Әлдешев А.Ә. 1, м.ғ. к., доценті



Дата08.07.2017
өлшемі36.45 Kb.
#29363
Әлдешев А.Ә. 1, м.ғ.к., доценті, Халмурзаев Н.А2., дәрігер, Ибрагимова У.Б. 1, ассистент, Сайтмуратов Х. 1, дәрігер, Налибаева Д.У. 2,3, дәрігер

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы1, Шымкент қ.

Облыстык клиникалық ауруханасы2, Шымкент қ.

Шымкент қалалық жәрдем медициналық комек станциясы3, Шымкент қ.


ЖІТІ МИ ҚАН АЙНАЛЫМ БҰЗЫЛЫСЫНАН КЕЙІНГІ НАУҚАСТЫҢ ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ
ТҮЙІН
Жіті ми қан айналым бұзылысы бар науқастарды оңалту қағидалары, ұзақтығы, қалпына келтіру факторлары, асқынумен күрес, инсульттің қайталануын алдын алу. Афазиясы бар науқастарды оңалту. Оңалту жүргізуге қарсы көрсеткіштер. Бұлшықет тонусын төмендететін іс шаралар. Салауатты өмір салтын ұстану.

Түйін сөздер: Инсульт, оңалту, инсульттің қайталануын алдын-алу, қалпына келтіруші факторлар.
Инсульттің жіті кезеңінде көптеген асқынулар кездеседі. Оның себебі гипокинезия (аяқ тромбофлебиті, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, өкпедегі іркіліс және т.б.). Сонымен қатар екіншілік асқынулар кездеседі (спастикалық контрактура). Оңалтуды ерте бастау функциялардың ерте және толық қалпына келуіне жағдай жасайды.

Оңалту қағидалары және ұзақтығы: Оңалту- инсултті өткерген науқастың бірінші күнінен басталынады, негізгі мақсаты бұзылған функцияларды қалпына келтіру, екіншілік асқынуға жол бермеу. Оңалтуды дұрыс ұйымдастырып, науқас жатқан бөлімшеден бастайды.

Инсультті басынан өткерген науқастарда алғашқы алты айда қозғалыс функциялары қалпына келуі тиіс. Жіті ми қан айналым бұзылысының ауыр сатысында оңалту жүйесін жүргізу үшін нейровизуализация әдісіне (компъютерлі және магнитті-резонансты томография) және ми ісігінің кері дамуына көңіл бөледі. Орта есеппен 1,5 аптадан 3 аптаға дейін уақыт кетеді.

Афазиясы бар науқастарда оңалту жүйесі 2-3 жылға созылады. Оңалту жиынтығына бірнеше әдістер жатады. Түрлі қимыл-қозғалыс бұзылысында кинезотерапия әдісін (белсенді және белсенді емес жаттығулар, өзін күтуді және жүруді үйрету), электростимуляция, еңбек терапиясын қолданады және де жоғары мамандандырылған мамандармен (невролог, реабилитолог, ЕДШ әдіскері, логопед-афазиолог, физиотерапевт, психотерапевт, еңбек терапевтімен) қамтамасыз етілуі тиіс.

Жаттығулар дәрілік препараттарды қолданумен бірге жүргізіледі және науқастың туыстары көмектесуі тиіс.

Қалпына келтіру факторлары: Инсульттен кейін қалпына келтіру факторларына-зақымданған ошақтың айналасындағы ісіктің азаюы, сол аймақтағы қан айналымның жақсаруы, қызметке қатыспайтын нейрондардың тежелуі жатады. Функциялардың қалпына келуі ошақтың көлемі мен орналасқан жеріне байланысты. Мидың ішкі капуласының артқы аяғында орналасқан ошақта қозғалыстың қалпына келуі ауыр өтеді. Жағымсыз факторларға еркін-эмоциональдық және когнитивті бұзылыстар жатады.

Белсенді қозғалыс оңалтуын жүргізуге қарсы көрсеткіш: жүрек жетімсіздігі, стенокардия, жіті қабыну ауруы, созылмалы бүйрек жетімсіздігі.

Инсульттен кейінгі кезеңдегі асқынумен күрес жолдары. Инсульттен кейін асқынудың бірі-бұлшықет тонусының күшейуі. Кейбір жағдайда бұлшықет тонусының күшейуі бірінші күні немес 2-3-ші күні кездесуі мүмкін. Бұлшықет тонусының күшейуі контрактураға алып келеді.

Бұлшықет тонусын төмендететін іс-шаралар: Науқастың жату қалпын өзгерту, 2-сағатқа арнайы лонгетті аяқ-қолға қою (күніне 1-2 рет), уқалау, сипалау, сүрту, жылумен емдеу.

Сонымен қатар 20% науқастарда- артропатия, иықтың ауырсыну синдромы кездеседі. Ауырсынуды басатын: магнитотерапия, лазермен және инемен емдеу. Ұлпалардың қоректенуін жақсартатын парфин мен озокеритті апликация және сумен емдеу.

Инсульттің қайталануын алдын-алу: Негізгі мақсатымыз инсульттің қайталануына жол бермеу. Ол үшін науқастың қауіп факторларын анықтап аламыз және алдын алу емін ұйымдастырамыз. Негізгі қауіп факторларына жатады: артериальды гипертония, гиперлипедемия, жүректің кейбір аурулары (мерцательді аритмия, жүрек қақпақшаларының зақымдануы), қант диабеті, темекі шегу, семіздік, физикалық белсенділіктің төмендігі. Инсульттің қайталануының себебі көбіне алғашқы болған инсульттің себебінен болады, сол үшін біріншілік себепті емдеу керек. Егер науқаста артериальды гипертония болмаса, аневризманы анықтау мақсатында ангиография әдісін жүргізуіміз тиіс.

Ишемиялық инсульттің барлық түрінде антиагреганттарды қабылдау міндетті болып табылады. Егер ишемиялық инсулт кардиоэмболияның нәтижесінде болса антикоагулянттарды қосуымыз тиіс.

Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстану қажет: темекіден және алкогольден бас тарту, ем дәм, мөлшерлі физикалық жүктеме.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Кадыков А., Шахпаронова Н. Реабилитация после инсульта [Электронный ресурс]: практическое руководство для пользователей /-Режим к доступу med39.ruarticle/kardiology…posle_insulta.html.

2. Кадыков А., Шахпаронова Н. Реабилитация после инсульта [Электронный ресурс]: научно-практический журнал/ - Режим доступа к журналу: CoolReferat.com.



3. Полойко А.А., Мотыль Ю.А., Ефимов И.В. Ранняя вертикализация больных, перенесших инсульт [Электронный ресурс]: реабилитационный портал / 2012. – . – Режим доступа к журналу/ http://reabilitaciya.com

4. Даминов В.Д. Реабилитация на вертикализаторе [Электронный ресурс]: http://www.vertikalizator.ru
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет