Физминутка
Раз – подняться, потянуться
На четыре – руки шире
Два – согнутся, разогнутся,
Пять – руками помахать
Три – в ладоши три хлопка
И на место тихо встать.
Викторина «Продолжи пословицу» (слайд 8)
«Землю красит солнце, а человека...(труд)».
«Без труда не вынешь и ....(рыбку из пруда)».
«Человек без друзей, что.....(дерево без корней)».
«Сам погибай, а ....(товарища выручай)».
«Не красна хата углами, а красна....(пирогами)».
«Нет друга ищи, а нашел...(береги)».
Подвожу итоги занятия.
– Молодцы ребята, вам понравилось наше занятие?
– Что мы узнали сегодня?
– Какими видами устного народного творчества познакомились?
– Что такое пословица?
– Что такое поговорки?
– Что такое загадки? (ответы детей)
54
www
.kazmektep.kz
Круг «от сердца к сердцу».
– Ребята, хочу вас пригласить в круг «от сердца к сердцу». Нам нравится
круг, потому что в нем нет уголков, круг сближает всех людей, у кого добрые,
открытые сердца.
Сердце свое открою,
Все хорошие слова,
Счастьем поделюсь с тобою.
Говорю я для тебя.
– Вы чувствуйте, как нам хорошо вместе? Потому что, сегодня замеча-
тельный день, у нас хорошее настроение, мы общаемся с друг другом, откры-
ваем свои сердца для любви, счастья, и радости. Давайте, передавая это сер-
дечко, скажем друг другу «спасибо!» и за мир, в котором мы живем, скажите
нашим гостям «спасибо!».
Вывод делаю. Казахский народ в сказках, легендах и в других жанрах
устного народного творчества учит и воспитывает у людей только добрые,
хорошие, положительные качества.
ұл ашық сабақта ағаш қолөнері домбыра туралы
түсінік беру арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеу,
НАҒЫЗ ҚАЗАҚ
–
ДОМБЫРА
Қапиза ӘБДІРАХМАН,
№7 балабақшасының ересектер тобы тәрбиешісі
Б
қазақ халқының ұлттық музыка аспабы – домбыраның
құрылысымен таныстыру, сөздік қорын дамытып, тілдерін
жетілдіру, балаларды отансүйгіштік сезімге баулып, ата-
бабаларымыздың бай мұрасын құрметтей білуге тәрбиелеу мақсат етілді.
Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру әдіс-тәсілдерін қолданған сабақта ұлы
тұлғалардың портреттерін, үнтаспалар, музыкалық аспап, интерактивті
тақтаны көрнекілік ретінде пайдаландым.
Ұлттық аспап домбыра туралы түсінік бере отырып, күй атасы
Құрманғазы, күй анасы Дина Нұрпейісовамен таныстырамын және «Ақсақ
құлан» ертегі желісі бойынша қос ішекті домбыраның қасиетін ұғындыру
үшін алдын ала жұмыстар жүргізіледі.
Балалар күй әуенімен залға кіреді.
– Балалар, бүгін біздің сабағымызға апайлар келіп отыр. Ендеше
«Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені» демекші, аспан-ата, жер-ана, алтын
күнмен және қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Тәрбиеленушілер «Шаттық шеңберін» құрайды.
– Иә, балалар, бүгінгі сабақ – басқа сабақтан өзгеше, ерекше сабақ.
Сондықтан мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Ұзын мойын екі ішек
Басып қалсаң бір-бірлеп
Қарақатар тепкішек.
Күй шығады күмбірлеп. (Домбыра)
– Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Нағыз қазақ –
қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп аталады.
Балалар, осы домбыра туралы қысқаша түсінік бере кетейін. Домбыраның
құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлағы, пернелер, мойын, бет
қақпақ және ішектері бар.
(Балалардан қайталап айтып беруі сұралады.)
Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары, дыбыс жаңғырту қасиеті бар үйеңкі,
емен сияқты ағаштардан жасалады.
55
www
.kazmektep.kz
Домбыра аспабы – тек күй тартуға ғана емес, ақындардың айтыс өнеріне,
ән айтуда сүйемелдеу үшін қолданылатын аспап.
Сергіту жаттығуы
– Домбыра туралы кім тақпақ біледі?
Домбырадай мұраны
Сонда жатыр даламның
Қастерлеуге тұрады.
Үні менен бар әні.
* * *
Домбыра екі ішекті, тоғыз перне,
Домбыра іші қуыс,сырты тақтай
Жарасар әшекейлеп айтсаң терме.
Бірақта сөйлемейді қолмен қақпай.
* * *
Қолыма домбыраны мен алайын,
Достасып домбырамен би билейік,
Қосылып домбырамен ән салайын.
Сиқырлы домбырамен терме айтып.
* * *
Домбыра жүрегіммен үндес едің,
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Өнердің не екенін білмес едім.
Есік қағылады, иығында қоржыны бар Алдар Көсе кіріп келеді.
– Сәлеметсіздер ме, балалар?
– Сәлеметсіз бе, Алдар Көсе!
Балаларды сағынып,
Өнер сүйер бөбектерге,
Алыс жолдан келдім мен.
Сыйлық алып келдім мен.
Алдар Көсе қоржынды тәрбиешіге беріп, оның ішіндегі тапсырмаларды
балалар дұрыс орындаса, сыйлық алатынын айтады.
Тәрбиеші. Рақмет Сізге, Алдар Көсе! Балалар, мына хаттың ішінде не
бар екен? Оқып көрейік.
1-тапсырма. Күй немен орындалады?
– Күй домбырамен орындалады.
2-тапсырма. Күй атасы кім? Қандай күйлерін білесіңдер?
– Күй атасы Құрманғазы. Ол кісі күйші, композитор. Құрманғазы атаның
«Адай», «Сарыарқа», «Кішкентай», т.б. күйлері бар.
3-тапсырма. Күй анасы кім? Қандай күйлерін білесіңдер?
– Күй анасы Дина Нұрпейісқызы. Ол кісі күйші, композитор болған.
Құрманғазының шәкірті. Дина ананың «Бұлбұл», «Әсемқоңыр», «Жеңіс» де-
ген күйлері бар.
4-тапсырма. Кім домбырамен «домбырашы туралы » айтыс айта алады?
(Ұл мен қыздың айтысы ұйымдастырылады.)
5-тапсырма. Кім домбырамен терме айтып, өз өнерін көрсете алады?
(Терме айтылады.)
6-тапсырма. Кім «өнер» туралы мақал біледі?
Өнерді үйрен де жирен.
* * *
Өнерлі бала сүйкімді.
* * *
Өнер – бұлақ, білім – шырақ.
* * *
Өнерлі елден, өнерлі ұл-қыз шығар.
7-тапсырма. Қазір Алдар Көсенің қоржынынан шыққан «Ақсақ құлан»
ертегісін тыңдап, дискіні көреміз. Сендер мұқият тыңдап, есте сақтаңдар.
«Ақсақ құлан» аңызын тәрбиеші айтып береді, содан кейін дискіден
көреді.
Балалар «Ақсақ құлан» аңызынан көрініс көрсетеді.
56
www
.kazmektep.kz
– Балалар, енді қолымызға музыкалық аспаптарды алып, оркестрмен
«Домбыра сазы» әнін орындайық.
Қорытынды сөз. Алдар Көсенің тапсырмасын жақсы орындадыңдар,
енді қоржын түбінде қандай сыйлық бар екен, соны көрейік.
(Домбыраның суреті балаларға үлестіріледі.)
– Балалар, бүгінгі сабақ не туралы болды? (домбыра туралы).
– Домбыра қандай аспап? (шертпе).
– Қандай күйші-композиторды білесіңдер? (Құрманғазы күй атасы, Дина
күй анасы).
– Балалар, сабаққа бәрің де жақсы қатыстыңдар, рақмет сендерге.
сем безендірілген музыка залына балалар кіріп
келеді. Өз орындарына барып тұрады.
Балаларға сұрақтар қойылады.
ӨЛСЕ ӨЛЕР ТАБИҒАТ,
АДАМ ӨЛМЕС
Сұлу ЕШМҰҚАМБЕТОВА,
№7 балабақшасының тәрбиешісі
Ә
1. Біздің Отанымыз қалай деп аталады?
2. Ұлтымыз кім?
3. Қазақстан Республикасы Әнұранының авторларын атаңдар?
(Әнұран орындалады.)
Осы кезде «Желсіз түнде жарық ай» әні орындалып, сахна төріндегі пер-
де жайлап ашылады.
Көрініс. Қолында қаламы бар бала Абай отыр.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Жоқ-барды ертегіні термек үшін.
Бұл сөзімді тасыр ұқпас, талапты ұғар
Көкірегі сезімді тілі орамды.
Көңіліңнің көзі ашық сергек үшін.
– Балалар, бұл кімнің өлеңі?
(Абай Құнанбаев атамыздікі.)
Ата-ана көзі қуаныш
Гүлденіп ой өлкесі.
Алдына алған еркесі.
Еркелік кетті
Көкірегіне көп жұбаныш, Ержетті, –
деп айтқандай, кішкентай кезінен аналарының тәрбиесін алған Абай өте зе-
рек бала боп өсті. Абайдың шын аты – Ибрахим. Ол дүниеге келгенде азан
шақырып қойған есімі.
– Абайдың үлкен анасының аты кім? (Ұлжан).
– Кіші анасының аты кім? (Айғыз).
– Әжесінің аты кім? (Зере).
Зере әжесі «Ибрахим деген ат өте қасиетті. Ол құран сүрелерінен
алынған, сондықтан мен немеремді Абай деп қоямын. Абай деген ат даныш-
пан, көреген, сөзге шешен деген мағына береді» деген еді.
– Абайдың әкесінің аты кім? (Құнанбай).
Абай Құнанбаев бұрынғы Семей облысының Шыңғыс тауының баура-
йында 1845 жылдың 10 тамызында дүниеге келген. 9 жасында «Кім екен деп
келіп ем, үйге қонған» деген өлеңін шығарған.
– Абай атамыздың балаларға арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?
(Қыс, Көктем, Жаз, Күз.)
57
www
.kazmektep.kz
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Көктем
Жазғытұрым қалмады қыстың сызы, Жан-жануар, адамзат айналасы
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Ана-анадай елжірер жердің жүзі.
Жаз
Жазды күні шілде де өсіп тұрғанда
Күркіреп жатқан өзенге
Көкорай шалғын, бәйшешек.
Көшіп ауыл қонғанда.
Ұзарып өсіп жатқанда
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Білмеймін тозғаны ма,тойғаны ма?
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Жылқы ойнап, бие қашқан,
тай жарысқан.
– Балалар, біз қыста құстарды суықтан қалай қорғаймыз? (астау жасап,
жем, нанның үйіндісін салып қоямыз).
– Ағаштарды қалай қорғаймыз? (ағаштың түбіне қарды үйіп, түбін жа-
уып тастаймыз).
– Байқадыңдар ма, балалар, Абай атаның өлеңдері табиғатпен өте тығыз
байланысты. Ол жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдерінен-ақ көрініп
тұр.Тіпті ол табиғаттың өліп, қайта жаңаратынына дейін айтып бейнелеген,
адамның мәңгі өлмейтін, өлгеннен соң қайтып келмейтінін де өлеңіне қосқан.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, «Мені» мен менікінің айырылғанын
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес. «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес.
– Кезекті Абайдың әдемі әніне берейік. Бұл әнді шілде айында, түннің
тыныштық күнінде, шегірткенің шырылдап, құстардың сайрап жатқан кезінде
жазған болуы керек.
«Желсіз түнде жарық ай» әні шырқалады.
«Көкпар» және «Сағат» ойналады.
«Сағат ойыны» сұрақтары.
1. Абай қай жылы туылды? (1855, 1963, 1845).
2. Қай жерде туылды? (Семей, Алматы, Торғай).
3. Әкесінің аты кім? (Өскенбай, Ырғызбай, Құнанбай).
4. Абайдың руы? (Жігітек, Бөкенші, Тобықты).
5. Анасы мен әжесінің аттары кім? (Әйгерім, Зере, Тоғжан, Ұлжан).
6. Абай қай жылы қайтыс болды? (1904, 1999, 1900).
Адам бойындағы мінез-құлқындағы қарама-қарсы ұғымдардың сыры
7-қара сөзінде айтылғандай, Абай атамыз иман жүзді адам, сондықтан оны
«Алланың сөзі де рас, өзі де рас» өлеңінен білуге болады. Абай атамыздың
әрбір қарасөзі адамның санасына терең ой салады. Кішкентайынан әжесінің
ертегі, аңыз, мақал-мәтел, жұмбағымен өскен Абай өзі де жұмбақтар жазып,
қара сөзбен өлең етіп шығарған. Ендеше жұмбақ шешіп көрейік.
Алла мықты жаратқан сегіз батыр, Кезек-кезек жығысып жатыр тұрып
Болғандай соғысып әлі жатыр.
Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.
Шешуі.
Мұны тапсам ойланып ақын деңіз, Тақ пен жұп,
Таба алмасам ақылды болар неміз. Жақсылық пен жамандық.
Қыс пен жаз, күн мен түн,
– Абай атамыз балаларды неге шақырады? (білімге, өнерге, ғылымға).
58
www
.kazmektep.kz
– Қандай адамдарды ұнатпаған? (өтірікші, өсекші, мақтаншақ).
Ендеше осы 5 асыл іске сөз берейік.
Білімдіден шыққан сөз.
Білімдіден шыққан сөз
Нұрын, сырын білуге
Талаптыға болсын кез.
Көкірегінде болсын көз.
Ғылым таппай мақтанба.
Ғылым таппай мақтанба
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Орын таппай баптанба.
Еріншек, бекер мал шашпақ,
Ойнап босқа күлуге
Бес дұшпаның білсеңіз.
Бес нәрсеге асық бол,
Талап, еңбек, терең ой,
Бес нәрседен қашық бол,
Қанағат, рақым ойлап қой.
Адам боламын десеңіз.
Бес асыл іс көнсеңіз,
Тілеуің өмірің алдыңда
Жамандық көрсең нәфрәтлі
Оған қайғы жесеңіз.
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Әсемпаз болма әрнеге.
Әсемпаз болма әрнеге
Сенде бір кірпіш дүниеге
Өнерпаз болсаң арқалан.
Кетігін тапта бар қалан.
«Көзімнің қарасы» әні орындалады.
Өзгеге көңілім тоярсың
Оны айтқанда толғанып
Өлеңді қайтып қоярсың.
Іштегі дертті жоясың.
– Балалар, Абай бала кезінен өнерге, өлеңге, құмар болған және ол өз
өлеңдерін домбыраға салып, шертіп айтқан. Адамдардың үйдегі мінезі мен
түздегі мінезін сипаттаған.
Ұлдар хормен «Бойы бұлғаң» әнін орындайды.
– Абай Құнанбаев оқуға зеректігі сондай, ол орыс классик ақындарының
мысал өлеңдерін қазақшаға аударды. Крыловтың «Есек пен бұлбұл»,
«Шегіртке мен құмырсқа», «Ала қойлар», «Қарға мен түлкі», Лермонтовтың
«Тұтқындағы батыр», «Дұға», «Піл мен кәнден» мысалдары.
Абайды қазақ еліне заңғар жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Абай
жолы» кітабы арқылы танытты. Қазіргі кезде М.Әуезов атындағы үлкен
драма театры, көше аттары бар. Біз тұрып жатқан Алматы қаласында Абай
атындағы даңғыл, Абай атындағы опера және балет театры, Абай атамыздың
ескерткіші бар. Абай Құнанбаев барлық ақын-жазушылардың пірі, ол –
пәлсапашы, аудармашы, ұлы ақын, қара сөздің патшасы.
И.Крыловтың «Түлкі мен қарға» мысалынан көрініс тамашаланып, ашық
сабақты тәрбиеші Абайдың
«Ақырын жүріп анық бас Ұстаздық еткен жалықпас
Еңбегің кетпес далаға.
Үйретуден балаға»
деген өлең жолдарымен қорытындылайды.
шық сабақты бастар алдында музыка залына кіріп,
әнұран айтамыз.
МЕЙІРІМДІЛІК
Зәкира МЫРЗАХАНОВА,
№7 балабақшасының естиярлар
тобы тәрбиешісі
А
Бұл сабақтың мақсаты – баланың санасын-
59
www
.kazmektep.kz
да мейірімді сөздер ұғымын кеңейту, олардың бойында бауырлары мен
жақындарына деген мейірімді қамқор қарым-қатынас жасау дағдысын да-
мыту, балаларға адамдардың игі іс-әрекеті, адамгершілік құнды қасиеттердің
бір екендігін түсіндіру.
Леопальд-Мысық,Тышқан, көркем сурет слайдтары көрнекілік қызметін
атқарса, сабақ сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру әдіс-тәсілімен өткізіледі.
Мейірімділік, жақсылық, денсаулық – бұлар сөздік жұмыс сөздері. Ал
сабақты ұйымдастыру кезеңінде шаттық шеңбер құрып, бір-бірімізге жақсы
тілектер айтамыз. Бірінші мен айтып, балаларға денсаулық тілеймін.
Күндей жадырап,
Күннің нұрын шашайық,
Айдай арайлап,
Таза ауаны жұтайық,
Жұлдыздай жарқырап,
Жүрекке жылу сыйлайық,
Судай таза көңілмен!
Жинаған жылы шуақты,
Шеңбер болып тұрайық,
Қонақтарға шашайық,
Алақанды ашайық,
Бүгінгі сабағымызды бастайық.
Балалар қуаныш, бақыт, достық, жақсы көңіл, бірлік, шаттық сияқты
жақсы сөздерді айтады.
Біздің топта балалар,
Дос көңілі әрқашан,
Тату-тәтті ойнайды.
Тек жақсылық ойлайды.
«Әдепті бала – жақсы бала», «Әдептілік иесі – иіліп сәлем бергені»,
т.б. мақал-мәтелдер айтып болғасын «Біз әдепті баламыз» әнін қосыла
шырқаймыз.
«Игілікті істер» ойынында балалар бір-біріне қарама-қарсы тұрады
да, өздерінің алақандарын жоғары көтереді.Тәрбиеші сөйлеген кезде олар
алақандарын шапалақтайды.
Тәрбиеші мына төмендегі сұрақтарды қойып, оларға «иә» деген жауап
алады.
– Үлкендерді сыйлаймыз ба?
– Анамызға көмектесеміз бе?
– Інімізге қамқор боламыз ба?
– Құстарға жем саламыз ба?
– Гүлге су құямыз ба?
– Достықты құрметтейміз бе?
– Әрқашан қайырымды боламыз ба?
Тәрбиеші. Жылдың қай мезгілі?
Балалар. Күз мезгілі.
Тәрбиеші. Күз мезгілінде қанша ай бар?
Балалар. 3 ай бар. Қыркүйек, қазан, қараша.
Мысық Леопальд. Балалар, мен сендерге жақсы нәрсе алып келдім.Ой,
мен ұмытып кетіппін, бұл жақсы нәрсенің кілтін қазір алып келейін, – деп
шығып кетеді.
Тышқан осы кезде келіп, қорапты ауыстырып қояды. Онда шар бар. Со-
сын ол тығылып қалады.
Мысық Леопальд. Балалар, бұл жеті гүл, мейірімді дос балаларға бақыт
әкелетін гүл. (Қорапты ашып гүлді алып шығады.)
Тышқан. Бұл қалай болғаны, біз қорапты ауыстырып қойып едік қой?
(Оны ашып еді,тышқан «Бах» деген дауысты естіп қорқып қалады. Қорапты
ашса, қорапта шар жарылған болатын.
Мысық Леопальд. Сендер балаларға деген сыйлықтарымды құртайын
дедіңдер ме? Қәне, жазаларыңды алыңдар! Ұялсаңдар етті?
Тышқан. Кешіріңдер, достар енді бұзық болмаймын!
60
www
.kazmektep.kz
Мысық Леопальд. Балалар, кешіреміз бе?
Балалар. Кешіреміз.
Мысық Леопальд. Балалар, бәріміз тек достықта өмір сүрейік!
(Балалармен қоштасып, Мысық Леопальд шығып кетеді.)
Тәрбиеші. Гүлді ұстап тұрып, балаларға әркім өз арманын ішімізден
айтсақ, арманымыздың орындалатынын айтады. Сосын бүгінгі «Достық,
мейірімділік» деп аталатын сабақтың аяқталғанын хабарлайды.
өрнекіліктеріне интерактивті тақта, үнтаспа,
қарлығаш, дәуіттің суреттері қолданылатын бұл
МЕНІҢ ДОСТАРЫМ
Гүлнар ЗУБАЙДАЕВА,
№7 балабақшаның тәрбиешісі
К
ашық сабақта тәрбиеленуші балалардың ой-өрісін, сөздік
қорын байланыстырып, дұрыс сөйлеуін дамыту, олардың
табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, құстарға деген қамқорлық пен отан-
сүйгіштікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу мақсат етіледі.
Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру әдісімен өтетін «Менің достарым»
тақырыбындағы сабақ барысында сұрақ-жауап тәсілін пайдаланамын.
1. Менің достарым деген кімдер?
– Ол менің анам.
– Ол менің мысығым.
– Қуыршағым.
– Тоты құсым, т.б.
– Дұрыс балалар, мен сендерге бүгін адамның досы қарлығаш туралы
айтып бергім келеді.Біз өткенде «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деген
ертегімен танысқан болатынбыз.
Осы қарлығаш қандай құс?
– Ол адамның досы, ұйықтап жатқан балаларды маса, құмырсқалар
шақпасын деп қорғайды.
– Айтыңдаршы, неге оның құйрығы айыр?
– Себебі, айдаһар оны ұстап жеп қойғысы келді, бірақ ол құтылып кетті,
айдаһар оның құйрығын ғана жұлып алды.
– Қарлығаш ұясын қайда салды?
– Қарлығаш өте таза құс. Ол ұясын үйдің ішіне салады, балапанын
қанаттандырып ұшырғанша ол сол жерді мекен етеді.
Сергіту сәтін ұйымдастырып, одан соң балаларға өздеріне берілген
тақырыптарын орындатамын. (Әр бала құстың атрибуттарын бастарына киіп,
тақпақтарын айтады.)
Сауысқан
Ала қанат сауысқан,
Жақыннан да алыстан
Құртты көрсе жабысқан.
Бері ұшқанда, әрі ұшқан.
Бір томардан томарға,
Құртты шағып тауысқан,
Секең-секең ауысқан.
Санитар бұл сауысқан.
Ұя
Ұя жасап тақтайдан,
Сол ұяны талдағы,
Талға апарып байладым.
Қараторғай мекендеп.
Жыл құсының шаттанған,
Күні бойы сайрайды,
Күттім қашан сайрауын.
Жайлы пәтер екен деп.
61
www
.kazmektep.kz
Шағала
Күміс қанат шағала
Қармағың жоқ, ауың жоқ
Ұшып жүрсің жағада.
Шабақ алдың бағала.
Достарыңызбен бөлісу: |