Елдің болашағын сақтаған ірі тұлға Мырзазмет Ғ. К., Көбесова А. А



Pdf көрінісі
Дата01.02.2019
өлшемі48.43 Kb.
#98085

Елдің болашағын сақтаған ірі тұлға 

 

Мырзазмет Ғ.К., Көбесова А.А. 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз, Қазақстан 

 

Мақала ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген мемлекет қайраткері, ұлы тұлға Абылайханның 

ел басқарудағы шеберлігі мен өткен өмірінен хабар береді. 

 

Тарих  сахнасында  өзінің  дербестігін  сақтап,  қазір  ұлт  ретінде  өмір  сүріп  жатқан  әр 



халықтың  тағдырына  ерекше  ықпал  етіп,  бүгінгі  дәрежеге  жетуіне  шешуші  рөл  атқарған  ұлы 

тұлғалар бар. Қазақ халқы үшін ол – Абылай. 

ХІХ  ғасырдың  ең  отты  жылдары  Абылай  ұрпағына  тұспа-тұс  келді.  Қазақ  халқының 

тарихында ең соңғы тәуелсіз хандық туын тік ұстаған әйгілі Абылай хан екендігі даусыз. Дүниенің 

төрт бұрышынмен де тіл табысып ымырашылдығымен «қой – үстінде бозторғай жұмыртқалаған» 

жұмақ  дәурен  құрғысы  келген  және  де  сол  ойын  көбіне  іс-жүзіне  асыра  білген  Абылай 

саясаткерлігі  мен  ақылгөйлігімен  ерекшеленеді.  Бір  жағын  алпауыт  Ресей  патшалығы  омырып, 

екінші бүйірін ұлы Қытай кеміріп жатса да, жалпақ қазақ елін қанжығаға байлатпай, бірде егеулі 

найза  ұшымен,  бірде  уәлі  тілдің  уытымен  қорғап,  жер қайысқан  жау  қолдарынан құтылып  кетіп 

отырған.[1] 

Абылай  хан  Ресей,  Қытай  және  Орта  Азиялық  әміршілер  арасында  тиімді  саясат  жүргізді. 

Абылай  хан  Қазақстанның  тәуелсіздігі  мен  мемлекеттік  егемендігі  үшін  күрес  символы  ретінде 

халық жадында қалды. Патша үкіметі ұсынған хан лауазымынан және тіпті Екатерина ІІ хан етіп 

сайлағаннан  кейін  де  Петропавлда  Ресейге  ант  беруден  бас  тартып,  патша  үкіметі  ұсынған 

сыйларын  да  алмады.  Мұндай  істер  оның  көреген  мемлекет  қайраткері,  дана  билеуші,  ержүрек 

саясатшы,  қазақ  халқының  дарынды  қолбасшысы  екенін  көрсетті.  Бақсақ,  Абылай  парасатты 

елбасшы ғана емес, қабырғалы қолбасшы да болған.[2] 

Уәлиұлы  Абылай  хан  (1711  –  1781жж.)    Шыңғыс  ханның  тікелей  ұрпағы,  төре.  Шежіре 

деректері  бойынша  Шыңғыс  хан  –  Жошы  хан  –  оның  төртінші  ұлы  Тоқай  темір  –  Қожа  – 

Бадақұлан - Өріс хан – Құйыршық хан – Барақ хан - Әз Жәнібек – Жәдік – Шығай хан – Ересім – 

Жәңгір хан – Уәли сұлтан – қанішер Абылай сұлтан – көркем Уәли – Абылай (Әбілмәнсүр) болып 

таралады.  

Жоңғар  хандығы  (1635  –  1758жж.)  ойраттардың  саяси  бірлестігі  аш  бүйірден  қазақ  еліне 

шаншудай қадалады.  Әбілмәнсүрдің Абылай атанып ел билігіне араласуы Жоңғар хандығы өмір 

сүрген кезеңмен тұспа-тұс келеді. 

Абылай әкесінен кішкене күнінде жетім қалып, Төле бидің қолында малшы болыпты. Төле 

би мен Абылайдың өмірлері әкелі-баладай байланыста болған.  

Жақсыбай Самраттың 31.12.2008 ж. «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған «Абылайдың 

ақ үйі – халқымыздың бақ үйі» мақаласында былай депті: «Орыс тілдес қарындасымыз жергілікті 

тарихшылардың күмәнді жазбаларына сүйеніп Абылайды Атығай Дәулеткелді байдың жылқысын 

баққан деп жазып қойыпты». Шын мәнінде  Абылай жас кезінде Төленің түйесін, кейін жылқысын 

баққан. Одан ертерек Әбілмәмбет сұлтанның жылқысын баққан.[3]  

Абылай  басына  үлкен  сең-сең  тымақ  киіп  түйе  жаяды,  үсті-басы  далба-дұлба,  қалай-болса 

солай жүреді екен, сонда Төле би мұның аты Сабалақ болсын депті. 

Бір  күні  Төле  би  ауылдан  келе  жатса,  Сабалақ  төрт  тағандап  ұйықтап  жатыр  екен.  Сонда 

Төле  би  жолдастарына  айтыпты:  «Мынау  Сабалақ  қалай  ұйықтап  жатыр,  мұны  білдіңдер  ме?», 

«Бұл  төрт  ру  елді  билейді  екен»-депті.  Содан  Төле  кешке  келгеннен  кейін  Сабалақты  түйеден 

шығарып, жылқы бақтырыпты.  

Бір күні Төле би мал сойып, Сабалақты сынауға, «малдың басын Сабалаққа беріңдер, қайтер 

екен»-деп, үш-төрт адам жібереді. Барса Сабалақ алдарынан шығып сәлем береді. «Біз саған Төле 

берген басты жесін деп әкелдік»-деп басты береді. Абылай аттан түсіп, шапанын жайып, аналарға 

«Өле  жегенше  бөле  же  деген,  жасың  үлкен  ағасың,  келіңдер»-дейді,  аналар  аттарынан  түседі. 

Сабалақ  қолын  жуып,  пышағын  алып,  бір  құлағын  біріне,  бір  құлағын  біріне,  екі  көзін  ойып 

екеуіне  беріп,  тілін  өзі жейді.  Басты  жеп  болғаннан  кейін адамдар Төле  биге қайта  келіп  болған 

жайды  айтады.  Сонда Төле  би  тұрып болашақта  үш  жүздің басын  біріктіріп,  ел  билейтін  басшы 

болады екен деп ішінен ой түйген екен.   

Сабалақтың жасы 18-ге келген екен. Сол уақытта қазақ, қалмақ соғысуға жиналыпты. Мен 

де  осы  соғысқа  ерсем  екен  деп,  Төле  биден  Сабалақ  рұқсат  сұрайды.  Төле  би:  «Балам,  қой  бір 



жерде  өліп  қаларсың»  -деп  рұқсат  бермепті.  Абылай:  «Ата,  барам»,-деп  болмапты.  «Жарайды 

балам, барсаң бар»- деп, батасын беріпті. Сабалақты бір бәйге атқа мінгізіп, қазақтың көп қолына 

қосып қоя беріпті.[4] 

Қазақ  қалмақ  екеуі  беттесіп,  соғысқа  келіпті.  Қазақтың  батыры  қанжығалы  қарт  Бөгенбай 

батыр жасы 80-ге келген екен. Қалмақтан жекпе-жекке бір қасқа атты батыр шығыпты. Қазақтан 

оған  қарсы  ешкім  шықпапты.  Сонан  кейін  Бөгенбай  мынаған  ешкім  бармадыңдар  ма  деп,  өзі 

шапанын киіп, белсеніп майданға шыққалы тұрғанда Сабалақ тура шауып, Бөгеңе жетіп келіпті, 

«Мен  барайын,  ата»-деп  айтады.  Бөген  бетіне  қарап  тұрып  «Барсаң  бар,  балам»  -  деп  батасын 

беріп,  астындағы  атымен  қолындағы  қияқ  найзасын  беріпті.  Сонда  Сабалақ  «Абылай!  Абылай!» 

деп  ұран  шақырып,  жауға  қарсы  шауыпты.  Екеуі  де  найзаны  тіке  салысыпты.  Найзамен  екеуі 

бірін-бірі  ала  алмай,  ат  үстінен  жағаласып,  қанжарласыпты.  Сол  жерде  Абылай  қалмақтың 

батырын  жағасынан  ұстап,  аттың  үстінен  жұлып  әкетіп,  бастан  қанжарымен  бір  салып  шауып, 

басын кесіп алып, Абылайлап ұран салып жау ішіне кіріпті. 

Қалмақтар мұны көрген соң қаша жөнеліпті. Қашқан қалмақтарды жау қашты деп қазақтар 

қиратып салыпты.  

Қазақты бастап келген Шақшақұлы Жәнібек батыр мен Абылайдың атасымен бірге туысқан 

Әбілмәмбет хан соғыс біткен соң жаңағы қалмақтың батырын жыққан бала қайда деп сұрапты. Бір 

батыр Абылайды ертіп келіп, «Міне, қалмақтың батырын жыққан бала осы» -депті. Абылайдың өзі 

аты Әбілмансұр еді, жауға Абылайлап ұран шақырғаннан бастап, «Абылай» атанып кеткен екен.  

Қазақ халқының азаматтығы жолында қасық қаны қалғанша айқасқан, аты аңызға айналған 

талай  батырлар,  басы  Қанжығалы  Бөгенбай  мен  Қаракерей  Қабанбай,  Шапырашты  Наурызбай 

болып, соның ақыл-кеңесіне сүйенген, қажет жерінде жігер күшіне сүйенген. Небір күрмеуі қиын 

күрделі мәселе тап келсе, ол дереу билер алқасына салып, кеңінен кеңесіп, кемел байлам жасаған. 

Төле  мен  Әйтеке,  Қаз  дауысты  Қазыбек  сияқты  кең  толғар,  кемеңгер  билердің,  Бұқар  жырау 

сияқты  от ауызды,  орақ тілді,  данагөй  ақындардың  ақылына жүгініп,  болашақ ісіне бағдар алып 

отырған. Осының өзі-ақ оның халықтың қайнаған ортасынан шығып, соның мұңын мұңдап, жоғын 

жоқтап, сойылын соққан қайраткер екенін қапысыз аңғартса керек. 

Абылайдың  ақылы  мен  жігерін  анық  таныған  Қабанбай  батыр  әуелі  Бұқар  жыраумен 

ақылдаса  отырып,  бұл  жақтарда  елге  тартқандарымен  ел  билігінен  шетте  қалмаған  Төле  би  мен 

Қаз дауысты Қазыбек биді кеңеске шақырып, 23-ке жаңадан келіп (кейбір деректерде 25 жасында), 

толысып тұрған Абылайды Әбілмәмбеттің ұсынысымен үш жүздің тоқсанға тарта игі жақсылары 

жиылып,  Әбілмәнсүрді  Абылай  атымен  1734  (1735)  жылы,  барыс  жылы  ақ  киізге  көтеріп,  хан 

тағына отырғызады. [4]  

Орыс  үкіметі  халқына  ықпалды  Абылайдан  қайтсе  де  көз  жазбауды  ойлайды.  1741-1742 

жылы қалмақтармен соғыста қазақтар жеңіліп, 200 адаммен Абылай хан Қалдан Сереннің қолына 

түседі. Абылай ханды күшпен босатуға болмайтын еді. Орыс патшасы осы кезе Қалдан Серенмен 

карсы  болатын.  Сондықтан  Төле  би  осы  жағдайды  орыс  патшасының  Орынбордағы 

губернаторына барып, көмек сұрап, Абылайды босатып алады. Абылай хан жөнінде И.И.Неплюев: 

«Қырғаз  халқында  бас  ханның  болуы  пайдалы  болмайтыны  былай  тұрсын,  зиянды  да  болуы 

мүмкін» - деп жазды. Абылай ханның «Төкемнің жақсылығын екі дүниеден де ұмытпаймын» деуі 

де содан.[5] 

Абылай ханның өзі ат үстінде жүрген кезде екі рет қол жинап келіп, қазіргі Жамбыл және 

Алматы облыстарына қарайтын өңірлерді қырғыз манаптарынан босатқанын бүгінде біреу білсе, 

біреу  біле  бермейді.  «Мүмкін  осындай  алып  аумақты  ата-бабаларымыз  қалай  иемденген»  -  деп 

таңдана  шаттанатын  қазақтың  бүгінгі  ұрпағы  мен  болашақ  өкілдері  жалпы  ұлт  мүддесі  үшін 

орасан  зор  еңбек  сіңірген  Абылайдай  тұлғаның  әрбір  кеменгерлік  ісі  мен  ерлікке  толы 

жорықтарын жатқа біліп одан өнеге алуға ұмтылғанымыз абзал.  

Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін жоңғар басқыншылығына қарсы Абылай бастаған азаттық 

айқастарында  әзіз  бастарын  қатерге  тіккен  ұлы  батыр  бабаларымызды  атақты  Бұқар  жырау  өз 

өлеңдерінде  жырлап  отырған  екен.  Бұлардың  көбісі  қазір  қалың  жұртқа  қайтадан  танылып, 

мәңгүрттене бастаған кейінгі ұрпақ әруақпен қайта қауышып, ерліктерін еске түсіруде.  

Жоңғар шапқылығында жау жүрек батырлығымен көзге түсіп, кейін (1771 жыл) хан атанған 

Абылай  да  қазақ  жұртына  тәуелсіздігі  жолында  бүкіл  саналы  ғұмырын  сарп  етті.  Түркістанда, 

Әзірет  сұлтан  мешітінде  үш  жүздің  басы  қосылған  алқалы  жиында  хан  тағына  отырған. 

Абылайдың  «Хан  жайлауы»-Көкшетау  өңірі  болған.  Алайда  өмірінің  ақырында  тағы  да  атқа 

қонған  кемеңгер  хан  Түркістанды  жаудан  босатып,  Ташкент  әмірін  тізе  бүктірген  сапарында 

дүниеден өтті, Абылайдың арулаған сүйегі Яссауи мешітінің ішіне қойылады.[6]  


Төле  бидің  тәлім-тәрбиесін  көрген  Абылай  да  өз  жанынан  тамаша  күйлер  шығара  білген, 

Шоқан айтқандай сол заманның эпикалық қарымындағы ерлік істерін күй тілінде бейнелей білген 

жан. 

Еліміздегі  басқа  халықтардың  тарихы  сияқты  біздің  қазақ  халқының  тарихы  да  ерлік  пен 



қаһармандыққа толы. Осы қаһармандық жолында Төле би мен Абылайдың ерлігі мен билігі қазақ 

халқының тарихында ерекше орын алады. Абылай өзінің де, өзгенің де, яғни қазақ халқының да, 

көрші мемлекеттердің де хал-жайын, күш-қуатын дәл өлшеп, дұрыс аңғара отырып, өзінше саясат 

ұстай білген тұлға. 

 

Әдебиеттер 

 

1.



 

Төле би. С.Дәуітов. Алматы. «Мұраттас» ҒЗО. 1991ж, 76-77 бб. 

2.

 

«Егемен Қазақстан» №6. 31.12.2008 ж. 



3.

 

«Қазақстан» ҰЭ, Алматы, 1998ж. 45-47 бб 



4.

 

Абылай хан: - Алматы: МП «Айқап», 1992. – 32 бет. 4-6 бб 



5.

 

Арай №5 қыркүйек 2013ж. №36 (412) 9-бет 



6.

 

Серікбай Қосан. Шығыстанушы. «Түркістан – хандар қаласы»  Ана тілі. №42 20.10.2000  5-



бет 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



Өтініш 

Баяндамашының тегі, аты-жөні (толығымен) 

Мырзахмет Ғ.К., Көбесова А.С. 

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы 

Тарих магистрі 

Мекемесі, лауазымы 

ТарМУ, аға оқытушы, оқытушы 

Мекен-жайы (индексі көрсетілуі міндетті) 

Тараз қ, 4.24.81 

Телефон, факс (халықаралық байланыс кодымен) 

87011523557 

Баяндаманың тақырыбы  

Елдің болашағын сақтаған ірі тұлға 

Секцияның атауы 

Абылайхан 

– 

біртұтас 



қазақ 

елін 


нығайтудағы ұлы тұлға 

Керекті техникалық құралдар 

Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі 



(иә, жоқ) 

жоқ 


 



Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет