Ежемесячный научно-педагогический журнал министерства образования и науки рк



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата01.03.2019
өлшемі1.03 Mb.
#99626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

15

www


.kazmektep.kz

құрушылық,  ойлау,  айырмашылыққа  төзімділік,  біліктілік  пен  сауаттылық, 

экономикалық,  технологиялық  және  әлеуметтік  мәдениет  адамның  негізгі 

қасиеттері болып саналады.

Болашақ  кәсіби  оқыту  педагогінің  кәсіби  даярлығының  құрылымы 

мен  мазмұнын  талдау  оның  құрамдас  бөлігі  бейіндік  мектеп  жағдайында 

кәсіпкерлік  іс-әрекет  негіздерін  оқытуға  даярлықтың  мәнін  және  оның 

кәсіби даярлық жүйесіндегі алатын орнын ашып көрсетуге мүмкіндік берді. 

Кәсіби оқыту педагогінің бейіндік мектеп жағдайында кәсіпкерлік іс-әрекет 

негіздерін оқытуға даярлығы дегеніміз – бейіндік мектеп жағдайында білім 

беру іс-әрекетінің әртүрлі формаларын кіріктіру, ашық білім беру ортасын жо-

балау, баламалы білім беру мазмұнын жобалау және құрастыру, оқушылардың 

әртүрлі  деңгейдегі  білім  алу  іс-әрекетін  ұйымдастыру  құзыреттіліктерінің 

қалыптасуы,  ал  «Кәсіби  оқыту  педагогін  бейіндік  мектеп  жағдайында 

кәсіпкерлік  іс-әрекет  негіздерін  оқытуға  даярлау»  осы  құзыреттіліктерді 

қалыптастыруға бағытталған мамандарды кәсіби даярлау үрдісі болып табы-

лады.

Әдебиет

1. Студенттерді  еңбек  технологиясы және кәсіпкерлік мамандығы бойынша  технология-

  лық даярлау жүйесі // Актуальные проблемы современности: Международный сборник  

 

научных трудов. Выпуск №2. Караганда: Болашақ-Баспа, 2005. – с. 249 – 252 (в соавто- 



 

ростве с Шарзадиным А.М.).

2. Білім беру жүйесіндегі кәсіпкерлік: Курстық  жұмысты  орындауға  арналған  әдістеме- 

  лік нұсқаулар. – Қарағанды: Print Shop сервис центрі, 2005. – 16 б. (Ж.Б.Шарапиевамен  

 

авторлық бірлестікте).



3. Оқушыларға экономикалық білім мен тәрбие беру // Материалы республиканской науч- 

 

ной конференции молодых ученых, студентов и школьников «VI Сатпаевские чтения»:  



 

Материалы научной конференции молодых ученых, студентов и школьников «VI Сатпа- 

 

евские чтения» в 20 т. Серия Молодые ученые. Т.6. – Павлодар: ПГУ им. С.Торайгырова,  



 

2006. – с. 130–135. (А.И. Сыздықовамен, С.Қ. Құрымбаевамен авторлық бірлестікте).

4. Пәнаралық   байланыстардың   мамандар   даярлау  сапасына  ықпалы // ҚарМУ  хабар- 

 

шысы: Педагогика сериясы. – 2006. – №1 (41). – Б. 27–31. (А.М. Шарзадинмен, Ж.Ж.   



 

Тұрсыновамен авторлық бірлестікте).

5.  Джусубалиева Д.М. Теоретические основы формирования информационной культуры  

 

студентов в условиях дистанционного обучения: дис...док. пед. наук. – Алматы, 1993. –  



 

с. 380. 


6.  Нургалиева Г.К.  Ценностное  ориентации  личности:  Методология, теория, практика  

 

формирования. – Алматы: АГУ им. Абая, 1994. – с. 44.



7. Таубаева Ш.Т. Научные основы формирования исследовательской культуры учителя об- 

 

щеобразовательной школы: дис...док. пед. наук. – Алматы, 2000. – с. 409. 



Резюме

Теоретическое  обоснование  и  методическая  разработка  дидактической  системы  подго-

товки будущих педагогов профессионального обучения к обучению основ предпринимательской 

деятельности в профильных школах.

Summary

А theoretical substantiation and methodical development of didactic system of preparation of the 

future teachers of vocational training to training bases of enterprise activity at specialized schools.

Семей қаласы.

Өсиетте – насихат

Адам  өміріндегі  ең  тамаша  нәрсе  –  оның  басқа  адамдармен  қарым-

қатынасы.

А.Линкольн

* * *


Адам қоғамдық, мемлекеттік барша мүдделері үшін және бүкіл адам-

зат үшін пайдалырақ болса, соғұрлым кемелдене түседі.

Д.И. Менделеев 

16

www


.kazmektep.kz

алдықорған  қаласы  күні  аясында    ұйымдастырылған  қазақтың  белгілі 

ақын  қызы  Сара  Тастанбекқызының  өмірі  мен  шығармашылығынан  

ДАРА ТУҒАН АҚЫН САРА



Мария  БОТАЕВА, 

Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы

№18 орта мектеп-лицейінің кітапханашысы

Мектеп және кітапхана

Т

мәлімет беру, өнерін  насихаттау мақсатында мектеп кітапханасында өткен 

“Ақын Сара – туған дара” поэзия-жыр кешінің сценарийі оқырмандар наза-

рына ұсынылып отыр.



1-жүргізуші.  Армысыздар  құрметті  қонақтар,  ұстаздар,  оқушылар 

және көпшілік көрермендер. Бүгін біз қала күні қарсаңында қала әкімі Ер-

мек Амантайұлы Алпысовтың қала тұрғындарымен, мектеп оқушыларымен 

кездесуінде  ақын  Сара  Тастанбекқызына  арналған  ескерткіштің  қасында 

«Ескерткіштер  елдігімнің  белгісі»  атты  Талдықорған  қала  күні  аясында   

«Ақын Сара – туған дара»  поэзия-жыр кешін өткізгелі отырмыз.



2-жүргізуші. Қош келдіңіздер,  бүгінгі шараға жиналып отырған көпшілік 

қауым. 


1-жүргізуші.

Қызымын Тастанбектің атым Сара,        Он  үште өміріме ор қазылып,

Жасымнан жылап өскен мен бір бала.       Жүрекке өшпестей боп түсті жара, – 

деп  басталатын  өлең  жолдары  бәрімізге  мектеп  кезімізден  таныс.  

Тастанбекқызы  Сара (1853–1907) – атақты суырып салма ақын, сөз майталма-

ны, айтыс өнерінің қайталанбас шебері. Алматы облысының Қапал ауданында 

дүниеге келген. Руы – Найман. Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын 

көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық 

жолы  да  тым  ауыр  әрі  күрделі.  Ол  үш  жасында  әкесінен  айыр ылып,  еңсе 

басқан  жетімдік  пен  жоқшылықтың  зардабын  көріп  өседі.  Бұл  аз  деген-

дей, сырттай болса да жалғыз сүйенер тірегі немере ағасы Жайсаңбек «Өгіз 

ұрлады» деген жаламен түрмеге түседі. Жоқшылық өтінде жеке қалған жетім 

бала, жесір әйелге қамқоршы болып, ауылына көшіп келген Тұрысбек қажы 

Сараны шырылдатып, өзінің теңі емес, жаратылысынан кеміс туған, бай ба-

ласы Жиенқұлға атастырады. Жетім қыз үшін мал алған Тұрысбек қажының 

әрекетін естіген Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіріп ала-

ды. Басы дауға түскен ақын қыздың сол кездегі ауыр тұрмысын бейнелейтін 

және өзінің тұзаққа түсу себебін көрсететін «Тұзақ» деген өлеңін шығарды. 

Бірақ, бұдан Сараға жақсылық болмайды. Ақырында бар шаруа екі қажының 

қыздың қалың малын тең бөліп алуға келісуімен тынады. 



2-жүргізуші.  Осылайша  қаршадайынан  басы  дау-шараға  түскен  ақын 

қыздың бағының ашылуына осы кезде, 1906 жылы ойламаған жерден найман 

елін  аралап,  серілік  жасап  жүрген  атақты  Біржан  салмен  кездесіп,  шаршы 

топтың алдында онымен айтысуы үлкен себепші болады. Бұл айтыс Сараның 

халық алдындағы беделін арттырып, атағын алысқа жаяды. Біржанмен ай-

тыс  1871  жылы  Талдықорған  облысының  Қапал  –  Ақсу  өңірінде  өтті.  Ай-

тыс  бірнеше  күнге  созылды.  Бұл  айтыста  махаббат,  әлеуметтік  мәселелер 

қозғалса,  әйел  теңдігі,  адам  тағдыры,  ақындық  өнер,  әдет-салт  жайлары 

жан-жақты жырланады. Біржан мен Сара әңгімені амандасу-көрісуден бас-

тап, келе-келе ұзақ сүреге түседі. Екеуі де алғыр, елге атағы шыққан әйгілі 



17

www


.kazmektep.kz

ақын екендігін танытады, бірін-бірі қорқыта, шошындыра сөйлейді. Біржан 

Сараның  аяғын  аттатпай  бірден  апшысын  қуырып,  ақын  қызды  ықтырып 

алмақ болады. Алайда Сара Біржанның айбарынан үрейленбейді, оған өзінің 

ақындық-әншілік  өнерін  кем  санамайтынын  сездіреді.  Біржан  осындай 

ардақты,  ақылды  Сараның  бір  жаманға  қор  болып  бара  жатқанын  айтады. 

Бұған қатты қамыққан Сара айтыс үстінде ел-жұртынан басына теңдік беруді 

сұрайды. Біржан мен Сараның бұл айтысы атақты  екі  ақынның  өнер жа-

рысы, сөз сайысы ғана болмай, айтыс жанрындағы әлеуметтік мәні зор тың 

тақырып – әйел теңдігі мәселесін көтереді. 



1-жүргізуші. Елдің құрметіне бөленіп, халықтың махаббатына ие болған 

ақын қыздың тағдыр тізгінінің өз қолдарынан сусып шығып бара жатқанын 

сезген қажылар да көпке керенеу қарсы шыға алмай, оның басына бостандық 

береді. Сөйтіп, ақын Сара өзінің  асқан дарынының арқасында теңдікке қол 

жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі Бекбай Алтынбекұлы дегенге тұрмысқа 

шығады.  Теңдікке  жетіп,  теңіне  қосылып,  көзі  ашылғандай  болған  осын-

дай күндердің бірінде Верный қаласынан Әбіштің (Әбдірахманның) сүйегін 

алып қайтқан жолда Қапалда Абайға көңіл айтуға келген Найман елінің игі 

жақсыларымен бірге Сара да келіп, ұлы ақынмен көріседі, аяулы баласынан 

айырылған ауыр қайғысына ортақтастығын білдіреді. Жастай жоқшылықты 

көп  көріп,  ауыр  тұрмысты  бастан  кешкен  теңсіздіктің  зардабын  шегіп, 

қайғы мұңды серік еткен ақын қыз көп ұзамай ауруға шалдығып, жалғанның 

қызығын жарытып көре алмай, ерте көз жұмады.

2-жүргізуші. Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы ғасырдан 

ғасырға  үзілмей  жалғасып  келе  жатқан  қазақтың  айтыс  өнерінің  шоқтығы 

биік, көркем үлгісі болып саналады. Ақынның бұл айтыстан басқа «Жүрек», 

«Ашындым», «Арсалаң аға алдында», «Жүрек сыры», « Жайлауда», « Әбіштің 

аруағына», « Хош бол, елім» секілді көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» дастаны 

бар.


Ақын Сара 1853 жылы туып, 1907 жылы өмірден өткен. Әкесінің лақап 

есімі  –  Тастанбек.  Ағаштан  түйін  түйген  шебер  болған.  Азан  шақырып 

қойылған есімі Сұлтанбек. Отыз жеті мүшел жасында Сара туған соң қайтыс 

болған.  «Қорлық»  деген  өлеңінде  Ақын  Сара  «Құдай-ау,  әкемді  алдың 



туа  сала,  атанттың  жесір  кемпір,  жетім  бала»  дейді.  Анасының  есімі 

Жанкөшке, қайнар Шынқожаның қызы. Ақын Сара өте сұлу болған. Ол өзін 



«Қамысты терең көлдің сұқсырымын» дейді. Сұқсыр үйрекке теңеуі, ондай 

үйрек өте сақ болады. Оны қаршыға мен лашынның ең ұшқыры алады. «Күй 



тартсам  бал  тамады  бармағымнан»  деп  Құдайберген  айтқанындай,  Сара 

күй де шерткен, «Туған елім, өскен жерім» деген өлеңінде ақын Сара:



1-оқушы.

Тастемір, Сақай, Тұңғат ата-тегім,         Үш матай: Кенже, Аталық, Қаптағай,

Жақсылар жібермеген жауға кегін.           Тұлпардың тұяғы боп туған едім.

2-оқушы.

«Көкжайдақ» туған жерім, тегіс екен,      Жаратқан жан бергенге дән берген ғой,

Алқабы арық, тоған, егіс екен.                     Жегенім сол жерімнің жемісі екен, – 

деп ата-тегін, өскен жерін толғаған.



3-оқушы.

Сара туралы Азынақұлұлы Ахмет ақын:



Қобызшы Байсақ күйші көрген бала,   

Ынтығып ықыласпен тыңдағанда,

Талпынады оның айтқан әнін сала. 

 

Күй қонад көкейіне көкірек жана.

Қобызды қоңыраулатқан өнерлі адам   

Құмарта күйге ұмсын жүргендердің,

Тұрғандай бар қауымнан жеке дара.   

Ішінде ерекшелеу еді Сара, –

деп жырлаған



4-оқушы.  Ақын  Сара  жас  кезіндегі  ауыр  хәлі  мен  қолына  домбыра 

алғанын өз өлеңінде:

2. “Қазақстан мектебі” №1, 2016.


18

www


.kazmektep.kz

Қызымын Тастанбектің атым Сара, 

Аумағы ат шаптырым тастемірдің,

Жетім боп жарлы өскен мен бір бала. 

Айнадай, алақандай білем жайын.

Тұрмыстан өспей жатып таяқ жедім

Болса егер тағдыр сондай, қанша шара. 

Қызы едім Тастанбектің атым Сара,

   

Елінен шығып жүрген мен бір бала.

Жетім деп кемсінбесін мені ағайын, 

Қолыма он үшімде домбыра алып, 

Қорланбас қорлағанға сөзім дайын. 

Келемін бір сүрінбей жеке дара – 

деп баян еткен.



5-оқушы.  Ақын  Сараның  жайнап  түрлене,  әйел  теңдігі  «азаттыққа» 

ұмтылып бекігенін, ақындық өнерінің дәріптелуі туралы Азынақұлұлы Ах-

мет ақын былай дейді.

Ән салып, жиын болса Сара сайрай, 

Қоғадай топтың басын жапырады,

Ішінде сансыз топтың отша жайнай. 

Қосыла домбырамен қолдағы ермек.

Түрленген топ ішінде тоты құсша,

Бастады көргендердің іші қайнай.  

Елдегі жігіттерді ақынсымақ,

   

Айтысшыл, әбиүрсіз, батыр сымақ

Ақын қыз ақ алмастай әнмен сермеп

Қатты айтып, қарсы келсе қателерін,

Төгілтті сөз маржанын терең тербеп.  Жаныштап тастайтұғын батыл сынап.

6-оқушы.

Алдынан адам шықпай бара-бара, 

Жыр қылып заман сырын, тұрмыс мұңын,

Сайрады Сара топта жеке дара. 

Айтатын адамдардай жайы келсе.

Найманның тұғырдағы бұлбұл құсы, 

Атанды ақырында ақын Сара. 

Тастанбек өз әкесі жастай өлген,

   

Емес ед есейгенде көзі көрген.

Сараның ақындығы болды ерекше, 

Көр басып, ұмыт қалған әке атанып,

Айтысқа жармаспайтын жәй ерекше,  Ақын қыз елге аян қып шығарды өрден –

дейді.


7-оқушы. Ақын Сара теңдік жайын, арманы, еңірегені, бір теңі болмағаны 

туралы елден жасырмай жырлаған. 



Қызымын Тастанбектің атым Сара, 

Еңіреттің ерте бастан туған елім,

Арман көп, аузыма халқым қара. 

Кір жуып, кіндігімді буған елім.

Қорғалар көп ішінен бұта таппай, 

Кең жатқан садыр, матай елдерінен,

Шырылдаған бозторғай мен бір бала. 

Бір теңім болмады ма, ұлдан менің?

8-оқушы.

Жеткізіп сабырлықпен ұстап бақпай, 

  Несіне жасырамын елім сенен,

Бәйге қып, топқа қосып, тұмар тақпай.    Еріксіз бір жетіммін, дертім терең.

Желкемді көктейінен қидыңдар да, 

  Адамда құтыла алмас құлға бердің,

Бөріге байлап бердің жетім лақтай. 

  Көрдіңдер қанша жазық, жапа менен? – 

деп зарлаған. 



1-жүргізуші. Үш матайдың тотысы атанған Сара қалай «ақ бата, ақ қой 

қаны» торға түсті? Оны Сараның өзі «Тағдыр тәлкегі» деп топталынған дас-

танда айтады. Дастанды ақын Құдайбергеннен алып, 1938 жылы мұрағатқа 

тапсырған Қалел Сейсенбеков деген азамат. Дастанда Арнай болыс, Телібай 

би, Мүсәпір батыр жазықталады. Арнай Сарбасұлы 1869–1930 жылдары өмір 

сүрген. Бөрібай көтерілісінің 1930 жылы басташысының бірі болғаны үшін 

атылған. Оның болыс болғаны 1898 жылдың тамыз айы. Арнай болыстыққа 

Мырзағұлұлы Телібайдың ықпалымен өткен. Тегі Арнай, Телібай би болмаған, 

болыс болған, Мүсәпір Сараға қиянат жасамаған жандар. Қайта Телібай мен 

Мүсәпір Сараға азаттық әперуді қолдағандар қатарында. 



2-жүргізуші. Дастанда есімдері басқалардың орнына негізсіз аталып кет-

кен. Содан шатыс туған тәрізді. Сарамен айтысында Тәсібек ақын «Өлеңім 



таусылмайды  молдығынан,  Сарбастың  құтылмайсың  зорлығынан»  дейді. 

Сондықтан  Арнайдың  әкесі  Сарбас  бидің  қиянатынан  Тастанбек  жанұясы 

жапа  шегіп,  жоқшылыққа  ұрынады.  Тастанбек  өлген  соң  Сарбас  оның 

үйелменін қасына көшіріп алған, Сахарияны жалға салып, жарытып ақысын 



19

www


.kazmektep.kz

төлемеген. Сараны шешесімен жақтыртпай, Абдыра ауылына көшіртіп тас-

тайды.  Тұрысбек  қажының  кіші  әкесі  Толқынның  малын  бағып,  ақысын 

мардымды  алмаған  Тастанбектің  інісі  Жайсанбек  жесір  мен  жетімге  жаны 

ашып, Абдыраға келеді. Жас кезінен күреске түскен палуан Жайсанбек дала-

дан бір мал сойып алып, Абдыраға әкеледі. Алғаны Толқынның малы болып, 

қолы ұзын Тұрысбек қажы іздетіп қудалаған. Сарбас би Тұрысбекті қолдап, 

ұрлықты Жайсанбектен көріп, Абдыраға келіп, тінтіп, қар астына тығылған 

етті тауып алады. 

1-жүргізуші.  Сарбас  би  жақынын  қорғамай,  Тұрысбекті  жақтап, 

Жайсанбекті  Қапал  түрмесіне  айдатады.  Жетім  мен  жесір  мүсіркеген 

жандардың  көмегімен  тірлік  кешкен.  Қайыршылыққа  да  қол  созған. 

Сол  жылғы  қатты  қыс  пен  жұтта  Тұрысбек  қажы  қыли  көз,  барымташы 

Жиенқұлға ісі түседі. Жиенқұлдың жасы 45-тен асқан еді. Жиенқұл Маман 

Тұрысбек малын қарап, аман қалмаққа уәде етеді. «Сәті түсті» деген оймен 

Тұрысбек Жиенқұлға қамалған Жайсанбекті «табан асты босатып ал» деп, 

түрмедегілермен келісіп қойғанын білдіреді. Жас қызды атастырып әпермек 

ойын да жеткізеді. Жиенқұл қуана бәрін құп көріп, Тұрысбек қажының ай-

ласымен  оны  түрмеден  босатып,  «қажының  өзі  құда  болам»  дегеніне  одан 

келісімін алған. Сараның шешесі Жанкөшке «өзді-өзі келісіп, болыпты сені 

соған атастырмақ» деп қызына ұқтырып, «азат болар жолыңды ізде» деген 

ақыл айтқан. Азаттық аңсаған Сара «ақ бата, ақ қой қаны» өзді-өзі серттесіп 

атастырған Жиенқұлға бармай, төрт-бес жыл күреседі. Омбыға немесе суға 

ағып өлмекші де болады. Ақылға салып, ақыры көп көмегімен көпшілікке 

жария  жасауға  бел  буады.  Ел  іші  жақсылары  Есімбек,  Арсалаң,  Байсақ, 

Толғанбай, Шерубай, Телібай, Мүсәпір, Ахмет, т.б. қолдауымен бостандыққа 

ұмтылған.



2-жүргізуші.  Ақын  Сара  –  Ешкіөлместің  бауырында  тұңғыш  рет 

«азаттық»  деп  ту  көтерген  асыл  жан.  Сол  «азаттық»  алған  дабылы  бүкіл 

қазаққа,  жан-жаққа  естіліп  таралған.  Сара  азаттығын  өз  өнері  арқауында 

алған. Біржан сал «ақ батаны» бұздырып, Сараға теңдік әперген. Біржан сал:



Омбыда Дюгамельге өтініш қып, 

    Сарадай балғын қызға қамқорлық қып,

Қорғауға сол баланы талап қылдым.      Құтқардым жауыздардың тырнағынан, –

деп ақын Сараға жасаған қамқорлығын өлеңмен баяндайды. Азаттық әперген 

«өкіл ағасы» Біржанға алтын білезігін ұсынған Сара «ағатай ескерткіш қып 

елге  апар»  деп  сыйлайды.  Біржан  күлдария  белбеуін  «той  жыртысы»  деп 

суыртпақтап жыртып, көпке үлестіріп жіберген. «Мұра» өлеңінде Біржан сал:

Салдым мен ою-өрнек асыл жырдан,           Кездесіп наймандағы Сара қызбен,

Тайдырмай аяғымды жалғыз қылдан.           Толғанбай айтыстырып, қисса қылған, –

деп айтқан. 



1-жүргізуші.  Сәбит  Мұқанов  «Біржан  мен  Сара  айтысын  көлденең 

біреу шығарды ма деген көңілге күдік туғызатын жағдай, айтыстың былай 

басталуында Біржан сал Сараның шешесі, сіңлісімен сөз қақтығыстырады 

деп айта келе, айтыс ақылмен өлшеніп шыққан, ішінде көлденең, артық сөз 

жоқ. Жазба әдебиеттің жақсы, үлгілері сияқты», – деп ой қорытқан. Дана 

аталар  Айымбетұлы  Шүтембай,  Ерғали  Жылқыбаев,  Бейсенбек  Бейсебаев, 

Мейрамбай Байтолықов жазбаларында «Толғанбай ақын «Біржан мен Сара» 

айтысын үш дана қолжазба етіп жазған. Бір данасын өзіне қалдырып, бір 

данасын Маман Тұрысбекке, тағы бір данасын Біржанға берген» делінеді. 

Бостандық  алған  Сара  ықтиярымен  елі  тасыбай  Бекбай  Алтынбекұлымен 

(1852–1933  ж.ж.)  тұрмыс  құрған.  Сұңғыла  Жаймолда  деген  ата:  «Бекбай 

ақын Сарамен аттас, Сара есімді екінші әйелге үйленген. Бекбайдың үшінші 

әйелінің есімі Ұлтай. Ал төртінші алған әйелінің есімін ұмыттым», – деп 

деректейді. «Ақын Сараның арнауы»  өлеңінде Сара:           



20

www


.kazmektep.kz

Елудің үшеуіне келгенімде,    

Бір аз күн еңбек еттім дос, жаранға,

Дерт жеңіп, қалып барад өлеңімде.  Өлеңім аз да болса мақтанарға. 

Болды ғой қысқа менің қу өмірім, 

Мені де «ұрпағым» деп еске ал жұртым,

Алпысқа жетпей бір күн өлемін бе. 

Сараның айтары осы аттанарда, –

деп уайым шеккен.



2-жүргізуші.  Ақын  Сараның  сүйегі  Үлгітірек  шаруалығындағы  «Үш 

Кәукен» деп аталатын жердегі тасыбай елінің қорымына жерленген. Басына 

кішкене кеңес дәуірі тұсында кішкене мәрмәр ақ тас қойылыпты. Ол туралы 

Т.Қалилаханов «Ақын Сара» кітабында жазады. Қазіргі «Ақын Сара ауылына 

қарасты  Ақешкі  суының  бойындағы  жеке  тұрған  зират  ақын  Сараға  арнап 

салынғанымен, онда оның мәйіті жоқ. Құр бір уыс топырақ әкелініп, соған 

кесене салынған»  деседі.

* * *


Жыр кешінің соңында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Талдықорған қаласы.

қушылардың өз Отаны – Тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, 

ел  тарихындағы  оқиғалардың  маңыздылығын  ажырата  білуге  бау-

ЖЕЛТОҚСАН. ТӘУЕЛСІЗДІК



Айгүл  ЕСБОЛАТОВА,

№4 орта мектеп кітапхана меңгерушісі

О

лу,  еліміз  тәуелсіздік  алғалы  жеткен  жетістіктерімен  таныстыру,    Отанды 

сүюге,  байлығын  қорғауға,  елжандылыққа,  әсемдікке,  жауапкершілікке 

тәрбиелеу, ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру, елге, жерге, тілге де-

ген патриоттық сезімдерін ояту, болашақта Қазақстанды өркендетуге білімді  

де саналы, жігерлі  жастардың керек екенін түсіндіру – мерейлі міндет. Осы 

мақсатта  мектеп  кітапханасында  кеш  ұйымдастырып,  оның  көрнекілігіне  

«Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат» слайды, Президенттің жарлығы, желтоқсан 

ескерткішінің  ашылуы  мен  желтоқсанға  қатысқандардың  ерліктерін  паш 

ететін құрал-жабдықтар пайдаланылды. Төменде кештің өту барысы беріліп 

отыр.

1-жүргізуші.  Армысыздар,  ардақты  да  аяулы,  құрметті  де  қадірменді 

қонақтар, ұстаздар, тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Бүгінгі Тәуелсіздік 

күніне  арналған «Тәуелсіз Қазақстан өсіп-өне бер» атты  кешімізді бастай-

мыз.


2-жүргізуші. 

Бақыт, тірлік – күн талабы, 

Мәңгі бақи шырқалады,

Тоқтамайды шаттық әні.   

Тәуелсіз Қазақстанымның әнұраны. 

(Әнұран орындалады.)



Қазақ дейтін, бастау үшін бар көшті, 

Бөгенбай да, Қабанбай да, Абылай

Елі үшін жорық жасап қан кешті.   

Тәуелсіздік жолын іздеп  жан кешті.

1-жүргізуші. «Тәуелсіз Қазақстан өсіп-өне бер» баяндамасын  оқуға 10- 

сынып оқушыларына сөз кезегі беріледі.

Қымбатты  ұстаздар  мен  оқушылар!  Қазақстан  Республикасының 

тәуелсіздік  алған  мерекесі  құтты  болсын!  Еліміздің  егемендік  алуы, 

мемлекеттің  тәуелсіздігі  халқымыздың  тарихында  жаңа  дәуірдің  бетін 

ашты. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні 1991 жылдың 16- 

желтоқсанда   жер жаһанға жария етілді.  Қазақстан мемлекеті дүние жүзінің 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет