Зардап шеккен адамға зардабының ауырлығына байланысты тездетіп көмек көрсету қажет. Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан жатқызып, өмір сүру белгісін анықтаймыз, тыныс алу, тамыр соғысын, көз қарашығын жарыққа тексеру қажет. Өмір сүру белгісі байқалмаса жасанды дем беру ауызға-ауыз, мұрынға-ауыз әдісімен жасанды демалдыру мен жүрекке жабық массаж жасауға кіріскен абзал.
Техникасы: зардап шегушінің сол жағынан тұрып ауыз қуысын тексеріп егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек және ауыз қуысын тазартып кеуде қуысынан 1,5-2,5см жоғары, 60-80
рет минутына, 1-2 рет ауызға дем беру арқылы, 4-5 мәрте кеудесіне екі алақанды қойып 4-5 см дейін басу керек. Балаға жасанды тыныс алдыру кезінде ерінен ауыз бен мұрынды қатар қамтиды. Ауаны ересектермен салыстырғанда азырақ үрлейді. Балалардың тыныс алу жиілігі минутына 18-20-дан аспауы тиіс. Егер жасанды тыныс алдыруды екі адам жүргізсе, онда олар зардап шегушінің кеуде клеткасының екі жағынан тізерлей отырады. Олардың әрқайсысы бір қолымен зардап шегушінің қолын
иығының ортасына дейін апарады, ал екіншісі қолдарын саусақтың ұшынан жоғарырақ ұстайды,
бір саусақты кеудеге тікелей, екіншісін кеуденің үстіне жапсарлас қояды. Құтқарушы омыртқаға қарай бағыты бойынша кеудені жанши қысады, ол жағдайда кеудені 3-4 см қысады. Әрі-бері жанши қысудан кейін қолды
кеудеден алмай босаңсытады, мұндай қозғалыстар минутына 60-тан кем болмауы тиіс. Соның нәтижесінде қан тамырларына қан жүре бастайды, клиникалық өлім жағдайынан шықса оны дереу жақын жердегі емханаға апарғаныңыз абзал. Күнделікті тіршілікте кездесетін осындай тосын жағдайлардан сақ болайық.