Ежемесячный научно-педагогический журнал министерства образования и науки рк



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата01.03.2019
өлшемі1.03 Mb.
#99626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ӘОЖ (УДК): 37.317.

ЕҢБЕК – ТӘРБИЕЛЕУДІҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ

Клара  ҚАРАЖАНОВА,

Жұмабай Мырзағалиев атындағы 

орта мектептің кітапхана меңгерушісі

Б

Аннотация.  Мақала    жасөспірімдерді    еңбекқорлыққа,  еңбекті 

құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйретуге, олардың еңбек ету шеберлігі 

мен дағдысын қалыптастыруға бағыттайтын еңбек тәрбиесіне арналған. 

Түйінді сөз.  Еңбек, тәрбие, үнемділік, мәдениет, әдеп.         

Отбасы. Мектеп. Қоғам

негізі – әрбір  білім алушыны жеке  тұлға  ретінде  қабылдай  отырып және 

оның тұлғалық  ерекшеліктерін  ескере отырып оларды  болашақ  өмірдегі  

бәсекеге  қабілетті  тұлға  етіп  тәрбиелеу екені белгілі жайт. Ендеше адам  

болашағын  шешетін  де осы  тәрбие  екендігі  ежелден  мәлім. Бұл мәселе 

көңілде    жатталған      ұлы    түсінік    болғанымен,      оны    педагогикалық-

психологиялық   тұрғыдан  алып қарағанда,   тәлім-тәрбиені қалай  жүргізу 

керек, қалай  ұйымдастыру керек деген  мәселе  күн  тәртібінен  түспейтіні   

ақиқат.    Адам    өмірінде      тәрбие    –  мәңгілік    категория.  Сондықтан  оны 

ұйымдастыру,   жүзеге  асыру  еш   уақытта   ескірмейтін,  қайта  уақыт  озған  

сайын   жаңарып,  әрбір  кезеңнің  өз  талабына  лайық  жетіліп  отыратын 

үзіліссіз құбылыс  деп  түсінеміз.  

Жалпы  тәрбие  беру  үрдісінде  жеке  тұлғаның  физиологиялық  және  

психологиялық  даму  ерекшелігіне жете  көңіл  бөлу  қажет  екенін   ғалымдар  

дәлелдеген.  Сол  себепті  олар      ұлттық    құндылықтар    негізінде    жастарға  

тәрбие    беру    мәселесі    қазіргі  таңда      өзекті    болып    отырғанын    қатаң  

ескертеді.  Біз соны ұмытпауға тиіспіз.

Қазіргі  өзгермелі    дүние  жағдайында  адамның    мәні    мен    әлеуметтік  

рөлі  жаңа  сипатқа  ие болып  отыр. Соған сай  рухани  құндылықтар әлемі 

де    түбегейлі    жаңарып,    адамның    ақыл-ой  қуаты    мен  интеллектуалдық  

әлеуетін  қалыптастырудағы   білімнің  маңызы  туралы  қағидалар түбірімен  

өзгерді.    ХХІ    ғасырдың    оқыту    жүйесінде      меңгерілетін  білімнің  түпкі 

нәтижесі  ең  тұғырлы  мәселеге  айналды.  Сондықтан  жалпы  білім  беретін 

мектеп қабырғасындағы әрбір білім алушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, 

оның    шығармашылық    қабілеттерін  ұқыптылық,  үнемділік  мәдениетін 

қалыптастыру  негізінде    құзыреттілік  тұрғыда    дамыту    –    бүгінгі    күннің  

кезек  күттірмес  мәселесі. Ендеше  ұлттық  құндылықтар   негізінде  еңбек  

тәрбиесі  арқылы    білім  алушылардың  ұқыптылық,    үнемділік  мәдениетін  

қалыптастыру – негізгі  мақсат болып  табылады. Осыған  орай,  ұқыптылық,  

үнемділік  әдебі мен өзіне-өзі  қызмет ету мәдениетінің  тарихи  бастаулары-

мен,  түрлерімен  таныстыра  отырып,  олардың   қазіргі  сипатын  белгілеу,  

осы  әдеп пен  мәдениетті  жастар  бойына  сіңіре  отырып қазіргі  заман  

талаптарына  сай  азаматтарды  тәрбиелеп    қалыптастыру    мүмкіндіктерін  

белгілеу  негізгі  міндетімізге  айналып  отырғаны айдай анық. 

Ұлттық  құндылықтар  негізінде  еңбек  тәрбиесі арқылы білім алушы-

лардың    ұқыптылық,  үнемділік    әдебі,    өзіне-өзі    қызмет  ету    мәдениеті 



35

www


.kazmektep.kz

қалыптасқан.  Бұл,  сөз  жоқ,  қазіргі      заман    талаптарына    сай  азамат   

бейнесінің  сипаттамасы. Әр  адам, әр  отбасы, әр ауыл,  әр  қала ұқыптылық 

пен  үнемшілдікті  ұран  қылып  ұстаса,  қыруар  игілік  босқа  кетпес  еді.   

Еңбек    арқылы    адамның  денесі,    көзқарасы,  эстетикалық    және    ақыл-ой  

деңгейі  дамып жетіледі,  еңбектің   мәні және  құндылығы артады.  Балалар  

мен  жастардың    еңбек  тәрбиесі  ежелден-ақ  ата-ана  парызы, бүкіл  халық  

міндеті саналады.  Өйткені, халық   еңбекті  қашанда асыл  мұрат  деңгейінде  

қараған. Өйткені, адам өзінің  жан  және  тән  сұлулығын  тек еңбекте  ғана  

көрсете  алатындығын  білген. Сол себепті де баланы еңбекке  тәрбиелеу – 

отбасының  қасиетті  борышы.  

Жас  ұрпақтың  еңбекке  қатынасы  халық  ауыз  әдебиетінің  өзекті  мәселесі 

ретінде  жырланды.  Жас    ұрпақты      халқымыз    жалпы    еңбексүйгіштікке  

тәрбиелей  отырып «он саусағынан  өнері  тамған»   нақты  кәсіп  иесі  бо-

луын  көздеді.   Бұл  жерде еңбек  дағдыларын  меңгеруде  зор  жігерліліктің  

қажет  екенін жақсы  түсінді.   Қоғамның  ең  басты  талаптарының  бірі – 

әр   азаматтың  өмірде  өз  орнында  толық  күш-жігерін  жұмсап,  қоғамдық 

байлықты еселей  түсуге  еңбек  үлесін  қосуы,  еңбекке  адал әрі саналы 

қатынасу  қоғамның  өмір  салтының  алғышарты.  

Мектепте  еңбекке  тәрбиелеу – тәрбиенің жалпы  жүйесінің  құрамды  

бөлігі.    Еңбекке    тәрбиелеу,    баулу    және      кәсіптік      бағдар  беруі,  мектеп  

оқушыларының  қоғамға  пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы  оқуға  

деген саналы  көзқарасты  тәрбиелеудің,  азамат  болып  өсудің,  жеке  адам-

ды  адамгершілік  және  зиялылық  жағынан  қалыптастырудың  негізгі  көзі.  

Солай болғандықтан, жасөспірімді еңбекке  тәрбиелеудің  жалпы  міндеттері  

бірнеше  жеке міндеттерді  орындау  арқылы  іске  асырылады.  Олар:  ба-

лаларды  еңбекке  психологиялық  және  практикалық  тұрғыдан  даярлау,  

оқушылардың  еңбек  дағдыларын, ынтасын  және  қабілетін  дамыту.  Яғни, 

балаларды   еңбекке  психологиялық  және  практикалық  тұрғыдан  дайын-

дап,  қоғам  үшін  оқушылардың  пайдалы  еңбекке  даярлығына  және  талап-

тануына   тәрбиелеу керек. Сонда ғана бала еңбекті  өз  бетімен,  өз  еркімен 

ынталанып  орындауға   үйренеді.

Адамның  жан-жақты  және  үйлесімді  дамуындағы  шешуші  фактор-

лардың  бірі – еңбек  ете білуі. Сондықтан болар,   халық  педагогикасын-

да      еңбекті    бүкіл      тәрбие    жүйесінің    күретамыры    деп    қарастырады.  

Адам  еңбексіз  дамымайды, кері  кетеді,  азады. Еңбек  арқылы адамның  

денесі,    көзқарасы,    эстетикалық  және  ақыл-ой    деңгейі    дамып  жетіледі,  

еңбектің  мәні  және  құндылығы  артады.  Жалпы еңбек,  адамның  еңбекке  

қатынасы  тақырыптары  аңыз  әңгімелер,  ертегілер,  мақал- мәтелдер және  

ән- жырлардың  арқауы   болғаны белгілі. Себебі, еркін  еңбек  барысында  

өзінің  және  бүкіл  қоғам  мүшелерінің  қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  

адам материалдық  және  рухани  құндылықты  жасайды.  Шығармашылық  

еңбек  барысында  адам  өз  күшінің   шамасын  және  қабілетін  анықтайды. 

Неғұрлым адам өз  еңбегінің  қоғамдық маңызын  терең түсінсе,  соғұрлым  

оның  жұмысы  нәтижелі болады.

Қоғамның  ең  басты талаптарының бірі –  әр  азаматтың  өмірде  өз  ор-

нында  толық  күш-жігерін  жұмсап,  қоғамдық  байлықты  еселей  түсуге  

үлес  қосуы, еңбекке  адал,  саналы  қатынасуы оның  өмір  салтының алғы- 

шарты.  Ол үшін  адам  еңбекке  лайықты  тәрбиеленуі  керек.  Осы  заманғы  

ғылыми біліммен  қаруланған,  белсенді  және  қоғамдық  іс-әрекетке  жан-

жақты      даярланған    еңбек    адамын    қалыптастыратын  орта  –    әлеуметтік  

тәрбие.  Мұны естен шығаруға әсте болмайды. Неге десек, еңбек  мәдениет 

дағдыларын  дарытып,  оқушылардың  ынтасын  және  қабілетін  дамыта-

ды.  Сондықтан  балаларды      еңбекке      психологиялық    және    практикалық  

тұрғыдан  дайындау қажет. Бұл  қоғам  үшін пайдалы және өте  күрделі  үрдіс. 


36

www


.kazmektep.kz

Еңбек  етуге  тәрбиелеу  арқылы  оқушылардың    әдеті,  сезімі    қалыптасады.  

Сондықтан  балаларды    еңбекке  даярлауды    1-сыныптан,    ал  отбасында 

балалық  шақтан  бастау керек. Егер еңбек  дағдылары  оқушының  бойын-

да  қалыптасса,  ол  мектепті бітіргеннен  кейін қандай бір  жағдайда  бол-

сын    ұжымдық    қатынаста    нормаларын    және    жолдастық    өзара  көмекті 

әр уақытта қолдайтын болады. Осындай мақсатқа  бағытталып жүргізілетін 

жұмыс оқушылардың  ынтасының,  қабілетінің,  шығармашылық  ой-өрісінің  

дамуына  мүмкіншілік жасайды.

Ерекше  еңбектің  тағы бір түрі  – табиғаттағы  еңбек. Ол  балалардың 

өсімдіктер мен  жануарларды күтуге  қатысуын,  табиғат  мүйісінде,  бақшада,  

гүлзарда  өсімдіктер  өсіруін  көздейді. Жануарларды  күту  үрдісі  оларды  

қадағалаумен  тығыз байланыстырылады.  Балалар   өсімдіктердің  өсуі  мен  

дамуы,  жануарлардың    жай-күйі күтімге  байланысты  екенін  сезіне  бас-

тайды.    Тірі    табиғат    мүйісінің    тұрғындарына    қамқорлық    пен  ықылас   

күшейеді,  олар балалардың   сүйікті  жануарларына  айналады. Еңбектің   бұл  

түрінің   байқағыштықты  дамытуға,  тірі  нәрсенің   бәріне  ұқыпты  қарауға,  

туған  елдің   табиғатын  сүюге  тәрбиелеу  үшін  ерекше  маңызы  бар. Ол  

педагогтің    балаларды  дене  жағынан  дамыту,  қозғалыстарын  жетілдіру,  

төзімділігін  арттыру,  дене күшін  жұмсау   қабілетін  дамыту  міндеттерін  

шешуіне    көмектеседі.  Экологиялық  білімнің  негізін  салуға  жағымды  әсер 

етеді. 


Қазір  адамзаттың  көкжиегі  кеңейді, бойындағы    қабілетті  жарқырата   

көрсетудің   сан  қилы   жолдары  да  бар. Қызықты  өмір сүріп, жемісті  еңбек  

етудің  мүмкіндіктері  де толып  жатыр,  бірақ  отбасылық  қарым-қатынастың  

бұзылуы  үйреншікті  жағдайға  айналып, қоғамдағы  мінез-құлық  нормасы  

ретінде  қалыптасып келеді.  

Ата-ананың  балаға  өнегесі  барлық  жағдайда да  ең  күшті  бағдар  екендігі  

сөзсіз. Отбасындағы  шынайы  ұлттық  тәрбие  қолға  алынбай,  бала  ұлттық  

тәрбиенің  нәрін  татпай,  оның  ұлттық  менталитеті  қалыптаспайды.  Ондай  

жағдайда  ол  өзін  де,  өзгені  де  сыйлап,  құрметтеп, отбасының, елінің  на-

мысын  ойлап  жарытпайды. Мұндай  мәселелерде,  әсіресе,  отбасының рөлі 

ерекше. Себебі, тәрбие  отбасынан  басталады.  Сондықтан жеке  тұлғаны  

тәрбиелеуде   ата-аналарды  оқу-тәрбие  үрдісіне  қатыстыру,  олармен тығыз  

байланыс  жасау  мәселесі  негізгі  орын  алуға   тиіс.  Қоршаған  орта  өзінің   

құндылықтарымен   тұлғаны  жасайтынын ескере  отырып, біз  мектеп пен  

ата-аналар,  оқушылар    мен    мұғалімдердің      өзара    әрекет    жасауы    үнемі  

ашық  болуы   үшін  бар  күшімізді  салуымыз  керек. 

Қазақ   халқы   еңбекті  бүкіл  тәрбие  жүйесінің   күретамыры  деп  санайды.  

Сондықтан да еңбекке  асыл  мұрат  деңгейінде   қарайды. Еңбек тәрбиесі деп   

баланы  еңбекке  сүйіспеншілікпен,  еңбек адамдарына  құрметпен  қарауға, 

халық  шаруашылығының    салаларындағы    еңбек    түрлеріне    баулу,  еңбек 

іс-әрекетінің   барысында олардың  дағдысы  мен іскерлігін  қалыптастыру, 

болашақта  мамандық  таңдауға жетелейді.  Ендеше еңбекке  тәрбиелеу,  бау-

лу  және кәсіптік  бағдар беру    баланы  қоғамға  пайдалы,  өнімді  еңбекке  

тартып,   оқуға   деген  сапалы   көзқарасты тәрбиелейді. Бұл, сөз жоқ,  жеке  

адамды  адамгершілік  және  зиялылық жағынан қалыптастырудың  негізгі  

көзі  болып  табылады.

«Мен  еңбекке  баулу  жұмысының  жетекшісі болсам,  не  істер  едім?» де-

ген  сұрақ бәрімізді де  мазалауы  қажет.  Қазіргі бала тәрбиесі  отбасының   ғана  

жеке  ісі  болудан арылып,  бүкіл  қоғамымыздың терең ісінің  бір бөлігіне  ай-

налды.  Қоғам  мен  мектеп  балаларды  тәрбиелеуде   ата-ананың  көзқарасын 

дұрыс   қалыптастыруға   үлкен  ықпал  жасайды.   Оқушы  еңбегінің  жемісті 

болуы да  күнделікті  уақытын  тиімді  пайдалана  алуына  байланысты.  Ол  

үшін әрбір  ата-ана  баласының   тәулік  ішіндегі мерзімді  тиімді  пайдала-


37

www


.kazmektep.kz

нуы   тәртібіне  басшылық  етіп,  көмектескені  өте  орынды. Әрбір  оқушыны  

еңбекке  баулып  тәрбиелеу  үшін  оның  жұмысқа  деген  қабілетіне  терең  мән  

беруі  қажет.  Оқушы   сабақ   әзірлеуге  қанша  уақыт  жұмсайтыны,  еңбегінің   

нәтижесі      қандай      болатыны  оның  жұмыс    қабілеттілігінің      дәрежесіне   

тікелей қатысты.  Жұмыс  қабілеттілігі   төмен  болған   жағдайда   оқушы   

сабақ   әзірлеуге  көп уақыт жұмсайды,  аз  қыдырады,  кем қимылдайды,  

мұның өзі  оның  жұмыс  қабілетін   төмендетеді. Оқушыға  өзінің  бар  күшін  

оқуға  жұмсайтындай  болып  көрінеді,  үстел   басында  кітап  пен дәптерден   

бас алмай  отырады,  ал  мұның  нәтижесі  көңілді  толтырмайды. Жан-жақты   

ойластырылып  жасалған  күн  тәртібі  оқушының  уақытты  дұрыс,  мақсатты  

пайдалана  біліп,  күнделікті  тұрмысы  мен  өмір  тіршілігіне  бағыт-бағдар  

жасауына,  жол-жоба нұсқайды. Бұл  оны  білімге  де,  іскерлікке  де  үйретіп,  

еңбекке  дағдыландырады. Жақсы  мінез, жарасымды  қылық, өнегелі  іске  

тәрбиелейді.  Сондықтан әрбір ана  баласының күн  тәртібін  орындап  отыр-

уын  қадағалаудың  маңызы зор.  Себебі,  мұндай  әдетке  баулуда   ата-ананың  

жекебасының  өнегесі  шешуші  міндет  атқарады.  Сондай-ақ, олардың  бала  

еңбегіне  тиісті назар аударып,  оны  белгілі  мақсатқа  бағыттап  отыруының 

да  өзіндік ерекше  мәні  бар.  Отбасындағы  еңбек  тәрбиесін  мектептегі  

тәрбиенің  ажырамас  бір  бөлігі  деп  қараған жөн.  Өйткені,  оқушы  мек-

тептен  келген  соң сабақ  оқумен  шектелмейді, үй  шаруасында   ата-ана-

сына  көмектеседі,  түрлі  бұйымдар  жасайды,  шеберлікке  төселеді. Бұл  

жағдайда оқушылардың  өнімді  еңбекке  араласып, кәсіптік  білімді   меңгеруі  

көзделеді. Бала   әртүрлі   нұсқаларды  бейнелеп  сурет  салып,  саз  аспап-

тармен   әуестеніп, ән  орындап,  көркемөнермен  айналысады.  Оқушының  

отбасындағы  бұл  еңбегін   эстетикалық  тәрбиеден  бөліп  қарауға  болмай-

ды.  Баланың  отбасындағы  еңбегі – жалпы  қоғамдық  еңбектің бір  түрі. Ба-

ланы  еңбекке  тәрбиелеудің  басты  шарттарының бірі: еңбек  әрбір  адамның   

әдетіне   айналуы  керек.  Қажетті  шарты  –  еңбек ләззаты,  ал өз еңбегінің 

рахатын  көре білу  – кісіліктің басты  белгісі.  

Абай  өлеңдерінің тәлім-тәрбиелік  маңызы зор. Онда   балаларды  оқу  

оқы, еңбектеніп  мал тап,  талап  қыл,  халқыңа  пайда  келтір,  құр жатпа дей  

отырып    еріншек,    өтірікші,  мақтаншақ  сияқты  қасиеттерден  бойын  аулақ  

ұстауға шақырады. «Өзің  үшін еңбек  қылсаң,  өзі  үшін оттаған хайуанның  



бірі    боласың»  дейді.  Ш.Құдайбердиевтің  философиялық  тұжырымында 

«адамның жақсы  өмірінің негізі адал  еңбек, нұрлы ақыл, ыстық  жүрек 

болуы  керек.  Осы  үш қасиет барлығына  басшы  болуға  тиіс», –  деп  адам  

өмірінде  адал  еңбекті  алдыңғы  орынға  қояды.



«Баланы – жастан...» деген мақал халық басынан кешкен күйзелістердің  

тарихын зерттеген әрбір адам  жер бетіндегі күйзелістердің   тарихының   

барлығы  надандықтан екеніне көз жеткізе алады»  деген  екен ұлы  фи-

лософ  К.Гельвецкий.    Егер    ата-анасынан  жақсы  өсиет  естіп,    үлкендердің  

үлгі-өнегесін  көріп  өссе,  ондай  баланың    жаман    болуы    мүмкін    емес. 

«Адамның  бойында  бір  ғана  жамандық  бар, ол  – надандық.  Бұған  қарсы  

қолданылатын  бір  ғана  дәрі  бар, ол – ғылым»   деген  еді  Писарев.  Расында  

да,  адам  бойындағы  жамандықтың  барлығы  надандықтан  туындайды.  На-

дан  адам  екі  аяқты  жануармен  тең.  Бұл  тұста  «Жасында  торай  болғаннан    

үлкейгенде  шошқа  шығар»  дегенді    Маяковский айтқан.   Тәрбиенің  негізі  

мектепке  дейін   отбасында   қалыптасады.  Сондықтан  бар  жауапкершілікті  

мектепке   жауып  қоймай,  бала   тәрбиесіне  аса  жауапкершілікпен  қарап, 

оны жастайынан   қолға  алған  абзал.  Бала  тәрбиесін  уыстан  шығарып  

алсаңыз,   оны   қалпына  келтіру  қиынның қиыны.

Атырау облысы                                                                                                                                          

Исатай ауданы                 

Тұщықұдық ауылы.


38

www


.kazmektep.kz

Қазақты қас дұшпаны сан сынаған,          Аңырақай шайқасы соған куә,

Қаншама ер ат үстінде қансыраған.        Ынтымақты ел намысын қамшылаған.

Бүгінгі    қазақ  елінде  қаншама  тарихи  оқиғалар  болған  жерлер  бар. 

Соның бірі – сонау ел басына аласапыран күн туған, бүкіл қазақты жоңғар 

басқыншыларына қарсы біріктірген,  бірігуге  шақырған  –  Ордабасы тауы. 

«Ақтабан  шұбырындыға»  ұшыраған  халқымызды  жоңғарға  қарсы  күш 

біріктіріп,  Отанымыздың  азаттығы  жолындағы  шайқастың  ұйымдасқан 

түрде басталған жері де Ордабасыдағы Ту төбе.

1729  жылы  Балқаш  көлінің  оңтүстігіндегі  Аңырақай  атанған  жерде 

жоңғар әскерлерімен үлкен ұрыс болды. Жоңғарлар зор жеңіліске ұшырады. 

Кіші жүз бен орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді.

Тарихшылардың  айтуынша,  дәл  осы  атырапта  қазақтың  бүкіл  қалың 

қолы бірігіп, тұңғыш рет басқыншы жоңғарларға қарсы азаттық күресі баста-

лып, жеңіске жеткен. Бір жарым ғасырға созылған қалмақ шапқыншылығы 

содан  соң  барып  толастап,  саябыр  тапқан.  Бұған  дейін  жеке  хандықтарға 

бөлінген қазақтар бірімен бірінің басы бірікпей, жасанған жаудың оп-оңай 

олжасына айналып ұлы құл, қызы күң кешкен. Аңырақай шайқасы соның 

куәсі.

Оның маңызы – Ресейдің моңғол-татар шапқыншылығынан  елді азат 



етудегі  Клюкова шайқасынан бір мысқыл да кем емес. Қазақтың Клюкова-

сы осы Аңырақай.

Мұнда қалмақтың 25 мың,  қазақтың 29 мың қолы шоғырланып ұрысқа 

қатысқан.  Шайқасқа үш күн қалғанда  арқадан мың жасақ ерткен Қазыбек 

би келіп қосылып, қазақтардың күш-қуаты арта түседі. Шайқас жекпе-жек-

пен басталды. Қалмақ батыры Аңырақ ортаға шығып, қазақ батырын жекпе- 

жекке шақырады. Қазақ жағы ақылдасып,  оған Сатай бидің ұлы Бөлек ба-

тырды шығарады. Шоқпармен шыққан Бөлекке найзалы Аңырақ дүрсе қоя 

береді. Найзамен Бөлектің иығын жараласа, қазақ батыры алдымен оның 

аяғын, одан соң басын ауыр соққының астына алады, астамсыған дұшпан 

өлім құшады. Аңырақайда қазақтың 16-ға енді толған жас жеткіншегінен 

бастап,  талай  қанды  жорықты  бастарынан  өткерген  70-тегі  тарландарына 

дейін  басқыншылармен  айқасып,  қасықтай  қандары  қалғанша  күрескен. 

Аңырақай даласында  ел ішінде «Елім-ай» сияқты зарлы ән тудырған осынау 

аласапыран жылдар туралы жеңіске жете алмасын сезген қазақтың батырла-

ры мен хандары бүкіл қазақ халқының тайлы-таяғын қалдырмастан қаскөй 

жауға қарсы қояды. Бұл шайқас Аңырақайдың аспанында ән болып өрлеп, 

ақын-жыраулардың  көкірегінен  жыр  болып  төгілген.  Ендеше  Аңырақай 

даласындағы бұл соғыс тарихымызға алтын әріппен жазылары анық.

Алматы облысы.

ТАРИХ  ТАҒЫЛЫМЫ 



Ләззат  ҚАБЫЛБЕКОВА,

Жаркент көпсалалы колледжінің тарих,

география пәндерінің оқытушысы

Аңырақай шайқасына – 286 жыл

“Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. 

Қазақ – тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық”. 

                                                                 

    Н.Ә. Назарбаев


39

www


.kazmektep.kz

рта  мектеп  математикасын  оқытуда  көпмүшеліктерді  көбейт-

кіштерге жіктеудің алатын орны ерекше. Сол себепті математикаға 

Мұғалім тәжірибесінен

КӨБЕЙТКІШТЕРГЕ ЖІКТЕУЛЕРДІҢ 

ӘРТҮРЛІ ТӘСІЛДЕРІ

Үмітхан  АҚАТАНҰЛЫ, 

№178 лицейдің математика пәні мұғалімі

О

қызығатын  оқушылар  мен  мұғалімдерге  пайдасы  бар  деп  есептеп, 

көпмүшеліктерді  көбейткіштерге  жіктеудің  төмендегідей  тәсілдерін 

жинақтап, оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдім.

1. Ортақ көбейткіштерді жақшаның сыртына шығару тәсілдері. Мысалы: 

ab+ac=a(b+c).



2. Топтау тәсілі. ac+ad+bc+bd=a(c+d)+b(c+d)=(a+b)(c+d).

3.  Формулалық  тәсіл.  Қысқаша  көбейту  формулаларынан  пайдаланып, 

ерекше формаға ие көпмүшеліктерді көбейткіштерге жіктеуге болады. Үнемі 

қолданылатын формулалар мыналар:

1) a


- b


2

=(a-b)(a+b)

2) a



± 2 ab + b



2

=(a±b)


2

3) a


2

 + b


2

+c



+ 2ab + 2ac + 2ca = (a+b+c)

2

4) a



± 3a


2

 b+3ab


± b


= (a ± b)

3

5) a


± b


= (a ± b) (a

± ab + b


2

)

4. Қайшылап көбейту тәсілі: 

a

2

 + (b + c) a + bс



Бұл тәсіл квадрат үшмүшеліктерді көбейткіштерге жіктеуге қолданылады.

Алдымен қайшылап сызық сызылады.        Онан соң бірінші  квадрат мүшені

екі көбейткішке жіктеп, көбейткіштер сызбаның сол жақ екі ұшына жазыла-

ды.  а       содан кейін сызықтар бойынша көбейтіп, өзара  қосқандағы қосын- 

ды  ортадағы  мүшеге  тең    болатындай  етіп,  үшінші  мүше  екі  көбейткішке 

жіктеліп, сызбаның оң жақ екі ұшына жазылады    а        b

     

 

 



 

 

            a         c  соңында  сызбаның 



жоғарғы екі ұшындағы мүшелердің қосындысы мен сызбаның аяқ жағындағы 

екі мүшенің қосындысының көбейтіндісі берілген квадрат үшмүшеге тең бо-

лады. Яғни  a

+ (b + c) a + bс = (a + b) (а + с).                                                    



Бұл  тәсіл  квадрат  үшмүшені  көбейткіштерге  жіктеудің  қайшылап 

көбейту тәсілі деп аталады. Бұл тәсіл  көптеген квадрат теңдеулер мен ква-

драт теңсіздіктерді шешуді оңайлатады. 

1-мысал.   1.  х

2

-х-6=(х+2)(х-3) 



х        2

   


 

х       -3

   

2. х

2

+5х-6=(х+6)(х-1) 



х       6

   


 

х      -1

   

3. 21х

2

+4х-32        7х       -8



                                                 3х        4

   


4. 24х

2

-71х+35 



3х       -7

   


 

8х      -5


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет