«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» (kazakhstan electricity grid operating company) «kegoc» акционерлік қОҒамы



Дата05.04.2018
өлшемі257.21 Kb.
#65153





«ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КОМПАНИЯСЫ» (KAZAKHSTAN ELECTRICITY GRID OPERATING COMPANY) «KEGOC» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


«KEGOC» АҚ

Директорлар кеңесінің

2013 ж. 28 қарашадағы (№ 10 хаттама)

шешімімен БЕКІТІЛДІ

«ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КОМПАНИЯСЫ» (KAZAKHSTAN ELECTRICITY GRID OPERATING COMPANY) «KEGOC» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ОМБУДСМЕНІ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

Е kegoc 00-331-13-СД

______дана


1-басылым

Енгізу күні




Астана


  1. Жалпы ережелер

1. «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ Омбудсменінің (бұдан әрі - Омбудсмен) тағайындалу тәртібін, оның міндеттерінің құзыретін, қызметтері мен жауапкершілігін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Заңнамасын (бұдан әрі – Заңнама), «KEGOC» АҚ Жарғысын (бұдан әрі – Жарғы), «KEGOC» АҚ Іскерлік этика кодексін, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексін ескере отырып, «KEGOC» акционерлік қоғамның Омбудсмені туралы осы ережені (бұдан әрі - Ереже) жасап шығарды.

2. «KEGOC» АҚ-дағы Омбудсмен институты (бұдан әрі – Қоғам) акционерлердің, директорлар кеңесінің және Қоғамның басқармасының жалпы жиналысында қабылданатын бастамалар, шаралар және әрекеттер аясында мынадай мақсатта құрылған:

1) ішкі бақылау және тәуекел-менеджмент жүйесін жақсарту;

2) Органдардың лауазымды тұлғаларының Қоғамның, Заңнаманың, Жарғының, «KEGOC» АҚ Іскерлік этика кодексінің, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің сақталуын қамтамасыз ету;

3) корпоративтік мен мүдделер қақтығыстарының алдын алу мен реттеу бойынша шараларды күшейту;

4) Қоғамның имиджін жақсарту.

3. Омбудсмен өзінің қызметін Заңнамаға, Жарғыға, «KEGOC» АҚ Іскерлік этикасы кодексіне, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне, осы Ережеге және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарына сай жүзеге асырады.

4. Омбудсмен лауазым болып есептелмейді және Қоғамның штаттық кестесінде, ұйымдастырушылық құрылымында, еңбекақы төлеу қорында бейнеленбейді, сондай-ақ Қоғамның қызметкерлері штаттық санына әсер етпейді.

5. Омбудсмен қызметіне Директорлар кеңесінің, Қоғамның лауазымдық тұлғалары мен басқа да қызметкерлері араласуына рұқсат етілмейді. Омбудсмен Заңнаманың нормаларын бұзушылар, «KEGOC» АҚ Іскерлік этика кодексі, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексі және Қоғамның басқа да талаптары тарапынан кез-келген қарсы әрекеттерден (Омбудсменнің құзыретін уақытынан бұрын тоқтату, қаржылық және басқа да ресурстарды қысқарту сияқты) қорғалуы тиіс.

6. Омбудсмен Директорлар кеңесіне есеп береді, Директорлар Кеңесінің Төрағасына бағынады және өзінің жұмысын Қоғамның ішкі құрылымынан тәуелсіз түрде жүзеге асырады.

7. Омбудсменнің қызметі мынадай қағидаларға негізделген:



  • тәуелсіздік;

  • шыншылдық;

  • ресми емес;

  • бейтараптық және риясыздық;

  • құпиялылық;

  • әділеттілік;

  • адалдық;

  • риясыздық;

  • ақылдылық және объективтілік.




  1. Омбудсменді тағайындау және босату тәртібі

8. Омбудсмен Директорлар кеңесінің шешімімен Қоғамның қызметкерлері ішінен 2 (екі) жылдан кем емес уақытқа тағайындалады, сондай-ақ Омбудсмен осы орынға 3 (үш) реттен көп қатарынан сайлана алмайды.

Омбудсменнің құзыреті осы Ережеде анықталған жағдайда, жиналысқа қатысқан немесе жазбаша түрде пікір қалдырған мүшелердің көп бөлігінің санымен қабылданған директорлар кеңесінің шешімімен уақытынан бұрын тоқтатылады.

9. Омбудсменнің өкілеттілігін тағайындау немесе тоқтату туралы Директорлар Кеңесінің шешімінде оның өкілеттілігінің мерзімі немесе осы Ережеде қарастырылған өкілеттілігін тоқтатуға негіздеме көрсетіледі.

10. Омбудсмен ретінде тағайындау үшін үміткерді ұсыну немесе өкілеттілігін уақытынан бұрын тоқтатуды қолданыстағы Заңнамаға және Директорлар кеңесін шақыруға қатысты Қоғамның Жарғысына сай Директорлар кеңесінің мүшелері, акционерлердің жалпы жиналысы, Басқарма, ішкі аудит қызметінің жетекшісі енгізе алады.

Сондай-ақ, Директорлар кеңесі шешім қабылдағанға дейін Омбудсменді тағайындау сұрақтары бойынша ұсыныстар жасап шығару үшін материалдар Директорлар Кеңесінің Тағайындаулар және сыйақы жөніндегі комитетінің қарауына жіберіледі.

11. Директорлар кеңесінде Омбудсменнің үміткерлерін қарастыру кезінде мынадай ақпарат ұсынылуы тиіс:

1) үміткердің жеке куәлігі (көшірме);

2) үміткердің түйіндемесі;

3) үміткердің өзінің қарауына байланысты ұсынатын қосымша ақпараты;

4) Омбудсменнің үмітркерлігін қуаттау туралы Тағайындау және сыйақылар жөніндегі Комитеттің хаттамасынан үзінді;

5) медиацияны оқығандығы жөніндегі сертификат құпталады.

12. Омбудсменге тағайындалу үшін үміткерге мынадай талаптар қойылады:

1) жоғары білімінің болуы;

2) 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, оның ішінде корпоративтік басқару немесе жетекшілік лауазымда – 2 (екі) жылдан кем емес;

3) Қоғам жұмысының ерекшелігі туралы білімінің болуы;

4) сотталмаған болуы;

5) құжаттармен жұмыс, еңбек мәдениеті және қызметтік этика сұрақтарын білуі;

6) жеке қасиеттері – шыншылдық, табандылық, тіл табыса білу, жауапкершілік, әдептілік, белсенділік, бастамашылдық, өз-өзіне сенімді болуы, қойған мақсаттарға жете білуі, егер бұл Қоғамның мүддесіне жауап беретін болса, сөйлеу және пікірін қорғай білуі;

7) ұйымдастырушылық және талдау дағдылары;

8)мінсіз іскерлік беделі.

13. Жаңадан тағайындалған Омбудсменге алдыңғысы істі, құжаттарды (егер олар қағаз түрінде болса) және болған жағдайда электронды өтініштер базасын тапсыруы міндетті.

Істерді беру «Ереже. «KEGOC» АҚ-да құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру» Пр KEGOC 00-106-12-ПР сәйкес, жаңа Омбудсменнің тағайындалғанынан бастап, он күннен кем емес уақытта жүзеге асырылады.

Жұмыстарды тапсыру төмендегілер көрсетілуі тиісті беру-қабылдап алу актісі арқылы жүзеге асырылады:



  1. Құжатты беру күні және құжат тапсырылып болуға тиісті уақыт кезеңі;

  2. Берілетін құжаттаманың атауы және құрамы;

  3. Орындалу кезеңінде тұрған және жаңадан сайланған Омбудсмен орындауға тиісті жұмыстар тізімі (сұралымдар, әрекеттер, шаралар).

Беру актісінің нысаны Пр KEGOC 00-106-12-ПР белгіленген.


  1. Омбудсменнің міндеттері

14. Омбудсменнің қызметі аясындағы міндеттері:

1) Қоғамның қызметкерлері, лауазымды тұлғаларының «KEGOC» АҚ Іскерлік этикасы Кодексінің, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару Кодексінің сақталуын қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда оның жай-күйін түсіндіру;

2) Қоғамның лауазымды тұлғаларына Қоғамдағы өтініштермен жұмыс кезіндегі заңға қайшы әрекеттерде көмек көрсету;

3) Қоғамның лауазымды тұлғаларына корпоративтік қақығыстар мен мүдделер қақтығысын болдырмау немесе реттеуге көмек көрсету;

4) жұмыс барысында туындаған этикалық сұрақтар, сондай-ақ Кодекстің, жай-күйінің бұзылуы, жемқорлық және басқа да құқыққа қарсы әрекеттер деректері бойынша іскерлік серіктестер мен қызығушылық танытқан тұлғаларға көмек көрсету.




  1. Омбудсменнің қызметтері мен міндеттері

15. Қоғамның жұмыскерлері мен лауазымды тұлғаларының «KEGOC» АҚ Іскерлік этика Кодексінің, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару Кодексінің сақтауын қамтамасыз ету және оның жай-күйін түсіндіру үшін, Омбудсмен төмендегі қызметтерді атқарады:

1) Өтініш білдіргенде Қоғамның жұмыскерлері мен лауазымды тұлғаларына «KEGOC» АҚ Іскерлік этика Кодексінің, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару Кодексінің жай-күйін түсіндіріп береді;

2) «KEGOC» АҚ Іскерлік этика Кодексінің, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексін қолдану сұрақтары бойынша жұмыскерлердің арасында, жұмыскерлер мен лауазымды тұлғалар арасында болған дау-жанжалдарды шешуге қатысады;

3) «KEGOC» АҚ Іскерлік этика Кодексінің, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару Кодексінің орындалуын жүзеге асыру бойынша Қоғамдағы жағдайды талдайды және қажет жағдайда осындай талдаудың нәтижелері бойынша сәйкес қорытынды береді;

4) анықталған заң бұзушылықтарды жою және жаңа бұзушылықтардың туындауын болдырмау мақсатында корпоративтік жанжалдар мен қақтығыстарды қарастыру нәтижелері бойынша қорытынды және ұсыныстар береді;

5) «KEGOC» АҚ Іскерлік этика кодексін, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексін, олардың жүзеге асырылуына бағытталған Қоғамның ішкі құжаттарын жасау және қайта қарастыруға қатысады;

6) «KEGOC» АҚ Іскерлік этика кодексінің, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің ережелерін сақтамау сұрақтары бойынша жұмыскерлердің, лауазымды тұдғалардың, сондай-ақ іскерлік серіктестер мен мүдделі тұлғалардың өтініштерін есепке алуды жүргізеді;

7) Органдар мен Қоғамның лауазымды тұлғаларын Қоғамда іскерлік этика мен корпоративтік басқару саласындағы олқылықтар туралы ақпараттандырады;

8) Өтініш берушілерге Қоғамның саясаты мен қызметіне байланысты қажетті ақпараттарды беруге, сондай-ақ сұрақтардың ерекшеліктеріне байланысты құзыреттілігі аясында Қоғамның лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлеріне қажетті ақпараттар бойынша түсіндіруге ықпал етеді.

16. Омбудсмен міндетті:

1) өз қызметінде Заңнама, осы Ереже және басқа да Қоғамның ішкі құжаттарының нормалары мен талаптарын сақтауға;

2) Омбудсмен қызметін жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ оның құзыреттілігін тоқтатқаннан кейінгі 3 (үш) жыл ішінде Қоғам, оның үлестес тұлғалары және жұмыскерлері туралы белгілі болған құпия ақпараттардың құпиялығын сақтауға;

3) «KEGOC» АҚ Іскерлік этика кодексінің, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің бұзылуы сұрақтары бойынша дау-дамайларды қарастыру шараларын жүзеге асыру кезінде қызметкерлері құқықтық қорғалуын (еңбек заңнамасымен бекітілген шаралар аясында) қамтамасыз етуге;

4) Директорлар кеңесі мүшелеріне, Қоғамның лауазымды тұлғалары мен басқа да жұмыскерлеріне теңдей қарым-қатынас қағидасын сақтау және кез-келген түрдегі дискриминацияны болдырмауға үлес қосуға;

5) қарастыруға түскен дау-дамайларды шешуге қатысу кезінде тәуелсіздік пен пайымдылықты сақтауға;

6) өзінің құқықтары мен «KEGOC» АҚ Іскерлік этика кодексінің, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің бұзылу дерегі бойынша арызданған жұмыскердің, лауазымды тұлғаның аты-жөнінің жарияланбауын қамтамасыз етуге;

7) өтініш білдірген жағдайда Қоғамның жұмыскерлеріне 5 (бес) жұмыс күні ішінде Кодекстің ережелерін түсіндіруге;

8) дау-дамайдың күйін түсіндіру үшін заң бұзушылықтарды анықтауға;

9) жұмыскерлер, лауазымды тұлғалар және Қоғам арасында бейбіт келісімге қол жеткізуге мүмкіндік туғызуға;

10) «KEGOC» АҚ Іскерлік этика кодексінің, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің жүзеге асырылуы барысында туындаған сұрақтар бойынша жұмыскерлерге кеңес беруге;

11) «KEGOC» АҚ Іскерлік этика кодексінің, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің, Заңнама нормаларының және Қоғамның ішкі құжаттарының сақталмауы немесе бұзылуы сұрақтары бойынша Қоғамның жұмыскерлері, лауазымды тұлғалары, сондай-ақ мүдделі тұлғалар өтініштерінің есебін жүргізуге;

12) 6 айда бір рет немесе басқа да Қоғамның Директорлар Кеңесімен бекітілген мерзімде, Қоғамның директорлар кеңесіне мыналар туралы ақпарат сақталған жұмыс нәтижелері туралы есеп беруге:

- түскен өтініштер саны;

- өтініштер сипаттамасы (мәселелік салалар);

- өтініштерді қарастыру мерзімі;

- өтініштерді қарастыру нәтижелері.


  1. Омбудсменнің құқықтары мен жауапкершілігі

17. Омбудсмен құқылы:

1) түскен өтініштер негізінде, сондай-ақ жеке өзінің бастамасы бойынша «KEGOC» АҚ Іскерлік этика кодексінің, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің ережелерінің бұзылуын анықтау шараларын өткізуге бастама жасауға;

2) «KEGOC» АҚ Іскерлік этика кодексінің, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің сақталмауы сұрақтары бойынша Қоғамның жұмыскерлеріне, лауазымды тұлғаларына жеке жүгінуге;

3) «KEGOC» АҚ Іскерлік этика кодексінің, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің ережелерін жұмыскерлер мен лауазымды тұлғаларға түсіндіруге;

4) Өз құзыретін шеңберінде Қоғамның лауазымды тұлғаларының шешімдерін алдын-ала талқылауға қатысуға.

Омбудсмен өз міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру кезінде түсіндіруге қажетті материалдарды (ақпаратты) бекітілген тәртіпте жұмыскерлерден, лауазымды тұлғалардан, Ішкі аудит қызметінің жетекшісінен сұрауға құқылы.

18. Омбудсмен Заңнамамен бекітілген тәртіпте ақпараттың құпиялылығын сақтауға жауапты.

19. Хабарламалар мен дау-дамайларды қарастыру кезінде Омбудсменнің қызметін жүзеге асыруда, алдыңғы дау-дамайды реттеу сәтсіз аяқталып және оны соттың немесе басқа да соттан тыс нысандарға беру кезінде аталған дау-дамай немесе хабарламаға байланысты Омбудсменнің өкілеттілігі әрекет етуін тоқтатады.

20. Өзінің өкілеттілігін жүзеге асыру кезінде Қоғам Омбудсмені Пр KEGOC 00-316-10 «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің қызметтік іс-сапарлары туралы ережеге» сай қызметтік іс-сапарлар рәсімдей алады.


6 Іскерлік этикасы кодексі және Қоғамның өзге де құжаттарының бұзылғандығы туралы мәліметтерді жинау және қарастыру тәртібі
21. «KEGOC» АҚ Іскерлік этика кодексі, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексі және/немесе жұмыс барысында туындаған этикалық сұрақтар бойынша, сондай-ақ «KEGOC» АҚ Іскерлік этика кодексінің, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің, Заңнама нормалары мен Қоғамның ішкі құжаттарының, сондай-ақ жемқорлық және басқа да заңға қайшы әрекеттердің бұзылуы дерегі бойынша лауазымды тұлғалар, Қоғамның жұмыскерлері және басқа да мүдделі тұлғалар Омбудсменге жүгінуге құқылы:

  1. Қоғамның веб-сайтында көрсетілген Омбудсменнің телефон нөмірі бойынша ауызша нысанда;

  2. Қоғамның корпоративтік веб-сайтында көрсетілген Омбудсменнің электронды мекен-жайына жазбаша нысанда http:// www.kegoc.kz);

  3. Қоғамның заңды мекен-жайына қағаз түрінде: индекс 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 37, конвертте «KEGOC» АҚ Омбудсменге құпия түрде» деген белгімен. Мұндай конверттер (қалталар) Омбудсменге тікелей ашылмаған күйде беріледі.

22. Омбудсменге кез-келген нысанда жүгіну кезінде өтініш беруші міндетті түрде өзінің тегі, аты, жөнін, жұмыс атқаратын құрылымдық бөлімшесін, өтініш мәнін және Омбудсменге жүктелген тапсырмаларды орындауға қажетті өзге де ақпаратты көрсетуі тиіс.

23. Қоғамның қызметкерлері , сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалардың сұранымдарына жауапты Омбудсмен өтініш беруші жүгінген нысанда береді: ауызша немесе жазбаша.

24. Қоғамның лауазымды тұлғалары, жұмыскерлері бекітілген іскерлік этика, Заңнама нормалары және Қоғамның ішкі құжаттарының бұзылғандығын анықтаған жағдайда, Омбудсмен Директорлар Кеңесі және/немесе Қоғамның Басқармасына қарау және шешім қабылдау үшін материалдарды әрі қарай жіберуге дайындайды.

25. Қарастыру нәтижесі және қабылданған шешімді Омбудсмен Директорлар Кеңесі немесе Қоғамның Басқармасы сәйкес шешімді қабылдағаннан бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде өтініш білдірген тұлғаға (өтініш білдірушінің аты-жөні белгілі болса) жібереді.

26. Директорлар кеңесінің мүшелері, Қоғамның Басқармасы және Омбудсмен «KEGOC» АҚ Іскерлік этика кодексінің, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің ережелерінің, Заңнама нормалары мен Қоғамның ішкі құжаттарының бұзылғандығы туралы мәліметтерді қарастырудың құпиялылығына кепілдік береді.

27. Омбудсмен өтінішті қарастыруға қабылдай отырып, міндеттеледі:



  1. Өтініш беруші өзінің құқықтарын қорғау және/немесе іскерлік этика нормаларының бұзылуын және шешім немесе әрекет (әрекетсіздіктің) іскерлік этика нормаларының бұзылғандығы ретінде қабылданғандарды жою әдістері мен құралдарын түсіндіруге;

  2. Өтінішті мәні бойынша шешуге құзыретті Қоғамның тиісті органдарына беруге.

28. Омбудсменнің өкілеттілігіне қызметтік тергеу жүргізу кірмейді. Қызметтік тергеулерді тиісті қызметтер жүзеге асырулары тиіс.

29. Омбудсменнің түсініктемелері ұсыныстық сипатқа ие.




  1. Омбудсменнің өкілеттілігін тоқтату

30. Омбудсменнің өкілеттілігі мерзімі аяқталған күннен бастап немесе Қоғамның Директорлар Кеңесінің шешімімен өкілеттілігін уақытынан бұрын тоқтату туралы шешімімен тоқтатылады.

31. Омбудсменнің өкілеттілігі Омбудсменнің өкілеттілік мерзімінің өтуіне байланысты Қоғамның Директорлар кеңесінің сәйкес шешім шығаруынсыз тоқтатылады.

32. Омбудсменнің өкілеттілігі мына жағдайларда Қоғамның Директорлар кеңесінің тиісті шешім шығаруы арқылы уақытынан бұрын тоқтатылады:

1) Омбудсмен статусына сәйкес келмейтін әрекеттер жасау;

2) Дәлелді себепсіз Омбудсмен қызметін орындамаса.

33. Қоғамның Директорлар Кеңесіне Омбудсменнің өкілеттілігін уақытынан бұрын тоқтату туралы сұрақты алға тарту кезінде мәжілістің жиналысының бастамашысы 32-тармақта көрсетілген жағдайдың орын алғандығы туралы ақпаратты/құжаттарды ұсынады.


  1. Осы Ережені басқару

34. Осы Ережені басқару «Ұйым стандарты. Ұйымдастыру құжаттамасын басқару» СТ KEGOC 00-102-07 сәйкес жүзеге асырылады.

35. Осы Ереже Басқарма төрағасы, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма төрағасының орынбасары, басқарма директорлары, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері «Келісу парағына» қол қоюы арқылы жүзеге асырылады (осы Ереженің 2-қосымшасы)

36. «KEGOC» АҚ-ның барлық жұмыскерлері осы Ережемен танысуға міндетті.



Дайындады:

Корпоративтік хатшы м.а ____________________ Е. Рамазанов

(күні және қолы)



Корпоративтік хатшы қызметінің

Менеджері ________________ А. Искакова

(күні және қолы)



«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының Омбудсмені туралы ережеге

1-қосымша


Келісу парағы


Н. СТ KEGOC 00-101-01

Лауазымы

Т.А.Ж.

Күні

Қолы

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы

Қажиев Б.Т.







«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары

Жазықбаев Б.М.






«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары

Ақмурзин А.А.






«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары

Бексары Ж.М.







Техникалық бақылау және қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор

Темірбеков Б.Ж.







Экономика жөніндегі басқарушы директор

Ботабеков А.Т.







Құқықтық қамтамасыз ету және қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор

Жақыпбаев Қ. Т.







ДЗО филиалдармен жұмыс жөніндегі басқарушы директор

Бекенов М.О.







ҰЭТ-ты дамыту және жүйелік қызметтер жөніндегі басқарушы директор

Қуанышбаев Ә.Д.







Ішкі аудит қызметінің жетекшісі

Есетов О.О.








Заң департаментінің директоры

Сафуани Т.Е.






Корпоративтік даму департаментінің директоры

Ахметов Е.К.













«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы Омбудсмені туралы Ережеге

2-қосымша

Танысу парағы


Н. СТ KEGOC 00-101-02



р/н

Лауазымы

Т.А.Ж.

Танысу күні

Қолы




















































































































































































































































































































































































































































































«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы Омбудсмені туралы Ережеге

3-қосымша

Өзгерістерді тіркеу парағы


Н. СТ KEGOC 00-101-03

Өзгеріс енгізуге негіз болған ескертпе №

Парақ нөмірлері

Өзгеріс енгізген тұлғаның Т.А.Ж.



Өзгеріс енгізген тұлғаның қолы

Өзгеріс енгізу күні

өзгертілген

ауыстырылған

жаңа

жойылған



















































































































































«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы Омбудсмені туралы Ережеге

4-қосымша



Периодты түрде тексеруді тіркеу парағы


Н. СТ KEGOC 00-101-04

Тексеру күні

Тексеруді жүргізген тұлғаның Т.А.Ж.

Тексеруді жүргізген тұлғаның қолы

Ескертулерді тұжырымдау












































































































































































Каталог: sites -> default -> files -> content-manager
content-manager -> «kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 10 қазандағы шешішімен бекітілді
content-manager -> МАҚҰлданды бекітілді «kegoc» АҚ Директорлар Басқармасының хаттамасы кеңесінің хаттамасы
content-manager -> «kegoc» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын 2017 жылғы 26 қазанда өткізу туралы хабарлама
content-manager -> Жүйелік қызмет көрсету
content-manager -> Жүйелік қызмет көрсету: Жүйелік қызмет көрсету
content-manager -> «kegok» АҚ-ның реттелетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметі туралы тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалардың алдындағы жыл сайынғы есебі
content-manager -> 2015 жылы қол жеткізілген БҰҰ Ғаламдық шарты қағидаттарын қолдану жөніндегі прогресс туралы хабарлама
content-manager -> «kegoc» АҚ Павлодар қаласында қоғамдық тыңдаулар өткізді 2016 жылғы 8 шілдеде «kegoc» АҚ Павлодар қаласында «Павлодар энергия торабының Қазақстан бэж-мен байланысын күшейту»


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет