. «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-тың Қазақстан энергетикасындағы балама қуат көздерін зерттеу жөніндегі деректеріне сүйенсек, қазіргі еліміздің энергетикалық әлеуетінде ЖЭО-ның өндіретін электр энергиясының үлесі 88 пайызды, гидроэлектр стансаларының үле­сі 12 пайызды құраса, балама энергетикалық қуат көздерінен алынатын электр энергиясы 0,02 пайызды құрайды екен. Солай бола тұрса да, елімізде балама қуат көздері, атап айтқанда, жел, күн және су сияқты балама қуат көздері энергетикалық ресурстарының едәуір бөлігін бере алады.

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ-тың деректері бойынша 2030 жылға таман еліміздің 46 ауданында қуаты 1 миллион кВт/сағ. болатын жел электр стансаларын салу жоспарлануда. Бұл бағдарлама жүзеге асса, еліміздің электр энергиясына ондаған МВт қуат қосылады деп күтілуде. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында және Қарағанды облысының Шет ауданында жел электр стансалары орнатылған. Елімізде балама қуат көздерінің әлеуетін арттыруда биоқалдықтардың да әлеуеті мол. Сарапшылардың айтуынша, жыл сайын мал шаруашылығы және құс шаруашылығы шығаратын қалдықтар құрғақ күйінде 22,1 миллион тоннаны немесе 8,6 миллиард текше метр газ, 17,7 миллион тонна өсімдік қалдықтарын құрайды екен. Бұл өз кезегінде 14-15 миллион тонна шартты отын немесе 12,4 миллион тонна мазут деген сөз. Осы шартты отынды пайдалану арқылы жыл сайын 35 миллиард кВт/сағ. электр энергиясын және 44 миллион Гкал жылу энергиясын алуға әбден болады. Технология бар, қаржы бар, әттең, қиындығы көп күрделі жұмыспен ешкімнің айналысуға құлқы жоқ.

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ Үкіметтің жоспарына сәйкес, балама қуат көздері арқылы алынатын энергия 2012 жылы жалпы электр энергиясының 0,05 пайызын, 2018 жылы 1 пайызын, 2024 жылы 5 пайызын құрауы үшін жұмыстар жасалып жат­қандығын алға тартады. Ал миллиардтаған КВт энергия өндіруге мүмкіндік беретін балама қуат көздері пайдаланылмай жатыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен іс жүзіне асырыла бастаған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында бұл көкей­кесті мәселеге ерекше маңыз берілді. Елбасы таяу болашақта еліміздің жалпы энергия тұтыну көлемінде балама энергия көздерінің үлесін 1 пайызға дейін жет­кізу міндетін қойып отыр. Мемлекет басшысының нақты тапсырмасынан кейін ғана сең қозғалатын сияқты. Қазір Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі балама энергия көздерін дамытуға мүмкіндік беретін барлық шараларды қарасты­руда.





№15 Лицей мектебі, Дусебаева Гүлнара Абдугаффаровна

Каталог: wp-content -> files
files -> Қазақ СӨздерінің лексикалық мағыналарының ТҮрлері
files -> Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Төрт түлік малы сай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Келе-келе түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты
files -> Реферат 15-16 ғасырлардағы Қазақ-Қырғыз қарым-қатынасы реферат
files -> Құрамы Азот оксиді. Мысалы: азот диоксиді; тропосфералық (жерге жақын) озон; ауада ұшып жүрген органикалық қосылыстар. Мысалы, бензиннің, бояудың, еріткіш- тердің булары: азот қышқылдарының тотығы
files -> Қортабаева гүлжамал қыдырбайқызы қазақ ономапоэтикасы: сатиралық-юморлық кейіпкер аттары
files -> Тоғысбаева Айжан Әбілқасқызы Төлеби ауданы М. Х. Дулати атындағы орта мектебінің орыс сыныптарындағы
files -> Биосфера мен биота эволюцияларының механизмдері, факторлары мен триггерлері 1 Биологиялық эволюцияның механизмдері
files -> Биология тіршіліктің сан-алуан қисынын зерттейді
files -> Эволюция нервной системы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет