Экономика пәнінің математикамен өзара байланысын зерттеу. Аманжолов. Е. М



Дата21.12.2017
өлшемі72.15 Kb.
ЭКОНОМИКА ПӘНІНІҢ МАТЕМАТИКАМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫН ЗЕРТТЕУ.

Аманжолов. Е.М.

5Ә, №1 мектеп-гимназиясы, қ. Сәтбаев

жет. Максутова Э..М.
Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер!

Менің мақсатым: Математика мен экономика пәнінің пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда әртүрлі білім салаларының арасында айырма жоқтығынан олардың бір-бірімен үнемі байланыста болатындығына, әр сала өз әдіс- тәсілдерімен материал-дық дүниені зерттейтіне көз жеткізу.

Біздің заманымыз ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен ерекшеленеді.

Ғылым қоғамды алға жетелейтін қозғаушы күшке айналуда. Сондықтан кез-келген салаға әрбір жұмысты тиянақты атқара алатын, ойлау қабілеті жоғары мамандар дайындау талабының туындауы сөзсіз нәрсе. Осы талапқа сай мамандарды дайындау-ды мектеп қабырғасынан бастау керектігі белгілі.

Әрбір оқушы мектептегі математика курсының теориялық мәселелерін жете түсініп, берік игерсе, өмірде кездесетін түрлі мәселелерді шығармашылық шеберлікпен еркін шешеді.

Қазіргі таңда есептеу машиналарының математикалық аппараттарды химияда, биологияда, медицинада, техникада, экономикада және т.б салаларда кең түрде қолданылуы , түрлі мәселелерді математикасыз шешуге болмайтындығын көрсетіп отыр. Сол себепті мен кішкентайымнан бастап , математиканың әртүрлі ғылым салаларында алатын орны ерекше болғандықтан, осы тақырыпты таңдадым.

Жұмыс төмендегі бөлімдерден тұрады:



  1. Кіріспе.

  2. Негізгі бөлім.

    1. Математикадағы экономикалық мазмұнды есептер.

    2. Геометриядағы экономикалық мазмұнды есептер.

    3. Экономикалық мазмұнды халық есептері

Жұмыста әрбір бөлімде әр түріне бірнеше қызықты есептер келтіріліп, көрсетіледі.Уақыттың тығыз болуына байланысты бір-бір мысалдан көрсетемін.

Қазақстандағы экономикалық реформа бұған дейін қалаптасқан экономикалық ғылым, экономикалық білім және практика арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесін өзгертті. Нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты экономикалық білімге деген сұраныс күшейді. Экономикалық білім так экономика мен басқарудың түрлі саласында қызмет істейтіндерге, ғалым-экономистерге немесе экономика пәні оқытушы-ларына ғана керек емес, сонымен қатар экономикалық білім күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуде қоғамның әрбір мүшесіне қажеттілігін бүгінгі өмір талабы көрсетіп отыр. Мысалы, экономиканың нарыққа өтуіне байланысты қаржы жүйесін үлкен өзгеріске ұшырауынан кәсіпкерлікті дамытуың экономикалақ және құқықтық шарттары қалыптас-ып, құнды қағаздар рыногы дамуда. Осындай жаңа жағдайлар секторлар мен индивид-тердің инвестициялық әрекеттерін ретке келтіруде. Осыған байланысты түрлі шаралар қолдануда, оның мүшелері қандай да болмасын экономикалық шешім қабылдауда қаржылық жауапкершілік алады. Дұрыс, әрі шығынсыз шешім қабылдауда экономикалық білім мен біліктік қажеттілігі туындайды.

Экономикалық білімнің тиімділігі-оның үздіксіздігінде.Оның мазмұны негізінен көп жағдайда экономика ғылымына байланысты.

Экономиканың математика пәнімен өзара байланысын зерттеу барысында өмірде жиі кездесетін экономикалық мазмұнды есептер шығарып, білімімді тереңдей түстім.

Экономикалық мазмұнды математикалық есептерді шығарудың практикалық мәні зор. Мұндай есептердің мазмұны тек қана теориялық біліммен қаруландырып қоймай, оларды келешекте өздігінен дұрыс шешім табуға баулиды . Экономикалық тұрғыдан тәрбиелеуде қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек ерекше орын алады. Өнімді еңбекте кез-келген адамның жоспарлау ісіне, есеп алу, бақылау, өнімділік процесін ұйымдастыруға қатысуының маңызы өте зор.

Бұлардың бәрі материалдық қаржы қорын, жұмыс уақытын тиімді пайдалана білуге, еңбек өнімділігін арттыруға, жұмыс сапасын көтеру мүмкіндігін табуға, шаруашылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.

Материалдық қаражат түрлерін үнемдеп пайдалану жолында өндіріс орындарында ғана емес, жеке отбасы өмірінде де түрлі қиыншылыққа және т.б. құндылығын түсініп, үнем ережесінің тиімді жолдарын іздестіруге тәрбиелейді.

Практикада жиі кездесетін жәй, әрі өзекті мәселелердің бірі- көлік тасымал мұқтаждығы. Көлік – қатынас құралдарын оңтайлы пайдалану жүктің түрлерін дұрыс тандауға, көліктің жүкке лайықтылығына тығыз байланысты.

Жалпы жүк тасу жұмысы – негізгі өндіріс үрдісі. Олар еңбекпен құралдардың қатыстарымен бірге күш қажет етеді. Еңбек өнімділігін арттыру, тасымалдаудың өзіндік құнын төмендету, шаруашылықтағы жүк тасымалы жұмыстарының ұйымдасуына, жалпы мекемедегі ішкі-сыртқы жағдайға тығыз байланысты. Оған: тасылатын жүктің құрылымы, көлік жұмысының ауқымы, жолдың жағдайы, шаруашылықтағы өндірісті ұйымдастыру процесі және т.б. жатады.

Мысалы-1: «Параллелепипед көлемі» деген тақырыпқа арналған есепті қарастыруға болады.

Параллелепипед тәрізді ұзындығы 12 метр, ені 2 метр, тереңдігі 3 метр жер қазылған. Бір машинаға 9 м3 топырақ сияды десек, барлық топырақты тасуға осындай қанша машина қажет?



Шығарылуы:

  1. V = a·b·c=12·3·2=72 м3

  2. 72/9=8, яғни 8 машина қажет.

Өнімділік – бұл еңбектің нәтижелілігі. Ол уақыт бірлігінде өндірілген өнім санымен өлшенеді.Еңбек өнімділігі тек еңбекке ғана емес, сондай-ақ техникалық прогреске байланысты.

Уақытты үнемдеу үшін өндіріс өнімділігін, техникалық прогрестің шапшаңдылығын арттыру, қорларды дұрыс пайдалану, еңбекті ғылыми ұйымдастыру қажет. Еңбек өнімділігі артқан кезде өнім бірлігін шығауға кеткен еңбек үлесі артады.



2- Мысал. Совхозда екі түйе фермасы бар. Бірінші фермада жылдық сауым 1200000 л, ал екінші фермада бірінші фермадағыдан 100 түйе көп болса да, одан 750000 литр аз болды. Бірінші фермада бір түйеден жылдық сауым, екінші фермадағыдан 1000 литрге артық болды.

а) Әр фермада неше түйе бар?

ә) Әр фермада бір түйеден алатын орташа жылдық сауымды анықтандар.

б) Егер бір түйені күтуге (жұмысшы айлығы, басқа шығындарды есептегенде) бір жылда 60000 теңге жұмсаса, әр фермадағы 1 литр сүттің өзіндік құнын (сүтті өткізуге кететін шығынды есептемегенде) анықтандар.

Шешуі:


  1. әр фермадағы түйе саны.

1-фермада – х түйе.

2- фермада (х+100) түйе



2. Жылды сауым.

1- фермада 1200000 литр

2- фермада 1200000-750000=450000 л.

3. Бір түйенің жылдық сауымы

1-фермада

2-фермада теңдеу кұрастырамыз

1200000х + 120000000=450000х +1000х2 +100000х

1000х2-650000х-120000000 = 0

а) х2-650х+4·120000 = 0

D= 422500 + 4· 120000 = 902500

Х1=800

Х2= -150

1-фермада 800 түйе

2-фермада 900 түйе болады.

ә) әр фермадағы бір түйеден алатын орташа жылдық сауым:

1-фермада 1200000:800 =1500 л

2-фермадағы 450000:900 = 500 л

б) Бір түйеге бір жылда 60000 теңге жұмсалса, бір фермада 800 түйеге 48000000 теңге, ал екінші фермадағы 900 түйеге- 54000000 теңге жұмсалады. Барлық шығынды барлық шығарылған өнім санына бөлсек, бір өнімнің өзіндік құны шығады.

1-фермада теңге

2-фермада теңге
3-Мысал. Сүттің стандартты майлылығы 3,2 %. «Қайсар» фермерлік шаруашылығында күн сайын майлылығы 3,65 % 100 кг сүт сауылады. Сүтті стандартты майлылыққа келтіру үшін не істеу керек?

Шешу: Сүттің майлылығын келтірудің екі жол бар:



  1. аз мөлшерде су құю керек

  2. көк сүтті қосу керек

Егер сүтке су қоссақ, онда сүттің тығыздығы кемиді де, белоктың құрамы азаяды, яғни сүттің сапасы төмендейді. Бұл жолды қолданбаймыз.

Сүттің майлылығын кеміту үшін, оған көк сүт қосамыз. Біз енді нақты есепке келдік: «Майлылығы 3,2 болатын сүт алу үшін, майлылығы 3,65 % 100 кг сүтке майлылығы 0,05 % қанша сүт қосу керек?»

Көк сүттің массасын х кг деп аламыз. Бұл сүтте 0,0005·х кг майлылығы бар. Есеп шарты бойынша 100 кг сүтте 3,65 кг май бар десек, онда (100-х)кг сүтте массасы 3,65+0,0005х болатын майлылық бар.

Осыдан мынандай теңдеу аламыз:



,







Бұдан х14 (кг)



4-мысал. Тігін шеберханасында екі бригада жұмыс жасайды. Бірінші бригада 640 көйлек, ал екіншіде осы мерзім ішінде одан 12,5 артық тігуі тиіс еді. Біріншісі әр күнде екіншіден 10 көйлек артық тігіп, тапсырманы белгіленген мерзімнен 4 күн бұрын орындаған. Егер екінші бригадаға тапсырманы орындау екінші бригадаға тапсырманы орындау үшін және 4 күн керек болса, бұл бригада әр күнде неше көйлек тіккен?

Шешуі:

1-ші бригада 640 көйлек

2-ші бригада 12,5 артық 640+6400,125=720

1-ші бригада бір күнде (х+10) көйлек

2-ші бригада бір күнде х көйлек

1-ші бригада (у-4) күн

2-ші бригада (у+4) күн




















Жауабы: 30 көйлек.

5- мысал. Тік төртбұрыш тәрізді үлескенің дәл ортасында ағаш өсіп тұр. Ағаш пен кіші қабырғаға дейінгі қашықтық 23,8 м, үлкен қабырға қоршауының ұзындығын анықтаңдар.

Шешуі:

Бер: АВСД – тік төртбұрышы

КО = 23,8 м

NO = 16,7 м



Т/к 

Шешуі: ВА = 2АК өйткені, АК = ОN







ВА = CД, ВС = АД

АД = 2АN, өйткені ОК = АN – 23,8

 Жауабы: 162м.

Пәнаралық байланысты жүзеге асыру әр түрлі білім салаларының арасында айырма жоқтығына олардың бір-бірімен үнемі байланыста болатындығына, әр сала өз әдіс- тәсілдерімен материалдық дүниені зерттейтініне көзімді жеткіздім.

Пәнаралық байланыстарды зерттеуде , дүниеге ғылыми көзқарастарды қалыптастыруда өзара байланысын көрсетуде білімім мен ұғымфымды тереңдеттім, математика пәніне деген қызығушылығым артып, өз бетімен жұмыс істеуге жетеледі және есеп шығарудың жылдамдығын арттыруға көмектесті..

Есеп шығару мен үшін басқа пәндерде математикалық ұғымдарды қалыптастыруға, білімдерімді іс жүзінде қолдануға жол ашты.

Қазақстан Республикасының білім жүйесі саясатының мақсаттарының бірі- жан-жақты, білімді , шығармашыл қабілетті, танымдық белсенділігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Олай болса, «Талап- тұлпар, білім- сұңқар» демекші дарынды ,білімді жастар ғана Мемлекетіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік –экономикадық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан мен өзімнің шығармашылық жобамда жан-жақты ізденіп, теориялық білімімді өмірмен ұштастырып, математика мен экономика пәндерінің өзара байланыста екенін дәлелдеуге тырыстым.

Бұл жұмыс оқушыларға өз білімдерін тереңдетуге көмектесетіне сенімдімін.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Арын Е, Сатыпалдин С, Аганина Қ, Қасимова Ж, т.б. Қазақстан республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі экономикалық білім беру тұжырымжамасы // Қазақстан мектебі, 2, 2001 ж.

  2. Абалкин Л. И. Новый тип экономического мышления. Москва. Экономика. 1987 г. 191 стр.

  3. Абрамова А. М. Экономика мыслить и действовать // Политехническое образования. 1988. Москва. 90-91 стр.

  4. Аганина К. Ж. Экономикалықбілім беру – заман талабы // Қазақстан мектебі № 4. 2000 ж.

5. А.С.Симонов «Проценты и банковские расчеты» №4 .1998

  1. А.С.Симонов «Сегодняшяя стоимость завтрашних платежей » №6,

  2. Беньяминов «Математика и сельское хозяйстово» Москва 1968

  3. С.Ерубаев «Қазақтың байырғы есептері »



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет