Экономикалық қауіпсіздік түсінігінің теориялық астарлары



Дата02.07.2017
өлшемі81.64 Kb.
Экономикалық қауіпсіздік түсінігінің теориялық астарлары
Жумабеков Б.Е.

Абдимомынова А.Ш.

Қызылорда мемлекеттік университеті

Экономикалық қауіпсіздік – экономикалық тәуелсіздігі мен тұрақты дамуына қауіп төндіретін ішкі және сыртқы факторлардан, үдерістерден, жағдайлардан қорғау. Экономикалық қауіпсіздікке төнетін қауіп мемлекеттік жүйенің басқару жүйесінің негізгі буындарының құлдырауы, ұлттық байлыққа нұқсан келу, технологиялық артта қалушылық, қаржы - несие, валюта жүйесінің бұзылуы, ғылыми әлеуметтік регресс, қоғамның ыдырауы, конституциялық әлеуметтік және кепілдікпен адамдарды қамтамасыз ете алмау сияқты ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен туындайтын қауіптің мүмкіндігі. Факторлар – үдеріс, құбылыстардың пайда болу жағдайы, олардың сипатын анықтайтын жеке белгілер, нәтижелер, ішкі немесе сыртқы болуы мүмкін, бір мезгілде, бір немесе бірнеше бағытта болуы мүмкін. Экономикалылық қауіпсіздікке әсер ететін факторларға табиғи, техногендік және экологиялық сипаттағы төтенше жағдайларды жатқызуға болады.

Экономикалық қауіпсіздік жүйесі – экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатына қол жеткізуге бағытталған және нормативтік актілердің жиынтығы.

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі – атқарушы билік органдарымен, төтенше жағдайлардың салдарын жою мен бөлу қаупінің алдын алуға арналған қаражаттар мен күшті қамтитын экономикалық қауіпсіздік жүйесінің құрамдас бөлігі.

Экономикалық қауіпсіздік объектісі – экономика мен мемлекетті тиімді басқару жүйесі аумақтық тұтастықты, егемендікті сақтауға ықпал ететін жағдайлар.

Экономикалық қауіпсіздік субъектісі адам мен қоғам заңды-атқарушы сот билігі түріндегі мемлекет.

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиясы, негізгі мақсаттары мен оларға қол жеткізу жолдары, жалпы қоғамның әрекетінің ортақ бағыттылығын қамтамасыз етуге бағытталады. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік саясатының мақсаты болып, әлуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ету жағдайын жасау, негізгі құндылықтарды қорғау, Қазақстан халқының өмір сүруінің материалдық негіздерін, оның құқықтары мен бостандықтарын, республиканың ішкі және сыртқы саясатына саяси қысым мүмкіндіктерін болдырмауға жағдай жасау.

Экономикалық қауіпсіздік пен тәуелсіздік қойылған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік шаралар мен кепілдіктердің жүйесімен қамтамасыз етіледі, және одан мынадай міндеттер туындайды:

1. Республикада экономикалық қызметтің тұрақты заңды базасын құру.

2.Валюта - қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы қарызды реттеу.

3. Өндіріс, экспорт,импортты оңтайландыру.

4. Шетел капиталын пайдаланатын кәсіпорындардың құрылуы мен қызмет істеуін реттеу.

5. Жабық, құпия, комерциялық құпияны және басқа да ақпаратты, меншіктік зияткерлікті қорғау жүйесін құру.

6. Экономикалық қауіпсіздік пен тәуелсіздікті қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік басқару органдарының жүйесін құру.

Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін құрылымдық инвестицияның, валюталық-қаржылық, экспорттық-импорттық, кедендік институционалдық және кадрлық саясатты, экономикалық реформаларды құқықтық қамтамасыз ету талап етіледі.

ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында тәуелсіз Қазақстан үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасының маңыздылығы артты. ҚР «Ұлттық қаупсіздігі туралы» заңында «ұлттық қаупсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының дамуының негізгі шарты болып табылады» деп жазылған [1].

Ұлттық қаупсіздік мемлекеттің тұтастығымен өмірін қамтамасыз етуден, елдің қажеттіліктерінің жиынтығын білдіретін, мемлекеттің ұлттық мүддесімен анықталады.

Кез-келген мемлекеттің негізгі ұлттық мүдделері болып мыналар табылады:



  • елдің аумақтық тұтастығы;

  • мемлекеттік егемендігі;

  • елдің және халықтың экономикалық өркендеуі;

  • әлемдік қауымдастықта лайықты орынға ие болуы [2].

Қазіргі жағдайда ұлттық қаупсіздікке қол жеткізу, ең алдымен экономикалық қаупсіздікке сүйенеді, яғни Қазақстанның даму стратегиясының негізгі бағыттарының маңыздысы экономикалық жүйенің қаупсіздігі болып табылады. Экономикалық және саяси тұрақсыздық, Қазақстан мен тек әлеуметтік экономикалық байланысты емес, сонымен бірге ондаған жылдар бойы ұлтаралық және жеке байланыстармен қарым-қатынасатын көршілес мемлекеттердегі ұлтаралық шиеленістер, республикадағы жағдайға теріс ықпалын тигізеді. Еңбекті аймақтық бөлу және орталықта жоспарлау жылдарында қалыптасқан өнеркәсіптік және минералдық шикізаттан және қайта өңделетін кейбір өнімдерден басқалары өнімдерді өткізудің альтернативті рыногының болмауы, өндірістің технологиялық артта қалуы, оның өтелмейтін монополиялануы мен шоғырландырылуы Қазақстан экономикасын қауқарсыз етеді.Ол экономикалық тетіктерді, республикалық саяси қысым жасау үшін, Қазақстаннан басқа елдермен қарым-қатынасындағы ұлттық мүдделерге қысым жасауға пайдалану мүмкіндігін тудыруы тиіс. Сондықтан да, біздің пікірімізше, «экономикалық қауіпсіздік - азаматтардың әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында аз еңбекті шығындай отырып, шикізат ресурстары мен қоршаған ортаны табиғи қорғап, пайдалану арқылы елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ету, яғни экономикалық қауіпсіздік – тек ұлттық мүдденің қорғалуы ғана емес, сондай-ақ Үкімет институттарының отандық экономиканы дамытудағы және қоғамның әлеуметтік саяси тұрақтылығын сақтап тұрудағы ұлттық мүддені қорғауға қабілеттілігі және даярлығы болып табылады».

Экономикалық қауіпсіздіктің проблемасы - оның жеке объектісі және басқа қызметтердің мүмкін болатын сфераларымен (әскери, әлеуметтік, саяси, экономикалық, ақпараттық және т.б.) өзара әсер ету объектілері болады. Сондықтан экономикалық қауіпсіздіктің проблемаларын ішкі экономикалық және сыртқы экономикалық мәселелерді қамти отырып, жеке экономикалық сферада, оның ішінде олардың бірігетін жерлері: экономикалық сфералардан тыс аралас экономикалық сфералардың салаларында қарастырған жөн. Оларға: әскери-экономикалық сала; қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласы (көлеңкелі экономика проблемалары, экономикадағы сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмыс); елдің интеллектуалды және ғылыми-техникалық потенциалды саласы; экономика мен табиғаттың өзара әрекет сферасы жатады.

Барлық қызмет салалары мен сфераларындағы қауіпсіздік проблемасын шешудің маңыздылығын ескере отырып, экономиканың негізгі рөлін тереңірек айту керек, өйткені өндіріс, материалдық игіліктердің бөлінуі мен тұтынылуы қоғамның тіршілігін анықтайды.

Экономикалық қауіпсіздік объектілеріне - мемлекет, экономикалық жүйенің негізгі элементтері және жалпы мемлекеттің экономикалық жүйесі, оның бүкіл табиғи байлықтары, экономиканың барлық деңгейіндегі шаруашылық субъектілері, мемлекеттің барлық институттары мен мекемелері және жеке тұлға, сонымен бірге олардың өмірлік маңызды экономикалық мүдделері жатады.

Экономикалық қауіпсіздік субъектілері - бұл саладағы өзінің негізгі функцияларын, заң, атқару, сот биліктері: функционалдық және салалық министрліктер және ведомстволар, салық және кеден қызметтері арқылы мемлекеттің өзі болып табылады [3].

Осылайша, экономикалық қауіпсіздік мәселелерін қарастыра отырып, оның ішкі және сыртқы қатерлердің бетін қайтаруға қабілетті тұрақтылықты сақтауға, ұлттық экономиканың қорғалушылығына бағдарланған ортақ міндеттерімен және өзгеше функцияларының өзара байланысты жүйені білдіреді. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үрдісі ішкі және сыртқы қауіптерден немесе қатерлерден қорғалу механизмдерін қалыптастыруға негізделген. Өйткені, экономикалық қауіпсіздік – ішкі-сыртқы экономикалық қатерлердің бетін қайтаруға қабілетті, экономикалық тұрақтылықты сақтау және ұлттық экономиканың мемлекет тарапынан қорғалуына бағытталған өзара байланысты экономикалық кешенді шаралардан тұратын динамикалы жүйені білдіретін экономиканың жай-күйі ретінде анықталады (1-сурет).



Экономикалық қауіпсіздік



Ішкі

Сыртқы


Қаржы-лық

Ақпа-раттық

Эколо-гиялық

Шикі-заттық

Энергетика-лық

Азық-түлік

Технология-лық

Сауда

Ескерту – автордың құрастыруы

Сурет 1 ─ Экономикалық қауіпсіздік элементтері
Ұлттық экономикалық қауіпсіздік - салалардың, жеке кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың экономикалық қауіпсіздігінің жиынтығы ретінде қарыстырылады. Яғни, ұлттық экономикалық мүдделердің ішкі және сыртқы рыноктарда қорғалған жағдайы елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуінің алғы шарты ретінде анықталады [4].

Экономикалық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызмет пәні төмендегілер болып табылады:

- ұзақ және қысқа мерзімдегі мемлекетпен әлеуметтік - экономикалық жүйенің тұрақтылығын бұзатын факторларды анықтау және мониторингі;

- бірегей экономикалық реформа бағдарлама аясындағы бұл факторлардың зиянды әсерін жеңілдететін немесе жоятын экономикалық саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру.

Экономикалық қауіпсіздік экономикалық әдістермен және экономикалық сипаттағы емес (саяси, әскери) әдістердің құралдарымен қамтамасыз етіледі. Аралас экономикадан тыс салалардағы қауіпсіздік тек соларға тән әдістермен және экономикалық әдістермен, оның ішінде ақша қаражаттары мен экономикалық сипаттағы ресурстарды тарту арқылы қамтамасыз етіледі. Кез-келген салалардағы қауіпсіздік салдарын экономикалық бағалау, зиянның көлемін бағалауға және осы негізде басымдықтар жүйесін анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастарға өту кезінде экономикалық қауіпсіздік саласында мемлекеттік реттеу - қоғамның және мемлекеттің ыдырауын болдырмаудың қажетті шарты. Қазіргі кезде елдің экономикасы, шетелдік өндірушілер тарапынан жан-жақты қысымына ұшырады. Қазақстанның тарихи дамуының қазіргі кезеңінде, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің нақты ішкі және сыртқы қауіптері бар және олардың алдын алу немесе болдырмау, Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігінің маңызды элементі болуы тиіс.

Өндіріс, инвестициялық, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы ұлттық мүдденің мақсаты - азаматтық қоғамның даму мүмкіндіктері мен мүдделерін ескеруге негізделген, нарықтық шаруашылық әлеуеті бағдарлы инновациялық типін қалыптастыру, жаңаша технологиялық құрылымның қалыптастыру негізіндегі қазіргі мемлекеттің экономикалық дамуының бағытын анықтайтын экономикалық салаларын қолдау.

Экономикалық қауіпсіздік түсінігінің маңызды ерекшеліктері бар, олар:

1. Нақты – тарихи мазмұны, ол нақты жағдайларды талдауда елге деген қауіп экономиканың қай саласында төнеді, оның қатерлі деңгейі қандай болатынын анықтайды;

2. Шекті мазмұнда болады, және экономикалық қауіпсіздік жағдайы кері шамасымен анықталады, яғни оған қатерлі белгілі бір қауіптермен;

3. Экономикалық қауіпсіздік мәселелерінің маңызы мен мазмұны елдің, жеке өңірлердің және жалпы халықаралық қоғамдастықта дамуының бөлінген шектерінде өседі;

4. Экономикалық қауіпсіздіктің барлық критерийлері мен параметрлері қозғалыста болғанмен, әртүрлі елдер үшін оның ерекшелігі - адамзаттың экономикалық даму тенденцияларымен олардың байланысы болып табылады.

5. Экономикалық қауіпсіздік түсінігінің мазмұнына сөзсіз ұлттық-мемлекеттік мүдделер мен ұлттық идея әсер етеді [5].

Әдебиеттер тізімі:



  1. Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы // Егемен Қазақстан, 2010ж.

  2. Государство и рынок: Американская модель/ Под.ред. д.э.н., проф. М.А. Портного.- М.:Изд. «Анкил».- 1999, 8с.

  3. Алпысбаева С., Токешова М. Бюджетно-налоговая безопасность как часть экономической безопасности государства // Саясат, 2009.- № 1.- с.9.

  4. Молдабаев С.Д. Ашық экономика жағдайындағы протекционизм саясатының орны // ҚазЭУ хабаршысы, 2009.- № 5.-7б.

  5. Тулепова Б. Основы экономической безопасности и независимости Республики Казахстан // Поиск,2000.- № 6.-с. 160.



Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет