Ежемесячный научно-педагогический журнал министерства образования и науки рк



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата01.03.2019
өлшемі1.03 Mb.
#99626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

21

www


.kazmektep.kz

көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге ай-

налды.  Жалпы  атамекеніміздің  жер  көлемі  2717  мың  шаршы  шақырымды 

құрайды.  Осынау  кең-байтақ  қасиетті  топырақта  өніп-өсіп  өркен  жайған  

халқымыздың    бүгінгі  таңдағы  саны  17  миллионнан  асып  отыр.  Кең 

байтақ  Отанымыздың  жүрегі – Астана қаласы.  16-желтоқсан – Қазақстан 

Республикасының Тәуелсіздік мейрамы. Бұл күн қазақ халқы үшін теңдесі 

жоқ қасиетті де қастерлі мереке, қазақ елінің шежіресінде  алтын  әріппен  

жазылған  күн. Міне,  азат Қазақстанның ең қастерлі құндылығы: тұғырлы 

тәуелсіздігімізге  25  жыл  толып  отыр,  осы  жылдар  ішіндегі  табыстарымыз 

ұшан-теңіз.  Бүгінгі  Қазақстанымыз  –  мақтанышымыз.    Өзіміз  ғана  емес, 

елімізде  тұратын  130  ұлт    өкілдері  де  республикамызды  айрықша  мақтан 

етеді. Ұлан-байтақ  жеріміз – ұлттар  достығының  ынтымақ пен бірліктің 

бесігі, бақытты ордасы. 

Құрметті  жиылған  қауым!  Біз    өзіміздің  Әнұранымызбен,  Туымызбен, 

Елтаңбамызбен, теңгемізбен мақтана аламыз.       Қазақстан  Республикасының  

Президенті Нұрсұлтан Назарбаев батылдық пен тапқырлық танытып, елімізді 

ауыртпалықтан алып шығатын жолды дәл көрсете білді. Қазақстан Респуб-

ликасы  Президентінің  2002-2003  жылдан  бастап  Қазақстан  халқына  жыл 

сайынғы Жолдауы  еліміздің болашағы жайында нақты да сенімді жоспар-

ларын жасап, қалай еңбек етіп, табыстарға қалай қол жеткізу керектігін жыл 

сайын көрсетіп отырды. Жолдауларда елімізді толғандыратын мәселелердің 

барлығы  қамтылады.  Шындығы    керек,    осы    жыл  сайынғы  Жолдаулар 

халықтың келер күнге деген сенімін арттырып, жүректеріне жігер отын құяды.

Тәуелсіз Қазақстанның әр жеткен жетістігі Президент еңбегімен тікелей бай-

ланысты.  «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесін өткізетін мемлекет ретінде 

таңдалды. Осы халықаралық ұйымға мүше 161 мемлекеттің 103-і Астананың 

кандидатурасын қолдап дауыс берді. Мұның  өзі тікелей  Елбасы еңбегінің 

арқасы екендігіне ешкімнің күмәні жоқ. ЕХРО көрмелерінде әлемнің барлық 

мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін 

көрсетеді.  Қазіргі таңда Қазақстан  Республикасын әлемнің 117 мемлекеті 

мойындап отыр. Бұл егеменді, тәуелсіз елдің нәтижесі.



2-жүргізуші. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы 

қанша  ызғарлы  естілсе  де,  жанымызға  нұр  септі.    Ең  алғаш  қазақ  жаста-

ры  қарсы  шықты.    Қайрат  Рысқұлбеков,  Ербол  Сыпатаев,  Ләззат  Асанова, 

Сәбира  Мұхаметжановалар  тәуелсіздік  жолында  күресті.  Бірақ  өздері  бұл 

күнді көре алмады. Тарих парақтарында есімдері мәңгілікке қалды. Мәңгілік 

егемендікті алып келді.



1-жүргізуші. 

Атыңнан айналайын Егеменді ел, 

Мерекең құтты болсын,  Тәуелсіздік,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер. 

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Байрағым биік тұр» әні орындалады.



2-жүргізуші.    Тәуелсіз  ел  тарихы  –  Отанымыздың,  ерліктің,  елдіктің 

не екенін  дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Отаным, жерім деген 

қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз шаңырағынан баста-

лады. Біздің тәуелсіздігіміз бізге қымбат.



1-жүргізуші. Неге дейсіз ғой? 

2-жүргізуші. Ол бізге қымбат, ата-бабаның рухын көтергені үшін.

1-жүргізуші. Неге дейсіз ғой?

2-жүргізуші. Ол бізге қымбат, сөнген мемлекетіміздің  отын  маздатып 

жандырғаны үшін.



1-жүргізуші. Неге дейсіз ғой?

2-жүргізуші. Ол бізге қымбат, ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді 

қаз-қаз тұрғызып, «Қазақ » деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін.



22

www


.kazmektep.kz

1-жүргізуші.

Тәуелсіздік!  

 

 

Тәуелсіздік өзіңді еркін сезіну

Тәуелсіздік жыр-әнім, 

 

Салт-дәстүрі қолдан түспес  ұраным.

Ел іргесі берік болсын ұраным,

(

Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Жаса Қазақстан» әні шырқалды.)  



2-жүргізуші  Қазақтың майталман ақыны Жұбан   Молдағалиевтың «Мен 

қазақпын» өлеңіне кезек береді. 



1-жүргізуші  «Тәуелсізбін» өлеңін оқуға кезек береді.

Бұдан кейін «Қазақстан – Нұрсұлтан»  әні орындалады.



1-жүргізуші.  Тәуелсіздік алған 24 жылдағы  жетістіктерімізді  танысты-

ру үшін слайдқа көңіл аударайық. 



2-жүргізуші.  1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігі жария-

ланды.


1-жүргізуші.  1991  жылы  1-желтоқсанда  еліміздің  тұңғыш  Президенті 

Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.



2-жүргізуші. 1991 жылы  29-тамызда Семей полигоны жабылды.

1-жүргізуші.  1991 жылы 2-қазанда Тоқтар  Әубәкіров ғарышқа ұшты.

2-жүргізуші. 1991 жылы 4-маусымда Қазақстан Жоғарғы кеңесі мемле-

кеттік рәміздерді қабылдады.



1-жүргізуші.  1992  жылы 8-мамырда Қазақстан  ұланы  құрылды.

2-жүргізуші.  1992 жылы 11-желтоқсанда Әнұран  қабылданды.

1-жүргізуші.  1993  жылы  28-қаңтарда  Тәуелсіз  Қазақстанның  бірінші 

Конституциясы қабылданды.



2-жүргізуші.  1993 жылы 15-қаңтарда Ұлттық ақша, яғни теңге айналымға 

енді.


1-жүргізуші. 1994 жылы  мемлекетіміздің  тұңғыш  ордендері мен ме-

дальдары дүниеге келді.



2-жүргізуші. 1995 жылы 30-тамыздағы жалпы халықаралық  референ-

думда  Қазақстан Конституциясы  қабылданды.



1-жүргізуші.  1995  жылы  16-желтоқсанда  Алматыда  Тәуелсіздік  

монументі ашылды.



2-жүргізуші.  1996  жылы    12-қаңтарда    Тоқтар  Әубәкіров  пен  Талғат 

Мұсабаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді.



1-жүргізуші. 1996 жылы еліміздің астанасы Ақмола қаласына көшіріліп, 

2007 жылы  Астананың тұсаукесер тойы болды.



2-жүргізуші. Содан  бері  жыл сайын Астана күні үлкен мереке болып 

тойланып келеді.



1-жүргізуші.  2010  жылы  2-желтоқсанда  Астана  қаласында    Саммит 

өтті. Бұл жоғарғы деңгейдегі кездесу.Ұйымға 56 мемлекет мүше, мемлекет 

аралығындағы  достықты,  ынтымақтастықты,  сауда-саттықты,  қауіпсіздікті 

нығайту,  қаруландыруды  бақылау,  адам  құқықтары  туралы  ең  күрделі 

мақсаттар қаралатын жиынға Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев  төрағалық етті.

2-жүргізуші. 2011 жылы 30-қаңтармен 7-ақпан аралығында VII қысқы  

Азияда  ойындары  Алматы,  Астана  қаласында  өтті.  Қазақстан  құрама 

командасының спортшылары 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медальға ие болды.

1-жүргізуші. 2012  жылы 1-желтоқсаннан бастап «Тұңғыш Президент» 

күні  аталып келеді.



2-жүргізуші. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 

70  жылдығы,  Қазақстан  Халық  Ассамблеясының  20  жылдығы,  Қазақстан 

Рес публикасы Конституциясының 20 жылдығы  елімізде  үлкен мереке бо-

лып аталып өтті.



1-жүргізуші.

Тәуелсіздік!  

 

 

Тәуелсіздік! 

 

 

 

Менің байтақ Отаным. 

 

Тәуелсіздік жыр әнім

23

www


.kazmektep.kz

  Көк байрақ пен Елтаңба,Әнұраным  

Қолда еліңді қасиетті құраным! 

  Мен өзіңнен Тәуелсіздік айналдым.

(«Бұлқынды жүрек» әні орындалды.) 



1-жүргізуші.  Тәуелсіздікті    айтқан  сайын  әр  заманның  арыстары 

ойымызға  оралады.  (Күйдің  сүйемелдеуімен  «Арманда  кеткен  арыстар»  

өлеңі оқылды.) 

2-жүргізуші.  Жаса,Тәуелсіз  Қазақстан!  Сен  бағындыратын  абыройлы 

белестер әлі де жарқын болашақтың еншісінде. «Қазақстан–2050»  страте-

гиясымен  ұштасып,  «Азия  барысымен»  байланысып    жатыр.  Жоспарымыз 

айқын, бағытымыз анық.  Батыр  бабаларымыз аманаттап  кеткен азаттық, 

Тәуелсіздік    бүгінгі  ұрпақтың  жадында  мәңгілік  жатталып,  санасында 

қастерлі ұғым ретінде сақталуы тиіс.  («Қазақ жастары» әні.)



1-жүргізуші. Отанымыздың арқасүйер  азаматы болайық, оны қорғауға 

әрқашан дайын тұрайық, азат еліміздің білімді де білікті, жігерлі, зиялы   аза-

маты болайық . Өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды  құрметтеуге 

және  патриоттық  сезімімізді  нығайта  түсуге  тырысайық.  Туған  жер  деген 

киелі ұғымды әрқайсымыз құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенімізді 

ұмытпайық. Осы залда отырған әрбір азаматымыз Тәуелсіз Қазақстан елінің 

шаңырағына бір-бір уық болып қадалсын!

Сахнаға  кешке  қатысқан  барлық балалар шығып, барлығы бірге   «Ата-

мекен» әнін  шырқайды.

1-жүргізуші.  «Біз бай, білімді, әрі күшті болуымыз керек. Бай болу үшін 

кәсіп керек, білімді болу үшін оқу керек. Ал күшті, жігерлі болу үшін бірлік 

керек»  қорытынды сөз мектеп директорына  беріледі.

  2-жүргізуші.  Кешімізге    қатысып  көңіл  қойып  тыңдағандарыңызға 

рақмет! Қазақстанның көк туы мәңгі желбірей берсін!

(«Көк тудың желбірегені» әні шырқалып, кеш аяқталды.)

Талдықорған қаласы.

есей Федерациясында Ресей білім академиясының Педагогика теориясы және білім 

беру  философиясы  бөлімі  жанында  Салыстырмалы  педагогика  ғылыми  кеңесі 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  ҒАЛЫМНЫҢ  РЕСЕЙДЕГІ  МӘРТЕБЕСІ

Р

жұмыс жасайды. Оның құрамында Ресей ғылыми мекемелері мен университеттерінің, 

ТМД және алыс шетелдердің ғалымдары бар.

Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері Салыстырмалы-педагогикалық зерттеулердің 

әдіснамалық  деңгейін,  беделі  мен  практикалық  маңыздылығын  көтеру  мақсатында 

Ресей  жеріндегі  салыстырмалы-педагогикалық  зерттеулерді  жүйелеу,  педагог-

компаративистердің  өзара  бірлесе  жұмыс  жасау  жолдарын  іздестіру,  геосаяси 

шынайылықты  ескере  отырып  білім  беру  кеңістігін  құру  тенденцияларын  зерттеу, 

халықаралық мекемелермен өзара қарым-қатынасты тереңдету болып табылады.

Кеңестің іс-әрекетін кеңейту мақсатында 2015 жылдың қараша айында ТМД және 

Балтық  елдерімен  жұмыс  жасау  үшін  Ғылыми  кеңес  төрағасының  орынбасары  бо-

лып Ресей білім академиясының шетелдік мүшесі, педагогика ғылымының докторы, 

профессор, Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының академигі Құсайынов 

Асқарбек Қабыкенұлы сайланды. 

Әртүрлі  елдердің  педагог-компаративистерінің  ынтымақтастығы  өзара  мәдени 

және ғылыми байланысты байытады, сонымен бірге басқа да гуманитарлық салаларда 

халықаралық қарым-қатынас жасаудың белгілі бір үлгісі болып табылады. 

А.Құсайынов – Қазақстанда салыстырмалы педагогика ғылымының негізін салған 

ғалым, ол Бүкілдүниежүзілік салыстырмалы білім беру қоғамдар кеңесінің Атқарушы 

комитетінің мүшесі, Ресейдің 6 ғылыми журналының  алқа мүшесі, оны Ресей Үкіметі 

педагогика ғылымы саласындағы ерен еңбегі үшін К.Д.Ушинский атындағы медалімен 

марапаттаған. 

Редакциядан. Қазақстандық белгілі ғалым Асқарбек Қабыкенұлы Құсайыновтың 

Ресей білім академиясы жанынан құрылған Ғылыми кеңес төрағасының орынбасары 

болып сайлануымен құттықтаймыз!.


24

www


.kazmektep.kz

сімдік  тіршілігін  толық  зерттеу  және  білу  үшін  әртүрлі  экотоптар-

да  биологиялық  танымжорықтарды  маусым  бойынша  өткізу  тиімді, 

ӘОЖ (УДК): 581 (075)

КӨКТЕМГІ ТАНЫМЖОРЫҚТЫ 

ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

Н.КӘРІПБАЕВА,

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің доценті,

В.ПОЛЕВИК,

осы университеттің аға оқытушысы,

Л.ҚАЖЫГЕЛДИЕВА,

В.ПЕШКОВА,

университет магистранттары

Аннотация.  Мақалада  биология  пәні  бойынша  ұйымдастырылатын  көктемгі 

танымжорықтарды өткізу әдістемесі көрсетіледі. 

Түйінді сөздер. Флора, танымжорық, эфемер, эфемероид, тіршілік формалары.

Ө

солардың бірі – көктемгі танымжорықтар. 

Республиканың  табиғаты  өсімдіктерге  өте  бай,    «Қазақстан  флорасын-

да»  5630  өсімдік  түріне  сипаттама  берілген.  Солардың  ішінде  өсіп-даму 

кезеңі ерте көктемде басталатын өсімдік топтарын кездестіруге болады. Бұл 

өсімдіктердің биологиялық негізгі қасиеті – олардың тез өсіп, даму циклын 

көктемде аяқтауы.

Қазақстан табиғатында көктемде гүлдейтін өсімдіктердің 500-ден астам 

түрі  кездеседі.  Атап  айтқанда,  тасшөптің  (Astragalus)  309,  құндызшөптің 

(Pulsatilla Adans)  6,  жауқазынның  (Tulipa  L.)  32,  қазжуаның  (Gagea  salisb) 

38,  құртқашаштың  (Jridaceae  L.)  21,  айдаршөптің  (Corydalis  Medik)  19, 

желайдардың    (Anemone  L.)  11,    тобылғының  (Spizaca  L.)    10  түрі    бар. 

Сонымен  қатар  қандық    (Ezythronium  L.),  сепкілгүл  (Fritillaria),  шырыш 

(Eremuzus M.B), жанаргүл (Adonis L.), таушымылдық  (Paeonia L.), жалынгүл 

(Coranaria)  сияқты  өсімдіктердің  бірнеше  түрлері  кездеседі.  Бұлардың 

көпшілігі:  тамырсабақты,  түйнекті,  пиязшықты  ерте  көктемде  гүлдейтін 

көпжылдық өсімдіктер, яғни эфемероидтар, олардың тіршілік формалары мен 

биологиялық қасиеттері әрқилы. Өсімдіктердің бұл тобымен таныстырудың 

негізгі әдістерінің бірі – көктемгі танымжорықтарды ұйымдастырып өткізу.

Танымжорықтың  негізгі  мақсаты  –  оқушыларды  көктемгі  табиғатпен, 

ерте  көктемде  гүлдейтін  өсімдік  түрлерімен,  олардың  биологиялық  өсу 

ерекшеліктерімен таныстыру. 

Танымжорық тақырыбына байланысты оқушылардан бұл өсімдік топта-

ры не себепті көктемгі гүлді өсімдіктер деп аталатынын сұрап анықтау керек. 

Оқушылардың  білімін пайдалана отырып, бұл өсімдік топтары қар суымен 

көктеп,  көктемде  гүл  шашып,  тұқым  беретіні,  яғни,  өсіп-даму  кезеңі  ерте 

көктемде басталып, көктемде аяқталатыны түсіндіріледі.

Оқушыларға  көктемгі  табиғаттың,  гүлді  өсімдіктердің  эстетикалық 

маңызын көрсете білу керек, өсімдіктердің табиғатты жаңартатыны, қоршаған 

ортаны көркейтетіні және әсемділігі айтылады.

Танымжорықтың    негізгі    міндеттерінің    бірі  –  оқушыларды  көктемгі 

өсімдік түрлерімен таныстыру. Сондықтан танымжорық кезінде оқушыларды 



Педагогика ғылымы: зерттеулер

25

www


.kazmektep.kz

кездескен әрбір гүлді өсімдік түрімен, олардың биологиялық ерекшеліктерімен 

таныстыра отырып өсімдік түрлерінің қандай мөлшерде (аз немесе көп) және 

қандай түраралық қатынаста кездесетініне көңіл бөлген жөн.

Танымжорық  кезінде  өсімдіктердің  тіршілік  формалары  көрсетіледі 

(ағаш,  бұта,  шөптесін  түрлері).  Көктемгі  гүлді  өсімдіктердің  көпшілігі 

көпжылдық  өсімдіктер.  Олардың  түрі  өзгерген  өркендері  (тамырсабақ, 

түйнек, пиязшық) арқылы  жер  астында  қыстап  шығып, ерте көктемде өсіп 

дамиды.  Сондықтан    оқушыларды    түрі  өзгерген    өркендермен  таныстыру 

үшін  құндызшөп  (Pulsatilla  Adans.),  жауқазын    (Tulipa  L.),  қазжуа  (Gagea  

salisb)  сияқты  өсімдіктердің  пиязшығын,  айдаршөптің  (Corydalis  Medik) 

түйнегін, құртқашаштың (Jridaceae L.) тамырсабағын қазып көрсету керек. 

Олардың  түрі    өзгерген  қандай  өркен  екенін  анықтауға  болады.  Алайда, 

негізгі міндеттің бірі табиғатты қорғау болғандықтан, танымжорық кезінде  

бір ғана өсімдікті қазып, өзгерген өркен түрі оқушылармен  бірге анықталады 

да,  қалған  өсімдіктерде  осындай  өзгерген  өркендердің  болатындығы 

түсіндіріледі.

Оқушыларды  тамырсабақ,  пиязшық,  түйнектің  құрылысымен  таныс-

тыра  отырып  оларда  орналасқан  бүршіктерге  көңіл  бөлген  жөн.  Жерасты 

өркендерінде  қандай  бүршік  түрі  болатыны,  олардың  құрылысы,  дамуы, 

қызметі және маңызы айтылып түсіндіріледі.

Оқушыларды  пиязшық,  тамырсабақ,  түйнекте  қор  ретінде  жиналған 

ағзалық заттардың маңызымен таныстыра отырып, бұл заттардың өсімдіктің 

ерте көктемде тез өсіп-дамуының негізгі қорегі екенін көрсеткен жөн. Өсімдік 

өзінің өсіп-дамуының алғашқы кезеңінде, әсіресе, бүршіктің өсуіне қажетті 

қоректік заттарды осы түрі өзгерген өркендерден ғана алады.

Ерте  көктемдегі  өсімдіктер  суықтан  сақтануға  бейімделген.  Өйткені, 

олардың  гүлдері  салқын  түсе  бастағанда  тез  арада  жабылып,  түнгі 

салқыннан сақтанады. Осыған байланысты оқушылар көктемгі құбылмалы 

температуралық  өзгерістердің  өсу  қозғалыстарына  әсер  ететіндігін  білуге 

тиісті. Олар өсу қозғалыстары туралы  алғашқы физиологиялық  ұғымдармен 

танысады. 

Ерте  көктемгі  өсімдіктер  көктемде    шығатын  бунақденелілер  арқылы 

тозаңданады,    дегенмен,    бұл    кезеңде  олардың  аз  болуына  байланысты  

өздігінен  тозаңданатын  клейстогамды  гүлдері  бар.  Осыған  байланысты 

оқушылар мұндай өсімдік түрлерін білуі  қажет (мысалы, бәйшешектерді).

Танымжорық  кезінде,  әсіресе,  «Қызыл  кітапқа»  тіркелген  өсімдіктерге 

ерекше  көңіл  бөлу  қажет.  Сирек  кездесетін,  азайып  бара  жатқан  өсімдік 

түрлерінен  кеппешөп  даярлауға  болмайтындығы  ескеріледі.  Жалпы 

танымжорық  кезінде  қандай  болса  да  көктемгі  өсімдік    түрлерін  жинауға, 

жұлуға,  қазуға  тыйым  салу  керек.  Өсімдіктердің  түрімен,  құрылысымен, 

өсіп-дамуымен танысқанда өсімдікті  жұлмай, өсіп тұрған жерінде  зерттеп,  

фотосуреттер даярлауға болады.

Әдебиет

1. Арыстангалиев С.А., Рамазанов Р.Р. Растения Казахстана. – Алматы: Наука, 1977.

2. Карипбаева Н.Ш., Полевик  В.В.,  Силыбаева  Б.М. Ботаниканың оқу практикумы. – Се- 

 

мей: Интеллект, 2012.



3. Силыбаева Б.М., Байғана Ж.К., Карипбаева Н.Ш., Полевик В.В. Жоғары  сатыдағы өсім- 

 

діктер систематикасы. – Семей: Интеллект, 2012.



Резюме

Рассматривается методика проведения весенних экскурсий.

Summary

Describes the methodology of teaching spring excursions.

Семей қаласы.

26

www


.kazmektep.kz

лектрондық  коммуникация  –  тілге  ең  керемет  тәжірибе.  Ол  ортада 

құрылымнан мазмұнға көшу іске асады және шынайы қарым-қатынас 

ӘОЖ  (УДК): 378.091.33:8,2.0

ЭЛЕКТРОНДЫҚ  КОММУНИКАЦИЯНЫ

АҒЫЛШЫН  ТІЛІН  ОҚЫТУДА  ҚОЛДАНУ 

Қарлығаш  МОЛДАБАЕВА,

Алматы энергетика және байланыс университетінің 

аға оқытушысы

Аннотация.  Мақалада  шетел  тілін  оқыту  мен  білім  сапасын  көтеруде 

ақпараттық технологияны қолданудың артықшылығы сөз етіледі.  

Түйінді сөздер. Электрондық коммуникация, интернет, сайт.

Э

пен ой кеңістігінің еркіндігі қалыптасады. Мұндай шынайы қоғамның болуы-

нан  студенттердің  хат  жазу  қабілеттілігінің  жоғарылауымен  және  олардың 

сөйлеуі айқын, жай, қарапайым әрі сипаттамалық жанрларға дәлелдемелері 

айқындала түседі.

Электрондық  коммуникацияны  қолдану  барысында  хат  жазу  үрдісі 

өзгереді,    яғни    қателерін  түзетулерге  көп  көңіл  бөлініп,  студенттердің 

монологтың  құрылымының  да  дұрыстығын  өз  әріптестерінің  ойын  біліп 

ақылдаса  алады.  Мұндай  жұмыс  интерактивтік  ұстанымның  іске  асуының 

бірден-бір көрінісі.

Ең  бастысы,  E-mail-ді  қолдану  тіл  үйренуге  деген  студенттердің 

қызығушылығын арттырады.

Интернетті  қолдану  және  материалдардың  түпнұсқасына  бейімделу 

ғаламторда саяхат жасау арқылы  көптеген ақпаратты үйден және мектептен 

шықпай аудиторияға әкелуге мүмкіндік береді. 

"Virtual    Realia"  сайтын  аудиторияда  онлайн  құрылғысы  арқылы  

ағылшын  тілі,  тәрбие  сағаттары,  көркем  әдебиеті,  тарих  сабақтарына 

қолдануға болады. Ал сайтта кей жағдайда отандық және шетелдік ұқсастық 

пен айырмашылықты көрсете отырып үйретеді.

City Net сайты (http://www.city.net-нің қаласы) басқа сайттарға қарағанда 

әлемнің  барлық  қалаларына  саяхат  жасауға,  саябақтарда  серуендеуге, 

ескерткіш пен әртүрлі мәдениетті танып білуге мүмкіндік жасайды. Бұл жер-

де қалаған мемлекетті таңдай отырып оның суреттерін, табиғи ресурстарын, 

өнерін өз тілімізде тануға болады. 

City  Net  –  өте  жақсы  жол  сілтеуші.  Қалаған  парағыңа  кіре  отырып  

оқырман күллі дүниемен танысады. Студенттерге турист немесе гид ретінде 

саяхат  жасауға  ұсыныс  жасауға  болады.  Өйткені,  сайт  арқылы    керекті 

нәрселерді  өз  клиенттеріне  ұсыныс  жасауына,  авиакомпанияға  қоңырау 

шалуға және  қонақ үйден ақпарат алуға, бос орындарды білуге, виза алуға 

барынша  мүмкіндіктері  бар.  Белгілі  жұмыс  қорытындысына  байланысты 

өздері фотоальбом немесе күнделік жасай алады.

Metro  Link  (http://metro.jussieu.fr:  10001/  метро)  метро  арқылы  үлкен 

қалаларға саяхат жасауға, олардың жол жүру үрдісін құруға немесе белгілі 

қаланың бір нүктесіне жетуге мүмкіндік жасайды.

Кейде  жол  жүру  үрдісін  құруға  не  кездейсоқ  саяхат  жасауға  болады. 

Аялдамалардың аттары жол жүру үрдісінде белгіленген, ал бағдарлама жол 

жүру уақытын өзі есептейді, барлық кездестірілген аялдамаларды жадында 

сақтайды. Мысалы, егер сіз Берлин қаласында саяхатта болсаңыз, Шарлот-

тенхоф метросына барып, Розентхальтер алаңынан кететінін, келесі қандай 

жерлерде  болатынын  алдын  ала  көрсетеді.  Осы  жол  жүру  үрдісі  арқылы 



27

www


.kazmektep.kz

Шарлоттенбургский  сарайына  және  Египет  мұражайына,  Грюневальд  атты 

жерлерде бола аласыз. Бұл саяхаттар жұмыстың қорытындысы ретінде сая-

хат күнделігіне жазылып, шеттен келген қонақтарға танымдық кітап ретінде 

жолсерік бола алады. 

Интернет  –  дүние  жүзіндегі  соңғы  жаңалықтарды  және  ақпараттарды 

алуға  бірден-бір  таптырмас  жүйе.  Бұл  жүйе  арқылы  аудиторияны  ақпарат 

агенттігіне, ал оқушыларды бірінші дәрежелі репортер ретінде тануға бола-

ды. Мұндай жұмыс түрі әртүрлі білім деңгейіне жарамды, өйткені ол өзіне 

кең көлемді оқу мен ойлау жүйесін және жылдам сөйлеу дағдысын арттыра-

ды.

Негізінен,  танымал  газеттердің  өзіне  тән  web  парағы  болады.  Соны-



мен  қатар  оқушыларға  (http://www.mediainfo.com/emedia/)  MEDIA  LINKS 

парағын ұсына отырып әлемде қандай газеттер шығарылатынын біле аласыз. 

Жұмысымыздың мақсатына жету үшін біз олардың кейбіреуіне қорытынды 

бере  отырып  вербальды  суретін  жасауымыз  керек.  Көзбен  көру  арқылы 

интернеттегі және келтірілген мысалдармен танысып, қосымша ақпараттарды 

табуға болады. (http://www.washingtonpost.com/) The Washington Post.

Барлық газет бетіндегі жарнамалар мен мазмұндарды интернеттің бірінші 

бетінен көруге болады. Мұнда көрсетілген маңызды мақалалар, авторлардың 

ойынша,  оқырмандардың  көңілінен  толықтай  шығады.  Әртүрлі  баспалар 

тәрізді web-газеттер топтамаларға бөлінген, яғни бұл оқырмандардың өздері 

қалаған беттерді тышқанды басу арқылы қызықты тармақтарына көше алады. 

The Washington Post 5-тің негізгі талаптары болады: (news) жаңалық, (style) 

өмірдің стилі, (sports ) спорт, (classifieds ) жарнамалық хабарландырулар және 

(marketplace ) нарықтың жаңалығы.

Жаңалықтар  топтамасы  жеке  өзіне  тән  тармақтардан  тұрады:  елдегі 

жаңалықтар, әлемдегі оқиғалардан құлағдар етуі, саясат, метро, кәсіпкерлік, 

техника, пікір, ауа райы, баспа шығарылымдары, кеше және бүгін. Күнделікті 

өмір, салт-дәстүр, мәдениет тармағынан: музыка, тағам алу, тедедидар және 

бұқаралық ақпарат қүралдары, мұражайлар, театрлар, кітап, сән, саяхат, бас-

пахана туралы, комикстер, кроссвордтар. Спорт топтамасынан әлемдік және 

жергілікті спорт оқиғалары, спорт мәселелері жайлы білуге және оның даму 

тенденциялары туралы ақпарат алуға болады. Ал жарнамалық хабарланды-

ру топтамасынан бос жұмыс орындары туралы мәлімет, тұрғын үйді сатып 

алуға не жалға алу, автокөліктер, жеке кәсіпкерлік және тағы басқа көптеген 

мәліметтерді алуға болады. Басқы бет ғаламтор кілті болып табылады, яғни 

ол жүйеден біз тек компьютерді сөндіру арқылы шыға аламыз. 

Онлайн    газеттер  де    көмек  құралы  ретінде  таптырмас  жүйе.  Ол 

оқушыларға  әлемдік  оқиғаларды  тануға,  дәл  қазіргі  сәтте  болып  жатқан 

ақпараттарды,  оқиғаларды  әртүрлі  көзқараста  көруге  мүмкіндік  береді.  Ең 

басты құнды проблема: біз үшін оқырманның баспамен тікелей жанасуы.

“Language Learning Activities for the World Wide Web” мақаласының   ав-

торлары  WWW-тың үлкен мүмкіндіктерін істетуге болатындығын алға тар-

тады. 

Өйткені,    өз  үй  бетін  (домашняя  страничка)  жасауы  бойынша  бағдар-



ламалар бар: Learning HTML. Мысалы, (Cooking Corner) аспаздық бұрышы 

оқылатын тілдегі аспаздық шеберлікті айырбастауға мүмкіндік береді. Атап 

айтқанда:

– студенттерге сүйікті үй тағамын даярлауға таңдауы беріледі;

–  бұдан  кейін  негізгі  ингредиенттер  мен  мәліметтері  бар  тағамның 

суреті тұрған бетті жасау ұсынылады;

–  басқа студенттерге рецепті сұрауға, тамақ жасауға, өз тәжірибе-

сімен бөлісуге болады.

Қорытынды жасау үшін келесі сұрақтарға жауап беру қажет:

Қиын тағам даярлау мүмкін бе?

Қажетті ингредиенттерді жергілікті дүкендерден табуға мүмкін бе?


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет